Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі
Мазмұны
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2.Техника қауіпсізідігі негіздері. Өндіріс процесстері мен жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
3. Кен орын туралы жалпы мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
4.Стратиграфия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
5.Кен орынның игерудің жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
6.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
7.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

КІРІСПЕ
Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің потенциалы мұнай мен газдың барланған қорлармен, сол сияқты олардың келелі(перспективалық) және болжамдық ресурстарымен анықталады.
Қазақстанда табылған кенорындардың қорларын бағалау жұмыстары, сол сияқты келелі және болжамдық ресурстарды кешенді түрде бағалау шаралары түрақты түрде жүргізіліп тұрады, мұның өзі республиканың мұнай-газ саласының қазіргі жағдайы мен болашақ даму перспективаларын саралауға жеткілікті дәрежедегі негіз болып табылады.Пайдалы қазбалардың мемлекеттік балансымен 130 газ кенорны есепке алынған. Олардың ішінде 3 кенорын бастапқы өндірілмек қорларының пайдалы қазба қорларының Мемлекеттік комиссиясының жіктемесіне сәйкес бағаланған мөлшері жағынан ғаламат ірі (300 млрд. м3), екеуі өте ірі (100,1-300 млрд. м3), төртеуі ірі (30,1-100 млрд. м3), сегізі орташа (10,1-30 млрд. м3), он жетісі шағын (3,1—10 млрд. м3), жиырма бесі кішірек (1-3 млрд. м3) және жетпіс бірі өте кішкентай (1 млрд. м3-ге дейін) кенорындарға жатады. Республика бойынша дербес газға 41, еріген газға 44 кенорын игерілуде. Конденсат Мемлекеттік баланспен 42 кенорында есепке алынған. Олардың 30-ы мүнай-газ-конденсатты, 12-і газ-конденсатты кенорындар. 42 конденсатты кенорынның 18-і игерілуде, 18-і игеруге дайындалған, 6 кенорын барлануда. Қарашығанақ дербес газ түрғысынан ғана емес, конденсат тұрғысынан да ғаламат ірі кенорын. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан аймағында таушайырлардың 64 дербес шоғыры әр түрлі дәрежеде зерттелген, олардың 18-і барланған, 2 кенорында (Қарамұрат, Иманқара) тәжрибелік өндіру шаралары жүзеге асырылған. Қазақстан Республикасы мұнай өндіру тұрғысынан дүние жүзіндегі ежелгі елдердің бірі болып табылады. Қазіргі таңда көмірсутек шикізаты Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл және Қызылорда облыстарында өндіріледі.
С.Балғымбаев кен орны Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданында орналасқан. Кен орны өндіріске 1968 жылы қосылды. Қазіргі уақытта кен орнында игерудің соңғы сатысы жүріп жатыр. Бұл кен орнындағы ең басты мәселе ұңғы өнімінің жоғары сулануы болып отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Нұрсұлтанов Ғ.Н.,Абайылданов Қ,Н. «Мұнай және газды өндіріп,өңдеу»(Алматы ,1999ж).
2.Қазақстандық уикипедия сайты.
3.Мұнай және газ істерінің негіздері,Сурбаев Х.(Алматы,2003ж).
4.Қазақстандық мұнай энциклопедиясы.2 томдық-Алматы «Мұнайшы(.Қоғамдық қоры,2005).
5.Технический регламент ПСН.

Қазақстанда табылған кенорындардың қорларын бағалау жұмыстары, сол сияқты келелі және болжамдық ресурстарды кешенді түрде бағалау шаралары түрақты түрде жүргізіліп тұрады, мұның өзі республиканың мұнай-газ саласының қазіргі жағдайы мен болашақ даму перспективаларын саралауға жеткілікті дәрежедегі негіз болып табылады.Пайдалы қазбалардың мемлекеттік балансымен 130 газ кенорны есепке алынған. Олардың ішінде 3 кенорын бастапқы өндірілмек қорларының пайдалы қазба қорларының Мемлекеттік комиссиясының жіктемесіне сәйкес бағаланған мөлшері жағынан ғаламат ірі (300 млрд. м3), екеуі өте ірі (100,1-300 млрд. м3), төртеуі ірі (30,1-100 млрд. м3), сегізі орташа (10,1-30 млрд. м3), он жетісі шағын (3,1 -- 10 млрд. м3), жиырма бесі кішірек (1-3 млрд. м3) және жетпіс бірі өте кішкентай (1 млрд. м3-ге дейін) кенорындарға жатады. Республика бойынша дербес газға 41, еріген газға 44 кенорын игерілуде. Конденсат Мемлекеттік баланспен 42 кенорында есепке алынған. Олардың 30-ы мүнай-газ-конденсатты, 12-і газ-конденсатты кенорындар. 42 конденсатты кенорынның 18-і игерілуде, 18-і игеруге дайындалған, 6 кенорын барлануда. Қарашығанақ дербес газ түрғысынан ғана емес, конденсат тұрғысынан да ғаламат ірі кенорын. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан аймағында таушайырлардың 64 дербес шоғыры әр түрлі дәрежеде зерттелген, олардың 18-і барланған, 2 кенорында (Қарамұрат, Иманқара) тәжрибелік өндіру шаралары жүзеге асырылған. Қазақстан Республикасы мұнай өндіру тұрғысынан дүние жүзіндегі ежелгі елдердің бірі болып табылады. Қазіргі таңда көмірсутек шикізаты Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл және Қызылорда облыстарында өндіріледі.
С.Балғымбаев кен орны Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданында орналасқан. Кен орны өндіріске 1968 жылы қосылды. Қазіргі уақытта кен орнында игерудің соңғы сатысы жүріп жатыр. Бұл кен орнындағы ең басты мәселе ұңғы өнімінің жоғары сулануы болып отыр.
Мазмұны
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2.Техника қауіпсізідігі негіздері. Өндіріс процесстері мен жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
3. Кен орын туралы жалпы мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
4.Стратиграфия ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
5.Кен орынның игерудің жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
6.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
7.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Техника қауіпсізідігі негіздері. Өндіріс процесстері мен жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар. Мекемелерде еңбекті қорғаудың ең маңызды түрінің бірі - бояу түстері. Бояулардың түрлері санаулы ғана болу керек. Ескертпе түрлер қай кезде болса да, анық көрінуі тиіс. 12.4,026-76 стандарты бойынша қызыл, сары, жасыл және көк бояуларын таңдайды. Өндірістердегі бөлмелерді ақшыл-көк түспен бояйды. Шаң - тозаң көп болатын өндірістік бөлмелерді күлгін түсті бояумен. Ал ауыр жұмыс түрлеріне контраст бояулар көп болу керек. Себебі кез келген уақытта бір көз қараспен тез анықтау үшін. Төтенше жағдайларды болдырмау үшін жасыл түспен бояйды. Мысалы техникалық машиналарының рычагтарын, қырқаяқтарын т.б. сол сияқты. Қызыл бояу түрі - ол өте жоғары қауіпті жағдайдың болмауын ескертетін түрлердің бірі, мысалы рычагтар, кнопкалар. Ол бояумен белгі бар жерде құлап кетуіңіз, итеріп жіберуі, қысылып қалуыңыз, тайып кетуіңіз немесе тоқ соғуы т.б. ауыр жағдайлардың болуы мүмкін. Көп жерде ол бояумен бірге мына сөздер жазылады - "Огонь", "Стоп", "Запрещено", "Явная опасность", "Осторожно". Бояуларды қалай болса солай жаға бермей материалдың көлеміне, тұрған орнына, тез көзге байқалатындығына қарай бояйды: 6 м - 20 мм, 6 - 20 м - 50 мм, 21 - 40 м - 100 мм, 41 - 70 м - 200мм. Сары бояу түрімен көбінесе құрылыс материалдарының қауіпті жағдай тудыратын түрлері боялады және де өндірістегі құрал - жабдықтардың талаптарын білместен қолданбауға керектігін ескертетін жабдықтарда болады. Жасыл бояу түрі - құрал жабдықтардың ешқандай қауіпті жағдай туғызбайтынын алдын ала ескертетін бояулардың түрлері. Бұл бояулармен үлкен мекемелерден қысқартпа жолмен шығатын жерлері, аптекадағы шкафтар, жолдардағы светофорлар т.б. қауіпсіз деген жабдықтар. Бұл бояу түрімен бірге кей жерледре "Путь свободен", "Первая помощь", "Выходить здесь", с. Санитарлық көз-қараспен мекемелердің қараңғылау бөлімшелерін, бұрыштарын ақ түсті бояумен боялады.Бояулар тек бір түсті болмай контрсат түрінде боялады. Солардың бірі қауіпті сұйықтықпен толтырылған бактар - қызыл түске ақ бояумен полоска келтіріледі.
Жұмысты ұйымдастыру. Жауапты адамның іс - әрекеті. Жүктерді қорғау және тасымалдау нормалары.
Құқықтык және ұйымдық сұрақтары КР конститутциясы мен Еңбекті қорғау бойьнша Қазақстан Республикасының заң шығарушылық актілері негізінде қалыптасады ҚР заңдарының ішіндегі негізгілері:
-10.12.07 жылғы ҚР еңбек кодіксі;
-19.05.97 жылы өзгерген ҚР Денсаулықты корғау туралы заңы, 13.01.04 жылы, толыктырылған;
3.04.02 жылғы Қауіпті өндірістік объектілердегі, өндірістік қауіпсіздік туралы.
- 27.03.97 жылы өзгерген Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы,21.12.04 жылы толықтырылган,
ҚР Азаматтык кодексі; Өрт қауіпсіздігі туралы.
Сонымен қатар Еңбекті қорғаудын қүқыктық негіздерін, зандық актіге әртүрлі юристік күші бар актілерден тұрады:
ҚР Президентінің бұйрығы; ҚР Басқармасының бұйрығы; сот шешімдері және абстрактілі сот шешімі, министрліктер мен ведомствалық бекітулер, өзінің компентенц шегіндегі орындаушы органдармен орындалған нормативті актілері.
Еңбекті қорғау бойынша осы актілер, негізгі нормативті - құқықтык актілежататындары: МЕСТ-тер
- Еқбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесінің мемлекеттік стандарттары
- мемлекеттік санитарлы - эпидеммиологиялық ережелер мен нормалар ( ережелер гигеналық нормативтер, санитарлы ержелер мен нормалар, СанЕмН, санитарлі нормалар).
- қүрылыстық нормалар мен ережелер (ҚНмЕ), қүрылыс және жобалау бойыншц ережелер жиыны;
- еңбекті қорғау бойынша сала аралык ережелер, Еңбекті корғау бойынша сала аралық типтік нұсқаулама;
- Еңбекті қорғау бойынша салалық ережелер, Еңбекті қорғау бойынша типтік нұсқаулама.
- қауіпсіздік ережесі, кондырғыларды қауіпсіздігін шеттету ережесі, Қауіпсіздік бойынша нұскаулама.
Сала аралық ережелер, СНмЕ-лер жөне СанЕмН әрб.р 5 жылда жаңатылып,отырады ал сонымен бірге ведомствалық нүсқаулар мен ережелер -3 жылдда жаңартылып отырады.
Заңды актілер
Манызды қүқыктық қүжаттар, ол 4.07.2001 жылы өзгерген, 3.032001 жылгы ҚР Басқарушылары бекіткен еңбек әрекетімен байланысты, жұмысшылардың денсаулығынын закымдалуы мен сәтсіз жағдайларды ескеру мен зерттеу ережелері. Ережелер уайымдардағы кез-келген жеке меншіктіктін формасы мен сөтсіз жагдайлардьі есептеу және зертге тәртібін бекітеді сонымен бірге жеке меншік иелерінде.
Онда сәтсіз жағдайлармен байланысты қабылданған, өндірістегі сәтсіз Оцщ-аларды зерттеу туралы алгашқы кезекті шаралар жазу түрі және актінін формасы аталып көрсегідгең. Ережелерде өндірістік жарақат ретінде көрсетілген жағдайлар топталынған:
1)жүмыс орны тәртібівде, өндіріс қүралдары, жеке корғаныс қүралдарын даиындау мен жұргізукезінде,жұмыс уакытынын аяқталуы 6ойынша немесе 6асталар алдында
2)жұмыс ұйымдастырушы немесе жұмыс берушінін тапсырмасымен байланысты, өзінің міндетін немесе жұмысын орындаумен болған орнында немесе іс сапар уакытында және жұмыс орнында, жұмыс уакыты аралығьнда;
3)өндірістік зиянды жөне кауіпті әсерлердін нәтижесінде;
4)жұмыс уақытында, жұмысшы зерттеуінін жолы бойынша, жұмыс орнында қызмет ету объектілері арасындагы жылжумен байланысты әрекеттерді, жұмыс берішінің тапсырмасын орындауы бойынша әрекетгерді, жұмыс берушшіц тапсырмасын орындауы бойынша;
5)жұмыс берушінің көлігінде;
6)қызметтік жол жүруі үшін пайдалану құқығына жұмыс берушінің жазба түріндегі келісімі бар болған кездег, жеке келікте;
7)жұмыс берушінін бұйрығы бойынша, өзініц жөне басқа ұйымныц территориясына келген кезеңінде, сонымен бірге жұмыс берушініц жеке меншігін қорғау кезінде;
8) жұмыс орны бойынша немесе іс сапары кезінде жұмысшынык қызметтік міндетін
орындауы кезінде, оны қасақана өлтіру жөне оны жаракаттауы.
Өндіріспен байланысты әрбір нақты жағдайды тексеріп комиссия анықтайды. Егер жұмысшыға, жұмыс берушініц қатесінен сәтсіз жағдайдын нөтижесіңде денсаулығына зиян келсе, онда Қазакстан Республикасының нормативті құқықтык актілері қарастырылған жағдайлар мен тәртіпте, егер жұмысшыға сактандыру салымы төленбейтін болса, жұмыс берушіні жазалайды.
ҚР 17.03.93 жылы өзгеріп, крсымша 28.06.2002 жылы толықтырылған Министрлер кабинетінін бұйрығымен бекітілген Енбек кызметін орьгадаумен байланысты жұмысшылар мен кызметкерлердің денсаулығының зақымдалуы мен жеке меншігініц барлық шығынын есептеудің ұйымдык ережесіне сөйкес зиян келтіру мөлшері 12 айда, орташа ецбек ақысы негізінде есептелінеді.
Егер жарақат алған жұмысшы, тұрғындарды өлеуметгік қорғау аймағындағы орталық орындаушы органдардыц территориялы бөлімшесінде көмек түрлерін (емдеу, косымша тамақтану, дәрі -дәрмек алу, медициналык тексеруден өту, санитарлы- курортгық емдеу, зиян шегушінің емделу орнына барып - қайтуына телем ақысын қоса алғанда), алмаса, ұйым жарақат алған жұмысшыға ецбек акысына қосымша жәрдем ақы береді жөне косымпіа шығынды төлейді.
Арнайы медициналык және тұрмыстық күтім қажет, зиян шегушіге, шығынды өрбір күтім түріне байланысты бірден кем емес есептік айлық көрсеткішінен боліп отырады.
Ұйым зиян шеккен жұмысшыға және оныц отбасы мүшелеріне және зардап шеккен жұмысшының қаза болуына байланысты шығынын төлеуге, тұрғын ауданныц төлемі бойынша жеңілдіктер жасауға, балалар мекемелеріндегі балалардын шығынын төлеуге, жалпы көлік түрлеріндегі жол ақысын төлеуге жөне басқа да көмек түрлерін көрсетуге міндетті.
15.01.98 жылы ҚР Министрлігініңенбек пен әлеуметгік қорғанысты енгізу бұйрығымен Енбек жағдайы бойынша ұйымның өндірістік объектілерін аттестациядан өткізу туралы жағдаймен сәйкес, объектіні аттестацидан өткізу мерзімі (3 жыдца 1 реттен көп емес) және кезектен тыс кайтадан аттестациядан өткізу, сонымен бірге комнссия мен оныц кұрамын аттестациядан еткізу және ұымдарды регламентгеу. Енбек шарты мея объектінін жарақат қауіптілігіне бағаны комиссия береді.
Қауіптілік пен еңбекті қорғау мен бақылаудағы Мемлекетгік басқару мев негізгі жағдайлар Берілген жағдай ҚР Қауіпсіздік пен енбекті қорғау туралы занымен регламенттеледі. Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік облысындағы, бакылау, болжау, мемлекетгік басқару, ҚР Басқару орындарымен, баскарушы органдармен және оның территориясындағы бөлімшелерімен, сонымен бірге бұрынғы баскару органдарымен жүзеге асырылады. Осы занда Еңбекті қорғау аймағындағы құқыктары ұсынылған.
50 адамнан көп жұмысшысы бар, барлық үйымдарда, жұмыс беруші еңбек пен қауіпсіздік қызметін кұруға міндетгі және ол өзінің статусы бойынша, негізгі өндірістік қызметтермен тенестіріледі. 50 адамға дейінгі жұмысшы бар үйымдарда, Еңбекті қорғау бойынша міндеттері, жұмыс берушінің бұйрығы бояынша мамандыққа біріктіріліп басқарылады.
Енбекті корғау мен қауіпсіздік бойынша заң шығарушылыкты сақтауды бақылау мен қадағалау түрлері келесідей бөлінеді:мемлекеттік; ведомствалық; ұйымдық.
1. Кен орын туралы жалпы мәлімет
С.Балғымбаев мұнай кен орны, бұрынғы аты Мартыши, Еділ -Жайық қосөзен аралығының теңіз аймағы маңында орналасқан. Бұл 1.1-суретте көрсетілген.
Әкімшілік негізде Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданына қарасты.
Ең жақын орналасқан елдімекендер аудан орталығы Аққыстау поселкесі, Х.Ерғалиев аулы (бұрынғы Новобогат) және Жанбай. Бұлар кен орнынан сәйкесінше солтүстікке және солтүстік - шығысқа қарай 22,41 және 30 км қашықтықта орналасқан.
Облыс орталығы Атырау қаласы, кен орнынан шығысқа қарай 76 км. арақашықтықта.
Облыс орталығы жақын елдімекендермен Атырау - Астрахань темір жолымен және асфальтты жолымен байланысады.
С.Балғымбаев кен орны экономикалық тұрғыдан жақсы жерде орналасқан. Бұл кен орны Ембі мұнайлы аймағының батысында, Солтүстік Каспий аумағында орналасқан О.Ш.Қамысты, О.Б.Қамысты, Жаңаталап, Гран және т.б. кен орындарымен қатар орналасқан.
С.Балғымбаев кен орнына техникалық су Бақсай өзенінен және қуатты гидромүмкіндігі бар суқаныққан қабаттардан алынады. Бұл су сапасы жағынан техникалық қажеттіліктерге сәйкес келеді. Ал таза ауыз су Жайық өзенінен құбыр желісі арқылы алынады.
Қарастырып отырған ауданымыз геоморфологиялық тұрғыдан жазық болып келеді, абсолютті белгісі солтүстікте минус 20 м және оңтүстікте минус 30 м.
Бұл аймақтың климаты шұғыл континентті, жазы құрғақ және ыстық, ал қыс мезгілі қары аз, салқын болып келеді. Өсімдіктер әлемі кедей, негізінен шөлейтті жерлерге сәйкесті.
Грунт суының деңгейі 1,5 -2 м тереңдікте орналасқан, бұл су әлсіз минералды, негізінен құмды барханды аумағына сәйкес келеді. Кен орнының аумағында өзендер жоқ. Солтүстік - шығыстан Бақсай өзені ағып өтеді, бұл өзен Жайық өзенінің бір саласы. Бұл өзенде су суландыру кезеңінде мол болады, ал жазда су Жайық өзенінен суайдау станциясы арқылы құйылады.
Теңіз жағалау сызығы кен орнынан оңтүстікке қарай 12-15 км жерде орналасқан.
1.1-сурет. Ауданның шолу картасы
2. Стратиграфия
С.Балғымбаев кен орны тектоникалық тұрғыдан тұзкүмбезді тектоникасы жақсы дамыған Каспий маңы ойпатына жатады және де Солтүстік Каспий жағалау аумағындағы Еділ - Жайық қосөзен аралығында, Ембі мұнайлы аймағының батысында орналасқан.
Ұңғылармен ашылған ең көне түзілім кунгур жасындағы түзілім болып саналады. 41Р ұңғысымен ашылған максималды тереңдік 3000 м. дейін жетеді.
Түзілім кристалды тұздармен және гипспен түзілген, арасында терригенді жыныстар орналасқан. Ұңғымен ашылған тұздың максималды қалыңдығы 13-96 м. құрайды.
Тұз үстінде гипспен араласқан жұқа кепрок жатыр. Ұңғымен ашылған, кепрок қалыңдығы 20 м. аспайды.
T. Триас кесіндісі аз зерттелген. Триас жүйесі литологиялық жағынан құмтасты және құмды-сазды ұсақтасты конгломерат және гипстен құралған. Ұңғылармен ашылған триас жүйесінің қалыңдығы 134-515 м аралығын құрайды.
J1. Төменгі юра түзілімі сұр, ұсақ түйірлі, ортатүйірлі құмның және де аздаған кремнийлі және кварцті галектің қосындысынан құралған. Сонымен қатар саз қабатшасынан, сұр, қара сұр, әртүрлі тығыздықтағы алевриттен және сұр, ашық - сұр, ұсақ-орта түйірлі, әктаспен және сазды цементпен қосылған, аздаған өсімдік қалдығы кездесетін құмтастан құралған.
Төменгі юра түзілімінің қалыңдығы 56-162 м. құрайды.
J2.Орта юра литологиялық түзілімінің сипаттамасы сазды және құмтасты қабатшаларының араласып келуімен ерекшеленеді.
Саздар, негізінен құмтасты, кей жерлерде өсімдік детриті араласқан ұсақ түйірлі құмдар кездеседі. Құмтастар ұсақтүйірлі, көбінесе әктасты, қатты болып келеді.
Орта юра түзілімінің жоғарғы бөлігі саздармен және мергелден құралған. Саздар сұр және жасыл-сұр, аздап құмтасты, сонымен қоса кейде өсімдік детритінің ұсақ үгінділері кездеседі. Мергел қара-сұр және сұр, қатты, кейде аз құмтасты болып келген.
Орта юра түзілімінің қалыңдығы 123-137 м. құрайды.
№16 ұңғымен ашылған максималды қалыңдығы - 337 м. болды.
J3. Жоғарғы юра түзілімі литологиялық жағынан тығыз саздан және құмтасты қабатшасы бар мергелден құралған. Саздар әктасты, азқұмтасты. Мергел тығыз, кей жерлерде кальцит қабатшасымен араласып келген. Қиманың жоғарғы бөлігі - тығыз әктастан және мергелден құралған.
Жоғарғы юра түзілімінің максималды ашылған қалыңдығы 116 м.
K. Неоком түзілімі барлық бұрғыланған ұңғылармен ашылған, литологиялық жағынан аздаған мергел және алевролит қосындысы бар саздан құралады. Саздар тығыз, құмтасты, әктасты емес. Сазда және құмда ұсақ өсімдік қалдықтарының үгінділері кездеседі. Мергел тығыз, сазды, кальцит толтырылған жарылымды. Құмтастармен алевриттер қатты, ұсақ түйірлі.
Неоком қимасында каротаж бойынша готерив және баррем жікқабаттары анықталған.
№3 ұңғы бойынша неокомның максималды ашылған қалыңдығы 129 м. құрайды.
Апт қимасы көбінесе алевритті, әктасты емес, ұяшықты саздан және сұр, ұсақтүйірлі құмнан құралады. Сазда қатты мергелдер және кальцит араласқан алевриттер кездеседі. Сонымен қатар фауна қалдықтары, ұсақ кристаллды пирит ұяшықтары бар. Апттың жоғарғы бөлігінде мергель кездеседі.
Апт қалыңдығы 55-ден 81 м. аралығында.
Альб жікқабаты литологиялық тұрғыдан сазды - құмтасты түзілістен құралған. Саз тығыз, құмтасты, әктасты емес. Құмтастармен алевриттер қатты, ұсақ және түйірлі болып келген. Құмдар ұсақтүйірлі, аз тығызды. Мергел аздап кездеседі, тығыз және сазды.
Альб түзілімінің максималды ашылған қалыңдығы 332 м. құрайды.
K2. Жоғарғы бор түзілімі турон-коньяк, сантон, кампан және маастрих жікқабаттарынан құралған.
Жоғарғы бордың максималды ашылған қалыңдығы 352 м. құрайды.
Турон жікқабатында фосфоритті гальки, ақ бордың мергел түрлері кездеседі.
Жікқабаттың жоғарғы бөлігі әктасты, бор және мергелден құралған. Мергелде қара-жасыл саздар, кристаллды пирит кездеседі.
Сантон күрделі, негізінен арасы мергел және сазды болып келген бордан құралған. Бор тығыз, қара-жасыл саздың қосындысы бар. Мергелде тығыз, линзалы және жұқа қара-жасыл саз қабатшалары бар, сонымен қоса кристаллды пиритте кездеседі.
Кампан түзілімі литологиялық тұрғыдан сазды, тығыз мергелден, ақ бор араласқан кристаллды пириттен және минералды марганецтан құралған.
Маастрих жікқабаты аз тығыздықты бордан және мергелден және саздан құралған. Барлық қимада минералдар, кристалды пирит және кальцит қосындысы кездеседі. N. Неоген түзілімі біркелкі таралған және көне бордың жоғарғы бөлігінде ұзыннан, шұғыл бұрышты келісімсіз орналасқан.
Қабатшаның төменгі бөлігі суқаныққан құмнан, тұтқыр саздан құралған. Жоғарғы бөлігі тығыз әктасты қабатшалардан, тығыз әктасты саздардан, минералды марганецтардан және ұсақ түйірлі, қатты, сазды құмдардан құралған. Одан жоғары қима бойынша тұтқыр, әктасты, алевритті саздар және жұқа құм қабықшасы және арасында кристаллды гипс жиналған алевриттер кездеседі. Бұдан жоғары Каспий трансгрессиясының шөгінділері жатыр. Бұлар әртүрлі түйірдегі, негізінен суқаныққан құмдармен, құмтасты, қатты әктасты саздармен құралған. Неогенді - төрттік түзілімінің қалыңдығы 98-201 м болып келеді.
3. Кен орынның игерудің жүйесі
3.1 Игерудің технологиялық көрсеткіштің жүйесі
3.1.1 Игеру кешенін таңдау
С.Балғымбаев кен орнын өндірістік игеруге қосу үшін ұңғыларды өнімділікке зерттеді. Ұңғыларды өнімділікке зерттеу 3 және 14 мм. штуцермен 3-4 режимде жүргізілді. Режимдегі жұмыс ұзақтығы 7,2-ден 140 сағатты құрады.
Индикаторлық диаграмманы интерпретациялау нәтижесінде әрбір қабаттың өнімділігі, сонымен қатар 1м тиімді қалыңдықтың өнімділігі, гидроөткізгіштік, өткізгіштік, пьезоөткізгіштік коэффициенттері анықталды. Ұңғылардан алынған параметрлік көрсеткіштер бойынша әрбір қабаттың өнміділігі, гидроөткізгіштік, өткізгіштік, пьезоөткішгіштік коэффициенттері анықталды. Ұңғылардан алынған параметрлік көрсеткіштер бойынша әрбір горизонттың орташа мінездемесі жазылды. Ал, І және ІІ объектерде сәйкесінше бұл шама 6,9 және 8,1 м3тәуМПам. болды. Жоғары өтімділік көрсеткіші І пайдалану Кен орнында өнімділік қасиеті бойынша орта юра горизонты ерекшеленеді, жеке өнміділігі 54,8 м3 тәу МПам құрады. объектісіне сәйкес келеді. (3,12 мкм2). Орта юра горизонтының жоғары пьезоөткізгіштігі, бұл қабат жынысының аз тұтқырлығымен түсіндіріледі (орта мәні - 1,79 мПа*с).
Игерудің екі объектісі бойынша (апт-неокомдық және ІІ неокомдық горизонттар) әрбір ұңғының жұту көрсеткіші бойынша гидромүмкіндігі анықталды. Апт-неоком горизонтындағы ұңғыларды (№№8, 9, 19, 22) жұту көрсеткішіне сынау 3 режимде жүргізілді. Қысымдар 2,0; 4,0; 6,0 МПа болғанда, орташа жұтылу мәні 491,7 м3 тәулік болды. ІІ неоком горизонтындағы №5 және 7 ұңғыларға қысымдары 2,0-ден 8,0 МПа аралығында 3 режимде сынама жүргізілді. Орташа жұтылу көрсеткіші 79 м3 тәуліктен 720 м3тәулік аралығында болды.
С.Балғымбаев кен орнының алғашқы қабат қысымы ашық ұңғы оқпанында және ұңғыны әрі қарай игеру кезінде анықталды.
ІІІ пайдалану объектісінің І және ІІ объектіден алшақ жатуына байланысты, объектер арасында қысым айырмашылығы бар екені көрінді. Нәтижесінде қысым өзгерісінің тереңдікке тәуелділігінің екі өзгеше сызығы тұрғызылды. І және ІІ объект бойынша тәуелділік теңдеуі мынадай тұрғызылды.I және II объект бойнша тәуелділік теңдеуі мынадай Рқаб =0,0115 * Набс + 0,002. Қысым градиенті 0,0115 МПам. Тереңдік бойынша қабат температурасының таралуын ұңғыларды сынау нәтижесінде алынды. 3 пайдалану объектісіне жалпы тәуелділік былай жазылды T=f(h).Т=0,063*Набс - 11,386; Температуралық градиент 100 м. 6,30С құрады, ал геотермиялық саты 15,87 м10С тең болады.
Алынған мәліметтердің анализі көрсеткендей, қазіргі таңда кен орынды алғашқы пайдалану кезеңіндегідей, ІІІ объект ұңғыларының өнімділік көрсеткіші жоғары болып тұр. Бұнда мұнайға қатысты өнімділік көрсеткіші 0,296 м3тәуМПам болды. Ал, І және ІІ объекті шамалары, сәйкесінше 0,050 және 0,105 м3тәуМПам құрады. Бірақта орта юра горизонтына қарағанда І және ІІ пайдалану объектісінің коллекторлық қасиеттері жақсы. Бұл объектердің орта гидроөткізгіштік мәні үінші объектімен салыстырғанда 2 есе жоғары, ал өтімділік коэффициенті 13-18 есе жоғары.
Қазіргі уақыттағы өнімділік және фильтрациялық шамаларын бастапқы кезеңмен салыстырғанда, бұлардың жалпы нашарлауы анықталады. Меншікті өнімділік ІІ объектіде 74 есе, ІІІ объектіде 185 есе төмендеген. Горизонттар бойынша гидроөткізгіштік коэффициенттерінің орташа төмендеуі 3,4 еседен (ІІ объет) 19 есе (ІІІ объект) аралығында. Қабаттың соңғы (ІІІ объект) өтімділігінің төмендеуі 6% - тен 38,7%.
Кен орнының өнімділік және фильтрациялық сипаттамаларының төмендеуі, кен орынды ұзақ уақыт пайдалану кезіндегі қабаттың сарқылуы әсерінен болды. Қазіргі уақытта кен орнынан 14339 мың т. мұнай алынған, бұл алынатын қордың 90,7% құрайды.
3.1.2 Пайдалану ұңғыларының орналасу анализі
С.Балғымбаев кен орнын игеру 1968 жылдан басталады. Кен орнын игеру динамикасы сурет Г-де көрсетілген.
01.01.2008 ж. мәлімет бойынша кен орнынан жалпы 14439,9 мың т. мұнай өндірілді, бұл балансты қордың 51,4%, алынатын қордың 92,0% құрайды. Сонымен қатар 74381,3 мың т. сұйық, 273,2 млн.м3 газ өндірілді. Объектілер бойынша жалпы өндірілген өнім көлемі келесідей бөлінеді: максималды үлес І объектіде - 77,6%, ІІ объектіде - 19,0%, ІІІ объектіде 3,4%.
2009 жылы мұнай өндіру көлемі 99,1 мың т. құрады. Ол объектер бойынша былай жіктелген: 57,9 мың т - І объект; 26,3 мың т. - ІІ объект; 14,9 мың т - ІІІ объект. Өндірілген мұнайдың сулануы 93,4% болды.
Жалпы кен орны бойынша соңғы мұнай алу коэффициенті 0,51% құрады. І және ІІ объекті қабаттарына жылдық су айдау 1650,0 мың т. болды.
Динамиканы анализ жасау кезінде әрбір игеріліп жатқан горизонттың, игерудің негізгі технологиялық көрсеткіштері: ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz