Оқшау сөздердің морфологиялық құрылымы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

  • Оқшау сөздердің морфологиялық құрылымы

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І. Оқшау сөздердің ерекшеліктері мен атқаратын қызметтері

1. 1 Сөйлемдегі оқшау сөздердің тілдік сипаты

1. 2 . Жай сөйлемдегі оқшау сөздердің берілу жолдары

1. 3. Оқшау сөздердің тыныс белгілері мен өзіндік ерекшеліктері

1. 4. Одағай сөздерінің қазіргі кездегі қолдану аясы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  • Оқшау сөздердің морфологиялық құрылымы . . .

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І. Оқшау сөздердің ерекшеліктері мен атқаратын қызметтері

1. 1 Сөйлемдегі оқшау сөздердің тілдік сипаты . . .

1. 2 . Жай сөйлемдегі оқшау сөздердің берілу жолдары . . .

1. 3. Оқшау сөздердің тыныс белгілері мен өзіндік ерекшеліктері . . .

1. 4. Одағай сөздерінің қазіргі кездегі қолдану аясы . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМША

Курстық жұмыстың мақсаты -қазақ тіліндегі оқшау сөздердің функционалдық стильдердегі қызметінің деңгейін ашып көрсету, оқшау сөз, сөйлемдердің негізгі сөйлемге қатысы, атқаратын қызметін анықтау болып табылады.

Осы мақсатқа орай жұмыста мынадай міндеттер қойылды:

  • Функционалдық стилистика тұрғысынан оқшау сөздердің тілдік жүйедегі орнын және сөйлеудегі қызметін анықтау;
  • Көркем әдебиеттегі оқшау сөздердің қолданылуындағы ерекшеліктерді айқындау;
  • Оқшау сөздердің ауызекі сөйлеу стиліндегі стильдік қызметінің ерекшеліктерін ашып көрсету;
  • Публицистикалық стильдегі оқшау сөздер қызметінің деңгейін анықтау;
  • Ғылыми стильдің өзіндік ерекшелігіне байланысты ондағы оқшау сөздер қызметінің аясын айқындау;
  • Ресми іс қағаздар стилінде оқшау сөздердің қолданылу себептерін нақтылау.

Тақырыптың өзектілігі . Тілді қолданушы жеке субьекті болғандықтан, ол обьективтік түрдегі тілдік бірліктер арқылы субьективті көзқарасын, яғни тыңдаушыға немесе қоршаған ақиқат шындыққа деген эмоционалды-экспрессивті қатынасын білдіреді. Бұл әсерлілік, экспрессиялық пен бейнелілік тілде әр алуан амалмен жүзеге асырылып отырады. Сол амалдардың бірі ретінде сөйлемнің оқшау бөліктерінің тілде әр түрлі стильдік қызметте жұмсалуын да атауға болады. Стильдік тәсіл ретінде және бейнелеуіш амалдар жүйесінде оқшау сөздердің қазақ тіліндегі, әсіресе, көркем әдебиетте атқаратын қызметі орасан зор.

І. КІРІСПЕ

1. 1. Оқшау сөздердің морфологиялық құрылымы

Тілді қолданушы жеке субьекті болғандықтан, ол обьективтік түрдегі тілдік бірліктер арқылы субьективті көзқарасын, яғни тыңдаушыға немесе қоршаған ақиқат шындыққа деген эмоционалды-экспрессивті қатынасын білдіреді. Бұл әсерлілік, экспрессиялық пен бейнелілік тілде әр алуан амалмен жүзеге асырылып отырады. Сол амалдардың бірі ретінде сөйлемнің оқшау бөліктерінің тілде әр түрлі стильдік қызметте жұмсалуын да атауға болады. Стильдік тәсіл ретінде және бейнелеуіш амалдар жүйесінде оқшау сөздердің қазақ тіліндегі, әсіресе, көркем әдебиетте атқаратын қызметі орасан зор.

Қазақ тіл білімінде оқшау сөздердің морфологиялық құрылымы, синтаксистік сипаты сияқты грамматикалық табиғаты осындай және басқа да мәселелерді қарастырған қазақ тіл біліміндегі А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, М. Балақаев, Т. Қордабаев, І. Кеңесбаев, С. Жиенбаев, С. Аманжолов, М. Томанов, А. Ысқақов, К. Аханов, Ш. Сарыбаев, Р. Сыздықова, Қ. Есенов, Е. Жанпейісов, Б. Манасбаев, Б. Хасанов, Р. Әміров, Б. Шалабаев, Н. Уәлиев, М. Бимағамбетов, Н. Егіншібаева, Л. Дүйсембекова, Г. Садырова т. б. ғалымдардың еңбектері жұмыстың теориялық негіздемесі ретінде алынды. Осы еңбектер негізінде жазылған бұл жұмыстың зерттелу өзектілігі оқшау сөздердің тіл ғылымында әзірше тың жатқан немесе түбегейлі зерттелмеген, әлі де толықтыра, айқындай түсуді қажет ететін проблемаларының бірі - олардың (оқшау сөздердің) стильдердегі қолданысына, өзіндік ерекшеліктеріне арналғандығында болып отыр. Оқшау сөздер қай тілде болса да жиі қолданылып, сөйлеуде коммуникацияны “жанды” ете түседі, әр түрлі эмоционалды-экспрессивті реңктер үстеуде қызмет атқарады және олардың қолданылуында өзіндік ерекшеліктері болады. Сондықтан оның стильдік қызметін зерттеу стилистиканың жалпы проблемаларын шешуге де көмектеседі. Оқшау сөздерді стильдік жағынан зерттеу арқылы басқа да тілдік бірліктердің, сөз таптарының да функционалды стильдердегі қызметінің сырын аша түсуге мүмкіндік туады. Тілдік құралдардың, оның ішінде сөйлемнің оқшау бөліктерінің қолданылуының жалпы сырын ашу жалпы тіл мәдениетін жетілдіруге де септігін тигізеді. Зерттеу жұмысында оқшау сөздердің сөйлеудегі қызметінің экстралингвитикалық факторларға байланысты, оның ішінде антропоцентристік бағытта қарастырылып, адам факторымен, ұлт менталитетімен, тілді тұтынушылардың психологиялық ерекшеліктерімен байланыстылығын көрсетілуін де жұмыстың қазақ тіл білімінде өзекті мәселелердің біріне арналғандығы деп көрсетуге болады.

Қазақ тіліндегі оқшау сөздердің стильдердегі қызметін анықтау, біріншіден, сөз таптарының стильдік қызметін талдап-тануға көп көмегін тигізеді, екіншіден, оқшау сөздердің айтушының сан түрлі субьективтік көзқарастарын, сезімдерін жеткізудегі бар мүмкіншіліктерін аша түседі.

І. Оқшау сөздер

1. 1 Сөйлемдегі оқшау сөздердің тілдік сипаты

Оқшау сөздер - сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспей, дауыс ырғағы арқылы ерекшеленетін сөздер мен сөз тіркестері. [1] Оқшау сөздер сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемде ойды нақтылай түсіп, басқа сөздермен мағыналық қарым-қатынаста болады. Өзге мүшелерменқабыса, матаса, меңгеріле, қиыса байланыспай, оқшауланып тұрады. Оқшау сөздердің мағыналық белгілері оқиға желісінің кімге, неге арналғандығын ( -Балақай, сурет сала білесің бе? ), айтушының оған деген көзқарасын ( -Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады ), көңіл-күй, сезім толқынысын ( -Апыр-ай, сөзің сүйектен өтті-ау! ) білдіру мақсатында қолданылады. Оқшау сөздер мағыналық белгілері мен жасалу жолдарына қарай одағай, қаратпа, қыстырма сөздерге жіктеледі.

  1. Белгілі бір сөйлемнің синтаксистік құрылымына жанаспай, оқшау тұратын қаратпа, қыстырма, одағай сөздер.
  2. «Фельетон» терминінің қызметін атқарған және сол жанрдағы шығармаларды танушы тарихият қолданыс (историзм) .

Оқшау сөздер сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтіндігі себепті олардан үтір немесе леп, сұрау белгілерімен дараланып тұрады.

Оқшау сөздер - сөйлем құрамындағы басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін сөздер мен сөздер тіркесі. Оқшау сөздер сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді дегенде оның (оқшау сөздердің) сөйлем құрамындағы өзге сөздермен не қабыса, не матаса, не меңгеріле, не қиыса байланыспайтындығы ескеріледі. Сондықтан да олар сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемдегі өзге мүшелерден оқшауланып тұрады. Оқшау сөздер арқылы сөйлемнің мағынасы нақтыланады, автордың көзқарасы аңғарылады.

  • Мысалы:Бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады.

Бірінші сөйлемде бүгін Алматыда жаңбырдың жауатындағы үзілді- кесілді, нақты айтылса, екінші сөйлемде олай емес, ой топшылау, долбарлау ретінде беріліп тұр. Ондай мағынаны беріп тұрған, меніңше деген қыстырма сөз. Оқшау сөздерге қаратпа, қыстырма, одағай сөздер жатады.

  1. Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады. Кейде сөйлеушінің қарата айтып отырғаны адам болмай, жансыз заттар да болып келеді, бұл - көбінесе көркем әдебиетте кездесетін құбылыс. Мысалы, Тыңда, дала, Жамбылды! Тыңда, Қастек, Қаскелең, сөйлесін кәрі бауырың(Жамбыл) .
  2. Қыстырмалар күмәнділікті, сенетіндікті, өкінішті, ренішті, сондай-ақ ойдың кімнің тарапынан екендігін білдіру үшін қолданылады. Қыстырмалар жеке дербес сөздер ыңғайында да, сөз тіркесі ыңғайында да, тіпті сөйлем ыңғайында да кездеседі. Мысалы, Өзің білесің, мен қазақ баласына жалынып жорғалап көргем жоқ-ты(М. Ә. )
  3. Одағайлар кісінің сезімін, көңіл-күйін білдіру қажет болғанда қолданылады. Мысалы, Япырай, ғажап екен бұнысы! - деді Балқаш. Уа, Қалиса жеңгей, аманбысың!

Абай туындыларында оқшау сөздер көптеп кездеседі. Мысалы, «Аяғынды аңдап бас, ей, Жақсылық!» - дегендегі жол ортасында оқшау тұрған «ей» қаратпа сөз. Сол сияқты:

Хожа Хафиз - бу Һәммәси
Мәдәт бер, иә, шағири фурияд!

деген жолдардағы «иә» оқшау тұрған қыстырма сөз. Осылар тәрізді: «Жә, жә! Оған мен-ақ ұятты болайын!», немесе«Ой, тәңірі-ай, қойшы әрі, кімнен кім артық дейсің?» деген сөйлемдердегі «жә, жә!», «ой, тәңірі-ай!» оқшау тұрған одағай сөздер, ал, «қойшы әрі!» - тіркесі қыстырма сөз ретінде оқшауланып тұр.

Абай туындылары ішінде арнайы фельетон түрінде жазылған шығарма жоқ. Бірақ фельетон жанрымен сарындас келетін сыншыл сықақтары, арнау өлеңдері, басқа тілден аударған мысал мысқылдары аз емес. Мысалы, ақынның «Уағалайкүмүссәләм» деген шағын өлеңі өткір сынымен, әлеуметтік кеселге айналған тоғышарлықты аяусыз туйрейтін, ащы мысқылымен, терең ойымен, бас-аяғының жинақылығымен оқшау сөздерді пайдаланудың тамаша үлгісі болып табылады. Сондай-ақ Абайдың Көжекбайға, Көкбайға, Абралыға, Шәріпке, Қара қатынға, Разаққа, Қатыны мен Масақбайға шығарған арнау өлеңдерінен, «Мәз болады болысың», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Болыс болдым мінеки», «Бестегім құтылдың ба Көтібақтан» сияқты сатиралық шығармалары мен И. А. Крыловтан аударған бір топ мысалдарынан оқшау сөздердің көптеген үлгілерін табуға болады.

1. 2. Жай сөйлемдегі оқшау сөздердің берілу жолдары

Тілдің, категориялардың басқа түрлері сияқты жай сөйлемдердің де өзіне тән қалыптасу, даму тарихы бар. Ғалымдардың пікірінше тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз байланысты. Ойлаусыз тіл, тілсіз ойлау болмайды. Ой атаулының қандайы болса да тіл арқылы тілдік материалдар арқылы өмір сүріп, басқаларға біліне алады. Сондықтан да тіл - ойдың тікелей шындығы, ой шындығы тек тіл арқылы ғана көріне алады дейміз.

Тілдік категориялар ішінде ойды білдіретін бірден-бір көрсеткіш - сөйлем. Сөйлемге «біршама аяқталған ойды білдіреді» деп, анықтама беретініміздің себебі де сол. Сөйлем мен ой - бірі форма, екіншісі, соның мазмұны ретінде өз ара тығыз байланыста, берік бірлікте болатын категориялар. Бұл екеуі де - қоғамның өмір сүрген уақыты бойына болып келе жатқан және сол қоғамның материалдық, идеялық дамуына, соның қажетіне қарай бірте-бірте дамып отыратын қоғамдық құбылыс. Сөйлем ойдың формасы, ой сөйлемнің мазмұны болғандықтан, бұл екеуінің қалыптасу, даму тарихын да бірлікте қарау қажет. Ой дамып жетілмеген, күрделенбеген замандарда күрделі ойдың көрсеткіші болып жай сөйлемдердің қызмет атқарғаны белгілі.

Құрмалас сөйлемнің пайда болуына да жай сөйлемдер негіз болатыны анық. Жай сөйлем адамның ой өрісінің, дүние тануының кеңейіп, күрделі ойлардың туып дамуына байланысты, сол ойдың көрсеткіші ретінде қалыптасып дамыған. Тіл дамуының қазіргі дәуірінде, тілдерде, солардың ішінде қазақ тілінде де, жай сөйлемнің неше алуан түрлері кездеседі. Бірақ солардың бәрі бірдей белгілі бір уақыт ішінде, бірден пайда бола қалмаған. Олар тілдің өзіндік ішкі даму заңына лайықты бірте-бірте қалыптасып жетілген. Осындай адам ойын тасымалдаушы құрал болып табылатын жай сөйлемдерді, олардың құрылымдық модельдерін зерттеу бүгінгі таңда маңызды.

Қазақ тілінде сөйлемдегі оқшау сөздердің берілу жолдары дегенде тіліміздегі қаратпа, қыстырма, одағай сөздердің жасалу жолдары туралы сөз болады.

Қазақ тілінде қаратпақызметінде көбінесе кісінің аты-жөні, туыстық немесе қоғамдық қатынаста қолданылатын жалқы есімдер атау септігінде немесе көптік, тәуелдік жалғауларымен келіп қолданылады. Көркем әдебиетте жансыз зат есімдер жанды заттың баламасы ретінде субстантивтенген басқа сөз таптары да қолданылып, олар құрылымы жағынан жалаң, күрделі, жайылма болып келеді. Біреуге жылы лебіз білдіру

үшін немесе жасы кішіге айтылатын сөздер қазақ тілінде қозым, қалқам, сәулем т. б. сөздер І жақ тәуелдік жалғауымен қолданылады.

Үлкенге құрмет көрсету үшін қазақ тілінде жалқы есімдерге - еке, -ке, -қа тұлғаларын тіркестіріп білдіруге болады. Қазақ тілінде кішіге ізет ретінде қолданылатын -ш, -қан, -тай, -жан жұрнақты сөздер арқылы беріледі. Қазақ тілінде әдеп, ізеттілік үшін әлеуметтік мәнде қолданылатын сөздер - й жұрнағымен беріледі.

Қыстырмалардың қызметінде көбінесе модаль сөздер мен модальдік мағынадағы сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер жұмсалады. Қыстырмалардың ерекшелігі: ІІІ жақ тәуелдік жалғаулы модаль сөздер жұмсалады; тәуелді септеудегі жатыс жалғауымен тұлғаланады; -са, -ше тұлғалы қыстырмалар арқылы беріледі.

Қазақ тілінде ойдың кімнен, қайдан екендігін білдіру үшін -ше тұлғалары жұмсалады. Қазақ тілінде кірме қыстырмалар да кездеседі. Жай сөйлем құрамында оның мүшелерімен байланысатын, яғни олармен тіркес құрап грамматикалық байланысқа, бағыныштылыққа түспейтін, тек олармен мағыналық қатынаста ғана тұратын сөздер мен конструкциялар да болады. Бұлар сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалмайды, сөйлем арқылы айтылатын ойды әр жақты толықтап, әр түрлі мағына-мәндерін ашып, дәлдеу қызметін атқарады. Сондықтан олар сөйлемдегі басқа сөздерден оқшауланып, өздеріне тән ерекше интонациямен айтылады. Осыған байланысты оларды оқшау сөздер деп атайды.

Оқшау сөздер мағыналары мен грамматикалық белгілеріне қарай қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай сөз деп үш түрге бөлінеді.

Қаратпа сөз - сөйлем мүшесі болып есептелмейтін оқшау сөздердің бірі. Сөйлем арқылы біреуге арнай айтылатын ойдың, хабардың кімге, неге арналғанын (адресатын) дәлдеп білдіру үшін жұмсалатын сөз не сөз тіркестері қаратпа сөз деп аталады. Кел, балалар, оқылық! Арылма, ӛлең, арылма. Домбырам, күйден жаңылма . Қаратпа сөз өзі тұрған сөйлемнің мазмұнына белгілі мағыналық байланыста болады да, бірақ сол сөйлемдегі басқа сөздердің ешқайсысымен синтаксистік байланысқа түспейді. Мысалы: Ой, Бәтес мұның не? Естіп тұрсын ба, Сұлтеке мына баланың сӛзің? Ӛзің біл, балам. Бұл сөйлемдердегі Бәтес, Сұлтеке, балам дегендер қаратпа сөздер. Олар сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспей, сол себепті интонайия жағынан да басқа сөздермен жекеленіп, оқшау айтылып тұр. Бұл сөздердің сөйлемде атқарып тұрған қызметі - айтылған ойдың кімге, неге арналғанын, бағытталғанын көрсету ғана.

Қаратпа сөз қызметінде көбінесе жалқы есімдер, туыстық қатынасты білдіретін зат есімдер және кейбір эмоциональді мәнді есім сөздер жұмсалады. Олар көптік, тәуелдік жалғауларында атау септігінде де келе береді: Элиза, мықты едің ғой. Шыда! Саржан аға, мен сізді бір кӛрсем де, ұмытқан жоқпын. О не дегенің, қарағым-ау! Апа, мен ауылға қайтпаймын. Айналайын, жиен- ай, тура қарашы , құлыным.

Сөйлемде қаратпа сөз атау тұлғасында тұрады. Қаратпа сөзді атау тұлғалы бастауыштан ажырататын мынадай белгілер бар:

- Қаратпа сөз атау тұлғалы болғанымен, оның сұрағына жауап бермейді.

- Сол сөйлемдегі бірде-бір мүшемен грамматикалық байланысқа түспейді.

- Сөйлемдегі басқа сөздерден интонация арқылы оқшауланып айтылады. Мысалы: Назыкеш , біздің қосты артқан түйені алып қалшы, қалқам (Назыкеш, қалқам сӛздері - қаратпа) . Ал сӛйлемнің бастауышы-сен. Назыкеш Жабайдың аузына шалап тосты. (Назыкеш - сӛйлемнің бастауышы) .

Қаратпа сөз әсіресе лепті, бұйрықты, сұраулы сөйлемдерде жиі қолданылады және осындай қаратпалы сөйлемдерде бастауыш көбінесе айтылмайды. Қаратпа сөз негізінде зат есімдерден болады.

Кісінің аты-жөні болатын сөздер мен соның орнына қолданылатын басқа жалпы атаулар, жануарлар аты, ал поэзияда жансыз деректі, дерексіз ұғымдарды білдіретін есімдер де қаратпа сөз болып қолданылады. Мысалы: Қарағым-ай, тұршы тезірек. Қорықпа, бейшара! Күнім-ау, не істегелі жүр едің? Кәне, бәле, әкел қолыңды!

Ӛзгеге кӛңілім тоярсың.

Уа, туған жер, аша бер құшағыңды! Уа, дүние-ай, қанат бітіп, құс боп ұшсам.

Қаратпалар сөйлемнің басында да, ортасында да, соңында да келе береді. Бірақ олар сөйлемнің қай жерінде тұрса да сөйлемдегі сөздермен байланысқа түспей (салалас, сабақтас), өз позициясын оңашалағыш және грамматикалық дербестігін сақтайды да сөйлем мүшесі бола алмайды. Көтеріңкі әуенмен айтылғанда көбінесе одағайлар қосылады: О, жарқыным, әнің тамаша екен!

Қаратпалар кейде бағытты атап қана қоймай, айтылар ойдың алуан түрлі қорқу, жеку, қуаныш, сыйлау т. б. мағыналық қырларын көрсетеді. Яғни, ойға экспрессивті- эмоциональды мағына үстейді: Қарағым-ай, сен бе едің?! - деді Күңше. Мұндай мағыналық қырларды беруде интонация ерекше рөл атқарады. Қаратпа сөздердің стильдік қызметін ашып, айқындайтын амал ретінде жұмсалады.

Қаратпалар диалогта, шешендік сөзде, үндеулерде, көркем әдебиетте, әсіресе, поэзияда өте мол қолданылады. Нақтылық мағына беру үшін іс қағаздарында да жиі кездеседі. Қаратпа сөз жеке бір сөзден де, сөз тіркесінен де болады және бірыңғай боп та келе алады. Мысалы, Иә, сәлем қайда, Бүркіт? Сақтаған, Нұрбек , сендер ӛз үйлеріне баратын шығарсыңдар? Күрең ат, жабырқама, арқаң босар.

Қаратпалар құрылымы жағынан дара және күрделі болады. Бір сөзден болғандары дара, бір немесе бірнеше сөз тіркесінен жасалғаны күрделі болады: Қымбатты достар, сӛзімді сіздерге арнаймын! Тыңда, - дала, Жамбылды.

Күрделі қаратпалар дараланған нақты ұғымды, дара қаратпалар тұтас жалпы ұғымды беруге ыңғайланған: Жолдастар , ертең клубта жиналыс болады. Аңсаған менің арманым, жеттім бе бүгін шегіне!

Қыстырма сөздер оқшау сөздің бір түрі. Сөйлемдегі басқа сөздермен, сөйлемнің жалпы мазмұнымен мағыналық байланыста ғана айтылатын, бірақ синтаксистік байланыста айтылмайтын оқшау сөздің түрін қыстырма сөз дейміз. Мысалы, Қайсардың Қазікені , сӛзсіз, қазақ. Сірә, екеуі де себеп болған тәрізді. Шынында , Ұлпанның таңданып келе жатқандары аз емес. Оның ойынша , оқығандар - тек бай баласы.

Қыстырма сөздер сөйлемдегі сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, олардан интонация арқылы жіктеліп, бөлектеніп тұрады. Сондықтан сөйлем мүшесі бола алмайды. Тек айтылған ойға айтушының жалпы көзқарасын, хабардың шығу орнын көрсетіп, модальдық, эмоциялық, экспрессивті мағыналарды береді. Қыстырма сөз қызметінде сөздер мен сөз тіркестері ғана емес, сөйлемдер де жұмсалады. Бірақ сөздер мен сөз тіркестерінен құрылымы жағынан өзгеше болғаны болмаса, функциялық жағынан бірдей. Олар сөйлемдегі бір мүшеге не жалпы сөйлем мазмұнына қатысты болады: Шіркін , ақын болсаң осындай бол! Кім біледі, бір күндерде сол ӛнерінің керегі де болар.

Қыстырмалар айтылған ойға алуан түрлі көзқарасты білдірумен қабат, модальдық, эмоциялық мағынасы және экспрессивті белгіні де көрсетеді: Әрине, оның айтқаны дұрыс. Қыстырма сөз қызметінде модаль не модальдық мағынасы бар сөздер, сөйлемдер жұмсалады. Қыстырма сөйлемдер сөйлеу және кітаби стильдерде өте кең қолданылады.

Көркем әдебиетте кейіпкерлердің сөйлеу мәнерін сипаттайтын бейнелеу амалының бірі болып саналады. Сөйлеуші я жазушы өз сөзінің ішінде қыстырма сөзді орынсыз көп қолданбағаны жөн. Айтайын деген ойдың түсінікті, айқын, тұжырымды болуына көмегі болатын жағдайларда орнымен қолдану керек. Қыстырманы өте көп, ретсіз қолдану әдеби тілдің сөйлеу нормасын бұзады.

Ғылыми іс қағаздары тіліне көбінесе қыстырма сөздер мен сөз тіркестері тән. Олар қорытындылау, жинақтау, нәтиже сияқтыларды бөліп көрсетіп, сөйлем бөлшектірінің арасындағы қатынастың логикалық байланысын білдіреді. Сөйлемдегі кейбір сөздерге терминологиялық түсінік, комментарий, риторикалық сұрау, автордың ремаркасы т. б. көрсетеді. Кейде іс-әрекеттің болған орны мен мезгілін де білдіріп, мән-жағдайды айқындайды. Ойға әр түрлі, толып жатқан мағыналар үстейтін болғандықтан, соған сай стильдік қызметі де кең.

Қыстырма сөздер мынадай негізгі мағыналарда қолданылады:

- сөйлеушінің әр түрлі көңіл күйін білдіреді;

- айтылған ойға сенім, жорамал, күдік, болжау мәндерін қосады

- ойдың айтылу тәртібін жүйе, ретін білдіру, топшылау, қорыту мәнінде жұмсалады;

- айтылған ойға сөйлеушінің өзінің я басқа біреудің көзқарасын, кімнің пікірі екенін қоса білдіру үшін жұмсалады;

- айтылған ойлардың өзара байланысын, жалғас ретін білдіреді.

Адамның көңіл күйін, сезімдерін эмоциональды бояулы етіп беретін ерекше интонациямен айтылып, сөйлем мүшелерімен байланыспай, оқшау тұратын сөздер одағайлар деп аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқшау сөздердің сөйлемдегі қызметі
Қыстырма сөздер
Оқшау сөздер және оның сөйлемдегі қызметі
Орыс түркологтарының еңбектеріндегі қазақ тілі сөздерінің тапқа жіктелуі
Сөз таптарының орналасу ерекшеліктері
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі принциптері туралы
Сөйлемнің оқшау бөліктері
Одағай сөздер жайлы
Сөз таптары жүйесіндегі одағай сөздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz