Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесін үйретудің әдістемесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4
Негізгі бөлім

I. Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесін үйретудің әдістемесі.

1.1. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінің міндеттері ... .5.7
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының дене дамуының морфофункционалдық және психиологиялық ерекшеліктері ... ... 8.16
1.3. Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17.20

II. Жеңіл атлетика. Биіктікке секірудің техникасын үйрету әдістемесі.

2.1. Биіктікке секірудің техникасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21.22
2.2. Биіктікке секіру техникасын үйрету методикасы ... ... ... ... ... ... .23.26

III. Практикалық бөлім

3.1. Сабақ жоспары
3.2. Зерттеу жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
3.3. Әдістемелік нұсқау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
V. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Мектеп мұғалімдеріне балалар денсаулығы үшін аса үлкен жауаптылық
жүктеген. Сондықтан олар сабақ өткізбес бұрын оқушылар отырған орынның
гигиеналық талаптарға сай болуына назар аударғаны орынды.Дене
тәрбиесінің адам тәрбиесіне тигізетін әсері мен заңдылықтарын жете білу
бүгінгі ұрпақтың ертеңгі ұлағатты ұстаздардың алдында тұрған негізгі
міндеті. Әрбір адам өзін келешекте өмір сүруге әзірлеп отырады. Ал ғылым
мен техниканың дамуына байланысты көптеген қол жұмыстар,ой еңбегімен
алмастырып,дененің қимыл-қозғалыстары азаюда. Демек,адамдарды қимыл-
қозғалыс яғни дене тәрбиесімен шұғылдандыруға дағдыландыру керек.
Дене тәрбиесімен айналысатын оқушы жақсы оқып,білгендерін іске
асыратын табанды,жігерлі азаматтар қатарына қосылады.
Спорт қоғамға жат қылықтармен күресуге көмектесетіні,ұжымдық және
өзара көмек беру сезімдерін жетілдіретіні,белсенді өмірлік көзқарасты
тәрбиелейтін,жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратыны,өмірде
белгілі қағидалар.
Қазақстанның болашағы қазіргі жеткіншек жастардың денсаулықтарына оны
нығайту ісіне айрықша назар аударылып,салауатты өмір салтының бір белгісі
әрбір адамның дене тәрбиесімен жүйелі түрде айналысуы болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі:
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының
бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан жақты
дамуына,күшті де қуатты болып өсуіне ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке
жарамды адамды қалыптастыруға оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет
етеді. Демек,жоғары оқу орындарына болашақ мамандарды кәсіби дайындау
денсаулығы мықты,жан-жақты дамыған алуан түрлі дене және ақыл-ой
еңбектерін тәрбиелеуге қабілетті ұрпақты дайындау жөніндегі мемлекеттік
қажеттілік талаптарына байланысты жүргізілетін іс.
1. Аммарин Б. А. «Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі» М. 1999.

2. Ашмарин Б.А. Дене тәрбиесіндегі педагогикалық ізденістің ілімі мен

әдістемесі. — М., ФиС, 1978

3. Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қамтамасыз

етудегі дене тәрбиесі Республикалық ғылыми әдістемелік түтас жинақ

бағдарламасы 2001-2005 жыддарға. Алматы 2001.

4. Дене тәрбиесі іліміне кіріспе дене тәрбиесі институттарына арналған оқу

құралы. Матвеев А. Т. редакциясы М. ФИС. 1993.

5. Дене тәрбиесі жэне спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын

сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.

6. Дене тәрбиесі мүғалімдеріне арналған кітап. Каюрова С. редакциясы

бойынша. -М., ФиС, 1973 Н.Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі. 26. 7. 7.

Дене тәрбиесі институттарынға арналған оқу құралы. Матвеев М., Говиков

А.Д. басқаруымен. 2-ші басылым. —М.:ФиС, 1976. Т.1, 2тарау.

8. Ұ.Б. Мұхамеджанова «Дене тәрбиесі пәнінің әдістемесі» Астана 2004ж

С. Қайжанов «Дене тәрбиесі» 5-6 сынып. Алматы 2001ж

9 Б. Төтенов «Қазақ спорт ойындары» Алматы 1990ж.

10. Ж. Қабланов «Спорт теминдерінің сөздігі мен тарихы» Алматы 2002ж

11. Сағындықов Е. «Қазақтың ұлтттық ойындары» Алматы Рауан 1991ж

12 Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт туралы заңы
1997ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
Негізгі бөлім

I. Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесін үйретудің әдістемесі.

0.1. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінің міндеттері ... .5-7
0.2. Бастауыш сынып оқушыларының дене дамуының морфофункционалдық және психиологиялық ерекшеліктері ... ... 8-16
0.3. Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17-20

I. Жеңіл атлетика. Биіктікке секірудің техникасын үйрету әдістемесі.

0.1. Биіктікке секірудің техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..21-22
0.2. Биіктікке секіру техникасын үйрету методикасы ... ... ... ... ... ... . 23-26

I. Практикалық бөлім

0.1. Сабақ жоспары
0.2. Зерттеу жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
0.3. Әдістемелік нұсқау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

I. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
II. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Кіріспе
Мектеп мұғалімдеріне балалар денсаулығы үшін аса үлкен жауаптылық
жүктеген. Сондықтан олар сабақ өткізбес бұрын оқушылар отырған орынның
гигиеналық талаптарға сай болуына назар аударғаны орынды.Дене
тәрбиесінің адам тәрбиесіне тигізетін әсері мен заңдылықтарын жете білу
бүгінгі ұрпақтың ертеңгі ұлағатты ұстаздардың алдында тұрған негізгі
міндеті. Әрбір адам өзін келешекте өмір сүруге әзірлеп отырады. Ал ғылым
мен техниканың дамуына байланысты көптеген қол жұмыстар,ой еңбегімен
алмастырып,дененің қимыл-қозғалыстары азаюда. Демек,адамдарды қимыл-
қозғалыс яғни дене тәрбиесімен шұғылдандыруға дағдыландыру керек.
Дене тәрбиесімен айналысатын оқушы жақсы оқып,білгендерін іске
асыратын табанды,жігерлі азаматтар қатарына қосылады.
Спорт қоғамға жат қылықтармен күресуге көмектесетіні,ұжымдық және
өзара көмек беру сезімдерін жетілдіретіні,белсенді өмірлік көзқарасты
тәрбиелейтін,жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратыны,өмірде
белгілі қағидалар.
Қазақстанның болашағы қазіргі жеткіншек жастардың денсаулықтарына оны
нығайту ісіне айрықша назар аударылып,салауатты өмір салтының бір белгісі
әрбір адамның дене тәрбиесімен жүйелі түрде айналысуы болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі:
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының
бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан жақты
дамуына,күшті де қуатты болып өсуіне ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке
жарамды адамды қалыптастыруға оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет
етеді. Демек,жоғары оқу орындарына болашақ мамандарды кәсіби дайындау
денсаулығы мықты,жан-жақты дамыған алуан түрлі дене және ақыл-ой
еңбектерін тәрбиелеуге қабілетті ұрпақты дайындау жөніндегі мемлекеттік
қажеттілік талаптарына байланысты жүргізілетін іс.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Кіші мектеп жасындағы балалардың күшін жетілдіру,барлық бұлшық ет
топтарының үйлесімді дамуын қадағалау, дене бітімінің түзу, дұрыс қалпын
қалыптастыру, берік бұлшық ет белдесімен құру. Бұлшық ет пен сүйек
дамуының үйлесімділігін ескеру. Ол үшін баланың күн тәртібін дұрыс
құрдыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:

Оқушыларды Отанын, халқын сүю рухына тәрбиелеу. Оқушылардың

дене тәрбиесі сабағына, спортқа, жалпы мектептегі оқу тәрбие

міндеттерін шешу мақсатымен жүргізілетін шараларға ынталандыру.

Дене тәрбиесі сабақтарын жоғарғы сапада өткізу және бағдарламада

жоспарланған материалдарды толық өтуді қамтамасыз ету. Мектеп күн

кестесінде бұқаралық сауықтыру шаралары жатады.

Дәрігерлер мен тығыз байланыста болу. Оқу жылының басында барлық

оқушылар міндетті дәрігерлік бақылаудан өткізу. Оқушыларды оқу

топтарға бөлу.

Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінің міндеттері
Бастауыш сынып оқушыларының қатарына 1-7 сыныпта оқитын 7-11
жастағы оқушылар жатады.
Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері
төмендегідей:
1. Денсаулықты нығайту,шынықтыру,жан-жақты дене дамуынна

көмектесу,жалпақтабандылық ауруының алдын алу,бала ағзасының

жағымсыз сыртқы орта әсеріне қарсылық күшін қалыптастыру. Таза

ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен

айналысу,ойнау,секіру,лақтыру,шаңғы тебу,жүгіру баланың бұлшық

еттерін дамытады,жүрек қан тамыры жүйесін,сүйек тірек аппаратын т.б

ағза жүйелерін нығайтады,шынықтырады. Баланың мүсін,тұлға түзулігі

қалыптасады. Сондықтан мектептің міндеті балаларды дене

тәрбиесімен жүйелі,белсенді шұғылдандыру.

2. Дене тәрбиесі жаттығулары гигиеналық дағдылар күн тәртібі туралы

3. арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға

пайдалы әсері гигиеналық ережелері. Тамақтану,демалу,жұмыс

тәртіптері.

4. Оқушылардың өмірге қозғалыс ептілігімен дағдысын қалыптастыру,

оларды жаңа қозғалыстарға, қимыл әрекеттерге үйрету.Бағдарламада

берілген барлық негізгі спорт түрлерінің жаттығуларын дұрыс орындай

білу.

5. Дене қуаты қасиеттерін дамыту.Бастауыш сыныптарда қимыл

үйлесімділігі,ептілік,икемділік қасиеттерін дамытамыз.

6. Жігерлікке,батылдыққа,қажырлылыққа тәртіптілікке

еңбексүйгіштікке,көпшілдікке,мәдени еттілікке тәрбиелеу.Дене

тәрбиесі жаттығулары,әр түрлі қозғалмалы ойындар осы қасиеттерді

дамытады.

7. Қозғалыс кездерінде және қозғалмайтын статистикалық жаттығулар

кезінде мүсін түзулігін,тұлғаны қалыптастыру.Ол үшін

отырғанда,тұрғанда,жүргенде жаттығулар жасағанда тұлға түзулігін әр

қашанда ескеріп арнайы тұлға түзулейтін жаттығулар беріп отыруымыз

керек.

8. Оқушылардың бастауыш сыныптардан бастап президенттік сынама

9. сынақтары жаттығуларын меңгеруге,орындауға дайындай бастауымыз

керек.

10. Оқушылардың дене тәрбиесімен спортқа деген ынтасын

қызығушылығын оятып оларды тұрақты жүйелі спортпен шұғұлдануға

әрекеттендіруіміз керек.

Мектептің міндеті - оқушылар дене тәрбиесі жаттығуларымен

мектепте ғана емес,үйдеде тұрақты айналысуға әдеттендіру.Ол әдет

оқушылардың күнделікті күн тәртіптерінде әбден қалыптасуы

қажет.Осы кезден бастап дене тәрбиесі жаттғуларын орындау олардың

өмір бойғы әдеттеріне айналыу керек.Ол үшін дене тәрбиесі сабақтары

қызықты әсерлі көңілді өтуі керек.Оқушыларды ұйымдастыру,басқара білу

дағдыларына дағдыландыру.Оқушылардың ішінен дене тәрбиесі

белсенділерін дайындау.

Бастауыш сынып оқушыларының дене дамуының
морфофункционалдық және психиологиялық ерекшеліктер
Бастауыш сынып жасы кездерінде балалардың бойлары,дене мүшелері тез
өседі. Әсіресе аяқтары тез өседі. Бала жылына 2 кг салмақ қосады.
Осы жаста сүйек тез қатая бастайды. Бірақ сүйек тканьдарында әлі де
органикалық заттар көп те,минералды тұздар аз. Сондықтан,сүйек
икемді,созылмалы,әлі толық қатаймай,шеміршекті түрде болады. Осы
ерекшеліктерін ескеріп,бастауыш сынып оқушыларына қозғалмайтын
статистикалық жаттығулар жүктемесін аз береміз. Үлкен биіктіктен
секіру,қатты жерге секіру жаттығуларын бермеуге тырысуымыз керек.
Омыртқаның байланыстары мен бұлшық еттері әлсіз,омыртқа арасындағы
шеміршек қалың болып келеді. 7 жаста барлық омыртқа айқын білініп
тұрады. Қыздарда 7-11,ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның
денесі мен эпифиздердің арасында жұқа болса да,шеміршекті қабаты
сақталады. Омыртқа аралық шеміршектер қалың болғандықтан
омыртқалар әлі де өседі,олар 14-15 жаста бекіп,қатаяды. Омыртқа өте
икемді,бірақ оқыс жағдайларда қисайып кетуі мүмкін. Сондықтан осы жас
кездерінде әр түрлі омыртқа қисаюлары скалиоз,лордоз,кифрз байқалады.
Омыртқа эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады.
Балалардың бұлшық ет тканьдарында су көп те,белоктық заттар аз болып
келеді. 7-8 жастағы балалардың бұлшық ет тканьдері олардың жалпы
салмағының 27 % алады. Салыстырмалы түрде қарасақ 18 жастағыларда
40 % болады. Бұлшық еттер әлсіз болады,әсіресе арқа және іш бұлшық
еттері,ұсақ бұлшық еттерге қарағанда жақсы дамыған. Бұл кезеңде бала
бұлшық еттерінің жұмыс қабілеттілігітөмен болады. Осы бұлшық ет
жүйесі ерекшеліктеріне байланысты ұзақ статикалық-қозғалыссыз
жаттығулар,бір жақты жүктемелер қайта-қайта бір түрлі қозғалыстар
беруге болмайды. Жүктемелерді әр бұлшық еттер тобына ауыстырып
беріп денені үйлесімді дамыту қажет. Жаттығуларды үлкен амплитудамен
кіші бұлшық ет тобына көбірек беру керек.
Бастауыш сынып оқушыларының жүректері үлкен,қан тамырларының іші
кең,қабырғалары созылмалы болып келеді. Жүрек соғу жиілігі 50-90
соғумин төңірегінде болады. Жүректің бұлшық еттері әлсіз созылмалы.
Жүректің жиырылуы кезінде шамамен 25-33 мл қан жүректің сол жақ
қарыншасынан қолқа тамырына айналады. Мұны қанның систолалық
көлемі дейді. Жүрек қан тамыр жүйесінің осы ерекшеліктеріне
байланысты ұзақ қатаю,күшене ұзақ көтеру,ұзақ тарту,ауыр нәрсе
көтеру,қарсылақты жеңу жаттығуларын аз беруге тырысу қажет. Олар
орындай алмайтын,бұлшық еттерін қатайтатын көп күш керек
ететін,жүрек соғу жиілігі көп жиілеп кететін жаттығуларды байқап беру
қажет. Балалар мен жасөспірімдердің жастарына байланысты жүрек соғу
жиіліктері мен қанның систолалық көлемі.
Бала жүрегінің соғу жиілігі мен қанның систолалық көлемі
Жасы
Жүрегінің соғу жиілігі ретмин
Қанның систолалық көлемі,мл
Жаңа туған
120-168
2,5 мл
1-2 ай
132-171
-
6 ай
120-150
-
1 жас
103-150
10,0
2 жас
96-135
10,2
5-6 жас
83-119
20,6

Ер балалар
8 жас
50-93
25,0
10-12 жас
53-86
33,4
15-16 жас
50-77
41,4
Ересек
55-75
60 және одан да көп
Қыз балалар
8 жас
67-99
27,0
10-12 жас
60-89
31,6
15-16 жас
55-85
38,5
Ересек
60-75
55-65

Балалардың зат алмасу үрдісі үлкендерге қарағанда тез жүреді. Балалардың
кеуде клеткалары домалақ түрде,қабырғалары аз иілгендіктен терең дем
алуға кері әсер етеді. Дем алу жиілігі тез,терең емес,минутына 22 рет терең
дем алу жиілігі төңірегінде. Дем алу жолдары үлкендерге қарағанда қысқа.
Тыныс алудың минуттық көлемі 7 жастағы балаларда 3500 млмин болады,ол
11 жасқа келгенде көбейіп 4400 млмин дейін жетеді. Өкпенің тіршілік
көлемі 7 жаста 1200 мл-ден,10 жаста 2000 мл-ге дейін көтеріледі. Бастауыш
сынып оқушыларын терең,бірқалыпты мұрынмен дем алуға үйретуіміз
қажет. Жаттығулар орындау,дем алумен бірдей орындалуы тиіс.
Бастауыш сынып оқушыларына дене қуаты дамыту жаттығуларын бергенде,
ұл балалармен, қыз балалардың дене даму ерекшеліктерін ескеру қажет.
Ұлдардың салмағы, бойлары үлкен, кеуделері кең,
өкпенің тіршілік көлемі жоғары болады. Бұлшық ет
күштері қыздарға қарағанда дамыған. Олар тез жүгіреді,
ұзаққа, биікке секіреді,алысқа лақтырады,олар күшті, әрі шыдамды.
Сондықтан 2-сыныптан бастап ұлдарға ауырлық көтергенде, ұзаққа
жүгіргенге,секіргенде, лақтырғанда көбірек жүктеме беруге болады.
Қыздарға 3-сыныпта ұлдарға қарағанда көбірек бірқалыпты,ырғақты, би жаттығуларын беруге болады.
Дене тәрбиесі сабағын жүргізудің төмендегідей ерекшеліктері бар:

1.Бастауыш сынып оқушыларына негізгі үйрететін жаттығулар табиғи қимыл
әрекеттерді жетілдіру түрінде болып келеді. Олар: жүру,
жүгіру,секіру,лақтыру,өрмелеу т.с.с.

2. Бір сабақ кезінде оқу материалын меңгеру және жетілдіру үрдісінің 2-3
міндетін ғана орындаса жеткілікті болады.

3. Сынып төмен болған сайын табақ бұлшық еттерін нығайту және түзу
тұлға қалыптастыру жаттығуларын беруге айрықша көңіл бөлу қажет.

4. Әрбір сабақта міндетті түрде қозғалмалы ойындар ойнату керек. 3,4 - ші
сынып оқушыларымен сабақ өткізгенде ойын жаттығулары сабақтың 50%
уақытын алса дұрыс болады.

5. Оқушыларға негізгі жаттығулардың техникасын үйреткенде, оны дұрыс
және нақты орындауға көп көңіл бөлу керек.
Оқу үрдісі кезінде жаттығуды үйрету және
жетілдірумен бірге дене қуаты қасиеттерін дамытуға бірдей көңіл бөлу.

Балалардың қимыл әрекеттерді еске сақтау қабілеттері 7-12
жас аралықтарында тез дамиды да, 13 жастан әрі қарай баяулай бастайды.
Қимыл әрекетке үйрету әдістерін
қолданғанда көбінесе толық орындау әдісін пайдаланамыз.
Жаттығуды бөлшектеп үйретуді анда-санда ғана ,қосымша түрде
қолданамыз.Қозғалыс тапсырмасын берген кезде
балалар дұрыс түсіну үшін нақты не істейтінін,
қалай орындау керектігін айту керек. Мысалы, ұста,жетіп ал,
допты ойыншыға тигіз және т.с.с. 2-3-ші сыныптарда қимыл
жиілігін дамыту жаттығуларын көбірек береген дұрыс болады.
Жылдамдықты дамыту жаттығуларын қысқа түрде 6-8 секунд уақытқа ғана
беру қажет.

Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде
негізінен білім беру міндеттерін шешеміз. Ол міндеттер:
қимыл қозғалыс түрлерін меңгеру, дене тәрбиесі негіздері және
салауатты өмір салты туралы негізгі теориялық мағлұматтар беру.Елімізде
қазіргі кездерде жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сыныптарда
дене тәрбиесі сабағын көбінесе сол сыныпқа сабақ беретін
бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді.Ол мұғалімдер арнайы және жоғары
оқу орындарында оықғанда дене тәрбиесі мен әдістемесі пәнінен
дәрістер алды, сынақтар тапсырды. Сондықтанда ол мұғалімдер дене
тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде көп ізденіп , дайындалып , мектептің
дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, олардан көп үйреніп,
сабақтарды мектеп оқу бағдарламасы материалдарына сай жүргізілуі
керек. Ал, дене тәрбиесі мұғалімдері келешек өздерінің алдына келетін
оқушылардың төрт жыл уақытын бос өткізулеріне жол бермей ,
бастауыш сыныптардың дене тәрбиесі сабақтарын, оқу жоспарын
қадағалап, бастауыш сынып мұғалімдеріне арнайы әдістемелік сабақтар
өткізіп, кеңес беріп отырулары керек.

Бастауыш сыныптарда дене тәрбиесінің негізгі мақсаттары мынадай:

- балалардың негізгі қыймыл әрекеттерін жетілдіріп, спорттық
қозғалыс жаттығулары мен ұлттық ойындары үйрету және сол
үйренгендерін өз еріктерімен орындауға әрекеттендіру.
Бұл мақсатта қазақ халқының бала денесін жетілдіру әдістері, оларды қолдану жолдары және ғасырлар бойы сұраптылып келген озық тәжіребелер де ескерілген.
Өйткені, ата - бабаларымыз балаларын ат құлағында ойнатып, қырда жарыстырып, шабандоздыққа үйреткен. Осындай мәнді де мағыналы тіршілік пен еңбек түрлерін игеру әрекеттері арқылы балалардың денесі шынығып, шымыр да тұлғалы бітім қалыптасқан, алып күштің иесі де шыққан. Осы ұлттық дәстүрді ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыру мақсатында біздің балабақшада қазақ халқының тіршілік әрекетіне байланысты ұлттық нақыштағы қимыл - қозғалысына арналған жаттығуларды әр топтағы балаларға жасатып үйрету жұмыстары жүргізілуде. Салауатты өмір салты дағдыларын орнықтыру. Ересектермен бірге күн сайын таңертеңгілік гимнастика, су процедураларын жасау. Жыл маусымын есептегендегі дененің және спорттық киім гигиенасы. Құрдастарымен таза ауада дене жаттығуларын орындау. Спорттық жарыстар мен мейрамдарды көру. Конькимен, шанамен сырғанау, шаңғымен серуендеу.
Қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын, дұрыс тұлғаны қалыптастыру.
Отырғандағы, тұрғандағы бастапқы қалыптан, жүру кезіндегі тұлғаға арналған жаттығулар. Таяқшалармен, шеңбермен, қабырғада тұрғанда жаттығулар жасау. Жылдамдық пен икемділікті дамытуға арналған жаттығулар. Жүгіру мен секірулері бар қозғалыс және спорттық ойындардың элементтері. Шаңғымен жүру, өрмелеу. Сабақтың әлеуметтік, материалдық-техникалық жағдайлары туралы білімі.
Қарапайым спорт жабдығының атауы, оны пайдалану біліктілігі. Спортзалмен спорт алаңының құрал-жабдықтары. Жекелеген жалпы дамытатын жаттығуларды орындаудың әр түрлі тәсілдерін меңгеру.
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесін сапалы дәрежеге көтеру қазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осы маңызды жұмысты іске асыру барысында тарихи ел арасында қалыптасқан ұлттық халық ойын түрлерін баланың денесін шынықтыру барысында ұтымды пайдалануды зерттеу маңызды сала болып табылады, себебі халық арасында таралған ойындар баланың сүйіп ойнайтын және оның күш-жігерін жетілдіретін әсерімен ерекшеленеді.
Соңғы жылдарда зерттелген көптеген ғылыми еңбектердің негізгі тұжырымдамасы бойынша осы мектеп жасындағы балалардың дене шынықтыруын нақты бір мақсатты бағытпен дамытқанда ғана денсаулығы нығайып, жұмыс жасау қабілеті дамып жеке тұлға болып қалыптасуына тікелей әсері бар екендігі дәлелденуде.
Неміс ғалымы В. Зигердің дәлелдеуінше: Дене тәрбиесін қоғамдық
құбылыс, мәдениет пен тұрмыс салтының құрамдас бөлігі, адамдардың нақты
тарихи әлеуметтік топтарының тәрбиесі ретінде айтқанда, біз тәнді
жетілдірудің әлеуметтік-мәдени жағдайларының, сонымен қатар белгілі-бір
қозғалыстың дамуына дұрыс мән берілуі қажет екендігін көреміз.
Бастауыш сыныптарға арналған дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру ерекшеліктеріне қарай сабаққа дайындау кіріспе бөліміне оның мақсаты балаларды ұйымдастыру олардың назарын жинақтау, эмоциялық қалыпқа келтіру, баланы күрделі жаттығулар жасауға әзірлеу болып табылады.
Жаттығу барысында балалардың дене бітіміне, денесін, басын ұстауы мен қол, аяқтарының қимыл координациясына, аяқ алысына, жүгіру жеңілдігіне мән берілуі керек.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі дене қимылдарына жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, еңбектеу, өрмелеу, асып түсу, шығу, тепе-теңдікті сақтау түрлерін дұрыс қалыптастыру негізгі мақсат болып табылады. Бұл дағдыларды қалыптастыру кезінде балалардан ынталы болуды, дұрыс орындауға талпынуды, оларға нақты нұсқаулар беруді, орындауларына көмек көрсетуді талап етеді.
Дене шынықтыруды қимыл-қозғалыс ойындары арқылы жүзеге асыру балалардың дене мүшелері мен көңіл-күйлеріне қатты әсерін тигізеді. Қимыл-әрекетке толық жағдай жасаудың, барлық бала ойыннан қуаныш табуға мүмкіндік жасаудың маңызы зор.
Ғалымдар Д.А. Фарбер, В.И. Козлова балалардың ми қыртысындағы сезім аймақтарының даму ерекшеліктерін зерттеп оның 14 жасқа дейін қалыптасатынын анықтады. Бұған қоса баланың зейіні 3-4 жаста қалыптаса бастап, 6-7 жаста зейін тұрақтанады да, 7-8 жаста ерікті зейін нашарлау болып, 9-10 жаста сыртқы ортаның әсерін терең және жан-жақты талдау қабілеті күшейетіндігін анықтаған.
Ойын барысындағы іс-қимылды дұрыс сапалы түрде балаға жеткізіп бірнеше рет қайталап әдетке айналдырғанда, бала ағзасындағы зат алмасу артып, жүйке жүйесі белсенділігін танытып, қан айналымы жақсарады. Қозғалыс барысындағы жиі демалудан бала ағзасындағы оттегіге деген қажеттілік артады. Дене шынықтырудың арқасында баланың көңіл-күй жоғарылап, жүйке жүйесі бекиді. Дене шынықтыру нәтижесінде бала өзінің іс әрекетіне және топтық тәртіпке үйреніп, оның ережесіне бағынады. Бұл оның жан-жағындағы оқиғаға мән беріп қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына септігін тигізеді.
Бастауыш сыныптарда дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды мәселенің бірі болып саналады. Ең негізгі міндет Бірінші байлық - денсаулық дегендей балалардың денсаулығын нығайту, шынықтыру, түрлі аурулардың алдын алу, сақтану жұмыстары дәстүрден тыс әдістері қолдану арқылы жүргізіледі. Ол үшін бүлдіршіндердің денесін шынықтыруға, яғни олардың дене құрылысының дұрыс өсіп қалыптасуына көп көңіл бөлінеді. Сыныптарда, одан тыс кезде мұғалімдер балалардың қимыл белсендігін арттырып отырады. Дене шынықтыру сабағында ертеңгілік жаттығу кезінде, ойын элементтерін жиі қолданады, ал серуен кезінде тәрбиешілер тікелей тапсырма беру арқылы балаларды әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрістер бойынша қысқаша конспект
Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері
Дене тәрбиесі қасиеттерін дамытуға арналған қимыл-қозғалыс ойындары
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Дене шынықтырудың міндеттері
Тәрбие мақсаттары мен міндеттері
Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі
Дене мәдениеті теориясы мен әдістемеснің жалпы негідері
Дене тәрбиесінің оқыту мәселелері
Командалар капитанын таңдау
Пәндер