Биология пән бойынша олимпиадалық тапсырмаларды дайындаудың ерекшеліктері мен мәні


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Жаратылыстану-география факультеті

Биология және экология кафедрасы

Биология пән бойынша олимпиадалық тапсырмаларды дайындаудың ерекшеліктері мен мәні

(курстық жұмыс)

Орындаған: 01303 топ студенті Таскайров С. С

Тексерген: аға оқытушы Ихласова Ж. М

Орал, 2016

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І тарау Олимпиада оның құрылымы және ерекшеліктері

1. 1 ЖОББ мектептерінде олимпиада өткізудің мазмұны мен оған қойылатын талаптар . . . 7

1. 2 Жалпы бiлiм беретiн мектепте биология пәні бойынша мектепішілік олимпиаданы ұйымдастыру және өткiзу ережелері . . . 9

ІІ тарау Биологиядан олимпиада өткізу әдістемесі

2. 1 6, 7, 8 - сынып бойынша олимпиада өткізу жолдары . . . 13

2. 2 9 - сынып бойынша олимпиада өткізу жолдары . . . 16

2. 3 11 - сынып бойынша олимпиада өткізу жолдары . . . 19

Қорытынды . . . 21

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 22

Кіріспе

Олимпиада - республика аймақтарындағы экологиялық білім жағдайының мониторинг құралы, мектеп білімінің мазмұнын қалыптастыру, оның тұрақты даму аясында жетілдірудің құралы. Пәндік олимпиадалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру мен қатар, дарынды оқушының өзін қызықтыратын пәнде шығармашылық белсенділігін ынталандыру және қызығушылығын дамыту, ғылыми білімді насихаттау болып табылады.

Ертедегі Грецияда б. д. д 776 жылы қалыптасқан олимпиадалар тек түрлі спорттық жарыстарды ғана біріктіріп қоймаған, сонымен қатар өнер байқауларын да біріктірген. Тапсырмаларды орындау бойынша ұйымдастырылған байқаулар да олимпиада деп аталған. Тарихта ақыл ой жарыстарының барлығы содан бері белгілі болып келеді. Ерте Өрлеу дәуірінде Италияда математикалық турнирлер кең көлемде таралған. Олимпиадалық қозғалыстардың қалыптасуы мен дамуына, оларды ұйымдастыру мен өткізу әдістемелерін жасауда зор үлес қосқан ғалымдар: П. С. Александров, В. Г. Болтянский, А. Л. Брудно, Б. Н. Делоне, Ю. С. Ильяшенко, В. Ф. Каган, П. Л. Капица, Л. И. Каплан, М. Клайн, СМ. Козел, А. Н. Колмогоров, Н. Н. Константинов, М. А. Лаврентьев, Л. А. Люстерник, А. И. Маркушевич, И. С. Петраков, Д. Пойя, СЕ. Рукшин, АЛ. Савин, И. Ш. Слободецкий, В. И. Смирнов, СЛ. Соболев, В. Н, Сойфер, В. М. Тихомиров, А. Л. Тоом, Д. В. Фомин, Д. Шклярский, Л. Г. Шнирельман, И. М. Яглом және т. б.

Ұлы Отан соғысына дейін олимпиадалар жыл сайын өткізіліп тұрды да, жалпы халықтық мойындаушылыққа ие болды. Соғыс жылдары Ашхабадта және Казанда, 1946 жылдан бастап Киевте, одан кейін Волгада, Смоленскіде, Иркутскіде, Саратовта, Минскіде өткізілген.

Түрлі білімдер саласы мамандарының дайындаған жұмыстары барлық елдерде жаратылыстану ғылыми циклдері пәндері бойынща олимпиадаларды өткізуге жақсы жағдай жасады. Совет Одағы кезінде математикалық олимпиадалармен қатар астрономиялық, физикалық, химиялық, биологиялық, географиялық және т. б. олимпиадалар өткізіле бастады.

«Ірі» олимпиадалар құрылымы одан әрі сатылана түсті: республикалық және Бүкілодақтық пәндік олимпиадалар, ал үлкен қалалар ішінде аудандық сатылары ұйымдастырыла бастады. Олимпиада бұрын 30 - жылдары жас натуралистердің үйірме жұмысының қорытындысы ретінде өткізілген. Ол кездегі олимпиада қазіргі олимпиададан алыс еді. Биологиялық олимпиаданың « жаңа ғасыры » 1951 жылдан кейін басталды. 1995 жылдан бастап олимпиада бес этаптан тұрды. Бірінші: мектептік; екінші: аудандық, қалалық; үшінші: облыстық, өлкелік; төртінші: республикалық; бесінші: халықаралық.

1

Соңғы жылдары түрлі пәндік олимпиадалардың міндеттері артқан:

  • оқытудың міндетті нәтижесін бақылаушы;
  • оқушыларды тиісті білім беру аясында оқыту формасы;
  • оқушылардың ақыл ойын, шығармашылықтарын дамытушы форма;
  • ақыл-ойы жоғары дәрежеде дамыған оқушыларды анықтау;
  • оқушылардың кәсіби бейімділіктері мен қабілеттерін айқындау мен үйлестіруші;
  • ЖОО емтихансыз қабылданатын оқушыларды таңдау формасы ретінде және т. б.

Осылайша қосымша білім беру жүйесінде, осы саладағы көп жылдық бай дәстүрде дарынды әрі танымдық деңгейлері жоғары балалармен жұмыс жасау мүмкіндіктері жатыр. Айта кету керек оқушылардың олимпиадалардағы нәтижелері мұғалімдердің қызметін бағалау аспектісінің бірі болып табылады.

Пәндік олимпиадалар - оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден - бір формасы.

Пәндік олимпиадалардың оқу үдерісіндегі негізгі роліне зерттеушілер түрліше анықтама береді. Ол туралы көзқарастар үш түрлі:

- білім беру сапасын сырттай бақылау формасының элементі;

- танымдық ойын түрі;

- оқушы тұлғасын дамыту тәсілі, яғни оқушылардың шығармашылығын, дарындылығын арттыруға ықпал ететін оқыту тәсілдерінің бірі .

Зерттеушілер өздерінің еңбектерінде оқушыларды пәнге қатысты дайындықтарын арттырудың біршама маңызды құралдарының бірі ретінде пәндік олимпиадаларды атап көрсетеді. Оқушылардың пәндік олимпиадалары қазіргі мектеп жағдайында олардың оқу мотивациясын қалыптастыруға, оқушылардың танымдық белсенділіктерін көтеретін, шығармашылықтарын дамытуға, пән бойынша білімдерін кеңейтуге ықпал етуші құрал. Ең бірінші олимпиадалар біршама қиынырақ тапсырмаларды шешу қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Дарынды балалармен жұмыстың бір формасы ретінде пәндік олимпиадалар қазіргі уақытта оқушылардың тек пәнге бейімділіктері мен қабілеттерін айқындауға бағытталған емес, сонымен қатар барлық оқу процесінің мазмұны мен оқыту технологиясын жетілдіруге бағытталған сыныптан тыс жұмыстың болашағы бар түрлерінің бірі болып отыр.

Зерттеушілердің тұжырымдауы бойынша олимпиада оқушының өзінің қандай екенін көрсете алатын, потенциалды мүмкіндіктерін ашатын әлеуметтік­­-психологиялық шарттарды жасайды.

Қазіргі кезде баланы дамыту және дамуына жағдай жасау керектігі ешкімге таңсық емес. Сондықтан да олимпиадаға қойылатын талаптар күшеюде. Облыстық, республикалық олимпиада мектеп бағдарламасынан да білімді тереңдетуді қажет етеді.

2

Олимпиадаларда биологияны өте жақсы меңгерген, қызығушылықтары жоғары балалар күш сынасады. Сондай жарыстарға оқушыларды іріктеу мақсатында арнайы курс жүргізіледі, курстың материалдары олимпиада тапсырмаларының теориялық жағын қамтуы керек. Биологиялық есептерді шығару арқылы оқушылардың ойлау қабілеті оқу материалдарын терең меңгеруі артады. Теориялық алған білімдерін практикада қолдана білу де есептер шығару арқылы жүзеге асырылады. Олимпиада екі турдан тұрады. 1 - тур жазбаша(теориялық), 2 - тур ауызша(практикалық) . Олимпиада оқушының мектептік биология курсын қалай меңгергенін тексеретін, экзамен емес. Оның міндеті: әртүрлі биологиялық үйірмелерге қатысатын және өз бетінше биологиямен қосымша айналысатын қабілетті баланы табу. Олимпиада білімі терең, ізденімпаз, өздігінен шешім қабылдай алатын оқушыны қажет етеді. Олимпиада тапрсырмалары және сұрақтары мектептегі биология курстарында оқылған материалдар негізінде және оқушының білімі мен білігін, дағдысын анықтау үшін мектеп бағдарламасынан тыс материалдар да алынады.

.

3

І тарау Олимпиада оның құрылымы және ерекшеліктері

  1. ЖОББ мектептерінде олимпиада өткізудің мазмұны мен маңызы

Олимпиада - республика аймақтарындағы экологиялық білім жағдайының мониторинг құралы, мектеп білімінің мазмұнын қалыптастыру, оның тұрақты даму аясында жетілдірудің құралы. Биологиядан жүргізілетін мектептік олимпиаданың негізгі мақсаты: оқушылардың жаратылыстық ғылымдарға деген танымдық қызығушылықтарын дамыту, ғылыми - зерттеу әрекеттерінің дағдыларын қалыптастыру, экологиялық білімдерді насихаттау, табиғатқа деген аяушылық қатынасқа негізделген терең патриоттық сезімге тәрбиелеу, сонымен қатар белсенді өмір ұстанымын қалыптастыру. Бұнда негізгі көңіл талантты, қабілетті оқушыларға бөлініп, болашақ интеллектуалдығын дамыту үшін қалыпты жағдай жасау. Олимпиада ғылым, білім министрлігінің бұйрығымен бекітілген ұлттық мемлекеттік статусқа ие. Олимпиада резервтерімен жұмыс жүргізудің дайындық жолдарына тоқталсақ, ол ең алдымен төмендегідей ұйымдастыру және оқу - әдістемелік бағыттарда жүзеге асуы тиіс:

- ең алдымен биология пәнінің мектеп бағдарламасы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойлауға жетелеуі тиіс;

- биология оқу курстары бойынша алған теориялық білімдерін оқушы қолданбалық түрде көрсетуге, оның себеп-салдарын түсіндіруге, салыстырулар мен талдау жасауға, болжау жасау дағдыларын қалыптастыруға машықтандыру керек.

- оқушылар алдына қойылған мәселеге сараптау, айқындау, жіктеу, дәлелдеу қажет болса болжам жасау негізінде өз көзқарасын білдіруге үйрену қажет.

Биология олимпиада оқушыларға міндеттейді:

- биологиялық ойлаудың жүйелі қалыптасуын;

- биологиялық білімді оқушының терең және берік меңгеруін;

- оқушының биология пәніне деген қызығушылығының көтерілін;

- оқушының шығармашылық ұсынысын және интеллектуалдық қабілетінің дамуын;

- табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді;

- оқушының патриоттық сезімінің оянуын;

- болашақта мамандықтарын саналы түрде өздері таңдауға т. б.

Кез - келген жұмысқа дайындық керек. Олимпиадаға да әділ қазылар алқасы, ұйымдастыру бөлімі және қатысатын оқушылар дайындалады.

Ұйымдастыру бөлімі олимпиаданың өткізілуін және оған дайындықты қадағалайды.

1) . Олимпиаданың өткізілу орнын және уақытын анықтау керек.

2) . Олимпиада сұрақтарын даярлау және өткізу формаларын анықтайды.

3) . Олимпиаданы өткізу.

4

4) . Қорытынды жасау және марапаттаудан тұрады.

Биологиялық олимпиада екі турдан тұрады. Бірінші турдың ерекшелігі бұнда оқушылар жалпы биологиялық білімін анықтау үшін берілген тапсырмаларға жазбаша түрде жауап береді. Мысалы: тест тапсырмалары беріледі. Екінші турдың ерекшелігі оқушылар әртүрлі биологиялық обьектілерді демонстрациялап, биологиялық зерттеу жұмысының әдістемесін меңгергендіктерін көрсететіндей тапсырмаларды орындайды. Екінші турға оқушылар бірінші турдан алған балдары негізінде жіберіледі. Олимпиадаға қатысушы оқушыларды тапсырмаға сәйкес жабдықталған кабинетке отырғызады. Екінші тур ауызша немесе басқада форма күйінде сарамандық, зертханалық жұмыс түрінде өткізіледі. Бұл кезде оқушылар белгілі бір сарамандық жұмыс жасайды. Нәтижесінде оқушы білімі комплексті түрде бағаланады: бақылау, анализ жасау, зерттеу бойынша есеп дайындау, график құру т. б. Олимпиада барысында оқушылар өз білімдерін толық көрсете алатындай барлық жағдай жасалу керек, бұл ұйымдастыру бөлімінің міндеті болып табылады.

Мектеп бағдарламасының біліміне сүйене отырып, биология пәнін тереңдете оқытып, олимпиадаға дайындау мақсатында құрастырылатын арнайы курс бағдарламасының негізгі міндеттері:

1. Оқушыларға олимпиадаға дайындық кезінде биология пәні бойынша терең білім беру;

2. Оқушыларды биологиялық ізденісте болуға, өз бетімен жұмыс істеуге жағдай жасау;

3. Биология курсы бойынша білімдерін тереңдету болып табылады.

Күтілетін нәтиже, ізденімпаз, білімге құштар, терең және тиянақты білім алған оқушы дайындау.

Біз, өз тәжірибемізде оқушыларды биология пәні бойынша пәндік олимпиадаға дайындаудың күнтізбелік жоспарын төрт кезеңге бөліп жоспарлаймыз:

І. Оқушыларды таңдау: бақылау, сараптау, жазбаша жұмыс, оқушылардың жалпы және пәндік дарындылықтарын айқындау үшін алғашқы сауалнаманы алу.

ІІ. Теориялық дайындық:

  • Тапсырмамен танысу. Рәсімдеу ережесі. Әдебиет көздеріне шолу.
  • Клетканың химиялық құрамы.
  • Тірі организмдердің алуантүрлілігі. Систематика. Патшалықтар белгілері.
  • Өсімдіктер, Саңырауқұлақтар, Бактериалар патшалықтарының жалпы ерекшеліктері.

5

  • Жануарлар патшалығының жалпы ерекшеліктері.
  • Адам мүшелері жүйесінің ерекшеліктері.
  • Жалпы биологияның теориялық негіздері
  • Былтырғы жылғы олимпиадалық тапсырмаларға шолу жасау. Кеңес беру.
  • Қосымша әдебиеттермен жұмыс. Жазбаша конспектілер құрастыру.
  • Интернет желісі арқылы оқушылардың ғылыми-ізденушілік жұмыстарын ұйымдастыру.

ІІІ. Практикалық дайындық- іскерліктерін қалыптастыру.

1. Арнайы құралдармен жұмыс жасау, жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін анықтау мен тану, микропрепараттар дайындау, билогиялық коллекциялар дайындау және т. б. біліктіліктерін қалыптастыру бойынша практикалық сабақтары.

2. Цитология бойынша тапсырмаларды орындау.

3. Генетикалық есептерді орындау.

4. Бұрынғы жылғы олимпиадалардың практикалық тапсырмаларын талдау.

5. Түрлі деңгейдегі практикалық тапсырмаларды орындау жолдарын талдау.

IV. Өзіндік дайындық

1. Бұрынғы жылғы түрлі күрделілік деңгейдегі олимпиадалық тапсырмаларды орындау;

2. Бұрынғы жылғы олимпиалардың түрлі күрделілік деңгейдегі практикалық тапсырмаларды орындау

3. Логикалық тапсырмаларды орындау

4. Біршама қиынырақ тапсырмалар бойынша кеңес алу.

Жүргізілген зерттеу жұмысының негізінде оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жұмысының мазмұнын, құрылымдық бөліктерін нәтиже өлшемдерін, көрсеткіштерін және деңгейлерін атап көрсетуге болады:

Мотивациялық деңгейде: дарындылықты дамытуда пәнге қатысты танымдық тапсырмаларды орындаудың қажеттілігін түсіну;

Мазмұндық деңгейде: олимпиадалық тапсырмалардың жауабын жүйелі зерттеп, іздеу жолдарын білу (ақпарат көздерін білу) ;

Іс- әрекеттік деңгейде: олимпиадалық тапсырмалар мазмұны бойынша білімдерін жаңа тапсырмалар жүйесінде қолдану .

6

Педагогикалық шарттары:

- оқушылардың дарындылықтарының деңгейін анықтау;

- оқушыларда оқу-зерттеу біліктіліктерін, ақпараттық сауаттылықтарын дамыту;

- оқушылардың жеке даму бағдарламаларын құрастыру;

- оқушыларды шығармашылық ізденіске баулу;

- жан-жақты ақпараттандыру:

- байқаулар ұйымдастыру.

Ең алдымен биология пәнінің мектеп бағдарламасы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойлауға жетелеуі тиіс. Биология оқу курстары бойынша алған теориялық білімдерін оқушы қолданбалы түрде көрсетуге, оның себеп-салдарын түсіндіруге, салыстырулар мен талдау жасауға, болжау жасау дағдыларын қалыптастыруға машықтандыру керек.

7

  1. Жалпы бiлiм беретiн мектепте биология пәні бойынша мектепішілік олимпиаданы ұйымдастыру және өткiзу ережелері

1. Жалпы ережелер

1. 1. 2 Жалпы бiлiм беретiн мектепте биология пәні бойынша мектепішілік олимпиаданы ұйымдастыру және өткiзу ережелері (бұдан әрі - Олимпиада) республикалық олимпиаданың жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік кезеңін, оны ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн анықтайды.

2. Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: оқушылрадың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, аймақтықолимпиадарға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, мектептегібілім берудің беделiн көтеру.
3. Бұл ереже Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 Бұйрығы негізінде әзірленді.

4. Олимпиаданы ұйымдастыруға жауапты ғылыми-әдістемелік орталық:
1) Осы ережемен белгіленген Олимпиаданың өткiзілуін бақылайды;
2) Олимпиадаға басшылық жасауды жүзеге асырады;
3) Олимпиаданы өткiзудің қажеттi ғылыми-әдiстемелiк деңгейін қамтамасыз ету үшiн пәндер бойынша әдiстемелiк комиссияларды қалыптастырады;
4) Мектеп қазылар алқасы мүшелерiнiң құрамы және саны жөнiнде ұсыныс бередi;
5) Олимпиаданың қорытындысын талдайды;
6) Олимпиада материалдарын жариялайды.
5. Олимпиаданың мектепішіліккезеңінің пәндер бойынша қазылар алқасының құрамына төраға және мүшелер кіреді. Қазылар алқасының саны пәнге байланысты тақ саннан құралады (3адамнан кем емес) .
6. Олимпиаданың қазылар алқасы:
1) тапсырмалардың орындалуын бағалау өлшемдерін бекітеді, жұмыстарды тексереді және бағалайды, қатысушыларды жұмыстарды тексеру нәтижесімен таныстырады;
2) қатысушылардың жұмысын бағалаудағы келiспеушiлiктi талқылайды және қажет болған жағдайда тиiстi түзетулер енгiзедi;

3) жеңiмпаздарды анықтайды және олардың тізімін бекіту үшін әкімшіліккеұсынады;
8

4) Олимпиадаға қатысушылармен орындалған тапсырмаларды талқылауды және үйлестіруді жүргізеді;
5) Ғылыми-әдістемелік орталықпенбiрлесе отырып, аймақтық олимпиадаға қатысушы кандидаттарды анықтайды.

2. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

10. Олимпиадағақоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 10-11 сыныптар, жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша 9-11 сыныптар оқушылары қатысады.

11. Олимпиаданың тапсырмаларын жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша пәндік әдістемелік бірлестіктер дайындайды және ғылыми-әдістемелік орталық бекітеді.

12. Олимпиадаға қатысушы қазылар алқасының бағасымен келiспеген жағдайда, апелляцияға бере алады.
13. Апеляцияға беру әр тур бойынша қорытынды шыққанна кейін бір жұмыс күні ішінде орындалуы керек. .

3. Қорытынды ереже

14. жүлдегерлерi мектеп дипломдарымен, грамоталарымен және жүлделерімен марапатталады.

15. Олимпиаданың аймақтық кезеңіне қатысушылар саны әр пән бойынша жүлдегерлер санымен анықталады.

16. Егер бірнеше қатысушы бірдей балл санын жинаған жағдайда, жүлдегерлер саны қазылар алқасының шешімімен көбеюі мүмкін.

9

ІІ тарау Биологиядан олимпиада өткізу әдістемесі

2. 1 6, 7, 8 - сынып бойынша олимпиада өткізу жолдары

Олимпиаданың мақсаты : оқушылардың жаратылыстық ғылымдарға деген танымдық қызығушылықтарын дамыту, ғылыми - зерттеу әрекеттерінің дағдыларын қалыптастыру, экологиялық білімдерді насихаттау, табиғатқа деген аяушылық қатынасқа негізделген терең патриоттық сезімге тәрбиелеу, сонымен қатар белсенді өмір ұстанымын қалыптастыру.

Биологиялық олимпиаданың оқушыларға міндетті:

- биологиялық ойлаудың жүйелі қалыптасуын;

- биологиялық білімді оқушының терең және берік меңгеруін;

- оқушының биология пәніне деген қызығушылығының көтерілін;

- оқушының шығармашылық ұсынысын және интеллектуалдық қабілетінің дамуын;

- табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді;

- оқушының патриоттық сезімінің оянуын;

- болашақта мамандықтарын саналы түрде өздері таңдауға т. б.

Олимпиада екі турдан тұрады. 1 - тур жазбаша(теориялық), 2 - тур ауызша(практикалық) .

Теориялық турдың тапсырмалары (1 тур)

1 тапсырма . Әр сұраққа 1 ұпайдан

1. Өсімдіктерде қор заттар қай жерде сақталады?

а/ядро

ә/хлоропласт

б/вакуоль

в/ядрошық

2. Итмұрынның жалған жемісі- көпжаңғақты жеміс неден дамиды?

а/түйін

ә/гүлтабан

б/аналық аузынан

в/аналық мойынан

3. Қылқандылар бүрлері дегеніміз не?

а/жеміс

ә/көбею органы, түріөзгерген өркен

б/тұқымбастама

в/ұрық

4. Тонометр өлшейді

а/өкпенің тіршілік сыйымдылығын

ә/қан қысымын

б/жүректің бір минутта жиырылу саны

в/дене температурасы

10

5. Қан айналудың үлкен шеңберіндегі көк тамырдағы қан

а/салатамыр қаны

ә/аралас қан

б/оттегімен қаныққан қан

в/көктамыр қаны

6. Дене жасушасынан жасушааралық сұйықтыққа мыналар сіңеді

а/оттегі

ә/көмірқышқыл газы

б/азот

в/нәруыз

7. Асқазан бездері асқазан сөлдерін бөліп шығарады, бұл сөлдердің әсерінен мыналар сіңіріледі

а/нәруыз және сүт майлары

ә/көмірсулар және өсімдік майлары

б/минералды тұздар

в/жануарлар майлары

8. Сыртқы ортаның температурасы мына жануарлардың дене температурасы кәдімгідей әсер етеді?

а/пингвиннің

ә/майшабақтың

б/итбалықтың

в/морждың

9. Құрбақа мен қолтырауынның құрылысының ұқсастығы былай түсіндіріледі?

а/бір ата-тектен шыққан

ә/бір аймақты мекен етеді

б/судағы тіршілікке бейімделген

в/бір класқа жіктелген

10. Егер сүйек отқа қыздырса

а/морт сынғыш

ә/серпімді болады

б/жұмсақ болады

в/иілімді болады

2 - тур ауызша(практикалық) .

1 - тапсырма /5ұпайдан /

1. Жұлынның құрылысына сипаттама бер?

2. Есту мүшелерінің құрылысына сипаттама бер?

3. Хромосоманың түрлерін атаңыз: 1.

2

3. .

11

2 - тапсырма /5 ұпайдан/

1. Әртүрлі организмдердің эукариотты клеткаларын салыстырыңыз.

1-кесте

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
белгілері
саңырауқұлақ клеткалары
өсімдіктің клеткалары
жануарлардың клеткалары
клетка қабырғасы
ірі вакуольдер
хлоропластар
қоректену тәсілі
центриольдері
белгілерісаңырауқұлақ клеткаларыөсімдіктің клеткаларыжануарлардың клеткаларыклетка қабырғасыірі вакуольдерхлоропластарқоректену тәсіліцентриольдері:
белгілері:
:
саңырауқұлақ клеткалары:
:
өсімдіктің клеткалары:
:
белгілерісаңырауқұлақ клеткаларыөсімдіктің клеткаларыжануарлардың клеткаларыклетка қабырғасыірі вакуольдерхлоропластарқоректену тәсіліцентриольдері:
белгілері:
:
саңырауқұлақ клеткалары:
:
өсімдіктің клеткалары:
:
белгілерісаңырауқұлақ клеткаларыөсімдіктің клеткаларыжануарлардың клеткаларыклетка қабырғасыірі вакуольдерхлоропластарқоректену тәсіліцентриольдері:
белгілері:
:
саңырауқұлақ клеткалары:
:
өсімдіктің клеткалары:
:
белгілерісаңырауқұлақ клеткаларыөсімдіктің клеткаларыжануарлардың клеткаларыклетка қабырғасыірі вакуольдерхлоропластарқоректену тәсіліцентриольдері:
белгілері:
:
саңырауқұлақ клеткалары:
:
өсімдіктің клеткалары:
:
белгілерісаңырауқұлақ клеткаларыөсімдіктің клеткаларыжануарлардың клеткаларыклетка қабырғасыірі вакуольдерхлоропластарқоректену тәсіліцентриольдері:
белгілері:
:
саңырауқұлақ клеткалары:
:
өсімдіктің клеткалары:
:

3 - тапсырмалардың (ОЖ1 -ОЖ3) алты жауабынан үш дұрыс жауапты таңдап алыңдар:

1. Тірі жасушадағы липидтер мынадай қызмет атқара алады:

  1. Құрылыстық
  2. Энергетикалық
  3. Катализдік
  4. Транспорттық
  5. Қозғалыстық
  6. Жылу өткізбейтін

2. Жабықтұқымды өсімдіктердің өздеріне ғана тән ерекшелігі:

  1. Қосарлы ұрықтану тән
  2. Түтіктері болмайды
  3. Ұрықтары ұрық түйінінде орналасқан
  4. Генеративті мүшелер - гүл және тұқымы бар жемістер
  5. Спора арқылы көбейеді
  6. Жерасты мүшесі - ризоид

4. тапсырма (10 ұпай)

2 - кестеде берілген жануарлардың кейбір класстарына сәйкес келетін белгілерді анықтандар.

Белгілері
Шаян-тарізділер
Көп- аяқтылар
Бунақ- денелілер
Өрмекші- тәрізділер
Белгілері: Нефридилері болмайды
Шаян-тарізділер: +
Көп- аяқтылар: +
Бунақ- денелілер: +
Өрмекші- тәрізділер: +
Белгілері: Көбінесе суда өмір сүреді
Шаян-тарізділер: +
Көп- аяқтылар:
Бунақ- денелілер:
Өрмекші- тәрізділер:
Белгілері: Екі жұп антеннасы бар
Шаян-тарізділер: +
Көп- аяқтылар:
Бунақ- денелілер:
Өрмекші- тәрізділер:
Белгілері: Құрсағы11 бөліктен тұрады
Шаян-тарізділер: +
Көп- аяқтылар:
Бунақ- денелілер: +
Өрмекші- тәрізділер:
Белгілері: Нағыз ауыз аппарыты болмайды
Шаян-тарізділер:
Көп- аяқтылар:
Бунақ- денелілер:
Өрмекші- тәрізділер: +

12

5 - тапсырма (20 ұпай)

Төменде берілген 1 - суретте (1, 2, 3, 4 . . . ) сандармен көрсетілген бөлімдердің аттарын төменде жазылған сөздермен байланыстыр.

C:\Users\User\Desktop\Без названия5461.jpg

Сурет - 1 . Иық белдеуі және қол сүйектері.

Бұғана, жауырын, тоқпан жілік, шынтақ сүйек, кәрі жілік, білезік сүйектері, алақан сүйектері, саусақ сүйектері.

13

2. 2 9 - сынып бойынша олимпиада өткізу жолдары

Мақсаты:

· оқушылардың пәндік білімдерін тереңдету;

· оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру;

· ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру;

· дарынды балаларды айқындау;

· оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаға іріктеу және дайындау

Олимпиада екі турдан тұрады. 1 - тур жазбаша(теориялық), 2 - тур ауызша(практикалық) .

Теориялық турдың тапсырмалары (1 тур)

Тест сұрақтары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология пәні бойынша олимпиадалық тапсырмаларды дайындаудың ерекшеліктері мен мәні
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тарихи-педагоги-калық негіздері
Химия пәнінен оқушыларды пәндік олимпиядаға даярлауды ерекшеліктері
Оқушыларды математикалық олимпиадаларға дайындау
Мектеп кезеңі
Математикадан логикалық есептер жинағы
Химиядан жүгізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Физика сабағында дарынды балаларды оқытудың ерекшеліктері
Оқушылардың математикалық қабілеттері мен ойлау қабілетін дамыту
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz