Шәкәрім Құдайбердіұлы-қазақтың көрнекті ақыны туралы ақпарат



Кіріспе
1.ШәкәрімҚұдайбердіұлы.қазақтың көрнекті ақыны
1.1.Абайдың ақын шәкірті
1.2. Шәкәрімнің әдебиетке қосқан үлесі
2. Өмір шындығын суреттеудің хас шебері
2.1. Шәкәрім шығармашылығы
2.2Шәкәрім шығармаларындағы көтерілген әлеуметтік мәселелер
2.3 Ақын және халық
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.
Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.
Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар,домбыра тарту, гармоньда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды.[1]
1. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қазақ, қырғыз һәм хандар шежіресі
2. Әбен Е. Дала даналары, Алматы: Қазақстан даму институты, 2001 – 460 б
3. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы: оқу құралы. ІІ кітап, Алматы: Қазақ Университеті, 2002 – 455 б
4. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы, Алматы: Қазақ Университеті, 2002 – 430 б
5. Өзбекұлы С. Қазақстанның саясы құқықтық ой – пікір тарихының өзекті мәселелері, Алматы: «Білім», 2004 – 128 б
6. Уеллер Чарлз. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті, Алматы: Орталықазия тарихи – мәдени зерттеу орталығы, 2003 – 129 б
7. Әбдіғаиұлы Б. Шәкәрімнің жұмбақтары. /Б. Әбдіғазиұлы//Қазақ тілі мен әдебиеті, 2001 - № 12
8. Қалиев С. Алтынсарин Ы. мен Құдайбердіұлыныңдіни тәрбие жөніндегі көзқарастарындағы үндестіктер /С. Калиев// Ұлт тағлымы 2002 - №2
9. Қожамберлиев Б. Шәкәрім философиясындағы рухани болмыс мәселелері / Қожамберлиев Б// Ұлт тағлымы, 2003 - №1
10. Сейсенұлы Д. Шыңғыстау. Шәкәрім Шыңырау / Сейсенұлы Д// Егемен Қазақстан, 2003 – 25 маусым
11. Сейсенова А. Шәкәрім мен Гете поэзиясындағы ғалам суреттері, /Сейсенова А.// Қазақ тілі мен әдебиеті, 2003 - № 10
12. Қамбарбекова Ғ. Үш алып үйлесімі: Ұлы ақын нәр алған үш арна /Қамбарбекова Ғ// Абай, 2004 - № 2

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.
Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің Мұтылғанның өмірі атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: қажы марқұм мені „жетім" деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.
Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, молда сабағынан басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар,домбыра тарту, гармоньда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды.[[1]]

1.ШәкәрімҚұдайбердіұлы-қазақтың көрнекті ақыны
1.1.Абайдың ақын шәкірті
Құдайбердіұлы өмір сүріп, еңбек еткен тарихи кезеңде қазақ әдебиетінде Абай іргетасын қалаған реалистік дәстүр қалыптасып кележатқанды. Шәкәрім осынау өнегелі үрдісті алғашқы жалғастырушылардың бірі болды. Абай мен Шәкәрім арасында тамырластық аса терең. Өз заманының келелі мәселелерін, қоғамдық шындықты қозғауда екі ақын да ерекше қуат танытқан. Абай тәрізді Шәкәрімнің де ақын ретінде ұсақ-түйек міндерді сынаудан бастап, өз кeзінің күрделі әлеуметтік мәселелерін көтеруге дейінгі аралықтағы терең ойлары, парасатты тұжырымдары сайрап жатыр. Шәкәрім айналасындағы құбылыстарды сырттай ғана жырлаушы болған жоқ, ол бар нәрсенің қай-қайсысына да мән бере қарады, жақсылығына қуанды, кемшілігіне күйзелді. Ақындық болмысын да осы ыңғайда қалыптастырды. Ақынның азаматтық үні осы тараптан естіледі. Оның Абай үлгісіндегі реализмі алдымен азаматтық лирикасынан көрінді. Өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу азаматы ретінде ол халқының басындағы нақты жағдайды көре білді. Осы бағыттағы барлық ой пайымдарын лирикасына нәр қылып құйды. Ақын лирикасының басты объектісі - адам. Ескіден қалған сөз теріп, Сәнқойлар, Қалжыңшыл қылжақпас, Еріншек, Құмарлық, Бір салмойын сал келер сияқты өлеңдерінде ақын замандастарының бойындағы ірілі-уақты кемшіліктер сыналады. Шәкәрім надандықтың негізін осылардан көреді. Бұл өлендерінің қай-қайсысында да оның реализміне тән шыншылдық пен сыншылдық бар. Қандай кемшілікті болсын, ақын типтендіре суреттеуге күш салады. Сол себепті оның кейбір өлеңдерінде сыналатын кейіпкерлер өзімізбен бүгін де қатар жүрген жандар секілдіқабылданады. Өз халқының мүддесін көздеген ақын оның бойындағы жағымсыз қасиеттерді жұртқа жария етуші ғана емес, солардың үкімін айтушы да бола білді. Әшкерелей отырып, өз үкімін айтады, айналасына ой тастай сөйлейді. Ашу мен ынсап, Шаруа мен ысырап, Анық пен танық, Ер қоспақ пен сөз сөйлемек, Дүние мен өмір, Мақтау мен сөгіс, Міндеу мен күндеу сияқты бірқа- тар өлеңдерінде Шәкәрім айналасына сын көзбен қарай отырып, заманының шынайы суретінжасайды. Халық тағдыры - Құдайбердіұлы жырындағы арналы тақырып. Бұл тұста да ол Абаймен сабақтас, үндес. Абай тәрізді Шәкәрім де өзінің насихат өлеңдері мен жеке өнегесі арқылы жұртшылық санасындағы кейбір кері қасиеттердің тамырын шірітіп, халықтық ар-намысты оятуға күш салады
Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында қазақ, елінің қоғамдық өміріне, мәдениеті мен өнерінде, ұлттық әдебиетінде аса игі жаңғырулар бой көрсетті десек, бұл тұстағы ұлы Абай бастаған жаңашыл бағыттағы реалистік әдебиеттің даму қарқыны айрықша болды. Халқымыздың аса көрнекті ақындарының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы да, міне, осынау өркенді ортада өсіп, ержетті. Ол 1858 жылы ескіше жыл санау бойынша 11 шілдеде қазіргі Семей облысының Абай ауданында дүниеге келді. Әкесі - Құдайберді -Абайдың ағасы, Құнанбайдың Күңке атты бәйбішесінен туған.
Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Жеті жасқа келгенде, 1866 жылы әкесі Құдайберді 37 жасында дүние салады да, Шәкәрім бұдан былайғы уақытта Құнанбайдың тәрбиесінде, тікелей Абайдың қамқорлығында болады. Шыққан ортасының аса бай дәстүрі мен ақын ағасының тағлымды тәрбиесі табиғатынан зерек те алғыр Шәкәрімнің жетімдік, жоқшылық көрмей өсуіне ғана емес, оның талантты ақын, парасатты ой иесі ретінде қалыптасуына да айрықша ықпал жасайды.
Ұлы Абайдың маңайына шоғырланған талантты жастар туралы айта келіп Мұхтар Әуезов былай деп жазады: "... Ондай ақын төртеу. Оның екеуі Ақылбай, Мағауия - Абайдың өз балалары, мұның екеуі де 1904 жылы Абай өлген жылы өлген. Қалған екеуі Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың толық мағыналы шәкірттері". Шындығында да Шәкәрім Абайдың ең талантты шәкірттерінің бірі, әрі ең мол мұра қалдырған шәкірті.
Абай шәкірттерінің қай-қайсысы да ұлы ұстазының басқан ізін қайталамай, өнер көгінде өздерінше соқпақ салуға ұмтылды. Абай өз шәкірттерінің өлеңдерін үнемі қадағалап отырған. Өзі тақырып беріп жаздырғандары да аз емес. Ұлы ақын жастардың туындыларына сын көзбен қарап, бағыт-бағдар беріп отырған.
Шәкәрімнің ақындық жолын айқындап берген де, міне, осындай ұлы мектеп, Абайдың ақындық дәстүрі болды. Шәкәрімнің терең мағыналы шығармашыл мұрасының өн бойынан Абайдың реалистік сарыны, көркемдік, эстетикалық танымының әсері үнемі белгі беріп отырады.

Арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, өз бетінше іздене жүріп және Абай ағасының басшылығымен жан сарайын байытқан Шәкәрім өз заманында қазақ арасындағы, кала берді, бүкіл Түркістан өлкесіндегі аса білімдар, ойшыл адамдардың бірі атанады. Араб, парсы, түрік тілін білді, орыс тіліне жетік болды.
Жасымнан жетік білдім түрік тілін,
Сол тілге аударылған барлық білім.
Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды,
Жарқырап қараңғыдан туып күнім.
Оятқан мені ерте Шығыс жыры,
Айнадай айқын болды әлем сыры.
Талпынып орыс тілін үйренумен
Надандықтың тазарып кетті кірі,
- дейді ақын өзінің "Жасымнан жетік білдім түрік тілін" атты өлеңінде. Бұл арада ақынның білім деңгейінің қаншалықты болғаны айқын аңғарылады. Сонда да болса ақын:
Көп білім жоқ бойымда,
Шын мақтан жоқ ойымда,
- деп, әлі де оқи түссем деген ой-арманынан ажырамайды. Бұл
оның өмірлік нысанасы, сөз өнері әлеміндегі темірқазықтай бағдары болса керек. Сол себепті де оның өз бетімен ізденіп тапқан рухани қазынасы да аз болмаған. Сол арқылы ол өз заманының парасатты азаматы атанған.

1.2. Шәкәрімнің әдебиетке қосқан үлесі
Абайдың әдеби мектебінентәлім алған Құдайбердіұлы ұстазының қазақ халқын әлемдік мәдениет үлгілерімен таныстыру бағытындағы қызметін жемісті жалғастырды. Шәкәрімнің осы тұрғыдағы еңбегін үш салаға беліп қарауға болады. Оның :бірі ақынның әлем әдебиетінің озық ойлы өкілдерін өз өлеңдерінде насихаттап отыруы десек, :екіншісі оның Н. Толстой сияқты заңғар қаламгермен тікелей хат алысып, шығармашылық байланыста жүруі. Ал :үшінші сала - Шәкәрімнің өзге елдер әдебиетінің үлгілі шығармаларын қазақшаға аударуы. Шәкәрім Шығыстың Қожа Хафиз, Физули, Науаи секілді жарық жұлдыздарын, А. С. Пушкин мен Л. Н. Толстойды қастерледі. Әйгілі Ләйлі-Мәжнүн дастанының Физули жырлаған нұсқасын қазақша жырлап берді. Хафиздің бірқатар өлеңдерін, А.С. Пушкиннің Дубровский, Боран атты шығармаларын, Л. Н. Толстойдың алты әңгімесін, американ жазушысы Гарриэт Бичер Стоудың Том ағайдың балағаны атты романын аударды.
Лирикасы
Құдайбердіұлының лирикалық қаҺарманыда Абай кейіпкерлеріне ұқсас. Оның басынан қуаныш пен күйініш те, үміт пен күдік те өтеді. Кей сәттерде мұңға беріледі. Бірақ, бұл қүрғақ пессимизм емес. Абай өлеңдеріндегі сияқты Шәкәрімде де жүрек, тіл, сөз ұғымдары мол ұшырасады. Лирикалық қаһарманының көңіл-күйін, ахуалын бейнелеу мақсатындаақынжаралы жүрек, улы жүрек, жылы жүрек, ет жүрек, долы тіл, ащы тіл, тәтті тіл, улы сөз деген сияқты ұғымдарды образдылықпен пайдаланады. Көп ретте ақынның лирикалық қаһарманы таза жүрек іздеу жолында ет жүрегін қолына алып, сүм жүректерменайқасады. Заман деңгейінен аса алмай пұшайман болған көздерінде дертті жүрекке айналады. Шығармашылық жолы- ның өне бойында адамгершілік мәселесін, ардың тазалығын, имандылықты бірінші орынға қойып отырады. Арың сатпа, терің сат, адалды ізде, -дейді ақын. Бұл мәселелерге ол өз елінің перзенті тұрғысынан қарады. Ойғабатты, толғанды. Абайға жүгініп отырады. Өзінің алғашқы шығармаларының бірі - Жастарға атты өлеңіңде ақын өзіне де, өзгеге де Абайды бағыт сілтеуші, жолбасшы ретінде ұсынды. Әлеңде жас ақынның сезімталдығы мен керегендігі танылды. Сол кезде небары отыздан жаңа асқан Абайдың кемеңгерлігін, даналығын, парасатын бағалай білудің өзі Шәкәрімнің осы қасиеттерін дәлелдей түседі. 21 жасында жазылған Жастық туралы өлеңінде Абайға тән өлең өрнегі, сезім суреттері мол. Өлеңнің ұйқасы да, өлшемі де өзгеше. Абайдың Сегіз аяғымен тамырлас. Өлеңде қыз сұлулығымен қоса жастықтың алаулаған жүрек бұлқынысын, ыстық сөзім, ар-инабат мәселөлерін ақын әсерлі зерлейді.

Поэмалары
Құдайбердіұлы,- поэма жанрында да жемісті еңбек еткен қаламгер. Ол 19 ғасырдың 2-жартысында Абайдан бастау алатын реалистік үлгідегі оқиғалы дастан дәстүрінің дамуына елеулі үлес қосты. Оның қаламынан қазақтың ертеректегі өмірінен алынып жазылған Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебек, Нартайлақ-Айсұлу атты поэмалар туындады. Жаңа тұрпатты қазақ поэмаларының алғашқылары Абайдың Eскендірі мен Масғұты десек, одан кейінгі Ақылбай мен Мағауияның, Әсет пен Көкбайдың, Шәкәрімнің дастандары Ұлы Абайдың ақындық ықпалымен, шығармашылық тәлім-тәрбиесімен жазылған туындылар еді. Абай ең алдымен өзінің айналасындағы Шәкәрім тәрізді жастарды жаңа үлгідегі поэмалық өрісін кеңейту ісіне жұмылдырды. Тіпті кейбіреуіне өз жанынан тақырып беріп, жазғандарын талқыға салып, сынынан еткізіп отырды. Соның нәтижесінде Шәкәрімнің лирикалық поэзияда меңгерген көркемдік шеберлігі мен жетістіктері оның поэмаларының табиғатынан да айқын керініп жатады. Оның дастандарына шыншылдық, суреткерлік, терең психологизм, әлеуметтік астарлылық, философиялық ой-тұжырым кендігі тән болып келеді. Ақынның Еңлік-Кебек дастаны тікелей Абайдың тапсыруымен жазылған. Ұлы ұстаз Еңлік пен Кебек арасындағы оқиғаны өлеңмен жырлап шығуды Шәкәрім мен Мағауия ақынға қатар тапсырады. Соның нәтижесінде ғашықтық туралы екі дастан өмірге келеді. Кeзінде Абай екі дастанды салыстырып, әрқайсысына лайықты баға берген. Құдайбердіұлы көркем проза саласында да елеулі мұра қалдырды. Әділ-Мәрия атты роман (1925) жазды. Онда ғасыр басында қазақ аулында еткен оқиға баяндалады. Әділ мен Мәрия атты ғашық жастардың өмірі арқау болады. Абай бастаған реалистік әдебиетке тек шыншылдық, суреткерлік қасиет бұл шығарманың бойына мол сіңірілген. Абай өлеңдерінде бейнeлеңетін табиғаттың әсем көркі, ауыл мен дала- ның күнделікті қам-қарекеті романда керкем өрнекпен зерленген.
Прозалық шығармалары
Құдайбердіұлының прозалық шығармаларында осы тәрізді айқын бояу, айшықты суреттермен қатар, терең философия, халық даналығы, тарих тағлымы қоса еріліп жатады. Құдайбердіұлының философ, тарихшы, ойшыл ретінде танылуына себепкер болған Үш анық, Мұсылмандық шарты, Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі атты еңбектері көзінде жеке-жеке басылып шықты. Олардың жазылуына да Шәкәрімнің Ұлы ұстазы Абайдың ықпалы аз болмаған. Шәкәрімнің бозбала шағында оның білімділігін сөзген Абай оған қазақтың шежіресін жинауды тапсырады. Абайдың осы тапсырмасын жүзеге асыру жолында Шәкәрім ел ішіндегі түрлі әңгіме - аңыздарды жинаумен қатар, Батыс пен Шығыстың әйгілі ғалымдары Әбілғазының, Жүсіп Баласағұнның, Радловтың, Березиннің, Аристовтың, Левшиннің, басқадақытай, араб, парсы зерттеушілерінің еңбектерімен танысады. Оларда айтылатын тұрлі топшылаулар мен тұжырымдарды сараптай отырып, шежіре еңбек жазып шығады. Құдайбердіұлы өз өлеңдеріне арнап ән жазған компoзитор да. Оның сөзімді жүрегінен жиырмаға тарта әсем әуөзді әндер туды. Әсіресе оның Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек, Жастық туралы, Анадан алғаш туғанымда атты әндері нәзік сыршылдығымен, сөзімге байлығымен, компoзициялық тұтастығымен есте қалады. Абайдың тікелей тәрбиесін көрген шәкірт Шәкәрім өзінің көлемді де көркем шығармашылық мұрасын дүниеге әкелу барысыңда қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихындағы, тіпті бүкіл ұлттық мәдениетіміздің тарихындағы өзіндік орны бар көрнекті ақын, тамаша жазушы, білікті аудармашы, ойшыл философ, білімдар тарихшы, сыршыл сазгер дәрежесіне көтерілді.

2. Өмір шындығын суреттеудің хас шебері
2.1. Шәкәрім шығармашылығы
Өмір, Сәнқойлар, Ызақорлар, Құмарлық, Қалжыңбас, Тойымсыз нәпсі сияқты дидакалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп (Анық асық әулие, Шын сырым), адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді (Жастарға), 1905 жылы Шәкерім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен Мұсылмандық шарты деген еңбек жазды (1911). Бұл тұста ақынның діншілдігі танылады. Ол дін бұзушыларды қатты сынға алады. Шәкерім өз шығармасында Аллаһ Тағаланың кітабы Құран сөздерін және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін адал сөзіне қатысты қолданысқа мол алған:
...және аятта: Ей, мұсылмандар, пайдаланыңыз берген адал ырзығымнан, - деген, Хадис: Адал уәдесін бұзбаған иманның белгісі, - деген, ...адам өзін-өзі танымақ деген, жаратқан иесінің құны екенін һәм ғибадат үшін жаралғанын біліп, өзін-өзі тексеріп, зиянды істен қашып адал, пайдалы істі қылуға тырыспақ.
Сонымен қатар, Шәкерім шығармасында әділ, адал адам бейнесіне ерекше орын берілген:
Тарихта әрқашан адал жан өлмейтін, Адамның адал ұлы болам десең, алдымен өзіңнің нәпсіңді жең, Көп төбетке жетелі қайдан күшін, Құтқара алмай адалды пысады ішің, Адаспайсың ақылды арлыға ерсең, Жолай көрме жылмайы сопы көрсең, Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың, Алданбайсың артынан ере берсең; Бір мезгіл: Ой, тәңір-ай Адал жардың жолында өлгеннің арманы не? - дегенде, тіпті, ер болып кетеді, Адалға орын емес қазақ іші, Татты ғой соры арылмас таза кісі, Өзін асырар қазақтың өнері жоқ, Бірін-бірі талайлы бар жұмысы, Адалдың әділ жолына, Ақырын басып жет, халық;
Адал адамның адалдығының басы адал еңбек деу Шәкәрім шығармаларындағы адал іс-хәрекет, таза еңбек адамы мағынасындағы қолданыстары:
Арсыз, арам айланы тастасалық, Адал іске талаппен бастасалық, Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп, жаны үшін адамшылық ар сақтайды, Талаптан адал істі істемекпіз, Тапсырдық бір Аллаһқа біз демекпіз, Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар, Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек, Адал еңбек, ақ жүрек берер шешіп, Таза ақыл косылса, Әлемнің таласын, Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек, - Бұл төртеуін кім кылса, шын адам сол;
Шәкәрім адал, халал мағынасында сөздерді тура және ауыспалы мағынада да қолданады:
Адам мен еті адал хайуандардың бәрінің де сарқыты адал, Халалға ойламайды шыдайын деп, немесе, Мойныңа менің қаным халал болсын, Болма енді Қалқаманның қанына ортақ.
Ол орыс, Батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдың шығармаларын аса жоғары бағалап, өз халқын дүние жүзілік озат мәдениетін игеруге тақырлы. Өзін ғұмыр бойы Толстойдың шәкіртімін деп санады. Онымен хат жазысып тұрды. Американ жазушысы Гарриет Бичер-Стоунның Том ағайдың балағаны романын, Толстойдың Үш сауал, т.б. әңгімелерін, А.С. Пушкиннің Боран, Дубровский повестерін қазақ тіліне аударды. Физулидің Ләйлі - Мәжнүн дастанын назира үлгісімен жырлады. Шәкерім үнемі демократтық, халықтық, гуманистік-ағартушылық бағытта болды. Бұл орайла ол XX ғасыр басындағы озат ойлы қазақ зиялыларымен үндес болды. Ақын кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны болды.
Көтеріліске шыққан халық пен жергілікті билік өкілдерін татуластыруға, қантөгісті болдырмауға тырысқан ол жазалаушылар атқан оққа ұшып, денесі айдаладағы құдыққа тасталды. Халық жауы ретінде айыпталып, шығармаларын оқуға тиым салды. 1988 жылы ақын есімі толық ақталды.[2][3]
Шығармалары
Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебек, Нартайлақ-Айсұлу сияқты оқиғалы дастандар, Әділ-Мәрияроманы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі, 1912 ж. Семей қаласындағы Жәрдем баспасынан Қазақ айнасы, Қалқаман-Мамыр, Жолсыз жаза яки кез болған іс, Енлік-Кебек, Үшанық, Мұсылмандық шарты, Ләйлі-Мәжнүн т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан Поэты Казахстана деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. Жалын баспасынан жарық көрді.
Әндері
Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық Альвин Эрнестович Бимбоэс. Ол 1919 - 1922 жылдар аралығында Ақмола саяси бөлімінде нұсқаушылық қызмет атқарып жүріп, қазақ әндерін нотаға түсірумен шұғылданады. Соның нәтижесінде 1926 жылы Н.Ф. Финдейзеннің редакциялауымен шыққан Музыкалық этнография жинағында Бимбоэстің қазақ музыкасы туралы жазған көлемді мақаласына қоса қазақтың жиырма бес әнінің нотасы басылады. Осы аталған жинақтың ішінде № 1 Шакарим, № 2 Шакарим деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көреді. Бірақ, екі әннің де өлеңі нота астына жазылмаған, тек орыс тілінде мазмұны берілген. А.Э. Бимбоэс нотаға түсірген №1 Шакарим әнінің екінші түрі А.В.Затаевичтің 1925 жылы шыққан Қазақ халқының 1000 әні жинағына Тілек - бата деген атпен енген. Ал Шәкәрімнің Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек деген әні А.В. Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген Қазақ халқының 500 әні мен күйі деген жинағында Шәкәрім Құдайбердин әні деген атпен жарияланған. Осы жинақтың № 156 анықтамасында А.В.Затаевич: Шәкәрім Құдайбербин - Семей уезінің қарт ақыны, қазір тірі, жасы жетпістер шамасында. Жинақта келтірілген әнін орыс әндерінің үлгісіне еліктеп шығарса керек, - деп жазған.
Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына да арқау болды. Ахмет Жұбановтың Абай сюитасының бірінші бөліміне, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің Абай операсындағы Айдардың ариозосына, Айдар мен Ажардың дуэтіне сазгердің шығармалары пайдаланылды. Ал ақын поэмаларының сюжеті еліміздің ақын-жазушыларының, композиторларының шығармашылығынан кең орын алғанын айтсақ артық болмас. Мысалы, Қалқаман - Мамыр балетіне, Еңлік - Кебек пьесасына, Еңлік - Кебек операсына Шәкәрім туындылары арқау болғаны барша жұртқа аян.
Орындаушылар
Шәкәрім әндерін өз бабында, иін қандырып айтатындар Әбдіғали Алдажаров, Зікағил Абайұлы, Рақымжан Мамырқазов, Есбай Бекхожин, Зұлғарыш Әзімбаев, Жебрайыл Тұрағұлов, Әлмағамбет деген өнерпаз адамдар болды.
Шәкәрімнің әндерін өзінен үйренгендердің ішінен басқалардан шоқтығы биік, көпке танымал болған әнші Қабыш Керімқұлов болса керек. Ол ақынның оншақты әнін музыкатанушы Асқан Серікбаеваға айтып береді. Ал ол өз тарапынан осы әндерді қағазға түсіреді. Шәкәрімнің Жиырма үш жасымда, Жылым - қой, жұлдызым - шілде, Қорқыттың сарыны, Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де, Анадан алғаш туғанда, Сұраған жанға сәлем айт, Ойладым бір сөз жазайын да, Мұтылғанның өмірі, Сен ғылымға болсаң ынтық, Көңіл, Байғазы сынды әндері ұзақ жылдар Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның фольклорлық зертханасының қорында сақталып келген бұл әндер сол Қабыш айтқан, Асқан нотаға түсірген дүниелер екенінде дау жоқ. Ал қазір Шәкәрім әндерінің бірден-бір насихатшысы, жанашыр іздеушісі әрі орындаушысы әнші Келденбай Ұлмесеков. Ол ел ішінде ұмыт болып бара жатқан ақынның біраз әндерін жинастырып, жарыққа шығарды, қазақ радиосының Алтын қорына жазғызды
2.2Шәкәрім шығармаларындағы көтерілген әлеуметтік мәселелер
1904 жылы Шәкәрімнің ұлы ұстазы Абай қайтыс болады. Осы жылы ол өзінің қос бауыры Ақылбай мен Мағауиядан айырылады. Оның үстіне халыққа бостандық әкеле ме деп үміттенген Росейдегі революция жеңіліске ұшырайды. Замана биігінен, халықтық ауқымда ой толғайтын Шәкәрімге бұл оқиғалар аса ауыр соққы болып тиеді. Ендігі жерде ол айналасындағы тіршілік құбылыстары туралы, тағдыр шырғалаңдары жайында ішкі сауалдарына жауап іздеп, философиялық ойлардың иіріміне беріледі. Білімін кеңейтуге, көп оқуға ден кояды. Үлкен үміт арқалап 1905 -1906 жылдары Меккеге барып қайтады.
"Меккеге барам деп шықтым, - деп жазады Шәкәрім, - ары бара жатқанда Стамбулда 13 күн болып, келе жатқанда, 13 күн болып, қанша тарих ақтарып, керек кітаптарды почтамен үйге жіберіп отырдым. Меккенің де, Мәдиненің да тарихтарын ақтардым, бірак, жол қатынасы жайсыз болып, Египетке баруға рұқсат ала алмадым. Сол кездері Шығыс, Батыс ғалымдарымен көп сөйлесіп, ой-пікірлерімен, Шығыс, Батыстың ертедегі ғалымдарының шығармаларымен танысып, оларды жаздырып алдым. Александр салдырған кітапханада қызмет еткен ғалымдардан сұрап, керекті кітаптарды жаздырып алдырдым. Абайдың ақыл-кеңесі болмағанда мен ол жерлерге бармаған да болар едім". Осыған қарағанда, Шәкәрімнің Меккеге бару сапары ұстазы Абайдың көзі тірісінде айтқан ақыл-кеңесін іс жүзіне асыру мақсатына арналған. Бұл ақынның санасын жаңа биікке көтеріп, білім өресін, ой тынысын кеңейткен ізденіс сапары болды.
1909-1910 жылдар шамасында Шәкәрім елден аулақтап, Шақпақ деген жерде жалғыз үй өмір сүреді. Ондағы мақсаты өмір бойы жинаған білім қазынасын оңашада қағаз бетіне түсіру, кейінгі ұрпаққа жеткізу еді. Өзінің "Кейбіреу безді дейді елден мені" деп аталатын өлеңінде Шәкәрім былай дейді:
Мен жалғыз, сендер елде койдың қалып,
Ешкімнің кеткенім жоқ малын алып.
Елу бес жинаған қазынамды
Оңашада корытам ойға салып.
1917 жылы төңкерістерден кейін ақын ел ортасына оралып, белсенді қызметпен айналыса бастайды. Баспасөзде бірқатар мақалалар жариялайды. Жаңа заманнан жақсылық күтеді. Бірақ көп ұзамай шындыққа көзі жеткен Шәкәрәм Шақпақтағы үйіне қайтады да, өмірінің соңына дейін сонда болады. Ақын 1931 жылы 2 қазан күні қаза табады.
Өзінің жарты ғасырдан астам уақытқа созылған шығармашылық, сапарында Шәкәрім халқына аса мол мұра қалдырып кетті. Осы мұраның ең бір шұрайлы да көлемді көркем саласы - оның поэзиялық туындылары, әсем лирикасы.
Шәкәрім XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің шежіресіндегі Абайдан кейін тұрған тұлғалы ақын. Ол ұлы Абайдың сөз өнеріне деген ықыласы мен пейілін көріп өсті. Содан да болар, ол о бастан-ақ ақындық, өнердегі өзінің биік нысанасын, асыл мұратын айқын сезініп қалыптасты. Халықтың мұңын жырлау, адам қасиеттерін қастерлеу оның шығармаларының алтын арқауына айналды.
Өзінің алдына:
Адамдық борыш, ар үшін,
барша адамзат қамы үшін.
Серт бергем еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін,
- деп қатаң серт қояды ақын. Шәкәрім лирика жанрында Абай қалыптастырған реалистік дәстүрді жемісті жалғастырды. Өз туындыларына өзі өмір сүрген дәуірдің барлық шындығын тап басып суреттей білді. Ол сол кездегі қазақ даласынан қоғамдық-саяси және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсы білді. Сол себепті де Шәкәрімнің шыншыл лирикасы сол дәуірдегі қазақ өмірінің айнасына айналды.
Шәкәрім лирикасының тақырыптық қамту ауқымы өте кең. Ақын мұраларының ішінде сезімнің нәзік сырларын шертіп, жастықтың жалынды шақтарын мөлдірете зерлеп берген махаббат лирикасын да, өз заманының бүкіл болмыс-бітімін барынша сезіне отырып, уакыт пен қоғам, тіршілік пен адам жайында шабыттана сыр ақтарған саяси-әлеуметтік лирикамен де, даланың әсем көркі мен жаратылыстың тамаша кұбылыстарын шебер өрнектеген табиғат лирикасын да, заттар мен құбылыстар, акиқат пен болашак,, тіршіліктің негізі туралы терең толғанысты ойлар ұсынатын азаматтық, философиялық лириканы да молынан ұшыратамыз.
Шәкәрімнің лирикалық шығармаларында жеке адам бойындағы ұсақ-түйек міндерден бастап, сол кездегі қоғамның саясаты сияқты күрделі мәселеге дейінгінің бәрі қамтылған. Халық өміріндегі кері тартар кемшілік атаулыға жүрегі езіліп, бұқараны саналы әрекетке шақырады. Өз тұсындағы байлық пен мансапты мансұқ етіп, соған жету жолында ел мүддесін құрбан етуге даяр тоғышарлар мен ұлықтарды, шенқұмар әкімдерді өткір сынға алады. Осының бәрінде де ол халық бұқарасынан қол үзбейді, Шәкәрім лирикасындағы Абай дәстүрінің іздері оның өлеңдеріндегі гуманистік, адамгершілік сипаттан да айқын көрінеді. Шәкәрім өлендеріндегі ең басты нысана - адам. Ол адамды үнемі жақсылыққа жеткізуге, оның бойында жаңаша қасиеттер қалыптастыруға ұмтылады. Адамның мінез-құлқындағы салақтық пен еріншектік, жалқаулық пен мақтаншақтық қасиеттерді сынға алды.
Еріншектен салақтық
Салақтықтан надандық.
Бірінен бірі туады,
Жоғалар сүйтіп адамдық, - дейді ақын.
Шәкәрім лирикасының аса бір ауқымды саласы - оның Абай дәстүрінде жазылған ағартушылық сарындағы өлеңдері. Ол өзі өмір сүрген заманның барлық болмысын, бүкіл қазақ қауымының экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуының дәрежесін жан-жақты түсінген қайраткер болды. Өзінің туған жұртының болашағы үшін жаны ауырып, жүрегі сыздады. Осы сезіммен көптеген жырларын жазды. Бұл тұста да ол Абаймен Үндесу Ғылымға қол жеткізудің, халықтың өміріне кішкентай болса да жақсылық жасаудың бірден-бір жолы адал еңбек ету деп білген данышпан Абай:
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім,
- деп білім табуға шакырса, Шәкәрім жырлары да адамды адал еңбекке, ғылым мен мәдениет үйренуге бағыттайды:
Күні - түні дей көрме, ғылым ізде,
Қалсын десең артында адам атың,
- дейді ол.
Абай көтерген әділет идеясы, ар тазалығы Шәкәрім лирикасының да басты сипаттарының бірі болды. Шәкәрім өзінің лирикалық қаһарманың халқының күні сияқты жарық, өзі сияқты ойлы болуға шақырады. "Насихат" деп аталатын өлеңіндегі ойлар соның айғағы:
Сусағанның сусыны бол су сықылды сұп - сұйық,
Бірақ, ондай болма салқын ел көңілін қалдырып.
От сықылды жылы болсын жүзіңіз бен сөзіңіз,
Бірақ ондай махаббатсыз болма өртеп, жандырып.
Ақын өз халқының басындағы кемшіліктерді ең алдымен европалық, әлемдік ғылым-білімнен шет қалуының салдары деп білді:
Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа,
Қазақ жүр құмарланып құр атаққа,
- деп күйзелді. Бұл тұстағы ақынның түсінігінде оқу мен білім іздеу, ғылым табу - адамзат баласын нәрлі бастаудан сусындатып, алдыңғы бағытқа жеткізетін асыл қазына, адам бойындағы жамандықтың тамырына балта шабатын ең қуатты қару.
Сондықтан да ол қазақ қоғамының сол кездегі сипатын шыншылдықпен суреттей келе, өмір, болашақ туралы терең ой толғау барысында көзі ашық көкірегі ояу азаматтардың ел ішінде көп болуын, сол арқылы халқын сауаттылық сахнасына шығаруды армандады. Әсіресе "Ашу мен ынсап" атты өлеңінде ақын позициясы айқын көрінеді.
Үйренсе ғылым менен сан өнерін,
Білер еді-ау өнердің не берерін.
Танысса ақын, ойшыл адамымен,
табар еді-ау адалдық ар көмегін,
- деп "Молдалар өзгелерді кәпір дейді" атты өлеңінде әлемдік ғылым мен мәдениеттің биігіне ұмтылды. Сол жақсылықтарға халқының назарын аударуға тырысты. Өзге елдер әдебиетінің үздік шығармаларын қазақ тіліне аудару арқылы осы идеясын жалғастыра түсті.
Қазақ халқының жақсы болашағы туралы ақынның үні 1917 жылғы оқиғалар кезінде ерекше қуатты естілді. "Бостандық таңы атты", "Бостандық туы жарқырап", "Қош, жұртым" сиякты - өлеңдерінде ақын қазақты оянуға, марқаулықтан арылуға шақырды. Бұл кезеңде Шәкәрімге елінің басына тәуелсіз заман туғандай көрінді, содан үміттенді. Ақынның лирикалық қаһарманы да осы сарында үн қатты. Шәкәрімнің кейіпкері шарқ ұра ойланады, кемшілік атаулының себебін, тығырықтан шығудың амалын іздейді.
Мылтық билеп тұрғанда әділет жоқ,
Алдамай-ақ аулақ өл, жарықтығым, - деп ақын қоғам дамуының бүгіні мен ертеңіне ойшылдықпен көз жібереді. Өмір бойы әділет іздеп өткен Шәкәрім зорлық пен зомбылық, өзгені қарудың күшімен бағындыру бар жерде адам баласы ешқашан дегеніне жете алмайтынын айтады. Ол жақсылық пен жамандықтың, дұрыс пен терістің ара жігін тамаша айырады. Тіпті адамзатты бақытқа жеткізеді деген ғылымның өзіне кейде сескене қарайды. "Сен ғылымға" атты өлеңінде Шәкәрім шын иесін таппаған ғылымның аса қауіпті екенін айтады:
Шын залымға берме ғылым,
ол алар да, оқ қылар.
Шәкәрімнің лирикалық қаһарманының бейнелеу ерекшеліктері де көңіл аударарлық. Абай өлеңдеріндегі сияқты Шәкәрімде де "жүрек", "тіл", "сөз" ұғымдары мол ұшырасады. Бұлардың қай-қайсысы да кейіпкердің азаматтық парасатын, адамгершілік тазалығын немесе белгілі бір сәттегі көңіл күйін дәл жеткізуге мүмкіндік береді. Ақын "менінің" басындағы сан алуан сезімдерді, қуаныш пен күйінішті, үміт пен торығушылықты осы ұғымдар арқылы пайымдай аламыз. Шәкәрім заманының құрдеттілігі оның өлендерінен, ондағы лирикалық қаһарманның кейде, "тәтті" кейде "ащы", кейде "долы" тілінен аңғарылып жатады: Көп жағдайда ақынның "мені" "таза жүрек" іздеу жолында "от жүрегін" қолына ап, "сұм жүректермен" айқасқа шығады, заман әмірімен аса алмай қалған шақтарында пұшайман күйге түсіп, "дертті жүрекке", "жаралы жүрекке" айналады. Ашынған сәттерінде Шәкәрімнің "мені"
Мен досыңмын, жау емес,
Еліре берме, қайта ту.
Жүрегім дертті, сау емес,
Сол себепті сөзім у, - деп айғай салады. Бірақ "жартасқа барып, күнде айғай салып" өткен ұлы Абайдың басындағы хал Шәкәрімде де бар.
Айналасынан оң сөзін ұғар жан таппайды. Сол себепті де ол
өзінің "Ашу мен ынсап" деген өлеңінде:
Айырмайды арасын,
Бұлдыр менен анықтың.
Енді қайда барасың,
Түрі мынау халықтың,
- деп тығырыққа тірелгендей, тіршіліктен торыққандай болады.
Шәкәрімнің азаматтық лирикасының ауқымы өте кең. Негізінен адам, хал, қоғам сияқты қадау-қадау категория-ларды нысана еткенімен, ол ондағы тарам-тарам тақырыптардың барлығына дерлік тиянақты зер салып отырды. Оның адамгершілік, имандылық туралы ойлары ақынның азаматтық үнін, гуманистік сипатын танытты, Бұл қатарда Шәкәрімнің "Ескіден қалған сөз теріп", "Насихат", "Мұтылғанның өмірі" атты өлендерді айтуға болады. Адалдық пен әділдікті жырлауға келгенде Шәкәрімнің даусы аса зор. Ол өз замандастарының бойындағы кеселдерге жиіркене қарайды.
Адалдың жолы болар заман бар ма,
Жем болдық шын жексұрын надандарға.
Адастың деп отырмын айқай салып,
Бар тапқаным сол болды амал бар ма?
-дейді.
Әдетте Шәкәрімнің азаматтық лирикасына көз жібергенде оның өлеңдерінде "қазақ" деген сөздің жиі кездесетіні байқалады. Бұл ақынның өз халқының шеңберінде ғана шектелгенін білдірмесе керек. Абай тәрізді Шәкәрім де өз халқының мақсат-мұратын бүкіл адамзат арманынан бөлек алып қарамайды. "Ойласаң, барша адамзат - туған бауыр" деп ұққан ақын өзінің "Анадан алғаш туғанымда" атты философияға толы өлеңінде: Өзімшіл болма көпті ардақта, Адамның бәрі - өз халқың, - деп туған жұртына өнеге ұсынады.
Ақын ойларының дәлдігі, Шәкәрім жүрегінің сезімталдығы мен көрегендігі оның шығармаларын бүгінгі күнмен де үндестіріп, олардың өміршеңдігін танытып жатыр. Шәкәрімнің өз заманында айтқан терең ойларымен сырлы сөздері дәл қазір өмірге келгендей сезілетіні бар.
Мәселен, ақынның "Епті тышқан" атты өлеңіндегі мына жолдарды бүгінгі күннің шындығынан алшақ жатыр дей аламыз ба?
Ойласам, сол тышқандай бұзыктар көп,
Сырты сопы, іші арам қылықтар көп.
Пара алып, не қазынаның ақшасын жеп,
Адалымсып жүретін ұлыктар көп.
Еңбек тақырыбы - Шәкәрім лирикасындағы ең басты тақырыптардың бірі. Қоғам дамуындағы еңбектің ролі туралы Шәкәрімнің алдында өткен ағартушылардың барлығы айтқан. Шоқан, Ыбырай, Абай, өнегелерін бойына сіңірген Шәкәрім де еңбекті адам қасиеттерінің ең тұлғалысы деп білді. Шәкәрім әлеуметтік прогреске жетудің екі жолы бар, оның бірі сауатсыздықты жойып, адамдардың оқуға, білім мен ғылымға ұмтылуы, ал екіншісі адал еңбек ету жолы деп таныды. "Адамдық борышың", "Жолама, қулар, маңайға", "Піскен мен шикі" сияқты көптеген шығармаларында ақын оның бүкіл адамзат баласының дамуындағы биік ролі мен тарихи маңызына зер салды. Адам болғаннан кейінгі ең басты борышың еңбек ету деп түсіндірді.
Мысал үлгісінде жазылған "Піскен мен шикі" өлеңінде анда жүріп елден көз жазып қалған бай баласы мен кедей баласының іс-әрекеттеріндегі, қабілеттеріндегі жер мен көктей айырманы ашып көрсетеді. Үлде мен бүлдеге оранып, қиындық пен таршылықтың не екенін білмей өскен бай баласы күнделікті тіршіліктің тауқыметінде шыңдалып піскен серігінің тапқырлығының арқасында ғана елді табады. Шәкәрімнің ұғымында бай баласы шикі де, кедей баласы піскен. Ақын талаптанып еңбек еткен жан ғана ақылды әрі тапқыр болады, өмірге бейім келеді деген ой тұжырымын ұсынады.
Ақын шығармашылығының бүкіл өн бойына өзек болып тартылған еңбек тақырыбы Шәкәрімнің пайымдауынша, барлық жаман әдеттерден арылудың жалғыз жолы, адамзат баласының алға жылжуының кілті.
Ақ жүрек пен таза ақыл,
Қылсаң адал еңбек.
Бәрінен де сол мақұл,
Артқыға жол бермек.
Арсыздардың арам ойы түкке тұрмай жойылып,
Аяғында хақиұатты бұл үшеуі жеңбек.
Шәкәрімнің "Мен кетемін" деп аталатын өлеңінен келтірілген бұл жолдар ақынның еңбек тақырыбына, жалпы еңбек мәселесінің адамның өміріндегі маңызына қаншалықты ден қойғанын, қандай мұрат ұстағанын айқын аңғартып тұрған жоқ па? Бұл өлеңнен Шәкәрімнің лирикалық мұрасына тән формалық жаңалық та бой көрсетеді. Ақын өзінің жас кезінде жазған алғашқы жырларынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлы – қазақтың көрнекті ақыны
Шәкәрім және оның заманы
Шәкәрім Құдайбердіұлының тәрбие жайлы ойлары
Қазақтың ұлдары
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары
Қазақ тіліндегі баспасөздің алғашқы басылымдары
АМАН АЯУЛЫ АЛМУХАМЕДҚЫЗЫ ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ АУДАРМАЛАРЫ
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
ҚАЗАҚ КӨСЕМСӨЗІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Пәндер