Қылмыстық жаза түсінігі



Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Қылмыстық жаза түсінігі мен түрлері
2. Жаза түсінігі
3. Жазаның түрлері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
К і р і с п е
Конституциясының ең бірінші бабында былай делінген: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы –адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын құрметтеп қорғайды"/1/. Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын құқық тәртібін бұзғанына, тіпті қылмыс жасап қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан барлық азаматтық құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік берілді.Міне, осы ерекше айтылған қағидаларды біз іс жүзіне асыра бастағанымызды жер бетіндегі елдер тани бастады, соның арқасында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мүшесі болды, ертеден белгілі өркениетті елдер қатарындағы мемлекетке айналды.Әрине, жаңаша қоғамдық қатынастар оңай құрылмайды. Кемістіктер әлі де аз емес. Өйткені барлық мемлекететтер тарихында кездесетін этатизм мен құқықтық мемлекет идеялары ұзақ уақыттар бойы бір-бірімен белгілі бір қайшылықта, арпалыста өтуі әбден мүмкін.
Егемендік пен тәуелсіздік әлі де әлсіз. Жаңа қоғамдық қатынастарды құру, осыған байланысты пайда болған күрделі көрініс өзгерістер қарапайым халықтың, әрбір азаматтың өмірінде нарықтық қатынастардың қыспағына түсіп, үнемі арпалыс-қозғалыстағы саяси құбылыстарға тәуелді болуына, ал осының арқасында адамға ең қажет әкономика саласындағы әжептеуір дағдарыстарды басынан өткізуге соқтыруда. Қазір экономикалық құлдырауымыздың салдарынан азаматтардың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейі нашарлап кетті. Мысалы, жұмыссыздық етек жайды. Жалақы мен зейнетақы деңгейі төмен, оларды уақытылы төлеу де өз алдына бір ауыр мәселе болды. Қатарынан қабылданып жатқан құқықтық немесе ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі заң тәртібін бұзушылық, әсіресе қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр.
Әрине, қай қылмыстылықтың да алдын алуда әуелі жалпы тәрбие, оның ішінде құқықтық тәрбие негізгі құрал болып есептеледі. Өкінішке орай, қазір елімізде келеңсіздік әлеуметтік құбылыстар, заң бұзушылық, әсіресе әртүрлі қылмыстық көріністер көбеюде. Қазақстан Республикасында әсіресе соңғы он жылдың шамасында қауіпті, аса қауіпті қылмыстар, оның ішінде әсіресе ұйымдасқан сыбайлас іс-әрекеттер етек жайды.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Құқықтану. А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007.
2. Ағыбаев А.Н – Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы.А.,2005
3. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі.(өзгертулер мен толықтырулар): Алматы.: 2005
4. Уголовный кодекс РК.-толкование и комментирование(по разделам и главам): (Науч.-прак.аособие) Алматы:ТОО “Баспа”,1998.Вып..3.-1998
5. Абдиров, Нурлан Мажитович и др. Уголовно-правовые меры борьбы с преступлениями, связанными с наркотиками: Учебно-практич. Пособие/ Н.М.Абдиров, К.А.Мами, Б.С.Сарсеков.-Алматы:1998.
6. Каиржанов Е. Уголовное право Республики Казакстан. Общая часть /М-во образования, культуры и здравохранения РК; Ун-т Кайнар -2-е изд. доп.-Алматы: Компьютерно-издат, 1998.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Қылмыстық жаза түсінігі мен түрлері
2. Жаза түсінігі
3. Жазаның түрлері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

К і р і с п е

Конституциясының ең бірінші бабында былай делінген: "Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы –адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтарын құрметтеп қорғайды"1. Қазақстан
Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне,
әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік тегіне,
тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестікке
мүшелігіне, сондай-ақ бұрын құқық тәртібін бұзғанына, тіпті қылмыс жасап
қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан барлық азаматтық құқықтар мен
бостандықтар теңдігіне кепілдік берілді.Міне, осы ерекше айтылған
қағидаларды біз іс жүзіне асыра бастағанымызды жер бетіндегі елдер тани
бастады, соның арқасында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мүшесі
болды, ертеден белгілі өркениетті елдер қатарындағы мемлекетке
айналды.Әрине, жаңаша қоғамдық қатынастар оңай құрылмайды. Кемістіктер әлі
де аз емес. Өйткені барлық мемлекететтер тарихында кездесетін этатизм мен
құқықтық мемлекет идеялары ұзақ уақыттар бойы бір-бірімен белгілі бір
қайшылықта, арпалыста өтуі әбден мүмкін.

Егемендік пен тәуелсіздік әлі де әлсіз. Жаңа қоғамдық қатынастарды құру,
осыған байланысты пайда болған күрделі көрініс өзгерістер қарапайым
халықтың, әрбір азаматтың өмірінде нарықтық қатынастардың қыспағына түсіп,
үнемі арпалыс-қозғалыстағы саяси құбылыстарға тәуелді болуына, ал осының
арқасында адамға ең қажет әкономика саласындағы әжептеуір дағдарыстарды
басынан өткізуге соқтыруда. Қазір экономикалық құлдырауымыздың салдарынан
азаматтардың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейі нашарлап кетті.
Мысалы, жұмыссыздық етек жайды. Жалақы мен зейнетақы деңгейі төмен, оларды
уақытылы төлеу де өз алдына бір ауыр мәселе болды. Қатарынан қабылданып
жатқан құқықтық немесе ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі заң
тәртібін бұзушылық, әсіресе қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр.

Әрине, қай қылмыстылықтың да алдын алуда әуелі жалпы тәрбие, оның
ішінде құқықтық тәрбие негізгі құрал болып есептеледі. Өкінішке орай, қазір
елімізде келеңсіздік әлеуметтік құбылыстар, заң бұзушылық, әсіресе әртүрлі
қылмыстық көріністер көбеюде. Қазақстан Республикасында әсіресе соңғы он
жылдың шамасында қауіпті, аса қауіпті қылмыстар, оның ішінде әсіресе
ұйымдасқан сыбайлас іс-әрекеттер етек жайды.

Қылмыстық жаза түсінігі мен түрлері
Қылмыстық жаза мемлекеттің адам жасаған қылмысқа көңіл бөлгендігін 
білдіреді. Ал  қылмыскердің  өзі  үшін жаза – ол жасаған қылмыстың 
қылмыстық–құқықтық  зардабы.  Қай мемлекет болмасын ол қылмысқа қарсы күрес
жүргізуде әртүрлі әлеуметтік ұйымдастырушылық, экономикалық, тәрбиелік,
рухани шаралардың барлық түрін кеңінен  қолдануға тырысады. Күнделікті
өміріміз қылмысқа қарсы күресте қылмыскерлерге қылмыстық жаза шараларын, 
соның ішінде олардың қатал түрлерін қолданып  қоюмен  ғана  көзделген  
мақсатқа жету мүмкін еместігін дәлелдеп  келеді. Бұл күресте  қылмысты 
ескерту  шараларының,  сондай-ақ, қылмыстың алдын-алу шараларының да
көзделген нәтижеге жетудегі үлесі қомақты болып отыр. Мемлекеттің қылмысқа
қарсы күрестегі қолданатын шарлары сан түрлі. Мемлекет қолданатын осы
шаралар ішіндегі ең негізгісі де ең ықпалдысы да –жаза, яғни жазалау шарасы
болып табылады.
Қылмыстық-құқықтық нормалардың бұзылмауын мемлекет мәжбүрлеу арқылы жүзеге
асырады. Себебі, басқа құқықтық нормаларға қарағанда қылмыстық құқықтағы
тыйым салынған нормалар жиірек бұзылады және оның мемлекет, қоғам мүддесіне
немесе жеке азаматтардың мүддесіне тигізетін залалы басқа құқық салаларының
нормаларының бұзылуына қарағанда анағұрлым мол. Қылмыс пен жаза–қылмыстық
құқық өзінің пайда болған кезінен сүйенетін бір-бірімен тығыз байланысқан
ажырамас категориялар. Қылмыстық жаза мәселесі қылмыстық құқық теориясында
ерекше орын алады, өйткені, ол қылмыстылықпен күресу шараларының
жүйесіндегі ең ауыр да қажетті шаралардың бірі болып табылады.
Жаза адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін,
адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілікті, меншікті, ұйымдардың құқықтары
мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны,
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын,
сонымен қатар, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық
қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған. Республикамыздың қылмыстық кодексі
жазаға төмендегідей анықтама береді: Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша
тағайындалатынмемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп
танылған адамға қолданылады және осы адамды Қылмыстық кодексте көзделгендей
құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Бұл анықтамада жазаның негізгі белгілерінің жиынтығы берілген.

Жаза түсінігі
 Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және
ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде
қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі
ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін
кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл
бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес
қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл
құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып еткен
экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың
құқылық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да
қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, занда
көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай
шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде
қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр
қылмыстық-құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып
табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық
құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да
жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола
отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады. Біріншіден, қылмыстық шара —
мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана белгіленеді.
Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетгі тізбектері мен оны қолданудың
тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық занда
көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен шықпай, жаза тағайындайды. Тек
ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілірек жаза
тағайындауға құқылы.
Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны
мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық кодекстің 38-бабында
"жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу
шарасы" делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік
күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы
жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция бастығы
әкімшілік жауапка, салық инспекциясының лауазымды адамы салықтан
бұлтартпаушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе әкімшілік
комиссиясы өзіне берілген құзырет шеңберінде әкімшілік құқық бұзушыларды
жауапқа тартады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде-
біреуі қылмыстық жаза колдануға құқылы емес. Қылмыстық жазаны қолдану — тек
қана соттың құзыреті.
Үшіншіден, занда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату,
сондай-ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге
асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату
немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес
Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа
жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады. Бұл да
қылмыстық жазаның басқа мемлекеттік күштеу шараларынан мәнді өзгешелігін
көрсетеді.
Тертіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан-ашық тағайындалады.
Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу,
қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе занды
тұлғалар арқылы емес мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді.
Қылмыстык жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе
лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, занды
күшіне енген сот үкімі мем-лекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме,
лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті
болып табылады.
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза
қылмыстық занда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға қолданылуы
мүмкін. Яғни, бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің
қылмыстық-құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық занда
"адам өз кінәсі анықталған коғамға қауіпті Әрекет немесе әрекетсіздік және
пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қыл-мыстық жауапқа
тартылуға тиісті", —делінген. Сондай-ақ әрбір істелген қылмысқа жаза
тағайындау міндетті емес. Мұның мәні мынада: егер тергеу жүргізген немесе
істі сотта қараған кезде жағдайдың езгеруімен байланысты кінәлінің істеген
қылмысының қоғамға қауіпті мәні жойылса немесе оның езі қоғамға енді
қауіпті емес деп танылса, қылмыс нышандары бар іс-әрекет жасаған адамды
қылмыстық жауаптылықтан босатуға (68-бап) болады.
Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық, әкімшілік
немесе тәртіптік құқылық жауапкершілікке тартумен де ұштастырылуы мүмкін.
Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмысты іс-әрекеттер үшін кінәлінің
кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс құқылық баға болып табылады.
Бетіне басудың және кінәлаудың дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәлінің
жеке тұлғасына және оның қылмысты іс-әрекетті істеудегі мінез-құлқына
тікелей байланысты болады.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты
болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыруы немесе белгілі бір
кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы,
мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәліге занда
көрсетілген негізде ерекше жаза — өлім жазасын тағайындауы да мүмкін.
Сөйтіп, кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам
материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні
жөнінен кінәліні жазалау болып табылады.
Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі
сол, оны қолдану кінәліге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
Жазаның түсінігі және мақсаттары
Қылмыстық жауаптылықтың негізі
Қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі
Қылмыстық құқықтың қысқаша сипаттамасы
Қылмыстық құқық ғылымы
Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
Қазақстан Республикасындағы Қылмыстық жаза тағайындаудың жүйесінің түсінігі мен маңызы
Қылмыстық жаза
Пәндер