Бүйрек аурулары туралы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Пән: «Патологиялық анатомия»

Мамандығы: «Емдеу ісі»

Тақырыбы: «Бүйрек аурулары»

Бүйрек аурулары адамда ең көп кездесетін аурулар қатарына жатады. Медицинаның бүйрек ауруларын зерттейтін саласын нефрология деп атайды.

Бүйрек патологиясын түсіну үшін олардың қалыпты құрылысына байланысты кейбір анатомиялық және физиологиялық мәліметтерді еске түсіру қажет.

Құрылым-қызметтік тұрғыдан бүйрек ауруларын, яғни нефропатияларды-гланерулопатиялар мен тубулопатиялар тобына жіктеледі. Ал олардың әрқайсысы жүре пайда болуы немесе тұқым қуалауы мүмкін.

1. Гломерулопатиялардың даму барысында бірден және негізінен шумақтар зақымдалып, бүйректің сүзгілік қызметі бұзылады.

А . Жүре пайда болатын гломерулопатиялар тобына жатады:

-гломерулонефрит

-идиопатиялық нефроз синдромы;

-бүйрек амилоидозы

-диабеттік және бауырлық гломерулосклероз;

Б . Тұқым қуалайтын гломерулопатияларға жатады:

-тұқым қуалайтын кереңді нефрит (Альпорт синдромы) ;

-тұқым қуалайтын нефрозды синдром және нефропатиялық амилоидоздың отбасылық нысандары;

2. Тубулопатиялар дамығанда бірден және негізінен өзекшелер зақымдалып, бүйректің концентрациялау (несепті қанықтыру), реабсорбциялау (қайта сору) және секрет түзуі бұзылады.

А . Жүре пайда болатын тубулоптиялар тобына бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігіне морфологиялық негіз болып табылатын некрозды нефроз ауруы, “миеломды бүйрек” және “подогралық бүйрек” аурулары жатады;

Б. Тұқым қуалайтын тубулопатиялар тобы өзекшелік ферментопатияларды қамтиды.

Бүйрек ауруларының үлкен бір тобына жатады:

-интерстициальды (аралық) нефрит

-пиелонефрит

-бүйректің тасты ауруы;

-нефросклероз

Бүйрек ауруларының ерекше тобына жатады:

-поликистоз

-бүйрек ісіктері

Гломерулопатиялар:

Гломерулонефрит - инфекциялық-аллергиялық немесе белгісіз себептен дамып, екі бүйректің шумақтары диффузды, ошақты, іріңсіз қабынатын (гиомерулит) ауру.

Гломерулонефриттің клиникалық көрінісі бүйректің өзінің және басқа ағзалардың қызметінің бұзылуымен негізделеді:

Бүйректік симптомдарға :

-олигурия

-протеинурия

-гематурия

-цилиндрурия

Бүйректен тыс симптомдар:

-артериялық гипертония (жүректің сол жақ бөлігі ұлғаяды)

-диспротеинемия

-су сіңіп ісіну

-гиперазотемия

-уремия

Жіктемесі:

1. Нозологиялық тегіне бойынша:

-біріншілік-дербес;

-салдарлық гломерулонефриттер;

2. Даму себебі:

-этиологиясы белгілі:-бактериялар,

-вирустар,

-қарапайымдылар;

-белгісіз гломерулонефриттер;

3. Патогенезі:

-иммундық

-бейиммундық

4. Ағымына қарай:

-жедел;

-жеделдеу;

-созылмалы;

5. Морфологиясы:

-қабыну үдерісінің топографиясы;

-даму барысы мен шумақтарды қамту сипаты;

Біріншілік гломерулонефрит

Гломерулонефритті қоздыратын бактериялардың ішінде басты орында β-гемолиздік стрептококк (оның нефрит дамытатын 12-типті) алады. Көбіне инфекциялық аурулар баспа (ангина), скарлатина, респираторлық жедел аурулар, кейде пневмония, тілме, дифтерия, менингококтық инфекция, сепсистік ұзақ эндокардит, малерия, сифилис ауруларының салдарынан гломерулонефрит дамиды.

Стрептококты инфекцияның нефрит дамуындағы ерекше рөлі нефрит туындатушы стрептококпен бүйректің негізгі мембранасының арасындағы антигендік ұқсастықта. Қабыну ошағында антиген-антидене реакциясы жүріп иммунды жиынтықтар шөгіп қалады. Осылай зақымданған негізгі мембрана организм үшін аутоантиген рөлін атқарып, оған қарсы аутоантидене түзіледі. Бүйректің шумақтарында гиперсезімталдықтың жедел типінен гөрі баяу типі қалыптасады.

Патологиялық анатомиясы:

Бүйрек жумақшаларындағы морфологиялық өзгерістеріне қарай гломерулонефрит:

1. интракапиллярлы гломерулонефрит: негізінен шумақ капиллярларының иірімдері зақымдалып, осы жерде лейкоциттер топталып қалса экссудативті; -эндотелий немесе мезангит жасушалар саны көбейіп кетсе пролиферативті қабыну дамиды.

2. экстракапиллярлық гломерулонефрит:экссудативті түрінде Шумлянски-Боумен қуысына ұйымалы, фибринозды немесе геморрагиялық экссудат шықса; -пролиферативті түрінде нефротелий мен подоциттер жасушалары көбейіп жарты айшық тәрізді ерекше құрылым қалыптасады.

Ағымына қарай гломерулонефрит:

-жедел

-жеделдеу

-созылмалы

Жедел гломерулонефрит көбіне стрептококктың әсерінен дамиды. Ол әдетте 10-12 айға созылады. Аурудың алғашқы күндерінде бүйрек шумақтарына қан толып, бүйрек азырақ үлкейеді. Бүйрек капсуласы астында және бүйрек кесінділерде майда қызыл немесе сұр көмескілеу нүктелерді (деңторды) көруге болады. Бүйректің қыртысты қабаты қоңыр-сұр, ал пирамидалары қызыл түсті болады, бұл көрініс «шұбар бүйрек» деп аталады.

Микроскоппен қарағанда бірінші күндері экссудативті процесс басымды, капиллярларда тромбоз, некроз көрінеді. Кейінірек пролиферативті процесс ұласады, эндотелийлі және мезангийлі жасушалар көбейе бастайды.

Ақыры: наукастардың 80-90-ы бүтіндей сауығып кетіп, бүйректе ешқандай морфологиялық белгі қалмайды.

Жеделдеу гломерулонефрит:

-бүйрек ұлғайып, жұмсарады;

-қыртыстық қабаты қошқыл қызыл түсі милық қабатынан айқын шектеліп, ісініп, қалыңдайды;

-егер бүйрек қанмен біркелкі толып, қып-қызыл болса оны үлкен қызыл бүйрек дейді;

-кейде оның қыртысты қабығы кеңіп, бозғылт-сары, күңгірт түске кіріп, пирамидалары қанмен толып «үлкен жұбар» бүйрек түрінде көрінеді;

Ақыры: сырқат белгілері алғаш білінгеннен кейін 1-1, 5 айдан соң дамиды, кейде 4-6 айда науқас уремиядан өледі.

Созылмалы гломерулонефрит: латентті білінбей немесе рецидивті жылға созылып, бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіне ұшыратады.

Бүйректің көлемі тым кішірейіп, тіні қатаяды, үсті ұсақ бұдырлы болады. Бүйрек шумақтары мен өзекшелері семіп гломерулосклерозға немесе гиалин шөккеннен гломерологиалинозға айналады. Бүйректердің салмағы кейде 50-60 граммға дейін азаяды, оны бүріскен бүйрек дейді.

Асқыну зардаптары:

-жедел немесе жеделдеу ағымы бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігіне ұшыратады;

-созылмалы гломерулонефритте бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі азотемиялы уремияның дамуымен сипатталады;

-кейде науқас жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігінен немесе миына қан құйылғандықтан өледі;

Ақыры:

-жедел гломерулонефриттен жазылып кетеді;

-созылмалы гломерулонефрит бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіне ұласады;

Ондай жағдайда науқастың өмірін ұзарту үшін оған басқа адамның бүйрегін көшіріп отырғызу керек (трансплантация) немесе үнемі гемодиализді қолдану қажет.

Пиелонефрит -инфекциялық ауру-бүйрек түбегінің, табақшаларының және аралық тінінің қабынуы. Бүйрек ауруларының ішінде 30%-ін құрайды.

Клиника-морфологиялық тұрғыдан ағымына қарай:

-жедел пиелонефрит

-созылмалы пиелонефрит көбінесе қайтамалы жедел пиелонефриттен туындайды.

Этиологиясы мен патогенезі:

Инфекциялық таралу жолдары:

1. Гематогендік пиелонефрит:

-баспа

-тұмау

-іш сүзегі

-сепсис

2. Лимфогендік пиелонефрит:

-тоқ ішек инфекциясы;

-жыныс ағзаларының инфекциясы;

3. Урогендік (өрлемелі) пиелонефрит:

Обструктивті

-ер адамдарда куық асты безінің аурулары (аденома, рак, простотит)

-қуық, тік ішек ракторы,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Созылмалы бүйрек ауруы
Зәр шығару жүйесі туралы түсінік
Несеп жүйесі ауруларының негізгі синдромдары
Несеп - тас ауруы
Нефроздар
Қуық жүйесі
Ішкі аурулар пропедевтикасы
Бүгінгінің дерті – бүйрек
Ас қорытужүйесі мен зәр шығару жүйесінің патологиясы
Ас қорыту және зәр шығару жүйелерінің патологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz