Ертегілер туралы мәлімет
КІРІСПЕ
. Ертегілер туралы мәлімет
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. ЕРТЕГІЛЕР ЖАНРЫ
1.1.Ертегі жанрының шығу және зерттелу тарихы
1.2 .Ертегілерді оқытудың ерекшеліктері мен тиімді тәсілдері
1.3.Ертегілердің тәрбиелік мәні және оларды оқу . тәрби процесінде пайдаланудың мүмкіндіктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан диплом жұмысы өзекті мәселеге арналған деп білеміз және де ертегілер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту енді-енді ғана қолға алынған мәселе екендігін ескерсек, біздің жұмысымыздың көкейкестілігі даусыз екендігіне ешқандай күмән жоқ.
Ертегілерді оқыту- халық әділеттілік пен адамгершілікті ақылдылық пен батырлықты ертеден-ақ өте жоғары бағалап, әңгімеге, ән-жырға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелердің барлығында да ақылдылық пен ақымақтық,арамзалық, пен адалдық, жақсылық пен жауыздық қатар көрсетілді.
Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішпейілділік, қарапайымдылық, адалдық сияқты қасиетерді бойына сіңірді. Ертегінің тілі түсінікті , қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді.
К Д.Ушинискийдің сөзімен айтканда, ертегі оқушыны халақ қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.
Ертегілерді оқуды мыналар ескерілуі қажет:
1.Ертегіні оқу барысында « бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеседі» деудің қажеті жоқ, балықтың, жан- жануардың сөйлемейтінн балалардың өздері біледі. Бірақ ертегідегі оқиғанысеніп, оның кейіпкерлерінің іс-әрекетіне бірде қайғырып , бірде қуанып, қиялдау оларды армандауға үйретеді.

1. Аникин В.П. Фольклор как коллективное творчество народа. ─ М., 1969
2. СоколовЮ. М. Значение фольклора и фольклористики (в конструктивный период). ─ М.,
3. Радлов В. Алтын сандық. ─ Алматы, 1993. [15 б].
4. Диваев Ә. Тарту. ─ Алматы,1992.[17-18б].
5. Райымова Қ. Ертегінің тәрбиелік мәні. ─ // Бастауыш мектеп. ─ 1998. ─№4. ─ б. 20-21.
6. Жұмабаев М. Педагогика. ─ Алматы, 1994
7. Алпысбаев Т. Қазақ халық әдебиеті. Т.З; Ертегілер. ─ Алматы: Жазушы» 1975ж. 135-1846.
8. Айдашаев А. Қазақ халық әдебиеті. Ертегілер. ─ Алматы: «Жазушы» 1979ж. 112-1466.
9. Бердібаев Р. Сарқылмас қазына. ─Алматы: «Мектеп», 1983ж., 145-2016.
10. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. ─ Алматы: Мектеп,1991ж. 3-376.
11. Сабыров Т. С. Оқыту теориясының негіздері. ─ Алматы, 1993. ─ 64-бет.
12. Әбдірасылова А.Ә. Әр түрді жанрдағы мәтіндерді оқыту. ─ Астана,2003. [18-21]
13. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, ─ Астана,2003. [60-61].
14. Әуелбаев Ш., Ә.Наурызбаева, Р.Ізғыттынов, С.Тәжімбетова. Ана тілін оқыту әдістемесі. ─ Алматы,1998.
15. Лесбаева С. Әдістемелік жұмыстарының жетістіктерінің диагностикасы. ─ //Мектеп. ─ 2006, №2. ─ б. 34-36.
16. Егенова А. Ертегіні әңгімелеп беру немесе мәнерлеп оқу. ─ //Қазақстан мектебі. ─2004. ─ №5. ─ б. 13-15.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ
Ертегілер туралы мәлімет
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. ЕРТЕГІЛЕР ЖАНРЫ
1.1.Ертегі жанрының шығу және зерттелу тарихы
1.2 .Ертегілерді оқытудың ерекшеліктері мен тиімді тәсілдері
1.3.Ертегілердің тәрбиелік мәні және оларды оқу - тәрби процесінде пайдаланудың мүмкіндіктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
МАЗМҰНЫ

Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақ халқының ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді оқыту барысында пайдаланып, балалардың тілін дамыту жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша мағлұмат беру;
ертегілердің түрлері мен олардың тәрбиелік мәніне шолу;
оқушылардың тілін дамытуда ертегілердің рөлін сипаттау;
Курстық жұмыстың өзектілігі. Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор.
Кіріспе
Ертегілер туралы мәлімет
Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан диплом жұмысы өзекті мәселеге арналған деп білеміз және де ертегілер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту енді-енді ғана қолға алынған мәселе екендігін ескерсек, біздің жұмысымыздың көкейкестілігі даусыз екендігіне ешқандай күмән жоқ.
Ертегілерді оқыту- халық әділеттілік пен адамгершілікті ақылдылық пен батырлықты ертеден-ақ өте жоғары бағалап, әңгімеге, ән-жырға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелердің барлығында да ақылдылық пен ақымақтық,арамзалық, пен адалдық, жақсылық пен жауыздық қатар көрсетілді.
Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішпейілділік, қарапайымдылық, адалдық сияқты қасиетерді бойына сіңірді. Ертегінің тілі түсінікті , қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді.
К Д.Ушинискийдің сөзімен айтканда, ертегі оқушыны халақ қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.
Ертегілерді оқуды мыналар ескерілуі қажет:
1.Ертегіні оқу барысында бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеседі деудің қажеті жоқ, балықтың, жан- жануардың сөйлемейтінн балалардың өздері біледі. Бірақ ертегідегі оқиғанысеніп, оның кейіпкерлерінің іс-әрекетіне бірде қайғырып , бірде қуанып, қиялдау оларды армандауға үйретеді.
2. Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруде үйретеді де ертегілерді пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлердің берілетін мінедеме әдетте бір- екі айқын белгілерді көрсетсе де анық түсінікті болып келеді.
3. Қара сөзбен жазылған ертегілер мәтінге жақын үлгімен мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай- ақ, мұғалім оның мазмұны қызықты етіп, кейде, қысқаша айтып береді. Егер артистердің рындауындағы фотохрестоматияны пайдаланса, тіпті жақсы.
4. Ертегі қушыларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы. Оны ьөлімдерге бөлу, ат қою қандай суреттер салуға болатынын анықтау т.б. осындай жұмыстарды II-III сынып оқушыларды орындай алады. АлIV сынып ертегілерге беттерімен жоспар жасау тпсырылады.
5. Жануарлар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың оны керегі жоқ.
6.Кейбір ертегілерді песьаға айналдырып, қуыршақ жасатып сыныптан тыс сабақтарда балаларға орындауға болады.
7. Ертегінің композициялық ерекшеліктерін қарапайым түрде бақылау жүргізіп үйрету жұмыстары да үнемі іскеасырылып отырғаны жөн.
8. Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұынын бір оқиғанада-ақ игереді. Сондықтан бірқатар ертегілерді оқығанда жалпы идеясын ғана әңгімелеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға болады.
Ертегі - ауыз әдебиетіндегі проза жанрының ішіндегі ең көркемделген , сюжет пен композицияоық жағынан дамыған түрі.
Оның қызметі кең әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетикалық рөлін атқарады. Сондықтан ертегі оқиғаның барынша ғажайып етіп көркемдеп, әрлеп баяндайды. Шындықты шынайы суреттеуді емес, керісінше, әсерлеуді міндет тұтады. Ал ертекші әңгімесін шын болғкан деп дәлелдеуге тырыспайды.
І. Ертегілер жанры

ЕРТЕГІ -- фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры -- халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Оның мақсаты -- тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетикалық рөл атқарады. Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі қызметтен шығады. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті -- сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды. Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні -- алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бітімін мүлде жоғалтып, толық ертегіге айналған. Солардың бірі -- миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен. Миф -- алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаhармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте "қасиетті" сипатынан айырылған, құпия болудан қалған. Осының нәтижесінде мифке сенушілік те әлсіреген, ондағы оқиғалар мен кейіпкерлер басқа сипат қабылдаған, тіпті мифті айтушы бара-бара өз жанынан да қосатын болған. Соның салдарынан іс-әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипаттан айырылған. Мифтің себеп-салдарлық белгісі жоғалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф хикаяға, содан соң ертегіге айналады. Ертегінің тағы бір тамыры -- алғашқы рулық қауым адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз емес. Әрине, олар біздің ертегіде сол ежелгі замандағы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдар туғызған небір ғаламат мақұлықтар (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, албасты, жалмауыз кемпір, т. б.) бұрынғы аңшылар әңгімесіне кірігіп, хикая туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге де айналады. Оның ертегі құрамында жүретіні де сондықтан. Бірақ мифтің ертегіге айналу жолында хикая мен ертегі қатар өмір сүреді, сол себепті миф, әсіресе, хикая өзінше жеке айтылып, елге жайылады. Қазақ халқы прозасында осы процесс түгел дерлік із қалдырған. Жалпы ертегілердің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі ол шақта ертегі өз төркінінен алшақ кете қоймаған, сондықтан көркемдік қызмет те атқармаған. Ал, көркем фольклорлық жанр болып қалыптасқан классик. Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. ґмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету -- ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ, тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. Ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ. Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп ол белгілі бір схема бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, уақыттың тұйық болуы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т. т.ертегінің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама -- эпикалық баяндау -- аяқтау. Бастама, әдетте өлең, немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып, немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалған, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан. Қазақ ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:жануарлар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер, хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер. Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған ертегілер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетикалық, яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ ертегілерінде таза ұлттық та, халықаралық та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген. Қазақ ертегілерінің жиналуы мен жарияланып, зерттелуі 18 ғ-дың 2-жартысында басталды. Алғашқы жүз жылда, негізінен, Қазақстанға Ресейден келген адамдардың кейбірі қазақ жұртының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы туралы деректер жинап, солардың қатарында фольклор жайында жалпылама мәліметтер жариялап жүрді. Етегілердің көбірек жиналып, жарық көрген тұсы -- 19 ғ-дың 2-жартысы. Бұл кезеңде қазақ ертегілерін ғылыми мақсатта жариялаған жинақтар да болды. Әсіресе, В.Радлов, И.Березин, Ы.Алтынсарин, Я.Лютш, Г.Потанин, М.Миропиев, А.Васильев, А.Алекторов, Ә.Диваев жинақтарында ертегілердің көптеген мәтіндері жарық көріп, олар туралы азды-көпті ғылыми пікір айтылды. Аталған жинаушы-жариялаушылардың ғалымдық деңгейі, ғылыми түсінігі әр түрлі болғандықтан ертегілер мәтіндері әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағаланды. Соған қарамастан біраз ертегілер жарық көрді, ғылыми айналымға енді. Соның арқасында қазақ ертегілері Потаниннің, Радловтың, В.Стасовтың, А.Веселовскийлердің кең масштабты ғылыми зерттеулеріне ілікті. Бұл шақта ертегілерді қазақ оқығандары да, ақындары да жинастырып, "Дала уалаятының газетінде" жекелеген мәтіндерді жарыққа шығарды. Әсіресе, Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы ертегілерді арнайы түрде жариялап отырды. Ш.Уәлиханов бастаған зерттеу ісін Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ә.Бөкейхановтар жалғастырды. Ертегілерді ғылыми әрі ағартушылық мақсатта жинап, жария ету, зерттеу жұмысы 20 ғ-да кең жолға қойылды. Бұл ғасырдың 40 -- 50-жылдарына дейін ертегілер, көбінесе, оқу-ағарату мәселесі тұрғысынан жарияланып, оқулықтарда, жекелеген мақала мен кітаптарда арнайы қарастырылды. Осы тұста А.Байтұрсыновтың, Х.Досмұхамедовтің, М.Әуезовтің, С.Сейфуллиннің оқулық іспетті жарық көрген кітаптары, С.Мұқановтың, Б.Кенжебаевтың, Е.Ысмайыловтардың мақалалары қазақ фольклортануы ертегілер жанрына да арнайы көңіл бөлгенін айғақтады. Бірақ аталған авторлар ертегіні түсінуде, талдауда әркелкі түсінік көрсетті. Әсіресе, ертегіні таза таптық тұрғыдан бағалау етек алып, оның көптеген нұсқалары талдаудан тыс қалды, тіпті мәтіндерге редакциялық түзетулер де енгізілді. Осы үрдіс 20 ғ-дың 60-жылдарына дейін жалғасып, жарық көрген мәтіндерге таптық сипат берілді, ал зерттеу еңбектер тұрпайы социологиялық бағытта болды. 1960 жылдан бастап ертегі жанрын зерттеу ғылыми негізге түсті. Бұл салада Әуезов пен Ысмайыловтың, В.Сидельниковтың, М.Ғабдуллиннің еңбектері айрықша болды. Олар ертегілердің қазақша үш, орысша үш томын жариялап, бұл жанр туралы жаңаша ой толғап, көлемді мақалалар жазды және мәтіндерге түсініктер берді. Ертегілер 1960 ж. басылып шыққан "Қазақ әдебиетінің тарихына" жеке бөлім болып енді (авторы -- Әуезов). Ертегілер жанрына Ғабдуллиннің жоғары оқу орнына арналған оқулығында, Н.Смирнованың кітабында, орыс тілінде жарық көрген "История казахской литературы" атты 3 томдық еңбектің бірінші томында арнайы тараулар берілді (авторы -- Е. Костюхин). Ертегіні сала-салаға бөліп, тереңдете, типологиялық тұрғыдан зерттеу ісі 1970 жылдан қолға алынды. С.Қасқабасовтың қиял-ғажайып ертегілерге, Е.Тұрсыновтың тұрмыс-салт ертегілерінің шығу тегіне арналған монографиялары 1972 -- 73 ж. баспадан шықты. 1979 ж. хайуанаттар туралы Ертегілердің тұңғыш академиялық басылымы жарық көрді. Ертегі жанры бүкіл халық прозасы жүйесінде "Қазақтың халық прозасы" атты еңбекте зерттеліп, оған 1986 ж. Қазақстан ҒА-ның Ш.Уәлиханов атынд. сыйл. берілді (авторы -- Қасқабасов). Қазақ ертегітануы ұлттық фольклор туралы ғылымымыздың үлкен де маңызды бір саласына айналды.

Оның қызметі кең әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетикалық рөлін атқарады. Сондықтан ертегі оқиғаның барынша ғажайып етіп көркемдеп, әрлеп баяндайды. Шындықты шынайы суреттеуді емес, керісінше, әсерлеуді міндет тұтады. Ал ертекші әңгімесін шын болғкан деп дәлелдеуге тырыспайды. Әдетте, ертегіні ойдан шығарылған, таңғажайып оқиғалы әңгіме дейді. Расында, олай емес ертегі жанры өздігінен немесе ойдан тумаған оның негізін қалаған көне жанрлар. Миф , хикая әнсана т.б алғашқы қауымдық қоғамның түсініктері мен салтын , әдет-ғұрыпын яғни сол заман шындығын өзінше бейнелеген. Ертегідегі бізге қиял ғажайып мысалының , құбылыстың іздері, саулелері. Ертегінің пайда болып қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде (яғни алғашқы қауымды) ел оны қиял деп қабылдамаған, онда қауым ыдыраған тұста ертегі көркем жанрға айнала бастап, бұрынғы өзіне негіз болған көне жанрларды қорытып , өзінше пайдаланған, енді қиялды мақсат көркемдеп есебінде қолданған. Бұдан былай ертег адамның күнделікті көріп жүрген заттарымен құбылыстарын саналы түрде басқаша әсерлеп, көркемдеп көрсетеді. Өмірдегі нақты нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету-ертегі жанрының басты қаситі болғандықтан, ертекшіде оның мазмұнын барынша әсерлеп көрсетуге күш салады. Олай болса ертегідегі оқтғалармен іс әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшігеде , тыңдаушыға да байланысты. Мәселен, әлсіз, бейшара түлкінің айбынды арыстанды жеңді - өмірде еш қисыны жоқ өтірік. Бірақ ертекші осылай көрсетеді, себебі ертегі жанрының поэтикасы осыны талап етеді және тыңдашыға осылай болғанын қалайды. Сол сияқты адамның өзінен әлденеше есе күшті жеті басты .
Ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі ертегілер, халқымыздың тарихын, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрыпые, нанымын, дүниетанушылық көзқарастарын білдіреді. Қазақ ертегілерін тақырыптарына , суреттелген оқиғаларға қарап белгілі бір дәуірлерге топтауға болады. Кейбір ертегілер қазақтың өте ерте замандағы өмірін елестетеді. Мұндағы негізгі күрес аңшылық, малды қыстан алып қалу, әртүрлі стихиялық күштерді жеңуге қарсы жұмсалады. Басты кейіпкерлердің іс әрекеті де, ұнамдылық жағы да соған орай көрсетіледі. Халық енді бұрынғыла тек малшаруашылығы не аңшлық қана емес, отаршылық егін салу, кеме, ұшқыш кілем тәрізді нәрселерді қияладан ертегі, әңгімелердің тақырыптарын кеңейте бастады. Қай кезде болсын, қандай ауыр жағдайды басынан кешірсе де халық сары уайымға салынудан, дүниеден түңілуден аулық.
Қазіргі техника табыстарымен ертегі оқиғаларын салыстырсақ, халықтың бір кездегі аңсаған арманы біздің дәуірімзде шындық болып іске асқандығына және сондай болғандығына халықтың кәміл сенгендігін көреміз.
Қазақ халқы оның ішінен шыққан дана адамдар өзінің замандастарна да, кейінгі ұрпақтарына да жақсы тәрбие беруді, оларды зұлымдық әрекеттерден сақтандырып, адамгершілікке үндеу мәселелерін ерте кезден-ақ қолға алғаны байқалады. Көп ертегілерде суреттелетін әділдік пен жауыздық арасындағы күрес осы айталған тілектен туған.
Ертегі жазу оқиғасы оқыстан туған және тапқырлық әрекеттерден құрылған. Айлалы - епті тасша жұрттың бәрін күлкіге батырып, дегеніне жетіп жүреді.оның күлкісінде ащы мысқылы да жатады.
Ол еңбек адамына қастық жасамақ болған хан әулитеі және оны қолдаушыларды сол күлкісімен-ақ жерлеп отырады. Сондықтан да осында тазшаларды ардақтап халық ертегісіне қосады.

Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде ертегілердің түрлерін қарастырсақ, атақты әдебиетші М. Әуезов ертегіні үш түрге бөліп қарастырған. Олар: қиял - ғажайып, тұрмыс - салт, шыншыл ертегілері болып табылады. Алайда қазіргі зерттеулер нәтижесіне қарағанда ертегіні төрт түрге бөледі. С. Қасқабасов ертегідегі қияли идеялық қызмет атқарады, бірақ сюжеттен гөрі композицияның рөлі күшті болады деп есептейді. Ол ертегіні: хайуанаттар жайындағы, қиял - ғажайып, батырлық, новеллалық және сатиралық деп бөледі.
М. Әуезовтың ертегі түрлерін талдасақ қиял - ғажайып ертегілерінде Керқұла атты Кендебай, Аңшы бай Ұшқыш кілем жатады деп есептейді. Оқушы осындай ғажайып достарының көмегімен мейірімді, адал дос адамын ардақтайды, оның күшіне мол сенім білдіреді. Оқушы барлық заттарға көзқарасы өзгеріп, кішіпейілдікке, мейірімділікке, дос болуға ішінен ой қорытады.
С. Қасқабасовтың пайымдауынша, қиял - ғажайып ертегілер - шығу тегі жағынан ертелік прозаның ең көнесі. Алғашқы қауымда пайда болған, жанрлық жанынан біркелкі емес. Бас қаhармандары: аңшы, мерген, кенже бала, тазша бала, жауынгер, батыр, т.б. бұқара халық өкілдері. Ертедегі табиғаттың дүлей күштерімен алысып, күнделікті өмір үшін аң - хайуанаттармен күрескен кезде халықтың арманы соларды жеңетін күшті батыр, балуан, мерген болды. Ал кейінгі дәуірде рулық қоғам тұсында халықтың арманы- өз елін бөтен елден, жаудан қорғайтын батыр болды.Ол қазақ өміріндегі қара шаңырақ иесі-кенже бала болды.
Қиял-ғажайып ертегілеріндегі басты тақырып-сиқырлы заттардың көмегімен бас кейіпкердің неше түрлі қиындықтарды жеңіп, мұратына жетуі. Егер қаhарман бар күшін пайдаланып, керемет қиындықтарды жеңсе, ол батыр атағына ие болады да, мұндай кейіпкері бар ертегі өз ерекшелігімен дараланып, Батырлық ертегі деп аталады. Біздің пікірімізше, батыр тұлға тек ерлігімен ғана емес, алыл-парасатымен де , айласымен де жауын жеңіп отырған.
Қиял - ғажайып ертегілердің бір жағында жалмауыз кемпірлер, дәулер, түрліше тотемдер, екінші жағында солармен күреске түсіп жүретін мергендер, аты жоқ балалар, Ер Төстік, оның Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар сияқты достары жүреді. Бұлардың ғашық қыздары көбіне пері болып келеді. Кенжекей ақ қасқыр қызындай сәуегей, ол мыстан, Бекторы, Шойынқұлақ жамандығын күн бұрын сезеді. Қыз біткеннің сиқыры, олардың әлеуметтік типі көп жағдайда бұлдыр.
Тылсымдау, сиқырлау, жәділеу, самұрықпен ұшу, теңіз кешу, айдаһармен алысу, жеті басты жалмауыз, адам етін жейтін кемпірлер үнді ертегілерінен алынған ба дейміз. Жамандық пен жақсылық, жеті пәле Иран елінің ұғымдарынан да көрініс тапқан. Ол замандарда политеистік наным бүкіл Азияға ортақ болған. Мысалы, Қорқыт ата кітабы сюжетіндегі Төбекөз дәу Одиссеядағы Полифемге үқсас. Скиф-сақ дәуірінен қалған Желаяқ (Ветрогон). Көлтаусар (Опивало яки Объедало), Таусоғар (Горокат) шығыс-батысқа бірдей ортақ. Жабайылық, аңшылық, бақташылық өмір сатыларын, космолгия, тотемизм, зороастризм, дуализм, монотеизм нанымдарын басынан өткермеген елдер кемде-кем.
Ертегінің тағы бір түрі- тұрмыс-салт және хайуанаттар туралы ертегілер.Тұрмыс-салт ертегілерінде бақташылық тұрмыс-тіршіліктері суреттеледі. Бұл М.Әуезовтің зерттеуі бойынша көрсетілген. Ал С.Қасқабасовтың айтуынша ертегілердің ішінде хайуанат ертегілерінің алатын орны зор. Жануарлар туралы мифтер мен әнгімелердің жануарлар туралы ертегіден айырмашылығы тура мағына мен ауыспалы мағынаның,шын образ бен оның тұспалы арасында болады.Ертегіде адамдар мен олардың әрекеттерді тұспалдап көрсетеді. Оларда таптық қоғамның көрінісі байкалады.Жануарлар жайындағы ертегілерді 3 топқа бөлуге болады:
1.Мифтік қасиетін жоғалткан этиологиялық ертегілер.
2.Дүние жүзі халықтарының жануарлар жөніндегі эпосын құрайтын классикалық ертегілер.
3.Мысал ертегілер.
Этиологиялық ертегілерде синкреттік қасиет басым, тұрақты композициялық құрылым жоқ. Олар этиологиялық мазмұны жағынан мифке жақын. Оған айтушы да, тыңдаушы да сенбейді. Бірақ адамгершілік тәрбиесі сақталады. Жануар - кейіпкерді суреттеу, мінез-құлқын бағалау жағынан ертегілік қасиеті байқалады. Жануарға берілетін меніздеме көбіне құбылмалы болып табылады. Сол арқылы әр түрлі адамдық проблемаларды айдаhар,дию тағы басқа суреттеле береді. Мәселен, Қарлығаштың құйрығы неге айыр?, Маса неге ызыңдайтын болып қалған ? деген сияқты үш сұрақ бірдей жауап беріледі.
Балаларға қатысты мысал ертегілер жатады.Ә.Дүйсенбаев Құйрық, Алатаудың бауырында, М.Әлімбаев, Х.Ерғалиев Қоянның ерні неге жырық?, Б.Ысқақов Қарлығаштың құйрығы неге айыр? тағы сол сияқтылар.
Қазақ ертегісінің ең мол түрі - шыншыл ертегілер. Бұл ертегілер өмір шындығына жақын, ішінде реалдық адам бейнелері басым. Олар кейде өмір шындығынан алынып, бас қаһармандары патша, уәзір хан болып келеді. Мысалы. Хан мен уәзір, Өнеге, Ақылды етікші ертегілерінің бас қаһармандары күндіз тақта отырса, түнде үстіне жаман киім киіп, шаһар аралап жүретін патша мен оның уәзірлері. Мұндай ертегілерде хан әділ болып көрінеді. Бірақ көп жайда патшалар жауыз адам ретінде суреттеледі. Мысалы, Ақылды етікші ертегісінде хан ешкім өз пайдасын ойлап еңбек істемесін деп бүйрық береді. Мүны күндіз-түні етік тігіп, бала-шағасын зорға асырап жүрген етікші енбек адамдарына тиімсіз сол үшін ақылсыз ханның ісі дейді.
Бізге шыншыл-реалистік ертегілердің қазақ өмірінен алынған нүсқалары мәндірек. Мұндай ертегілердің бас қаһармандары ақылды қарт, тапқыр жігіт, қаңбаң шал, тоғыз Тоңқылдақтан зорлық көретін Шіңкілдек, айлалы тазша, қойшы, кедей, жауыз, бай, сұғанақ молда, тойымсыз ұры болып келеді.
Олардың көбісі - халық ортасынан шыққан қарапайым адамдар. Көптеген ертегілердің рухында сын-сықақ сарыны бар. Олардағы жамандық пен жақсылықтың аңғарынан біз түрліше реалдық адам мінездерін ғана емес, қоғам өміріндегі теңсіздік суретін, халықтың әділет, жақсы өмірді іздеген арман-мүдделерін де жақсы байқаймыз.
Қазақтың реалистік ертегілерінің ең марқаларының бірі -Алпысқа келгеннен ақыл сұра сюжеті болуға тиіс. Бұрын жұрт өзінің алпысқа келген әкесін өлтіретін болса, бұл ертегілердегі ақылды қарт елдің ең қадірлі адамына айналады. Бұл аталық қоғам салтының нығаюын көрсететін құбылыс.
Жақсылық пен жамандық, Үш ауыз сөз ертегілері мінез, мораль тақырыптарына құрылған. Жамандық жаяу келе жатып, Жақсылықтың атын мініп өзін жаяу қалдырып кетеді. Бірақ табиғатынан ақылды Жақсылық бай қызын иемдеп, мүратына жетсе, ақылсыз Жамандық қасқыр мен арыстанға жем болады.
Үш ауыз сөз ертегісінде жас жігіт ақылды қарияға бір үйір жылқы беріп суын ішкен құдыққа түкірме, оң қолың ұрысса, сол қолың арашашы болсын, ертеңгі асты тастама дейтін үш ауыз өсиет үйренеді. Бала елден кетіп, бір ханға қызметке тұрады. Оған хан әйелі ғашық болып, мазасын алады. Бала әйелдің дегеніне көнбеген соң, әйел баланы ханға жамандайды. Хан баланы ертеңгісін от жағарларға жұмсап: Кім бұрын келсе, соны пешке тығып жіберіңдер деп әмір береді.
Таңертең қабын арқалап бара жатқан балаға бір кемпір жолығып, ертеңгі асты татып кет дейді. Сол екі арада баланы көргісі келіп пешханаға келген ханымды от жағарлар өртеп жібереді. Сөйтіп бала бір өлімнен аман қалады, мұрат-мақсатына жетеді,
Екі жетім ертегісінде өгей шешенің қиянаты, Ұр тоқпақ ертегісінде ұрылардың өзі ұратын тоқпақтың астында қалғаны суреттеледі. Ұрлық түбі - қорлық деген ғибрат осыдан келіп шығады.
Шыншыл-реалистік ертегілерде ең әділ, ең ақылды адам халық ортасынан шығады. Мұның ғажап үлгісі - Аязби. Хан өзінің қырық уәзіріне адамның, құстың және шөптің жаманын тауып әкеліңдер дегенде, адамның жаманына Аязби ілігеді. Бірақ оның жамандығы ақылында емес, тұрмысында, кедейлігінде. Ақыры ол өз заманының нағыз зерек, ақылды адамы болып шығады. Меңсұлуға үйленіп хан болады. Ол кісі болғанда да асып-таспайды, аяз әліңді біл деп өзіне-өзі ақыл салып отырады. Сондай ақылды да әділ адамға ханың қырық уәзірі қарсы болады. Аязби ертегісінде халық үстем тап адамдарын, олардың қараулығы мен ақылсыздығын әжуа еткен.
Қазақтың реалистік ертегілерінде қоғамның төменгі тобынан шыққан кішкене қаһармандар (М. Горъкий) тіпті көп. Олар бірде қаңбақ шал, бойы бір қарыс, Шіңкілдек түрінде кездессе, бірде хан мен байларды алдап түсіретін тазшалар түрінде әңгімеленеді. Қаттырақ соққан жел үшырып әкететін қаңбақ шал балық аулайды, еңбек сүйгіш. Бірақ күніне екі балық ауласа, соның бірін түлкі тартып жейді. Ақыры ол өзінің ақыл-айласымен үш дәуді жеңіп шығады, түлкіден де солардың қолымен кек алады. Зорлаушылардан жапа көрушіні айыруда Тоғыз Тоңқылдақ - бір Шіңкілдек ертегісінің айтары көп. Сырт қарағанда зорлық бәйбішенің тоғыз үлы мен тоқалдан туған Шіңкілдек арасында болатын сияқты. Түптеп келгенде бұл күштілердің әлсіздерге істеген қиянаты болмақ. Әлсіздерге болысу - қазақ ертегілеріне тән халықтық белгілердің бірі.
Қазақ ертегілерінен көрінетін әлсіз образдардың бірі - тазша. Тазша бала ертегісінде бала сараң байдың майын алып, патшаның қазынасына түседі. Бірақ өзін таптырмайды. Сол патшаны мазақ еткен екінші патшаны тұтқындайды. Сөйтіп ол ханның өз істегенін өзіне істейді.
Шындығында, ертегі айту еріккеннің ермегі емес, жастарды сөз өнерінің қыры мен сырына жаттықтырып тәрбиелеу мектебі болып саналған. Мәселен, ертеде казақ ауылына келген әр қонақтан қонақ кәде талап етіп, қонақтың өзі білетін ертегі, аңыз әңгімелерді қисынына келтіріп айтып беруін қалауы, ал оны ауылдың үлкен-кішілерінің кірпік кақпай тындап ләззат алуы, жастарды ауызекі сөз өнеріне тәрбиелеудің бірден-бір мектебі болған. Неше түрлі ғажайып уақиғаларға құрылған ертегілердің жігін келтіріп, тартымды етіп айтып беру, әр әпизодтың арасынан қыл өтпестей етіп байланыстыру, кейіпкерлеріне мінездеме беру, оларды тындаушының көз алдына елестетерліктей етіп бейнелеп бере білу, әр кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне қарай сөз сараптау, тілдік сипаттау таба білу, ертегі айтушыдан мол өнерді, тіпті айтқыштық шешендікті, әрі дикторлық, әрі ораторлық шеберлікті талап етеді. Демек, ертектің тартымды, қызықты, тыңдаушыға әсерлі болуы оны айтушыға байланысты. Жастарды ертек айта білуге үйрету де халықтың сөз өнеріне тәрбиелеудегі өнеге мектебінің рөлін атқарып келген.
Хайуанаттар туралы классикалық ертегілер саны жағаынан ел арасында көп тараған. Ол қоғамдық-саяси ұғымдармен, діни нанымдармен тектік байланысын үзген. Сондықтан құбылушылық нәрселер тек кейіпкердің өз басының қасиеттері деп саналады. Онда өте қызықты қорқынышты жағдайлар, адамның тағдыры, жанұясы және тағы басқа керемет оқиғалар баяндалады.Олардың тақырыбы әр алуан. Оны халықтық фольклорлық роман деп атаса болады. Негізгі мақсаты-ғибадат алу, тәрбие беру.Мұнда ақылмен жету мақсаты қойылған.Кейде кітаби стиль көрініс табады. Оған Ы.Алтынсариннің, Қ.Мырзалиевтің шығармалары тән.
Қазақ ертегілерінің бірінші томына бұл тақырыптағы сюжеттен он үш, екінші томына жиырма бес ертегі енген-ді. Бүгінде бұл ертегілер барынша толық күйінде жарық көріп отыр. Олардың өзін мал шаруашылығына (Бозінген) және хайуанаттарға байланысты туған (Сырттандар, Арыстан мен түлкі) ертегілер деп екі салаға бөлеміз. Соңғысында араб, үнді жүртының Мың бір түн, Қалила мен Димна, Тотынама сияқты сюжеттерінен алынған ертегілер де бар.
Қазақтың бақташылық өмірінен туған ғажап ертегілердің бірі -Бозінген сюжеті. Мұндағы Бағланбай малының қүты болған Бозінгенді тумады деп, бір шал мен кемпірге бақтырады. Бозінген басы алтын, құйрығы күміс бота туғанда, кемпір мен шал інгенді бір керуеншілерге сатып жіберіп, ботасын алып қалады. Қысқа ғана ертегінің көп жері ботасын жоқтап жылаған Бозінгеннің зарлы сөздеріне құрылған. Бағланбайдың екі баласы Бозінгеннің даусын танып, оны ботасына қосады. Малды, әсіресе түйе түлігін қасиет тұтқан қазақ халқы бұл түста ботасын сүйген Бозінгенді үлкен образға
айналдырған.
Бозінгеннің зары - монолог түрінде берілген. Онысы - жоқтау:
Жаралғанннан жасымнан,
Үстіме кілем жамылдым.
Күйіп, жанып сабылдым.
Көрер күнім бар ма екен.
Тартып беру бала үшін,
Мен ботамды сағындым.
Бұдан әрі өзі жат қолына түскен Бозінген ұшқан құстардан, түнде жортқан жапалақтан ботасының дерегін сұрайды. Иесі түйені құтқарып, ботасын алып келе жатқанда да Бозінген оны көруге асығып, адамша мұңданып, көз жасын төгеді. Малды қадір тұтқан қазақ ұғымында түйенің бала сүюі адамға ұқсас болып шығады.
Мал күту мен еңбек мәнін биік бағалайтын Қотыр торғай, Кім күшті?, Қуыршақ сияқты жас балаларға арналған қысқа ертегілердің мазмұны да аса қызық, тартымды. Кім күшті? ертегісінде мұздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөп, тоқты, қасқырдың, осылардың бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пілтесін жеп қоятын тышқан, тышқаннан ін қазып, алты батпан ауырды арқалап, жеті батпан ауырды сүйреген қүмырсқа күшті болып шығады. Өйткені ол - еңбек сүйгіш, ұйымшыл. Тепең көк ертегісінде сараң байдың кедейленген үш баласына малдан қалған жалғыз көк тай олжа түсіреді.
Ауырып жатқан кемпір-шалға дәрі шөп іздеп шығатын қошқар мен теке - кедейдің сүйенер қолқанаты. Олар жолай түрлі жыртқыш аңдарға жем бола жаздаса да, дәрі шөптерді тауып келіп, өз иелерін ажалдан қүтқарады. Мақта қыз бен мысық ертегісінде мал баққан елдің баласы жасынан-ақ сол тірлікті қадірлей бастайды. Қазақ ергегілерінде төрт түлік мал адамның қүты, досы, тірегі ретінде суреттеледі.
Қазақ фольклорында жабайы аңдар жөнінде айтылатын ертегілер де көп. Оның көркем үлгілері Қазақ ертегілерінде жарияланып келеді. Тақырыбы жағынан күлдіргілеу болып келетін бұл ертегілер (Түлкі, қойшы, аю, Түлкі мен бөдене, Арыстан мен түлкі) көп жайда түрлі аңдар мінезін танытып қана қоймай, сол мінездер арқылы қоғам өміріндегі әлеуметтік теңсіздікті де көрсетеді. Қу асығып, адамша мүңданып, көз жасын төгеді. Малды қадір тұтқан қазақ ұғымында түйенің бала сүюі адамға ұқсас болып шығады.
Мал күту мен еңбек мәнін биік бағалайтын Қотыр торғай, Кім күшті?, Қуыршақ сияқты жас балаларға арналған қысқа ертегілердің мазмұны да аса қызық, тартымды. Кім күшті? ертегісінде мұздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөп, тоқты, қасқырдың, осылардың бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пілтесін жеп коятын тышқан, тышқаннан ін қазып, алты батпан ауырды арқалап, жеті батпан ауырды сүйреген қүмырсқа күшті болып шығады. Өйткені ол - еңбек сүйгіш, ұйымшыл. Тепең көк ертегісінде сараң байдың кедейленген үш баласына малдан қалған жалғыз көк тай олжа түсіреді.
Ауырып жатқан кемпір-шалға дәрі шөп іздеп шығатын қошқар мен теке - кедейдің сүйенер қолқанаты. Олар жолай түрлі жыртқыш аңдарға жем бола жаздаса да, дәрі шөптерді тауып келіп, өз иелерін ажалдан құтқарады. Мақта қыз бен мысық ертегісінде мал баққан елдің баласы жасынан-ақ сол тірлікті қадірлей бастайды. Қазақ ергегілерінде төрт түлік мал адамның құты, досы, тірегі ретінде суреттеледі.
Қазақ фольклорында жабайы аңдар жөнінде айтылатын ертегілер де көп. Оның көркем үлгілері Қазақ ертегілерінде жарияланып келеді. Тақырыбы жағынан күлдіргілеу болып келетін бұл ертегілер (Түлкі, қойшы, аю, Түлкі
мен бөдене, Арыстан мен түлкі) көп жайда түрлі аңдар мінезін танытып
қана қоймай, сол мінездер арқылы қоғам өміріндегі әлеуметтік теңсіздікті де көрсетеді. Қу түлкіге, ақымақ арыстанға халық ертегілері сықақ, сын қолданған. Кейде бұл ертегілерді қара сөзбен айтылған мысал десе де болғандай. Бұл реттен Түйе, арыстан, қасқыр мен түлкі ертегісінің айтары тіпті терең. Түйе еңбекшілер образын берсе, түлкі, қасқыр, арыстан - қанаушылар бейнесін суреттейді.
Хайуанаттар туралы кейбір ертегілерге адам образы қосыла бастайды. Мақта қыз бен Қотыр торғай оқигалары еңбек процесімен тікелей байланысып жатады. Қотырын ауыртқан шеңгелді торғай ешкіге шағады, шеңгелді ешкі жейді. Тілін алмаған ешкіні қасқырға шағады, сөйтіп торғай екеш торғай да өзінің кегін жоқтайды. Мұның айтары - нашарға қиянат жасама, өзіңнен зор шықса, көзің шығар деген әділет идеясы болмақ. Тым кішкене куыршақтың өзі де әділет адамы, батыр, Бозінген, Тепең көк ертегілері тірліктің қамын айтады.
Хайуанаттар ертегілерінде сатира сарыны да бар. Мысалы, Түлкі мен маймыл ертегісінде маймылдың ақымақтығы, түлкінің қулығы дәріптеледі. Маймыл - баққұмар, ол патша болсам дейді. Соны түлкі қақпанға түсіріп, басыңа тепкілесең кетпейтін бақ қонды деп мазақ етеді. Түлкі қай елде болса да ақылды, қу аңнан саналған. Түлкі мен қасқыр ертегісінде қорқау қасқыр қыс айында түлкіден балық алып жемек болса, ол балық өзенде көп, суға қүйрығынды салып отырсаң, балыққа молығасың дейді. Қасқырдың құйрығы мұзға қатып қалып, суатқа келген шаруалардан таяқ жейді, қүйрығы мұзда қалады. Қасқыр - қорқаулау, ақылсыздау аң. Кәрі арыстан ертегісінде сол тойымсыз қаскырдың өзіне де зауал туады. Арыстан қартайып, жүре алмайтын болған кезде, патшамыздың көңілін сүраймыз деп барлық андар келеді. Келмегені қасқыр болыпты. Түлкі оны арыстанға шағып, мерт қылады. Түлкім, түлкім, тілімді жеші деген арыстанға, ол: амандық болса, көтеншегінді де жермін, - дейді.
Арыстан образында хан, патшаларының да сыны бар. Осы ретпен хайуанаттар жөніндегі ертегілердің аяғы шыншыл ертегілермен жалғасып келеді.
Халықтың мегзеп отырғаны бір ғана аңдар арасында жайлар емес, әлеумет өміріндегі теңсіздіктер, содан қүтылу -күн көріс, өмір сүрудің шарты дейтін меже болмақ.
Сатиралық ертегілер. Сол дәуердегі әлеуметтік топтар арасындағы адамдарды әшкерелей, ауыл өмірін бейнелейді.Новеллалық ертегілердегі оқиға хан сарайы мен қалада өтеді,ал сатиралық ертегідегі оқиғаның орны- кәдімгі ауыл. Кейіпкері - бай,молда, кедей.Негізгі ой-әлеуметтік тап тартысы көбірек орын алған.
Батырлық ертегі деген термин фольклорда түрлі төрт мағынада қолданылады. Бұл жанрға В.М.Жирмунский Оңтүстік Сібірдегі түркі-монғол халықының көне эпосын жатқызады. Ал орыс зерттеушісі А.Астахова батырлық ертегі түріне халық эпосының батырлары туралы кейінгі дәуірде пайда болған ертегілерді жатқызады. Бұған батырлық мазмұндағы қиял-ғажайып ертегілер де жүр деп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz