Телекоммуникация саласында ақпараттық технологияларды пайдалану жағдайы
1.бөлім. . Компьютерлік желілер, желілік және телекоммуникациялық технологиялар. Желілер туралы жалпы мағлұмат, алдын.ала жағдай және компьютерлердің желілік әрекеттестік қажеттілігі
1.1Локалдық және бүкіләлемдік желі.
1.2Желілік топологиялар.
2. бөлім.Телекоммуникация саласында ақпараттық технологияларды пайдалану жағдайы. .
2.1Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы туралы
2.2Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы
3.бөлім. Нәтижелердің жалпы талдауы және ақпараттық жүйенің
экономикалық эффекті.
3.1.. Экономикалық ақпараттық жүйелер
3.2. ЭАЖ негізгі типтері. Сараптау жүйелерінің мәні. CASE технологиясы.
3.3. Ақпарат жүйесінің экономикалық эффекті.
4.бөлім Бөлімінің ақпараттық жүйелерін ұйымдастыру
4.1 Ақпаратпен жабдықталуы және мәліметтер базасы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Телекоммуникация, телеқатысым (латынша тele – қатынасу, байланысу грекше – қашық және ағылшаруашылығы communіcatіon – байланыс) – ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы; қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы. Телекоммуникация саласы Қазақстанға 20 ғасырдың 90-жылдарынан ене бастады. Телекоммуникация электрбайланыс және компьютердің көмегімен ақпараттың барлық түрлерін (дыбыс, дерек, қозғалмалы және қозғалмайтын бейне, мультимедиа) талшықты оптикалық байланыс кабелі, радио, Жердің жасанды серігі, т.б. байланыс түрлері арқылы таратады. Электр сигналдарын таратып-қабылдауды телекоммуникация жүйесі атқарады. Бұл жүйе ақпаратты пайдаланушыларға дыбыс немесе бейне-көрініс түрінде тарататын жабдықтар жиынтығынан тұрады. Телекоммуникация жүйелері жиынтығының аумақтық орналасу принципіне, жұмыс істеуі мен бір-біріне тәуелділігіне қарай біріктірілуін телекоммуникация желісі деп атайды. Барлық мемлекеттегі құрастырылатын, өндірілетін және пайдаланылатын телекоммуникация жабдықтарының параметрлерін үйлестіру және телекоммуникация саласының даму сатысын анықтау мәселесімен Халықаралық Электрбайланыс Одағы (ХЭО) айналысады. ХЭО-ның мақсаты шартараптық ақпараттық құрылым жасау және соның нәтижесінде
Телекоммуникация (Telecommunications) — компьютерлік жүйелер мен қазіргі заманғы техникалық электрондық байланыс құралдары негізінде телефон желілері, спутниктік байланыс және т.б. арқылы мәліметгерді қашықтан жеткізуге қатысты жалпы ұғым; жалпы немесе арнаулы байланыс желілері (телеграф, телефон, радио арқылы мәліметтер алмастыруға арналған қатынас). Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу; ара қашықтықтық байланыс; мәліметтерді ара қашықтыққа жіберу.

1. Қазақстан- 2030- Алматы: Юрист, 2001.- 104 б.
2. Автоматизированные информационные технологии в экономике:
Учебник для вузов / Под ред. Проф. Г.А.Титоренко. – М.:
Компьютер; ЮНИТИ, 1998.
3. Автоматизированные системы обработки финансово- кредитной информации: Учебник для вузов / В.С.Рожнов и др. – М.: Финансы и статистика, 1990.
4. Бабич А.М., Павлова Л.Н. Государственные и муниципиальные финансы: Учебник для вузов. – М.: Финансы: ЮНИТИ, 1999.
5. Информационные системы в экономике / Под ред. В.В.Дика.- М.: Финансы и статистика, 1996.
6. Компьютерные информационные системы управленческой деятельности./ Под ред. Проф. Г.А.Титоренко- М.:Экономическое образование, 1993.
7. Компьютерные системы и сети / под ред. В.П.Косарева, Л.В.Еремина.- М.: Финансы и статистика,1999.
8. Компьютерные технологии обработки информации: Учеб. Пособие / Под ред. С.В.Назарова.- М.: Финансы и статистика, 1995.
9. Локальные вычислительные сети: принципы построения, архитектура, коммуникационные средства / Под ред. С.В.Назарова.- М.: Финансы и статистика, 1994.- Кн.1.
10.Экономическая информатика и вычислительная техника / Под ред. В.П.Косарева, А.Ю.Королева. – М.: Финансы и статистика, 1996.
11. Четвериков В.Н. и др. Базы и банки данных: Учебник для вузов по спец. «АСУ»/Под ред. В.Н. Четверикова. М.: Высш. шк., 1987.
12.Дейт К.Дж. Введение в системы баз данных.: Пер.с англ. 6-е изд. К.: Диалектика, 1998.
13.Бородаев В.А., Кустов В.Н. Банки и базы данных: Учебное пособие. Л.: ВИКИ, 1989.
14. В.В. Фаранов. Delphi 6. Учебный курс. М. 2001
15. А. Полянский. Среда программирования Delphi 5- 6 Справочные пособие. М.,200115. С. Бобровский. Delphi5. Учебный курс. М., 2001
16. Н. Культин. . Delphi 6. программирование на Object Pascal.
БХБ – Петербург, 2001
17. А. Жуков. Изучаем Delphi, 2001
18. М. Эбнер. . Delphi5. Руководство разработчика, BHV, Киев, 2000
19.О. Камардинов. Visual Basic 5.0, Шымкент, 2001
20.О. Камардинов. Информатика, 2 – бөлім, Шымкент, 2000
Сван Т. Основы программирования в Delphi для Windows 95.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:
1-бөлім. . Компютерлік желілер, желілік және телекоммуникациялық технологиялар. Желілер туралы жалпы мағлұмат, алдын-ала жағдай және компьютерлердің желілік әрекеттестік қажеттілігі
1.1Локалдық және бүкіләлемдік желі.
1.2Желілік топологиялар.
2- бөлім.Телекоммуникация саласында ақпараттық технологияларды пайдалану жағдайы. .
2.1Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы туралы
2.2Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы
3-бөлім. Нәтижелердің жалпы талдауы және ақпараттық жүйенің
экономикалық эффекті.
3.1.. Экономикалық ақпараттық жүйелер
3.2. ЭАЖ негізгі типтері. Сараптау жүйелерінің мәні. CASE технологиясы.
3.3. Ақпарат жүйесінің экономикалық эффекті.
4-бөлім Бөлімінің ақпараттық жүйелерін ұйымдастыру
4.1 Ақпаратпен жабдықталуы және мәліметтер базасы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
АННОТАЦИЯ
Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша: Телекомуникация саласында ақпараттық жүйесін құру
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде Компютерлік желілер, желілік және телекоммуникациялық технологиялар. Желілер туралы жалпы мағлұмат, алдын-ала жағдай және компьютерлердің желілік әрекеттестік қажеттілігі туралы қарастырылған.
Екінші бөлімінде телекомуникация саласында ақпаратты жүйенің құрылуы көрсетілген. Бөлім ішіне келесі тармақтар кіргізілген: ақпаратты программалық қамтамасыздандыру, математикалық қойылым, программалық қамтамасыздандыру, техникалық қамтамасыздандыру.
Үшінші бөлімде телекомуникация саласында ақпаратты оның ақпаратты жүйемен қамтамасыздандыру әдісі көрсетілген.
Дипломдық жұмыс__беттен печатталған текст,__ сурет, __таблица, қосымша.
Кіріспе
Телекоммуникация, телеқатысым (латынша тele - қатынасу, байланысу грекше - қашық және ағылшаруашылығы communіcatіon - байланыс) - ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы; қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы. Телекоммуникация саласы Қазақстанға 20 ғасырдың 90-жылдарынан ене бастады. Телекоммуникация электрбайланыс және компьютердің көмегімен ақпараттың барлық түрлерін (дыбыс, дерек, қозғалмалы және қозғалмайтын бейне, мультимедиа) талшықты оптикалық байланыс кабелі, радио, Жердің жасанды серігі, т.б. байланыс түрлері арқылы таратады. Электр сигналдарын таратып-қабылдауды телекоммуникация жүйесі атқарады. Бұл жүйе ақпаратты пайдаланушыларға дыбыс немесе бейне-көрініс түрінде тарататын жабдықтар жиынтығынан тұрады. Телекоммуникация жүйелері жиынтығының аумақтық орналасу принципіне, жұмыс істеуі мен бір-біріне тәуелділігіне қарай біріктірілуін телекоммуникация желісі деп атайды. Барлық мемлекеттегі құрастырылатын, өндірілетін және пайдаланылатын телекоммуникация жабдықтарының параметрлерін үйлестіру және телекоммуникация саласының даму сатысын анықтау мәселесімен Халықаралық Электрбайланыс Одағы (ХЭО) айналысады. ХЭО-ның мақсаты шартараптық ақпараттық құрылым жасау және соның нәтижесінде
Телекоммуникация (Telecommunications) -- компьютерлік жүйелер мен қазіргі заманғы техникалық электрондық байланыс құралдары негізінде телефон желілері, спутниктік байланыс және т.б. арқылы мәліметгерді қашықтан жеткізуге қатысты жалпы ұғым; жалпы немесе арнаулы байланыс желілері (телеграф, телефон, радио арқылы мәліметтер алмастыруға арналған қатынас). Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу; ара қашықтықтық байланыс; мәліметтерді ара қашықтыққа жіберу.
Телекомуникация саласында ақпараттық жүйені құрудың мақсаты Қазақстан Республикасының жеке мүлікті сақтандыру жұмыс істеу жүйесін автоматтандыру. Жалпы ақпараттық жүйені құрудағы мақсатым қазіргі кезде индустриялды экономикадан ақпараттық экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр, біздің еліміз пайдалы қазбаларға бай ел болғандықтан тауарлы-ақшалай қатынастар едәуір дамып қалды. Бұл сала соңғы озық технологияларды пайдаланса бұл жүйе жұмысының өнімділігі және қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет.
Бұл талаптар мыналар:
* Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
* Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.
* Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар
* Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
* Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
-Телекоммуникация саласында ақпараттық технологияларды пайдалану
-Телекомуникация саласында ақпараттық жүйені құру

Сіздер дербес компьютерлердің желілері (торабы) туралы естіген де шығарсыздар. Олардың ауқымды жалпы және жергілікті желілерге бөлінетінінен де хабардар боларсыздар. Бұқаралық ақпараттық жүйеде "Еthеrnеt... 100-мегабитті технология... Желілік технологиялар... Интернеттегі жанжал... Интражелілер..." деген сөздер жиі естіліп жатады. Бірақ біз бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылар желілермен таныс емес, тек компьютер құрамын біледі деп есептейміз.
Егер сіздің бір-ақ компьютеріңіз болса және модеміңіз болмаса, онда сіз компьютерлік желінің артықшылықтарын сезіне де алмайсыз. "Атыңыз егер болмаса, жорғасын қайдан білесіз", - деп өленде айтылатын сияқты ... Бірақ сіздің бірнеше компьютеріңіз болса немесе мәліметті қашықтағы компьютерге жәнелту керек болса онда желілік технология мүмкіндіктері сіз үшін өте қажет болып табылады. Желілік технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді.
Компьютерлік желі дегеніміз - бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат еңдеудің тармақталған жүйесі.
Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға. қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:
- желімен қатынас кұруды үйымдастыру;
- олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;
- желі тұтынушыларьша есептеу құрылғьшарьш пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.
Екі және одан да көп компьютерлердің физикалық байланысынан компьютерлік желі туындайды. Компьютерлік желі - компьютерлер арасындағы өзара мәліметтер алмасу жүйесі. Екі компьютердің қарапайым байланысы тікелей байланыс деп аталады.
Компьютерлік желіні орнату үшін арнайы аппараттық жабдықтар (желілік құрылғылар) және арнайы бағдарламалық жабдықтар (желілік программалық жабдықтар) қажет.
Компьютерлік желінің негізгі мақсаты - компьютерлік желідегі барлық ресурстарды қолданушының пайдалануына мүмкіндік беру.
Ресурс - қолданушыға бөлінетін есептеу жүйесінің физикалық немесе логикалық бөлігі. Мысалы: орталық процессордың уақыты, оперативті немесе тұрақты жады облысы, логикалық немесе физикалық сыртқы құрылғылар. Ресурстар 3 түрлі болады:аппараттық, программалық және ақпараттық. Мысалы, принтер, қатты дискі мөлшері - бұлар аппараттық ресурстар. Егер желідегі бір принтерді барлық қолданушылар пайдаланса, онда олар ортақ аппараттық ресурсты бөліседі.
Қашықтықтағы компьтерлердегі мәліметтерді қолдану - ақпараттық ресурстықолдану болып табылады.
Локалды желі (Local Area NetWorks, LAN) - бір мекеме немесе арнайы бір территория ішіндегі бір немесе бірнеше жоғары жылдамдықтағы сандық ақпаратты алу каналы бар желі. Локалды желідегі компьютерлер үшін біртекті хаттамалар пайдаланылады. Ең көп тараған локалды желілер - Ethernet және Token Ring.
Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама (протокол), интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.
Желілік техникалық кұралдар - компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.
Желілік программалық құралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспет қамтамасыз етеді.
Интерфейстер - желінің функциональдық элемшттерін бір-бірімен үйлестіру құралдары.
Протоколдар - желінің функциональдық элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау ережелері. Функиональдық элементтер рөлін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.
1.2Желілік топологиялар.
Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектурасына байланысты негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай бөлітерден тұрады:
Аппараттық құралдар:
- кабельдер;
- серверлер;
- желілік интерфейс тақшалары (NIC, Network Interface Card);
- концапраторлар;
- коммутаторлар;
- аймақтық тармақталаған желілер үшін бағдарлауыштар (маршуртизаторлар);
- аймақтық тармақталаған желілер үшін қашытқтан қатынас құру серверлері;
- аймақтық тармақталаған желілер үшін модемдер;
Серверлер.
Клиентсервер желісіндегі сервер дегеніміз осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғары көлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса серверде желілік операциялық жүйе (NOS, Network Operating system) орнатылып, ол шеткері құрылғыларды (принтерлер тәрізді) да басқара алады.
Желілік интерфейс тақшалары (NIC, Network Operating System) үстелге қойылатын және портативті алып жұруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады. Олар жергілікті желідегі басқа құрылғылармен қатынас құру үшін қажет. Компьютер жұмыс өнімділігіне бірсыпыра талаптар қоятын әртүрлі дербес компьютерлерге арналған желі тақшаларының көптеген түрлері бар. Олар мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының езгеруі мен желіге қосылу тәсілдеріне байланысты әртүрлі болып келеді.
Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. "Модем" деген соз осы кұрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол "модулятор демодулятор" сөздерінің кысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыккан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.
Желілік программалық кұралдар.
Жергілікті және аймақтық тармақталған желілер архитектурасына байланысты программалық құралдар:
- желілік операциялық жүйеден,
- желіні басқару программалық құралдарынан тұрады.
Желілік операциялық жүйе (NOS, Network Operating system) - желіге қосылған әрбір дербес компьютерде пайдаланылатын программалық құрал. Ол желілік ресурстарды басқарып, олармен қатынас жасауды қадағалап отырады. Желілік операциялық жүйе тасымалданатын мәліметтерді баратын бағыттары бойынша бағдарлауды (маршруттауды), желілік құрылғылар үшін бәсекелік қайшылықтарды шешуді және дербес компьютердің операциялық жүйесімен, мысалы Windows 95, Windows NT, UNIX, Масіntоsh немесе ОS2 жүйелерімен жұмыс істеуді ұйымдастырады.
Желілік операциялық жұйе файлдар мен қолданбалы программалардың үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Осындай бір жұмыс станциясында орналасқан ресурстар бірге пайдаланыла отырып, керекті мәліметтер алушыларға жонелтіліп және олар басқа компьютерлерден езгертіле алады. Желілік операциялық жүйенің негізгі белігі серверде орналасады да, қалған боліктері барлық жұмыс станцияларында қызмет етеді.
Желілік операциялық жүйе қосылған барлық құрылғыларды анықтап, ортақ пайдаланылатын шеткері құрылғыларға жұмыс станцияларының қатынасу приоритетін (егер бірнеше станция қатар сұраныс берсе) айқындап отырады. Бүған қоса операциялық жүйе трафикті реттеу релін атқарып, каталогтармен жұмыс істеуді басқарады және ақпаратты сақтау жүйесін бақылау өкілеттігін жүргізіп, желіні басқару функциясын жүзеге асырады. Кең тараған желілік операциялық жүйелерге Windows Server, Novell Netware, Ваnуаn VINES тәрізділер жатады.
2- бөлімТелекоммуникация саласында ақпараттық технологияларды пайдалану жағдайы. .

Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты Қазақстан Республикасының жеке мүлікті сақтандыру жұмыс істеу жүйесін автоматтандыру. Ақпараттық жүйені құрудағы мақсатым қазіргі кезде индустриялды экономикадан ақпараттық экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр, біздің еліміз пайдалы қазбаларға бай ел болғандықтан тауарлы-ақшалай қатынастар едәуір дамып қалды. Бұл сала соңғы озық технологияларды пайдаланса бұл жүйе жұмысының өнімділігі және қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет.

АҚПАРАТТЫҚ ЖАБДЫҚТАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.
Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) - бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Ақпараттық жүйені ақпараттық жабдықтау өзіне жүйеде қолданатын экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптамаларын, нормативті - анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.
Ақпараттық база (АБ) - бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы. Машинадан тыс ақпараттық база - ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті - анықтамалы құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал нормативті - анықтамалы құжаттар - шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеулерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды. Жедел ақпарат дегеніміз - ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелейтін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат.
Машина ішіндегі ақпарат базасы - бұл ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш - дербес электронды есептеуіш машинаға (ДЭЕМ) ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект.
Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар
Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз - ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.
Ақпараттық жүйені тұрғызу - ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең.
Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы - математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай қолданудың ұйымдастыру - құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.
Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың, жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді. Ақпараттық жүйені өңдеу мен жұмыс істеу мақсаттары, экономикадағы нарықтық қатынастардың әсерінен және техникалық жабдықтар жиынының сапалық және сандық өсу қарқынынан уақыт өткен сайын, онымен ақпараттық жүйені қолданушыларды қамтамасыз етуге байланысты тереңдетіле түсуде. Осының барлығы ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істетудің ұйымдастыру - құқықтық актілеріндегі және ұйымдастыру -- әдістемелік шешімдеріндегі ұйымдастырумен жабдықтау есептерінің өзгеруіне әкеледі.
Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Техникалық жабдықтау - бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.
Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады:
1. Ақпаратты алу.
2. Ақпаратты түрлендіру.
3. Ақпаратты тұтыну.
Бірінші саты - экономикалық объектілердегі қызмет барысында туындайтын бастапқы ақпаратты жинауды және тіркеуді орындайтын операциялар тобын қамтиды. Бұл операцияның мақсаты мекемелердің, кәсіпорындардың, аймақтардың және басқалардың қызметін бейнелейтін ақпарат алу.
Екінші саты - ақпаратты түрлендіру операцияларының тобы, кеңістік және уақыт бойынша мәндердің, түрлердің, құрылымдардың өзгеруін орындайды.
Үшінші саты - операциялар тобын және олардың басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін, әрі басқарудың ақпараттық кезеңдерін жалғастыру үшін ақпаратты тұтынудағы маңызын біріктіреді.
Басқарудың ақпараттық кезеңінің негізгі сатысына сәйкес келесі техникалық жабдықтар қолданылады:
1. Ақпаратты жинау және тіркеу;
2. ақпаратты өткізу;
3. машиналық тасығыштарды дайындау;
4. ақпаратты өңдеу;
5. ұйымдастыру техникасы.
Ақпаратты жинау және тіркеу жабдығы бастапқы мәліметтерді тасығыштарға тіркеуге арналған.
Ақпаратты өткізіп беретін жабдық мәліметтерді өңдеу орталықтарына және оны қолдау орнына кеңістіктегі ығысу арқылы жеткізіп беруде қолданылады.
Машиналық тасығыштарды дайындау жабдығы, мәліметтерді машиналық тасығыштарға, оның ішінде магниттік табақшаларға жазу үшін қажет. Қазіргі кезеңдегі жабдықтардың ерекшелігі сол, мәліметтерді магниттік табақшаларға жазу кезінде оны бақылауға, ашып жазуға, реттеуге болады.

Жалпымемлекеттiк ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелерде ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi объектiлерi:
мемлекеттiк және нарықтық басқарудың ақпараттық жүйелерi және құжатталған ақпараттық массивтер мен дерекқорлар түрiнде ұсынылған мемлекеттiк құпияларға жататын мәлiметтердi және жабық ақпаратты қамтитын ақпараттық ресурстар;
ақпараттандыру құралдары мен жүйелерi (есептегiш техника құралдары, ақпараттық-есептеу кешендерi, желiлер мен жүйелер), бағдарламалық құралдар (операциялық жүйелер, дерекқорларды басқару жүйелерi, басқа да жалпыжүйелiк және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету), автоматтандырылған басқару жүйелерi, байланыс және деректер беру жүйелерi, қолжетiмдiлiгi шектеулi ақпаратты өңдеу үшiн пайдаланылатын ақпарат қабылдаудың, берудiң және өңдеудiң техникалық құралдары, олардың ақпараттық физикалық өрiстерi;
ақпарат өңдемейтiн, алайда мемлекеттiк құпияларға жатқызылған мәлiметтерi бар ақпарат өңдейтiн үй-жайларға орнатылатын техникалық құралдар мен жүйелер, сондай-ақ құпия келiссөздер мен құпия жұмыстар жүргiзуге бөлiнген үй-жайлар;
мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк ақпараттық ресурстар;
әскери iс-қимылдарды дайындау мен жүргiзудiң жедел және стратегиялық жоспарлары туралы, олардың сандық және кадрлық құрамы, қызметiнiң бағыттары, жұмылдыру дайындығы, байланыс және әскерлер мен қару-жарақты басқару жүйелерi туралы мәлiметтердi қамтитын әскери басқару, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдарының ақпараттық ресурстары, олардың ақпараттық қамтамасыз етiлуi, олардың ақпараттық инфрақұрылымы;
режимдiк және стратегиялық объектiлер, қолжетiмдiлiгi шектеулi ақпарат өңделетiн есептегiш техника құралдарының объектiлерi;
"электрондық үкiметтiң" ақпараттық инфрақұрылымы болып табылады.
Жалпымемлекеттiк ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелерде ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары:
мемлекеттiк басқару органдарының ақпараттық жүйелерiнiң iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
ақпаратты техникалық барлау құралдарынан арнайы қорғау;
техникалық құралдарда өңделетiн немесе сақталатын ақпаратқа рұқсатсыз қолжетiмдiлiктi болдырмау;
есептегiш техника құралдарының объектiлерiнде жанама электромагнит сәулелерi мен нысаналар есебiнен өңделетiн ақпараттың сыртқа шығып кетуiнiң алдын алу;
ақпараттандыру құралдары жұмысында ақпараттың бұзылуын, жойылуын, бұрмалануын немесе iркiлiсiн тудыратын бағдарламалық-техникалық әсер етудiң алдын aлу;
объектiлерге және техникалық құралдарға енгiзiлген электрондық ақпарат қармау қондырғыларын (салынған қондырғыларды) анықтау;
үй-жайлардан және объектiлерден сөз түрiндегi ақпаратты техникалық құралдармен қармаудың алдын алу болып табылады.
Байланыс арналары бойынша берiлетiн ақпаратты техникалық құралдардың көмегiмен қармаудың алдын алуға криптографиялық және өзге әдiстер мен қорғау құралдарын қолданумен, сондай-ақ қажеттi ұйымдастырушылық-техникалық iс-шаралар жүргiзумен қол жеткiзiледi.
Берiлетiн, өңделетiн немесе техникалық құралдарда сақталатын ақпаратқа рұқсат етiлмеген қолжетiмдiлiктi және әсер етудi болдырмауға арнайы бағдарламалық-техникалық қорғау құралдарын қолданумен, криптографиялық қорғау тәсiлдерiн пайдаланумен, сондай-ақ ұйымдастырушылық және режимдiк iс-шаралармен қол жеткiзiледi.
Жанама электромагнит сәулелерi мен нысаналар, сондай-ақ электроакустикалық өзгеру есебiнен өңделетiн ақпараттың сыртқа шығып кетуiн болдырмауға қорғалған техникалық құралдарды, техникалық қорғау құралдарын, оның iшiнде ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын, белсендi қорғау құралдарын қолданумен, объектiлердi экрандаумен, қорғау объектiлерiнiң айналасына бақыланатын (тексерiлетiн) аймақты жасаумен және басқа ұйымдастырушылық және техникалық шаралармен қол жеткiзiледi.
Ақпараттың бұзылуын, жойылуын, бұрмалануын немесе ақпараттандыру құралдары жұмысында iркiлiс тудыратын бағдарламалық-техникалық әсердiң алдын алуға лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi, арнайы бағдарламалық және аппараттық қорғау құралдарын (вирусқа қарсы процессорлар, вирусқа қарсы бағдарламалар) қолданумен, бағдарламалық қамтамасыз ету қауiпсiздiгiн бақылау жүйесiн ұйымдастырумен қол жеткiзiледi.
Объектiлерге және техникалық құралдарға енгiзiлген электрондық ақпарат қармау қондырғыларын (салынған қондырғыларды) анықтауға арнайы зерттеулер жүргiзумен қол жеткiзiледi.
Үй-жайлардан және объектiлерден сөз түрiндегi ақпарат техникалық құралдармен қармаудың алдын алуға техникалық қорғау құралдарын, үй-жайлардың дыбыс өткiзбеуiн қамтамасыз ететiн жобалау және конструкторлық шешiмдердi, орнатылған қармау құралдарын анықтау мен олардың белсендiлiгiн азайту бойынша режимдi үй-жайларды арнайы тексеру мен басқа да ұйымдастыру әрi режимдiк iс-шаралар жүргiзу есебiнен қол жеткiзiледi.
Жалпымемлекеттiк ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелерде ақпарат қорғау жөнiндегi негiзгi ұйымдастырушылық-техникалық iс-шаралар мыналар болып табылады:
ақпаратты техникалық қорғау саласындағы ұйымдардың қызметiн лицензиялау;
жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк құпияларға жiберу мен қол жеткiзуiне рұқсат ету жүйесiн құру;
ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету талаптарын орындау жөнiндегi ақпараттандыру объектiлерiн аттестаттау;
ақпарат қорғау мен оның тиiмдiлiгiн бақылау техникалық құралдарының, ақпараттандыру және байланыс құралдарының ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн растау;
қорғалып орындалған ақпараттық және автоматтандырылған басқару жүйелерiн құру және қолдану;
ақпарат қорғаудың техникалық құралдарын және оның тиiмдiлiгiн бақылау әдiстерiн әзiрлеу және пайдалану;
қорғау әдiстерiн, техникалық шараларды және техникалық құралдарды, оның iшiнде байланыс арналары бойынша берiлетiн ақпаратты ұстап қалуды болдырмайтын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын қолдану;
ақпаратты ақпараттық-телекоммуникация жүйелерiнде және жергiлiктi есептегiш желiлерiнде рұқсат етiлмеген қолжетiмдiлiктен және әсер етуден, компьютерлiк вирустардың жұғуынан қорғауды ұйымдастыру;
есептегiш техника құралдары объектiлерiнде жанама электромагнит сәулелерi мен нысаналар есебiнен өңделетiн ақпараттың сыртқа шығып кетуiнiң алдын алу жөнiнде шаралар әзiрлеу;
сенiмдi қорғауды қамтамасыз ету және объектiнiң қорғалатын аймағына рұқсатсыз кiру фактiлерiн анықтау үшiн кiрiктiрiлген күзет жүйелерiн, бейнебақылауды ақпарат жинау мен өңдеудi кешендi қолдана отырып, бiрнеше күзет шептерiн көздейтiн объектiлердi күзету жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдастыру және инженерлiк-техникалық шараларды iске асыруды қамтитын iс-шаралар жүргiзу;
жанама электромагнит сәулелерi мен нысаналар есебiнен ақпараттың сыртқа шығып кетуiнен объектiлердiң қорғалғандығының тиiмдiлiгiне бақылау жүргiзу;
объектiлерге және техникалық құралдарға енгiзiлген электрондық ақпарат қармау қондырғыларын (салынған қондырғыларды) анықтау жөнiнде режимдiк үй-жайларды арнайы тексеру;
жергiлiктi есептегiш желiлердiң ақпаратқа рұқсат етiлмеген қолжетiмдiлiктен қорғалғандығының тиiмдiлiгiне бақылау жүргiзу;
ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар ұйымдастыру, үйлестiру және қаржыландыру;
ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және арнайы мақсаттағы телекоммуникация желiлерiн жетiлдiру саласында перспективалық дамуға қол жеткiзу мақсатында техникалық шешiмдер әзiрлеу;
ақпараттық қауiпсiздiк қатерлерiнiң көздерiн анықтау, бағалау және болжамдау, техникалық барлау құралдарына қарсы iс-әрекет етудiң барабар шараларын жедел қабылдау;
техникалық барлаулар, олардың ниетi, мүмкiндiктерi, олардың жұмыс iстеу әдiстерi мен техникалық жарақтануы туралы ақпаратты жинау;
ақпараттық қауiпсiздiк саласында қылмыспен күрес проблемалары бойынша тәжiрибе алмасуға бағытталған мемлекеттер арасында жасалған келiссөздер шеңберiндегi мемлекетаралық ынтымақтастықты кеңейту;
Қазақстан Республикасына қарсы ақпараттық қатер көздерiнiң қолға алғалы жатқан iс-әрекеттерi туралы ақпарат алуға бағытталған қарсы барлау iс-шаралары;
ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мамандар даярлаудың оқу-әдiстемелiк және материалдық базасын құру;
құпиялық режимiн және ақпарат қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың жеке қауiпсiздiгiн нығайту.
Ақпарат қорғаудың әдiстерi, тәсiлдерi және шаралары ақпарат сыртқа шығып кеткен, бұзылған немесе жойылған жағдайлардағы ықтимал залалдың дәрежесіне байланысты әзірленеді.

Экономикалық ақпараттық жүйелер (ЭАЖ) - экономикалық объектіні басқаруда қажетті ақпараттарды жинақтау, caқтay, жаңарту, өңдеу, және шығару жүйесі.
Қазіргі жағдайда ақпараттық; жүйелердің әр түрлi салаға арналған көптеген түрлері бар. Олардың 6ip-6ipiнен мына факторларға байланысты айырмашылығы бар: объектив басқарудың спецификасына; құрудың және атқарудың жинақталған тәжірибесіне; басқарылатын жүйенің құрылымына; берілгендерді өңдейтін, жинактайтын, тарататын жабдықтарды қолдануға; ЭАЖ-дың басқару объектісінің басшыларының позициясына және т.б.
Keйбip кіші кәсіпорынның өзі күрделі жүйе болып табылады, өйткені басқару жүйeci мен басқару o6ъeктici өзара көптеген қарапайым емес иерархиялық құрылымды байланыстардан тұрады. Осы басқару пpoцeciнe қатысушылардың алдына койылған мақсаттары жүйенің мақсатымен сейкес келмеуі мүмкін. Басқару процeci көптеген атқарымдылығымен сипатталады.
Экономикалық басқару жүйесі экономикалық-ұйымдастырушылық модельдер негізінде құрылады, ceбeбi басқару жүйесі өзі басқаратын объектінің бейнесі туралы білуі керек. Модель детальдарі бойынша объектіден езгеше болғанымен, модельдің объектімен ортак элементтері болуы керек.
ЭАЖ-дың кептеген атқарымдық өзгешеліктеріне байла - нысты оның әр түрлі сыныптамалық белгілерін ерекшелеуге болады. Административтік және қолдану деңгейіне байланысты аудандық, облыстық, мемлекеттік ЭАЖ болады.
Бүгінгi таңда экономикалық салалардағы қолданылуына байла - нысты ЭАЖ-ды төмендегідей топтарға бөлуге болады.
1.
Банктік ақпараттық жүйе;
2.
Салықтық ақпараттық жүйе;
3.
Бухгалтерлік ақпараттық жүйе;
4.
Статистикалық ақпараттық жүйе;
5.
Сақтандыру ақпараттық жүйе;
6.
Қаржылық ақпараттық жүйе;
7.
Қор нарығындағы ақпараттық жүйе.
ЭАЖ түcінігi, құрылымы және жіктелуі
Экономикалық ақпараттық жүйелер екі iшкi жүйеден тұрады. Олар:
1.
ЭАЖ-дың жабдықтау бөлігі;
2.
ЭАЖ-дың атқарымдық бөлігі.
1. ЭАЖ-дың жабдықтау бөлігі - ақпараттық, техникалық, программалық, ұйымдастырушылык, құқықтық, лингвистикалық, және т.б.
1. Ақпараттық жабдықтау. Басқару объектісіне шикізат пен ресурс қандай қажет болса, басқару аппаратына аппарат сондай қажет. Ақпарат берілгендер деп аталатын шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болады. Мұндай берілгендер ретінде кез-келген мекеменің каржылық-шаруашылық, фактілері, жағдайы мен процесстері туралы мәліметтерді алуға болады (бухгалтерлік, қаржылық құжаттар және т.б.)
Кез келген басқару жүйесі екі түрлі ақпаратпен жұмыс істейді. Ақпарат ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкi ақпарат - басқару жүйесінде пайда болады да басқару объектісінің әр түрлі уақыт аралығындағы дамуын, оның қаржылық шаруашылық жағдайын, директив мақсатын камтиды. Әдетте мұндай мәліметтер құжаттарда сақталады және дәл ақпараттарды пайдаланады.
Сыртқы ақпарат - дәл емес, жуықталған, үзілісті, карама-карсылық сипатта болады. Бұл негізінен нарықтың жағдайы мен бесекелестерге, бағалар мен пайыздық мелшердің болжамына, салықтық саясат пен саяси жағдайга байланысты болады. Мұндай аппарат ықтималдық түрде сипатталады және оны стандартты бағдарламалар жабдықтарымен өңдеу қиындықтары бар. Бұл ақпараттарды өңдей алатын ақпараттық жүйелер құру қажеттілігі туындайды және оларды эксперттік бағдарламалар деп атайды.
Басқару деңгейіне байланысты әр түрлі ақпарттар: қызметтердің стратегияларын құрастыратын жоғарыдағы басшылар негізінен сыртқы ақпаратпен, кейбір жағдайларда ішкі ақпаратпен жұмыс істеу барысында қолданылады. Оперативті деңгейде тек ішкі ақпарат, орта деңгейде көбінe iшкi, кейде сыртқы ақпаратты пайдаланады. Бұл ақпараттар арнайы тасымалдаушыларда сақталады және олар ЭАЖ-дық ақпараттық базасын құрайды.
Ақпараттық база өзара байланысқан екі белгіден тұрады: ішкі машиналық және сыртқы машиналық ақпараттық базалар.
Ішкі машиналық ақпараттық база - басқару жүйесіне техникалық жабдықтарсыз адам қабылдай алатындай қызмет етеді, мысалы құжаттар (актілер, нарядтар, регистрлер мен шоттар, ведомостар және т.б.)
Сыртқы машиналық ақпараттық база - машиналық тасымал - даушыларда сакталады және ол файлдардан тұрады.
2.Техникалық жабдықтау. Техникалық жабдықтау ЭАЖ-дың негізін құрайды және бұл жабдықтардың қуаттылығын басқаруда шешілетін тапсырыстардың құрамын анықтайды. Техникалық жабдықтарға компьютерлер, коммуникация жабдықтары мен оргтехника жатады.
Компьютерлер паркін екі класқа бөлуге болады: дербес және жоғарғы көлемді компьютерлер (Mainframe System). Жоғары көлемді компьютерлер көлeмi үлкен деректер корын сақтауға арналған. Мұндай компьютерлерге тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істегенде және берілгендерді сақтау барысында жоғары талаптар қойылады. Мұндай кластағы компьютерлерді шығаратын атақты фирмалардың қатарына - Tandem Computers жатады.
Алайда бұл компьютерлер барлық уақытта оперативті шешім қабылдай алмайды. Мысалы, құнды қағаздар нарығында тәуекелділік дережесінің бағасы мен операцияларды оңтайландыруда қолданылатын компьютерлік желілер 6ipнешe минутта тапсырмаларды орындауы қажет. Мұндай сұраныстарға Mainframe System компьютерлері тек бipнешe сағаттан соң, ал дербес компьютерлер 20 сағаттан соң жауабын береді. Бұл проблеманы жоғары өнімді компьютер - CRAY 6 минутта шешеді.
3. Бағдарламалық жабдықтау. Жоғарыда айтылған компьютерлердің барлығы жұмыс жасау үшін бағдарламалық жабдықтау қажет. Бағдарламалық жабдықтау - берілгендерді өңдеуге қажетті бағдарламалар жиынтығы мен осы бағдарламаларға қатысты құжаттар. Бағдарламалық жабдықтау жалпы және қолданбалы бағдаламалық жабдықтау болып бөлінеді.
Жалпы бағдарламалық жабдықтауға операциялық жүйе, бағдарламалау жүйесі, сервистік бағдарламалау жатады.
Операциялық жүйе - компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс icтeyiн қамтамасыз етеді. Операциялық жүйелерге: MS DOS, NC, WINDOWS, WINDOWS XP, WINDOWS WІSTA және т.б жатады.
Бағдарламалау жүйесі - бағдарламалаушылар мен бағдарламалаушы еместер үшін қажетті инструментальды жабдықтар. WORD, PAINT, EXCEL.
Қызметші бағдарламалар - ЭЕМ-ді пайдалану барысында қолданылатын қызметтер.
4. Ұйымдастырушылық жабдықтау. Экономикалық ақпараттық жүйелердің өз басқару аппараты болады және ол оның iшкi жүйелерінің жұмысын 6ip бүтіндей етіп жұмыс істеуін қамтамасыздандырады.
Мұндай iшкi жүйенің қызметі:
1.
Басқару объектісі мен айналаны қоршаған орта туралы алғашқы ақпараттарды жинақтау;
2.
Ақпараттарды курьер немесе жергілікті және басқа да желілер арқылы жіберу;
3. Берілгендердің орталық қорындағы ақпараттарды ұйымда қолдану және желі арқылы таратылатын ақпараттарды сақтау;
4. Орталық және таратылған технологиялар негізінде ақпараттарды өңдеу.
5. Құқықтық жабдықтау. Нормативтік актілерде көрсетілген нормалар жиынтығы және осы жүйелерді ұйымдастыруды қадағалау, олардың мақсаты, тапсырыстары, құрылымы міндеттepi, мен ЭАЖ-дың құқықтық статусынан тұрады.
ЭАЖ-ды құқықтық жабдықтау ЭАЖ-ды өңдеудің құқықтық реттеудің және құрастырушылар мен тапсырушылардың карым-қатынасы болып табылады. Құқықтық жабдықтау eкi бөліктен тұрады: жалпы және арнайы.
Жалпы бөлік құрамына ЭАЖ қызметін регламенттеуші нормативті құжаттар жатады. Арнайы бөлік құрамына қабылданатын шешімдердің құқықтық жәрдемін ұйымдастыру жатады.
4. Лингвистикалық жабдықтау.
ЭАЖ-да қолданылатын қатысу тілдерінің жиынтығы, терминдері мен ережелері лингвистикалық жабдықтауды құрайды. Пайдаланушы ақпараттық, техникалық, бағдарламалық жабдықтаулармен қарым-қатынаста болу үшін бағдарламалық тілдерді пайдаланады. ЭАЖ үшін:
*
Мәтіндік және диагностикалық программалар;
*
Телекоммуникациялық программалық жабдықтар;
*
Рұқсат етілмеген енуден қорғайтын программалық жабдықтар;
*
Басқа компьютерлік жүйелермен программалық интерфейс және т.б. қажет.
ІІ. ЭАЖ-дың атқарымдық бөлігі - ЭАЖ-дың объект басқару жүйесінің моделі болып табылады. Декомпозициялау барысында аткарымдық бөлік ішкі жүйелерге бөлінеді және олар декомпозициялау белгілеріне байланысты анықталады. Күрделі жүйе көпфункционалды болғандықтан ЭАЖ-ды әр түрлі белгілері бойынша декомпозициялауға болады. Басқару жүйесіне байланысты құрылымдық белгілеріне қатысты ЭАЖ функционалдық iшкi бөліктерден тұрады. Олар:
*
Басқару деңгейі (жоғары, орта, оперативті);
*
Басқарылатын ресурс түрі (Heгізгi қор, материалды, еңбек, қаржы және ақпараттық ресурстар);
*
Қолдану саласы (банктік, статистикалық, салықтық, бухгалтерлік, қор нарығы, сақтандыру ақпараттық жүйелер);
*
Басқару функциясы мен басқару аралығы.
3.2 ЭАЖ негізгі типтері. Сараптау жүйелерінің мәні. CASE технологиясы
Бүгінгі таңда ақпараттық жүйелердің негізгі типтері төртке бөлінеді:
1.Ақпаратты іздеу жүйелері.
2. Кері байланыс.
3. Эксперттік жүйелер.
4.Желілік жүйелер.
1. Ақпаратты іздеу жүйелері - оның көмегімен әр түрлі көлемдегі деректер қорына енуге болады. Пайдаланушы өзіне қажетті сұранысты құрастырады, одан соң деректер қорынан осы сұранысқа сәйкес деректерді бөліп алады. Егер кез-келген деректер пайдаланушыны қанағаттандырмаса, онда сұраныс қайта түзіледі (1-сурет).
Арнайы дайындығы жоқ адам барлық уақытта ақпараттық іздеу жүйелерімен жұмыс істей алмайды, сондықтан әрбір құрылымда осы жүйелермен жұмыс істей алатын мамандар болуы керек.
2. Кері байланыс. Компьютерлік жүйелер мен пайдаланушылар арасындағы кері байланыс ақпараттық жүйелердің екінші типіне жатады және ол ақпараттарды іздеу, деректер қорын құру мен оларды өңдеу барысында орындалады (2-сурет).
Мысал ретінде құрамында сыртқа шығатын шаруашылық операциялары мен есептеулерін қамтитын құжаттарды қалыптастыратын кез келген басқару ақпараттық жүйесін айтуға болады. Жүйе көмегімен пайдаланушылар жаңа ақпараттарды тіркейді, берілгендерді қандай да бір уақыт аралығында жинақтайды, қате қабылданған ақпараттарды дұрыстайды, есептеу процестерін басқарады және өңделген ақпараттардың нәтижесін шығарады. Шығатын құжаттар алынған соң басқару шешімдер қабылданады. Кері байланысқа мысал ретінде облыс немес аудандарға ақпараттық жүйелердің клиенттерінен қабылданатын берілгендерді жинақтау жүйесін айтуға болады. Келіп түскен берілгендер тіркеліп өңделген соң ақпараттардан деректер қоры құрылады. Мұндай жүйе клиенттен келіп түскен коммерциялық құпиясы бар ақпараттардың конфеденциалдығына кепілдік беруі керек.
Б
Жүйені пайдаланушылар
(АЖ құрамындағы ішкі бөлімдер, мамандар мен кәсіпорын, фирма басшылары, фермерлер және т.б.)
Басқаратын ақпараттық жүйелер
Деректер қоры
астапқы ақпарат
Сұраныс
Жауабы
Сурет-2. Ақпараттық жүйелер.
3.
Эксперттік жүйелер немесе белгілі (кеңес) нұсқаулар беретін жүйелер. Ақпараттық жүйелердің бұл типі пайдаланушыларға белгілі нұсқаулар беруді қарастырады. Мұндай жүйелер белгілі модельге бағытталған білім қорлары негізінде құрылады. Олар қажетті шешімдерді қабылдауға, іздеуге, шеутеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар имитациялық, оптимизациялық, корреляциялық-регрессивті модельдер қорлары негізінде құрылған жүйелер қолданылады.
Егер жергілікті және ғаламдық желілер қолданылатын болса, онда бұл жоғарыда аталған ақпараттық жүйелердің типтерінің қызметі тиімдірек болады. Компьютерлер желі арқылы ақпараттық жүйелерге байланысқан болса, онда сұраныстарға жауапты деректер қоры мен білім қорларын пайдаланушылардың қатысуынсыз автоматты түрде орындауға болады. Сондықтан келесі ақпараттық жүйелердің типі желілік жүйелердеп аталады.
4. Желілік жүйелер. Басқа адамдармен компьютерлік желі арқылы қарым-қатынаста болу. Мұндай желі ретінде кәсіпорындағы немесе мекемедегі жергілікті (локальды) желіні айтуға болады және глобальды желі ретінде интернетті қарастыруға болады.
Қазақстан Республикасында ақпараттық инфрақұрылым кеңінен дамып келеді. Бұл инфрақұрылымның дамуы кәсіпорындарда ауқымды желіге шығатын автоматтандырылған офистерді қалыптастырады. Олар аймақтық, аудандық деңгейде болады.
Жаңа білім қабылдауда ақпараттық жүйелер мамандарының өзі пайдаланушы ролінде болады және олар өздеріне қажетті ақпаратты таба білулері керек. Ақпараттық жүйелер үнемі білікті мамандармен толықтырылып отырылуы қажет.
Шешімдерді қабылдауды қолдау жүйелерінің мәні.
Бүгінгі таңда кәсіпорын үшін өнімдерді өткізу (сату), дәлірек айтқанда тапсырыс портфелін қалыптастыру және оның материалдық базасын қамтамасыздандыру проблемалары, кәсіпорын қызметінде негізгі орын алады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, нарыққа бәсекелестікке төтеп беруі бұл мәселелердің өз уақытында шешілуіне тәуелді. Сондықтан басқару шешімдерін қабылдау процесін зерттеу ерекшеленіп отыр.
Кәсіпорын басшысы өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында төмендегі ақпараттарды, мысалы шикізат бағасының өзгеруі, технологиялық процесті жақсарту, өнімнің сұранысына, сақтау тәсілдеріне және т.б толығымен қолдануы қажет.
Шешімдерді қабылдау процесінің мазмұны мен күрделілі-гіне байланысты негізгі екі ерекшелігін айтуға болады. Біріншіден, шешімді қабылдау мүмкін шешімдердің жиынынан бір ғана анықталған шешімді таңдауға байланысты. Олай болса бұл процестің ерекшелігі шешімдер нұсқаларынық көптігінде.
Екіншіден, шешім белгілі мақсатқа жету үшін қажет, яғни ол мақсатқа бағытталған болуы керек.
Сонымен қатар, шешім қабылдаудың арнайы өзгешелігі ретінде анықталмағандықты айтуға болады. Ол екі жағдайға байланысты: әлеуметтік-экономикалық ортадан түсетін ақпараттың толық болмауы мен айналадағы ортадан келіп түсетін ақпаратты адамның қабылдап алу мен өңдеу қабілетінің шектеулігінде.
Басқарудағы ақпарат жүйесі - басқарушыға өз жұмыс орнындағы жағдайларға байланысты қабылданатын шешімдердің баламаларын жобалаудың арнайы жабдықтарын жедел түрде емін-еркін пайдалануына мүмкіндік беретін үлкен жүйе. Басқарудағы ақпарат жүйесі 1970 жылдары шешім қабылдауды қолдау жүйесінің (ШҚҚЖ) концепциясы пайда болғаннан бері ерекше статус алды.
Бұл жағдайдан шешім қабылдау үрдісінің ақпараттық сипатын байқауға болады. Қандай да бір қағидаға сөйкес таңдалған шешім оңтайлы болады.
Басқару жүйесіне қатысты шешім қабылдау барысында шешімді қабылдаушының міндетіне - жүйені қайткен кезде де алға қойылған мақсаттарға жеткізу жатады десек, сол мақсаттардың өзіне де қағида қойылады. Бұл қағидаларды былай атауға болады:
*
мақсат орындалуға тиісті, қол жетерліктей мүмкіндікте болуы тиіс;
*
мақсат кейде орындалмауы да мүмкін (шектеулі) жағдайлар болады;
*
дегенмен, алға қойылған ең басты бір ғана мақсат болуы тиіс.
Әдетте ең басты мақсатқа жету үшін оған қатысты бірнеше ішкі мақсаттар қойылып, солар арқылы ғана ең басты мақсатқа жеңілірек жетуге болады.
ЭАЖ негізгі типтері. Сараптау жүйелерінің мәні. CASE технологиясы.
Басқару жүйесі қашан да дамып отыратын жүйе болғандықтан оған сәйкес ақпарат жүйесі де дамып жетіліп отыруы тиіс. Жүйенің даму барысын зерттеу, талдау, жобалау, қолдануға ендіру және қолдау сатыларынан тұрады. Бұл сатылар кейде, яғни прототипті әдіс қолданылғанда, бір уақытта қатар жүргізілуі де мүмкін.
Бұл сатылардың әр қайсысы өңделу нәтижесінде мақсаттық өнімді қалыптастырады.
Жүйелік зерттеулер сатысында (I саты) жүйенің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz