Мектеп жасына дейінгі баланың тілін жаңылтпаштар айтуда тілін дамыту



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

І.. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамытудағы жаңылтпаш рөлі

1.1. Балалардың сөйлеу тілін дамытуда қойылатын талаптар мен тәсілдер
1.2.Мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамытудың әдістер
ІІ. . Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту

2.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ауыз
әдебиетінің маңызы

2.2.Мектепке дейінгі бала тілінің дамуына жаңылтпаш қолданудың тиімділігі

2.3.Балаларды жаңылтпаш оқу арқылы дамыту


ІІІ. Практикалық бөлім
3.1. Сабақ жоспарлары
3.2. Зерттеу жұмысы
3.3. Әдістемелік нұсқау

ІV. Қорытынды
V.Пайдаланылған әдебиеттер
Тіл - рухани байлықтың қайнар көзі.
Қазақ тілінің сөйлеу ауқымы өз дәрежесінде өсіп, кеңейіп келеді. Тілдік қатынас адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлесу т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.
Олай болса, сөйлеу тілін дамыту барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі - ауызша сөйлеп, сөйлеу тілін дамытудың бір жолы жаңылтпаш айтуды үйрете отырып, ол сөздерді байланыстырып айту арқасыңда жүзеге асады. Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту – баланың сөздік қорын дамыту, ойлаған ойын өз еркінше басқа адамға жеткізе алу, оның сөзін түсіне білу, қысқаша айтқанда еркін сөйлей білуге үйрену. Осыдан келіп сөйлеу тілін дамыту жұмысының кең аялы екенін көреміз.
Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылса төмендегідей жетістіктерге жетуге болады:
-балалардың сөздік қоры кеңейеді;
-өз бетімен мәдениетті сөйлеу, талпыну қабілеттері ашылады;
-логикалық ойлауы, ой- белсенділігінің артуы;
-өзін-өзі бағалай білуі, өздігінен жетілу дағдылары қалыптасып дамиды;
-интеллектуалды ойлау қабілеті дамиды;
-сөз мәдениетін қалыптастырады.
Мектеп оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының алатын орны ерекше, сонымен қатар тәрбиеші осы жұмысты жасаушы, әрі дамытушы қызметін атқарады. Қазақ халқы өзұрпағынжөргектен бастап ақыл –ойын ,сөйлеу жұйесінің дамуына әдіс-тәсілдерін шебер пайдалана білген.Осы мақсатқа орай мақал-мәтклді ,адамды ойлантып ,толғантатын даналық сөздерді, жаңылтпаш,санамақтарды,шешендік сөздерді пайдаланған.
Баланың ойнау жүйесін дамыту үшін жұмбақ ,санамақ ,түрлі аңыз әңгімі мен тақпақтар ,өсиет сөздердіңтәрбиелік мәнін әр кез есте ұстаған.Соның бірі –жаңылтпаш. Тілі жаңа шығып, сөздік қоры енді молая бастаған кезде сәби кейбір дыбыстарды айта алмай қиналады. Мұндайда оның тілінің мүкістігін жою үшін үлкендер бала қиыналып айта алмайтын дыбыстары бар сөзді жиі – жиі жаңылыстырмай айтып жаттықтырса, кейін ол мүдірмей сөйлейтін және өз ойын толық жеткізе алатын болады. Жаңылтпашты жаттап жаттығу арқылы бала ана тілін ардақтап өседі. Мектеп жасына дейінгі баланың тілдік қатынасын сауатты дамытуда жаңылтпашты пайдалану дәстүрі, ең тиімді тәсіл.
1. Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері. 1991ж- 133б
2. Артыкова Т, Немеренова Б. Қазақ тілі. 7-сынып. Алматы: Ата мұра, 2007ж.
3. 3.А.П. Усова «Балабақшадағы оқыту».
4. «Оқу және тіл дамыту» методикасы
5. Бастауыш мектеп «Ұлттық ойындарды пайдалану».
6. Қоянбаев.Ж.Б. «Педагогика» ,Алматы, Рауан 1992 ж
7. Өстемиров.К,Шаметов Н «Кәсіптік педагогика» Алматы 2006 ж
8. Иманбекова Б.И «Тәрбиеге жетекші» Алматы 2004 ж
9. Н.В.Савин «Педагогика» Алматы , Майсы 1983 ж
10. Абай атындағы Қаз. Ұлт. Пед.Университеті «Педагогика» Алматы 2003
11. Бабаев С.Б , Оңалбеков Ж.Ж «Жалпы педагогика» Алматы 2005ж.
12. Әбиев Ж «Педагогика» Дарын Алматы 2004 ж
13. Тәжібаев С «Сынып жетекшісінің жұмыс ерекшеліктері» тәрбие құрал журналы 4/ 2005 ж 7-9 бет
14. Дүйсебаева Р « Оқушылармен қарым-қатынас құпиялары» , «Сынып жетекшісі» журнал 8/2006 ж 18-21 бет
15. Биғатова К «Шәкірт көңілінен жол таба білу керек» , «Қазақстан мұғалім» журналы 14/9/2004 ж 11 бет

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

І.. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамытудағы жаңылтпаш рөлі

1.1. Балалардың сөйлеу тілін дамытуда қойылатын талаптар мен тәсілдер
1.2.Мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамытудың әдістер
ІІ. . Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту

2.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ауыз
әдебиетінің маңызы

2.2.Мектепке дейінгі бала тілінің дамуына жаңылтпаш қолданудың тиімділігі

2.3.Балаларды жаңылтпаш оқу арқылы дамыту

ІІІ. Практикалық бөлім
3.1. Сабақ жоспарлары
3.2. Зерттеу жұмысы
3.3. Әдістемелік нұсқау

ІV. Қорытынды
V.Пайдаланылған әдебиеттер

Курстық жұмыстың тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі баланың тілін жаңылтпаштар айтуда тілін дамыту

Курстық жұмыстың өзектілігі: Баланың сөйлеу тілін дамыту балабақшадағы, мини-орталықтардағы педагогтардың үлесіне тиіп, үйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші-педогог мамандарына баланы мектепке әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту, осы орайда әдіс-тәсілдерді көптеп меңгеру, практикада қолданудаерекше маңызы зор.

Курстық жұмыстың мақсаты: 5-6 жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуға, құзіреттілікті меңгертуге бағытталған теориялық материалдар жинақтау, практикалық әдіс- тәсілдерінің тиімділігін тексеру.

Курстық жұмыстық міндеттері : Жоғарыда көрсетілген зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет:
- сөйлеу тілі сөйлеу мәдениеті ұғымдарының теориялық сипатын анықтау;
- Жаңылтпаштар айту арқылы сөйлеу тілін дамытуды ұйымдастыру жолдарын анықтау және негіздеу;
- мектепалды даярлық тобы сабағында жаңылтпаштар айту арқылы сөйлеу тілін дамытуға байланысты жұмыс түрлерін қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.

Кіріспе

Тіл - рухани байлықтың қайнар көзі.
Қазақ тілінің сөйлеу ауқымы өз дәрежесінде өсіп, кеңейіп келеді. Тілдік қатынас адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлесу т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.
Олай болса, сөйлеу тілін дамыту барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі - ауызша сөйлеп, сөйлеу тілін дамытудың бір жолы жаңылтпаш айтуды үйрете отырып, ол сөздерді байланыстырып айту арқасыңда жүзеге асады. Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту - баланың сөздік қорын дамыту, ойлаған ойын өз еркінше басқа адамға жеткізе алу, оның сөзін түсіне білу, қысқаша айтқанда еркін сөйлей білуге үйрену. Осыдан келіп сөйлеу тілін дамыту жұмысының кең аялы екенін көреміз.
Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылса төмендегідей жетістіктерге жетуге болады:
-балалардың сөздік қоры кеңейеді;
-өз бетімен мәдениетті сөйлеу, талпыну қабілеттері ашылады;
-логикалық ойлауы, ой- белсенділігінің артуы;
-өзін-өзі бағалай білуі, өздігінен жетілу дағдылары қалыптасып дамиды;
-интеллектуалды ойлау қабілеті дамиды;
-сөз мәдениетін қалыптастырады.
Мектеп оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының алатын орны ерекше, сонымен қатар тәрбиеші осы жұмысты жасаушы, әрі дамытушы қызметін атқарады. Қазақ халқы өзұрпағынжөргектен бастап ақыл - ойын ,сөйлеу жұйесінің дамуына әдіс-тәсілдерін шебер пайдалана білген.Осы мақсатқа орай мақал-мәтклді ,адамды ойлантып ,толғантатын даналық сөздерді, жаңылтпаш,санамақтарды,шешендік сөздерді пайдаланған.
Баланың ойнау жүйесін дамыту үшін жұмбақ ,санамақ ,түрлі аңыз әңгімі мен тақпақтар ,өсиет сөздердіңтәрбиелік мәнін әр кез есте ұстаған.Соның бірі - жаңылтпаш. Тілі жаңа шығып, сөздік қоры енді молая бастаған кезде сәби кейбір дыбыстарды айта алмай қиналады. Мұндайда оның тілінің мүкістігін жою үшін үлкендер бала қиыналып айта алмайтын дыбыстары бар сөзді жиі - жиі жаңылыстырмай айтып жаттықтырса, кейін ол мүдірмей сөйлейтін және өз ойын толық жеткізе алатын болады. Жаңылтпашты жаттап жаттығу арқылы бала ана тілін ардақтап өседі. Мектеп жасына дейінгі баланың тілдік қатынасын сауатты дамытуда жаңылтпашты пайдалану дәстүрі, ең тиімді тәсіл.

1.Сөйлеу тілін дамыту жұмыстарын жүргізу жолдары
1.1. Балалардың сөйлеу тілін дамытуда қойылатын талаптар мен тәсілдер

Кез-келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің,мінез-құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та, оқыту, үйрету үрдісін қамтиды.
Балалардың ақыл - ойына қабілеттерінің дамуына жетудің бірден - бір жолы - өзара тілдік қарым - қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып,әрдайым жанында достық қарым - қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс - тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашылады. Мектепке дейінгі даярлық тобындағы балаларға өзге тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесуден қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың сөздік қорларын байыту, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру - балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мелекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор. Менің балаларға қазақ тілін жетік меңгертуде бірнеше тиімді әдіс - тәсілдерді атап өткім келеді.
Баланың ақыл-ой дайындығының компонеттерінің бірі - жеткілікті дамыған тіл. Баланың тілің жетілдіру үшін алдымен баланы дұрыс сөйлеуге, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта білуге үйрету, оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту. Бұл ретте тәрбиеші балалармен сөйлесу барысында сөйлем мүшелерін қолдана білуіне тәрбиешінің қойған сұрақтарын түсініп, оған толық жауап беруге, өзіне таныс ойыншық, тағам, киім-кешек, қоршаған ортадағы әлемге соның ішінде бау-бақша, жан-жануарлар, өсімдік-жемістер, адамдар, бір ауланың балалары,тіпті балабақша қызметкерлері туралы кім не істейтіні жайлы түсінігі болып, олар жайлы әңгімелей білуге үйренуі тиіс. Осы арқылы айналадағы дүниені, табиғатты бақылата, таныта отырып, баланың тілін, сөздік қорын байыту, ол сөздерді күнделікті сабақта, сабақтан тыс сөзбе-сөз қарым-қатынас кезінде өздігінен дұрыс айта білуге төселдіру керек. Өзге ұлт өкілдеріне, әсіресе жаза алмайтын, оқи алмайтын балаларға тіл үйрету өте қиын екені белгілі. Дегенмен 4-5жас арасындағы балалардың сөзді қабылдау, есте сақтау қабілеті өте жоғары. Мен жұмысымда осы ерекшеліктеріне мән беремін де балалардың сөйлеу тілін дамытуды үйретуде мынадай талаптар қоюға болады:
Әр сөзді тұрақты түрде есінде қалдыру;
сөз балаларға таныс заттарға байланысты болуы керек;
әрбір сөз үнемі қайталанып отыруға тиіс;
сөздік қорды молайтып отыру; қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру арқылы дұрыс сөйлеуге үйрету.
Баланың сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеуге үйрету жолында іс-тәжірибеге сүйеніп, мынандай тәсілдер қолдануға болады:
сөздік жұмыс (әңгімелесу, салыстыру, қайталау, сұрақ-жауап, сурет бойынша әңгімелеу );
көрнекі құралдарды қолдану (сурет, ойыншық, муляж, бейнефильм т.б.);
ойын (дидактикалық, сергіту, жарыс, сюжетті-рөльдік,логикалық, ұлттық т.б.).Осының бәрі баланы мектепке даярлауда негізгі жетекші әдістер болып саналады. Сондықтан, балаларды мектепке әзірлеуде жоғарыдағы тәсілдерді пайдаланудың маңызы зор.

1.2.Мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамытудың әдістері

Мектепке дейінгі кездегі тілдің дамуына мынадай практикалық әдістер тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі, қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру (құрастыру) әдісі.
Еліктеу әдісінде үйретуші мен үйренуші екеуіде бірсөзді, бірақ әртүрлі етіп айтады: үйретуші ересек адамдармен сөйлескендегіден көрі бір шама қарқындырақ, сөзінің дыбысын артикулдеп және сөзінің дауыс ырғағын мәнерлеп сөйлейді, ал үйренуші тыңдайда да, қайталайды, оның сөзіне еліктейді, сөйлеу қимылын үйренуге (дауыстың артикулиациясымен модулиасиясы) және мағынасын түсінуге тырысады (затты, қимылды және т.б. көрсететін дыбыс комплекстерінің мәліметін салыстырады). Мұндайда тәрбиеші үшін орфоэпиялық норма деңгейінен төмен түспеу және баланың сөзіне еліктемеу (сақауланбау, шолжаңдамау) аса маңызды.
Бұл әдісті қолдану мектепке дейінгі жаста ғана емес, мектепте, тіпті есейгендеде) жалғыстырып отырады.
Еліктеу әдісіне үйрену тұрмыстық іс-әрекеттерді атқару кезінде, айталық, баланы шомылдыру кезіндегі баламен қатынас процесінде де еріксіз түрде болуы мүмкін.
Белгілі бір әдістің қолданылу вариантын, сол әдісті құрайтын негізгі іс-әрекетке оқу дидактикалық материалдың сипатынан туындайтын қосалқы іс-әрекеттің енгізілуін тәсіл деп атаймыз.
Сонымен, еліктеу әдісін жүзеге асыратын тәсілдер мыналар болуы мүмкін:
айналадағылармен танысқанда нақты затты бақылау жоғарыда айтқан жағдайда, сәби өз қолына қарайды, анасының қолын бақылап, оған ілесе қайталайды, оның сөзіне елітейді;
ойындар: біздің байқағанымыздай, ойын үстінде баланың тілі жаңа лексикамен толығып қана қоймайды, сонымен бірге ол жаңа сөз формасымен де байиды (электр монтері, қонаққа бару ойынында балалар зат есімді меңгереді, Қызыл Телпек пен сұр қасқырды ойнағанда, балалар диалог сөздерді байланыстыруға үйренеді);
сөз үлгісіне сүйену (сөзді елестету): тәрбиеші айтқан сөзді балалар кайталайды (Су, су, менің бетімді жу!).
Сонымен, біз үйретуші мен үйренуші бір сөзді айтатын еліктеу әдісімен таныстық, бірақ үйретуші қалай сейлеу керек екендігі жөнінде үлгі көрсетеді ал үйренуші оны дәлме-дәл қайталайды, оған еліктейді. Жоғарыда еліктеу әдісін орындайтын тәсілдер ,келтірілді. Бірақ кез келген әдісті іске асырудың тәсілдері көп-ақ: творчестволықпен жұмыс істейтін әрбір тәрбнеші әдістің өзін бұзбастан әрдайым өзіндік тәсілдер жасайды. Мысалы, еліктеу әдісі, айтылған тәсілдерден басқа, суреттерді, тірі объектілерді (жануарларды, өсімдіктерді), диафильмді, магнитофонды және басқаларіды пайдалану тәсілдері арқылы орындалуы мүмкін.
Бала үшін орындауы анағұрлым қиыны онын тілін үйрету әдісі -- сөйлеу әдісі, мұны қосымша сұрақ пен жауап әдісі, әңгімелесу әдісі деп те атайды.
Әңгімелесу әдісі үйретушінің сұрауынан, ал үйренушініңжауап беруінен тұрады. Демек, олардың екеуі де сөйлейді, бірақ бір сөзді емес (еліктеу әдісіндегідей), әр түрлі сөздер сөйлейді: үйретуші өзінің сұрағымен балаіның өзіне таныс сөздерді, дыбыстарды, грамматикалық формаларды немесе дәнекер тексті еске түсіруге және оны орнымен қолдануға итермелейді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінде құрастыру (әңгімелеп беру) әдісіне кең дербестік беріледі. Оның мәні мынада: балалардың ертегілерді өз бетінше құрастыруын, олардың өз өмірлерінде кездескен нақты жағдайларды әңгімелеп беруін, көркем әдебиеттегі тақырыптарды араластырып айтуын, картинкаларды, нақты объектілерді -- заттарды, хайуанаттарды, өсімдіктерді -- суреттеуін тәрбиеші көтермелеп отырады.

2. Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту
2.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ауыз
әдебиетінің маңызы

Ауыз әдебиеті -- халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті. Жазу-сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсіюі, қуанышы мен күйініші. Дүниетанудағы көзқарасы жайында неше түрлі өлең-жырлар, ертегі-әңгімелер, мақал-мәтелдер, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі күйінде тудырған. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте "халық шығармашылығы", "халық поэзиясы", "халықтың ауызша сөз өнері" дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді.
Қазақ ауыз әдебиеті - талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз.
Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын - бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.
Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады.
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы - мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар - бәрі де балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер.
Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі - ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан - ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді.
Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайына байланысты туған.
Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған.
Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.
Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі бағыттары:
Денсаулық
Еңбек пен мамандық
Өнер
Имандылық пен адамгершілік
Патриоттық
Эстетикалық
Табиғатқа деген сүйіспеншілік
Педагог міндеті:
Халық ауыз әдебиетіне қызықтыру арқылы балалардың тілдік қорларын дамыту..
Жеке тұлға дамуында заманауи инновациялық әдістерді қолдану.
Халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Ауыз әдебиетінің түрлері:
Ертегілер
Жұмбақтар
Жаңылтпаштар
Аңыз-әңгімелер
Мақал-мәтелдер
Тыйым сөздер
Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдерін қалыптастыруда қазақ халқының ауыз әдебиетінің орны ерекше. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауыз әдебиеті - мектепке дейінгі жастағы балалардың ой өрістерін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға тигізетін пайдасы ұшан-теңіз...
Халық ауыз әдебиеті - халық шежіресі. М.Горький Халық ауыз әдебиетін білмейінше, еңбекші халықтың нағыз тарихын білу мүмкін емес деген. Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиеті де көркем туынды.
Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиет үлгілері - ертегілер, жұмбақ, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілерімен балаларды таныстыру үшін алдымен оқытылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтіннің мазмұны балаларды қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болу керек.
Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.
Бақшада ертегі оқу сабақта және сабақтан тыс уақыттарда өтіледі. Оқу жұмысы баланың жас ерекшелігіне орай жоспарланады. Сәбилер тобында ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады.
Сәбилер тобында оқығанды тыңдату және әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Мұндай мақсат - ертегіні ауызекі әңгімелеуге төсілдіре отырып оқылғанды шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету.
Сын тұрғысынан ойлаудың даму жолдары:
Кезеңдері:
Қызығушылықты ояту
Мағынаны ашу (ажырату)
Ой толғаныс
Әдістері:
Топтастыру
Ассоциация
Ой қозғау
Джик-Со
Инсерт
Венн диаграммасы
Кубизм
Бес жолды өлең
Ой толғау
Ой қозғау әдісі:
дамытушы;
сұрақтар арқылы ой салу;
жауап талап ету.
Топтастыру әдісі:
тақырыпқа қатысты барлық мағлұматты топтсатыру.
Ассоциация әдісі:
зат жайлы жалпы мәсілемт жинау.
Инсерт әдісі:
сөздің көп мағынасын ашу;
синонимдер;
антонимдік сөздік қорларын кеңейту;
сөзді дұрыс қолдануларын қалыптастыру.
Венн диаграммасы әдісі:
екі затты салыстыру;
ортақ белгісін табу;
берілген тақырыпты қорытындылау, нақтылау.
Кубизм әдісі:
балалардың білімдерін салыстырып, дәлелдеу;
ерекшелік;
мен үйрендім;
суреттер;
қолдан сұрақтар арқылы айқындау.
Бес жол өлең:
балалардың шығармашылығын тұрақтандыру;
Не? Қандай? Не істейді?
Түйінді сөз.
Күтілетін нәтиже:
Сын тұрғысынан ойлау
Белсенділіктері артады
Тәжірибелік іс-әрекетте болады
Қарым-қатынас жасауға үйренеді
Құрбыларын тыңдай біледі
Ортаға шығып өз ойын айтуға үйренеді
Өз ойын тұжырымдай біледі
Пропп картасының технологиясы:

Бәріне белгілі болғанындай, қиял - ғажайып ертегісінің қызметін (функцияларын) саралап келгенде В.Я.Пропп мынадай қорытындыға келеді:
- қызмет ететін тұлғалар - саны шектеулі берік элементтер болып табылады, ал тізбектілігі бірдей боп қала береді.
Пропп жүйесінің 31 атқарар қызметі (функциясы) бар, олардың әрқайсысы ертегі әлемінің үлкен бөлігін құрайды.
Пропп картасын қолдануда әдістемелік тәсілін Дж.Родари 20-ға қысқартып, ұсынды.

Тірек сызбалар:
Бес жолды өлең құрастыру.
Жаңылтпаш құрастыру.
Әңгіме құрастыру.
Жаңылтпаш.
Мақал-мәтел.
Дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойынның пайдасы - баланың ой-өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді.
Бұл ойынның міндеті - баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттырады.
Логикалық ой-өрісін кеңейтіп,қиялдарын дамытады.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
Заттық дидактикалық ойындар - дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар - Лото, Домино және т.б.
Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойынның ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді. Сонымен қатар, дидактикалық ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі. Балалардың сабаққа қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалдарды меңгеруіне ықпал етеді.
4. Дидактикалық ойын - Мамандықтар.
Мақсаты: Мамандықтарды ажырата білу, құралдарын атау.

2.2.Мектепке дейінгі бала тілінің дамуына жаңылтпаш қолданудың тиімділігі

Қазақ халқы өзұрпағынжөргектен бастап ақыл - ойын ,сөйлеу жұйесінің дамуына әдіс-тәсілдерін шебер пайдалана білген.Осы мақсатқа орай мақал-мәтклді ,адамды ойлантып ,толғантатын даналық сөздерді, жаңылтпаш,санамақтарды,шешендік сөздерді пайдаланған.
Баланың ойнау жүйесін дамыту үшін жұмбақ ,санамақ ,түрлі аңыз әңгімі мен тақпақтар ,өсиет сөздердіңтәрбиелік мәнін әр кез есте ұстаған.Соның бірі - жаңылтпаш. Тілі жаңа шығып, сөздік қоры енді молая бастаған кезде сәби кейбір дыбыстарды айта алмай қиналады. Мұндайда оның тілінің мүкістігін жою үшін үлкендер бала қиыналып айта алмайтын дыбыстары бар сөзді жиі - жиі жаңылыстырмай айтып жаттықтырса, кейін ол мүдірмей сөйлейтін және өз ойын толық жеткізе алатын болады. Жаңылтпашты жаттап жаттығу арқылы бала ана тілін ардақтап өседі. Мектеп жасына дейінгі баланың тілдік қатынасын сауатты дамытуда жаңылтпашты пайдалану дәстүрі, ең тиімді тәсіл.
Жанылтпаштың мақал - мәтел сияқты терен мағынасы болса да оның астында әзіл, қалжың, ойын бар. Сондықтан да жаңылтпашты ұйымдастырған оқу іс-әрекетіне кеңнен пайдаланып отырған жөн. Балаларға жаңылтпаш айтқызып жаттықтырудың бірнеше әдіс - тәсілдері бар. Алдымен бала үлкендердің айтқан жаңылтпаштарын жаңылыспай тез - тез айтуға үйрену керек. Еіншіден, бірнеше балаға жарыстыра айтқызуға да болады. Содан - ақ, олардың қанша жаңылтпаш білетінін байқау үшін жарыс ұйымдастырып, жаңылтпаштарды жаңылмай айтып шыққан баланы жарыстан озап шыққаны үшін мадақтап, сыйлық беріп мерейін арттыру - ақыл - ой тәрбиесі үшін өте тиімді тәсіл.
Жаңылтпаш арқылы тіл ширатудың тәрбиеге қатысты жақтары көп. Мәселен, эстетикалық жаңылтпаштарды әнге қосып айтуға да болады. Ол үшін күні бұрын арнайы жоспар жасап, тиісті жаңылтпаштары топтастыра білу керек. Тілі мүкіс, логопедиялық дәріс алып жүрген баланы мұндай ойынға қатыстырып, сағын сыңдырудан сақ болған жөн. Жаңылтпаш айтудың психологиялық әсері де ерекше болады.
Жаңылтпашта содан - ақ ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің бір түрі ретінде театрландыру арқылы пайдалану кезіндде де психологиялық элементтердің (мимика, понтомимо) қолдануда және кейіпкерлердің (көңілсіз, куанышты, таңқалу т.б) қасиеттерін эмоция арқылы аңғартуға үйреттеді және сөздің астарын түсіне білуге, интонацияның өзгеруіне байланысты, логикалық ойлау қабілетіне тигізер әсеті мол.

Жаңылтпашты қолданудағы басты міндеттер:
Алғаш жаңылтпашты үйрету кезінде дыбыстың таза, сөздің дұрыс айтылуын қадағалай отырып, сөзі айтуға жеңіл жаңылтпаштарды қолдану керек.
Жаңылтпашты дыбыстық кемшілікті (дифект) жою міндеті түрінде пайдаланған жөн.
Жаңылтпашты қолданғанда алғашында жеңіл түрінен бастап,жайлапкүрделен діру қажет.
Мендетті түрде түсініксіз сөздердің мағынасын түсіндіріп отыру тиіс.
Жаңылтпашты тез есте сақтау үшін, әуелі оның мағынасымен таныстыру, ол үшін жеңіл және дұрыс толық түсініктер беріп отыру керек.
Әсіресе, сөйлеген кезде дыбысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөздің дыбыстық мәдениеті мен интонация туралы ой – тұжырымдар
Бастауыш сынып оқушыларынң сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының әдістемесі
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ СӨЙЛЕУІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ БӨЛІМІ
Мәнерлеп оқу практикумы тіл дамыту әдістемесі курсының маңызды бөлімі
Қазақ жаңылтпаштарының зерттелу тарихы
Мәнерлеп оқу практикумы пәні бойынша дәрістер
Мектепке дейінгі қазақ тілін оқыту үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдер арқылы балаларды сөйлеуге үйрету
Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы адамгершілік тәрбие беру
Оқыту үрдісінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңызы жайлы
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілінде бұзылысы бар балаларға сипаттама
Пәндер