Ілияс Жансүгіров — ақын ,қоғам қайраткері
І.Кіріспе
Ілияс Жансүгіров — ақын ,қоғам қайраткері.
ІІ. Негізгі бөлім
1.Мен өзім тауда туып, тасында өстім.
1.1. Ілияс Жансүгіровтің өмір жолы, қызметі.
1.2 . І. Жансүгіровтің шығармашылық шеберлігі жайында.
2 . Жансүгіровтың. лирикалық шығармалары
2.1. Ақын поэзиясы .
2.2. «Күй», «Күйші», «Дала» поэмаларының көркемдік ерекшеліктері.
2.3 «Құлагер» поэмасы, оқыту жолдары.
3. 5.9 сынып әдебиетін оқу сабақтарында І. Жансүгіровтің шығармашылығын оқыту, талдау
3.1. 5 .сынып «Күй» поэмасындағы күй құдыретілігн таныту.
3.2. 6 . сыныпта Ілияс Жансүгіров «Анам тілі», «Домбыра», «Күйге» өлеңдерін оқыту, талдау жолдары.
3.3. 7. сыныпта І. Жансүгіровтың «Бөбек бөлеу», «Ағынды менің Ақсуым»
өлеңдерінің ерекшеліктері.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Қазақтың ауыз әдебиетімен ауызданған І.Жансүгіровтің сөз бейнелеуі, теңеуі, шығармасындағы ойы, әдемі тіркестері оны ерекшелендіріп тұрады.
І.Жансүгіров- ақын, бірақ әдебиеттің басқа да жанрларына қалам тартып, әңгіме де, мақала да, роман да, фельетон да, сықақ әңгіме де, драмалық шығармалар да жазған.
Құдіретті поэзия мұхитының асылын терген, асау өзен арнасын таңдаған ақын еліне үлкен дүниелер сыйлады. Ақындық шеберлігі мықты, түйдегімен төгілген жырларының мағынасы терең. Қазақ әдебиетіне, оның ішінде поэзиясына ерекше құнды, асыл дүниелер қалдырып кеткен арыны мықты, дарабоз тұлғаның жауһар дүниелерінің мазмұны мәңгі.
«Ілияс Жансүгіровтің ақындық мұраларының ішінде «Дала», «Күйші», «Құлагер» атты поэмалары қазақ поэмасының екі үлгісін аңғартады. Бір алуаны – лирикалық – философиялық, екіншісі, уақиғалы, сюжетті поэма үлгісі. Осы үш поэма тұсында қазақтың Абайдан кейінгі поэзиясы аса биік, ірі сапа танытады. Бұлардағы дүниені көрер көз, сезіну сыры, жалпы дүние тану қалпы, ақындық сыр, өмірге қараған көзқарас – барлығы да бұрынғы қазақ поэзиясы тудырмаған тың жаңалықты аңғартады. Осы поэмаларда бейнелегіштік кенелуі тапқыр оймен ұдайы жақсы үйлесіп отырады. Жансүгіров поэмалары сезім сырына да толы. Ал, өлең үлгісіндегі мәдениет те басқа»«Қазақтың әрідегі ауыз әдебиеті бар ма, Бұхар, Махамбет, Шерниязы бар ма, берідегі Абайы, Әсеті, Сүйінбайы, Сұлтанмахмұты бар ма, Сәкен, Бейімбет, Сәбит, Мұхтар секілді замандастары бар ма – соның бәрін Ілиястың білетіні былай тұрсын, керемет сүйетінін көрдім. Сол туралы есіле де, егіле де сыр шертетінін көрдім»
«Ілиястың өзіне ғана тән өзгеше өнері қазақ халқының сарқылмас жыр бұлағынан бастау алды. Халық поэзиясының інжу-маржанынан нәр алған ол социалистік реализмнің жазбаша жаңа әдебиетіне лайықтап, оның принциптерін, образдарын, сөз нақышын ілгері дамытты. Ақын әлі бұғанасы қатпаған жас қазақ әдебиеті үшін орыс әдебиетімен туысқандық тығыз байланыстың қаншалықты зор мәні бар екенін айрықша ұғынып, аударма мәселесіне мейлінше назар аударып отырды.»
«Жүйрік екі түрлі. Бірі – шу дегеннен шығандап озып шығып қара үзіп кетеді де, біраздан кейін қарқындап, желігі басылады.
Екіншісі – шу дегеннен бірқалыпта байсалды шауып, ілгерілеген сайын жүрісін ешбір бәсеңдетпей үдей береді, өрлей береді. Ілиястың ақындық сапары соңғы үдей шабатын, қанаты мен құлашы кең тұлпардай жүйріктің тұлғасына ұқсайды»Қазақ поэзиясында бүгінге дейін өнер жайында көп жазған және көркемдіктің шыңына жеткізе жазған І.Жансүгіров пен теңдесер қаламгер жоқ. Сонау 20-жылдардың бас кезінде өмірге келген "Әнші" өлеңінен басталған бұл тақырып тек қазақ әдебиетінде ғана емес, қазіргі әлемдік поэзиядағы айтулы туындылар санатындағы "Күйші" мен "Құлагер" сияқты классикалық поэмаларға ұласты. Акынның осы екі аралықтағы шағын көлемді, бірақ керемет суретті, екпіндеп ескен желдегі көтеріңкі лепті туындылары жоғарыда талданды.Тұтас алғанда Ілияс поэзиясы терең ойдың, үлкен сезімнің поэзиясы. Ол өрен жүйрік, асқан ақынның тегеурінді талантынан туған жоғары идеяны, шыншыл, ұшқыр қиялды, қуатты поэзия, салмақты, салиқалы поэзия, бұл поэзияның мазмұны заман құбылысын қамтуы, оның жырлағаны – халқы».Өз замандастары М.Әуезов ,С.Сейфулин,Б.Майлин,С.Мұқановтармен бірге қазақтың жаңа әдебиетінде жарқын із қалдырған көпқырлы талант-Ілияс Жансүгіров.Ілияс Жансүгіровтің өзіндік айшық-өрнегі мол шығармалары ұлттық әдебиеттіміздің үздік жетістіктері болып саналады.

Жоспар:
І.Кіріспе
Ілияс Жансүгіров -- ақын ,қоғам қайраткері.
ІІ. Негізгі бөлім
1.Мен өзім тауда туып, тасында өстім.
1.1. Ілияс Жансүгіровтің өмір жолы, қызметі.
1.2 . І. Жансүгіровтің шығармашылық шеберлігі жайында.
2 . Жансүгіровтың- лирикалық шығармалары
2.1. Ақын поэзиясы .
2.2. Күй, Күйші, Дала поэмаларының көркемдік ерекшеліктері.
2.3 Құлагер поэмасы, оқыту жолдары.
3. 5-9 сынып әдебиетін оқу сабақтарында І. Жансүгіровтің шығармашылығын оқыту, талдау
3.1. 5 -сынып Күй поэмасындағы күй құдыретілігн таныту.
3.2. 6 - сыныпта Ілияс Жансүгіров Анам тілі, Домбыра, Күйге өлеңдерін оқыту, талдау жолдары.
3.3. 7- сыныпта І. Жансүгіровтың Бөбек бөлеу, Ағынды менің Ақсуым
өлеңдерінің ерекшеліктері.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Мазмұны:
І.Кіріспе
Ілияс Жансүгіров -- ақын ,қоғам қайраткері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..3-4
ІІ. Негізгі бөлім
1.Мен өзім тауда туып, тасында өстім
1.1. Ілияс Жансүгіровтің өмір жолы, қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-7
1.2 . І. Жансүгіровтің шығармашылық шеберлігі жайында ... ... ... ... ...7-11

2.1. Ақын поэзиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12-23
2.2. Күй, Күйші, Дала поэмаларының көркемдік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24-2 7
2.3 Құлагер поэмасы, оқыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28-33

3.1. 5 -сынып Күй поэмасындағы күй құдыретілігн таныту ... ... ..34
3.2. 6 - сыныпта Ілияс Жансүгіров Анам тілі, Домбыра,
Күйге өлеңдерін оқыту, талдау жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34-35
3.3. 7- сыныпта І. Жансүгіровтың Бөбек бөлеу,
Ағынды менің Ақсуым өлеңдерінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .3 5
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 37
Қосымша
Курстық жұмыстың мақсаты: әдебиет оқу сабақтарындағы
І. Жансүгіровтің шығармашылығын талдау, оқыту.
Міндеттері:
Ілияс Жансүгіровтің өмірі, қызметі, шығармашылығы туралы өз беттерінше білім алуларына жағдай жасау
Оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыту.
Ілияс шығармасы арқылы эстетикалық тәрбие қалыптастыру.
Өзінің шығармашылық тұлғасымен де, адамдық болмысымен де, елден ерек тұлға-тұрпатымен де қазақ деген тағдыр-талайы талқыға түскіш ұлттың табиғатын таныта алатын, сонымен қатар өз ұлтының сырбаздығы мен тектілігін бір бойына жинаған, Жетісу деген өңірде дүниеге келген қазақтың біртуар перзенті Ілияс Жансүгіровтің тілдік әлеуеті, қазақтың сөз қазынасындағы әрбір дүниені орнымен қиыстыра білудегі ешкімді қайталамайтын, ешкімге қайталата алмайтын қас шеберлігі тіл өнеріндегі бөлекше әлем деуге татиды.
Тақырыптың өзектілігі: әдебиет - адам жанының рухани азығы десек, поэзия оның ішінде ең тәттісі. Болашағы зор, бай тарихы бар қазақ әдебиетін жасаушылардың тума таланттар екені даусыз, соның ішінде қазақ әдебиетіне асыл дүниелерін тарту еткен жыр дүлділі Ілияс Жансүгіров.
Нәтижесі:
Оқушылардың сөздік қоры, шығармашылық қабілеті, ой - өрісі дамиды.
Ілияс шығармасы арқылы эстетикалық тәрбие қалыптасады.
Ілияс Жансүгіровтің өлеңдерін оқи отырып ана тілін бағалай білуге, қазақтың қара домбырасының қасиетін біле білді.
І. Кіріспе
1.1. Ілияс Жансүгіров -- ақын ,қоғам қайраткері.
Қазақтың ауыз әдебиетімен ауызданған І.Жансүгіровтің сөз бейнелеуі, теңеуі, шығармасындағы ойы, әдемі тіркестері оны ерекшелендіріп тұрады.
І.Жансүгіров- ақын, бірақ әдебиеттің басқа да жанрларына қалам тартып, әңгіме де, мақала да, роман да, фельетон да, сықақ әңгіме де, драмалық шығармалар да жазған.
Құдіретті поэзия мұхитының асылын терген, асау өзен арнасын таңдаған ақын еліне үлкен дүниелер сыйлады. Ақындық шеберлігі мықты, түйдегімен төгілген жырларының мағынасы терең. Қазақ әдебиетіне, оның ішінде поэзиясына ерекше құнды, асыл дүниелер қалдырып кеткен арыны мықты, дарабоз тұлғаның жауһар дүниелерінің мазмұны мәңгі.
Ілияс Жансүгіровтің ақындық мұраларының ішінде Дала, Күйші, Құлагер атты поэмалары қазақ поэмасының екі үлгісін аңғартады. Бір алуаны - лирикалық - философиялық, екіншісі, уақиғалы, сюжетті поэма үлгісі. Осы үш поэма тұсында қазақтың Абайдан кейінгі поэзиясы аса биік, ірі сапа танытады. Бұлардағы дүниені көрер көз, сезіну сыры, жалпы дүние тану қалпы, ақындық сыр, өмірге қараған көзқарас - барлығы да бұрынғы қазақ поэзиясы тудырмаған тың жаңалықты аңғартады. Осы поэмаларда бейнелегіштік кенелуі тапқыр оймен ұдайы жақсы үйлесіп отырады. Жансүгіров поэмалары сезім сырына да толы. Ал, өлең үлгісіндегі мәдениет те басқаҚазақтың әрідегі ауыз әдебиеті бар ма, Бұхар, Махамбет, Шерниязы бар ма, берідегі Абайы, Әсеті, Сүйінбайы, Сұлтанмахмұты бар ма, Сәкен, Бейімбет, Сәбит, Мұхтар секілді замандастары бар ма - соның бәрін Ілиястың білетіні былай тұрсын, керемет сүйетінін көрдім. Сол туралы есіле де, егіле де сыр шертетінін көрдім
Ілиястың өзіне ғана тән өзгеше өнері қазақ халқының сарқылмас жыр бұлағынан бастау алды. Халық поэзиясының інжу-маржанынан нәр алған ол социалистік реализмнің жазбаша жаңа әдебиетіне лайықтап, оның принциптерін, образдарын, сөз нақышын ілгері дамытты. Ақын әлі бұғанасы қатпаған жас қазақ әдебиеті үшін орыс әдебиетімен туысқандық тығыз байланыстың қаншалықты зор мәні бар екенін айрықша ұғынып, аударма мәселесіне мейлінше назар аударып отырды.
Жүйрік екі түрлі. Бірі - шу дегеннен шығандап озып шығып қара үзіп кетеді де, біраздан кейін қарқындап, желігі басылады.
Екіншісі - шу дегеннен бірқалыпта байсалды шауып, ілгерілеген сайын жүрісін ешбір бәсеңдетпей үдей береді, өрлей береді. Ілиястың ақындық сапары соңғы үдей шабатын, қанаты мен құлашы кең тұлпардай жүйріктің тұлғасына ұқсайдыҚазақ поэзиясында бүгінге дейін өнер жайында көп жазған және көркемдіктің шыңына жеткізе жазған І.Жансүгіров пен теңдесер қаламгер жоқ. Сонау 20-жылдардың бас кезінде өмірге келген "Әнші" өлеңінен басталған бұл тақырып тек қазақ әдебиетінде ғана емес, қазіргі әлемдік поэзиядағы айтулы туындылар санатындағы "Күйші" мен "Құлагер" сияқты классикалық поэмаларға ұласты. Акынның осы екі аралықтағы шағын көлемді, бірақ керемет суретті, екпіндеп ескен желдегі көтеріңкі лепті туындылары жоғарыда талданды.Тұтас алғанда Ілияс поэзиясы терең ойдың, үлкен сезімнің поэзиясы. Ол өрен жүйрік, асқан ақынның тегеурінді талантынан туған жоғары идеяны, шыншыл, ұшқыр қиялды, қуатты поэзия, салмақты, салиқалы поэзия, бұл поэзияның мазмұны заман құбылысын қамтуы, оның жырлағаны - халқы.Өз замандастары М.Әуезов ,С.Сейфулин,Б.Майлин,С.Мұқановтарме н бірге қазақтың жаңа әдебиетінде жарқын із қалдырған көпқырлы талант-Ілияс Жансүгіров.Ілияс Жансүгіровтің өзіндік айшық-өрнегі мол шығармалары ұлттық әдебиеттіміздің үздік жетістіктері болып саналады.
ІІ. Негізгі бөлім
1.Мен өзім тауда туып, тасында өстім
1.1. Ілияс Жансүгіровтің өмір жолы
Қазақ әдебиетін қалаушылардың бірі, сөз зергері Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында, қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келді.
Сен туғанда жасарды кәрі жасым,
Өсті өркенім, теңіздей ықыласым.
Ай ма екен, жұлдыз ба екен, әлде күн бе,
Құз қабақ жота мұрын - Ілиясым,- деп әжесі Тоқтық пен атасы Берсүгір басқа балалардан бөлек, өзі бір төбе болып тұрған ақынды еркелете тербетеді екен. Шешесінен жастай жетім қалған ақын әке бауырында өседі. Атасы Берсүгір де өлеңді ойдан төгетін болған. Әкесі Жансүгір сауатты, кітап жинаған, жыр-дастандарды, арғы-бергіні жақсы білетін білімдар адам болған.
Ақын дүниеге келмей тұрып әкесі Жансүгір ақсақал замандасы Молықбай атаға: Құрдас-ай, менің дүниеге келгелі жатқан тұңғышымның қуанышына ортақ бол. Сен сияқты халқым деп аңырар ма екен!-деген екен. Сонда қобызшы ата ұл болса атын Ілияс қой! Қыдыр Ілияс пірім сақтап, қолдай жүрер деген екен.
...Қажыған көңіл қамын, жүрек жанын,
Қозғаған қобыздағы қоңыр сарын.
Әлемнің әуеніне бермес ем-ау,
Қазақтың мұны тартқан күйші шалын, - деп ақын өзі жырлағандай, Күйші поэмасының тууына арқау болған қобызшы Молықбай ақсақал ақынның болашағын тура болжаған екен.
Қазақ әдебиетіне үлкен жаңалық әкелген Ілияс Жансүгіров әкесінің үйретуімен әріп танып, ауыл молдасының алдын көріп, Қарағаш ауылында мектепке барып, жәдитше сауат ашқан. Алғашқы өлеңін 1912 жылы жазады. 26 жасында Алматыға келіп мұғалімдік курсты бітіреді, 1920 жылы Ташкент қаласындағы қысқа мерзімді курста оқиды, 1925-28жж. Мәскеуде Коммунистік журналистика институтында оқып, бітіреді, 1928-1932 ж. Еңбекші қазақ газетінің қызметкері, 1932-34жж. Қазақстан жазушылар одағының ұйымдастыру комиссиясының төрағасы,1934 жылы Қазақстан жазушылар одағының төрағасы болып сайланады. Жас әдебиетімізді қалыптастыру С.Сейфуллин, Б.Майлин, М.Әуезов, І.Жансүгіров сынды қайраткерлердің үлесіне тиді.
Осы жолда еңбектеніп, әдебиет дамытуға бар ынта-ықыласымен берілген ақын әдебиеттің барлық жанрларына қалам тартты. Орта мектепке оқулық жазу, ауыз әдебиетін жинақтап шығару, көркем аударма, әдеби сын, сатира, драмаға да ат салысты. Ұлы Абайды үлгі тұтқан ақын өз поэзиясында өзекті мәселелерді көтере білді.
Ақынның алғашқы баспа бетін көрген туындылары Сарыарқаға, Тілек өлеңдері, 1923 жылы Сана журналында Мерген Бөкен әңгімесі жарияланады, осыдан кейін ақынның қаламы ұшталып, әдебиетке жай келсе
де терең мағыналы дүниелері бірінен соң бірі келе береді. Сағанақ атты алғашқы жинағы 1928 жылы жарық көрді.
Тарихи тақырыпта Кек (1931), Түрксиб, Исатай-Махамбет (1936) атты драмалық шығармалар жазды, Жолдастар романы (1935) жарық көрді.
Әдеби сын мен аударма саласында да өз еңбегін сіңірді. А.С.Пушкиннің көптеген өлеңдерін, Евгений Онегинді қазақ тіліне алғаш толық аударды. (1937), М.Ю.Лермонтовтың Ақынның өлімі, Тұтқын, Қанжар, Н.А.Некрасовтың Темір жол, М.Горькийдің Дауылпаз, В.В.Маяковскийдің Лениншілер сияқты туындыларын аударды. Он беске жуық поэма жазды. Рүстем қырғыны (1926), Байкал (1937), Мақпал, Исатай (1937), Кәмпеске (1928), Мәйек (1929), Жаңа туған (1933), Жорық (1934) поэмаларында тың тақырыптарды көтерді. Күй (1929), Дала (1930), Күйші (1934), Құлагер (1937) атты поэмалары да ақындығын танытқан шығармалары. 1928 жылы Еңбекші қазақ газетіне қызметке тұрады. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан жазушылар одағының ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан. 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланып, 1934 жылы өткен 1-съезге дейін қызмет істейді. Съезде Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланады. 1934-1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы болды. 1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы ату жазасына кесілген. 1958 жылы ақталды.
Талдықорған қаласындағы жоғары оқу орнына ақынның аты беріліп, мұражайы ашылған.
Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.
Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді.
Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыртөбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы -- ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.
Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.
1.2. І. Жансүгіровтің шығармашылық шеберлігі жайында
Тұлға - интеллектуалды ерекше жаратылыс иесі. Кез-келген адам мен болмыс тұлғаның деңгейін бере алмайды. Кез-келген шығармашылық адамы жеке-дара тұлға бола алмайтыны белгілі. Тұлғаға ең алдымен даралық қасиет тән. Яғни ол өзгелер деп атауға болатын жалпылама ортақ болмыстан ерекшеленіп бөлініп шыққан өзіндік бітім-болмысымен айқындалуы қажет.
Екіншіден, тұлға адамзатқа тән құндылықтарды тап басып тани білуі, сезініп қабылдай алуы тиіс. Және сол құндылықтар үддесінен өзі де көрініс беруі керек.
Үшіншіден, тұлға тудырған интеллектуалды таным нәтижесі белгілі өнер түрінде танылуы қажет.
Көркем өнердің бір саласы - әдебиеттегі шығармашылық тұлғанының даралық сипаты, ең алдымен, жазу стилінен аңғарылады. Бұл жайында Е.А.Басин: Шығармашылық тұлғаның қалыптасуы мен дамуы - оның сөйлеу қабілетінің қалыптасуы мен дамуы [1,61б], - дейді. Шындығында, көркем әдебиеттегі негізгі материал сөз болғандықтан, суреткердің тіл байлығы, оны қолдану ерекшелігі мен өмір шындығын бейнелеудегі нақтылығымен қоса көркемдігіне жауап береді. Ал шығармашылық процестегі жазу стилі, жағдаяттық сөз қолдану мәнері қаламгер шеберлігін айқындайды.
ХХ ғасырдың алғашқы отыз жылындағы қазақ әдебиетінің жанрлық-тақырыптық және стильдік байлығы ақын-жазушылардың қоғамдық өмірдің барлық қабатын, оның тарихи, саяси-әлеуметтік, адамгершілік мәселелерін толық қамтуға, сонымен бірге жаңа характерлер жасауға күш салғандарының айғағы болып табылады.
Өзінің шығармашылық тұлғасымен де, адамдық болмысымен де, елден ерек тұлға-тұрпатымен де қазақ деген тағдыр-талайы талқыға түскіш ұлттың табиғатын таныта алатын, сонымен қатар өз ұлтының сырбаздығы мен тектілігін бір бойына жинаған, Жетісу деген өңірде дүниеге келген қазақтың біртуар перзенті Ілияс Жансүгіровтің тілдік әлеуеті, қазақтың сөз қазынасындағы әрбір дүниені орнымен қиыстыра білудегі ешкімді қайталамайтын, ешкімге қайталата алмайтын қас шеберлігі тіл өнеріндегі бөлекше әлем деуге татиды. Қазақтың классик жазушысы І.Жансүгіров тарихи мәні зор тұлға концепциясын қазақ әдебиетінің көп салалы роман жанрында терең психологиялық негізде күн тәртібіне қойды.
Ілияс Жансүгіровтің Жолдастар романы - ұлттық тарих пен қазіргі қоғам өмірінің маңызды сәттерінің көрінісі, жеке тағдыр мен тарих барысының арасындағы үзілмейтін байланыс, характерлер мен сюжеттің әлеуметтік-тарихи дәлелдемесі, сюжеттік оқиға байлығы. Сонымен қатар, кейіпкердің ішкі әлеміне назар салу секілді қазақ романдарының одан арғы дамуының жалпы үрдісін айқындады.
Шығарманың өзекті идеясы - халықтың теңдік пен бостандық үшін ұлы күрес жолын бейнелеу. Бұл шығармада халық өкілдерінің образдары жасалған. Жазушы романында бірқатар жас жігіттердің тағдырын түйістіріп, олардың шым-шытырық өмір жолының революция жолына әкелгенін баяндаған. Сондықтан да роман Жолдастар деп аталған.
Оқиғалар негізінде І.Жансүгіров аласапыран жылдардағы қазақ ауылы өмірінің шындығын, адамдар тағдырындағы өзгерістерді, тынымсыз ізденісті кең бейнелейді. Ескі ауыл мен оның адамдары бойындағы қайшылықты күйлер мен ұғымдар тартысының суреттері, психологиялық толғаныстар жазушы реализмнің байлығын, суреткерлік құлашының кеңдігін көрсетеді. Роман кейіпкерлері заманмен, дәуірмен қабаттаса өзгеріске ілеседі, қоғамнан өзіне лайық орын іздейді. Ол орынды бірі тауып, бірі таба алмай жатса да, жалпы ізденістің беталысы елдің оянуға ұмтылысын аңғартады.
Ілияс шығармаларында адам болмысы, адам тәрбиесі мәселелерін қалай шешкендігін түсінуге көмектесетін М. Дүйсеновтың Ілияс Жансүгіров монографиясында [2] ілиястану тарихына қысқаша шолу жасалады. Ақын шығармашылығының, кейіпкерлерінің орыс оқырмандарымен танысу жолдары сипатталады. Кітапта Ілиястың тарихи, философиялық көзқарастарының тегі талданып, ақынның өзіне дейінгі қазақтың қоғамдық ойынан нәр жинау арқылы қазақ қоғамының рухани дамуына жасаған пәрменді ықпалы зерттеледі. Қаламгер өскен тарихи орта, оның дүниетанымының қалыптасуына әсер еткен факторлар зерттеу еңбекте жан-жақты сипатталады.
Жансүгіров кейіпкерлері өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, тағдырларының тарихи жағдайға тікелей байланысты екенін түсініп, әлеуметтік өмірге біржола араласып кетеді. Суреткер адамдардың шиеленіске толы, күрделі де бай ішкі әлемін қоршаған ортадан, қоғамдық жағдайдан әсте бөлмей, біртұтас күйде қарастырады. Кейіпкер санасы мен психикасының эволюциясы сыртқы себептермен тікелей байланысты болады. Егер В.Г. Белинскийдің роман тарихи уақыттың көркем идеяларымен, әсіресе кейіпкер идеясымен байланысты [3,45 б.] деген пікірін ескерсек, Жансүгіровтің роман жанрын таңдауы оның тұлға табиғатын, оның бостандығын, бақытты өмір сүруге құқығын, тарих қозғалысымен байланысын, тағы сол сияқты кейіпкерге байланысты мәселелерді дұрыс тануымен тікелей байланысты деп тұжырымдай аламыз.
Шығарманы дүниеге келтіру жолындағы жазушы еңбегінің маңызды сатыларының бірі - шығарманың бітімі. Көркем шығарма - тұтас бітім. Ондағы оқиғалар бір - бірімен байланыста, олар белгілі бір тәртіппен орналасады. Оның бөлім - бөлшектерінің арасында пропорция сақталады. Басы артық нәрсе, бөлек тұрған бірде - бір деталь болуға тиіс емес. Бәрі де автордың көркем ойына қызмет етуге тиіс. Тек сондай үндестік тапса ғана шығарма көркем болады.
Классик жазушы Л.Толстой қоғамды жақсартудың негізгі жолы адамдардың өзін-өзі кемелдендіруі деп тұжырымдаған болатын. Яғни, негізгі кілт-адамда, оның табиғатында, тәрбиесі мен парасатында, адамгершілігінде. Адам жақсармай, қоғам жақсармайды. Адам тәрбиесінің, оның адамгершілік деңгейінің жалпы қоғам тіршілігінде шешуші роль атқаратынын жоққа шығару мүмкін емес. І.Жансүгіровтің өз замандастарынан бір ерекшелігі - ол қоғамдық әділетсіздіктің негізі тек әлеуметтік құрылымда ғана емес, адамның табиғатында, мінезінде, ішкі дүниесінде деп таниды. Сондықтан да, І.Жансүгіровтің негізгі объектісі - тұлға және оның қалыптасуы.
Ілияс прозасында адам бейнесі сан - түрлі мінез-құлықтармен көрініс береді, кез келген өмір тіршіліктегі іс-әрекеттерде адамды бар қырынан көрсетеді. Саналы, ізгілікті, мейірімді, жүрегінде тұнбасы бар, үлкен махаббат иесі болған жандармен қатар елді арбап, алдап, құныққан, зұлым, ниеті бұзылған жат қылықты адамдар қоса суреттеледі. Ілияс прозасындағы осындай кейіпкерлердің болмыс табиғаты жазушының өз болмысынан, жазушылық позициясынан туатыны даусыз.
Ілиястың философиялық, адамгершілік және ағартушылық ойларының, кейіпкер тұлғасы мен болмыс құбылыстары жайындағы терең толғаныстарының қазіргі ұрпаққа тәрбиелік, танымдық мәні жоғары.
І.Жансүгіров шеберлігін зерттеу жазушының көркем мұрасын танып, көзқарас, әдіс мәселелерін түсіндіруге ғана мүмкіндік беріп қоймайды, сонымен бірге қазақ әдебиетінің дамуының, оның ішінде қазақ прозасының қалыптасуының толық, біртұтас көрінісін жасауға көмектеседі.
Талай сурет, образдарында, мінездемелері мен салыстыруларында, портрет, пейзаж өрнектерінде - қысқасы жалпы бейнелеу күралдарында қалыптасқан реализм стиліне тән растық, дәлдік бар. Адамның, заттың, кұбылыстың характерлі сипат, белгілерін жазушы көп ретте тауып айтады. Сол себепті олар қысқа, жұмыр, тұжырымды болып келеді және қазақ халқының ұғымына, ойлау, сөйлеу ерекшелігіне лайық, қонымды түрде алынады. Мысалы, бойшаң, тарғыл мысық көзденген, кәмпит мұрын, ақ сұр қыз, Ол үлкен үйелмендей кісі. Майдан көзі бітіп, мұрны үшкірленіп қалған. Мойны мен жауырын тұтасып, басы ит бақтанып қалыпты. Омырауы есіктей болып, қарны дастарқанға сүйретіліп отыр. Бұған берген қымыз тек бір сабадан бір сабаға қотарылған сияқты деп берілген суреттемелер сол адамдардың бейнелерін елестетеді, Сатан отқа үйтілген сирақтай істікке жаншылып жүгініске отырды, жыландай сумаңдап, сұқсырдай сүмеңдеп, сұр атқа таман келе берді, ұйықтаған аюша бүктеліп жатқан қоңыр таудың бауыры, аршылған жуадай-ақ мойны жұп-жұмыр екен, Мәмбет оттан алып лақтырған шаладай далаға шықты, оның алдына жел жүрісті, жылпың қызметкер әйел ала сиыр көздеңкіріп үш жұмыртқаны кішкене табада шыжылдатып әкеп койды, жалма-жан жәшікті иыққа салып, қозы алып қашқан бөрідей желіп жөнелген жігіт, Ыдырыстың көңілін ит тырнағандай болды [4,211 б.] деген сықылды теңеу, балау, салыстырулар Ілияс стилінің ұлттық колоритін, оригиналдығын және ешкімді қайталамайтын өзіндік дара өзгешелігін танытады. Шалматай қажыны ит кемірген асықтай тықырайған қара қажы деп бейнелеуі тек ірі қаламгердің қолынан келмек.
Сөзді ойната білу шеберлік, шешендік болуы мүмкін, бірақ ойды ойната отырып, белгілі бір ұлттың концептуалдық дүниетанымындағы көркем кеңістікті тілдік астармен әдіптеу кез келген суреткердің пешенесіне жазылмаған қабілет болса керек.
Төмендегі мысалдар да I. Жансүгіровтің стильдік ерекшелігінен хабардар етеді: Әдемі бір қоңыр кеш. Көнетоз шағи жібек түстеніп, аспанның батыс жағы сар қызыл тартты. Ертіс өзенінің бұлдыраған жойқын беті ... мыс шәугімдей қызарғаннан-қызарып барады. Өзен үңіле қараған көзге, не отты пештің қозы, не қорыған алтын секілденіп, аспанның алтын шапақ сәулесіне араласып кетті. Жер мен көктің мұндай шекарасын ешбір өткір көз ажырата алар емес. Міне, осы шұғылаға аспанды, суды көміп бара жатқан отты күн қып-қызыл болып, шеті суға ілінді. Үйдің жанынан жылжытып айдап жіберген ақ, атандай ыңыранған пароход өзінің арнасына тартты. Бұл картина қазақ прозасына барлық жағынан жаңалық; біріншіден, бұрын бұл секілді кешкі өзеннің картинасы суреттелмеген-ді. Екіншіден, көнетоз шағи жібек түстеніп, мыс шәугімдей қызарып, үйдің жанынан жылжытып айдап жіберген ақ атандай ыңыранған пароход деген образдар қазақ жазушысының өзі тапқан, тек өзіне тән жаңалықтары.
І.Жансүгіровтің романы пейзажға бай емес, бірақ арагідік кездесетін табиғат суреттері әсем де дәл берілген. Мысалы, Жазды күні ыстықта қоңыр қырау түсіп, қар жаумай бұл таудың маңайын ел де, ма да көрмейді. Жалғыз-ақ бұл жерді мекендеп жүретін аңда - қара құйрық, қоян, қасқыр, құста - бөктергі, сауысқан, адамда - жол тосқан ұрылар ғана. Көсеумен шұқылап, отқа пісірген бауырдай қара быжырық таудың жырақаналарында жылт еткен су жоқ. Күні шыжып, ысып, аңызақ желі ұдайы соғады. Сайлардың ішінде шанғажайлап седірең тобылғы, тырбықбай бозқарағандар болмаса, берекелі шөп жоқ. Бұта да, шөп те таздың шашындай. Даланың бұл сүреңсіз, сұрықсыз пейзажы кейіпкерлердің көңіл-күйімен сәйкесіп жатады.
Жансүгіров - шұрайлы тілдің шебері. Қазыналы халық тілінен өзіне керектісін таңдап, талғап ала біледі, оны суреттеу құралы ретінде өте орынды пайдаланады. Кейіпкерлердің көзқарасына, мәдени дәрежесіне, мінез-құлқына қарап, олардың аузынан шығатын сөз де мың құлпырып тұрады. Мәселен, Сатан мен Шалматай байдың сөздері бір-біріне ұқсамайды. Сатан мақалдап, мәтелдеп сөйлейді, сөзге ұста, тапқыр. Шалматай да өз мүддесіне, көздеген мақсатына сай мақал-мәтелдерді көп қолданады. Мысалы: Жап аузыңды, сорлы сенің балақ бауың менің қолымда, Құр аяққа бата жүрмейді.
Ілияс Жансүгіров ішкі монологты да жақсы меңгерген. Светлана пароходында келе жатып Мәмбет өмір туралы былай қиялдайды. Мынау үлкен өзен, күні-түні тоқтаусыз аққан су асығып қайда барады? Су кім үшін ағады! Өзен осы ағысымен неге ұқсайды? Бір аққан су қайтпайды... Әлде адам өмірі осы сияқты ма? Бұл монолог Мәмбеттің ойын, рухани дәрежесін, мінез ерекшелігін дәл бейнелейді.
Кейіпкер тұлғасы - көркем шығармадағы кемелденген образ, оның жан- дүниесі, ойлары, сезімі мен дүниетанымы. Суреткер тұлғасы ауқымды, күрделі. Ол әдетте өзінің өмірлік түсінігін, позициясын, көкейкесті арман - мақсаттарын кейіпкер тұлғасы арқылы сөйлетеді. Жазушының дүниені түсінуі, мүддесі, мінез - құлқы, табиғат пен қоғамға қатынасы оның шығармаларының стилінде, формасында өз көрінісін табады. Кейіпкер тұлғасы суреткердің мақсат - міндеттерін анықтап көрсетеді.
Ілияс Жансүгіров шеберлікті орыс жазушысы А.М.Горькийден үйренген. Бұл ұлы ұстазды үлгі тұтамыз дейтін мақаласында: Орыс әдебиетін шама-шарқынша оқып, түсінуге жеткен күннен бастап мен Горькийге ойша еліктедім. Оның кітабын бірінен кейін бірін құныға оқыдым. Горькийдің кітаптары жазушы болуға итермелейді. Олар менің көзімді ашып, жаңа күш-қайрат берді, алға жетеледі [5,3 б.], - дейді. Шындығында да, Жолдастар романында М.Горькийдің әсері анық сезіледі.
Жазушының шығармашылық тұлғасы - көп қырлы. Ол жазушының өмірбаяны, дүниетанымы, дарыны, шеберлігі т.б. қасиеттері. Өмірбаян - жазушының өмірі жайлы мәлімет қана бермейді, оның толық өмір белестерінен, автор өмір сүрген қоғам ерекшеліктерінен, өміріне түрткі болған фактілерден деректер береді.

2.1. Ақын поэзиясы
Ілияс лириканың бар саласында қалам жебеген дарын. Оның қазақ поэзиясын өркендетуге ерен үлес қосқан саласы - пейзаждық лирика. Табиғатқа арналған өлеңдерінде сөзбен сурет салуға барынша шебер екенін көреміз. Жазға салым, Жазғытұрым, Жазғы шілде, Жаз, Қыс, Мезгіл суреттері, Жел, Жетісу суреттері, т.б. өлеңдері осының айғағы. 1925 жылы қазақ поэзиясына ұлы жаңалық әкелген Жетісу суреттері өлеңін оқығаннан кейін М.Әуезовтің - мен Ілиястың шын ақындығына ден қойдым деуі тегін емес. Ешкідей үркіп шыққан Шөладыр тұр, Қасқырдан бір тықырды көретіндей. Телміртіп Текес аса ай туады, Тайыншаның тарғыл ала зересіндей. Жайлаудың Ортасында Тұзкөл жатыр Жарқырап төбел таздың төбесіндей, деп суреттейді. Осылардың бәрінен сөзбен салынған суретпен қатар жанды кейіп те аңғарылып қалады. (Ілияс Жансүгіров, шығармалар жинағы. 1-том). Ақынның пейзаждық лирикасына жататын аса көркем шығармасы қазақ поэзиясындағы ұлы жаңалық болған Жетісу суреттері өлеңін оқытудың өзіндік ерекшелігіне тоқталғанды жөн көрдік.
Ілияс Жансүгіровтің өмірі, қиын тағдыры, шығармашылығы туралы қысқаша тоқталады. Ілияс туралы айтылған мына сөздер тақтада көрнекіліктер арқылы көрсетіледі.
Мен Ілиястың шын ақындығына ден қойдым М.Әуезов
Ілияс Жансүгіров - қазақ әдебиетінің көгіндегі аз ғана жарық жұлдыздардың бірі. Ә.Тәжібаев
Ілияс Жансүгіровті қазақ әдебиетінің шаң жұқпас жүйрігі, жыр Құлагері, поэзиямыздың бар саласына үлес қосып, поэма жанрын қол жетпес биікке көтеріп, күні бүгінге дейін үлгі шашып, дәстүр жасаған қайраткерлігін әрқашан бірінші орынға қойған абзал. Ілияс Жансүгіров ең алдымен қазақ поэзиясындағы ұлы таулардың бірі, жыр Құлагері. (Т.Кәкішев)
Міне, балалар, қазақ поэзиясының зерттеушілері Ілияс Жансүгіровке осылай деп баға берген екен. Жетісу суреттері өлеңі осыған дәлел. Өлеңнен берілген үзіндіні оқу, мазмұнын түсіндіру, идеясын ашу. Өлең жер жаннаты - Жетісудың табиғаты туралы. Өлең Жалпы сын, Тау суреті, Жетісудағы су суреті, Жетісу жәндігі, Жер түгі деген 5 бөлімнен тұрады. (Өлеңнің толық нұсқасы көп томдық шығармалар жинағында берілген. 1-том. 200-210 беттер). Ақын жер таппан жерде жетер Жетісуым деп шебер жырға қосады. Жер түгі деген бөлімнің толық нұсқасында шөптер мен ағаш түрлерінің 81 түрі айтылады.
Ағаштар мен бұталар: қарағай, тал, долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша, ақ сасық, қызыл қайың, барша, шынар, шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен, үйеңкі, шырғай, тораңғы, сары ағаш, қойқарақат, жиде, тобылғы, бауырқұрт, қараған, бозқараған, шеңгел, шілік. Барлығы: 31. Шөп түрлері: еңлік, түйеқұйрық, сарыкүйік, тауқонақ, шайшөп, маңқа, құлынембес, сүттіген, мейіз, киізкиік, ақшалғын, көкмарал, бетеге, раң, жапырақтеңге, бұйра, балдырған, у қорғасын, бәрпі, атқұлақ, жүлкеуір, шырыш, шытыр, мыңтамыр, жуа, рауғаш, жаужапырақ, сыбызғы, жалбыз, құлмақ, қарақияқ, шоңайна, меңдуана, сора, шақпақ, шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ, қанжыға, қоға, сасық, аққой, таусарымсақ, қымыздық, қалақай, атқұлақ, айылқияқ, саржағал, құстаңдай. Барлығы: 50 Осы аталған ағаштар мен шөптердің бірқатарын атап өтейік. Долана (боярышник) - Қазақстанның таулы аудандарында жи кездеседі. Әртүрлі гүлділер тұқымдасына жатады. Табиғатта долананың 1500-дей түрі бар. Жемісі қанқызыл түсті долана көп тараған. Оның биіктігі 4 метрге жетеді. Мамыр айының соңында гүлдейді. Гүл түстері ақ, күлгін, қызыл болып келеді. Гүлдері жиынтықталып, үлкен гүл шоғын жасайды. Жидегі дөңгелекше, ашық қызыл, кейде қара немесе сары түсті болып кездеседі. Долананың өсуі өте жай, бірақ төзімді. Жидегін 7 жылда салады. Жидегін пайдаланады. У қорғасын-улы өсімдік. Қазақстан далаларында оның 14 түрі кездеседі. Оны бәрпі (мәрпі) деп те атайды. У қорғасын Тарбағатайда, Жетісу Алатауында, Іле Алатауында, Күнгей Алатауында өседі. Биіктігі 80-100 см. дейін жетеді. Гүлі көк түсті. Ерте заманда адамдар оны аң аулағанда садақтың жебесіне жаққан. Өсімдік уы тамырында болады. Жалбыз (мята) биіктігі 1 м-ге дейін жететін көп жылдық өсімдік. Ол ылғалды жерлерде, таудың сай салаларында өседі. Сабақтары түзу, төрт қырлы, көп бұтақты. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, шеттері ара тісті. Гүлдері ақшыл көк немесе қызғылт, Шілде - тамыз айларында гүлдейді. Өсімдіктің жағымды хош иісі болады. (Гүлстан журналынан). Үйеңкі. Биіктігі 6 метрден аспайды. Баяу өседі. Жапырақтары ақшыл-жасыл, күзге қарай қызыл түске боялатын әдемі ағаш. Түсінің әдемілігі мен жапырақтарының алуан түсті болуы назар аудартпай қоймайды. (Мұғалім суреттер мен гербарийлер көрсету арқылы өсімдік және ағаш түрлерімен таныстырады. Олардың табиғаттағы және адам өмірінде алатын орны туралы айтады). Балалар, біз өлеңде кездесетін бірқатар өсімдіктердің түрлеріне, олардың маңыздылығына тоқталып өттік. Олар табиғат сәні. Табиғат байлығы - біздің байлығымыз. Табиғаттың өзіне тән тұнықтығын, тұңғиық сырларға толы тынықтығын, ішіне сырын бүгіп тұрар тылсымдығын ұлы ақын осылай жырлап, оның сұлулығын, сақтауға ой салған екен.
Жалпы ақындық қасиет адамға ерте қонатындығы, әдетте өлең шығару жас кезден басталатыны дүйім жұртқа мәлім факт. Бірақ сондай дарынға түрткі болатын игілікті жайт-ойы мен көңілін қозғар орта болмаса, оған қандай да бір жағдай жасасаң да, одан шығар нәтиже шамалы.
Ілиястың өскен ортасы да, өмір кешкен қоғамы да оның ең алғаш қалам тартып, ақындық жолға түсуіне түрткі болған, дарынын, ішкі талант құбылыс-қасиетін ашқан, әсемдік әлеміне жетелеген - Жетісу табиғаты мен өзінің туып-өскен жерінің сұлулығы. Әдетте, сұлулыққа тәнті болған адам ғана құштарланады, іңкәрлік сезімге бөленіп, толғанысқа, қиял-сезімге бой ұрады. Бұл жайтты Ілияс та басынан кешірген. Бойындағы сезімтал қасиеті оның ойын сан-саққа жүгіртеді, қинайды, әбден қалжырап, бәлкім қасындағы өзін сезетіндей адам табылмағасын қолына қалам алуы да ғажап емес. Алғашқы өлеңдерінің бірінде былай деп жырлайды:
Ащы көңіл,
Тұщы өмір,
Төсек - темір, бар ма дос?
Қайғы баптап,
Ойды шақтап
Сырғанақтап жүрмін бос.
( Шам-шырақ)
Немесе:
Жел жалауды желбірет! деп, ішкі дертті қалай шығаратын білмей дал болады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Ілиясқа жас,албырт кезінде табиғаттың сұлу көрінісі ерекше әсер еткен. Табиғатқа іңкәрліктен туған балғын жырлары айналадағы тылсым сәт пен жарқыл қаққан өмір көріністерінен туса, кейінірек эпикалық шығармаларға батыл ауыз салады.
"Ілияс поэзиясындағы мөлдір арнаның бірі - табиғат лирикасы"- дейді, академик Р.Нұрғалиев өзінің "Арқау" атты монографиялық еңбегінде. "Туған жерін, елінің тау-тасын өзен - көлін беріле сүйген патриот ақын қоршаған ортаның ғажап сұлулығынан өз шабытына нұр алып, сан алуан бояулары буырқанған ғажап суреттер салды. Бұлардың ішінде нақты географиялық адресі танылған ("Ағынды менің Ақсуым"), табиғаттың бір сурттегі көрінісін бейнелейтін ("Ақшам", "Бұлт", "Желді күн", "Жазғы таң"), құбылысты көз алдыңа әкелетін ("Жауында ", "Жел ", "Тас") сан алуан үлгілері бар.
Натюрморт, этюд, эскиз сипатындағы туындылардағы ойлар, символдық бейнелер, ишарат образдар философиялық идеяларға жетелейді, көп мағыналы сарын- әуездерді тудырады".
Шынында да ақынға суреткерлік, қылқалам шеберлігі секілді қасиетке ие болмай, ірі полотно жазу мүмкін емес. Ілияс өз бойындағы осы бір буырқанған қасиетті ауыздықтай ала алды ма?
-Жоқ !
Шынайы дарын тірі, көрікті табиғатты сезіне отырып оның тылсымынан шыға алмастан, оны мүмкін-қадірінше одан әрі игергісі келетіндіктен, қаламын сілтей берді.
Қазақ ортасында өлең өнері ертеден-ақ ерекше орын алды десек, табиғатты жырлау кенже қалған тақырыптардың бірі. Ілияс мұны сезінбеуі мүмкін емес. Сезінді де, осы тақырыпқа ерекше ден қойды.
Ілиястың табиғат лирикасына орай жазылған қай өлеңін алып қарасаңыз да, ондағы стил өрнегі, қаламгерлік дара тұлғасы айқындалып тұрады.
Өлеңіндегі эпикалық кеңдік, теңеу, эпитет, метафора, градация, эпифора, анафора байлығы оның поэзиясындағы негізгі белгілері десек, одан халықтыќ, фольклорлық леп ескендей сезіледі. Олай болуы заңды да. Халқымыздың құт- берекесі дарыған, көне заманнан даналық пен ақындық мекені болған Жетісу жерінің перзенті Ілияс бала күннен бастап өлең мен жырдың қойнауында туып, сонда өсіп-өркендеген. Нәтижесінде, нағыз халықтық пафоста, танымдық-білімдік тұрғыдан берері мол, этнографиялық ғылым саласына жақын жазылған өлеңді оқып тамашалайсыз.
Ақ үйге алты қанат келсем кіріп,
Босаға, маңдайша мен табалдырық,
Кереге алты жапсар, алпыс уық,
Шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық.
Құр, таңғыш, басқұр, арқан, екі аяқ бау,
Төрт ірге, есік жабық, ши туырлық,
Он бес бау ішкі-сыртқы белдеу, желбау,
Тұскиіз көрпе, көпшік, шай шымылдық
Текемет, жастық, шапан, кілем, сырмақ,
Алаша, бешпет, көйлек, сәлі бөрік,
Самаурын, үстел кесе, шәйнек, шәугім,
Дөдеге, сандық, кебеже, ақ түндік...
Бұрын-соңды мұндай өлең жазылмаған. Бұл қазақ поэзиясындағы жаңа серпін, жаңа үрдіс.
Бұл-өлең үлгісін Ілияс жас шағында жазған. Қазірде ұмытыла бастаған үй- жабдығын өлеңмен өріп, атауын атап, түсін түстеп беру Ілияс шығарамларын ерекше ажарландырады. Осы тұрғыда жазылған өлең үлгілері Ілияс поэзиясында кейінгі кезеңдерде берік орын алған.
Жетісу суреттері өлеңі Ілиястың ең айшықты шығармаларының бірі. Өз тұрғысында М.Әуезов бұл шығарманы бағалап, былай деген еді: Мен Ілиясты бұрын білуші ем, өлеңдерін оқып жүретінмін. Бірақ оның шын мағынасында дарынды ақын екенін мойындағаным сол Жетісу суреттері өлеңін оқығаннан кейін дейді. Жетісу суретінде ақын 52 тіршілік иелерін атап өтеді. Өлең жолдары былай келеді:
Мінеки. Алатауға біткен торғай:
Қара, боз, суық, бұқпас, сипті, шымшық,
Шапшақай, майлық, маубабұқа, шөже,
Тоқылдақ, сан - сапалақ атаулысы...
Ал аңдар атаулысы: сілеусін, ілбіс, аю, бұғы, бұлан, қасқыр шибөрі, қарсақ, сусар, бұлғын, жанат таутеке, арқар, қарақұйрық, суыр, марал т.б. Жыртқыш құстар: тазқара, балтажұмар, құмай жұртшы, су бүркіт, лашын, тұйған, тұнжыр, тынар, мықи, ителгі, бәрпі, қырғи, тұрымтай, бидайық, бүркіт, тығанақ тағы басқа да құстар мен қазірде ұмыт болған ағаш-шөптердің атаулары өлеңде ерекше жарасым тауып, табиғи түрде орын тепкен.
Долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша,
Ақ сасық, қызыл қайың, барша, шынар.
Шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен,
Үйеңкі, сырғай, балғын, тораңғылар,
Сарыағаш, түйеқұйрық бауыр құрттар,
Қараған, бозқараған, шеңгел, шілік,
Сықылды ағаштардың талайы бар...-деп, Жетісудың бай, шүйгін табиғатын жырға қосады. Тегінде, Жетісу суреттері, Жалпы сын, Тау суреті, Жетсудағы су суреті, Жетсу жәндігі, Жер түгі,тәрізді бес бөлімнен, 333 жолдан тұратын көлемді туынды. Бұл шығарма асқан шебердің қолынан шыққан, құлпырып жайнаған, ерекше пафоспен жазылған қазақ поэзиясындағы еш қаталанбас құнды поэзиялық мұра.
Қазақ әдебиетінің құнарлы саласының бірі - поэзия болса, Ілияс сол құнарлы салаға бар күш-қуатын сарқа жұмсаған алпауыт ақынның бірі.
В.Г.Белинский Пушкин мен Лермонтов поэзиясына орай Бүкіл әлем, гүл, бояулар, дыбыстар, бар жаратылыс, барлық өмір-поэзия дүниесі, осы құбылыстарды құпия қуат, оларға тіршілік, ойнақы өмір беретін сырлар поэзияның жаны мен тетігі. Поэзия - әлемдік өмірдің қан тамырының соғуы мен сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен күні- десе, бұл анықтама Ілиястың да поэзиясына қатысты айтылған сөз. Олай болатыны- жоғарыдағы атап өткеніміздей, Ілияс поэзиясы бастан-аяқ қазақтың халық әдебиеті мен халық тілінен нәр алып дамыған шығармашылық десек, оның тағы да бір қайнар бұлақ көзінің бірі-классикалық орыс әдебиеті. Бұл бұлақтан өз тұсында әуелі ұлы Абай сусындаса, сол Абайдың сан-салалы поэзиясынан Ілияс та үйреніп, өзіне тәлім алған.
Кейін жиырмасыншы жылдары Пушкин, Лермонтов, Крылов, Державин, Некрасов т.б. ақындардың шығармаларымен көбірек шұғылдана отырып, олардың бірқатарын қазақ тіліне аударады.Сонымен бірге әлем әдебиеті классиктері Гюго мен Гейне, Гете, татар ақыны Ғ.Тоқайды, тәжік ақыны К. Лахутиді және басқа да дүние жүзі поэзиясының өкілдері мұраларының қыр-сырына үңіліп, одан үнемі үйреніп, үлкен ізденіс жасағаны Ілияс поэзиясының диапазонын кеңейтті.
Ілияс Жансүгіров поэзия әлеміне жастай келді десек, атап өткеніміздей, балғын, талапкер шағында Абайдың поэзиясы оған ерекше әсер етті. Әйтпесе, Ілиястың жас шағындағы Құтырған күндеріндегі өлеңдері әр-әр жерде айтылған жерінде қалып, көп мұралы сақтаусыз шашылып қала берген. Сол өлеңдерінің алғашқыларының бірі Балдырған атты жинақ дәптерінде енген Абайдың әсерімен жазған өлең нұсқасы төмендегідей келеді.
Салды бұлақ енді әнге,
Құйқылжытқан келді әнге.
Тау мен тас мұңданып,
Арғы мен салды бергі әнге.
Ағаш, тоғай қуанып,
Әкетті ертіп жерді әнге.
Жан-жануар таңырқап,
Тамсандырды елді әнге.
Тоқсан толғап қайырып,
Тоқтады барып әреңге...-деп жырлайды. Мұнда не ұйқас, не форма, не өлең өлшемдері сақталмаған. Бұл Абайға дейінгі өлеңдері. Бұдан кейін, өзі айтқандай, ... Абай артық әсер етті. Ойым ояна бастады. Қайта-қайта тоймай оқи беретін болдым. Өзімде біртүрлі сергектік,сілкініс, жүрегімде жаңалық сездім. Жазуға талабым оянды, Келсе де келмесе шұқылып, өмірді өлең қыла бастадым...-дейді.
Ақын поэзия әлеміне 18 жаста келеді. Оны дәлелдейтін мына факт. 1958 жылы Қалижан Бекқожин Халық өмірінің өрен жыршысы деген мақаласында: Біздің әдебиетшілеріміз Ілиястың ақындық өнер адымы 1919-1920 жылдардан басталды деп келді. Бұл қазір теріске шықты. Алматының Пушкин атындағы көпшілік кітапханасының архив қорынан жуықта ғана табылған Ілияс Жансүгіровтің өз қолымен жазылған екі өлең дәптері ақынның өлеңді 1915-1916 жылдардан бастап жазғанын дәлелдейді.
1986-1988 жылдар арасында баспа бетін көрген Бес томдық шығармалар жинағында Ілияс Жансүгіровтің бұл томында ақын өлеңдерінің жазылу хронологиясына қарай жасалумен байланысты, оның Күзгі гүлге өлеңімен ашылып отыр. Бұған дейін Ілияс Жансүгіров творчествосы 1915-1916 жылдардан басталады делініп, келсе, ақынның Қазақ ССР Мемлекеттік архивіндегі өз қорынан табылған (№37 папка, 127-бет) осы өлеңі ол пікірді өзгертіп, оның творчествосының бұдан гөрі сәл ілгеріректен басталатынын дәлелдеп отыр. Бұл ақынның өз қолымен жазған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz