Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың математикалық түсініктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыда негіздеу



I Тарау Кіші жастағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
1.1 Кіші жастағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
1.2 Кіші жастағы балалардың математика сабағында дидактикалық ойындарды қолданудың ролі.

II тарау Кіші жастағы балалардың кеңістікті бағдарлау ерекшеліктері бағдарламалық міндеттері.
2.1Кіші жастағы балалардың кеңістік ұғымын қалыптастыру
2.2 Кіші жастағы балалардың кеңістікті бағдарлауға арналған сабақ жоспарлары.
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер
балалардың оқу пәніне деген қызығушылығын оятуда басқа да әдіс-тәсілдерімен қатар, түрлі дидактикалық материалдарды қолданатын тиімді тәсілдердің бірі дидактикалық ойындар.
Кезінде оқушылардың оқу әрекетіне ойын элементтерін енгізуді К.Д.Ушинский ұсынған еді [1].
Балалардың ойлау қабілетін дамытуда математика пәнінің алатын орны ерекше. Оның әрбір жұмысы ой белсенділігін қажет етеді. Зерттеу балалардың ойлау қабілетін жетілдіретін жаттығу жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлу керек. Олар әртүрлі математикалық логикалық есептер, сөзжұмбақтар, математикалық ребустар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, санамақтар.
Математика сабағында ойын басым болатын мектепке дейінгі шақтан, ең бастысы – оқу болып табылатын мектеп өміріне көшу, педагогикалық сауатты ойластырылу керек. Балаларды дамыту зерттеулері көрсеткендей, ойында басқа іс-әрекет түрлеріне қарағанда, барлық психикалық процестер жақсы дамиды. Баланың психикасында ойынмен шартталған өзгерістер соншалықты салмақты болғандықтан, мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойын деп қалыптасқан көзқарас орнықты. Басты іс-әрекет болып, оның дамуымен байланысты, баланы жаңа жоғарғы сатысына дайындайтын оның психикасындағы негізгі өзгерістердің жүруі.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
I Тарау Кіші жастағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
1.1 Кіші жастағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
1.2 Кіші жастағы балалардың математика сабағында дидактикалық ойындарды қолданудың ролі.

II тарау Кіші жастағы балалардың кеңістікті бағдарлау ерекшеліктері бағдарламалық міндеттері.
2.1Кіші жастағы балалардың кеңістік ұғымын қалыптастыру
2.2 Кіші жастағы балалардың кеңістікті бағдарлауға арналған сабақ жоспарлары.
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер:

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: балалардың оқу пәніне деген қызығушылығын оятуда басқа да әдіс-тәсілдерімен қатар, түрлі дидактикалық материалдарды қолданатын тиімді тәсілдердің бірі дидактикалық ойындар.
Кезінде оқушылардың оқу әрекетіне ойын элементтерін енгізуді К.Д.Ушинский ұсынған еді [1].
Балалардың ойлау қабілетін дамытуда математика пәнінің алатын орны ерекше. Оның әрбір жұмысы ой белсенділігін қажет етеді. Зерттеу балалардың ойлау қабілетін жетілдіретін жаттығу жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлу керек. Олар әртүрлі математикалық логикалық есептер, сөзжұмбақтар, математикалық ребустар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, санамақтар.
Математика сабағында ойын басым болатын мектепке дейінгі шақтан, ең бастысы - оқу болып табылатын мектеп өміріне көшу, педагогикалық сауатты ойластырылу керек. Балаларды дамыту зерттеулері көрсеткендей, ойында басқа іс-әрекет түрлеріне қарағанда, барлық психикалық процестер жақсы дамиды. Баланың психикасында ойынмен шартталған өзгерістер соншалықты салмақты болғандықтан, мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойын деп қалыптасқан көзқарас орнықты. Басты іс-әрекет болып, оның дамуымен байланысты, баланы жаңа жоғарғы сатысына дайындайтын оның психикасындағы негізгі өзгерістердің жүруі.

Зерттеудің нысаны: мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үдерісі.
Зерттеудің пәні: мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың математикалық түсініктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі ұйымдарда
Зерттеудің ғылыми болжамы: мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың кеңістік ұғымын қалыптастыру ерекшеліктері айқындалады және қарастырылып отырған процестің жүйелілігі мен тұтастығы қамтамасыз етіледі.
Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге байланысты филосорфиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік еңбектерге талдау жасау; мектептегі оқу-тәрбие үрдісін бақылау
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Тарау Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
1.1 Кіші жастағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
Бүгінгі бөбек - ертеңгі азамат - қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші - балабақша тәрбиешілері. Өйткені білім мен тәрбие негізі баланың жеке басын қалыптастыру негізі балабақшада қаланады.
Балаларға сандарды айту, түсіндіру, артық, кем, тең қатынастарын анықтауда салыстыру тәсілінің мәнін түсіндіру, сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Ұзындығы мен ені, биіктігі мен жуандығын салыстыру арқылы сөздік қорларын молайтып, математикалық ұғымдарын қалыптастыру. Балабақшадағы балалардың білімін зерттеу тәрбиешінің ең маңызды, негізгі жұмыстарының бірі. Зерттеу жұмыстары баланың оқу жылы басындағы білім деңгейін жыл бойында оны жетілдіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, топқа тез үйреніп, жыл соңында балалардың ілгерілеуін анықтайды. Зерттеу әр баланың жетістік көрсеткіштерін анықтауға көмектеседі. Зерттеу әдісін таңдау оның мақсатына байланысты. Стандарттан алынған тапсырмаларға сүйеніп, балалардың деңгейін жоғары, орташа, төмен деп аламыз. Әр тоқсан сайын және жыл соңында балалардың білім деңгейін тексере отырып балл қойылады.
- тапсырманы қатесіз өз бетінше орындаған бала
- тапсырманы үлкендердің көмегімен орындаған бала
- тапсырманы қатемен орындаған бала
- тапсырманы орындамаған бала
Балалардың танымдық іс - әрекетін дамыту, олардың құзіреттілігін қалыптастыруда зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор. Көптеген зерттеулер балалардың көзқарасын кеңейтуде және қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуда математика пәнінің алатын орны ерекше. Оның әрбір жұмысы ой белсенділігін қажет етеді. Зерттеу балалардың ойлау қабілетін жетілдіретін жаттығу жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлу керек. Олар әртүрлі математикалық логикалық есептер, сөзжұмбақтар, математикалық ребустар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, санамақтар. Енді соның ішінде математикалық логикалық есепке тоқталайық.
Бес бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын бір алма.
Біреуін бер Маратқа,
Сонда қалмақ неше алма?
(4 алма)
Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі санамақ. Санамақтарды халық негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортадағы дүниені тану мен қатар халқымыздың атадан қалған салт дәстүрін де санау арқылы үйренеді, әрі дүниені таниды. Баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Атау ұйқастырып санау арқылы бала санауды үйренеді, әр санға ұқсас заттарды танып біледі. Қолданып жүрген санамақтарымнан мысал келтірейін.
Саусақтарды салалап,
Кел санайық санамақ.
Бірім - бірлік,
Екім - елік,
Үшім - үскі,
Төртім - түскі,
Бесім - бесік,
Алтым - асық,
Жетім - желке,
Сегізім - серке,
Тоғызым - торқа,
Оным - олжа,
Санамақты санадық
Енді сәл дем алалық.
Санамақтар әртүрлі мағынада болады. Осындай санамақтар арқылы балалардың тілін дамытып, санау қабілетін арттырамын. Санамақтағы әрбір сөзді, атауды есінде сақтаса, олар білімді, жеті атасын білетін, болашағынан үміт күттірер азамат болып өседі деп ойлаймын. Саусақ санау ойыны баланы сан үйренуге қызығушылығын арттырады. Осы санамақтарды бос уақытта, күннін екінші жартысында жаттату арқылы мағыналарына түсінік беремін. Санамақтар балаларға ұлттық нақышта тәрбие жұмыстарын жүргізумен бірге оларды мектепке даярлайды.

Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру тақырыбында зерттеу жұмысын жасадым.
Зерттеу барысында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда санды тура санау, санды кері санау, цифрларды тануы, көлем, салыстыру, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақыт ұғымдарын төмендегі тапсырмалар арқылы зерттедім.
1 - тапсырма: 1 - ден 5 - ке дейін тура санау.
1. Суреттегі алмұртты дұрыс санап беру керек.
2. Суреттегі балапандарды сана.
3. Алма ағашының басындағы алманы сана.

2 - тапсырма: 5 - тен 1 - ге дейін кері санау.
1. Ауызша 5 - тен 1 - ге дейін кері сана
2. Суреттегі санды көрсетіп, 5 - тен 1 - ге дейін кері сана.
3. Сан қатарындағы жазылмай қалған санды жаз.

3 - тапсырма: Цифрларды тануы.
1. Суреттегі цифрларды дұрыс көрсетуі керек.
2. Цифрларды ретімен жаз.
3. Суреттегі цифрды ретімен сызықпен сызып қос.

4 - тапсырма: Көлем.
Көлемді сипаттап айта білу үшін мына тапсырманы пайдаландым.
1. Суреттегі нәрсенің көлемі үлкенін тап.
2. Суреттегі заттың қайсысы ауыр.
3. Қайсысы кіші екенін ата.

5 - тапсырма: Шамаларды салыстыру.
1. Қай ағаш биік?
2. Қайсы жануардың бойы қысқа?
3. Суреттегі екі жолдың қайсысы жіңішке?

6 - тапсырма: Геометриялық пішіндер.
1. Заттар қандай геометриялық фигураға ұқсайды? Геометриялық фигураны шаршының ішіне сал.
2. Қай пішін жоқ? Соның суретін сал.
3. Үйшік қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған.

7 - тапсырма: Кеңістікті бағдарлау.
1. Не қайда орналасқан?
2. Қыздың оң жағында не бар?
3. Суретте жоғарыда не бар?
4. Қайда жасырынған?

8 - тапсырма: Уақыт.
1. Мынау қай уақыт?
2. Мезгілдердің ішінен күз мезгілін көрсет.
3. Кешкі уақытты көрсет

Оқу іс - әрекетінде көрсетіп, түсіндіріп серуен кезінде бақылау жүргізіп, қоршаған ортадағы заттарды салыстыру арқылы түсінік бердім. Соның нәтижесін тоқсан соңында тапсырма беру арқылы орындаттым.

Барлық тапсырманы орындағаннан кейін тоқсан соңында балалардың балдарын есептеп зерттеу кестесіне салдым. Алынған қорытынды бойынша баланың даму деңгейі және оның мектепке қаншалықты дайын екенін анықтадым.
35 - 40 балл болса баланың деңгейі жоғары. Ол тапсырмаларды жеңіл орындайды. Оның даму деңгейі жасына сай келеді. Бала мектепке баруға дайын.
25 - 30 балл болса баланың деңгейі орташа. Оған көмектесу қажет. Баланың қиын тиген бөлімдерге көңіл аудару керек. Сол бөлімдерге қосымша тағы жұмыс жүргізу керек. Сонда бала жақсы нәтижеге жетеді.
15 - 20 балл болса баланың деңгейі төмен. Бүл көрсеткіш баланың әзірге мектепке дайын еместігін білдіреді. Баламен көбірек жұмыс жүргізуді қажет етеді.
5 - 10 балл болса бұл нәтиже жеткіліксіз, бала мектепке баруға мүлдем дайын емес. Оның даму деңгейі жасына сай келмейді.

І - тоқсанда тобымдағы балалардың жинаған нәтижесі.
Нәтиже
18 бала - жоғары
4 бала - орташа
3 бала - төмен.

1.2 Кіші жастағы балалардың математика сабағында дидактикалық ойындарды қолданудың ролі.
Ойын басым болатын мектепке дейінгі шақтан, ең бастысы - оқу болып табылатын мектеп өміріне көшу, педагогикалық сауатты ойластырылу керек. Балаларды дамыту зерттеулері көрсеткендей, ойында басқа іс-әрекет түрлеріне қарағанда, барлық психикалық процестер жақсы дамиды. Баланың психикасында ойынмен шартталған өзгерістер соншалықты салмақты болғандықтан, мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойын деп қалыптасқан көзқарас орнықты. Басты іс-әрекет болып, оның дамуымен байланысты, баланы жаңа жоғарғы сатысына дайындайтын оның психикасындағы негізгі өзгерістердің жүруі [52].
Л.С.Выготский баллардың психикалық дамуындағы ойынның ролін қарастыра отырып, мектепке көшумен байланысты оның жоғалмайтынын, керісінше, ойын оқушылардың бүкіл іс-әрекетін өзіне сіңіріп алады. Ойын - балалардың жақсы меңгерген іс-әрекеті. Мұнда олар білім алу барысында, еңбек еткенде, көркем шығармашылықта пайда болған жаңа өмірлік міндеттерді шешу үшін өздеріне көмек болатын тәжірибе жинақтайды. Сондықтан ойынға тірелу - бұл балаларды оқу ісіне қосатын маңызды жол, тәрбиелік ықпал мен тіршілік әрекетінің нормативті шарттарына эмоцоналды жауапты қамтамасыз ететін тәсіл.
Ойын танымдық және шығармашылық белсенділікті синтездейтін сияқты. Кез-келген жаңа білім немесе білік, оқушыны онымен әрекет етуге итермелейді. Бұл әрекеттің сипаты, балаларға бұрын жинақтаған тәжірибеден ең жақын және түсінікті болатын ойын ретінде.
Балалармен жұмыс жасағанда қолданылатын сан алуан ойындарды: сөжетті-рөлдік, ойын-еңбек, дидактикалық және қимыл-қозғалыс, ойын-жұмбақтар деп ажыратады [53].
Танымдық жүктеме, ақыл-ойды дамыту қызметін көп жағдайда дидактикалық ойындар атқарады. Бұл ойындарды педагогика арнайы оқу-тәрбиелік мақсатқа сәйкес құрады.
Қолданылатын материал сипаты бойынша дидактикалық ойындар заттық (негізінде дидактикалық материалдар мен ойыншықтыр); үстел үстіндегі және Қиын саяхат, Лабиринт түріндегі логикалық ойындар; сөздік ойындар - жұмбақтар, есептер және тағы басқа болып болінеді.
Ойынның маңызды қызметі - ұйымдастырушылық. Сабақты ұйымдастырудың ойын формасы (жұмбақтарды шешу, қиялдаған саяхат және тағы басқа) балаларға танымдық іс-әрекетке еш қиындықсыз енуге көмектеседі.
Сабақтан тыс уақытты ойын формасында ұйымдастыру, тұлғаның бірнеше рет ашылуына, қабілеттерінің дамуына, ортақ қызығушылықтары негізінде балалардың ұйымдасуына мүмкіндік береді.
Ойынның сауықтыру қызметі мен тапсырмалардың маңыздылығының саналы үйлесуі, кіші мектеп оқушыларына оқушының рөлін игеріп, қызығушылықпен оқуға, сабақта белсенді және зейінді болуға көмектеседі. Мұғалімнің дидактикалық ойындарды қолдануы, жаңа оқу міндетін орындау үшін және сабақта өтілген материалды бекіту үшін балалардың бірігуіне әсер етеді.
Ойын күрделі мәдени-әлеуметтік феномен, оған көптеген мәдени-философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулер арналған. Ойынды оқу мақсатында қолдану мәселесіне ерекше орын беріледі. Оның күрделілігі ойын іс-әрекетінің өзіне тән табиғатында байқалады: оның көптеген анықтамаларында өзара құндылығы, тәжірибелік бағыттылығы ешбір өзгеріссіз белгіленеді. Сонымен қатар, оқыту болмысы - мұғалімнің міндеттерінен тыс алдын-ала қойылған дидактикалық мақсатқа бағындырып, өз мамандығына сәйкес ұйымдастыруға тиісті, мақсат-бағдарлы іс-әрекет. Сондықтан дидактикалық ойындар іштей қарама-қайшы болып келеді [55].
Психологтар мен педагогтардың зерттеулері бойынша, ойын барысында балалардың қиялы, көрнекі ойлау қабілеті дамиды. Бұған себеп болатыны, ойын барысында бала айналадағы шындықтың өз тәжірибесінен іс-әрекетінен тыс кең ортасын жасауға талпынады, ал мұны тек шартты әрекеттер арқылы ғана жүзеге асыра алады. Ең алдымен бұл шынайы заттарды ауыстыратын ойыншықтар. Ойынды кеңейту (ересектердің өмірі мен қатынастарының күрделі әрекеттері мен жағдайларын жаңадан жасау) және мұны ойыншықтар мен заттық әрекеттер арқылы ғана жүзеге асыруға мүмкіндігінің жоқтығы, бейнелеу, сөйлеу, елестету әрекеттерін қолдануға көшуіне әкеледі (санасында бейнеленуі, ойша) [56].
Ойында балалардың шындықтағы бейнелермен әрекет ету қабілеті, өз кезегінде, шығармашылық іс-әрекеттің келесі күрделі формаларына ары қарай өтуге негіз болады. Сонымен қатар дамуының өзі өте маңызды, онсыз адамның ең қарапайым деген іс-әрекеті мүмкін емес.
Ойын балалардың басқа адамдармен өзара әрекет жасай алу қабілетін дамытуға үлкен ықпал етеді. Бала ойын барысында ересектердің әрекеттері мен қарым-қатынастарын қайталағанда, ол өз құрбыларымен бірлескен ойында сол әрекеттестіктің ережелері мен тәсілдерін үйренумен қатар, өзара түсіністік, тәжірибесін жинақтап, өзінің әрекеттері мен ниеттерін дәлелдеуге, оны басқа балалармен келістіруге үйренеді [57].
Балаға болашақта, ең біріншіден мектепте: құрбы-құрдастарының үлкен ұжымына енгенде, мұғалім түсіндірулеріне зейін аударғанда, үй тапсырмасын орындағанда өз әрекеттерін бақылауға жоғарыда аталған барлық қасиеттер керек екенін түсініру қажет емес. Басқа сөзбен айтқанда ойын жай ғана әрекет емес, ол балаға қуаныш сыйлаумен қатар, оны дамытуының жеке тұлғаны қалыптастырудың күшті құралы болып табылатынын ересектер естен шығармау керек [58].
Шығармашылық немесе сюжетті-рөлдік ойындарды балалардың өздері құрады. Олар мазмұны бойынша (ересектердің тұрмысы, еңбегі, қоғамдық өмірі); ұйымдастырылуы, қатысушылар саны бойынша (жеке дара, топтық, ұжымдық); сыртқы көрінісі бойынша (сюжетті балалардың өздері құратын ойындар, драматизация-ойындары - ертегі мен әңгімелерді сахналау.)
Ертегелері бар ойындардың дайын мазмұны мен алдын ала қалыптасқан әрекеттер тізбегі болады; мұндағы ең бастысы - қойылған міндетті шешу, ережелерді сақтау. Ойын міндеті бойынша, олар екі үлкен топқа бөлінеді: қимыл-қозғалыс және дидактикалық. Бірақ бұл тек шартты түрде ғана осылайша жіктеледі, себебі көптеген қимыл-қозғалыс ойындардың оқытушылық мәні бар (кеңістікте бағдарлауды дамыту, өлең шумақтар, әндер, санау және тағы басқаны білуін талап етеді), ал кейбір дидактикалық ойындар түрлі қозғалыстармен байланысты болады.
Ережелері бар ойындар мен шығармашылық ойындар арасында ұқсастықтар бар: шартты ойын мақсатының болуы, мен белсенді өздік іс-әрекет, қиялды іске қосу қажеттілігі. Көптеген ережелері бар ойындардың сюжеті болады, мұнда рөлдер ойналады. Шығармашылық ойындардың да ережелері болады - онсыз ойын сәтсіз өтеді, бірақ осы ережелерді балалар сюжетке сәйкес өздері орнатады [59].
Ережелері бар ойындар мен шығармашылық ойындардың айырмашылығы: шығармашылық ойныда балалардың белсенділігі ойынның ой түйінін ашуға, сюжеттің дамуына бағытталған; ережелері бар ойындардың ең бастысы - міндетті шешу, шартын орындау.
Дидактикалық ойындардың мәні, балалардың оларға қызықты ойын формасында ұсынылған міндеттерді шешу, белгілі бір қиыншылықтарды жеңе отырып, өздері шешімін табуымен анықталады. Бала оған ұсынылғын тапсырманы тәжірибелік, ойын ретінде қабылдайды. Бұл оның ақыл-ой белсенділігін жоғарлатады [60].
Ойын балалардың бейнеленетін нәрсеге қатынасын анықтап, осы қатынастың бекітілуі мен дамуына ықпал етеді. Бала құбылыспен, объектімен, жағдаймен және тағы басқалармен танысқан кездегі қуаныш, таңдану, таңырқау сезімдерін қайта басынан кешіргісі келеді. Олардың ойынға тұрақты қызығушылығы осымен түсіндіріледі. Балалар мектепте, сабақ үстінде көргісі келетінін, ойын арқылы тәжірибе түрінде жүзеге асырады [63].
Дидактикалық ойындар оқыту мазмұны, танымдық іс-әрекет, ойын әрекеттері мен шарты, балалардың ұйымдасуы мен қарым-қатынасы және мұғалімнің осы әрекеттегі рөлі бойынша бөлінеді. Аталған белгілер барлық ойындарға тән, бірақ, бір ойындарда бір белгілер көрініс тапса, өзгелерінде басқа белгілер айқын көрінеді.
Ойындарды тура типі бойынша топтау, классификациясы жоқ. Ойындарды көбінесе оқыту мазмұны бойынша бөледі: сенсорлық қабылдау ойындары, сөздік ойындар, табиғатпен танысу ойындары және тағы басқа [64].
Кейде ойындарды дидактикалық материал бойынша топтастырады.
1 кесте - Қолданылатын материалдар бойынша ойындардың топтасуы


Ойындар
Ойындардың сипаты
1
Заттармен ойналатын ойындар (ойыншықтар, табиғи материалдар және тағы басқа)
Бұл ойындар балаларға әсіресе қол жеткізерлік болады, себебі осы ойындар тікелей қабылдауға негізделген, балалардың заттармен әрекет жасау талпынысына және сол арқылы оларды танып білуге сәйкес құрылған.
2
Үстел үстіндегі - баспа ойындары
Заттармен ойналатын ойындар секілді, көрнекілік принципіне негізделген, алайда мұндай заттың өзі қоланылмай, оның бейнесі ғана беріледі.
3
Сөздік ойындар
Осы ойындар ең күрделі болып табылады. Олардың тікелей қабылдауымен байланысы жоқ. Мұнда балалар елесті іске қосу керек. Бұл ойындардың оқушының ойлау қабілетін дамытуда пайдасы мол, себебі балалар басқалардың пікіріне сүйенбей, өз бетінше пайымдау мен ой қорытындылар жасауға, логикалық қателіктерді байқауға үйренеді

1. Заттармен ойналатын ойындар (ойыншықтар, табиғи материалдар және тағы басқа) балаларға әсіресе қол жеткізерлік болады, себебі осы ойындар тікелей қабылдауға негізделген, балалардың заттармен әрекет жасау талпынысына және сол арқылы оларды танып білуге сәйкес құрылған.
2. Үстел үстіндегі - баспа ойындары, заттармен ойналатын ойындар секілді, көрнекілік принципіне негізделген, алайда мұндай заттың өзі қоланылмай, оның бейнесі ғана беріледі. Үстел бетіндегі - баспа ойындары дидактикалық ойындар сияқты өз бетінше ақыл-ой жұмысын талап еткенде ғана дұрыс, әрі табысты болады.
3. Сөздік ойындар ең күрделі болып табылады. Олардың тікелей қабылдауымен байланысы жоқ. Мұнда балалар елесті іске қосу керек. Бұл ойындардың оқушының ойлау қабілетін дамытуда пайдасы мол, себебі балалар басқалардың пікіріне сүйенбей, өз бетінше пайымдау мен ой қорытындылар жасауға, логикалық қателіктерді байқауға үйренеді [65].
Сонымен қатар, дидактикалық ойындарды оқыту мақсаты мен міндеттері бойынша топтастыруға болады.
1) Саяхат ойындар қияли келеді. Ойынның мақсаты - танымдық мазмұнға сәл ғажайып сипат беріп, әсерін күшейту, балалардың жан-жағындағы байқалмай қалған нәрселерге көңіл аударту. Осындай ойындар зейін мен байқағыштықты дамытады.
2) Нұсқау - ойындар. Оның негізінде заттармен, ойыншықтармен әрекет жасау, сөздік нұсқаулар (бір түсті заттарды біріктіру, заттарды көлемі, формасы және басқа да белгілері бойынша бөлу.)
3) Ұйғарым ойындары. Не болар еді? немесе Мен не істер едім? және тағы басқа. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына міндет, жағдаят немесе мәселе тудыруын ал бұл олардың келесі әрекеттерін ойластыруды талап етеді. Бұл ойындар бар білімін себеп-салдар байланыстары арнасының кез келген жағдайында қолдана алу икемділіктерін талап етеді.
4) Ойын-жұмбақтар білімді, тапқырлықты тексеру үшін қолданылады. Жұмбақтардың басты ерекшелігі логикалық есеп болып табылады. Логикалық есептердің құрылу тәсілдері әр түрлі, бірақ олардың барлығы оқушылардың іс-әрекетін белсендіреді. Оқушыларға ойын-жұмбақтар ұнайды.
Салыстыру, еске түсіру, ойлау, шешімін табу қажеттілігі ақыл-ой еңбегінің қуанышын толтырады. Жұмбақ шешу талдау, жалпылау, қабілеттерін дамытып, пайымдау, қорытынды шығару, ой түйіндер жасау икемділіктерін қалыптастырады.
5) Ойын-әңгіме (диалог). Мұның негізінде мұғалімнің оқушылармен, оқушылардың мұғаліммен және оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы жатыр. Ойын әңгіме мұғалімнің сұрақтарын, құрбыларының сұрақтары мен жауаптарын тыңдау, әңгіменің мазмұнына зейін қоя білу қабілеттерін тәрбиелейді. Мұның бәрі міндетті шешудің белсенді ізденісін сипаттайды.
2 кесте - Оқыту мақсаты мен міндеттері бойынша ойындарды топтастыру


Ойын
Ойынның мақсаты мен міндеті
1
Ойын - саяхат
Ойынның мақсаты - танымдық мазмұнға сәл ғажайып сипат беріп, әсерін күшейту, балалардың жан-жағындағы байқалмай қалған нәрселерге көңіл аударту. Ойынның міндеті - зейін мен байқағыштықты дамытады.
2
Ойын - нұсқау
Оның негізінде заттармен, ойыншықтармен әрекет жасау, сөздік нұсқаулар (бір түсті заттарды біріктіру, заттарды көлемі, формасы және басқа да белгілері бойынша бөлу.)
3
Ойын - ұйғарым
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына міндет, жағдаят немесе мәселе тудыруын ал бұл олардың келесі әрекеттерін ойластыруды талап етеді.
4
Ойын - жұмбақ
Ойынның мақсаты - білімді, тапқырлықты тексеру. Жұмбақтардың басты ерекшелігі логикалық есеп болып табылады. Логикалық есептердің құрылу тәсілдері әр түрлі, бірақ олардың барлығы оқушылардың іс-әрекетін белсендіреді. Салыстыру, еске түсіру, ойлау, шешімін табу қажеттілігі ақыл-ой еңбегінің қуанышын толтырады. Жұмбақ шешу талдау, жалпылау, қабілеттерін дамытып, пайымдау, қорытынды шығару, ой түйіндер жасау икемділіктерін қалыптастырады.

5
Ойын - әңгіме (диалог)
Ойын әңгіме мұғалімнің сұрақтарын, құрбыларының сұрақтары мен жауаптарын тыңдау, әңгіменің мазмұнына зейін қоя білу қабілеттерін тәрбиелейді.

Дидактикалық ойындардың мәнін түсінуден шығатын келесі талаптар қойылады:
- әр дидактикалық ойындарды балалардың ақыл-ой дамуы мен тәрбиесі үшін арналған жаттығулар құру керек;
- дидактикалық ойында міндетті түрде қызықтыратын тапсырманың болуы шарт, себебі оның шешуі ақыл-ой белсенділігі мен қиыншылықтарды жеңуді талап етеді;
- ойындағы дидактизм сауықтырумен, әзіл-қалжыңмен ұштасу керек. Ойынмен әуестену қойылған міндеттерді орындауды жеңілдетеді.
А.В.Сухомлинский жазған: Ойынсыз сапалы, ақыл-ой дамуы жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын - бұл үлкен жарқын терезе, осы терезе арқылы баланың рухани әлеміне көріністер мен ұғымдар ағыны құйылады. Ойын - бұл танып білуге құштарлық жалынын жандыратын ұшқын.
Біз екінші сыныптағы жеті жасар оқушылармен жұмыс жасау барысында бірқатар мәселелерге тірелдік. Сынып жетекшісіне кездесетін негізгі қиыншылық - кейбір балалардың ортақ оқу ісіне ене алмауы. Олар көбінесе берілген тапсырманы елемейді, оны орындауға еш талпыныс жасамайды, көбі оқуға қатысы жоқ сұрақтар қояды. Осындай мінез-құлық екінші сынып оқушысына тән. Сонымен қатар, егер оқу оларды қызықтырмаса, мұндай балалардың зейіні мен есте сақтау қабілеті әлсірейді. Балалардың ерік-жігері мен санлылығы нашар дамыған, олар тез жалығып кетеді, өте сезімтал және әсершіл келеді. Сондықтан да сабаққа ойын мен ойын жағдаяттарын енгізу керек.
Ойын балабақша мен мектеп арасындағы байланысты сақтау үшін (одан кейін, бастауыш сатыда сыныптан сыныпқа көшкенде), шамадан тыс психикалық және физикалық жүктемелерді төмендету үшін қажет. Психологтардың дәлелдеуінше, өзіндік жағымды қатынасымен, эмоциялармен, боялмаған, ешбір қызығушылықсыз игерілген білімнің пайдасы жоқ.
Тәжірибе көрсеткендей, ойынды бірінші және үшінші кезеңде өткізген дұрыс. Ойынды жете бағаламау немесе асыра бағалау оқу-тәрбие үрдісіне теріс әсер етеді. Ойынды жөнді қолданбаған кезде сабақта оқушылардың белсенділігі төмендеп, оқуға қызығушылығы әлсірейді, ал ойынды асыра бағалауда балалардың ойыннан ойыны жоқ, дәстүрлі оқытуға ауысуы қиынға соғады [66].
Ойындарды іріктеп алғанда, кіші мектеп оқушыларының көрнекі-әрекеттік ойлау қасиетін ескеру керек. Ойындар баланың психикасының, жан-жақты, сапалы дамуына, танымдық қабілеттеріне, құрбы-құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасау тәжірибесіне әсер етіп, іс-әрекетіне қызығушылықты баулуын, баланың талдау, салыстыру, жалпылау икемділіктерін меңгеруге көмектесетінін естен шығармау керек. Ойындарды ұйымдастырғанда баланың ақыл-ой іс-әрекеті, оны қоршаған заттармен байланысты әрекеттерге сәйкес болу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық мәдениетін калыптастырудың педагогикалық бағыттарын теориялык тұрғыда негіздеу
Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру
Мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математиканы оқыту процесі
Мектепке дейінгі балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды қолдану мүмкіндіктерін талдау
Танымдық құзыреттілік сипаттамасы
Балабақшада қарапайым математика сабақтарын өткізу технологиялары
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу–танымдық әрекетін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын қалыптастыру
Пәндер