Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі, қоғамдағы мұғалімнің қызметі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі бөлім
ІІ. Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі
2.1. Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі,
қоғамдағы мұғалімнің қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.Дене шынықтыру мұғалімінің міндеттері
2.3. Мұғалімнің сабақ өткізуге дайындығы
1.4.Дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіптік шеберлік негіздері
Практикалық бөлім
Зерттеу бөлімі
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер

Курстық жұмыстың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты – оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың әдіснамалық-теориялық негіздерін айқындап, оны жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жасау және оларды тәжірибелік–эксперименттен өткізіп, қорытындысын шығару.

1. Ашмарин Б.А. Теория и методика физического воспитания. – М., 1990.-234 с.
2. Аулик И.В. Как определить тренированного спортсмена. – М .: ФиС., 1977.
3. Вайцеховский С.М. Книга тренера. – М.: ФиС., 1971. - 312 с.
4. Годик Н.А. Контроль тренировочных и соревновательных нагрузок. – М.: ФиС., 1980. – 136 с.
5. Гужаловский А.А. Основы теории и методики физической культуры. – М .: ФиС., 1986.
6. Дүйсембин Қ., Алиакберова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. – Алматы, 2003.
7. Евсеев Ю.И. Физическая культура. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2002. –
с. 381.
8. Зациорский М.Я. Физические качества спортсмена. – М., 1980. – 200 с.
9. Коршунов А.М. Секреты долгой молодости профессора Никитина. – М.: Советский спорт, 1990.
10. Ленчеков И.С. Физкультурно-оздоровительная и спортивно-массовая работа в образовательных учреждениях. – Усть-Каменогорск: ВКГУ, 2003.
11. Матвеев Л.П. Теория и методика физической культуры. – М.,1991,- 336 с.
12. Матвеев Л.П. Основы спортивной тренировки. – М.: ФиС., 1977,
13. Менхин Ю.В., Менхин А.В. Оздоровительная гимнастика: теория и методика. – Ростов-на-Дону: Феникс,2002. – 384 с.
14. Мананков Н.Е., Колкутин А.М. Физическое воспитание студентов. – Усть-Каменогорск: ВКГУ, 2002. – 208 с.
15. Русанов В.П., Колкутин А.М. Основы теории и методики физической культуры и спорта. – Усть-Каменогорск: ВКГУ, 2004. – 277 с.
16. Уанбаев Е.К. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы: Санат, 2000.
17. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі. - Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2006. – 270 б.
18. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын жоспарлау, бақылау және есепке алу. - Өскемен: БАЙ баспасы, 2006. – 225 б.
19. Филин В.П., Фомин Н.А.Основы юношеского спорта. – М.: ФиС., 1980. – 255 с.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Негізгі бөлім
ІІ. Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі
2.1. Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі,
қоғамдағы мұғалімнің қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.Дене шынықтыру мұғалімінің міндеттері
2.3. Мұғалімнің сабақ өткізуге дайындығы
1.4.Дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіптік шеберлік негіздері
Практикалық бөлім
Зерттеу бөлімі
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Курстық жұмыстың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан - 2030 бағдарламасында, ҚР Білім туралы Заңында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты - оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың әдіснамалық-теориялық негіздерін айқындап, оны жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жасау және оларды тәжірибелік - эксперименттен өткізіп, қорытындысын шығару.
Курстық жұмыстыңміндеттері:
1. Оқушылардың дене тәрбиесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың теориялық-әдіснамалық алғышарттарын айқындау.
2.Кәсіптік оқу орындарында болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың теориялық негіздерін анықтау.
3. Болашақ мұғалімдерді мектептегі дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындауда болашақ мұғалімдердің кәсіби - шығармашыл тұлғасын қалыптастырудың құрылымдық - мазмұндық моделін жасап, өлшемдері мен деңгейлерін және механизмдерін анықтау.
4. Мектеп оқушыларының дене мүмкіндіктерімен қозғалыс қимылдарын ескере отырып дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау мазмұнын сипаттау.
5. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдердің дайындығын жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау.
6. Қазіргі кезеңде оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың тиімділігін тәжірибелік тексеруден өткізу.
ҰСТАЗ ДЕГЕН...
Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп...қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Әл-Фараби
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин
Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбаев
Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.
Мұхтар Әуезов
Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы - мұғалім.
Ғабит Мүсірепов
Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.
Мәлік Ғабдуллин

Мұғалім -- болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.
Қоғамдық тәжірибені жаңа жас ұрпаққа беру және ол ұрпақты өмірге, еңбек етуге даярлау қажеттігі оқу мен тәрбиені өз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырды.Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы "Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді" - деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады.
Өсіп келе жатқан ұрпақ - адамзаттың болашағы, жалғасы.
Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - МҰҒАЛІМ.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы -
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі - ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу - бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз" деген.
Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз.
Мұғалімнің жақсы даярлығы-оны жақсы өткізудің кепілі.
Мұғалім сабаққа оқу жылы басталмастан бұрын даярланады.
Ең алдымен ол оқу бағдарламасымен танысады.Мұндағы мұғалім мектептің ауа-райы,табиғат жағдайын ескереді.Сабаққа даярлану барысында мұғалім әдістемелік әдебиетпен,өзге мұғалімдердің шеберліктерімен таныса отырып,ең жақсы дегенін өз жұмысына енгізеді.
Сабаққа даярлануда сабақ жоспары құрылады.Сабақтың нақты білімділік мақсаты анықталады.Мақсат нақты және түсінікті болу керек.Мысалы,мәлімдеме беру мен таныстыру,тіркеме адымдар жасау,т.б.сол сияақты.
Егер өтілген жаттығулар қайталанатын болса,онда сабақтың жоспарында қайталау сабағы деп жазылады.Және де не себеппен,не үшін қайталап жатқаны ашылып жазылады.
Сабақта қандай жаттығулар өтетінін анықтап алған соң ең алдымен негізгі бөлімге кіретін жаттығулар анықталады.Жаттығуларды таңдау барысында жаттығулардың жасалу ұзақтығын ескерген жөн.Ол қимыл-қозғалыс іскерліктерін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады .
Сабақ жоспарында сонымен қатар қай жаттығу неше рет қайталанып жасаланатын және үйге қандайжаттығу берілетінін анықталып жазылады.
Мұғалім сабаққа дайындық кезінде жаттғуларды өткізу әдіс тәсіліне көп-көңіл бөледі.Ол үшін мұғалім әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қарастырады.
Мұғалім сабақ кезінде өзінің қай жерде тұратынын,сабақты қалай бақлайтынын және де оқутшылар жаттығу жасап жатқан кезде қай жерде тұратынын алдынала шешіп алады.Мұғалім сабаққа даярланғанда жоспардағы жаттығуларды өзі жасап көреді.Бұл бір жағынан өзін-өзі тексеруге мүмкіндік береді.
Белсенділік сабақтың жақсы өтуіне көмектесетіні бәрімізге белгілі.Сондықтан мұғалім балалардың белсенділктерін жоғарлатуға тырысу керек.Егер мұғалім сабақ жоспарына құрал-жабдықтарымен орындалатын жаттығуларды енгізсе,онда мұғалім сабақ басталмас бұрын оқушыларды отілетін жатығулармен және құрал-жабдықтармен таныстырып өтеді.Мұғалім сабақта оқушылармен қауіпсіздік ережесін сақталуын қадағалайды.
Егер дене тәрбиесі сабағында музыкалық сүйемелдеуді дұрыс және орынды қолданса,онда сабақ үлкен жетістіктермен аяқталады.Дене тәрбиесі сабағында музыкаоқушылардың көңіл-күйін көтеріп жаттығуларды дұрыс орындауға көмектеседі,оқушылардың сезімдерін тәрбиелейді.
Сабақты әр түрлі музыка аспаптарымен сүйемелдеу арқылы өткізуге,үнтаспа қолдануға болады.
Музыкамен орындалатын жаттығулардың түрлері өте көп.
Мысалы,жүру,жүгіру,би,би қадамдары,ырғақты жаттығулар,өрмелеу,секіру,тепе-теңд ікті сақтау жаттығулары,ұзын және қысқа секіртпемен секіру.Музыкалық сүйемелеуді ойын барысында да қолдануға болады.Ол оқушыларды ойынға қызықтырып,оқушылардың көңіл-күйін көтереді.
Музыкалық сүйемелдеудің нәтежелі болу мұғалімнің әнді немесе үнтаспаның таңдауымен тығыз байланысты.Сонымен қатар,мұғалім сабаққа даяарланғанда сабақтың қай жерде өтетінін шешеді.Яғни,алаңда ма,әлде жабық жерде өтетінін анықтайды.Егер сабақ алаңында өтіп жатқанда ауарайы бұзылып кетсе,сабақты спорт залда жалғастыруға тура келеді.Сондықтан да мұғалім алдынала сабақтың өтетін орнын даярлау керек.
Дене сабағы сабақ кестесінде орналасу ретінің маңызы бар.Егер дене сабағы сабақ кестесінің ортасында,ең басында тұрса онда мұғалім сабақты ертерек аяақтауы керек.Оның себебі оқушылар келесі сабаққа киініп,даяр отыру үшін жасалады.
Мұғалім өзінің сыртқы бейнесіне де назар аударуы,сабаққа таза киініп,ұқыптылығымен балаларға үлгі болуы керек.Содан, балалар да мұғалім сияқты әр сабаққа дайын болады.Балалар сабаққа спорт киіммен келіп, кез келгенмұғалімнің тапсырған жаттығуларын орындауға даяр болу керек.Оқушыларға қажетті мағұлмат беру үшін олармен қысқа әнгіме жүргізеді.Тек сонан кейін сабақ басталады.Сабақта алған мағұлматтарын іс-жүзінде іске асыруы.
Балалармен әнгіме барысында олардың қай жерге киім ауыстыратындарын көрсету қажет.Киімдерін қалай тұру керек екенін айтады.Осы тәртіп сабақтың аяғындада сақталады.
Әр сабақ жоспарында күн реті,сабақ саны,мақсаты,өтілу орны,құрал-жабдықтары,мазмұны,жатты ғу ұзақтығы айқын көрсетіліп жазылады.
Мұғалім сабаққа даярлану барысында сабақ кезіндегі денеге түсетін салмақты ескереді.
Педагогикалық білім беруді дамыту - білім беру әдістері мен тәсілдерін меңгеру, оқытумен қатар, болашақ мұғалімнің оқушы белсенділігін дамытуды жоспарлап, шәкірттерінің іскерлігін қалыптастыруға дайындау. Оқу орындарында оқу-тәрбие жұмысы теорияның тәжірибемен байланысы принципінде құрылады. Ол студенттердің теориялық білімдері мен тәжірибелік іскерліктері, дағдылары жүйесінің арасындағы қажетті байланысты білдіреді.
Осыдан жоғары оқу орындарындағы педагогикалық тәжірибе ерекше, ал ол болашақ мұғалімдерді дайындау уақытының үштен бір бөлігін алады.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде педагогикалық тәжірибені жетілдіру мәселелері көрсетілген. Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді саралау арқылы педагогикалық практиканың мүмкіндіктерін, ұйымдастырудың өзекті әдістеріне талдау жасалынды. Педагогикалық тәжірибе болашақ мұғалімдерге тәрбиелік әсері аса зор, ол студенттің идеялық сенімін, адамгершілік бейнесін қалыптастырады. Студенттер педагогикалық тәжірибеге дейін ғылыми - педагогикалық нақты білімдер алады. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық даярлықтар жүйесін жетілдірудің міндеттері, олардың теориялық білімдерімен қаруландыру ғана емес, олардың алған білімдерін мектепте, педагогикалық тәжірибе кезінде қолдана алуы. Педагогикалық тәжірибе болашақ мұғалімдер мен сынып жетекшілерін дайындаудың басты кезеңі. Олардың мұғалімдік және сынып жетекшілік қызметтерін орындай отырып, алған білімдерін сабақтарда , сыныптан тыс жұмыстарда және ата-аналар арасында насихаттауға толық мүмкіндіктері бар. Студенттердің теориялық алған білімдерін педагогикалық тәжірибе кезінде шығармашылықпен қолдануы бұл болашақ мұғалімдердің кәсіби толысуына әсері зор.
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындау мәселесі бойынша жүргізілген зерттеулеріміз "Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға мұғалімдердің дайындық моделін жасауға мүмкіндік береді.
Модельдің мазмұнын мотивтік, мазмұндық, процессуалды-іс-әрекеттік, рефлексиялық бақылау бірліктері құрайды.
Мотивтік компонент - дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру қажеттілігін сезінуі, педагогикалық іс-әрекетке тұрақты бағдарының болуы, оқушылардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдары ерекшеліктерін ажырата білуге деген қызығушылығы, дене тәрбиесі жүйесі туралы өз бетінше білімін көтеруге деген ұмтылысы.
Мазмұндық компонент - оқушылармен дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру туралы ілімі, оқушылардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимыл
ерекшеліктерін білуі, оқушылармен дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру туралы әдістемелік сауаттылығы, жаңашылдық, кәсіби құзіреттілік.
Процессуальды-іс-әрекеттік компоненттер - дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда педагогикалық жағдаяттарды шешу, оқушылармен мектепте, сыныптан тыс жұмыстарда, мектептен тыс жұмыстардағы дене тәрбиесін ұйымдастыру ерекшеліктерін меңгеруі. Оқушылардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдарын ескере отырып, дене тәрбиесіндегі жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана алуы.
Рефлексиялық - бағалау компоненті - педагогикалық рефлексияны меңгеру, дене тәрбиесі жүйесін педагогикалық талдауы, шығармашылық
ізденімпаздық, дене тәрбиесінде дене мүмкіндіктерін талдау білімділігі, дене тәрбиесі жүйесі туралы білімі мен біліктілігін жетілдіруге ұмтылуы.
1.2.Дене шынықтыру мұғалімінің міндеті:
oo еңбекті қорғау бойынша курстан өту;
oo гимнастикалық саймандар мен жабдықтарды бақылап қатысушыларды қабылдау;
oo оқу үрдісін өткізу шарттары жақсару бойынша жаттығуды орындау;
oo еңбекті қорғау жөніндегі ережені тәрбиеленушілерге үйретуді ұйымдастыру;
Дене шынықтыру мұғалімінің білу тиіс міндеті:
oo әр оқушыны жағдайына қарай даярлау;
oo оқушылар дәрігерлік қарау бойынша қорытындысын әкелу;
oo оқушылар дәрігерден рұқсат қағазын алған соң дене тәрбиесі бойынша жаттығулар жасау және босатылған сабақтарын белгілету;
Сабақ өткізу алдындағы қауіпсіздік талаптары:
oo міндетті түрден нұсқаулықты тіркеп немесе журналды тіркеп сабақ кезіндегі қауіпсіздігі бойынша оқушыларға (жарты жылда 1 рет) нұсқаулық өткізу;
oo ұлдар мен қыздардың жеке-жеке киінетін бөлмелерін таныстыру;
oo барлық оқушылар киінгеннен соң киінетін бөлмені кілтпен бекіту;
oo оқушылардың киінетін бөлмедегі тәртіп ережесін сақтауын тексеру;
oo білім үрдісін өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
oo жабдықтардың бекітілуін және сенімді орналасуын, спорттық құрал-жабдықтардың жөнделуін тексеру;
oo спорт залда сабақ өту алдында қосымша есікті тексеру керек:
oo дене жаттығуын орындау алдында қауіпсіздік шарасын қарастыру:
Сабақ өту кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
Мұғалім міндетті түрде:
oo оқу бағдарламасының жүктемесі мен берілген жаттығуларға сәйкес оқушыларға оқыту алдында жеткілікті ұстанымды сақтау;
oo температураның көтерілуі мен ылғалдың жоғарлауын, желдің күшейуіне сәйкес сабақ болдырмау;
oo оқушылардың қиын техникалық элементтерді орындау алдында қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, оқушылар шаршаған кезінде демалуға уақыт бөлу;
Қолайсыз жағдайлар мен оқыс жағдайлардың қауіпсіздік талаптары:
Мұғалім міндетті түрде:
oo өзін нашар сезінсе немесе өтініш жасаса, оқушыларды тез арада дәрігерге жіберу;
oo қандайда бір жерін ауыртып, кесіп, сындырып алса, алдымен дәрігерге, сосын жедел жәрдем шақырту керек;
oo кесіп алу-жараны дезинфицирленген ертіндімен жуу керек, сосын айналасын йодпен сүртіп таңып қою керек. Егер көп қан кетсе, қан шығып тұрған жерді жоғары көтеру керек. Жараны жүмсақ матамен таңу керек. Сосын тез арада танғышты алып тастамау керек;
oo жаралап алу-суық сорпақ тарту керек, сосын жараланған жерді бинтпен таңып тастау керек;
oo буын шығу-жедел түрде тиісті жеріне жеткізу, көп қозғалмау керек (маманды емес адамның жолағаны теріс)
oo созылу-ауырып тұрған жерге 10-15 минуттай сорпақ тарту керек. Егерде басылмаса 15мин сайын сорпақты ауыстыру қажет. Сосын орап тастаған жөн.
oo Сынық қан кетуді тоқтату керек. Сынықтың астына жұмсақ нәрсе қою керек, сосын оны қаттығып таңып тастасын. әрдайым қозғап отырған жөн.
oo әр оқыс жағдайларға басшылық ету керек;
oo егерде оқыс жағдайда өрт шыға қалса, өрт сөндіргіш бөліміне хабарлау керек жіне спорт залдың қосымша есігін ашып қою керек;
oo
Сабақ аяқталу кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
Мұғалім міндетті түрде:
oo сабақ аяқталғаннан соң спорттың жабдықтары мен құралдарын сақтау орынына қою керек;
oo оқушылармен бірге сабақты ұйымдастыру керек;
oo спорт залды сабақ аяқталғаннан кейін бекітілгенін мұқият тексеру керек;
oo спорт зал мен спорт алаңы үшін жауапкершілікті арттыру;
Кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі сабақтарын
ұйымдастыру әдістемесі
Кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру әдістемесін қолдануды үйрету кезінде біз бір ғана кәсіптік мамандық иелерін дайындау әдістемесін мысал ретінде алуды ұйғардық. Ол мамандық - темір жону мамандығы. Темір жону, темірден әр түрлі қажет бөлшек-бұйымдар жасау, үстел үстінде орнатылған әр түрлі токарлық, фрезерлік, темір тесетін, кесетін, жонатын станоктарда орындалады. Осы мамандықтардың негізгі ортақ белгілері: дене қалыптары мен тұрыстары және адам ағзасына қойылатын ортақ талаптардың ұқсастықтары. Темірмен жұмыс істейтін жұмысшы темірден жонып, күрделі, әр түрлі формалы зат шығару үшін қолмен дәл және үйлесімді әрекет істеуі керек. Сапалы бөлшек шығару үшін өз ықыласын бір жерге шоғырландыруы қажет, осы мамандық иелерінің дене қуаты нашар дамығандарында мынандай кәсіптік аурулар көп кездеседі. Олар: тұлғаның, мүсіннің қисаюлары, табан жалпақтығы, қан айналу жүйесінің бұзылуы.
Болашақ темір жону мамандығы жұмысшыларын даярлау кезінде біз мынандай міндеттерді орындауымыз керек:
иық деңгейі, дене, арқа бұлшық еттері күшін дамыту;
- тік, түзу тұра білу, қолмен үйлесімді жұмыс істей білу және қол төзімділігін дамыту;
ықылас қою және зейінді шоғырландыра білу қасиеттерін дамыту;
кәсіптік ауруларды болдырмайтын әдеттерге тәрбиелеу.
Жаттығуларды көп рет қайталау арқылы жалпы төзімділікті дамытамыз. Ол үшін әр түрлі спорт түрлерінің жаттығуларын қолданамыз. Ол спорт түрлерінің жаттығулары: 500,1000, 1500, 2000 метрлерге жүгірулер; кедергі қойылған жолдармен жүгіру; спорт ойындары (регби, баскетбол, футбол, хоккей); шаңғы спорты; суда жүзу; эстафеталар; туризм; конькимен жүгіру.
Тік, түзу тұра білу, статикалық төзімділік, иық деңгейі, дене, арқа бұлшық еттері күшін дамыту мынандай жаттығулар арқылы орындалады: көп рет секірулер, әр түрлі қалыпта секірулер (оң, сол аяқ, отырып, тұрып, басқа түрінде, салмақты оң сол аяқтарға ауыстыра секірулер т.с.с.).
Зейін салу және ықыласты шоғырландыра білу, нерв үрдістері жылжымалылығын дамыту үшін дыбыс және көру белгілері бойынша басталатын мынандай жаттығулар орындалады: ысқырық белгісімен еденнен тіреле жатып итерілу; 20 метрге үдей жүгіру; жалауша сермелген кезде тез отырып, тұру; 10 метрге үдете жүгіру; 3 метр қашықтықтан теннис добын бір-біріне лақтыру (лақтырылған доптан оңға, солға, еңкейе, отыра қалып, шегіне жалтарулар); допты тез алып жүру жаттығуларымен берілетін эстафеталар; қозғалмалы ойын доп өз адамыңа; екі доппен баскетбол ойынын ойнау.
Қозғалыстың дәлдігі мен үйлесімділігін, кеңістікті бағдарлау, бұлшық ет күшін бағыттай білуді дамыту үшін мынандай жаттығулар беріледі: қабырғаға лақтырылған теннис добын біресе оң, біресе сол қолдармен қағып алу; қарама-қарсы тұрып баскетбол добын әр түрлі қалыптарда лақтырып, қағып алу (екі қолмен желкеден, жерге соғып, екі қолмен кеудеден, оң және сол қолмен); баскетбол добын шығыршыққа, нысанаға көздеп лақтыру; әр түрлі көлемдегі доптармен жаттығулар орындау; допты көзді жұмып алып жүру; алдыға аунап түсіп допты қағып алу; екі допты алма-кезек жоғары лақтырып, қағып алу; эспандерлармен жаттығулар; қозғалмалы ойындар (өз туыңа, өз затыңа жүгіру); шаңғымен таяқтарға күш сала тіреліп, итеріліп жүру.
Денені кеңістікте басқаруды және ерік күшін тәрбиелейтін жаттығулар: қолдарды желкеде ұстап, аяқтың ұшымен, өкшемен, оң жақ, сол жақ қырымен жүру; етпеттеп жатып, басты жоғары көтеріп шалқаю; ағаш аттың үстінен ауада аунап түсе секіру; бір арқаннан екінші арқанға ауыса өрмелеу; биік жерде тұрып, төмен секіру; 30-40 см биіктіктегі кедергіден ұзындыққа секіре аунап түсу; жекпе-жек жаттығулары; теннис добын бір-біріне лақтырулар.
Біз бір ғана мамандық иелеріне арналған кәсіптік-қолданбалы дене жаттығулары және ол мамандыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру, кәсіптік қолданбалы дене тәрбиесі әдістемесін ұйымдастыру туралы сөз қозғамақпыз. 12 жылдық оқыту үрдісі кезіндегі соңғы екі жылда әр мектеп өз мүмкіншіліктері бойынша таңдап алған кәсіптік түрлеріне оқушыларды даярлайды. Сол кезде кәсіптік-қолданбалы дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, негізгі керек қозғалыс әрекеттерді, дене қасиеттерін дәл анықтау, соларды дамытуға қажет дене жаттығуларын тиянақты, сауатты іріктеу, ұйымдастыру әдістемесін жақсы білудің маңызы зор.
1.3.Мұғалімнің сабақ өткізуге дайындығы
Сабақтың ойдағыдай өтуі мұғалімнің жақсы даярлығына байланысты. Дайындық төмендегідей іс-әрекеттер арқылы орындалады.
Сабақтың міндетін анықтау. Дене тәрбиесі әдістемесінде барлық сабақтардың міндеттері бағытына байланысты білім беру, сауықтыру және тәрбиелеу деп үш топқа бөлінеді:
- білім беру міндетінің мақсаты - оқушыларға білім беру, жаттығуларды ептілікпен, дағдымен орындауға, оларды өмірде қолдана білуге үйрету;
- сауықтыру міндеттерінің мақсаты - дене тәрбиесі жаттығуларының сабақ кезінде оқушы ағзасына сауықтыру әсерін тигізуіне тиімді жағдай жасау;
- тәрбиелеу міндеттерінің мақсаты - оқушылардың адамгершілік және жігерлілік қасиеттеріне дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен әсер ету.
Осы міндеттерді басшылыққа ала отырып, әр сабаққа жеке міндеттер қойылады. Ол міндеттер сабақ өткізілетін кездегі тоқсандық жоспар - кестеге, спорт түріне байланысты алынады. Сабақ қызықты, тартымды болуы үшін құрастырылған түрде алынып, бір сабақ аясында жаттығу техникасын үйрену, өткен сабақтарда үйренген жаттығулар техникаларын жетілдіру, бір дене қасиетін дамыту сияқты міндеттер кешенді алынса дұрыс болады. Мысалы:
төменгі сөреден жүгіру техникасын үйрету;
жүгіріп келіп ұзындыққа секіру техникасын жетілдіру;
дене қасиеті - жылдамдықты дамыту.
Қойылған міндеттерді орындау жолдарын таңдау. Мұғалім әр міндетті орындау үшін спорт түрінің негізгі жаттығуларының техникасын үйретуге, жетілдіруге керек жетекші дайындық, бейнелеу жаттығуларына көңіл бөлуі қажет. Ол жаттығуларды орындату үшін дене тәрбиесі әдістерін, амалдарын тиімді қолдана білуі шеберлігі мен іскерлігін меңгеруі керек.
Әдістемелік-ұйымдастыру шараларын белгілеу. Мұнда мұғалім оқушылардың әрекеттерін тиімді ұйымдастыру түрлері мен әдістерін таңдайды. Олардың тұратын, отыратын орындарын, қозғалыс жолдарын белгілейді. Снарядтарды орнату, жинау жолдарын, сақтандыру әдістерін көрсетеді.
Жоспар-конспекті жазу. Сабақтың жоспар-конспектісі жалпы қабылданған үлгі бойынша, оқушы дәптерінің қос бетіне көлденеңінен жазылады. Жоспардың төрт бағанасы дұрыс, сауатты жазылып, толық толтырылуы керек. Конспектіде көрсетілген жаттығулар, әдістемелік нұсқаулар қысқа, нақты, түсінікті жазылғаны дұрыс.
Қимыл-қозғалыс дайындығы. Мұғалім мекеп бағдарламасында кездесетін барлық жаттығуларды көрсете алуы керек. Сондықтан да мұғалім сабақта үйрететін жаттығуларды қайталап, өз мүмкіншілігін әрдайым тексеріп отыруы қажет.
Теориялық және сөйлеу дайындығы. Мұғалім оқушыларға берілетін теориялық білімді жақсы білуімен қатар, шешен сөйлей алуы да керек (әңгімені дұрыс жүргізу, баяндау, команда беру, талдау жасау т.б.).
Сабақты материалдық жағынан қамтамасыз ету. Керек құрал-жабдықтарды дайындау, жаттығуларды үйрету жолдарын техникалық құралдармен жабдықтау, сабақты спорттық снарядтармен толық қамтамасыз ету т.б.
Көмекшілерді даярлау. Төрешілермен, команда капитандарымен, спорт мамандарымен тұрақты жұмыс істеу. Кезекшілерді даярлау. Мұғалімнің әрбір көмекшісі өзінің міндетін жақсы білуі және дәл уақытында орындауы керек. Ұстаз әрбір сабақ алдында оларға нұсқау береді, жаттығуды дұрыс орындауды тапсырады, сақтану әдістемесін үйретеді.
Сабақтан босатылған оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру шаралары. Ол оқушылар мұғалімнің теориялық мәліметтерді баяндауын, әр жаттығудың ағзаға қалай әсер ететіндігін, ойын ережелері, дене қасиеттерін дамыту әдістемесі туралы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz