Ұлттық мәдениетіміздің бұйымдарына жататын қазақтың ұлттық киімдері



I тарау Кіріспе бөлім
1.1 Қазақтың ұлттық киімі туралы мәліммет
1.2 Қол өнерінің басты бір саласы . киім
II Негізгі бөлім.
2.1 Ұлттық мәдениетіміздің бұйымдарына жататын қазақтың ұлттық киімдері
2.2 Камзол киімі туралы мәлімет
2.3 Камзолдың тігілуі және пішілуі
2.4 Камзолдың әшекейленуі және безендіру жолдары
III Қорытынды бөлім.
3.1 Ұлттық киім камзолды пішіп тігудегі шығармашылық ойдың мәні
IV Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы, үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылығы – басқа жұрттардың киім-кешегі сияқты әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шығарылған ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден, әсіресе мал айналасында болатын маса – шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады. Киімді әшекейлеу, жағасына, өңіріне, етек-жеңіне кесте тігіп, оқа бастыру, зерлі жиектер жүгірту, киімді безендіруге қымбат металдар мен асыл тастардан түзілген әткеншектерді пайдалану көбіне әсемдікке құштарлықтан емес, дала қауымында жеке меншіктің пайда болуымен байланысты үстемдік етушілердің байлығын, әлеуметтік өміріндегі алатын орнын баса көрсету қажеттігінен туған болуы ықтимал. Өйткені даланы мекендеп үнемі малмен бірге көшіп-қонып жүрген елдің де, кедейшіліктің тауқыметін көп тартқан егіншілердің де сәндік құруға уақыты да, қаржысы да жете бермесе керек. Халық арасында кең тараған «сұлуынан жылуы» деген сөз де, сол көне заманнан қалған болуы мүмкін. Әйтседе, киім-кешекті әшекейлеу бірте-бірте ғасырлар өткен сайын қалыптасқан дәстүрге айналады да, әрбір ұрпақтың талғамына лайық өмір талқысынан өтіп, ұлттық киімнің бөліп қарауға болмайтын және оның өзіндік ерекшеліктерін баса көрсететін ыңғайластығы болып қала берген. Соңғы 15-20 жылда жүргізілген этнографиялық зерттеулерге қарағанда, қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің, жаңа моданың әсерімен, сол сияқты қазақша киімнен ешбір хабары жоқ, ұлттық дәстүрлерге жатпайтын жалған элементтермен көбірек айналысатын, бірақ өздерінің туындыларын кино, телевизия, театр қауымы мен концерттік ұйымдар арқылы тықпалауға мүмкіндігі бар кейбір суретші – модельерлердің орынсыз, араласуынан ұлттық киімнің пішішінде немесе тігісінде ғана емес, тіптен үкі қадауға да әр қилы өзгерістер пайда бола бастағандығын аңғаруға болады.
1. Орталық Азия зергерлерінің бұйымдары. Тасмағамбетов И. Алматы, 1997ж.
2. Қазақтың ою-өрнектері. Шөптібай Байдолдаұлы.
3. Технология. К. Өстеміров, Н.Адамқұлов, С.Асанова, Д.Әлмағамбетова, Т.Әміреев, А.Копников.
4. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. С.Кенжеахметов.
5. Жеті қазына. С.Кенжеахметов.
6. Қазақ киімі. Д.Жәнібеков. Алматы, 2005 ж.
7.Ақбаева Ш.Ә. Қазақтың дәстүрлі өнерінің негізінде оқушылырдың көркемдік талғамын қалыптастыру.Алматы,2007.; 32 б.
8.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. - М., 1975.;
9.Сабыров Т.С. Оқыту теориясының негiздерi, Алматы, 1993, 96 б.
10.Скаткин М.Н. Школа и всесторонее развитие детей, М., 1980, 236 б.
11.Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя, Автореферат дисс… доктора пед. наук, Киев, 1986, 46 б.
12.Занков Л.В. Обучение и развитие, М., 1975;
13.Давыдов В.В. Формирование учебной деятельности школьников, М., 1982, 285 б.
14.Эльконин Д.Б. Психологические услдовия развивающего обучения, (Обучение и развитие младших школьников) Материалы Международного симпозиума /Под ред. Г.С.Костюка, Киев, 1970, 65 б.
15.Ерғалиев I.Е., Телiбаев Ғ. Қазақ дүниетанымының негiзгi ұғымдары //Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының хабарлары, 1993, Қоғамдық ғылымдар сериясы, №3, Б. 32-38 б.
16.Н.А. Оразбаева “Қазақ халқының сәндік ою-өрнек өнері”
17.С.Төленбаев, М. Өмірбекова “Қазақтың ою-өрнектері” Алматы 1993.
18.Әмірғазин Қ.Ж. “Қазақ қол өнері” Алматы 1994
19.Қасимов С. “Қазақ қол өнері” Алматы 1969
Марғұлан Ә.Х. “Қазақ халық қол өнері” 1-2 том Алматы 1981
21.Арғынбаев Халел Қазақ халқының қолөнері : Ғылыми-зерттеу еңбек Алматы “Өнер” баспасы, 1987.
22.Байжiгiтов Б.К. Бейнелеу өнерiнiң философиялық мәселелерi: Кеңiстiк пен уақыт ырғағындағы тұрақты сурет үлгiлерi, Алматы, 1998, 192 б.
23.Шаханова Н. Мир традиционной культуры казахов: Этнографические очерки, Алматы, 1998, 184 б.
24.Қаратаев М. Әсемдiлiкке үйрететiн ұстаз, Алматы, 1965.
25.Басенов Т.К. Орнамент Казахстана в архитектуре, Алма-Ата, 1957.
26.Ерғалиев I.Е., Телiбаев Ғ. Қазақ дүниетанымының негiзгi ұғымдары //Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының хабарлары, 1993, Қоғамдық ғылымдар сериясы, №3, Б. 32-38 б.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
I тарау Кіріспе бөлім
1.1 Қазақтың ұлттық киімі туралы мәліммет
1.2 Қол өнерінің басты бір саласы - киім
II Негізгі бөлім.
2.1 Ұлттық мәдениетіміздің бұйымдарына жататын қазақтың ұлттық киімдері
2.2 Камзол киімі туралы мәлімет
2.3 Камзолдың тігілуі және пішілуі
2.4 Камзолдың әшекейленуі және безендіру жолдары
III Қорытынды бөлім.
3.1 Ұлттық киім камзолды пішіп тігудегі шығармашылық ойдың мәні
IV Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы, үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылығы - басқа жұрттардың киім-кешегі сияқты әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шығарылған ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден, әсіресе мал айналасында болатын маса - шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады. Киімді әшекейлеу, жағасына, өңіріне, етек-жеңіне кесте тігіп, оқа бастыру, зерлі жиектер жүгірту, киімді безендіруге қымбат металдар мен асыл тастардан түзілген әткеншектерді пайдалану көбіне әсемдікке құштарлықтан емес, дала қауымында жеке меншіктің пайда болуымен байланысты үстемдік етушілердің байлығын, әлеуметтік өміріндегі алатын орнын баса көрсету қажеттігінен туған болуы ықтимал. Өйткені даланы мекендеп үнемі малмен бірге көшіп-қонып жүрген елдің де, кедейшіліктің тауқыметін көп тартқан егіншілердің де сәндік құруға уақыты да, қаржысы да жете бермесе керек. Халық арасында кең тараған сұлуынан жылуы деген сөз де, сол көне заманнан қалған болуы мүмкін. Әйтседе, киім-кешекті әшекейлеу бірте-бірте ғасырлар өткен сайын қалыптасқан дәстүрге айналады да, әрбір ұрпақтың талғамына лайық өмір талқысынан өтіп, ұлттық киімнің бөліп қарауға болмайтын және оның өзіндік ерекшеліктерін баса көрсететін ыңғайластығы болып қала берген. Соңғы 15-20 жылда жүргізілген этнографиялық зерттеулерге қарағанда, қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің, жаңа моданың әсерімен, сол сияқты қазақша киімнен ешбір хабары жоқ, ұлттық дәстүрлерге жатпайтын жалған элементтермен көбірек айналысатын, бірақ өздерінің туындыларын кино, телевизия, театр қауымы мен концерттік ұйымдар арқылы тықпалауға мүмкіндігі бар кейбір суретші - модельерлердің орынсыз, араласуынан ұлттық киімнің пішішінде немесе тігісінде ғана емес, тіптен үкі қадауға да әр қилы өзгерістер пайда бола бастағандығын аңғаруға болады. Оның барлығын былай қойғанда біздер ғылыми мақсатқа орай немесе музей қорын толықтыру үшін ел арасынан сатып алып жүрген ең дәстүрлі киідердің өзінен де аздап та болса байқалатын түр өзгерістер көрініп жүр. Ұлттық киім - көненің көзі, бізге жеткен материалдық мәдениеттің жетістігі. Оны ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа сақтау қажеттігін ескерсек, мұндай жағдайларға үзілді-кесілді тыйым салған жөн. Біздің мәселенің бұл жағына баса назар аударып отырғанымыздың тағы бір себебі - уақыт өткен сайын ұлттық киімді сақтап, зерттеп - білудің қиынға түсе беретіндігінде болып отыр. Дегенмен, қазақтың ұлттық киімі дәуір талғамынан өтсе де ғылыми тұрғыдан әлі де болса толық екшеле қоймаған құбылыс есебінде онан әрі зерттей түсуді қажет етеді. Ұлттық киімді зерттеп білудің бірден-бір тиімді жолы жазба деректер болғанымен оларда қазақша киімнің дәл өзі жайлы мағлұматтар жоқтың қасы. Сондықтан да қазақша киімді егжей-тегжейіне дейін жете білетін ұрпақ - оны киген және түсіне білетін соңғы адамдар ауыспай тұрғанда жоспарлы түрде кең көлемді далалық экспедициялар ұйымдастырып, әлі де болса кездесетін ұлттық киім нұсқауларын жинай беруді ел аузындағы мәліметтерді жазып алумен қатар жүргізе берген жөн.

0.1 Қазақтың ұлттық киімі туралы мәліммет
Қазақтың ұлт киімдерінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер ішіндегі рулардың аттарымен де айырып айтылады. Мысалы, арғын тымақ, найман тымақ, қызай бөрік, ноғай бөрік т. с. с. Кейде географиялық мекен атына қарай да ерекше мәнер үлгіге бөлінеді. -- қоңырат үлгісі, жетісу үлгісі, арқаның үлгісі және т. б.Мұндай бөліп атау киімдердің кеңдігі, ықшамдылығы, бойға қонымдылығы және әшекейлеу мәнерлерінің ерекшеліктеріне қарай да ажыратылады. Мысалға, шапан үлгісін алайық. Ұлы жүздің шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, ашық жағалы келеді. Оңтүстік елі өзбек, тәжік, ұйғыр халықтарымен көршілес, көпшілік кәсібі бақ өсіріп, егін салу болғандықтан бұлардың киім үлгісімен тігілу мәнеріне осы жағдайлар ықпал еткен. Орта жүздің шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ ойма немесе түймелі болып келеді. Өйткені орта жүз қалаға жақын, орыс, татар халықтарымен аралас-құралас отырады. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып келеді. Осындай ара-тұра айырмашылықтары бола тұра, солардың бәріне бірдей ортақ, ұлттық мәнер мен қазақша атаулары бар. Үш жүздің қайсысында болса да шапанға шабу қояды және оны барлық жерде шабу деп атайды. Жеңтүптері кең келеді де, оны жеңтүп, ойынды, қолтырмаш деп атайды. Үш жүздің қайсысы болса да шалбарға ау қояды, қолтыққа қолтырмаш салады. Қазақ киімдерінің ең ықшамды кішірек түрлері орта жүз бен ұлы жүзде, ал ең мол, үлкен үлгілері кіші жүз жақтан кездеседі.
Қазақ киімдері іштік, сырттық, сулық, бір киер делініп төрт топқа бөлінеді. Іштік киімдерге -- көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей, сырттық киімдерге -- шапан, күпі, тон, шидем, сулық киімдерге -- шекпен, қаптал шапан, брезент, кебенек, кенеп, сырттық жатады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиын-топтарға барғанда, жат елге сапар шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақтың таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы дейтін мәтелі де осыны аңғартады. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдерінің ең жақсы көрнектісін киетін.
Халық арасында белгілі бір топтар үйде де, түзде де, күнделікті тұрмыста да ұдайы жақсы киініп жүрген. Олар бойжеткендер, бозбалалар, салдар, ән-күй, күрес өнерпаздары еді. Сол сияқты келіншектер де тұңғышын тапқанша өте сәнді киініп жүрген. Кестелі, зерлі, жалтырауық киімдерді қадырлы қарттардың да үнемі киіп жүруі ел рәсіміне тән сиымды салт деп саналған.
Еркек киімдерінің ең қымбаттысы -- аң терісінен істелген ішіктер. Олар аң түрлерінің атына сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, түлкі ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бірнеше түрге бөлінген. Аң терісінен тігілген ішіктердің сыртын шұға, мауыт, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы торғын, ләмбек сияқты бағалы да ширақы маталармен тыстаған. Кейде осы материалдарды бірнеше түсті жібек жіптермен кестелеп, сумоншақ, маржан тізген жіптер бастырып, етек-жеңіне алтын, күміс зер ұстап, кейде бөлек тігілген кестелермен сыртынан қаптап киген. Ішіктер кейде әдіпті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып келген.
Шапан көбінесе жүн тартылып бидайланып тысталған. Кей жерде шапанды әуелі астар мен бидайын қабып алып, тысты соның үстіне бос жабу арқылы тыстаса, кей жерлерде тура тыстың үстінен қабыған, кейде сыритын болған. Мұндай шапанды сырмалы шапан деп атаған. Шапандар көбінесе қайырма жағалы, кейде тік жағалы бешпент түрінде кездеседі. Қайырма жаға шапанның бір түймесі, тік жағалы бешпент шапанның екі түймесі бар.
