Бастауыш сыныптарда мысалдарды оқыту
I.Кіріспе бөлім
Мысалдар. халық ауыз әдебиеттінің бір түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4.6бет
II.Негізгі бөлім
2. 1 Бастауыш сыныптарда мысалдарды оқыту әдістемесінің негізгі талаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.10бет
2.2 Бастауыш сынып мысал бойынша берілетін білім мазмұны (1.4 сынып) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10.17бет
2.3 Бастауыш сыныптардағы мысалдарды оқутудың әдіс
тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15.20бет
III.Қорытынды бөлім
3.1 Мысалдар . оқушылар бойында рухани адамгершілік қасиеттерді, дұрыс әрекет, ақиқат құндылығын қалыптастырудың құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21.23бет
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24бет
(Қосымшалар)

Әдебиеттің мысал түрінің арғы анасы-халық.Баяғы заманнан бері халық жасаған мысалдар оның керегіне жарап,бүгінгі дейін тозбай сақталып келеді.
Әдебиеттің бұл мысал жанры-ең қысқа ықшам жанр.Ертегі ұзақ, шытырмен оқиғалы, сан қырлы,бұлтарысты, қолтарысты болып адам дәстүрінше сөйлестіру, мысал оқиғаны табан астынан, төтесінен туғызып,шұғыл қайырады. Сондықтан көңілден тез орын алып, ұмытылмайды.
Бұрынғы халық мысалдарында да, онан соң туған жеке авторы бар, жазба мысалдарда да айтайын деген көкейтесті, түйінді пікірін көбінесе аңдар, хайуаннаттар, құстар, құрт-құмырсқалар,ағаштар, тастар тағы-тағыларды адамша шендестіру,адам дәстүрінше сөйлестіру арқылы береді.
Мысал үрдісі ерте заманнан бар.Ежелгі грек әдебиетінде –Эзоп, Рим әдебиетінде Федр- әйгілі мысалшылдар болған. Орыс әдебиетіндегі мысал жанрын биік сатыға көтерген жазушы- И.Крылов.Оның көптеген мысалдарын ұлы ағартушылар қазақ тілімен,әдебиетінің негізін салушылар:Ы.Алтынсарин,А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов қазақ тіліне аударып,қазақ әдебиетінде мысал жанрын дамытты. Қазақтың реалистік әдебиеттерінде мысал жанрының өз алдына жеке жанр ретінде қалыптасып, дамуы Д.Бабатайұлының есімімен байланысты. Ол ауыз әдебиетінің адамгершілікке үндеп, емеурінмен білдіретін өсиеттік жанры-мысалды әлеуметтік сатира дәрежесіне көтерді, оның кейіпкерлеріне реалистік, типтік сипат дарытты.
Одан кейінгі кезеңде С.Дөнентайұлы, А.Тоқтамағанбетов, С.Көбеев,С.Жүнісов,С.Торайғыров, Ш.Смаханұлы және тағы басқалар қалыптасуына ықпал етті.
Кейіннен жарық көрген доцент М.М.Иманғазиновтың «Антика әдебиеті» атты еңбегінде автор: «Мысал - әріден келе жатқан, эпостың шағын да өткір жанры. Мысал жанры көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі әлемнің іргелі ақын жазушыларының назарында болған, қызықты форма, ұғымды идея, халық тұрмысына ет жақын суреттеулерге толы әдеби жанр» деген тұжырымдама ұсынады.
Мысал өлеңдер көбіне аударма шығармалар деп саналып жүр. Алайда осы өлеңдерді талдап бағалағанда олардың аударма емес екендігіне көзіміз жетеді. Себебі мысалда көбіне белгілі бір сюжет еркін баяндалады. Абайдың өзі мысалдың мәтінін дәлме-дәл тұжырымдауды мақсат етпеген. Негізінен оқиға желісін сақтай отырып мысалдағы жағдайларды қазақ өміріне,ұғым-түсінігіне ойлау,сөйлеу ерекшелігіне

1. Ыбырай Алтынсарин атындағы ғылым академиясы білім стандарты 2014 жыл
2.Г.Ж.Тұрдалиева «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі» 2007жыл
3. 1,2,3,4- сынып оқулықтары, әдістемелік құралдар «Алматыкітап баспасы» 2014жыл
4. М.Қараев.Қазақ тілі:педколледждерге арналған.-1993жыл
5.Б.Құлмағанбетова. Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдалану.Алматы,1978жыл
6.Ұ.М.Әбдіғапбарова, С.С.Нұркеева «өзін-өзі тану» колледж оқушыларына әдістемелік құрал 2010жыл
7.С.Рахметова «Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы» 2009жыл
8.С.Жиенбаев «Қазақ тілін оқыту әдістемесі»
9. Ғ.Бегалиев. Бастауыш мектептегі қазақ тілі методикасының негіздері.-Алматы,1950жыл
10. С.Қазыбаев. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы.-1985жыл
11.Қалиев. Ғ, Оралбаев Н,Шалабаева.Б, Төлегенов О. Қазіргі қазақ тілі.-1997жыл
12.Уайсрова.Г.И.Жумабаева Ана тілін 1-сынып 2015жл
13.Тұрғынбаева Б.А, Мутибекова.З 2-сынып оқулығы
14.Құлмағанбетова Б.Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдалану.-Алматы,1978
15.Бастауыш мектеп журналдары.-1998,1999,2000-2015жыл
16.Ізғұттынова Р.Бастауыш мектеп журналы
17.1-4сынып.әдістемелік оқу құралдары
18.Ы.Алтынсарин «Таза бұлақ»
19.Ана тілін оқыту әдістемесі.Алматы «Атамұра»-1998жыл
20.Тәрбие құралы,№1 2005жыл

Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда мысалдарды оқыту
Мазмұны
I.Кіріспе бөлім
Мысалдар- халық ауыз әдебиеттінің бір түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-6бет
II.Негізгі бөлім
2. 1 Бастауыш сыныптарда мысалдарды оқыту әдістемесінің негізгі талаптары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7 -10бет
2.2 Бастауыш сынып мысал бойынша берілетін білім мазмұны (1-4 сынып) ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10-17бет
2.3 Бастауыш сыныптардағы мысалдарды оқутудың әдіс
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15-20бет
III.Қорытынды бөлім
3.1 Мысалдар - оқушылар бойында рухани адамгершілік қасиеттерді, дұрыс әрекет, ақиқат құндылығын қалыптастырудың құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21-23бет
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24бет
(Қосымшалар)
Курс жұмысының мақсаты:
Бастауыш сыныптардағы мысалдарды оқытудың білім мазмұнын анықтау, саралау.
Курс жұмысының міндеттері:
1.Бастауыш сыныптардаберілген білім мазмұнын ана тілі,әдебиеттік оқу оқулықтары бойынша шолу,анықтау жұмыстарын жүргізу.
2.Бастауыш сыныпта берілген мысалдардың тәрбиелік мәнін ашу, ұсынылған әдіс тәсілдерді саралау.
3.Мысалдарды оқыту барысында оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қаблеттілігін дамыту жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың зеттеу обьектісі: Бастауыш сынып оқулықтары 1-4 сынып.
Курстық жұмыстың зеттеу пәні: Ана тілі, Әдебиеттік оқу оқулықтары.
Курстық жұмыстың құрылымы:Кіріспеден 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен,қосымшадан тұрады.
Курс жұмысының өзектілігі:
Бастауыш сыныптарда мысалдарды оқыту бойынша берілген оқу материалдарын негізге ала отырып, бала бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру жолдарын анықтау.
Кіріспе бөлім
1.1 Мысалдар-халық ауыз әдебиетінің бір түрі
Әдебиеттің мысал түрінің арғы анасы-халық.Баяғы заманнан бері халық жасаған мысалдар оның керегіне жарап,бүгінгі дейін тозбай сақталып келеді.
Әдебиеттің бұл мысал жанры-ең қысқа ықшам жанр.Ертегі ұзақ, шытырмен оқиғалы, сан қырлы,бұлтарысты, қолтарысты болып адам дәстүрінше сөйлестіру, мысал оқиғаны табан астынан, төтесінен туғызып,шұғыл қайырады. Сондықтан көңілден тез орын алып, ұмытылмайды.
Бұрынғы халық мысалдарында да, онан соң туған жеке авторы бар, жазба мысалдарда да айтайын деген көкейтесті, түйінді пікірін көбінесе аңдар, хайуаннаттар, құстар, құрт-құмырсқалар,ағаштар, тастар тағы-тағыларды адамша шендестіру,адам дәстүрінше сөйлестіру арқылы береді.
Мысал үрдісі ерте заманнан бар.Ежелгі грек әдебиетінде - Эзоп, Рим әдебиетінде Федр- әйгілі мысалшылдар болған. Орыс әдебиетіндегі мысал жанрын биік сатыға көтерген жазушы- И.Крылов.Оның көптеген мысалдарын ұлы ағартушылар қазақ тілімен,әдебиетінің негізін салушылар:Ы.Алтынсарин,А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов қазақ тіліне аударып,қазақ әдебиетінде мысал жанрын дамытты. Қазақтың реалистік әдебиеттерінде мысал жанрының өз алдына жеке жанр ретінде қалыптасып, дамуы Д.Бабатайұлының есімімен байланысты. Ол ауыз әдебиетінің адамгершілікке үндеп, емеурінмен білдіретін өсиеттік жанры-мысалды әлеуметтік сатира дәрежесіне көтерді, оның кейіпкерлеріне реалистік, типтік сипат дарытты.
Одан кейінгі кезеңде С.Дөнентайұлы, А.Тоқтамағанбетов, С.Көбеев,С.Жүнісов,С.Торайғыров, Ш.Смаханұлы және тағы басқалар қалыптасуына ықпал етті.
Кейіннен жарық көрген доцент М.М.Иманғазиновтың Антика әдебиеті атты еңбегінде автор: Мысал - әріден келе жатқан, эпостың шағын да өткір жанры. Мысал жанры көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі әлемнің іргелі ақын жазушыларының назарында болған, қызықты форма, ұғымды идея, халық тұрмысына ет жақын суреттеулерге толы әдеби жанр деген тұжырымдама ұсынады.
Мысал өлеңдер көбіне аударма шығармалар деп саналып жүр. Алайда осы өлеңдерді талдап бағалағанда олардың аударма емес екендігіне көзіміз жетеді. Себебі мысалда көбіне белгілі бір сюжет еркін баяндалады. Абайдың өзі мысалдың мәтінін дәлме-дәл тұжырымдауды мақсат етпеген. Негізінен оқиға желісін сақтай отырып мысалдағы жағдайларды қазақ өміріне,ұғым-түсінігіне ойлау,сөйлеу ерекшелігіне
жанастырып өзінше бейнелеуге ұмтылған. Сондықтан мысал өлеңдердегі баяндалу келісті оралымды екендігі бұлтартпас шындық. Ал А.Байтұрсынов аудармаларына келетін болсақ, өзінің әйгілі шығармасы Қырық мысалында аударылған мысалдарға өз тарапынан түйінді ойқосып отырған. А.Құнанбаевтыңда, А.Байтұрсыновта төл туындылары мысал жанрына өзіндік сипат бергені әдебиетшілерге аян.
Мысал өлеңнің өзіндік ерекшелігі ойды тура,ашық айтпай тұспалдап, алыстан орап жеткізуінде оқушы бүкпелеп айтылған жайды,астарлы мағынаны өз ойымен бағдарлап, өзінше аңғарып түсінуге тырысады. Бұл одан тапқырлықты, сөздің астарына үңілуді, тұспалмен аңғартылған нәрсені айқын елестете білу қаблеттілігін талап етеді, ойына түрткі болып сезіміне әсер береді.
Мысалдар еңбексүйгіштік, әділдік, адалдық, қарапайымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап, уағыздайды, жағымсыз қылықтарды мысқыл түрінде күлкі ете отырып, одан сақтандырады.
Баланы ойландыру-оларды мұндай мәселелер айналасында белгілі бір қорытынды жасауға үйретеді. Мысалы, өлеңдердің балаларға эстетикалық тәрбие беруде пайдасы зор. Ондағы көркем образдардың нақтылығы, диалогтарының дәлдігі, оқиғаларының күлкілі, тартыстарға құрылуы, тілінің өткірлігі мен көркемділігі - жасөспірімдерді үлкен қуанышқа кенелтіп, ой-санасын өсіріп, өзіндік көзқарасын қалыптастырады.
Өлеңді мәнерлеп оқуға қойылатын талаптар мысалды оқуға да қойылады. Бірақ мысалды оқудың стилі басқаша. Әдетте мысалда қысқа өсиет-өнеге айтылады. Мұндай қорытынды, меңзеу,нұсқау мысалдың идеясын немесе қосалқы мәнін ашады.Кей кезде балдырғандарға астарлы мәнді өсиет-өнеге түсінікті бола бермейді. Кейіпкерлері хайуанаттар болғандықтан оны жақсы ұғынады. Егер мысалдың сюжетті түсінікті болса, қосалқы мәнін ашып айту міндетті емес.
Балаларға көркем образдарды нақтылап беру керек. Өйткені, балалардың айналадағы өмір тіршілігі жайлы түсініктері әлі қалыптаспаған сондықтан олардың ұғымына көрнекілік, тұжырымдылық қажет.
Балаларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Балалардың ой-санасын дамытуға, мінез-құлқын қалыптастыруға,дүние-танымын кеңейтуге көркем әдебиет шығармаларындағы кейіпкерлердің өмірі мен іс-әрекеттері үлкен әсер етеді. Онда көркем әдебиетке, ана тіліне деген ынтасы арта түседі, туған әдебиетін сүйетін бала болады.
Мысал арқылы бала қоршаған тіршілік дүниесімен танысады, толассыз болып жататын өмір өзгерістерін пайымдайды,адамдардың іс-әрекетіне көзқарасы қалыптасады.Жасөспірімнің сана-сезімін өсіріп, ақыл-есін дамытып,оларды жоғары адамгершілікке тәрбиелейді.
Адамгершілікке қасиеттердің алғашқы дағдыларын бала бойына сіңіруде мысалдыңда алатын орны ерекше.
Негізгі бөлім
2.1 Бастауыш сыныптарда мысалдарды оқыту әдістемесінің негізгі талаптары
Жоғары да айтылған теориялық ұғымдарды ескере келе мысалдардың балалар ұғымына жеңіл келетін жанрдың бірі ретінде қабылдап тәрбиелік мәнін басты назарға ала отырып мысалдар арқылы балаларға білім бере отырып тәрбиелеу мақсатын қазақ әдіскерлері С.Рахметова, Г.Ж.Тұрдалиева, Б.Құлмағанбетова,С.Жиенбаев, С.Қазыбаев, Ғ.Бегалиев өз еңбектерінде атап өткен. Мысал оқытқанда ең маңыздысы:оқушыларға оның мазмұнын қабылдату және ондағы кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау. Мысалдың басты ерекшелігі-онда белгілі үгіт,тәлім тәрбиелік мәні бар қорытынды пікір болатындығы. Мысал оқытуда осы пікірді пайдалану керек. Мысалдағы ойды айтып бермей оқушылардың өз бетінше табуына ықпал ету керек. Оқытудың маңызды ерекшілігі мысалды оқуту тәсілінде яғни дауысты құбылтып оқу,мәнелеп оқуды ескеру себебі кейіпкердің мінез-құлқын дауыс ырғағы арқылы жеткізу-оқушылардың қызығушылығын арттырады. Мысалдар поэзия тілінде өлең түрінде келетіндіктен өлеңді оқытудағы талаптар мысал өлеңдергеде қойылады.Бастауыш сынып оқушылары мысалды оқығанда суреттелген оқиғаның тартымдылығына қызығады, оны шындық деп қабылдайды. Сондықтан мысалды оқып шығысымен, автордың ондағы суреттеп отырған жан-жануарлары кімдердің бейнесі, оны кім деп түсінесіңдер дегендей,сұрақ қою қателік болар еді. Өйткені, мұндай әдіспен жүргізу- оқушылардың мысалды оқығанда алған әсерін жояды. Сондықтан балалардың алған әсерлері әлсіремей,қайтакүшейе түсетіндей, мысалдағы кейіпкерлердің іс-әрекетін тереңірек ұғына түсуіне жағдайжасайтын әдіс-тәсілдер қарастырылады. Ол үшін алдымен мысалдағы суреттелген оқиғаны,қатысушы кейіпкерлерді шындық, өмірде болғандай етіп түсіндіруі керек.Ал мысалда суреттелгендер шындық, болмыс жөнінде қате түсінік беретінінен,мысалы,балалардың қарға,түлкінің сөйлемейтінін білетіндігінен қауіптенудің қажеті жоқ.Олардың сөйлемейтінін балалардың өздері де жақсы біледі, сонда да оны шындық сияқты қабылдайды. Мысалы, балалар тіпті 4-сыныптың өзінде де қылыштасу, атысу ойындарын беріліп ойнайды. Олар таяқтың қылыш, найза еместігін әрине жақсы біледі, бірақ өздерінше шын найза, қылыш деп есептейді.
Немесе қыз балалардың кейбіреулері әлі де қуыршақпен ойнайды, оның сөйлемейтінін біле тұра, шын кісі деп есептеп, онымен сөйлесіп отырады. Сол сияқты мысалдағы оқиғаны да бастауыш сынып оқушылары шын қабылдайды.
Мысал оқытуда осындай қорытынды пікірді пайдалану керек. Құрғақ сөзбен мұндай жаман мінез-құлықтан,іс-әрекеттен аулақ болу керек деудің бастауыш сынып оқушыларына әсері шамалы.Ондай үгітті тіпті,сол оқылып отырған мысалдан үзінді келтіре отырып айтқанда да, кішкене балалардың санасына бірден қона қояды деу қиын. Сондықтан мысал оқытуда онда айтылатын үгітті табуға тырыспай,оның кейіпкерлері мен сол кейіпкерлердің іс-әрекеті,өзара қарым-қатынасы, бір-біріне айтқан сөздеріндегі ой ашылуға тиіс.
Әдеби шығармалардың басқа түрлерінен мысалдың мынадай өзгешеліктері бар:
а) аллегориямен айтылатыны.
ә) мысалда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мән болатыны.
б) оның оқылу ерекшелігі. Осыдан келіп, мынадайәдістемелік сұрақ туады: мысалдағы аллегорияны ашукерек пе, жоқ па? Мұндай сұраққа жауап беру үшін,мысалдың сипатын, мазмұнын, оны балалардың қалай
қабылдайтынын байқап қараған дұрыс.
Мысал-қызықтыда қысқа шығарма. Ол өлеңмен де, қара сөзбен де жазылады. Тек адамдар ғана емес,хайуанат-жәндіктер де, түрлі зат нәрселерде мысал қаһарманы болып әрекет етеді, бірақ бұған қарап оны ертегі деуге болмайды. Мысалы, түлкі-қу, екі жүзді алдамшының, қасқыр-қара жүрек қатыгездің,ашқарақ жауыздың,есек-топас,дүлейдің, қой-момынның,жуастың бейнесінде көрінеді. Әр мысалдың басында не аяғында түйін болады.
Балаларға көркем образдарды нақтылап беру керек. Өйткені, сәбилердің айналадағы өмір тіршілігі жайлы түсініктері әлі қалыптаспаған,сондықтан олардың ұғымына көрнекілік, тұжырымдылық қажет. Мұғалім шығарманы оқыр алдында балалардың оны қабылдау шама-шарқын ескереді,шығарма мазмұнын біртіндеп жетелей отырып түсіндіруді көздейді, неге баса көңіл аудару керектігін анықтап алады. Көркем образдарды нақтылауға,тұжырымдауға заттардың өзі немесе бейнелері пайдаланылады.
Өлеңдерді оқу тәртібін шамамен былайша көрсетуге болады:
1) Өлең оқылмас бұрын оның мазмұнына қарай оқушымен әңгіме өткізіледі. Бұл әңгімеде өлең ішіндегі оқушылардың ұғымына ауыр-ау деген бейнелі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасы түсіндіріледі.
2) Өлеңді ырғағына келтіре, мәнерлеп алдымен мұғалімнің өзі оқып шығады. Оқу барысында балалар кітаптарын жауып, тыңдап отырады.
3) Оқушылар өлеңге әуелі іштерінен көзжүгіртіп өтеді де, сонан кейін оны дұрыстап оқиды.
4)Өлең мазмұны талданады. Кейбір көлемдірек өлеңдер бөлім-бөлімге бөлініп, ал қысқа өлеңдер тұтас талданады.Өлеңді 2-ші рет қорытындылау мақсатында оқуға дайындық жұмысы жүргізіледі.
5)Оқу техникасы (шапшаң,жай) дауыс сазы,хормен оқу,жеке оқушыға оқыту жұмыстары жүргізіледі.
Мысалдарды төмендегідей жолдармен оқытуға болады:
1)Оқытылатын мысал жөнінде мұғалім алдын ала әңгіме өткізеді, онда балаларға түсінуі ауыр сөздердің (сол мысалдың ішінде кездесетін) кейбіреулерінің кірістіре отырып, олардың мағыналарын аша кетеді.
2)Мұғалім мысалды әуелі нақыщына келтіре өзі оқиды, сонан кейін оқушыларға оқытады.
3)Мысалдың мазмұны талданады.
4)Мысалдың кей жерлерінен үзінді келтіре отырып, ондағы негізгі ойдың не екенін қорытындылап әңгімелейді.
5)Мысалдың мазмұнына ұқсас өмірде кездесетін іс-әрекеттерден мысалдар келтіреді.
6)Рөлге бөліп оқытылады.
Мысал мен өлеңді оқытудың ұқсастығы тақырып бойынша кіріспе әңгіме жүргізіліп,балаларға сол тақырып ішінде түсінуі қиын сөздердің сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріледі. Мысалды немесе өлеңде ең алдымен мұғалім өзі мәнерлеп,нақышына келтіріп өзі оқып шығады. Екі шығармада тақырып бойынша талдау жұмысы жүргізіледі. Өлең Бастауыш сынып оқушыларына берліген өлеңдер алуан түрлі болып келеді. Кейбір өлеңдер белілі бір оқиғаға құралса, ал енді бір тобы
автордың көңіл-күйіне,асқақ ойының мағынасын білдірсе, мысалда көбіне жануарлар немесе басқа да жансыз нәрселер арқылы адамдардың мінез-құлқы байқалады.
Мысалдарды оқытуға қойылатын талаптардың бірі -- оның эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызметті - жаңа білімді игеруге итермелейді. Ол сырттай ғана байқалуы мүмкін (мұғалімнің қатты дауысы, қол сілтеуі, т.б.) және эмоционалдылық мұғалімнің сабақтағы оқыту процесіне, оқылатын тақырыпқа қатысты байқалуы мүмкін.
Оқушылар сергек болуы үшін сабақ эмоционалды болуы керек, бұл олардың белсенділігін арттыру тәсілдерінің бірі. Сабақта әр түрлі проблемалық ситуацияларды пайдалану да эмоционалдылыққа жағдай жасайды, оқушылардың танымдық кызметін жеделдетеді. мінез-құлқы,іс-әрекеті әңгімеленеді. Көптеген мұғалімдер көбіне оқушылардың жалған ынтасымен ғана шектеледі, К. С. Станиславский "ынта объектіге көзін тігу ғана емес" деп атап көрсетті. Оқушылар тек мұғалімге жай қарап және тыңдап қана қоймауы керек, оқылатын материалға қатысты белсенді болуы керек, сабақта тиімді танымдық қызметке септігін тигізетіндей жұмыс жағдайы үстемдік құруы тиіс.
2.2 Бастауыш сынып мысал бойынша берілетін білім мазмұны
1-4 сынып оқулықтарының ішінде Крыловтан аударған Абай, Ыбырай, Ахмет аудармаларымен бірге өзіміздің қазақ ақын- жазушыларының туындылары да кездеседі.Әр сынып оқулығында мысалдар әртүрлі топтастырылған.Енді осы мысалдардың әр сынып оқулығында берілуін қарастырсақ.
№
сынып
Шығарма атауы
Беті
Тапсырма,сұрақтар
1.
1-сынып
Бөдененің құйрығы неге қысқа?"
65-бет
1.Мәтін мазмұнын қалай түсінгеніңді қысқаша айт.
2.Бөдене қандай құс?
3.Ең,ол,аса сөздерін тасымалдауға бола ма?
2.
1-сынып
Бір атаның ұрпағы
73-бет
1.Қар не деп мақтанды?
1-сыныпта (65бетте) Бөдененің құйрығы неге қысқа? атты мысал берілген. Бұл мысалда баланы әр істен тайсалмауға, батылдыққа , тәуекел етуге үйретеді.1- сыныпта баланың ойында тез сақталып қалатындай жеңіл мысалдар беріледі. Бөденені кейіпкер ретінде ала отырып алдыңға қандай мақсат қойсаңда тайсалмай жеткендігін көресің.
Бұл мысалдың ерекшелігі қандай қиыншылық тумасын алға ұмтылу қажет екендігін түсіндіріреді. Сонымен қатар,бұл мысал отан қорғаушы ұл-қыздарымызға осындай өжеттілік,батылдық мінез-тұрпаттың болу керек екендігін түсіндіреді.Бір істі бастаса соңына дейін жеткізу керектігін бала бойына қалыптастыру қажет.
1-сыныптың (73 бетте) Ескермес Сәрсенбаевтың Бір атаның ұрпағы мысалында балаға мақтаншақтықадам бойындағы жағымсыз мінез екендігі түсіндіріледі. Мысалдың негізі мазмұны оқушына қарапайым болуға тәрбиелейді. Бұл мысалда Қардың:
-Мен ақпын, кіршіксіз тап-тазамын,-деп. Өзін аппақ,кіршіксіз таза екендігін көрсетсе, мұзда өзіне тән ерекшелігімен мақтанғанын көреміз.Сол кездегі судың: сендер текке мақтанасыңдар,біз бір атаның ұрпағымыздеп бір-бірін толықтырып тұрғандығын, бір-бірінсіз еш тіршілік ете алмайтындығы туралы айтады.мысалдан шығатын қорытынды адамдарды ізгілікке баулу, адамдық сипаттан алыстамай өмірден қуаныш алуға, өз туған-туыстарының маңызды, оларға көмек беру керектігін ұғынады. Балаға мақтаншақтықтың ізгі емес қасиеттердің бірі екендігін түсіндіріп өту қажет. Себебі,қазіргі заманда өз ісінің үлкен,кішілігіне қарамастан адамдардың мақтанып,даңғойланатыны сөзсіз.Келешек ұрпақтың бойында онда ұнамсыз қылықтарды жойып сыпайылыққа тәрбиелеу керек. Автордың осы мысалды негізге ала отырып Айналып келгенде бәріміз бір атаның ұрпағымыз деп қорытындалуында бір мағына бар. Дүние жүзіндегі қаншама ұлттар бар тілі,діні бөлек болғанымен, олда біз сияқты адамдар екендігін балаға түсіндіру қажет. Бала бойына түрлі ой сананы қалыптастыру қажет. Адамдық қасиеттен кетпеу керектігін оқушыға түсіндіріледі.
№
сынып
Шығарма атауы
Беті
Тапсырма, сұрақтар
1.
2-сынып
Сухомлинский Қайсар құмырсқа
46-47
Бет
1.Мәтін неліктен Қайсар құмырсқа" деп аталған?
2.Құмырқа асқабақ дәнін үйіне қалай жеткізді?
3.Қайсарлықдеген сөздің мағынасын түсіндіріп көр.
3.
2-сынып
Абай.Құнанбаев
Шегірке мен құмырсқа"
86-87
Бет
1.Бұл мысалда не туралы айтылған?
2.Шегірткенің іс-әрекетіне сипаттама бер.
2.
2-сынып
Қ.Омарұлы Мақтаншақ бұлақ
153-154
бет
1.Мәтін неліктен Мақтаншақ бұлақ деп аталған?
2.Әңгімедегі оқиға жылдың қай мезгілінде болған?
3.Мақтаншақ бұлақ қай мезгілден жеңілді?
3.
2-сынып
Құмырсқаның өнері
147-148
бет
1.Қарғаның Құмырсқаны келемеждеуіне не себеп болды?
2.Қарғалар Құмырсқаның еңбекқорлығына қалай таңданды?
3.Қарғаның ұясы мен Құмырсқаның илеуін салыстыр.
4.
2-сынып
С.Қалиұлы Көртышқан
155-бет
1.Мәтінде қандай табиғат құбылысы туралы әңгімеленеді?
2.Көртышқан қандай жағдайға ұшырады?Неліктен?
3.Мысалдағы кейіпкер-Көртышқан іс әрекетін баға бер.
5.
2-сынып
Шона Смаханұлы
Бұлбұл мен Тоқылдақ
200-201
бет
1.Бұлбұл Тоқылдақты неге кінәлады?
2.Тоқылдақтың Бұлбұлға айтқан сөзіндегі шындық не?
2-сынып мазмұны бойынша Сухомлинскийдің Қайсар құмырсқа (46-47бет) аралығында берілген мысалда автор қайсарлық мәселесін қозғайды. Балалардың назарын еңбексүйгіштік, қайсарлық, табандылық ұғымдарына аударады. Бұл мысалдар 1-сыныптағы мысалдардан күрделірек. Себебі бала ақынның өмір баянымен танысады, кейіпкер бойындағы қайсарлық,табандылық ұғымдарының ұқсастығын байқайды. Және де сол тақырыпта қызығушылығын арттыру мақсатында оқушыларға жұмбақтар шешу беріледі.
Абай Құнанбайұлы И. Крыловтан аударған Шегіртке мен Құмырсқа мысалы(86-87бетте) берілген. Шегірткенің жаз бойы ойын мен еш еңбексіз өмір сүргендігі туралы айтылған. Жаз,Күз өтіп қыс келгенде:
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгенннен не пайда?!
Суыққа тоңған,қарны ашқа
Ойын қайда,ән қайда?! - деп, шегірткенің жалқаулығынан тапқан қасіретін айтады. Шегірткені қызыққұмар, жалқау, санасызкейіппінде көрсетсе. Құмырсқаны еңбексүйгіш, ақылды кейіпкер ретінде көрсетеді. Осы мысалда шегірткенің құмырсқаға:
-Қарағым,жылыт,тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра!-деген өтініші туралы айтылған. Оған құмырсқаның:
-Мұның, жаным, сөз емес
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?-деп шегіркеге еңбек ету керектігін, жаздың өтіп қақаған қыстың келетінін айтады. Бірақ шегірткенің мәнсіз сөзінен кейін,істеген ісінің дұрыс еместігін жеткізеді.
Қ.Омарұлының (153-154бетте )Мақтаншақ бұлақмысалында мақтаншақтық, менсінбеушілік, тәкаппарлық сияқты адам бойында кездесетін жаман қылықтар айтылған. Баланы бұл мінез-құлықтан аулақ болуға және қарапайымдылыққа баулиды. Сонымен қатар 2-сыныпта тақырыпқа байланысты сурет салуға болатындығы туралы тапсырмалар берілген.
Бұл сыныптың (155бетінде) С.Қалиұлының Көртышқан мысалы бойынша сөздік жұмысы (оқушыларға мағынасы түсініксіз сөздермен жұмыс) жүргізіледі. Мысалда бірлік еткен озар, бірлеспеген тозар мақалды негізге ала отырып баланы ынтымақтастыққа, бірлікке шақырады. Кейіпкерді адаммен байланыстыра отырып
өзімшілболмауға үйретеді. Және оқушыларға жеке жұмыс ретінде бірлік туралы мақал-мәтелдер жазып, іздену жұмысы жүргізіледі.
Мысалшы Шона Смаханұлының (200-201бет) Бұлбұл мен Тоқылдақ мысалында Бұлбұлдың Тоқыдаққа келіп өз наразылығын білдіру туралы, тоқылдақтың табиғатқа жасаған жақсылығы туралы айтылған. Тоқылдақ сияқты орманға қандай пайда келтірер едің? деп сұрақ қою арқылы баланы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Табиғатты аялауға, қастерлеуге зиян келтірмеуге баланың сана-сезіміне ықпал жасау керек.
3-сыныптың оқулығы 2-бөлімнен құралған. 1-бөлімінде 22-124 бет аралығында мысалдар берілген. 1-бөлімінде: Несіпбек Айтовтың Қағаз,Қалам,және Сияның айтысы, Ә.Қалиевтің Қысқы балапандар атты, ал 2-бөлімінде А.Байтұрсынұлы Маймыл мен көзілдірік, Қ.Баянбай Тырна,Тоты, Тоқылдақ,Қ.Толыбаев Самал, Қаңбақ мысалдары берілген.
(22-23 беттегі) Несіпбек Айтовтың Қағаз,Қалам,Сияның айтысы 2-сыныпта берілген Мақтаншақ бұлақ мысалындағы менсінбеушілік, тәкаппарлық сияқты мінез-құлықтар осы мысалда да айтылып кеткен. Қағаздың сөзінен:
-Мына менен артық не?
Сөйлей алам барлық елде,бар тілде.
Жазады адам аппақ сүттей бетіме
Әрбір сөйлем,әрбір сөзін,әрпін де...
Кітап болып тұрам әр үй төрінде,
Әркім ынтық ішімді ашып көруге,-деп қағаздың мақтаншақтығын көрсете білді. Балаға мұндай қасиеттердің адам бойыннан табылатындығы туралы түсінік берілсе, Сияның оларға берген жауабы,оның қарапайымдылығы адам бойындағы жақсы мінез-құлық екендігі түсіндіріледі.
Автор Қағаз,Қалам,Сияның айтысы мысалында баланы мақтаншақтықтан аулақ болуға, қарапайым болуды негізге алады.
3-сыныптардағы мысалдар 1,2- сыныптардағы берілген мысалдармен жүргізген жұмыстар ауқымды.Себебі мысалдарды өту барысында оқушылар тақырыпқа байланысты зерттеу жұмысын,дебат(пікір талас) өткізуге,өз ойын ашық және айқын жеткізуге дағдыланады.
Ә.Қалиевтің Қысқы балапандар (123-124беттердегі)мысалдың басты ерекшелігі баланы еңбексүйгіштіккетәрбиелеу. Сонымен қатар, Қыс қамын,жаз ойла деген мақал осы мысалға негіз болып тұр.
А.Байтұрсынұлының Маймыл мен көзілдірік (19-20беттегі)мысалда маймылды басты кейіпкер ретінде ала отырып , адам бойында кездесетін жаман мінез-құлықтар ақымақтық, ашкөздік, ашушаңдық, ысырапшыл анық көрсетіледі. Баланы әр затты тиісінше, керегімен пайдалануға үйретеді. Ақылды болуға жетелейді.
Құрманбай Толыбаевтың Самал (43беттегі) мысалда оқушыларды мейірімділікке, ізгілікке баулу. Айналасына,қоршаған ортасына жақсылық жасап қоймай, қуанышқа бөлеуге үйрету. Өмірге деген толассыз сүйіспеншілікті өз тұлғасына қалыптастыру.
Құрманбай Толыбаевтың Қаңбақ мысалы(94-96 бет)аралығын қамтиды. Автор қаңбақты мысалға ала отырып адам бойындағы менмендік, өзімшілдік секілді мінез-құлықтардың жағымсыз екенін оқушыларға жеткізді. Сонымен қатар, автор істің бас-аяғын білмей тұрып ешкімге жала жабуға болмайтындығы туралы негізгі ойды аша білді.
4-сыныптың Әдебиеттік оқу оқулығында: А.Байтұрсынұлының Аққу,Шортан,һәм Шаян, Оспанхан Әубәкіровтың Ара мен Шыбын, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Арыстан мен Тышқан, Қастек
Баянбаевтың Араша,Адырбек Сопыбековтың Сапар мен Парта, Сейітқұл Оспановтың Шыбын мен Көбелек мысалдары оқулыққа еңгізілген.
А.Байтұрсынұлының Аққу,Шортан, һәм Шаянмысалы (65-66бетте) берілген. Бұл мысалда өзімшілдік мінез-құлықтан аулақ болуға үйретеді. Автор: Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек болсақ жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас,- деп оқушыларды ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс жасаудың пайдасы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz