Темперамент жайында



Кіріспе бөлім

І Негізгі бөлім
1.1.Темперамент туралы жалпы ұғым
1.2.Темперамент ілімнің жалпы дамыуы
1.3.Темперамент түрлері,оған сипаттама
1.4.Темперамент: қасиеттері мен типтері
1.5.Темпераменттің физиологиялық негізі
1.6.Темперамент және іс .әрекет
1.7.Темпераментті тәрбиелеу мәселесі

ІІ. Практикалық жұмыс
Зерттеу жұмыстары
Әдістемелік нұсқау

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Темперамент — жүйке жүйесiнiң тума қасиеттерiнен, туындайтын адамның жеке өзгешелiктерiнiң бiрi. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсендiлiгiнен жақсы байқалады. Темперамент — организмнiң физиологиялық өзгешелiктерiмен, әсiресе, жоғары жүйке қызметiнiң тума қасиеттерiмен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, бiреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, ендi бiреулер жай қимылдап, асықпай iстейдi), психиканың күшi мен тереңдiгiнен де (мәселен, бiреу өжет, алғыр болса, екiншi бiреу керiсiнше, сылбыр, жiгерсiз болады), адамның көңiл-күйiнiң ерекшелiктерiнен де (салмақты, тұрақты, жеңiл, тұрақсыз т. б.) эмоция сезiмдерiнен де (бiреу сабырлы, екiншi бiреу күйгелек т. б.) жақсы байқалып отырады.
Темперамент туралы алғашқы ой-пiкiрлер ғылымда өте ерте кездiң өзiнде-ақ айтыла бастады. Ежелгi Грецияның белгiлi ғалымы, дәрiгер Гиппократтың (б. э. д, 460—356) еңбектерiнде бұл жөнiнде бiраз пiкiрлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлi темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесiнде төрт түрлi сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: дененi жылытып тұратын — қан, салқындататын — шырын (слизь), құрғататын — бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретiн қара өт (талақ). Осы төрт түрлi сұйықтың, араласуының пропорциясын грекше “красис” деп атаған. Ал латын тiлiнде бұл терминдi темпераментум деп атап кеткен.
Сөйтiп, Гиппократ және оның шәкiрттерi адамдағы темпераменттердiң әр түрлiлiгi организмдегi осы төрт түрлi сұйық заттың бiр-бiрiнен аз-көптiгiне байланысты деп түсiнген. Мәселен, организмде қанның пропорцисы артық болса, ол сангвиникалық (латынша “сангиус”-қан), ал шырын басым болса (грекше “флегма”—шырын), флегматик темперамент деп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше “мелай-нехоле”— қара өт), организмде сары өт басым болса, холерик (грекше холе — өт) темпераментi деп аталған.
Гиппократ организмдегi сұйықтардың бiрiнен екiншiсiнiң басым болуы кейбiр аурулардың шығу тарихын түсiндiруге де жарайды дедi, ол мидың ролiн түсiне бiлдi, оны бездердiң бiрi деп санады. Бұл — адамның жеке ерекшелiктерiн жаратылыстық ғылыми зерттеудiң алғашқы қадамы едi.
Рим дәрiгерi Гален (129—199) темпераменттiң санын он үшке жеткiздi. Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераментi күштi болатынын, денесi салқын болса, темпераментi баяулайтынын айтты. Бұл секiлдi түсiнiктердiң прогрессивтiк маңызы зор. Өйткенi адамның тәнiн зерттеу, тәжiрибеге көңiл аудара бастау — сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтiн терiс пiкiрге берiлген үлкен соққы едi.
1. Ә. Алдамуратов. «Жалпы психология» «Білім».Алматы 1996
2. Ә.Алдамуратов, «Қызықты психология».қазақты университеті. Алматы 1992
3. Богословский . В «Жалпы психология» Алматы « Дарын» 2005
4. Бап-баба . « Жалпы психологиясы» Алматы 1988
5. «Бастауыш мектеп журналы» Алматы2006
6. В.С. Мухин . « Мектеп жасына деңгейі балалардың психологиясы» . Алматы ,Мектеп 1986
7. Жұмасова . «Жалпы психологиясы» Алматы2006
8. Ж.Аймауытов.. «Жан жүйесі және өнер таңдау» Мәскеу 1964
9. Ж.Аймауытов. «Психология» Алматы 2006
10.Қ. Жарықбаев, «Психология негіздері». Алматы.2005
11.Қ. Жарықбаев,С.Қалиев. «Қазақ тәлім
тәрбиелері».алматы.2005
12.Қ.Жарықбаев . «Қазақ психологиясының тарихы».Алматы
1996
13.Қ. Жарықбаев. « Жалпы психология» Алматы , мектеп 1980
14. К.Жүкеш. «Ұлттық психология сипаты». Алматы1993
15 м.мұқанов. «жас және педагогикалық
психология»алматы1982
16. м. Жұмабаев «педагогика» алматы. «ана тілі»1992
17. М. Жұмабаев. «психология»астана «фалиант»2007

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе бөлім

І Негізгі бөлім
1.1.Темперамент туралы жалпы ұғым
1.2.Темперамент ілімнің жалпы дамыуы
1.3.Темперамент түрлері,оған сипаттама
1.4.Темперамент: қасиеттері мен типтері
1.5.Темпераменттің физиологиялық негізі
1.6.Темперамент және іс -әрекет
1.7.Темпераментті тәрбиелеу мәселесі

ІІ. Практикалық жұмыс
Зерттеу жұмыстары
Әдістемелік нұсқау

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Ұлылардан ұлағатты сөздер

Темперамент тәжірибенің арқасында ортаның ықпалымен дамып жетіледі ... ал адамнің дара өзгешелігімен, ақылдың жетілуімен, ерік, адамгершілік сипаттарының толысу дәрежесімен, қоғамдық игіліктің қалыптасуымен байланысты және осы сиапттарға тәуелді дамиды.

Сәкен Балаубаев

Темперамент деп- адамның жүйке сапасының туыстан берілетін ерекшеліктерінің жиынтығын айтады. Темпераменттер түрлі жағдайлардың әсерімен өмір сүру барысында аздап өзгеріске түсіп отырады.

Төлеген Тәжібаев

Темпераментті тізгіндей білу үшін- адамнің жақсы тәрбиеленуі керек.

Мағжан Жұмабаев

Ағзадағы сұйықтықтардың бірінен екіншісінің басым болуы ,кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды

Гипократ

Кіріспе

Темперамент -- жүйке жүйесiнiң тума қасиеттерiнен, туындайтын адамның жеке өзгешелiктерiнiң бiрi. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсендiлiгiнен жақсы байқалады. Темперамент -- организмнiң физиологиялық өзгешелiктерiмен, әсiресе, жоғары жүйке қызметiнiң тума қасиеттерiмен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, бiреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, ендi бiреулер жай қимылдап, асықпай iстейдi), психиканың күшi мен тереңдiгiнен де (мәселен, бiреу өжет, алғыр болса, екiншi бiреу керiсiнше, сылбыр, жiгерсiз болады), адамның көңiл-күйiнiң ерекшелiктерiнен де (салмақты, тұрақты, жеңiл, тұрақсыз т. б.) эмоция сезiмдерiнен де (бiреу сабырлы, екiншi бiреу күйгелек т. б.) жақсы байқалып отырады.
Темперамент туралы алғашқы ой-пiкiрлер ғылымда өте ерте кездiң өзiнде-ақ айтыла бастады. Ежелгi Грецияның белгiлi ғалымы, дәрiгер Гиппократтың (б. э. д, 460 -- 356) еңбектерiнде бұл жөнiнде бiраз пiкiрлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлi темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесiнде төрт түрлi сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: дененi жылытып тұратын -- қан, салқындататын -- шырын (слизь), құрғататын -- бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретiн қара өт (талақ). Осы төрт түрлi сұйықтың, араласуының пропорциясын грекше "красис" деп атаған. Ал латын тiлiнде бұл терминдi темпераментум деп атап кеткен.
Сөйтiп, Гиппократ және оның шәкiрттерi адамдағы темпераменттердiң әр түрлiлiгi организмдегi осы төрт түрлi сұйық заттың бiр-бiрiнен аз-көптiгiне байланысты деп түсiнген. Мәселен, организмде қанның пропорцисы артық болса, ол сангвиникалық (латынша "сангиус"-қан), ал шырын басым болса (грекше "флегма" -- шырын), флегматик темперамент деп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше "мелай-нехоле" -- қара өт), организмде сары өт басым болса, холерик (грекше холе -- өт) темпераментi деп аталған.
Гиппократ организмдегi сұйықтардың бiрiнен екiншiсiнiң басым болуы кейбiр аурулардың шығу тарихын түсiндiруге де жарайды дедi, ол мидың ролiн түсiне бiлдi, оны бездердiң бiрi деп санады. Бұл -- адамның жеке ерекшелiктерiн жаратылыстық ғылыми зерттеудiң алғашқы қадамы едi.
Рим дәрiгерi Гален (129 -- 199) темпераменттiң санын он үшке жеткiздi. Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераментi күштi болатынын, денесi салқын болса, темпераментi баяулайтынын айтты. Бұл секiлдi түсiнiктердiң прогрессивтiк маңызы зор. Өйткенi адамның тәнiн зерттеу, тәжiрибеге көңiл аудара бастау -- сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтiн терiс пiкiрге берiлген үлкен соққы едi.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераменттi организмдегi химиялық заттардың құрамына байланысты түсiндiруге тырысты. Кейiннен темперамент организмнiң түрлiше физиологиялық өзгешелiктерiне, атап айтқанда, қан жолы жүйесiнiң құрылысына, зат алмасуға, iшкi секреция бездерiне т. б. байланысты деген пiкiрлер де тарады. Немiс философы И. Кант (1724 -- 1804) өзiнiң "Антропология" деген еңбегiнде темпераменттiң төрт түрi туралы толық психологиялық сипаттама бердi. Бiрақ ол темперамент пен мiнез ұғымдарын бiр-бiрiне балама ретiнде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.
Темперамент туралы теориялар XIX ғасырдың аяқ кезiнде де кең өрiс алады. Мәселен, немiс анатомы Гейне темпераменттердiң түрлiше болуы жүйке жүйесiнiң тонусына байланысты десе, орыс антропологы Зеланд Н. Л. (1833 -- 1902) ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен бiркелкiлiгiне байланысты дедi. Көрнектi орыс педагогы П. Ф. Лесгафт (1837 -- 1909) темпераменттердi қан сауыттарының жуандығы мен кеңдiгiне байланысты деп тұжырымдады. Темпераменттердiң физиологиялық негiздерiн ғылыми тұрғыдан дәйектi етiп түсiндiрген академик И. П. Павловтың iлiмi темперамент туралы түсiнiктi ғылыми сара жолға түсiрдi.
Жүйке жүйесiнiң типтерi ми қабығындағы қозу, тежелу процестерiнiң үш негiзгi белгiсiнiң (күшi, тепе-теңдiгi, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылады.
Жүйке процестерiнiң күшiне -- ми қабығының жұмыс iстеу қабiлеттiлiгi, яғни сыртқы ортаның түрлi тiтiркендiргiштерiне мидың, төзiмдiлiгi жатады. Жүйке процестерiнiң тепе-теңдiгi деп қозу мен тежелудiң бiр-бiрiне тең келуiн айтады. Жүйке процестерiнiң қозғалғыштығы деп олардың бiрiнiң екiншiсiне алмаса алу қабiлеттiлiгiн айтады.
Сөйтiп, И. П. Павлов iлiмiнiң айтуынша, жүйке жүйесiнiң әрбiр типiнiң үш белгiсi болады. Мәселен, күштi типтердiң бiрi -- ұстамсыз тип. Ұстамсыз тип -- жұмыс iстеу қабiлетi күштi, қозу, тежелу процестерi бiр-бiрiмен сәйкес келмейтiн (қозуы ылғи да басым келiп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип. Күштi типтердiң екiншiсi -- ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестерi бiр-бiрiне тең келiп, тез алмасып отырады. Күштi типтiң үшiншiсi -- қозу мен тежелу бiр-бiрiне, тең, бiрақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип. Әлсiз типте қозу мен тежелу процестерi баяу көрiнiп отырады. Күштi тiтiркендiргiштердiң әсерiнен туатын шектен тыс тежелулер де әлсiз типте жиi болып отырады. Мұндайда кейде күштi типтер сыртқы дүниеден келетiн түрлi әсерлерге төзiмдi келсе, әлсiз тип морт сынып кететiн болады. Павлов ашқан жүйке жүйесiнiң негiзгi типтерi темпераменттердiң физиологиялық негiздерiн жақсы түсiндiредi. Павлов сангвиниктердi -- ширақ, жүйке жүйесi күштi, қозуы мен тежелуi тең, қозғалғыш адам; холериктердi -- ұстамсыз, жүйке жүйесi күштi, қозуы тежелуiнен басым; флегматиктердi жүйке жүйесi күштi, қозуы мен тежелуi бiр-бiрiне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтердi -- жүйке жүйесi әлсiз типтi адамдар деп сипаттады.
И. П. Павлов осы айтылған негiзгi типтерден басқа да аралас, көшпелi типтердiң кездесетiндiгiн айтты. Мәселен, ұстамсыз типтiң өзiнен қозуы ерекше күштi, тежелуi әлсiз және қозуы мен тежелуi бiрдей күштi (бiрақ аз да болса қозуы басымдау тұратын), сонымен қатар, қозу мен тежелудiң күшi тепе-тең келетiн вари-анттары байқалған. И. П. Павлов жануарлардың жүйке жүйесiнiң типiн айыру үшiн жасаған тәжiрибесiнiң кейбiр қорытындылары адам темпераменттерiнiң физиологиялық негiздерiн түсiнуге толық жарайтындығын көрсете келiп, темпераментке мынадай анықтама бередi: "Темперамент жануарлар мен жеке адамның жалпы си-паттамасы, әрбiр индивидиумның барлық әрекетiне белгiлi кейiп беретiн жүйке жүйесiнiң жалпы сипаттамасы".
Соңғы жылдары көрнектi орыс психологы Б. М. Тепловтың (1896 -- 1965) лабораториясында жүйке жүйесiнiң типтерi одан ары зерттеле түстi. Егер И. П. Павлов өзiнiң тәжiрибесiн жануарларға жасаған болса, Б. М. Теплов пен оның шәкiрттерi осындай тәжiрибенi адамдарға жасады. Бұл зерттеулерде И. П. Павловтың нерв жүйесiнiң төрт түрлi типi туралы iлiмi адамдардың жеке өзгешелiктерiн, әсiресе, оның темпераменттерiн анықтауда ерекше маңыз алатын бiрден-бiр ғылыми теория екенi тағы да дәлелдене түстi. Б. М. Тепловтың шәкiрттерiнiң бiрi В. Д. Небылицин (1930 -- 1972) осындай зерттеулердiң бiрiнде жүйке жүйесiнiң әлсiз типiнiң өзi бiрнеше варианттарға бөлiнетiнiн анықтап бердi. Бұрын өмiр сүруге икемсiздеу деп саналатын осы әлсiз типтiң өзi ендi қозғалғыш, баяу, қозу мен тежелуi теңгерiлмеген типтер деп бөлiнетiн болды. Әлсiз типтiң де сезiмталдығы күштi екендiгi, осыған орай оның сыртқы ортаға бейiмделе алу қабiлетi мол екендiгi зерттелдi.

1.1.Темперамент туралы ілімнің дамуы
Темперамент - ғалымдарды ежелгі кезден-ақ қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні - адамдардың мінез-құлқын сырттай бақылай отырып, олардың әрқайсысына тән өзіндік дара болмысы, ерекшеліктері бар екенін байқаған. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы - бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас-тартысты қырлары баршылық. Бірақ мәселеге байланысты көзқарастардың көптігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны: темперамент - жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи іргетасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қозға-лыстағы сипатын бейнелейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психи-калық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір-бірімен кездейсоқ қосылмай, зандылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді. [1]
Сонымен, темперамент - әр адамның психологиялық қызметінің қозғалысын (психологиялық динамикасын), немесе мінез-құлќын сипаттайтын ерекшелік.
Бұл психикалық ерекшеліктер адам-ның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себеп түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.
Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды қасиеттеріне ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп атаған. Темпераменттердің бұл бірігімдік (тилологиялық) жүйесі өмірлік іс-әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ әрекет-қылығын күні ілгері пайымдауға әбден болады.
Негізінен темпераменттер туралы ілім көне Қытай (б.э.д. VIII ғ.) емшілерінен бастау алады екен. Адамдардың арасындағы өзіндік ерекшеліктерді олар стихиялы-материалистік тұрғыда түсін-дірген. Яғни, адами ерекшеліктер айырмашылығы денедегі элементтерге байланысты дейді. Қытай және үнді емшілері темпераментке үш элементті: ауамен тыныстауды [ЦИ], өтті (немесе қанды және сөлді негіз етіп алды. Осы үш элементтің біреуінің басым түсуіне байланысты адамдардың мінез ерек-шеліктерін үш түрге бөледі. Айталық, өт [қаны] басым адамдар жолбарыс сиякты күшті әрі батыл, циі басымдар маймыл тәрізді ұшып-қонған тынымсыз: сілекейі көптер жайбасар, шабандау қимылдайтын болып келеді.
Ал грек дәрігерлері бұл құбылысқа cәл басқашалау қараған. Төрт темперамент туралы ілімді алғаш дамытқан грек ойшылдарының бірі -- Эмпедокл (б. э. д) 490 -- 430 ж. төрт элементтің тең болуы немесе бірінің басым түсуі әр адамның ақыл-ой қабілетіне және мінез ерекшелігіне тікелей әсер етеді. Яғни, ақылды немесе кеше болу тек солардың тұтасуына, әрекетіне тәуелді деп түсіндірді.
Біздің дәуірімізге дейінгі 460 -- 377 жылдар шамасында өмір сүрген Гиппократтың мектебі өмірді өзгермелі үрдіс ретінде қарастырды. Гиппократтың пайымдауынша дененің табиғаты да осылардан құралған осылар арқылы ғана ауырады, осылар арқылы ғана айығады. Күші мен саны жағынан алғанда олардың тұтасу тепе-теңдігі сақталған жағдайда және олар жақсырақ араласа түскен кезде ғана дене сау-сергек бола түседі. Жұртшылыќқа әйгілі Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, дәлелдей алмады.
Жеке адамның өскелең белсенділігі оның табиғи және әлеуметтік ортамен байланысының сипатын зерттеуге мәжбүр етті. Осы байланыс қазіргі кездің ең басты теориялық тақырыптарына айналып отыр ғой. Ауа, су және мекенжер туралы кітабында кейбір азиялық халықтардың өмір салтын алға тарта отырып, Гиппократ әдет - ғұрып, яғни адамдық болмыс ағзаның табиғатын өзгерте алатынын дәлелдеп шықты. Мұның өзі адам бойындағы әлеуметтік және биологиялық сәйкестілік туралы мәселені талқылауға ұмтылған алғашқы талпыныс еді.
Көне грек медиктерінің ой - пейілі адамды танып - білуге құштар болғанымен бәрібір психикалық қызметтердің орындалуы үшін аса қажетті органдар құрылымымен тап баса алмады. Ықылым заманнан бері Шығыста да, Грецияда да жүрек әмірі, ми әмірі деген екі теория тайталасып келеді.
Көптеген қадағалаулар мен хирургиялық операциялардың барысында көне грек емшісі Алкмеон [б.д.д. VI ғасыр] ми дегеніміз жан - сезімнің органы деген ой түйді. Мидың құрылымын сезінудің кейін сезімдік деректерді жинақтаудың нәтижесінде мидың өнімі іспеттес психика туралы ілім пайда болды. Алкмеонның ізімен Гиппократ та миды психиканың органы ретінде уағыздап, ол - үлкен темір сияқты деп түсіндірді. Бұл ұғым медицинадан философияға көшіп барды. Сөйтсе тұра, Алкмеонның ми - психиканың органы деген жаңалығын көптеген ғасырлар бойы жәй болжам ретінде бағалап келді. Солтүстік Грециядағы емшілік мектептен дәріс алған Аристотельдің өзі жүрек әмірі атты қағидаға жүгінеді. Сөйтіп, өзінен кейінгі, тіпті XXI ғасырға дейінгі физиологтарға бағдар болып келген жалпы сезімталдық деген түсінікті қалыптастырады... Александриялық емшілердің және одан кейінгі медицинаның тәжірибелеріне сүйене отырып, Ежелгі Римнің ойшылы Гален (б.д.д. I ғасыры) философияның, биологиялық және медицинаның жетістіктерін ұсынықты ұштастырып бір арнаға бұра білді. Ол кезде адам денесін анатомиялауға тыйым салынған болатын. Тек маймыл мен сүт қоректілер арқылы органдардың құрылымы мен қызметі зерттеледі. Гладиаторлардың хирургы болған соң Гален өзінің анатомиялық білімін жетілдіру мүмкіндігінен айырыла қойған жоқ. Ол жан - сезімнің органдары - ми, жүрек және бауыр деп есептеді. Рим дәрігері Гален (129 -- 199) темпераменттің санын он үшке жеткізді. Оның пікірінше, организмде жылылық неғұрлым басым болса. адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор, өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.
Олардың әрқайсысы Платон (б.д.д. IV ғасыр) ұсынған жан - сезім бөлігіне сәйкес түрліше психикалық қызметке ие болатын еді: айталық, бауыр - құштарлықты, жүрек - ашу мен батылдықты, миақылды тұтады. [2] Темпераменттің физиологиялық негіздері туралы ілімнің медици-налық практика аясындағы психологиялық типологиядан өрбіп шыққандығына шүбә жоқ. Түрлерді бейнелейтін элементтерге қатысты тізбектерді түсіну үшін аса бас ауыртудың қажеті жоқ, өйткені ол деректердің жиынтығы емес, тайға таңба басқандай белгілі төрт түбір туралы ілім ғана. Тек Демокрит сананы психологиялық талдау жасаудың нәтижесінде төрт дәмдік қасиеттерді -- тәттілікті, кермектікті, қыш-қылдықты және ащылықты ажырата білді. Бұл жаңалықты екі мың жылдан соң эксперименталды психология ғылымы да растап отыр.
Ежелгі психология тындырған маңызды шаруалардың бірі -- темпераменттер туралы ілімді аяғынан қаз бастыру еді. Тіпті, әлі күнге дейін осы ілімнің холерик, флегматик, мелан-холик, сангвиник атты түсінік-атаулары тілімізде өзгеріссіз қолданылып келеді. Әрине, Гиппократ пен Галеннің іліміндегі осы түрлердің сипаттамасы қаз-қалпында қалды дей алмаймыз. Қазіргі зерттеушілер нақты психологиялық және физиологиялық ізденістер аясында көне ілімнің тек жалпылама принциптерін ғана пайдаланып жүр. Адамдардың арасындағы жекелеген ерекшеліктер немесе негізгі түрлер ұштаса келіп, дене бітімінің кейбір өзгешеліктерін құрауға ықпал етеді деген идея әлі күнге дейін дифференциалды психофизио-логияның басшылыққа алар қағидасы екенін мысал етуге болады.
Бір ғажабы, ежелгі дәуірде ғылыми психофизиологиялық ойлаудың негізгі категориялары қалыптаса қоймағанымен, қазіргі жоғары жүйке қызметінің түрлері теориясына жүк болып жүрген мәселелерді көтере білген.
Көне дәуірдегі психофизиологиялық ұғымдардың дамуы Гален ұсынған жүйемен ғана шектеліп қалады. Содан бір жарым ғасыр өткенде барып, Әбу әли Ибн Сина (980 -- 1037) Галеннің психо - физиологиялық іліміне ден қоя бастайды. Ол екі психологияны пайдалана отырып, жан-сезімі туралы екі ілім жасайды. Әсіресе, Канон атты еңбегінде дәрігердің көзқарасын бейнелейтін ілімді өрбіте келе, көптеген адами құбылыстарды мате-риалистік тұрғыдан бағалайды; психиканың бүтіндей миға тәуелді екенін мәлімдейді. Уайым-қайғының денсаулыққа тигізер әсерін зерттеу тәсілі де оның жаңашылдығы еді. Ол бір жас жігіттің арықтап кетуінің жан-сезімдік себебін қалай анықтағанын әңгімелейді: оған бірнеше сөз айтып, қайсысы ауруын меңдете түсетіндігін тамырын басу арқылы біліп алған. Сөз жоқ, тап осының өзі психофизиологиялық днагностика сала-сында алғашқы қадам болуы мүмкін.
Психофизиологиялық әсерге (эмоцияға) тікелей қатысы мынадай бір тәжірибені де Ибн Синаның атына таңып жүрміз: екі тоқтыға бірден мөлшерде азық береді. Тек біреуін еркін, оңаша жағдайда бағады да, ал екіншісінің маңайына қас-қырды әкеп, байлап қояды. Сонда, соңғысы ішіп-жемі жеткілікті болғанына қарамастан, күннен - күнге арықтап, ақырында, өліп қалыпты. Тәжірибе арқылы қарамақарсы сезімдік жағдайдың орға жығарлық ролін жете ұғынуға мүмкіндік туды. Сөйтіп, емшілік ғылымының атасы атанған Әбу әли Ибн Сина экспе-рименталды психофизиологияның да негізін қалады.

1.2.Темперамент түрлері оған сипаттама

И. П. Павловтың жүйке жүйесiнiң типтерi туралы iлiмi бойынша әр түрлi темперамент өкiлдерi былайша сипатталады. Мәселен, жүйке процестерi күштi, бiрi екiншiсiне тең келмейтiн адамдар, көбiнесе, ұйытқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келедi. Олар -- ұстамсыз, күйiп-пiсуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Iстi бұрқыратып iстегенмен, олардың кейде қолын бiр сiлтеп сылқ түсетiн кездерi де болады. Бұлар -- холерик темпераментiнiң өкiлдерi. Павлов холериктердi жылдам, тез әсерленгiш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады.
Сангвиник.
Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды.
3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғм да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.
Флегматик.
Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті, талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады.
Мысалы 2-ші сынып оқушысы - флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы - жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.
Холерик.
Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай акдамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.
Мысалы, кіші холерик оқушыда талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холерикті анық мимика мен энергетикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісінің психологиялық тарихы
Темперамент типтерінің сипаты
Темперамент психологиялық сипаттамасы
Темперамент түсінігі
Темперамент жайлы ақпарат
Темперамент туралы жалпы ұғым. Темпераментті тәрбиелеу мәселелері
Темпераменттің төрт типінің сипаттамасы
Адамның даралық психологиялық сипаттары туралы
Темпераменттердің типтері және олардың психологиялық сипаттамасы
Ұжымдағы жеке тұлғалар арсындағы қарым-қатынастың ерекшелігі
Пәндер