Лиро- эпостық және батырлар жырындағы салт- дәстүрлерді оқыту


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ

- Лиро- эпостың туу, қалыптасу тарихы

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

І . ЛИРО- ЭПОСТЫҚ ЖӘНЕ БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ САЛТ-

ДӘСТҮРЛЕРДІ ОҚЫТУ

1. 1. Лиро- эпостық жырлар

1. 2. “Қозы көрпеш - Баян сұлу” жыры

1. 3. Жырдың зерттелуі

1. 4. Лиро- эпос жырларының бірі “Қыз Жібек”

1. 5. «Айман- Шолпан»

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ

- Лиро- эпостың туу, қалыптасу тарихы . . . 3

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

І . ЛИРО- ЭПОСТЫҚ ЖӘНЕ БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ САЛТ-

ДӘСТҮРЛЕРДІ ОҚЫТУ

1. 1. Лиро- эпостық жырлар . . .

1. 2. “Қозы көрпеш - Баян сұлу” жыры . . .

1. 3. Жырдың зерттелуі . . .

1. 4. Лиро- эпос жырларының бірі “Қыз Жібек” . . .

1. 5. «Айман- Шолпан» . . .

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМША

Курстық жұмыстың мақсаты . Лиро- эпостық және батырлар жырындағы салт- дәстүрлерді оқыту. Жырдағы кедесетін салт-дәстүрлер, олардың қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі, бала тәрбиесіндегі орны туралы білім қалыптастыру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Оқушыларға лиро - эпостық жырлар жайында мағлұмат беру;
  • Дүние тану жолындағы ой- өрісін, қиялының шамасын, еркін сөйлеуге, терең ойлауға, әдеби тіл байлықтарын дамытуға итермелеу.
  • Тапқырлыққа, достыққа баулыту. Елін, жерін, Отанын сүйюге, патриоттық сезімдерін оятуға тәрбиелеу

Тақырыптың өзектілігі. Эпос (грекше, eposn - әңгімелу, тарихтап айту) - көркем әдебиеттің байырғы негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мол қамтып, кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі күрделі жанр. Эпостың туу, қалыптасу тарихы адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр. Қай халықтың болсын баяғы бабалар заманынан бері қарай ауыздан-ауызға таратып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып келе жатқан әдеби туындылардың дені-эпостық жырлар.

І . Кіріспе

1. 1. Лиро- эпостың туу, қалыптасу тарихы

Эпос - көркем әдебиеттің байырғы негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мол қамтып, кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі күрделі жанр. Эпостың туу, қалыптасу тарихы адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр. Қай халықтың болсын баяғы бабалар заманынан бері қарай ауыздан-ауызға таратып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып келе жатқан әдеби туындылардың дені-эпостық жырлар.

Эпостық шығарманың арқауы - автор үшін ішкі субъективтік шындық емес, сыртқы объективтік шындық. Жекелеген адамдардың көңіл-күйі ғана емес, бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігі, тарихи тағдырлары мен ұлттық адам заңдылықтары .

Адамның көңіл-күйінен туатын лирика мен қимыл-әрекетіне негізделетін драмадан эпостың айырмасы - мұнда шындық кең көлемдегі баяндалу, әңгімелеу арқылы жинақталады. Сонда эпикалық шығармадағы авторлық суреттеу мен қаһармандардың диалог - монологтары - эпостық баяндауды жүзеге асыру жолдары, амалдары мен тәсілдері ғана. Белинский эпикалық шығарманың тағы бір ерекшелігі ретінде, мәселен, драмадағы басты нәрсе - адам болса, эпостағы басты нәрсе -оқиға екенін ескертеді

Лиро-эпос - лиро -эпикалық жанр, лирикалық әрі эпикалық тұрғыдан жасалған көркем әдеби шығарма. Лиро-эпостық шығарманың қаһармандары қарапайым, сүйіспеншілікке берілген нәзік сезімді, азаттық үшін күрескер жандар болып келеді.

Батырлар жыры сияқты лиро-эпостың да нұсқалары көп.

Талай ғасырларды басынан кешіргендіктен, лиро-эпостардың да негізгі желісіне басқаша бір оқиғалар, эпизодтар қосылуы кейде бір нұсқада бар көріністер, екіншісінде болмауы кейде шығармаларда суреттелетін оқиғалардың шиеленісі, шарықтау шегі мүлдем өзгеше болуы да ықтимал.

Батырлар жырымен салыстырған, сүйіспеншілік, махаббат тақырыбындағы жырларда халықтың тұрмыс-салты, әдет - ғұрпы, адамның ішкі сезімі молынан баяндалады. Бұлардың лиро-эпос деп аталуы да сондықтан.

Лиро-эпостық жырлардың жариялану тарихында Қазан төңкерісіне дейін орыс ориентанистері В. В Радлов, И. Н. Березин, Г. Н. Потанин т. б. еңбек етті. Ал қазан төңкерісінен кейін бұл бағытта М. О. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев, М. С. Сильченко, Н. С. Смирнова, М. Ғабдуллин, Ә. Қоңыратбаев т. б. зерттеушілердің еңбегі бар.

Лиро-эпос ескі әдет-ғұрып нормаларына негізделген күрделі жанр болып табылады. Батырлық жырлар мен лиро-эпос арасындағы ерекшеліктер қандай деген сауалға тұңғыш рет М. Әуезов жауап іздеген еді.

Батырлық жырлардың тақырыбы-ерлік болса, ғашықтық жырлардың тақырыбы - сүйіспеншілік.

Батырлық жырлардың образдарында әсірелеу басым болса, лиро-эпоста реалистік арна үстем;

Батырлық жырларында көбіне сыртқы, коллизиялық тартыс суреттелсе, лиро-эпоста қазақ қоғамының ішкі қайшылықтары, халық өмірінің шынайы суреттері көрсетіледі, - деп атады М. Әуезов.

Бұл пікірмен ғалым Ә. Қоңыратбаев та келісіп, қуаттайды. [16; 195]

Лиро-эпос жырларының қай мезгілде пайда болғанын кесіп айту өте қиын. Өйткені, олар кезінде қағаз бетіне түспеген және басқа да жөнді дерек сақталмаған, тек ұрпақтан-ұрпаққа ауызша айтумен жетіп отырған. Бұл нұсқалардың көпшілігі көне заманда туып тарала бастады десек те, халық арасында жайылған аңызға қарағанда, сол жырлардың бір қатарын ХVІІІ-ХІХ ғасырда өмір сүрген атақты ақын-жыраулардың ел аралап айтып жүргені, өңдеп жөндегені мәлім.

І . ЛИРО- ЭПОСТЫҚ ЖӘНЕ БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ САЛТ-

ДӘСТҮРЛЕРДІ ОҚЫТУ

1. 1. ЛИРО-ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАР

Лиро-эпостық жырлар ғашықтық жырлар - лирикалық әрі эпикалық шығарма. Оқиға желісі бірін-бірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа құрылады. Көпшілігінің оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған, жастарға ескі салт-сана қарсы тұрып, мерт қылумен аяқталады. Лиро-эпостық жырларларда халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, көңіл-күйі көбірек суреттеледі. Оларда реалистік және романтикалық көріністер сабақтаса келіп, реалистік әдіс басым жатады. лиро- эпостық жырларда кейіпкерлер батырлар емес, карапайым адамдар. Екі жастың бір -біріне деген сүйіспешілігін жырлайтын эпостарда, негізінен, махаббат отына жанған қыз бен жігіттің қосыла алмай, трагедияға ұшыраған тағдыры баяндалады. Әдетте, олардың бақытына кедергі болатын нәрсе -ата- аналардың қарсылығы немесе қызға ғашық басқа жігіттің жауыздығы, иә болмаса екі рудың араздығы болып көрсетіледі.

Ғашықтық жырлар көркем фольклордың даму барысында батырлық эпостан кештеу қалыптасқан, бірақ бұл қаһармандық жыр мүлде өшіп, оның орнына романдық эпос келді деген сөз емес, Эпостың бұл екі түрі көп уақыт бірге, бір -бірімен байланыса, қатарласа дамыған. Ұқсастықтары да аз емес. Олардың жалпы поэтикалық сипаты ұқсас. Айталық, сюжеттік құрылымдардың бір типті болып келуі, образдар жүйесіндегі біркелкілік, өлең құрылысы мен бейнелеуіш құралдардың біртектілігі секілді белгілер эпостың екі түрінде де кездеседі. Ғашыктык жырлар көп вариантты болып келеді Оның себебі көп замандар бүл жырлар ауыздан- ауызға тарап, біреуден біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп баспаға іліккен.