Тон көбінесе иленген күздік қой терілерінен тігіледі. Орта денелі адамдарға 11 -- 12 қойдың терісінен тон шығады. Олардың шап терілері мен пұшпақ терілері, таңлықтары, мойын терілері бөлек алынады, яғни олар тон тігісіне пайдаланылмайды. Тондардың жүндері ішіне қарайды, ет жағы қынамен, қабықпен, томар бояумен боялады. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе шалып тігіп кестелейді. Кейде сыртына тыстық жапсырып қаптама тон да тігеді. Қаптама тондардың тыстарын әр түсті жіппен кестелеп, елтірі, сеңсең, аң терілерінен қайырма жаға жасап, етек-жеңіне жұрын ұстайды.
Жарғақ, тайжақы деген өң киімдерді тайдың, құлынның терісінен, жүнін сыртына қаратып істейді. Оларды да малмаға салып илеп, еттерін қырып, қабыққа, қынаға салып өңдерін басып ажарлайды. Шеттерінің әдіптерін кестелеп, жага-жеңдерін әшекейлейді. Кейде етегін, өңірін қаусырмасын қымбатты аң терісінен жұрындап қояды. Әдетте тайжақы мен құлын жарғақты бешпенттің, бешпент күпі сияқты жеңіл киімдердің сыртынан киеді.
Белдік пен кісені қайыстан, былғарыдан қабаттап, күмісті мықтармен, білезіктермен, көзді күміс бұдырлармен сәндейтін. Бұлардан басқа құр, терме, шекпен белбеулер де болған. Оларды да өрнектеп, шашақтап, әдемілеп істеген.
Шалбарды барқыт, пүліш, шұға, тібен, шөшінше, шибарқыт, шегрен, ләмбөк, мәлескен, қырмызы, қамқа, көк мауыты сияқты ширақы маталардан, қой-ешкі терілерінен тігеді. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, қалтасыз, кең балақ болып келеді. Оның кең тігілуі салт атқа мініп-тұруға, малдас құрып отыруға өте қолайлы болған. Шалбардың балағы кейде етік қонышының ішіне салынып, кейде қоныштың сыртында жүреді. Жеңіл шапан мен бешпенттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарланып алатын. Шалбарланып жүру әсіресе аңшылар мен батырларға, балуандарға тән әдет еді. Шалбардың балағы екі жанынан ойық (жырық) болып істелетін де, ол кестеленіп қойылатын. Сондықтан да шалбар өте сәнді және көрікті киімдердің бірі саналған. Қой терісінің әр түрлерінен (жүндес, қырықпа, тақыр және т. б.), ешкі және құлын терілерінен, былғарыдан тігілген шалбарды көбінесе тыстамайды. Оны бір түске бояп, кестелейді, балағын құндыз, сусар сияқты аң терілерімен жұрындайды. Теріден тігілген шалбарды матамен тыстап та жүрген. Еркектер көбінесе сырт киімдерін түймесіз, тек белбеумен ғана киген. Белбеуді бірнеше метр матадан ораған.
Әйел киімдерінің де әр аймақта әр түрлі үлгілер мен әр алуан атаулар бар. Солардың ішінде қазақ елінің бәріне тән түрлері: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекше сияқты заттар. Әйел киімдері әшекей, ажар жағынан ел салты бойынша төрт топқа арналып тігілген. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері. Бұлардың әрқайсысының тігілу мәнері де әшекейі де әр қилы. Қыз киімдерінің кеуделері тар, қынамалы, омырауы мен жаға-жеңдері кестелі, көйлектері қос етекті, бас киімдері үкілі, моншақты,аяқ киімдері биік өкшелі, жеңіл және қай киімі болса да алтын, күміс, меруерт моншақтармен әшекейленеді. Қыздар көбінесе құндыз бөрік, қатипа тақия киіп, шолпы тағып жүреді. Қыздар төсін жасыру үшін кеудесін көкірекшемен қатты тартып тастап жүрген. Келіншектер бір құрсақ көтергенше қыз киімдерін кие береді. Бірақ олар бөрік, тақия кимейді, үкі тақпайды және жалаңбас жүрмейді. Құрсақ көтерген келіншектер киімдерін мол етіп тігеді. Олардың бас киімдері шаршы, сарала жаң, торғын шәлі, қызға қарағанда әшекей заттары аздау болып келеді. Орта жастағы әйелдер құбатөбел киінеді. Олардың көйлектері қос етексіз, белі мен жеңі кең болып бүріледі. Бұл жастағы әйелдер шаршыны орап тартады. Жақтарын оқаламайды, жәй кестелейді. Қарт әйелдердің киімі неғұрлым етекті, мол қаусырмалы, қалталы, әшекейлерінің көбі тана, түйме, тіс шұқуыш, қапсырма, оқалы өңір сияқты заттар болған. Олар шолпы тақпаған, алқа салмаған. Ал оқалы жақ, көксауыр кебіс, кестелі мәсі, білезік, сырға, сақина, күміс түйме, теңге сияқты әшекейлі заттарды қай жастағы әйелдер болсын тағына берген.
Әйел киімдерінің ең бастысы көйлек, одан кейін сәукеле, бөрік, тақия, кимешек-жаулық, бергек сияқты бас киімдер мен қамзол, кәзекей, желетке. Әйел көйлегінің кеудесі мен етегі екі бөлек тігіліп, соңынан етекті кеудеге бүріп қосатын. Кеуденің етекке қосылған жерін көйлектің белі немесе бүрмесі деп атайды. Әйел көйлегінің кеудесі тар, етегі кең болады. Өңірі бүрмеге дейін ашық, оның асты-үсті әдіптеліп сырып өрнектеледі, мұны қақпа деп атайды. Ана болған әйел осы қақпа арқылы бала емізеді. Көйлектің жағасы тік шығарылып ол артынан, кейде бір жақ иық үстінен түймеленеді. Ал қыз-келіншектердің көйлегінің жағасы кестеленеді немесе қол инемен көркемдеп қайып тігіледі. Кейде жағаның үстіңгі шетін бүрмелеп желбірлеп қояды. Қыз-келіншек көйлегінің жағасының өңіріне бірнеше түймені тізіп қадайды.
Қыздар мен жас әйелдердің ең бір сәнді киімі қос етек көйлек. Қос етек көйлек әдетте ақ түсті қымбат жібектен, асыл матадан тігіліп таза жүннен тоқылады. Мұндай көйлекті қыс киюге арнайды да, бір киер көйлек санайды. Қос етек көйлек әдетте ұзын, кең, оның жеңінің ұшы мен жағасы, белі бүрмеленіп, қатпарлы желбір салынады. Әйел көйлегін ерекше сәндеп тұратын қосымша заттардың бірі омырауға не тігіп, не түйме, түйреуіш, ілгектермен жапсырып қоятын өңір деген зат. Өңір жағаның алдыңғы жаң түбінен бел бүрмесіне дейін, ені екі жақ қолтың тігісіне жетеді. Өңірді асыл матадан бөлек тігеді. Шет-шетін кестелеп, зерлер салып шашақтап, бетіне неше түрлі асыл тас, меруерт-моншақ, алтын не күмістен алқа, теңге, бастырма, жылтыраған үзбелі салпыншақтар қадайды. Өңірді кеудеше, көкірекше, төстік, алқа деп те атай береді.
Бас киім. Қазақ қауымының әдетінде ер мен әйелдің бас киімі де әр баса. Ерге тән бас киімдер: тақия, бөрік, тымақ, құлақты бөрік (құлақшын), қалпақ, шалма, шыткүлапара (башлық), жалбағай. Оларды теріден, ан терілерінен, тыстық маталар сырып тігеді. Әйел бас киімдері: кимешек, жаулық, күндік, шаршы, сәукеле, желек, шәлі бүркеніш, бергек т. б. Бұлар көбінесе іштік жеңіл матадан, ал қатипа тақия, құндыз бөрік, шошақ бөріктер ең қымбатты аң терілерінен тігіледі.
Қазақ ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған. Қазақтың дос аяғыңа қарайды, дұшпан басыңа қарайды дейтін мақалы осы жайдан қалыптасқан. Сол сияқты сыпайылық көрсеткенде, біреуден біреу кешірім өтінгенде, аяққа жығылғанда бас киімді шешіп немесе бөрігін аяқ астына тастап аһ ұру да осы бас киімді қастерлеуден туған. Қысқы, жазғы бас киімдер бір бөлек, той жиындарда, жорықтарда киетін бас киім бір белек болып түрліше тігілетін. Тымақ пен бөрікті көбінесе мәриден, елтіріден, сеңсеңнен, лақ терісінен, пұшпақтан т. б. мал терілерінен жасап тыстайды, арасына жүн салып сыриды. Қыстыгүні киетін түлкі терісінен жасаған тымақты барқыт, пүліш, атлас, шұға сияқты жылы, әрі қымбат маталармен тыстаған.
Жекей тымақ -- жаз бен күзде киетін әрі сәнді, әрі жеңіл елтірі тымақты айтады. Жекей -- сәнді деген сөз. Жекей тымақты дүрия, шағи сияқты жібек маталармен тыстап, кейде оның артқы етегін көтере түріп, кейде алдыңғы бір жақ құлағын алға келтіре әнтек шекеге салып киетін. Бөрікті де әр түрлі үлгіде қозы, қой, түрлі аң терілерінен тігеді. Бөріктің түрмесі кейде жалпақ, кейде жұмыр етіліп жасалады. Ал оңтүстік аймақтарда қой терісінен тігілген түрмесі үлкен бөрік киеді. Бөріктің неғұрлым жүнді де жылы түрлері Орал, Гурьев жағында жиі кездеседі. Жетісу, Семей, Өскемен жағында жаллпақ және биік түрмелі үлгілері кеп. Бұрын ақын, әнші, сауыққой салдар мен өнерпаз жастар өте сәнді тігілген шошақ төбелі құндыз бөрікке үкі тағып киетін. Тақияның да үлгілері мен атаулары көп. Етегі аласа, төбесі төрт сай болып келетін кестелі шошақ тақиялар оңтүстікте көбірек кездессе, аласа етекті, төбесі киіз үй сияқты тегеріш тақиялар орта жүзде көбірек кездеседі. Ал жалпақ төбелі, етегі биік тақия мен тостаған сияқты қаптама тақиялар кіші жүзге тән. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ, тана болмайды. Оның есесіне олар мүйіз, атерін, шырмауық сияқты өрнектермен кестеленеді, қолмен таңдай, ирек, қабырға тігістерімен әдеміленіп сырылады. Кейде ақиллардың дәл төбесінде сол матаның езінен істеген түіртпек шошағы болады. Оған бозбалалар, салдар, күйеулер ашақ, үкі, күлте, шоқ тағып сәндеп киеді.
Әйелдердің бас киімдері де бірнеше түрге белінеді. Олар: тақия, бөрік, орамал, жаулық, кимешек, күндік, сәукеле, желек, шәлі, бергек, қарқара және т. б. Қазақ ғұрпында ердің де, әйелдің де бас киімсіз жалаңбас жүруі ерсі саналған. Әсіресе әйелдер жалаңбас жүрмейтін.
Сәукеле әйелдің бас киімдерінің ішіндегі ең әшекейлісіде күрделісі. Сәукелені ұзатылатын қыздар және сол қызға еріп жүріп сыңсу айтатын нөкерлер киген. Қалыңдық күйеудің еліне барғанда да сәукелесімен барған. Келіншек оны той өткенше киіп отырып, той өткен соң сәукелені іліп қойып, оның орнына бергекті желек киетін. Сәукеленің негізі оның төбесі. Төбе не талдырма етіп қозы жүнінен арнайы басқан ақ киізден, не арасына қыл салып сырығын асыл матадан істеледі. Содан кейін төбені кестелеген, шет-шетіне құндыз жұрын ұстаған немесе алтын, күміс оқамен зерлеген тыспен тыстайды. Сәукеле төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Төбенің өн бойын алтын, күміс, меруерт, маржанмен, асыл тастармен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді. Сәукеленің екі жақ самай тұсынан бетке жеткізе шолпы тәрізді ендіріп бірнеше қатар маржан тізілген салпыншақтарды бетмоншақ немесе сәукеленің бетмоншағы деп атайды. Сәукеленің төбесінде алтынмен, күміспен әшекейленген қатырғы болады. Тізілген моншақты, асыл матадан, ақ жібектен жүргізген желекті осы қатырғыға бекітеді. Мұны бергек деп атайды. Кейде бергекке тоты құстың бірер тал қауырсынын тігінен қыстырып бекітіп қояды, оны қарқара дейді. Сәукеленің арт құлағы шашқап тәрізді белге дейін жетеді. Сәукеленің ең сыртынан жауып қойған шашақты әшекейлі жібек мата бар, ол көйлектің етегі құсап, жерге сүйретіліп жүреді. Кейде батырлар да осындай, сәукеле тәрізді мол әшекейлі дулыға киетін. Оның темірмен, шынжыр тормен қапталған, әсем түрлері көп. Бұларды жыға деп атаған.

Кимешек -- қазақ әйелдерінің киелі бас киімі.Әдетте кимешек ақ матадаң немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жаурынын жауып тұрады. Кимешекке қарап әйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс-жайын, тіпті жүріс-тұрысына дейін анық ажыратып алуға болады екен. Апаларымыздың ұқыптылығы мен салақтығы да кимешегінен көрінетін. Кимешектің түрі мен тарихи тұрпаты сан-алуан. Олар көбіне рулық-тайпалық өмір ерекшеліктеріне байланысты.

Суреттерде: Кимешек күндігімен - 1,2 ; Кимешектің әртүрлі үлгілері - 3-14; Дина Нұрпейісованың кімешегі - 15; өз әжем Нұғиның кимешегі (админнің ескертүі) - 16.
Орама кимешек -- кимешектің кең тараған түрі ғана емес, ең көне тұрнаты да. Тұтас матаның төменгі бұрышы дөңгеленіп кесіледі де, жоғарғы бұрышы әйелдің бет-пішініне орай ойылып тасталады. Төбе жағына кейде тігіс түсуі де мүмкін. Казақстанның көп жерінде бұл кимешек трапециялық, не төбесі шолақ үшбұрыш түрінде пішіліп, жоғарғы жағы бетке киілетіндей етіп ойылады. Кимешектің артқы ұшы ұзын келеді, кейде өкшеге жетеді. Қазақстанның шығыс өңірінде кимешек қысқа болып, алдыңғы бұрышы қиылған төрт гүл келеді. Бұл кимешектер құрама матадан жасалып, құлақ жағына шаршы қиықтар тігіледі.
Сырдарияның сағасын мекендеген қазак әйелдерінің арасында бүрмелі кимешек кең тараған. Бүрмелі кимешектің бет жағы шаршы келіп, төменгі ұзын ұшы омырауға түсіп, төбесі жинақтала келе түйіліп, кейде-кейде оның үстіне бөрікше киіледі. Оңтүстік өңірдің әйелдері матаны ұзыннан екіге бүктеп жартылай кесіп, оны қайта жалғай тігіп, тігісін арқасының суағар тұсына келтіреді. Жетісу келіншектерінің кимешектерінің үлгілері де аса мол, байлау үлгілері де ерекше көз тартады.
Кимешек әшекейсіз болмайды. Әшекей орнына алтын, күміс, ағыл, ақық, шырымтал, меруерт секілді металл және қымбат бағалы тастар қолданылған. Әрине, олар да әйелдің жас мөлшеріне, алеуметтік орнына орай тағылған. Кимешек пен оның алдыңғы өңірі ою-орнексіз болмаған.
Кимешектің егде және қартаң тартқан әйелдер киетін қарапайым түрлерін шылауыш, күндік деп атайды. Аса қарт бәйбішелер шалма да киетін.
Әйелдердің ақ матадан жасаған бас киімінің жалпы атауы -- ақ жаулық. Ақ жаулық апаларымыздың ақ ниетінің, иманжұзділігінің, кіршіксіз, адам табынарлық мөлдір мінезінің де белгісі еді.

Қолғап - қолға киетін киім. Ол қолды суықтан, жұмыс кезінде жарақаттанудан сақтайды. Қолғап тігілу, тоқылу үлгісіне қарай бес саусақты, үш саусақты, тұйықбас деп, ал тігілетін материалына қарай тері қолғап, жарғақ қолғап, тоқыма қолғап, брезент қолғап болып бөлінеді. Тері қолғап қойдың боялған терісінен тігіледі. Егер тері боялмаса, онда оның сыртын матамен тыстайды. Тері қолғапты көбінесе тұйықбас етіп, жарғақ қолғап тықыр теріден астар салып, көбіне бес саусақ түрінде тігіледі. Тоқыма қолғап түйенің, қойдың жүнінен, ешкінің түбітінен тоқылады. Тоқыма қолғап бес саусақты да үш саусақты да тұйықбас та болады. Қатты қайырым жұмыс істейтін адамдарға брезент қолғап керек. Ол тұйықбас та болады. Қазіргі кезде жеңіл өнеркәсіп орындары қолғаптың алуан түрін шығарады. Қолғаптың ең байырғы түрінің бірі - құсбегілер қолына киетін Биялай. Биялай түйенің мойнақ терісінен, бұғы, бұлан секілді аңдардың, өгіздің қалың мойын терісінен серідей тігіледі. Бүркіттің тегеуріні басқа теріні тесіп кетеді. Биялай да қолғаптың тұйықбас түріне жатады.
Ішік - сәнді әрі жылы киім. Мұның сыртын берік матадан, ішін аң, мал терісінен тігеді. Сәндік үшін жағасынан бастап өңірі, етегіне дейін теріден жұрындайды. Ішік ұзын әрі мол пішіліп тігіледі. Жағасы тік болады. Ішіне салынған терісіне қарай ол күзен ішік, қасқыр ішік, бұлғын ішік, түлкі ішік, суыр ішік, сеңсең ішік, жанат ішік деп аталады. Бота терісінен жүні ішіне қаратылып тігілген ішік сирек кездеседі. Ішікті еркектер де, әйелдер де киген. Әйелдерге, жастарға арналған ішіктер әшекейленіп, түрлі ою, кестелер салынып тігіледі.
Жаулық - ақ матадан жасалатын әйелдің ең негізгі бас киімі. Әз әжелер, асыл аналарды ардақтап, ақ жаулықты деп атайды. Жаулық - қазақ әйелдерінің ары, ажары, беделі мен көркі. Арқа жерінде ардақты әжелерге жоғары және төмен деп аталатын жаулық тартқан. Мұндай жаулықтар биік әрі көрнекті болған, әжелер мәртебесі мен ажарын көтере түседі. Ертеде мұндай жаулықтарды көбінесе бәйбішелер киген. Әжелер иығынан асып тұратын кимешекте киеді. Оның алдыңғы жағы түрлі түсті ою-өрнекті болады.
Бөкебайды әйелдер өздеріне шаршылап, кейде үшбұрыштап, әр түрлі үлгіде із салып, ақ немесе күлгін түсті түбіттен тоқиды. Тоқудың да қарға тұяқ, ирек, айшық, құстаңдай, бұрама деген көптеген түрлері мен үлгілері болады. Жиегіне тоқу арқылы шашақ салып, селдіретіп те тығыздап та білтелеп тоқиды. Жаңа тоқыған бөкебайды жуып, керіп кептіріп, үлпілдетіп түбітін шығарады әрі жылы, әрі сәнді бағалы киім болып шығады.

Мәсі - аяқ киімнің бір түрі, оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан тігеді. Мәсінің сыртынан кебіс не ластық (галош) киеді. Көбінесе мәсінің қонышы астарланып, көмкеріледі. Ал ұлтаны жалаң қабат болады. Ол тарамыспен, ішкі жағынан жөрмеп немесе жара шаншып өбістіре тігу арқылы ұлтарылады. Етікші мәсі тіккенде ең алдымен мәсінің басын, қонышын жұқа былғарыдан, ұлтанын қалың былғарыдан тігіп қондырады. Осыдан кейін мәсінің қонышын тігеді. Мәсінің қонышын қусырғанда тігістің арасына жіңішке сыздық салады.
Мәсі - әрі жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім. Ол әсіресе тазалық үшін аса қолайлы. Соңғы жылдары жергілікті кәсіпорындар мәсіні көптеп шығаратын болды. Аяқ киімнің бұл түріне деген сұраныс жылдан жылға көбейе түсуде.

1.2 Қол өнерінің басты бір саласы - киім
Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы -- киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу) , сондай-ақ көпшілігі театрлардың арнаулы заказы бойынша тігіліп жүр. Алматыдағы Қазақстан магазинінде, облыс орталықтарында ұлттық киімдер (шапан, мәсі , бөрік, қамзол т. б.) сатылады. Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразиядаласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасы. Қазақы киімнің барша сымбаты мен оюөрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар.
Айыр қалпақ.Ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі . Айыр қалпақ жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі . Ол негізгі екі бөліктен құралады. Олар -- қалпақтық төбесі және етегі (кейде қайырмалы деп те айтады) . Қалпақтың төбесі төрт сайдан (бөліктен) тұрады. Шебер пішілген төрт қиынды киізді арасына қара барқыттан сыздық салып, қайып тігеді . Сонда қалпақтың төбесі күмбез тәріздес болып шығады. Қалпақтың етегі жалпақтығы төрт елідей етіп, дөңгелектеп қиып алынған ақ киізден жасалады да, оны жоғарғы бөліктің (төбе) етегіне сыздық салып қондырады. Сәнді болу үшін, қалпақтың қайырмасының астыңғы жағы кейде қара барқытпен көмкеріледі . Қалпақтың төбесіне қара не басқа түсті шашақ тағын, төбесінің төрт сайы әр түрлі жібек жіптермен кестеленеді . Ақ киізден тігілген айырқалпақ әрі жеңіл, әрі салқын, әрі сәнді болып келеді . Соңғы кезде жергілікті өнеркәсіп орындары айыр-қалпақты әр түсті киізден жасап шығарып жүр.Жарғақ шалбар.Иленіп, әбден өнделген жұқа теріні қазақтар жарғақ дейді. Қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынған жарғақ теріден тігілген шалбарды жарғақ шалбар деп атаған. Бұл сәнді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа киген.Тымақ.Қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағаласы - түлкі тымақ. Оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Нұрлы көктем» (Шым Ши)
Қазақ халқының қолөнері және ұлттық киімдері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан аса бай мұра
Мозаикалық мата бұйымдарының көркемдік ерекшеліктері
Қазақтың зергерлік өнері
Қазақ ұлттық сәнді қолданбалы өнерінің түрлері мен даму тарихы
Киім қию этикасы мен мәдинеті (Дизайн)
Қазақтың ұлттық киімі
Кірпіш жылтыр оюлы
Зергерлік әшекей бұйымдар
Сақ өнерінің кейбір белгілері
Пәндер