Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің қаржылық аспектісі қазақстан республикасындағы инвестиция



Жоспар.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ 1.1 Инвестицияның пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Шет мемлекеттердегі инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында тартымды ресурстардың құрылымы мен даму ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

ІІ. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
2.1 Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер ... ..20
2.3 Инвестициялық жобаларды тиімді ұйымдастыру. инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

ІІІ Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында тартымды ресурстарында кездесетін мәселелер мен шешу жолдары.
3.1 Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
3.2 Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер мен жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
КIРIСПЕ


Курстық жұмыстың тақырыбы «Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің қаржылық аспектісі Қазақстан Республикасындағы инвестиция» Бұл тақырыпты алғандағы мақсат еліміздің инвестициялық саясаттың рөлін, яғни алатын орнын, маңыздылығын көрсету.
Бұл курстық жұмыс өзектілігі, инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға әсерін анықтау.
Шаруашылық жүргiзудiң нарықтық жүйесiнде бәсекеге қабiлеттiлiк шешушi экономикалық категориялардың бiрi болып есептеледi. Бәсекелестiк қатынастарды дамытпай ұлттық экономикамыз серпiндi даму жүйесiне айналуы екiталай. Соңғы жылдары көптеген кәсiпорындар сапалы және оңтайлы бағада өнiм өндiру қажеттiлiгiн сезiмдi. Бұл дегенiмiз жалпы өндiрiс шығындарын азайта азайта өнiм сапасын, өнiмнiң бәсеке қабiлеттiлiгiн жоғарлату. Нарықты экономика талабы бойынша өндiрiс тиiмдiлiгiн барынша арттыру кәсiпорындардың өмiрлiк ұстанатын қағидаларының бiрi. Осы жағдай кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру, жалпы тиiмдiлiктi жоғарлату әдiстерiнiң басты бағыттарын анықтау өте маңызды.
Курстық жұмыстың мақсаты: - кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдарының теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу, инвестициялық саясаттың тиімділігін талдау және инвестициялық саясатты жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті:
- инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында тартымды ресурстарында кездесетін мәселелер мен шешу жолдары;
- Шет мемлекеттердегі инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында тартымды ресурстардың құрылымы мен даму ерекшелігі;
- инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер мен жетілдіру жолдары;
- Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны:
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс ІІІ бөлімнен тұрады.
І бөлімнің тақырыбы: Инвестициялық қызметтің мәні мен мазмұны. Бөлімде инвестицияның пайда болу тарихы, инвестицияның қызметі мен операциялары, шет мемлекеттердегі инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында тартымды ресурстардың құрылымы мен даму ерекшелігі деген тақырыптар қарастырылады.
ІІ бөлімнің тақырыбы: Нарық жағдайында кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттырудың экономикалық негіздері. Бөлімде кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны, кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер, инвестициялық жобаларды тиімді ұйымдастыру-инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық негізі деген тақырыптар қозғалады.
ІІІ бөлімнің тақырыбы: Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында тартымды ресурстарында кездесетін мәселелер мен шешу жолдары. Бөлімде Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер және Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер мен жетілдіру жолдары деген тақырыптар қозғалады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1) Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңы. 2007 жыл және 2008, 2009 жылдардағы енгізілген өзгертулермен
2) М.В Ивошин «Инвестиция. Организация управления и финонсирования.»//Москва 1999 год//
3) Аналитическая информация о состоянии рынка ценных бумаг Республмкиа Казахстан. // Рынок ценных бумаг Казахстана. N° 1. 2009 г,
4) Бочаров В.В. “Современный финансовый менеджмент” Москва Санкт-Петербург, Нижний Новгород Воронеж Ростов-на-Дону Екатеринбург, Самара Новосибирск Киев-Харьков. Минск. 2008 год.
5) Бочаров В.В. “Управление денежным оборотом предприятий и корпораций. Москва Финансы и статистика 2008.г.
6) Васина А.А. “Финансовая диагностика и оценка проектов” – СПб: Питер 2004. г.
7) Журнал “Хабаршы” 2008-2009 жылдар
8) Инвестициоиный рейтинг Казахстана // Офиальный сайт ЗАО «Казинвест », 2006 г.
9) Интернет сайт WWW.WFIN.KZ
10) Косжанов.Т.Н. “Промышленная и инвестиционная политика в долгосрочной стратегии экономики страны, //Транзитная экономика,№ 7.2005 г,
11) Казахстанская правда. // С.Тай «Влияние прямых иностранных инвестиций// 07.03.2008 г.
12) Крушевиц Л. “Инвестиционные расчеты” Питер 2008г
13) Ковалев В.В. Финансовый анализ Алматы Финансы и статистика. 2004 год.
14) Қаржы-қаражат А. Қантарбаев //Инвестицияларды талдау// 2008-2009 жылдар
15) Маулимбердина С.Т. “Рынок ценных бумаг” вводенме в проблему. //Саясат, 10-11,2008 г.
16) Методические рекомендации по оценке эффективности иевестиционных проектов: Официальное издание. – Москва Экономика 2008г
17) Нәдірбек Әпсәләмов, Қазиқан Исабеков, Өмірзақ Сұлтанов “Экономикалық теория негіздері” Алматы ғылым 1999 жыл. 479-492б
18) Нурланова. Н.К. “Инвестиционная ситуация в Казахстане и перспективы ех позитивных сдвигов” //Европейское сообщество. М 3. 2004 г,
19) Реформировамие экономики Казахстана: Про их решения. Алматы, 2004, С. 343.
20) РЦБК 2004-2006 жылдар
21) Стоянова Е.М. “Финансовый менеджмент: теория и практика.
22) Хес О. //Совмещение акцептов с количества иа качество иностранных инвестиции// Панорама. -24.08.2008 г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ 1.1
Инвестицияның пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Инвестицияның қызметі мен
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..8
1.3 Шет мемлекеттердегі инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында
тартымды ресурстардың құрылымы мен даму
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ...12

ІІ. Нарық жағдайында кәсіпорынның Инвестициялық тартымдылығын арттырудың
экономикалық негіздері.
2.1 Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық
мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...14

2.2 Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер ... ..20

2.3 Инвестициялық жобаларды тиімді ұйымдастыру- инвестициялық
тартымдылықты арттырудың экономикалық негізі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

ІІІ Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру
барысында тартымды ресурстарында кездесетін мәселелер мен шешу жолдары.
3.1 Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру
барысында кездесетін
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..32
3.2 Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру
барысында кездесетін мәселелер мен жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .38

КIРIСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің қаржылық
аспектісі Қазақстан Республикасындағы инвестиция Бұл тақырыпты алғандағы
мақсат еліміздің инвестициялық саясаттың рөлін, яғни алатын орнын,
маңыздылығын көрсету.
Бұл курстық жұмыс өзектілігі, инвестицияларды экономикаға тарту iшкi
жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң
өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық
тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн
жоғарылатуға әсерін анықтау.
Шаруашылық жүргiзудiң нарықтық жүйесiнде бәсекеге қабiлеттiлiк шешушi
экономикалық категориялардың бiрi болып есептеледi. Бәсекелестiк
қатынастарды дамытпай ұлттық экономикамыз серпiндi даму жүйесiне айналуы
екiталай. Соңғы жылдары көптеген кәсiпорындар сапалы және оңтайлы бағада
өнiм өндiру қажеттiлiгiн сезiмдi. Бұл дегенiмiз жалпы өндiрiс шығындарын
азайта азайта өнiм сапасын, өнiмнiң бәсеке қабiлеттiлiгiн жоғарлату.
Нарықты экономика талабы бойынша өндiрiс тиiмдiлiгiн барынша арттыру
кәсiпорындардың өмiрлiк ұстанатын қағидаларының бiрi. Осы жағдай
кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру, жалпы тиiмдiлiктi
жоғарлату әдiстерiнiң басты бағыттарын анықтау өте маңызды.
Курстық жұмыстың мақсаты: - кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын
арттыру жолдарының теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу,
инвестициялық саясаттың тиімділігін талдау және инвестициялық саясатты
жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті:
- инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында тартымды ресурстарында
кездесетін мәселелер мен шешу жолдары;
- Шет мемлекеттердегі инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында
тартымды ресурстардың құрылымы мен даму ерекшелігі;
- инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер мен
жетілдіру жолдары;
- Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық
мазмұны:
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс ІІІ бөлімнен тұрады.
І бөлімнің тақырыбы: Инвестициялық қызметтің мәні мен мазмұны. Бөлімде
инвестицияның пайда болу тарихы, инвестицияның қызметі мен операциялары,
шет мемлекеттердегі инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында тартымды
ресурстардың құрылымы мен даму ерекшелігі деген тақырыптар қарастырылады.
ІІ бөлімнің тақырыбы: Нарық жағдайында кәсіпорынның инвестициялық
тартымдылығын арттырудың экономикалық негіздері. Бөлімде кәсіпорындарда
инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны,
кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер,
инвестициялық жобаларды тиімді ұйымдастыру-инвестициялық тартымдылықты
арттырудың экономикалық негізі деген тақырыптар қозғалады.
ІІІ бөлімнің тақырыбы: Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті
қаржыландыру барысында тартымды ресурстарында кездесетін мәселелер мен шешу
жолдары. Бөлімде Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті
қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер және Қазақстан Республикасының
инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер мен
жетілдіру жолдары деген тақырыптар қозғалады.

І ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы

Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып
табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар
бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту
олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін
оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар
табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық
тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының
басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті
қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны
қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған
байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге
келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және
жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және
тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық
инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу
тәжірибесін қарастырады.
Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны
жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және
техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық
құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.
Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына
таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске
асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға
бөлінеді.
"Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан.
Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген
сұрақтарға жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады:
Сөйтіп, нені салуға болады? Ірі банктердің қаржылық ресурстары,
өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған
ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен қабылеттілік "ноу-хау", әрбір бизнесменнің
денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын
қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу
көзделеді.
Бұл - акцияны сатып алу, олармен биржадағы ойынға қатысу, бартерге
жұмсау, тауарлы-материалдық запастармен сауда жасау және басқадай толып
жатқан ойындар да болуы мүмкін.
Инвестиция дегеніміз – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да
қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар,
жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық
интелектуалдық құндылықттар.
Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды
жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда
қаржы салымы ең алдымен бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады:
жабдықтарды сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат құрлысына.
Қандай болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және айналым
қаржыларын енгізеді. Теоретиктер "мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне
қосып атайды.
Енді қаржыны кімдер салады ? Негізгі салымшылар кәсіпорындар,
фирмалар, мемлекет және халық.
Инвестицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар
коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге,
саудагерлерге және ойыншыларға бөлінеді.
Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең
алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор – бұл күрделі қаржыны
қаржыландырудағы делдал.
Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен өз капиталың салушы адам.
Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға
дайын адам.
Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.
Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны
бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі
жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық
- саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды
ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал
мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі - шетел
инвесторларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін
шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын
жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту
және экспорттық әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс.
Сыртқы кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері жасалған,
олар сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді
қамтамсыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары болып
табылады.
Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:
1)шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік
рәсімдерді ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік
және шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру болып
табылады.
2)елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық
жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру жеңілдетілген мөлшерлемелер,
инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген
баждар, жеделдетілген амортизация.
3)жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын
қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
4)пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта
капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру.[17; 448-456 бет]
Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол
сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді.
Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына
айналып кеткен ұғым болып табылады. Елімізге келген шетелдік инвесторлар
мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да
инвестицияның басым бөлігі кең-қазба байлықтарын құрайды. Өз кезегінде
Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері
елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында
елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге
асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді.
1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 25,8
миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды.
Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80
пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздің
елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты.
Халықаралық "Мооdy′s Investors Service" рейтинг агенттігі Қазақстанға
қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары рейтингін берді. Бұл
Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік
береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері
жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі
танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси
тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта
дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып шығады.
Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл
дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму
банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы
институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті
үйлестірудің үлкен мәні бар. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы бүгінде
дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі 55 халықаралық ұйымға мүше болып табылады,
олардың 61-іне қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес
республика халықаралық қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан
туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша
қажетті төлемдерді жүзеге асырады. Айта кету керек, 1992 жылдан бергі уақыт
ішінде Қазақстанның халықаралық ұйымдарға берешегі 21 миллион АҚШ доллары
көлеміне жеткен.