Лиро-эпостық жырлардың түрлері

Қазақ Лиро-эпостық жырлары негізінен екі түрге бөлінеді:

  1. Қазақ халқының төл туындылары - "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу", "Қыз Жібек", "Айман-Шолпан"; "Күлше қыз", "Құл мен қыз", "Мақпал қыз", "Есім - Зылиха"
  2. Шығыс әдебиеті негізінде назира гөйлік дәстүрде жазылған қиссалар "Мұңлық - Зарлық", "Сейфілмәлік", "Бозжігіт", "Таһир - Зуһра", "Жүсіп - Зылиха", "Шәкір - Шәкірат", т. б.

Лиро-эпостық жырларында тұрмыс-салт жырларының айтыс, жоқтау, жар-жар, жұбату, жұмбақ айтыс, қоштасу, сыңсу сияқты түрлері өте жиі кездеседі. Қазан төңкерісіне дейін Лиро-эпостық жырларын жинап, жариялауда орыс ориенталистері В. В. Радлов, И. Н. Березин, Г. Потанин, т. б. көп еңбек сіңірді. Лиро-эпостық жырларды С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев, Ә. Қоңыратбаев, М. С. Сильченко, Н. С. Смирнова, М. Ғабдуллин, т. б. ғылыми тұрғыда зерттеп, еңбектер жазған.

Ертедегі қазақ поэзиясывда сюжетті әңгімеге құрылған жырлардың бір бөлігі лиро-эпос деп аталады.

Егер, батырлар жырының басты тақырыбы, күрделі әңгімесі - ел қорғау жайы болса, лиро-эпостық жырлардың одан біраз айырмашылығы бар сияқты. Ең алдымен, бұл алуандас жырлардың оқиғасы халықтың ертедегі жалпы әдет-ғұрпына, үйлену салтына байланысты туған. Онда көбінесе бір-біріне ғашық болған жұбайлар жайы, олардың қуанышы мен арман-мұңы, қайғы-шері суреттеледі. Және де өткен заманда жастардың бас еркі болмағандығы, олардың арман-мүдделеріне жетуі, сүйгендеріне қосылуы жолында көпте-ген бөгеттердің кездескендігі, ол бөгеттерді жеңе алмай ауыр аза, зор қасіретке ұшырағандары жырға қосылады. Бұл ретте халықтық негізде туған лиро-эпос жырлары өткен заманның жастарға жасаған озбырлық әдет-ғұрпын сынға алады.

Батырлар жыры сияқты лиро-эпос жырлары да бір дәуірдің жемісі емес. Бұл да талай ғасырмен бірге жасасып, әртүрлі жағдайларды, таптық, қоғамдық тілектердің ыңғайына қарай өзгеріп отырған. Ұрпақтан ұрпаққа ауызша айтылу түрінде, көптеген өзгерістерге ұшырау арқылы жеткен. Халықтық ортада туған және халықтың көзқарасын, тілегін білдіретін жырлардың өздері де таза күйінде халықтық сипатын толығынан сақтаған емес. Халықтық сипаты бар деп танылатын лиро-эпос жырларының қайсысынан болса да әр қилы қайшылықтар мен кемшіліктердің кездесуі осыдан. Сондай-ақ, халықтың лиро-эпос жырларын үстем тап та өз мүддесіне пайдаланған, жырдың халықтық идеясын бұрмалап, ескі әдет-ғүрыптың халыққа жат жақтарын мақтап көрсетуге тырысқан.

Қазақ ауыз әдебиетінде лиро-эпос жырларының ертеден келе жатқан бірнеше үлгілері бар. Солардың ішінде бастылары деп “қозы Көрпеш - Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Күлше қыз - Назымбек” “Мақпал қыз”, “Құл мен қыз”, “Айман - Шолпан” жырларын айтуға болады. Бұл жырларда тек ғашықтық, махаббат әңгімелері ғана суреттелмейді.

Солармен қатар, халықтың ертедегі тұрмысы, салты, қоғамдық мәні бар жайлары қамтылады. Жырлардың оқиғасы халықтың тұрмыс, салтынан туып дамиды, күрделі әңгімелер айтылады. Осыған орай біз лиро-эпостың кейбір үлгілерін мысалға ала талдап көрелік.

Ертедегі қазақ поэзиясывда сюжетті әңгімеге құрылған жырлардың бір бөлігі лиро-эпос деп аталады.

Егер, батырлар жырының басты тақырыбы, күрделі әңгімесі - ел қорғау жайы болса, лиро-эпостық жырлардың одан біраз айырмашылығы бар сияқты. Ең алдымен, бұл алуандас жырлардың оқиғасы халықтың ертедегі жалпы әдет-ғұрпына, үйлену салтына байланысты туған. Онда көбінесе бір-біріне ғашық болған жұбайлар жайы, олардың қуанышы мен арман-мұңы, қайғы-шері суреттеледі. Және де өткен заманда жастардың бас еркі болмағандығы, олардың арман-мүдделеріне жетуі, сүйгендеріне қосылуы жолында көпте-ген бөгеттердің кездескендігі, ол бөгеттерді жеңе алмай ауыр аза, зор қасіретке ұшырағандары жырға қосылады. Бұл ретте халықтық негізде туған лиро-эпос жырлары өткен заманның жастарға жасаған озбырлық әдет-ғұрпын сынға ала-ды.

Батырлар жыры сияқты лиро-эпос жырлары да бір дәуірдің жемісі емес. Бұл да талай гасырмен бірге жасасып, әртүрліжағдайларды, таптық, қарай өзгеріп отырған. Үрпақтан ұрпаққа ауызша айтылу түрінде, көптеген өзгерістерге ұшырау арқылы жеткен. Халықтық ортада туған және халықтың көзқарасын, тілегін білдіретін жырлардың өздері де таза күйінде халықтық сипатын толығынан сақтаған емес. Халықтық сипаты бар деп танылатын лиро-эпос жырларының қайсысынан болса да әр қилы қайшылықтар мен кемшіліктердің кездесуі осыдан. Сондай-ақ, халықтың лиро-эпос жырларын үстем тап та өз мүддесіне пайдаланған, жырдың халықтық идеясын бұрмалап, ескі әдет-ғүрыптың халыққа жат жақтарын мақтап көрсетуге тырысқан.

1. 2. “ҚОЗЫ КӨРПЕШ - БАЯН С¥ЛУ” ЖЫРЫ

Лиро-эпос жырларының ішінде тақырыбы, оқиғасы, құрылысы жағынан ерекше орын алатыны және халық арасына көп тарағаны - қозы Көрпеш-Баян сұлу жайындағы жыр. Бұл жыр бір-біріне ғашық болған екі жастьщ өдоірін ғана баяндаған дастан емес. Ол сонымен қатар, қоғамдық мәні бар әңгімелерді қамтыған, халықтың өткендегі тұрмыс-салтын суреттеген жыр.

Жырдыңң “қозы Көрпеш - Баян сұлу” жыры тек қазақ арасында туып, қазақ еліне ғана та-раған жыр емес. Ол ерте кезде бір-бірі-мен қарым-қатынас жасаған, көшіп-қонып көршілес болған, түрмыс-салты, тіршілігі ұқсас қазақ, башқұрт, барабын татарлары, үйғыр, алтай елдерінде айтылып жүрген жыр. Аталған халықтардьщ қайсысы болса да жырды өзінің төл шығармасы деп таниды.

Соңғы кезде “қозы Көрпеш - Баян сұлу” жыры жай-ында біраз еңбектер жазылды. М. әуезов, қ. Жүмалиев, Ы. Дүйсенбаев, ә. қоңыратбаев сияқты галымдар бүл жырды арнайы зерттеп, оның қазақта он алты варианты барлығын анықтады. Және де олар жырдың қазақтағы варианттарьш башқұрт, ұйғыр, барабын татарлары арасында, алтай ел-дерінде айтылатын әңгімелерімен салыстыра зерттеді, қандай ұқсастықтары, айырмашылықтары барлығын көрсетті.

Қазақ арасында айтылып, ауызша тараған “қозы Көрпеш - Баян сұлу” жырының он алты варианты бар дедік. Оларды зерттеген ғалымдардың мәліметтеріне қарағанда, бүл жыр ел арасынан өткен ғасырдың бас кезінде-ақ жинала бастаған. Бұл ретте игілікті жұмыстар жүргізген орыс ғалымдары болған. Мәселен, шығыс әдебиеті мен араб тілін зерттеуші орыс ғалымы Саблуков жырдың бір варианты 1830 жылы бұрынғы Семей губерниясына қарасты Көкпектілік бір жыраудан жазып алған. Омбыда, губернатордың кеңсесінде, іс жүргізуші болып істеген ғ. Дербісәлин 1834 жылы “қозы Көрпеш - Баян сұлудың” бір үлгісін хатқа түсірген. Бүрынғы Аягөз сыртқы округтік приказының тілмашы Андрей Фролов деген кісі 1841 жылы қазақ ақындарының айтуынан жырдың бір нүсқасын жазып алған.

1856 жылы Шоқан Уәлиханов “қозы Көрпеш - Баян сұлу” жырын атақты Жанақ ақыннан естігенін және жазып аліанын айтады . Бірақ жырдың Шокэн жазып алнан бұл варианты өз кезінде баспа жүзін көрмегендіктен әлі күнге дейін жұртшылыққа мәлім болмай келеді.

Орыс халқының ұлы ақыны А. С. Пушкин Пугачев қозғалысы туралы материал жинау мақсатымен Орынбор жағына келіп, сол маңдағы қазақ ауылдарында да болады. Осы сапарында ол ел арасынан “қозы Көрпеш - Баян сұлу” әңгімесін естіп, негізгі мазмұнын жазып алады, кейіннен оны өзі поэма етіп жазуды ойлайды .

М. Путинцев 1865 жылы “қозы Көрпеш - Баян сұлу” жырының бір вариантын жазып алып, оның мазмұнын орыс тіліне аударып бастырған . Академик В. Радлов жырдың бір нұсқасын қазақ арасынан жазып алады да, оны өзінің үшінші томына (1870 ж. ) енгізеді.

Петербург университетінің профессоры И. Н. Березин өзінің “Түрік хрестоматиясы” дейтін кітабында (1876 ж. ) “қозы Көрпеш - Баян сұлу” жырының бір вариантын жариялайды. Түркістан өлкесінің археологаясын зерттеген ғалым Н. Пантусов 1898 жылы қозы мен Баянның моласы дейтін ескерткішті зерттейді, ол осы жолда ел арасынан “қозы Көрпеш - Баян сұлу” жырының бір нұсқасын жазып алады да, оны әуелі Ташкентте кейіннен қазанда шыққан “Орта Азияның ескі заманы” дейтін кітабында ба-стырған. Оренбург музейінің басқарушысы болған орыс та-рихшысы И. А. Кастанье өзінің “қазақ даласы мен Оренбург өлкесінің ескі белгілері” (1910) дейтін кітабында “қозы Көрпеш - Баян сұлу” жырының он шақты нұсқасынан дерек береді және сол кітабында жырдың бір үлгісін орысша аударып жариялайды. Кастанье бастырған бұл нүсқа жай-ында мынадай бір мәлімет келтіреді: бүрынғы Жетісу об-лысының губернаторы Колпаковский Семейден қапалға бара жатып, жолда қозы Көрпеш пен Баян сүлудың моласын көреді, осы екі ғашық жайындагы аңыз әңгімелерді жина-стыруды Лепсі уезінің начальнигіне тапсырады. Лепсі уезі начальнигінің айтуы бойынша, “қозы Көрпеш - Баян сүлу” жырының бір үлгісін орман қарауылшысы Салағаев ел арасынан жинап тапсырады, ол орысшаға аударылады да, қастаньенің қолына түседі. Бүл кейіннен Кастаньенің бастырған варианты болып кетеді.

Бұлармен қатар, “қозы Көрпеш - Баян сүлу” жырының кейбір үлгілері, үзівділері 1877 жылы “Ақмола облыстық ведомосында”(186 1, 3), “Нива” журналында (№2, 1899 ж., Е. 3. Баранов нұсқасы), “Дала уалаяты” газетінде (1894 және 1899 жылдар), “Торғай газетінде” (А. Васильев нүсқасы, 1900 ж., №6) басылған. Жырдың бір варианты 1916 жылы Сейітовтың қолжазбасы бойынша, “Орыс гео-графия қоғамының батыс - сибирлік бөлімінің еңбектерінде” жарияланған.

1878 жылы жырдың бір варианты “Хисса қозы Көрпеш” деген атпен қазанда Ш. Хүсаиновтар бастырып, оны 1890, 1894, 1896, 1905 жылдары қайта бастырған.

“қозы Көрпеш - Баян сұлу” жыры кеңестік дәуірде бірнеше рет басылып шықты. 1925 жылы Москвада басылды. 1936 жылы жырдың Жанақ айтуындағы нүсқасын М. әуезов Алматыда шығарды. Кейіннен ол 1939 жылы шыққан “Ба-тырлар жыры” жинағына енді. Бұл жырдан алынған үзінділер оқу орындарына арналған хрестоматияларда жа-рияланып келеді. Г. Тверитин дейтін ақын жырдың бір вариантын өзінше жырлап, орысшаға аударып (1928, 1941, 1949) бастырды және “Песни степей” атты жинақта жари-яланды. 1959 жылы қазақстан Респуликасы Үлттық ғылым ағадемиясы жырдың алты вариантынан қүралган (қүрасты-рушы Ы. Дүйсенбаев) жинақ ‘шығарды. Мұнымен қатар, “қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырының сюжетін пайдалана отырып, жазушы ғабит Мүсірепов пьеса жазды, кино-фильм де шығарылды.

1. 4. Лиро- эпос жырларының бірі “Қыз Жібек”

Лиро-эпос жырларынан сл арасына ауызша да, баспа арқылы да ерте тарағаны - “қыз Жібек”

М. Әуезовтің айтуына қарағанда, “қыз Жібек” жырының бір варианты өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында қазанда басылған . Бірақ ол күні бігінге дейін қолға түскен емес. Ы. Дүйсенбаевтың зерттеуінде былай делінеді. XIX Іясырдың екінші жартысында Зайсан жагында Валиолла Тух-ватуллин деген мүғалім болыпты. Ол ел арасынан “қыз Жібек” жырын жинайды да, 1894 жылы қазанда бастырады . Кейіннен бұл вариант 1896, 1897, 1905, 1911 жылдары да басылды, 1958 жылы “қазақ эпосы” деп аталатын жинаққа енді.

“Қыз Жібек” жыры қазақ еліне көптен таныс және оны бірнешеақындар жырлаған. Мәселен, орысғалымы В. Карлсон осы ғасырдың бас кезінде жазған бір мақаласында “қыз Жібек” жырын қазақбай және Көшілек деген ақындардың айтып бергенін хабарлайды . қазақтың халық ақындары Нүрпейіс, Мұрьш жырау, Айса да жас шағында бұл жырды айтып жүрген. Бірақ олардың қай көлемде және қандай мазмұнда жырлағанын айту қиын. Өйткені олардың айтуындағы “қыз Жібек” жазылып алынбаған. Мұны халық ақыны Омар Шипин де жырлаған. Бұл жөнінде Ы. Дүйсенбаев жоғарыда аталған еңбегівде мынадай бір дерек келтіреді. “қыз Жібекті”, - дейді ол, - жас кезінде Омар Шипин ұзақ жыр етіп айтқан екен. Кейіннен ақын ол жырын үмытқан көрінеді. Тек болғаны: жақсыға бір сөз айтсаң, шам алмайды, Сөз бабын жаман адам таба алмайды. Жайықтың екі жагын бірдей жайлап, Өтіпті он мың үйлі Жағалбайлы әр қойды жетім қозы емеген-ді, Екі айғыр қасаң байтал тебеген-ді. Жамағат, құлақ салып тыңдасаңыз, Айтайын өлең қылып Төлегенді, -деген шумақтары есшде қалыпты .

Бұл деректерге қарағанда, “қыз Жібек” жыры ел арасына бірнеше вариантта тараған. Солардың баспа жүзіне шыққаны (1894 жылы) Валиолла жинаған варианты.

“Қыз Жібек” жырының Валиолла варианты орыс тіліне де аударып басылған болатын (“Песни степей”, 1940) және жазушы ғабит Мүсіреповтың либреттосы бойынша, компо-зитор Е. Г. Брусиловский “қыз Жібек” атты опера жазып, сахнаға шығарды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батырлар жырын оқыту
«Қыз Жібек» эпосының орындалу ерекшеліктерін бірнеше орындаушылық нұсқаларды салыстыра зерттеу
Қыз Жібектің аулы
Қазақ фольклорындағы ерлік, елжандылық тақырыптары
Қыз Жібек жыры және оның поэтикасы
ҚАЗАҚ ЭПОСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ ОБРАЗЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Мұхтар Әуезов – фольклор зерттеушісі
Өзін-өзі тану пәні мен өзге оқу пәндерінің инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өзара сабақтасып, ықпалдасуы
«Алпамыс батыр» жырының лексика-грамматикалық ерекшеліктері
Фольклорлық шығармаларды оқытудың қажеттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz