Қазақ тілі сабағында оқушыларға жазба жұмыстарының түрлерін үйрету жолындағы мәселелерге тоқталу, ашып көрсету


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- Қазақ тіліндегі жазба жұмыстар
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І-. ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖАЗБА ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1. 1. Диктант, оның түрлері және жазба жұмыстарының классификациясы . . . 5
1. 2. Жазба жұмысының инновациялық түрлері . . . 7
ІІ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ
2. 1. Мазмұндама . . . 13
2. 2. Шығарма . . . 18
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 26
ҚОСЫМША
ЖОСПАР
І. КІРІСПЕ
- Қазақ тіліндегі жазба жұмыстар
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖАЗБА ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1. 1. Диктант, оның түрлері және жазба жұмыстарының классификациясы
1. 2. Жазба жұмысының инновациялық түрлері
ІІ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ
2. 1. Мазмұндама
2. 2. Шығарма
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША
Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақ тілі сабағында оқушыларға жазба жұмыстарының түрлерін үйрету жолындағы мәселелерге тоқталу, ашып көрсету.
Осы мақсатқа сүйене отырып, курстық жұмыстың мынадай міндеттерін көрсетуге болады:
- Қазақ тілінде жүргізілетін жазба жұмыс түрлерінің маңыздылығын көрсету;
- Қазақ тілінде инновациялық жаңа жазба жұмыстарының қолданылуына мән беру;
- Қазақ тілінде жүргізілетін жазба жұмыстардың қажеттілігін дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жалпыға бірдей білім беретін мектеп балаға терең білім берумен қатар, олардың ауызекі тілі мен жазбаша тілін дамыту, ойын жүйелі айтып орамды сөйлеп әрі дұрыс жаза білуді талап етеді. Сондықтан қазіргі оқу процесі арқылы оқушылардың жазбаша тілі мәдениетін дамытып, жүйелі жазу дәрежесін көтеру мақсатын қояды.
Нәтижесі: Қазақ тілі сабағында оқушылар дұрыс жаза білуді үйренді. Оқушылардың жазба тіл мәдениеті дамиды. Жазба жұмыстарын үйретуге бағытталған жұмыстар оқушылардың психикалық процестерінің қызметін /түсінік, қабылдау, зейін, ойлау, сөйлеу, қиял, сезім, ерік/ күшейтеді. Олардың ой белсенділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қабығында өтіп жататын анализдеу, синтездеу әрекетін арттырады.
КІРІСПЕ
- Қазақ тіліндегі жазба жұмыстар
Жалпыға бірдей білім беретін мектеп балаға терең білім берумен қатар, олардың ауызекі тілі мен жазбаша тілін дамыту, ойын жүйелі айтып орамды сөйлеп әрі дұрыс жаза білуді талап етеді. Сондықтан қазіргі оқу процесі арқылы оқушылардың жазбаша тілі мәдениетін дамытып, жүйелі жазу дәрежесін көтеру мақсатын қояды.
Әрбір мұғалім қазақ тілі сабағында жазба жұмыстарын үйретіп, тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білуде ең негізгі мәселенің бірі - оқушының жас ерекшелігі мен білім қорына байланысты жазба жұмысын үйретудің міндеті мен көлемін анықтау болып табылады. Мұғалім сол міндет пен көлемге байланысты жазбаша тіл дамыту жұмысының түрін, көлемін, оның әдіс-тәсілдерін белгілейді, анықтайды.
Жазба жұмыстарын үйретудегі басты мақсат - баланы жан-жақты дамыту жұмысы, оқушылардың жалпы ойын дамытуға мақсатталынады, қызығушылығын оятып, шығармашылықпен айналысуға бағыт береді. Яғни, оқушылардың жазбаша тілін дамыту мәселесін, олардың ойлау қабілетімен байланыстыра, сондай-ақ ойлау мен жазу процесінің бірлігінде ұйымдастырады.
Бағдарламада, оқулықта мектеп өмірінде «жазба жұмысын үйрету» терминдері «тіл ұстарту», «байланыстырып сөйлеу» және т. б. терминдермен алмастыру байқалады.
Өйткені соңғы кездерде тіл мәдениетіне айрықша көңіл бөлініп, бағдарлама, оқулықтарда, әдістемелік әдебиеттерде «жазбаша тіл мәдениетін дамыту», «тіл ұстарту», «тіл дамыту», «байланыстырып сөйлеу» т. б. терминдер жиі ұшырасуда.
Ғалымдардың айтуынша мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйене отырып, мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушыларға жазба жұмыстарын үйрету үшін оның психологиялық, лингвистикалық ғылыми негіздері мен педагогикалық ерекшеліктерін анықтауға болады.
Практикалық және шығармашылық жұмыстардың барлығы сабақта өтіліп отырылған грамматикалық материалдарға байланысты жазбаша тіл ұстарту жұмысы мен арнайы жүргізілген тіл дамыту жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға байланысты жүргізілетін жұмыстардың / сөйлем құрау, тест талдау, мазмұндама, шығарма және т. б. / оқушының активтік қиялдарының дамытылуына маңызы зор болып есептеледі.
Жазба жұмыстарын үйретуге бағытталған жұмыстар оқушылардың психикалық процестерінің қызметін /түсінік, қабылдау, зейін, ойлау, сөйлеу, қиял, сезім, ерік/ күшейтеді. Олардың ой белменділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қабығында өтіп жататын анализдеу, синтездеу әрекетін арттырады.
Мектеп қабырғасында қазақ тілінен жүргізілетін жазба жұмыстардың оқушыны сауаттылыққа, ұшқыр білімге жетелеуде өзіндік маңызы өте зор. Жазба жұмыстардың түрлері де сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып келеді.
Қазақ тілінің методикасының үлкен де күрделі бөлімі - тіл дамыту. Себебі тілдің өзі күрделі құбылыс. Ал қазақ тілі пәнін оқытуға байланысты оқушылардың жазбаша тілін дамытудың әдіс-тәсілдерін анықтау да қиын мәселелердің бірі.
Тіл дамыту әрқашан әдістеме тарихында арнайы қаралып отырды. Оның маңызы, қажеттілігі айқындалды. Бірақ ол әдістеме теориясына арнайы білім ретінде кейін кірді. Әсіресе әдістеменің негізгі атаулары және категориялары тіл дамытуға арналған жұмыстар, жазба жұмыстарының мазмұны, көлемі, құралы, оқушының жазбаша тіл байлығын бағалау, нормалары әлі де анықталу қажет.
Осыған байланысты тіл ғылымы негізінде оқушылардың жазбаша тілін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдері мен қазақ тілі пәні мұғалімінің оқушыларға жазба жұмыстарын үйрету кезіндегі алатын орнын анықтау жұмыстың өзекті мәселесі болып қарастырылады.
І. ЖАЗУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1. 1. Диктант, оның түрлері және жазба жұмыстарының классификациясы
Жоғары сыныптарда қазақ тілін сабағында жүргізілетін жазу жұмысының көптеген түрі бар. Соның бірі - диктант. Бұл ұғым өз бетімен ойын қағаз бетіне түсіруді және айтып тұрғаннан жазуды меңзейді. Оның түрлері: әріп, буын, сөз, сөздік, ескерту, шығармашылық, көру, өздік, терме, графикалық және бақылау диктанттары.
Әріп диктанты. Бастауыш сыныпта алғашқы әріптерді үйренгеннен кейін өткізіледі. Ол дыбыс таңбасының баспа түрінен жазба түріне аударып жазуға үйрету, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге дағдыландыру және көркем жазуын қалыптастыру үшін қолданылады.
Буын диктанты сауатты жазуға үйрету, қате жазудан сақтандыру, сөзді буындап оқуға, оны жаттап алуға көмектесу, сөздерді тасымалдай білуге үйрету сияқты жұмыс түрлерін қамтиды.
Сөз диктанты әріп пен буын диктанттарына қарағанда біраз күрделірек. Мұндағы мақсат - оқушыларға сөз белгілі бір ұғымды білдіретінін, ярни мағынасы болатынын түсіндіру. Мұнда оқушылар өздері естіген әрбір сөздің нақты мағынасын түсінумен қатар, оларды буынға бөліп жазып үйренеді. Осыдан кейін ғана олар жеке сөзді, әріпті тастап кетпей, артық әріп қоспай немесе әріптердің орынын ауыстырмай, әрбір сөздің мағынасын түсініп, қатесіз, көркем жазуға дағдыланады.
Жоғарыда айтылған әріп, буын, сөз диктанттары бастауыш сыныпқа арналған диктанттар, яғни кеңірек айтылғандықтан, бұларға көп тоқталмаймыз.
Сөздік диктанты әріп емлесін өту кезінде белгілі бір сөздердің жазылуын есте сақтау үшін пайдаланылады. Диктантқа ұсынылатын сөздердің саны 5-6 сыныптарда 30-35-тен аспауы керек. Сөздік диктанты өтіліп отырған тақырыпқа байланысты мұғалімнің қалауымен жүргізіледі.
Терме диктанты белгілі бір ережені оқушылардың қалай меңгергенін байқау үшін сабақ үстінде жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқып алдында қандай ережеге көңіл аудару керек екендігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады,
Көру диктанты мұғалімдер тәжірибесінде өте пайдалы, диктантқа үйрететін жұмыстардың ішіндегі ең бастысы больш есептеледі. Бұл диктант түрі оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілгсн өлеңдерді алуға болады.
Диктант мәтіндері үзіліс кезінде тақтаға немесе алдын ала аумақты қағазға жазылып қойылады. Оларды оқушылардың 2-3 рет оқып шығуына, асықпай көріп, жадында сақталуына 1 - 2 минут уақыт беріледі. Содан ке-йін мұғалім оны жауып қояды. Оқушылар тақтадан оқыған мәтінін есіне түсіріп, дәптерге жазады. Мұндай материалдардың құрамында жазылуы қиын сөздермен бірге, баса көңіл аударуға тиісті ережелері бар термин сөздер болса, мұғалім олардың астын түрлі түсті бормен сызып қояды.
Өздік диктантында оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөз бен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлемдер мен жаттап алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, ойлана отырып өз бетінше жазады.
Диктанттың бұл түрінің өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Мұғалім өздік диктанты қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын ала ескертіп қояды.
Шығармашылық диктант - үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арт-тыру көрсеткіші. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктері болады.
Ескерту диктанты көлемі, орфографиялық емле, сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді. Мұнда осы уақытқа дейінгі өтілген барлық материал түгел қамтылып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді.
Графикалық (сызба) диктантты сөйлемдегі сөздердіңбайланысын сызба арқылы көрсету, керісінше, берілген сызба бойынша сөйлем құрау сияқты түрлі вариантта жүргізуге болады.
Бақылау диктанты бұрын өтілген материалдарды оқушылар қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейінің қандай екенін анықтау мақсатымен жүргізіледі. Бақылау диктанты белгілі бір тарауды оқып бітіргеннен кейін және тоқсанның, жылдың аяғында өкізіледі.
Ол төмндегіше жүргізілеі:
а) диктант тақырыбы тақтаға жазылады да, алғшқы сөйлемнің бірінші сөзі жаңа жолдан басталатыны ескертіледі. Диктант мәтінінде кездесетін жазылуы қиын немесе ережелері өтілмеген сөздерді мұғалім үзіліс кезін-
де тақтаға жазып қояды;ә) диктаит мәтінін мұғалім екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді;
б) егерде диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз тіркесіненнемесе байланысты сөйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзі мен сөйлемін мұғалім үшрет қана қайталап оқиды. Осыған орай диктантты жазар алдында оқушыларға әрбір сөзді немесе сөйлемдікөңіл қойып тыңдап, олардың мағынасын ұғып алғаннан кейін ғана жазуға кірісу керектігі ескертіледі. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазып отыруын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы бітісімен, келесі сөйлемдіоқиды. Бірақ ол жаңа сөйлем екені айтылмайды;
в) оқушылар диктант мәтінін түгел жазып болғаннан кейін мұғалім мәтінді бастан-аяқ тағы бір рет оқиды. Осыкезде оқушылар өз жазғандарын мұғалімге ілесе отырып тексереді. Қатесі болса түзетеді.
Мұғалім диктантты бір орында тұрып оқиды.
5-6-сыпыпта алынатын бақылау диктантының көлемі төмендегідей:
I жарты жылдықта -90-95 сөз,
II жарты жылдықта -95-100 сөз.
1. 2. Жазба жұмысының инновациялық түрлері
Диктант дәстүрлі оқыту үрдісінде ежелден келе жатқан жазба жұмыстардың бір саласына жатады. Диктанттың бірнеше түрі іс-тәжірибеде пайдаланылып келеді. Олар: терме диктанты, бақылау диктанты, көру диктанты, түсіндірмелі диктант, сөздік диктанты, өздік диктанты, ескерту диктанты, ерікті диктант, шығармашылық диктант. Олардың әрқайсысы өзіндік ерекшелігі, әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Дәстүрлі оқытудағы барлық диктанттың басты мақсаты - балалардың білімін тексеру, бақылау, теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білуге дағдыландыру, сауаттылыққа баулу болып келеді. Оқыту үрдісін технологияландыру кезеңі диктант түрлерін және оны жүргізудің жаңа инновациялық жолдарын жетілдіру мақсатын алдыға қойып отыр. Шығармашылық сипаттағы диктанттардың кейбір түрлері дәстүрлі оқыту үрдісінде де жүргізіліп келеді. Щығармашылық диктанттың өзіндік ерекшелігі туралы орыстың педагог ғалымы М. И. Рудякова "Творческий диктант не является разновидностью диктанта, а скорее это самостоятельная работа типа сочинения" дейді (Сборник диктантов по орфографий и пунктуаций. М., "Просвещение", 1991, 4-бет) . В. М. Гусинова мен К Еркібаеваның "Сборник текстов для изложении" деген оқу құралында "Тексты взятые из произведений классической и современной художественной литературы, научно-популярной литературы, периодическойпечати должны помочь в формировании у школ гражданственности, любви к труду, стремлени гуманитарным знанием" деген пікірлерінің пәнаралықбайланыстағы шығармашылық диктанттарға да қатысты жағыбар (А„ "Рауан", 1998, 4-бет) .
Диктанттардың шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін жаңарту, жаңғырту, жаңа технологиядан іздену - тіл дамыту жұмысының басты мақсаты.
Қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген шығармашылық диктанттың төрт түрін ұсынуға болады: сөздік диктантының жаңа түрі; модельге негізделген диктант; "өзің тап" диктанты; "бестік" диктанты.
Шығармашылық диктанттарды жүргізудің басты мақсатын төмендегідей саралауға болады: қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін тәжірибеде пайдалана білу дағдыларын жетілдіру; сауаттылықка, жазу мәдениетіне баулу; көркем мәтін негізінде әдеби тілдерін ұстарту; тіл дамытуға негізделген шығармашылық диктанттар технологиясын жетілдіру,
Шығармашылық дикганттарды жүргізуде мына мәселелер ескерілуі тиіс: диктант мәтініне суреттеулер, баяндаулардан гөрі мазмұнды оқиғалардың алынуы; даралап, саралап оқытуды басшылыққа алу; көмек керек ететін оқушыларға көмек-нұсқау ұсыну (ол - мәтінді оқушының ары қарай жалғастыруы үшін беріледі) ; оқиғаның жалғасы тұжырымды жоспар түрінде ұсынылады; диктант мақсатына сай керекті тірек сөздерді ұсыну.
Диктант жазар алдында шығармашылық конкурс жариялауға болады. Конкурс оқушыларды ынталандырады, олардың назарын бір мақсатқа жұмылдырады. "Словарь-справочник по методике русского языка" деген еңбегінде М. Р. Львов былай дейді: "В творческих работах учащихся отражается личность школьника, его чувства, взгляды, его жизненная позиция. Творческие работы - сильное воспитательное средство" (М., "Просвещение", 1988, 68-бет) . Осы пікір шығармашылық диктанттарға да тән. Әдебиетпәнінің тәрбиелік мәні зор. Ол оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, дүниетанымы, көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді. Әдебиет пен қазақтілінде өтіліп жатқан материалдарды байланыстыра отырып оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу, тіл дамьпу оны жүргізудің басты мақсаты болып табылады.
Сөздік диктанты. Сөздік диктант дәстүрлі оқыту әдістерінде бұрыннан бар. Сөздік диктантының өзіндік ерекшелігін пікірлерден көруге болады: "Его отличителъная черта состоит в том, что диктуются слова, словосочетания, а не предложения. Словарный диктант может быть предупредительным, обьяснительным, контрольным. Он позволяет экономит время, концентрировать внимание учащихся на нужных орфофаммах, обогощать и активизировать внимание учащихся на нужных орфограммах, обогощать и активизировать словарь учащихся" деп пікірін білдіреді М. Р. Льбов. (Сборник диктантов и изложений. А., "Жеті жарғы", 2001, 149-бст) .
Ал қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген бұл сөздік диктанттың әдістемесін нақты мысалдармен түсіндіруге болады.
1-кесте. Сөздік диктанттың 1 түрі
Мұғалім оқитын
сөздер
Оқушылар тауып жазатын оның мағынасы
Көксерек
Аңшылар ауылға әкелген
қасқырдың бөлтірігі
Құрмаш
Көксеректі бауырына басып, аялап
өсірген бала
Сөздік диктанттың 2 түрі . Керісінше, сөздің мағынасы айтылады, оқушы ол сөзді табады.
2-кесте. Сөздік диктанттың 2турі
Мағынасы
Сөздер
Аңшылар ауылға әкелген жетімбөлтіріктің аты
Көксерек
Бөлтірікті өсірген бала
Құрмаш
Көксеректі бастан теуіп,
еңіреген адам
Құрмаштың әжесі
Мұндай диктанттарды қазақ тілінің кай тақырыбы болмасынәдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармаларды негізге ала отырып, бірлікте жүргізуге болады. Сөздік диктантына қойылатын талаптар: тұжырымдылық, яғни сұрақтың да, жауаптың да нақты, жинақы әрі мәнді болуы; алғырлық, шапшаңдық; әдебиеттен алған білімдерін қазақтілі пәніне пайдалана білулері.
Сөздік диктантының тіл дамытудағы тиімділігін төмендегідей саралауға болады: оқушыларды қазақ тілінен оқып жатқан тақырыптарды қайталап, оны әдебиетпен байланыстыра отырып, жаңа мақсатта пайдалануға, білімдерін тереңдетуге көмектеседі; сауатты жазуға, сөздік қорын дамытуға әсер етеді; еске сақтау қабілетіне игі ықпалын тигізеді.
Сөздік диктанттарды түрлендіріп отыруға болады. Оқушыларды қызықтыра отырыл, тиімді әдіс-тәсілмен алған білімдерін ары қарай дамытуға дағдыландыру керек.
Шығармашылық іс-әрекеттің өнімді жолдары баршылық. Соның бірі алған білімді модельдей білу, оны мазмұны мен мәніне қарай көз алдыға келтіру немесе бір белгілермен жобалау, сұлбасын, нобайын салу, бейнесін болжау болып табылады. Бұл жөніндегі Н. Г. Пищугиннің "Мы будем представлять модель как знаковую систему, отображающую какой-либо объект. Она может приобретать форму схемы, макета, графики, и существовать в виде реального объекта, который в таком случае становится подобием другого (моделируемого) объекта" деген пікірі оның маңызын ашып тұрғандай (2. 3) .
Модельдеу технологиясы қазақ тілі сабақтарында сызба, макет арқылы емес, тіл арқылы жүргізіледі. Сол себептен де модельдеу шығармашылық жұмыстың бір түрі ретінде тіл дамыту үрдісінің жемісті, өнімді тәсілі болып табылады. Модельдеуді диктанттарға да пайдалануға болады.
Сөздік диктанттардың келесі түрі модель толтыру негізінде жазылады. Оның әдістемесі. Диктант екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде диктант мәтіні оқылады. Ол әдебиеттен өтіпжатқан көркем шығармадан алынады Мысалы, 6-сыныпта оқып жатқан Мағжан Жұмабаевтың "Мен кім?" өлеңінің негізінде жазғызуға болады. Көп нүктенің орнына оқушылар керекті сөзді тауып жазады, яғни Мағжанның өзіне берген бағасын еске түсіре отырып жазады. Екінші кезеңде мұғалім алдарына ұсынған модель-сызбаны толтырып, диктантты ары қарай жалғастырады.
Үлгі:
Арыстанмын,
Мен кім?
Жолбарыспын
Күнмін
Тұлпармын
Бұлтпын,
Желмін
Екінші кезенде өлеңді еске түсіру мақсатында мұғалім мәнерлеп оқиды. Сызбаның сұлбасы ғана беріледі, ал оқушылар әдебиетпен, қазақ тілінен алған білімдері бойынша оны жоғарыдағы үлгіге қарап өздері толтырады.
Сөздік диктанттың бұл түрі мына кезеңдерден тұрады. Бірінші кезенде тапсырмалар беріледі, мақсат түсіндіріледі. Екінші кезеңде оқушылар керекті сөздерді теріп жазады, өлеңнің түпнұсқасындағы сөздерді дәл жазу арқылы ақын "Меннің" моделін толтырады. Үшінші кезенде қазақ тілі бойынша берілген тапсырмаларды орындайды. Модельдеріндегі есімдіктерді, зат есімдерді тауып, түлғасына қарай талдайды. Талдау түрлері мұғалім қалауына қарай басқаша да болады. Төртінші кезеңде оқушы өзіне "Мен кім?" деген сұрақ қоя отырып, "Мағжан ізімен" деген тапсырма орындайды. Онда олар өздеріне өздері баға беріп, өз "Менін" толтырады. Бесінші кезеңде осы соңғы тапсырманы "Сен кімсің?" деген сұрақ арқылы, бір-біріне баға беру арқылы жалғастырады. Осы жұмыстардың үлгісі төмендегідей болады.
Мағжанның "Мені"
Мен кім? - Арыстанмын
- Жолбарыспын
Оқушының өз "Мені"Мен кім? - Жас тұлпармын
- Жас қыранмын т. с. с.
- Бір-біріне берген баға:
Сен кімсің? - Үлгілі баласың
- Адал доссың т. с. с.
Соңғы бесінші кезеңдегі тапсырмалардың білімділік мәнімен қатар тәрбиелік мәні де зор. Ол әділдікке, турашылдыққа, өз-өздерін бағалай білуге әсер етеді. Сөздік диктанттарда да оның тәрбиелік жағына ерекше көңіл бөлген жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz