Жақсыз сөйлем



КІРІСПЕ
. Жақсыз сөйлем
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І .ЖАҚСЫЗ СӨЙЛЕМДЕР
1.1.Жақсыз сөйлемдер, олардың басты белгілері
1.2. Жақсыз сөйлемнің түрлері
1.3. Жақты, жақсыз сөйлемдер
ІІ. ЖАҚСЫЗ СӨЙЛЕМДЕР БЕЛГІЛЕРІ
2.1. Жақсыз сөйлемдер парадигмасы
2.2. Жақсыз сөйлемнің баяндауышының жасалу жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
Жақсыз сөйлем — сөйлемдегі айтылар ой бастауыштан басқа сөйлем мүшелері арқылы берілетін жай сөйлемнің түрі. Жақсыз сөйлемнің бастауышы болмайды, оның жоқ екені сол сөйлемнің баяндауышынан білінеді. Мысалы, “Қазилаға Сәкенмен бірге жүруге тура келді”. Жақсыз сөйлемнің баяндауышы бірнеше жолмен:
1. Барыс жалғаулы тұйық етістіктен кейін “бол”, “тура кел” деген көмекші сөздердің келуі арқылы (“Бұдан бірдемелерді ойлап шығаруға болады”);
2. “-Ғы, -гі”, “-қы, -кі” жұрнақты қалау рай арқылы (“Оның ештеңеге қарағысы келмейді”);
3. Атау я барыс септік жалғаулы тұйық етістікке, “керек”, “қажет” сөздері тіркесу арқылы (“Енді бізге ауылдағы адамдардың көңіл күйін білу керек”);
4. Тәуелдік жалғаулы тұйық етістікке “мүмкін”, “тиіс” сөздері тіркесу арқылы (“Біздің баруымыз керек”);
5. Тұрақты сөз тіркестерінен (“Оның ішек-сілесі қатты”. “Мұртын балта кеспейді”) жасалады.
Жақсыз сөйлемдерді ұйымдастыратын, форма беретін — баяндауыштар. Жақсыз сөйлемге қатысатын баяндауыштардың өз жасалу амалы, формасы бар.
1.Мәулен Балақаев. Қазақ тіл білімінің мәселелері, Алматы: «Арыс».
2.Мәулен Балақаев, Талғат Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі, «Санат» Алматы,
3. Ахмет Байтұрсынов. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі,
4.Жұбанов Қ. О формах сочетания слова на казахском языке.
Ғылым, 1966. – 50 б.
5.Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. –
6.Манкеева М. Ұлт тұғыры – тілде // «Этнос
7.Аханов К.Грамматика теориясының негіздері.– Алматы: Мектеп, 1972
8.Жай сөйлемді оқыту мәселесінің зерттелу жайы. // Қазақ
9. Сапарова Б.Ш.Құрмалас сөйлем жүйесіндегі предикативтіліктің көріну тәсілдері //
10.Дәлелхан Д.Н.Сөйлемнің мағыналық құрылымы // Жас ғалымдардың 5-ші
11.Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ. Қазақ тілі және тілдік
12.Ж.А.Жақыпов. Сөйлеу синтаксисінің сипаттары. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы,1998жыл. -90 –
13. Р.С.Әміров.Жай сөйлем синтаксисі. –Алматы: Мектеп, 1983. –82- 95
14. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы: Мектеп,
15. Х.Арғынов. Қазақ тілі методикасының синтаксисі негіздері. –Алматы: 1969.
16. И.Ұйықбаев. Қазақ тілі методикасының очерктері. –Алматы: Мектеп, 1969.
17. Б. Құлмағамбетова . Қазақ тілін оқыту методикасы. –
18. Батталова Ш.Н. Жақты және жақсыз сөйлем //Қазақ тілі
19.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы: қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты
20. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі: Сөз тіркесі
21.Әмір Р. Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі: Оқулық. –
22.Әбілқаев А. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем түрлері. –
23Қазақ грамматикасы. Фонтика, сөзжасам, морфолгия, синтаксис. – Астана,

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

Жақсыз сөйлем

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І .ЖАҚСЫЗ СӨЙЛЕМДЕР

1.1.Жақсыз сөйлемдер, олардың басты белгілері

1.2. Жақсыз сөйлемнің түрлері

1.3. Жақты, жақсыз сөйлемдер

ІІ. ЖАҚСЫЗ СӨЙЛЕМДЕР БЕЛГІЛЕРІ

2.1. Жақсыз сөйлемдер парадигмасы

2.2. Жақсыз сөйлемнің баяндауышының жасалу жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Жақсыз сөйлем

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І .ЖАҚСЫЗ СӨЙЛЕМДЕР

1.1.Жақсыз сөйлемдер, олардың басты белгілері

1.2. Жақсыз сөйлемнің түрлері

1.3. Жақты, жақсыз сөйлемдер

ІІ. ЖАҚСЫЗ СӨЙЛЕМДЕР БЕЛГІЛЕРІ

2.1. Жақсыз сөйлемдер парадигмасы

2.2. Жақсыз сөйлемнің баяндауышының жасалу жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

Тақырыптың өзектілігі. Жақсыз сөйлем -- сөйлемдегі айтылар ой бастауыштан басқа сөйлем мүшелері арқылы берілетін жай сөйлемнің түрі. Жақсыз сөйлемнің бастауышы болмайды, оның жоқ екені сол сөйлемнің баяндауышынан білінеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: жақсыз сөйлем белгілері мен зерттелуін қарастыру. Жақсыз сөйлемнің түрлерімен таныстыру.

Курстық жұмыстың міндеттері:
Жақсыз сөйлемнің баяндауышының жасалу жолдарын түсіндіру.
Жақты Жақсыз жалаң жайылма толымды толымсыз атаулы
талдау.

Нәтижесі: Жақсыз сөйлемдерді ұйымдастыратын, форма беретін -- баяндауыштар. Жақсыз сөйлемге қатысатын баяндауыштардың өз жасалу амалы, формасы бар екенін түсінді.

КІРІСПЕ
ЖАҚСЫЗ СӨЙЛЕМ

Жақсыз сөйлем -- сөйлемдегі айтылар ой бастауыштан басқа сөйлем мүшелері арқылы берілетін жай сөйлемнің түрі. Жақсыз сөйлемнің бастауышы болмайды, оның жоқ екені сол сөйлемнің баяндауышынан білінеді. Мысалы, "Қазилаға Сәкенмен бірге жүруге тура келді". Жақсыз сөйлемнің баяндауышы бірнеше жолмен:
1. Барыс жалғаулы тұйық етістіктен кейін "бол", "тура кел" деген көмекші сөздердің келуі арқылы ("Бұдан бірдемелерді ойлап шығаруға болады");
2. "-Ғы, -гі", "-қы, -кі" жұрнақты қалау рай арқылы ("Оның ештеңеге қарағысы келмейді");
3. Атау я барыс септік жалғаулы тұйық етістікке, "керек", "қажет" сөздері тіркесу арқылы ("Енді бізге ауылдағы адамдардың көңіл күйін білу керек");
4. Тәуелдік жалғаулы тұйық етістікке "мүмкін", "тиіс" сөздері тіркесу арқылы ("Біздің баруымыз керек");
5. Тұрақты сөз тіркестерінен ("Оның ішек-сілесі қатты". "Мұртын балта кеспейді") жасалады.
Жақсыз сөйлемдерді ұйымдастыратын, форма беретін -- баяндауыштар. Жақсыз сөйлемге қатысатын баяндауыштардың өз жасалу амалы, формасы бар.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. ЖАҚСЫЗ СӨЙЛЕМДЕР
1.1ЖАҚСЫЗ СӨЙЛЕМДЕР, ОЛАРДЫҢ БАСТЫ БЕЛГІЛЕРІ
Жай сөйлем құрамы мен құрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң сөйлем және жайылма сөйлем болып бөлінеді.
Жалаң сөйлем - тұрлаусыз мүшелер болмай, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.
Жайылма сөйлем - тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем.
Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты сөйлем, жақсыз сөйлем болып бөлінеді.
Жақсыз сөйлем - бастауышы бар кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болмайтын, баяндауыштың өзі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрі.
Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді:
1. - қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді.
2. Тұйық етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді: баруы керек, айтуы тиіс т.б.
3. - ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып болмайды.
4. Баяндауыш құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек сілесі қатты, шарасы қалмады.
Толымды сөйлем - сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі.
Толымсыз сөйлем - айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі.
Мысалы: Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. Күпі сыртынан қайыс белбеуін буып алды. Көзінен жасы ыршып кетті. Осы үш сөйлемнің алдыңғысы - толымды cөйлем, өйткені оны сөйлем етіп тұрған баяндауышы (не істеді? - шықты) да, бастауышы (кім шықты? - Кәлен) да бар және сөйлем білдіретін ойға қатысты пысықтауыш (қайда шықты? - сыртқа және қалай шықты - бір ытқып ) та жұмсалған. Сондықтан бұл - толымды сөйлем. Екінші сөйлемде баяндауыштың (не істеді? - буып алды) иесі бастауыш жоқ, сөйлемде түсіп қалған, бірақ оны табуға болады: кім буып алды? - ол (Кәлен). Үшінші сөйлемде көзінен сөзінің анықтауышы (кімнің көзінен?) түсіп қалған. Сондықтан екінші, үшінші сөйлемдер толымсыз сөйлемдер деп танылады.
Атаулы сөйлем - ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі.
Атаулы сөйлем жеке дара қолданылатындықтан, шартты түрде сөйлем деп танылады. Бірақ оның мәні тек өзінен кейін қолданылған сөйлемдер арқылы түсініледі. Атаулы сөйлем өз ішінде сөйлем мүшелеріне жіктелмейді.
Мысалы: Кеш. Ымырт жабылған кезі. Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сулы Көлшүмектің қасы. Көлшүмектің жағасындағы көк ала қамыс, судыр құрғақтар айнаның жиегіне салынған салынған әдемі өрнек сияқты. Мұнда алғашқы 4 сөйлем мезгілді (1-2 сөйлемдері кеш және ымырт жабылған кез) және мекенді (3-4 сөйлемдер: Көкшетау маңы және айнадай Көлшүмектің қасы) атап қана тұр.
Мысалдан көргеніміз атаулы сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де құрала береді.
Сөйлемнін грамматикалық бір белгісі құрамында жақтық форманың болуынан көрінетіні ілгеріде айтылды. Жактық мағына, жақтык форма бастауыштық лек-сикалық болмысынан, баяндауыштың жақтык формасынан көрінеді. Жактық мағынаға, формаға ие конструкция жақты сөйлем ретінде танылады.
Қазақ тілі синтаксистік жүйесінде бұларға оппозициялык қатынаста тұрған сөйлемдер бар. Олар -- жақсыз сөйлемдер. Жаксыз сөйлемдерде жақтық мағына, жақтық форма қатыспайды. Жаксыз сөйлемдердін құрамында жақтық мағынаға ие мүше -- бастауыш болмайды. Баяндауыштың формасы да нақты жаққа (бірінші, екінші, үшінші жаққа) катысты болып көрінбейді. Жақсыз сөйлемдер бір негізге мүше -- баяндауышка сүйеніп кұрылатын болғандықтан, олар бір негізді сөйлемдер тобына енеді.
Жақсыз сөйлемдерді ұйымдастыратын, форма беретін -- баяндауыштар. Жақсыз сөйлемге қатысатын баяндауыштардың өз жасалу амалы, формасы бар. Бұл баяндауыштар былай жасалады.
1. Барыс септіктегі тұйық рай етістік+бол(ды (болмайды) -- келуге болады (болмайды).
Бұл алқаптың шөбін шабуға болады.
2. Барыс септігі тұйык, рай етістік+тура келеді' -- баруға тура келеді (келді).
Маған бұл сөзді амалсыз айтуға тура келді.
3. Болымсыз шартты рай етістік+болмайды -- келмесе болмайды.
Арнайы барып көрмесе болмайды. Сақтық жасамаса болмайды. Иен қыстауда неше қонарым беймәлім (О. Бөкеев).
4. Тұйық рай етістік+керек -- көру керек. Мәселені басы қасына барып шешу керек. Оған бірнеше сүңгу керек (С. Мұқанов).
5. -пақ тұлғалы есімше+керек -- айтпақ керек. Не болса да барып көрмек керек.
6. `-ар, -ер тұлғалы есішше -- ма(ме)-{-еді' -- көрер ме еді.
Сол әсем өлкені көрер ме еді!
7. `шартты рай етістік+болар еді -- көрсе болар еді. Жоңышқаны уақыт өткізбей шапса болар еді.
8. -ар, -ер тұлғалы есімше (болымды, болымсыз түрі)+болар' -- айтар болар, айтпас болар.
Бөтен кісіге сырды жайып салмас болар. Ерте шақырған әтештің мойнын жұлар болар.
9. Болымсыз есімше--барыс жалғау түрінде жасалады -- айтпасқа.
Бұл баяндауышпен қатар сөйлемге неге деген сұраулық есімдік қатысады. Құс екеш құс та, көктем туып, ескі ұясына оралғанда, жақ жаппай сайрап, шаттығып шертеді... Ал оған қарағанда мен адам емеспін бе! Ендеше неге маған шалқьшасқа, шаттанбасқа! (Ә. Нүршайықов).
10. Шартты рай етістіктен жасалған баяндауыш та жақсыз сөйлем ұйымдастыруға қатысады.
Көгеріп қалған бөктерден,
Көпсітіп жылкы айдаса!
(М. Мақатаев).
11. Өткен шақ көсемше-{-болмайды түрінде жасалады -- барып болмайды.
Ауылдары, малдары, күркелері де қасылып, бір ауылдан бір ауылды айырып болмайды (М. Әуезов).
12. Ауыспалы осы шақ тұлғадағы етістіктен болған баяндауыштар мақал-мәтел ретіндегі сөйлемге қатысып, жақсыз сөйлем ұйымдастырады.
Көре-көре көсем боласың, Сөйлей-сөйлей шешен боласың.
13. Екінші жақ бұйрық рай етістіктен болған баяндауыш мақал-мәтел ретіндегі сөйлемге қатысып, жақсыз сөйлем ұйымдастырады.
Аға тұрып, іні сөйлегеннен без.
Жақсыз сөйлемдердің жасалуында негізінен екі амал байқалып тұр.
Арнаулы баяндауыштық формалар жасап, соларды қатыстырып жақсыз сөйлем құру.
Жақты сөйлемдердің бастауышын түсіріп, баяндауыштардың нақты жақтық формасын әлсірету арқылы.
Жақсыз сөйлемдер сөйлеудің арнаулы коммуникативтік мақсатын орындау үшін қалыптаскан. Бұл сөйлемдер мынандай қызмет атқарады.
1. Тілеулі, қалаулы оқиғаны нақты субъектіге катыссыз (жаққа катыссыз) жалпылай айту үшін жұмсалады
(неге айтпасқа, көрер ме еді т. т.).
2. Болмыстағы бір жағдайды (ситуацияны) қорытынды тұжырым ретінде айту үшін жұмсалады (көтеруге болады (болмайды), сөйлеу керек т. т.).
Жақсыз сөйлемдерге, сөйлеу мақсаты кажет еткенде, субъектіні білдіретін сөз қатыса алады. Бұл сөзді қатыстырудың екі жолы бар.
1. Субъектіні білдіретін сөз барыс септік формада тұрып қатысады: маған айтуға болады, саған келу керек т. т.
Сендердің сындарыңа толу үшін маған қайта туу керек қой (Қ. Жұмаділов).
3. Субъектіні білдіретін сөз ілік септік формасын алып қатысады: менің келуіме болады, сенің айтуыңа тура келді т. т. Ілік септіктегі сөз матасудың компаненті болған соң, баяндауыштың құрамындағы негізгі сөз тәуелдік жалғауын кабылдайды. Қонаққа барғасын сөйлеу керек жұртпен, сенің айтқың келмейтін сөзді айтуың керек, сұрағың келмеген сұрақты сұрауың керек (Ә. Тарази).[89-91]

1.2. ЖАҚСЫЗ СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ

Жақсыз сөйлемдердің түр-түрі олардың баяндауыштарына қарай айырылады. Олардың баяндауыштары көбінесе күрделі болады да, мынадай құрамда жасалады:
1. -у,-мақ жұрнақтары тұйық рай тұлғалы қимыл есімі мен керек сөздерінен құралған баяндауышы бар сөйлемдер көбінесе жақсыз сөйлем болады:
Бізге көбірек оқу керек. Әркімге де тезірек өту керек.
(Ғ. Мұстафин)
Бұл жұмысты тез қолға алу керек. Қол құсырып босқа отырмау керек. Формамен буын шығару үшін тұқымды күрекпен аударыстыру керек.
(Газеттен)
Мезгілсіз шақырған қораздың басын жұлмақ керек.
(Мақал)
Елді аралап отырмын мән-жайын білу еді ғой.
(Ғ. Мұстафин)

Ақмола облысынан оған кету керек.
(С. Мұқанов)
Осы мысалдардағыдай, керек сөзі бар жақсыз сөйлемдерді жақты етіп те айтуға болады:

^ Біз көбірек оқуымыз керек. Ол бүгін келу керек.

2. Барыс септікті тұйық рай тұлғалы етістікке, есімше, көсемше тұлғалы етістікке бол етістігі көмекші болу арқылы жақсыз сөйлем жасалады.

^ Тұқымды құртпай-ақ себе беруге болады. Мүұдай жағдайларды басқа артельдерден де көп кездестіруге болады.
(Газеттен)

Отырықшы дегендердің өздерін де көшпелі деп есептеуге болады.
(С. Мұқанов)

Қызынған аттың делбесін бос қояр болар.
(Ғ. Сыланов)
Аузына келгенді айтпас болар.
(Ғ. Мүсірепов)
Қамарға кінә қойып болмайды.
(С. Торайғыров)

Мына жұмысшыларды пәледен құтқармай болмайды.
(Ә. Сәрсенбаев)

^ Бұл елдің егінге су беретін арығын жыл сайын тазалап тұрмаса болмайды.
(С. Мұқанов)

3.Күрделі баяндауыш құрамында барыс септікті тұйық рай тұлғалы етістіктен кейін тура келу көмекші айтылу арқылы да жақсыз сөйлем жасалады:

^ Саған аздап досыңның желісін басуға тура келер.
(С.Мұқанов)

Насыбайды қайта атуға тура келді.
(Ғ. Мүсірепов)

Қаланы қайта құру жоспары бойынша бұл жерден көшуге тура келіп тұр.
Сендерге хош айтысуға тура келіп тұр.
(Фадеев)

4. Барыс септіктегі тұйық рай тұлғалы етістіктен болған күрделі баяндауыштың құрамында мүмкін (мүмкін емес) сөзі айтылу арқылы да сөйлем жақсыз болады:

^ Сан жүздеген адамнан көшеде аяқ жүруге мүмкін емес еді.
(М. Иманжанов)

Әрине, мұндай жағдайда маған оқытушы болып қалуға мүмкін емес еді.
(С. Көбеев)

Кейбір есімді сөйлемнің құрамында барыс жалғаулы толықтауыш болса да, сөйлем жақсызға айналады. Мысалы:
(Ол) Жұмаққа бармақ шығар - оған қайдағы жұмақ!
(Б.Майлин)
5. Бірдеңені арман ете айтылатын күрделі баяндауышты сөйлемнің негізгі сөзі келер шақтық есімше (-р, -ар -ер) болып, одан кейін сұраулы - ма-ме шылау және көмекші -е (-ді-дің) етістігі айтылып та жақсыз сөйлем жасалады:
^ Па, шіркін! Мына атқа мінер ме еді? Ана көк шөпке бауырыңды төсеп жатар ма едің!
Бұл сөйлемдердің баяндауыштарына Кім мінер ме еді? Кім жатар ма едің? Деп сұрақ қойып баяндауышын іздесек, онда мен, сен, ол, сіздегендердің бірі алдымызға көлденең тартыла қоймады. Олардың бірінің орнына кім болса сол, мен де, сен де, ол да деген ұғым пайда болады да, ол тек ойда сақталып, көпке тән мағыналық бастауыш болады. Сол сияқты, Өзін барып көретін екен! (С. Мұқанов). - Әкемей-ай айтуға да ұят, айтпауыма да болмай тұр. (Ж. Арыстанов) деген сөйлемдер де - сондай жақсыз сөйлемдер.

1.3.Жақты, жақсыз сөйлемдер
Грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай, оның қай сөз екенін баяндауышпен ұластыра, атау септігінің сұрақтарын қою арқылы білуге болатын сөйлем болады.
Олардың баяндауыштары бастауышпен қиысу үшін белгілі жақ жалғауларында не жалғаусыз жақтық мағынада айтылады. Соңғылардың жақтық тұлғаларына, мағыналарына дәлме-дәл үйлесімді болып айтылған бастауышы бар сөйлем ғана жақты болады. Біз елімізде тәртіп орнату программаларын бұлжытпай жүзеге асырып келеміз деген сөйлемнің бастауышы - біз.
Жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмай да, оның сөз екенін айқын болып тұра береді. Ондай жақты сөйлемдердің бастауыштарын түсіріп айту мынадай жағдайларда болуы мүмкін:
1. Ұзақ ойға қатысты болып, өзара мағыналық (кейде әрі тұлғалық) байланыста айтылатын жеке сөйлемдердің бастауышы бірінде болса, екіншісінде, қайталанып айтылмай, соған ортақтасып тұра береді. Сонда тізбектеліп қатар айтылатын бірнеше жай сөйлемнің не құрмалас сөйлемнің қүрамындағы жай сөйлемдердің бірінің бастауышы екінші сөйлемге де бастауыш болып ортақтасады.
^ 2. Бидай тиеген эшелондар зыр қағып, темір жолды қайқаң қақтырып, суып кетіп барады. Мұнда эшелондар деген бастауыш құрмалас сөйлемнің екінші жай сөйлемінде түсіп қалып тұр. Асқар ұзақ уақыт ұйықтай алмады.
^ 1.Бірақ жатқан қалпында тырт етіп қозғалған жоқ. Бұл сөйлемнің бастауыш да (Асқар) алдыңғы сөйлемде айтылғандықтан, соңғы сөйлемде ерекше аталмаған.
Бастауыштың қай сөз екенін баяндауыштық тұлғадан айқын болып тұрғанда, әсіресе І-ІІ жақтық бастауыштар сөйлемдер ерекше айтылмайды.
^ Отаным үшін аттаным
Ақсемсерді қолға ала
(А. Тоқмағанбетов)
Өлеңімді өрлеттім,
Өрге құлаш серметтім...
Зарын айтып сорланың
Қайғылыны еңіреттім.
(Жамбыл)
Өз бойыңа болып сақ,
Жан-жағыңа қараңдар.
(Абай)
Мен,сен,сіз, ол деген бастауыштарға ерекше мән беріліп, ой екпіні түсірілгенде, олар сөйлемде ерекше айтылатын болады. Ондай бастауыштарды түсіріп айтуға болмайды.
^ Мен де қайта жасарған
Қарт ақынмын, даңғылымын.
(Н. Байғанин)
Күлкі болма, қой, жаным,
Сен бүйтесің, ол қайтті.
(Абай)
Сен қайдан жүрсің? - деді Асқар сабырсызданып.
(С. Мұқанов)
Мен бала емеспін, - деді Ботакөз дауысын ширатып, - мен ауылдың надан қызы да емеспін. Мен, аз да болма, оң-солымды, жақсы-жаманды айыру дәрежесінде жеткен адаммын.
(С. Мұқанов)
^ Мен көрдім ұзын қайың құлағанын,
Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
(Абай)
...Сондай күнді жоғалтар
Мен аңсадым, сағындым.
(Жамбыл)
Сен бетіңді әрі бұрсаң,
Шықы көзім, болды көр (Абай).
Бастауышы ерекше айтылмаған (лексикалық жолмен берілмеген) жақты сөйлемнің түрі бір құрамды сөйлемге жатады.
Бастуышы ерекше айтылмаған сөйлемдердің енді бірқатарын жақсыз сөйлем деп атап жүрміз. Мұндай сөйлемде белгілі жақтық ұғым болмайды, істің, қимылдың иесі қай жатқа екендігі белгісіз болады. Олардың үш жақтың біріне тән белгілі грамматикалық бастауышы болмайды. Баланы жаман үйретпеу керек. Сабаққа кешігуге болмайды деген сөйлемдерде Кім? Не? Сұрақтарына жауап болатындай бастауыштар ерекше айтылмаған.
Мұндайда сөйлеуші мен тыңдаушыға істі істеушінің кім екендігін дәлдеп көрсетудің қажетті болмайды да, тек іс-әрекетін хабарлау, істеумеуге тиісті жайды білдіру қажет болады. Ондай сөйлемдер бастауыштары бар жақты сөйлемнен өзгеше құрылыстағы арнаулы стильдік тәсіл ретінде қолданылады. Егер жақсыз сөйлемдердің түрлері әдеби тіліміз қалыптаспай тұрған кезде елеусіз болып, аз жұмсалатын болса, осы күнгі әдебиеттерде оның түр-түрі сараланып, жиі жұмсалатын болады. Сонда да жақсыз сөйлем деген термин - шартты атау.
Ондай сөйлемдерді орысша безличные предложение дегеннің аудармасы ретінде жақсыз сөйлем деп атағанымыз болмаса, қазақ тілінде дәл орыс тіліндегідей жақсыз сөйлем де, ондай сөйлем жасайтын стемнело, не спится сияқты өзгеше жақсыз етістіктер де жоқ. Дұрысында, біздің жақсыз сөйлем деп жүргеніміздің баяндауыштарының белгілі жағы болады. Бұл сөздер көбінесе үшінші, екінші жақта айтылады. Сөйтеді де, олар кейде бастауышы жоқ сөйлемнің баяндаышы юолып жұмсалады:
Ол кезде көмірді қауғамен тартатын. Не істеу керек? Көне беруге тағы болмайды.
(Ғ. Мұстафин)
Қалайша жыр төкпессің, ән соқпассың,
Шаттықтан нөсер құйған өмірде енді.
(Жамбыл)
Әрине, бұл сөйлемдердің бастауыштарының айтылмау
^ Москва бардым, не көрдім?
Туысқан туған ел көрдім (Жамбыл)деген сияқты сөйлемдермен бір емес. Соңғыда бастауыштың мен екені айқын да, одан бұрынғы сөйлемдердің бастауыштары ондай белгілі, айқын емес. Сабақтан қалуға болмайды деген сөйлемнің баяндауышы үшінші жақта айтылған. Ондай сөйлемдер:
Маған сабақтан қалуға болмайды.
Саған сабақтан қалуға болмайды.
Оған сабақтан қалуға болмайды.
Бізге сабақтан қалуға болмайдыт.т. делініп те айтыла алады.

ІІ ЖАҚСЫЗ СӨЙЛЕМДЕР БЕЛГІЛЕРІ
2.1.ЖАҚСЫЗ СӨЙЛЕМДЕР ПАРАДИГМАСЫ

Қазақ тілі синтаксистік жүйесінде жақты сөйлем мен жақсыз сөйлем оппозициялық қатынаста тұрған сөйлемдер қатарынан орын алады. Олар бір-бірімен парадигмалық қатынас құрайды. Жақты, жақсыз сөйлемдердің парадигматикалық қатар жасауы сөйлемнің жақтық мағынасы мен жақтық формасына қатысты келеді. Мысалы: Менің қалаға баруым керек және Мен қалаға барамын мысалдардағы бірінші сөйлемнің бастауышы жоқ, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жақсыз сөйлемнің түрлері
Бір құрамды сөйлемдер
Жақсыз сөйлемдер парадигмасы
Қазiргi қазақ тiлiндегi бір құрамды сөйлемдер
Жай сөйлемді оқыту
Жақты сөйлем
Жай сөйлемнің түрлері жайында
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ара қатынасы
Қазақ және орыс тілдеріндегі жай сөйлемдер.Қазақ және орыс тілдеріндегі құрмалас сөйлемдер
Жай сөйлемнің түрлері
Пәндер