1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары

Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды
жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық
процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып,
еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр.
Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры
болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп,
сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының
көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп
халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде
жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп,
әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз
керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне
экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды
ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі
құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай
элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:
1. Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды:
экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта
өндіріске жұмсайды – реинвестирование және әлеуметтік,
тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік
қажеттілігіне жұмсалады.
2. Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс
тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік
қажеттілігін өтейді.
3. Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға
жұмсалады:
• Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;
• Мемлекеттік зейнетақы қорына;
• Аймақтық бюджетке;
• Республикалық бюджетке;
4. Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.
Егер фирма салымдары бойынша ең жоғары тиімділікке жетуге тырысса,
онда олардың басшылары инвестициялаудың базалық принциптерін есептеуі
керек.
1. Инвестициялаудың шектеулі тиімділігі
2. "Замазкалау" принципі.
Сылап, бітеу жұмысына келетіндей инвестиция жүргіз. Шешімді қабылдап
алғаннан кейін, инвестицияны іске асыру барысында ол еркіндікті енді оған
бармау алмастырады, Мәселен, қандай станокты сатып алуға, не жалға алуға
немесе өзің өндіргің келеді де, бұл операцияны жүргізу үшін қанша кредит
аласың, оны қандай мерзімге және қанша проценттік мөлшерде алуға шешім
жасауға еріктісіз. Ал, бұл операциялардың бәрін жасап болғаннан кейін,
қайтадан қайту оңайға түспейді, өте қыйын болады. Бұл станокты көп жыл
бойына пайдалану керек болады, алған кредит үшін проценттерді төлеу керек
болады. Сөйтіп, сылап-бітеу процесінен шыға алмай, байланасың да қаласың,
өйткені иңвестициялық жоба күшіне еніп алғаннан кейін еркін қимыл-
әрекеттерге баруың шектеулі болып қалады.
Мұнан еркін шешімділікке және басқа әрекеттерге баруың мүлдем тиылды
деуге болмайды. Әрине, сатып алған станокті қайтадан сатып жіберуге де
болады немесе акциялардан да құтылуға болады да, "дезинвестирование" деп
аталатынды жүргізуге болады. Көбінесе осыны жүргізеді. Қатені кейінге
қалдырудан гөрі, тезірек түзетуге тырысу керек. Бірақ қатені тузеу үшін
уақыт та кетеді, ақша да жұмсалады, басқару қызметінде шәлгездік туады,
іскер серіктестермен байланыс үзіледі.
Мысалға, әлгі сатып алынған станокты алсақ, оны 1 жыл бойы пайдаланып
келеген. Конъюнктура өзгеріп кетті де, енді оны пайдалануға мүмкіндік
болмай қалды, оны 10 жыл бойы пайдаланбақ болған. Осы 10 жылға есептеліп
кредит алып, әкеліп беруші және сатып алушылармен келісіп, амортизацияны да
есептеп, тиісті ұзақ мерзімді келісім шарттарды жасап қойған.
Дезинвестирование жүргізуге шешім қабылдап, қателіктерді жөндеуге бару
керек болады, бірақ қателіктерді жөндеуге ештене төлемейтін болды. Кредит
үшін (10 жыл) төлеу керек, әкеліп берушіге шартты бұзғаны үшін айып пүл
төлеу керек, өйткені ол станоктың жетіспей қалған бөлшектерін әкеліп берген
болатын, олар да 10 жыл бойы тиімді келісім бойынша пайда алатынына сенген
болатын. Өнімді сатып алушыларға да 10 жыл бойы беріп тұру жөнінде шартқа
отырғандықтан, оларға да төлеу керек. Өткізуші ұйымдарға да осы тәртіп
бойынша төлеу керек. Мұнан да сорақы жағдай, жабдықтарды қайтадан сатқан
кезде туады. Мұны рынокте әлі қалай сата алады? Қандай бағаға? Диллер
саудалық-делдалдық үшін қанша алады?
Сөйтіп, қатені түзеу үшін қететін шығындар түгелімен кәсіпорын
қалтасынан шығады. Осындай батпаққа батқаннан шығу өте қиын болады. Ал,
егер осында "байланып қалу" бір уақытта 3-4 инвестициялық жоба бойынша
болғанда не болады? Капиталды сіңіру саласы үлкен болып қалғанда, іскерлік
серіктестіктер де мықтылар болады да, қатені түзеу үшін көп шығынға
бататының анық болады. Міне, осыдан барып, инвестициялық жобаны іске қоспас
бұрын, алдын-ала оның тиімділігін есептеп алған жөн. Тіпті 100 беделді
фирмалар ақыл бергенімен, қате жібермеймін деп ойлауға болмайды. Нарықтың
аты нарық. Бәрібір тәуекелділіктің аз болғаны дұрыс. Кәсіпорын басшылары
тиісті шешім қабылдаудан қорықпауы керек, олар өздерінің жоспарларын
жөндеуде өте икемді болулары қажет, конъюнктураның уақытша өзгеруіне және
басқадай фактордарды көре біліп, тиімді істерді бастай алулары қажет.
3. Күрделі қаржыны салуда материалдық және тиімділіктерді бағалау
үйлесімділік принципі. Тиімділікті бағалаудың үш варианты бар:
1) Шығындар мен шығарудың салыстырмалы бағаларын салыстыру арқылы,
яғни тек қана құндылық, ақшалай таддау.
Бірақ әлемдік инвестиция жасау тәжірибесі тек қана тиімділіктің
ақшалай бағалануы жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Әсіресе, мұндай
тәсілдік инфляцияның ауыздықсыз кеткен жағдайында, су түбіне мүлдем
батырады. Сондықтан ақшалай бағалауды техникалық есептеумен толықтыру керек
болады.
2) Тиімділіктің ақшалай және техникалық белгілерінің үйлесімділігі.
Бұл тәсіл сенімдірек болады. Өйткені инвестициялық жобаға салынған
технологияға көп жағдай байланысты. Өндірістік күш-қарқынның артуының өзі
тікелей технологияға қарай болады да, осыдан барып, инвестициялық
мақсаттардың жүзеге асуына себебін тигізеді.
3) Тиімділікті бағалаудағы таза түріндегі техникалық тәсіл. Бұл
бизнестегі нарықтық бағалауды есепке алмайды, сондықтан оның қолданылуы:
әзірше Қазақстан жағдайында басты орында болмай тұр.
4. Үйренушілік шығындар принципі.
Үйренушілік шығындар деген не? Бұл - жаңа инвестицяялық ортаға
үйренуге байланысты болған барлық шығындар. Бұларды қайта құрудан және
кадрларды қайта даярлаудан жоғалтқан өнім шығарумен өлшенеді, жаңа
жабдықтар қойылғанда, оны конъюнктура өзгеруіне қарай, қайтадан өзгертіп,
құрастыру керек болады.
Уақытша жоғалту деген - табысты да жоғалтумен бірдей деп
есептелінеді.
Әрқашанда да жаңа инвестиция жөніндегі шешім мен оны іс жүзінде
асыру, орнын толтыру арасында уақытша қалып қоюшылық лаг бола береді.
Бірден үйренушілік болмайды. Қандай да болмасын үйренушіліктің өзінің
шығындары болады: жаңа хабарлар керек, жаңа технология, кадрларды қайта
даярлауға қаржы керек болады. Бұлай болмағанда, тездету үшін төлеу керек.
Мысалы, жаңа заводты қайта салу керек болады, оны жарты жыл ішінде. Бірақ
мұндай құрылыстың құны "алтынмен" тең болып кетеді.
Өндірістік инвестицияаудағы үйренушілік шығындары одан да асып
кетеді. Жабдықтарды орнаттық делік, технологиясы да дұрысталды. Бірақ
нарықтық конъюнктура өзгерді де, енді технологияны қайтадан өзгертіп, оған
орай жабдықтарды да қайтадан жаңғырту керектігі туады.
Қол жұмыстарын машинамен ауыстырғыңыз келді делік. Бұл да белгілі
үйренушілік шығындарды керек етеді (тура және жанамалық). Солардың
кейбіреулерін ғана атайық: кадрларды қайта даярлау, ескі жабдықтарды сатып,
жаңаларын орнату, жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыттары
үшін төлеу керек (тиісті қысқартулар операцияларды), ескі келісім
шарттардың орындалмай қалғандарына айыппұл төлеу.
Мұнан туындайтын қорытынды : үйренушілік шығындарды жаңадан
өндірілген өнімдерді сататын бағаға қосып жіберу. Бұл баға өндіріске
қажетті шикізат, материалдар, технологиялар, жабдықтарға кететін бағалардан
жоғары болғанда ғана, бұл вариант бойынша капиталды салудың артықтығы айқын
көрінеді. Сіздің өнімге сұраным көбейген сайын, үйренушілік шығынына да
іркілмей бара беретін боласыз.
Сұраным бағасы ұсыным бағасынан көп болып, ең бастысы көп уақыт
осылай тұра берсе, сіздің үйренушілік шығындарына қарамай-ақ , бұл
инвестицияларыңыздың тиімділігін тәжірибе толық көрсетіп берді.
5. Мультипликаторлық (көбейткіш) принципі.
Мультипликаторлық принцип салалардың өзара байланыстылығына сүйенеді.
Бұл дегенің, мәселен, автомобильге деген сұраным өзінен өзі келеді де оның
технологиялық істеріне керек тауарларға да сұранымды арттырады: металдар,
пластмасса, резина және тағы басқалар. Өңдіріс технологиясын білу арқылы
өзара қатынастық коэфффициенттерді есептеп шығаруға мүмкіндік туғызады.
Мысалы, егер биржалық баға белгілеуде машина жасаудың құны көтерілетіні
белгілі болса, машина жасаудың технологиялық байланыстылығы бізге белгілі
болғандықтан (басқа салалармен), алдын-ала бұл байланыстылықтың
мультипликациялық күшті әсерін есептеп шығара аламыз. Мәселен, фирма машина
жасауға пластмаса шығарады делік.
Сөйтіп, келешектегі кірістің қандай болатынын білесіз. Мультипликатор
арқылы салалар арасында байланыстылықты анық көрсетіп, оны сан жағынан да
білдіреді.[2; 67]
Күш беруші саланың мультипликатор арқылы нәтижесі әр түрлі және әр
түрлі уақытта болады. Егер мысалы, ондай тасыңыз ауыл шаруашылық техникасы
болса, онда мультипликатор және технологияны жақсы білуіңіз арқылы
толқынның сізге қашан кәсіпорнына келетінін, кірісті көтере немесе азайта
ма, бәрін есептеп аласыз. Инвестициялық стратегияда мұны да есептеу қажет
болады.
Мультипликатордың күш әсерінің азаюы сіздің кәсіпорны саласының басқа
саладағы - генераторлық сұраным мен кірісінен біртіндеп алыстай беруіне
қарай болады. Кейіннен мультипликатордың күш әсері уақыты жеткен сайын
әлсірей бастайды. Мұнан кейін күш беретін жаңа сала пайда болады да,
инвестиция стратегиясын қайтадан түзеуге тура келеді. Өйткені рынок үнемі
қозғалыста болып түрады.
6.Q - принципі
"Q" - принципі - бұл қор биржасындағы бағалау мен актив құнын нағыз
қалпына келтіру арасындағы өзара тәуелділік. Бұл тәуелділіктің көрсеткіш -
қатынасы :
Q ═ дің биржалық бағалануы (құндылығы) бұл активтерді ауыстырудың
(сатып алу) күнделікті шығындары.
Егер бөлшек бірліктен үлкен болса, онда инвестиция жүргізу тиімді
болғаны (үлкен болған сайын, одан әрі тиімді болады). Мәселен, үйдің
рыноктық (биржалық) құнының, оны салудағы күнделікті құнына қарағанда,
артық болуына қарай, үй салуды ынталандырады, өйткені бұл үйді жаңа үймен
ауыстыруға кететін шығындардан ол үйдің рыноктік бағасының артық болуы.
Сөйтіп, инвестициялау тиімділігі сұраным бағасы мен ұсыным бағасының
өз ара қатынастарына байланысты болады. Егер тұтастай кәсіпорнын (фирманы)
сатып алуға инвестицияны салуға есептегенде:
Q ═ фирманың барлық биржалық құны оның материалдық бөліктерін
орнына келтіру шығындары.
Тұтастай алғанда, бұл принциптің қолданылу деңгейінің аз болуы,
мемлекеттік реттеушіліктің көп болуына қарай туады.[16;138-144]

1.3 Шет мемлекеттердегі инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында
тартымды ресурстардың құрлымы мен даму ерекшелігі

Батыс елдердің бір қатарында қазіргі несие жүйесінде инвестициялық
банктер өздерінің дамуын алды. Батыс елдердің инвестициялық банктердің
пайда болып, басқа банктерден бөлінуіне еңбек бөлінісі және несие аясындағы
мамандану әкелді.
Инвестициялық банктердің негізгі қызметі -ұзақ мерзімді ссудалық
капиталды мобилизациялау және оны қарыз алушыларға акцияларды,
облигацияларды және орналастыру арқылы, қарыздық міндеттемелердің басқа
түрлері арқылы беру. Әр ірі фирма, корпорация әдетте өзінің инвестициялық
банкісімен жұмыс істейді және сол банктің қызметін пайдаланады. Қазіргі
инвестициялық банктердің екі түрі қызмет етеді:
1.Бірінші типті инвеегациялық банктер.
2.Екінші типті инвестициялық банктер.
Мұндағы бірінші типті инвестициялық банктер тек бағалы қағаздарды
орналастыру және сатумен айналаысады. Ал екінші типті твестициялық
банктерге келетін болсақ олар үзақ мерзімді несиелеумен айналысады.
Батыс Еуропаның континенталды елдеріне және дамушы елдерге негізінен
осы атап кеткен екінші типті инвестициялық банктер тән. Бірінші банктер XIX
ғасырдың бірінші ширегінде жауапкершілігі шектелген серіктестіктер
формасында құрылған болатын. Инвестициялық банктер аса тез дамуы XX
ғасырдың 20-шы жылдарында байқалады.
Инвестициялық банктердін пайда болуын негізінен
мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп
көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда
болуымен олар үлкен компаниялар мен корпорациялар үшін
олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша
қаражаттарын мобилизациялайды, жаңа компанияларды құруда, қайта
құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар
мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекетгік бағалы
қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметтің бағалы
қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына
дейін орналастырады.
Бірінші типті иңвестициялық банктер соңғы кезде көбінесе корпоративті
секторлардың бағалы қағаздарымен операцияларды жиі жүргізеді. Мұндай
банктер акциялар мен облигацияларды орналастыру арқылы өндіріс, транспорт
және сауда кәсіпорындарының ақша қаражаттарын алуда делдал ретінде
қатысады.
Бірінші типті инвестициялық банктер капиталды тарту, бағалы қағаздар
нарығында қызмет көрсету бойынша бірқатар функцияларды атқарады:
• Акциялар мен облигацияларды қайта орналастырумен айналысады;
• Халықаралық бағалы қағаздарды еуровалюта нарығында орналастыруда
делдал болады;
• Корпорацияларға инвестициялық стратегияның сұрақтары бойынша және
бухгалтерлік есеп пен есеп беру жөнінде кеңестер береді.
Қазіргі кезде бұл банктерсіз бағалы қағаздарды сату өте қиынға
түседі. Көптеген компаниялар инвестициялық банктердің көмегінсіз ұзақ
мерзімді ақша қаражаттарын ала алмаған болар еді. Кейбір мемлекеттердің
қазіргі тәжірибесінде мұндай банктер компанияның бағалы қағаздарын
орналастырумен айналыспасада, компаниялар құрылып қызмет ете алмайды.
Осындай елдердің қатарына келесі елдерді мысалға келтіруге болады: Канада,
Ұлыбритания, Австралия, Америка Құрама Штаттары.[5; 97-99]
Екінші типті инвестициялық банктер соғыстан кейінгі . Батыс Еуропаның
экономикасын қалпына келтіруде және дамушы елдердің салаларын құруда үлкен
рөл атқарды. Осыған байланысты келесі бірқатар елдерді ерекше бөліп
көрсеткен дұрыс болады: Франция, Италия, Испания, Португалия, Скандинавия
елдері. Аталған елдерде аралас және мемлекеттік инвестициялық банктер
өндірісі ұзақ мерзімді несиелеудің және онда жаңа салалардың құрылуының
жоғары деңгейін қамтамасыз етті. Аралас және мемлекеттік типтегі
инвеетициялық, әлеуметтік экономикалық даму бағдарларын және экономиканы
тұрақтандыру жоспарларын іске асыруға белсенді қатысты. Қазіргі кезде бұл
инвестициялық банктер ссудалық капитал нарығында әртүрлі операцияларды
жүргізеді: заңды және жеке тұлғалардың жинақтарын аккумуляциялайды, орта
және ұзақ мерзімді несиелеу жүргізеді, жеке және мемлекеттік бағалы
қағаздарға салымдар жасайды, әртүрлі қаржылық қызметтерді дамытады.
Дамушы мемлекеттердегі мұндай инвестициялық банктер негізінен
1960 жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл
банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы
елдердің инвестициялық банктері орта және ұзақ мерзімді несиелеумен, бағалы
қағаздармен операциялармен айналысады. Сонымен қатар, бірқатар елдердің
бірінші типті және екінші типті инвестициялық банктердің операцияларын
қатар асыратын банктер қызмет етуде.
Көптеген елдерде инвестициялық банктердің қызметін басқа да қаржылық-
несиелік мекемелер немесе коммерциялық банктер атқарады.

ІІ Нарық жағдайында кәсіпорынның Инвеститциялық тартымдылығын арттырудың
экономикалық негіздері.
2.1 Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық
мазмұны.
Инвестиция сөзі латын тілінен шыққан, Investire - жұмылдыру деген
мағананы білідіреді. Феодал эпохасы кезінде инвестиция деген вассалдың
феодалдық қолына кіруін айтқан: бұл сөзбен Епископтардың орын тағайындауын
да айтылатын, және шіркеудің жерін билеуге, сол жердің иесін білідіретін
Инвестура жаңа жерге ие болу мен қатар және сол жердің ресурстарын билеуге,
өз пайдасына қолдануға рұқсат берілген.
Бір жағынан қарқынды инвестиция ақталады және сол жердегі
территориялардан табыс табу бірнеше есе өсіп қоймай, және жер даму факторы
ретінде қолданылды4.
Инвестиция- деп қаржы-қаражат, банктік заемдер, пай, акциялар, және
тағы басқа құнды қағаздар, технологиядағы машиналар, лицензия, товар
белгілері, кредиттер т.б. мүлік немесе мүліктік құқықтар, интелектуалды
игіліктер, жаңадан іске қосылған кәсіпорындар және т.б. жұмыс түріне, пайда
табу арқасынада әлеметтік жағымды эффект өсіру деп айтуға болады.
Ал инвестициялық қызмет бойынша түсінігі, шаруашылық қызмететті жүзеге
асыру үшін әр – түрлі капитал салымдары.
Инвестиция объектісі:
1. Мүлік инвестициясы (матриалдық инвестиция). Материалды инвестиция деп –
инвестиция тікелей өндіріс процесіне қатысады. (Мысалы: инвестиция -
құрал жабдық, материалдарға, құрлысқа)
2. Қаржы инвестициясы – қаржы мүлігін, басқа басқа фирма жұмысына қол сұғу
және т.б. фирмалардың құқықтық жұмыстарына қатысу (акция сатып алу.)
3. Материалы емес инвестиция – материалды емес құндылыққа инвестиция салу.
(кадрлер дайындау, реклама)5
Объектіге қатысты инвестицияны екі түрге бөлуге болады: портфельдік
және тікелей.
Портфельдік – құнды қағазға салынуы, курстың өзгеруі байланысты
дивидендтер алу, тағыда сол шаруашылықтың басқаруына қатысуға құқық береді.
Портфельдің пайда болуы ол- құнды қағаздар және тағы басқа активтерді
сатып алу арқасында пада болды.
Портфель – бұл неше түрлі инвестициялық құндылықтар жинтығы, бұл
инструмент салушының жалпы бір тікелей нақты инвестиция нысанын көрсетеді.
Портфельдің ішіне бір типті құнды қағаздар кіруі мүмкін (акция) және
әртүрлі инвестициялақ құндылығы бар (акция, облигация, жинақталғын депозит,
сертификаттар, және т.б.)
Тікелей (реалды) инвестиция - мемлекетпен және жеке фирмамен
инвестицияны бір өндіріске құйылуы.
Тікелей инвестиция екі әр түрлі қолпакеттерден тұрады. Біріншісі
инвестицяны жарғылық капиталға құю, ол дегеніміз қайта жасалған капиталды
жағдай (компьютер өндірісі құрылымы, өндіру станоктары)
Екінші компонент – инвестицияны товар – материалдық қорға құю, бұл
дегеніміз шиізат қорларын үлкейту, өндіріс процесіне жататын, немесе
өтпеген дайын тауарлар. Коммерциялық тауар – материалдық қорлар, капитал
қорының бір негізгі бөлімі ретінде саналады экономикалық жүйеде; олар
капитал құрал-жабдықтар сияқты өте қажет өндіріс ғимараты.
Тікілей инвестиция тағыда; ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
Ішкі – бұл шаруашылық субъектінің қаржаты өзінің өндіріс факторына
өзінің қаржы – қаражаттан қаржыландыру.
Сыртқы – бұл инвестициялық институттардың құралдарын өндіріс факторына,
инвестиция керек шаруашылық субъект Тікелей инвестицияға тағыда жалпы
және таза инвестицияларды жатқызуға болады. Жалпы таза инвестиция бұл жалпы
инвестиция деп аталады, өйткені ұсталымдарды шегерімнен кейін өзіндік
капиталдан тұрады6.

Венчурлық капитал инвестициясы бір – бірімен байланысты емес объектілерге
құйылады, бұл салынған ақшаның тез ауқуы. Бұндай капитал салымдар,
өндірушіден біраз акциясын алумен жасалады, сонымен бірге соңғы акциялардың
конверсиялақ құқығы бар7.

Капиталдың енгізілуі тәуекелділіктің жоғары деңгейі кішігірім, шағын
кәсіпорындарды қаржыландыруға, жаңа технологиялар енгізумен көрінеді.
Тәуекел капиталдың өзінде бірнеше формалары бар: Ссудалық, акционерлік,
кәсіпкерлік8.
Ол ғылыми сыйымды кәсіпорындардың жарғылық капиталы жоғары және басқа
фирмалармен тығыз байланыста болады.
Уақыт факторы бойынша:
- Қысқа мерзімдік инвестицияляр
- Ұзақ мерзімдік инвестициялар
Аннуитет – инвестиция, әр – бір уақыт мерзім кезінде жеке бір табыс алып
келеді. Жалпы ол қаржыны зейнетақы сақтандыру қорларға енгізуі. Сақтандыру
компаниялар мен зейнетақылық қорлар, ұзақ мерзімді міндеттемелер шығарады.
Болашақта кездесетін шығындарды жабу үшін иелері сол шығындарды жабу
мақсатында оларды құяды9.

Анри Кульман – жанама және тікелей инвестициясы

Франция экономика мектебінің көрікті ғалымы – Анри Кульман инвестицияның
класификациясын, проблемасын мүлде басқа аспектте қараған. Ол жанама
инвестиция (ақшамен), ал тікелей инвестицияны (ақшасыз) жасауға болады деп
ойлаған.
Екінші түрде еңбек өнімін тікелей өндіру құрылымына ауыстыру, капталдың
ақшалай форма кезеңіне аттап кету. Бұндай инвестицияның механизімі көбінесе
ауыл шаруашылығанда жасалады. Мысалы: фермер ірі – қара малмен өз отарында
бұзауларын тек қана амортизацияны жабу үшін ғана емес, одан көп бұзаулар
алу. Олар оз отарының санын ұлғайтуға әсер етеді. Бұл кезде тікелей
инвестициялау жүргізіледі.Сондай-ақ бақташыны алсақ олда өзінің барлық
гүлдерін, жемістерін өткізбей тек қана 75% сатады, ал 25% тұқымға кетеді,
яғни өзінің шаруашылығын ұлғайтады.
Тікелей инвестиция өте аз қолданылады өйткені өндірісте зауыт өз
кірпіштерін өз жеріне тағы зауыт салуға арнамайды және осы қағида кең
таралмаған11.
Экономика дамуының құрылымдық өзгерiстерiн табысты iске асырудың, жаңа
ғылыми-техникалық негiзде өндiрiстiк әлеуетті құрудың әлемдiк нарықта
бәсекелестiк позицияны күшейтудiң негiзгi шарты жоғары инвестициялық
белсендiлiк болып табылады. Оңтүстiк-Шығыс Азияда “жаңа индустриалды елдер”
атты экономикалық феноменнiң пайда болуы, қазiргi заманғы ғылымды қажет
ететiн салалардың тез дамуы осы елдер экономикасына тартылатын
инвестициялардың тез өсуiнiң арқасында мүмкiн болды12.
Нарықтық қарым-қатынастар жағдайында республикадағы өнеркәсiптiк
өндiрiстiң дамуына инвестициялардың әсерiн анықтау үшiн, алдымен,
“инвестициялар” категориясының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн анықтап алу
қажет.
Инвестициялар – бұл, нарықтық экономикаға өту кезеңiнде пайда болған,
Қазақстандық экономика үшiн бiршама жаңа термин. Орталықтандырылған
жоспарлы жүйеде негiзгi қорларды қайта өндiруге, оларды жөндеуге жұмсалатын
шығыстардың барлығын қосатын “жалпы күрделi салымдар” түсiнiгi қолданылады.
Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтауда көптеген пiкiрлер бар. Пол
Самуэльсон: “Таза инвестициялау” немесе капиталды құру деп, бiз қоғамның
нақты капиталының (ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалды-өндiрiстiк
қорлар және т.б.) таза өсiмiн айтамыз. Тұрғын адам “инвестициялау” деп,
өзiнiң жер учаскесiн, айналымда жүрген бағалы қағаздарды немесе басқа да
меншiк объектiсiн сатып алғанын айтады. Бiрақ таза инвестициялау тек қана
жаңа нақты капитал құрылған кезде ғана орын алады деп жазған.
Инвестиция көзi болып, жинақ қаражаттары табылатыны белгiлi. Бiрақ
жинақтар бiр шаруашылық агентпен iске асырылады, ол инвестициялауды тiптi
басқа адамдар тобы немесе шаруашылық субъектiлерi iске асыруы мүмкiн.
Сондықтан ғалымдар тобы түсiнiктi анықтау кезiнде инвестицияның мәнiне ғана
емес, оның мақсатты бағытталуына да көңiл аударады. В.Бочаров инвестицияны
тұтынуға қолданылмайтын табыстың бiр бөлiгi деп түсiндiредi. Инвестициялық
қорлар инвестициялық iс-әрекеттiң белгiлi объектiлерiне жұмсалады. Мұнда
капиталдық құнның өсiмi табыс түрiнде немесе әлеуметтiк эффект түрiнде
болады14.
В. Фельзенбаум, инвестиция түсiнiгiн мағынасы бойынша “күрделi салымдар”
және “қаржылық” (портфельдi) инвестициялар түсiнiктерiне, яғни меншiктен
табыс алуға құқық беретiн акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы
қағаздарға салынған салымдарға жақын келетiн нақты инвестицияларды қамтиды
деп атап өткен15.
Инвестицияға анықтама бергенде, инвестицияның тек қана мазмұндылық
сипаттамасына ғана емес, сонымен қатар олардың мақсатты бағытталуына да аса
назар аудару қажет. Осы көзқарастан қарайтын болсақ, инвестиция жалпы
ұлттық өнiмдi өндiруге жұмсалынатын табыстардың маңызды бөлiгiн құрайды,
яғни капитал құрумен, физикалық капиталды кеңейтумен байланысты өндiрiстi
кеңейтуге және жаңартуға кеткен шығындар болып саналады.
Инвестицияларды нақты (капитал құрушы) – жаңа кәсiпорын құруға, iс-
әрекеттегi кәсiпорынды қайта құруға немесе техникалық жарақтандыруға
бағытталған салымдар және қаржылық (портфельдi) – мемлекеттiң, әртүрлi
кәсiпорындардың, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары мен акцияларын
сатып алуға жұмсалған салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы
салымдарын жасайтын салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы
салымдарын жасайтын кәсiпорын-инвестор, өзiнiң өндiрiстiк өзiнiң өндiрiстiк
капиталын – негiзгi өндiрiстiк қорларды және олардың жұмыс iстеуiне қажеттi
айнымалы бағалы қағаздардан табыс-дивидендтер алу арқылы ұлғайтады. Мұнда
өндiрiстi құруға ақша қаражаттары салымдарын, инвестициялық жобаларды iске
асыруға қаржы құралдарын тарту үшiн акцияларды шығарған басқа кәсiпорындар
мен ұйымдар жасайды.

Жаңа Өндiрiстi Тиiмдiлiктi Мемлекеттiк
өндiрiстi кеңейтуге арттыруға басқару
құруға бағытталған бағытталған органдарының
бағытталған инвес-тициял инвес-тициял талаптарын
инвестициялар ар ар орындауға
бағытталған
инвестициялар

Тәуекелдiлiктiң жоғары Тәуекелдiлiктiң төмен
дегейi деңгейi

1-сурет-Инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейi арасындағы байланыс.
Кәсіпорын деңгейінде инвестициялық тартымдылықты арттыруда бірінші
болып, алдағы кезеңдерге арналған даму сипаттары үлкен орын алады.
Инвестиция тарту жолымен дамудың алдағы кезеңдердегі көкжиегін нақты
талдаулар жасау арқылы болжанған жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі. Ол
экономикалық тиімділік деңгейінің қатынастары, өнім өндіру мен оған кететін
өндірістік шығындарды дұрыс есептеп, үнемді пайдалану. Кәсіпорындағы
инвестициялық тартымдылыққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Инвестициялық операциялық есебі»
КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ
Инвестиция туралы жалпы түсінік
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландырудағы тартылған ресурстардың рөлі
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер мен жетілдіру жолдары
Кәсіпорынның инвестициялық саясатының теориялық негіздері
Инвестициялық саясат туралы
«ISKER GROUP» ЖШС инвестициялық қызметінің ұйымдастырылу процесстерін зерттелуінің негізінде кәсіпорында инвестиция қызметін ұйымдастыруды жеңілдету жолдарынының ұсынынылуы
Қаржылық инвестиция табыстылығы және тәуекелділігі
Мемлекеттік басқару органдары және ішкі бақылау жүргізу тәртіптері
Пәндер