Маталарды дайындау технологиясы



I тарау Кіріспе бөлім
Маталармен танысу
Маталарды дайындау технологиясы
Жіп иіру жайында жалпы мағлуматтар
Иірілген жіптер мен жіптердің топтасуы
Иірілген жіптер мен жіптердің ақаулары
II тарау Негізгі бөлім
Маталарды өңдеу технологиясы
Тігін машинасымен жұмыс жасау технологиясы
Тігіс түрлер
Өлшем алу түрлері
Киім бөлшектерін біріктіру үшін және оның кескіндерін өңдеу үшін (етегін, өңірін, жағасын және т.б.) жіптік, желімдік және пісірілген тігістер қолданылады. Жіптік тігістерге бір немесе бірнеше мата қабаттарын тігістермен біріктіру немесе өңдеу орындарын жатқызады (сурет 4, а). Желімдік тігістерде маталар қабықша (сурет 4, ә) ұнтақ немесе жіп түріндегі желіммен біріктіріледі. Тісірілген тігістерде матаның немесе қабықшалы материалдарының синтетикалық талшықтарының термопластикалық қасиеттері қолданылады.

Жіптік тігістерді бір немесе бірнеше тігістермен орындайды. Тігістер-тігіс элементі болып табылатын бір қатар тепшімдерден құралады. Тепшім дегеніміз – матаны инемен тескендегі жіптер арасындағы айқаспа. Жіптердің айқасу сипатына және тепшімдердің матада орналасуына байланысты тігістер сыртқы түрі және құрылысы бойынша әр алуан болып келеді. Құрылысы бойынша көптеген бірдей тігістер белгіленуі бойынша ерекшеленеді: мысалға, бастырылып тігілген, машиналық тігіс 1 (4, а суретті қараңыз) біріктіруші болып табылады, ал дәл осындай тігіс 2-сәндік болып келеді. Әрбір осы тігістің орындалу үрдісі өзіндік технологиялық ерекшелікке ие және әр түрлі тәсіл мен жабдықты қолдануды талап етеді.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
I тарау Кіріспе бөлім
Маталармен танысу
Маталарды дайындау технологиясы
Жіп иіру жайында жалпы мағлуматтар
Иірілген жіптер мен жіптердің топтасуы
Иірілген жіптер мен жіптердің ақаулары
II тарау Негізгі бөлім
Маталарды өңдеу технологиясы
Тігін машинасымен жұмыс жасау технологиясы
Тігіс түрлер
Өлшем алу түрлері

Тепшімдер мен тігістер. Киім бөлшектерін біріктіру үшін және оның кескіндерін өңдеу үшін (етегін, өңірін, жағасын және т.б.) жіптік, желімдік және пісірілген тігістер қолданылады. Жіптік тігістерге бір немесе бірнеше мата қабаттарын тігістермен біріктіру немесе өңдеу орындарын жатқызады (сурет 4, а). Желімдік тігістерде маталар қабықша (сурет 4, ә) ұнтақ немесе жіп түріндегі желіммен біріктіріледі. Тісірілген тігістерде матаның немесе қабықшалы материалдарының синтетикалық талшықтарының термопластикалық қасиеттері қолданылады.

Жіптік тігістерді бір немесе бірнеше тігістермен орындайды. Тігістер-тігіс элементі болып табылатын бір қатар тепшімдерден құралады. Тепшім дегеніміз - матаны инемен тескендегі жіптер арасындағы айқаспа. Жіптердің айқасу сипатына және тепшімдердің матада орналасуына байланысты тігістер сыртқы түрі және құрылысы бойынша әр алуан болып келеді. Құрылысы бойынша көптеген бірдей тігістер белгіленуі бойынша ерекшеленеді: мысалға, бастырылып тігілген, машиналық тігіс 1 (4, а суретті қараңыз) біріктіруші болып табылады, ал дәл осындай тігіс 2-сәндік болып келеді. Әрбір осы тігістің орындалу үрдісі өзіндік технологиялық ерекшелікке ие және әр түрлі тәсіл мен жабдықты қолдануды талап етеді. Құрылысы бірдей көптеген тігістер әр алуан тігін машиналарында орындалады. Орындалу жылдамдығы, біріктіру беріктілігі және бөлшектерді өңдеу сапасы бойынша ең тиімдісі машиналық тігістер болып табылады. Сондықтан киімді көлемдік өндіру де қол тепшімдерімен тігістері шектеулі түрде қолданылады. Төмендегі қол тепшімдері мен тігістері туралы мағлұматтар киім технологиясы мен терминологиясының элементтерімен танысу үшін қажет.

Сурет 4 - Жіптік және желімдік тігістер
Қол тепшімдері мен тігістері. Қол тепшімдері 12 номерлі диаметрі 0,6 дан 1,8 мм дейін және ұзындығы 30 дан 75 мм дейін тігін инелерінің көмегімен орындалады.

Көйлектік және іш киімдік маталарды өңдеу үшін №1,2,3 инелер (диаметрі 0,6-0,7 мм, ұзындығы 30-40 мм), №80, 60, 50 мақта маталы №65-75 жібек жіптер қолданылады; костюмдік маталарды өңдеу үшін - №4, 5, 6 инелер (диаметрі 0,6-0,9 мм, ұзындығы 30-40 мм), №50, 40 мақта маталы, № 25 жібек жіптер; пальтолық маталарды өңдеу үшін - №7,8,9,10 инелер (диаметрі 0,9-1,2 мм, ұзындығы 40-50 мм) №40 және 30 мақта маталы, №18 жібек жіптер қолданылады.

Жібек немесе оның орнын басатын кешенді синтетикалық жіптер жүн, жібек маталарынан жасалған және синтетикалық талшықтары бар мата маталарынан жасалған бұйымдарды дайындау кезінде қолданылады.

Қол тепшімдері материалдың тесілуіне байланысты тәсілмен түзеледі немесе ине материалға кіргізіледі де тесу кезінде бір жағынан шығарылады (сурет 5, а) немесе ине материалдың бір жағынан кіргізіліп, екінші жағынан шығарылады (сурет 5, ә). Бірінші тәсіл кең қолданысқа ие. Екінші тәсілді түймеліктерді және бөлшектер кескінін торлау үшін, сондай-ақ бірнеше маталар қабатын тесу кезінде бүкпе мен қалта ұштарын біріктіру үшін қолданылады.

Қол тепшімдерінің құрылымы материал ішіндегі және бетіндегі түзуші жіптердің орналасуына (тік, қиғаш, ілмек тәріздес, айқаспа тәріздес), сондай-ақ беттік жіптерінің а ұзындағы (сурет 5, в) мен интервалдарының в қалтасына байланысты болады. Тепшім ұзындығы тігіс бойымен өлшенетін беттік жібінің а ұзындығы мен және беттік интервалымен в анықталады. Қиғаш, айқаспа тәріздес және ілмек тәріздес тепшімдерінің шамасы сондай-ақ олардың енімен с анықталады.

Әр түрлі қол тепшімдерінің ұзындығы тігілетін мата қалыңдығына және тепшім мен тігіс түріне байланысты 2 ден 50 дейін өзгереді. Көбінесе қалың маталарды өңдеу кезінде тепшім ұзындықтары ұзындау болып келеді. Сондай-ақ әр түрлі тепшімдер ені тепшім, тігіс түріне және материал қалыңдығына байланысты және 1 ден 7 мм дейін өзгеріп отырады.

Киімді дайындау кезінде қол тепшімдерінің бес негізгі түрлері қолданылады: тік, қиғаш, айқаспа (крест) тәріздес, ілмектәріздес және ілмектік.

Ілмектік тепшімдер арнайы белгіленуіне ие, оларды түймеліктерді торлау үшін қолданылады. Барлық қалған тепшімдер әмбебапты, яғни, оларды киім бөлшектерін өңдеу және біріктіру кезінде әр түрлі тігістерді орындау үшін қолданылады.

Сурет 5 - Қол тепшімдерінің түзілу тәсілдері
Тік тепшімді тігістер. Тік тепшімдер (сурет 5, б қараңыз) жай тігістер болып табылады және құрылымы бойынша оңай сөгілетін, берік емес тігістерді түзейді. Соның салдарынан оларды бөлшектерді уақытша біріктіру үшін қолданылады. Көктеуші тігістері (сурет 6, а) бөлшектерді алдын-ала біріктіру үшін қолданылады, олар кескіндері бойынша бірге қойылып, тегістеледі.(бүйірлерді, иық кескіндерін, бұйымның қолтық ойындысына жеңді қондыру көктеу және т.б.). Бөлшектерді көктеу кезінде тік тепшім ұзындығы отырғызусыз 15-25 мм, отырғызылуымен 7-15 мм болады.

Жапсырмалы (көктеу) тігістерімен беті бойынша тегістелетін және бірінің үстіне екіншісі қойылатын екі бөлшекті біріктіреді, мысалы алдыңғы бойды өңірлік астарға көктейді (сурет 6, ә). Тепшім ұзындығы 30-50 мм.

Қайырып көктеу тігісімен бөлшектің қайырылған шетін бекітеді, мысалы, бұйым етегі мен жең ұшын қайырып көктеп тігу (сурет 6, б). Тепшім ұзындығы 10-30 мм.

Шалып тігу тігісімен алдын-ала машина тігісімен біріктірілген және тігісі ішке қаратылып оң бетіне аударылған бөлшектер шеттерін біріктіреді, мысалы, қалта қақпасының, өңірдің, жағаның жиектерін өңдеу кезінде қолданылады (сурет 6, в). Тепшім ұзындығы 7-10 мм.

Көшірмелі тігістер жеке тапсырыспен киімді дайындау кезінде бір бөлшектен екінші бөлшекке белгілеме сызықтарын көшіру үшін қолданылады (сурет 6, г). Тепшім ұзындығы 10-15 мм. Тігісті орындағаннан кейін, оң беттерімен ішке қарай түйістірілген бөлшектердің қатты тартылмаған тепшімдерін соза отырып ажыратылады да, бөлшектер арасындағы тепшімдерінің жіптері кесіледі. Материалда қалған жіп ұштары бөлшектің оң бетіндегі сызықты түзейді.

Сурет 6 - Тік тепшім тігістері
Сондай-ақ, қайырып тігу тігісі бір бөлшектің ашық кескінін екінші бөлшекке біріктіру үшін қолданылады, мысалы өңірдің ішкі кескінін өңірлік астарға (сурет 7, ә) немесе үстінгі жаға кескінін астыңғы жағаға тігу үшін (сурет 7, д). Мұндай жағдайда кескіннің біріктіру беріктілігін арттыру үшін тепшім ені 3-4 мм, ұзындығы 7-10 мм (өңірді өңдеу кезінде) немесе 4-5 мм (жағаны өңдеу кезінде) болуы қажет.

Бөлшектерді жасырын түрде біріктіруге арналған тігістер (даналанған және бумаланған) киімді жөндеу кезінде қолданылады. (сурет 7, е, ж). Даналанған тігістерінен сетінемейтін маталарды түйістірілген тігістермен біріктіреді. Бумаланған тігістер тігін машинасында орындалған тігісті көрінбейтіндей етіп, оңай сетінемейтін маталардан жасалған бұйымдарды өңдеу кезінде қолданылады. Даналанған және бумаланған тігістердегі тепшім ұзындағы 1-2 мм.

Сурет 7 - Қиғаш тепшім тігістері
Қ

Сурет 8 - Айқаспа тәрісдес тепшім тігісі

абып, қайырып және даналанған тігістердегі тепшім жіптері тек орындалған бетінен ғана көрінеді, өйткені материалды инемен тесіп өтеді.

Айқаспа тәріздес тепшімі. Айқаспа тәріздес тепшімдер кескіндерді сетінеуден сақтай отырып, берік бекітетін жіптердің айқасуынан құралады. (сурет 8). Айқаспа тәріздес тепшімдер оңай сөгілетін маталардан жасалған әйелдер көйлегінің етегін, шалбар балағын, белдемше етегін қайырып тігу үшін қолданылады. Тепшім ұзындағы мен ені 5-7 мм. Айқаспа тәріздес тепшімдері мата ішінен өтетін кішігірім ұзындықты жіп кезінде орындауға болады. Соның салдарынан, оң бетінен матаның қайырылған жиегінің тігісі көрінбейді.

Ілмек тәріздес тепшімдерінің тігістері. Ілмек тәріздес тепшімдер маталардың берік бірігуін береді (сурет 9, а). Олармен қайыру, керу, біріктіруші тігістер орындалады, сонадй-ақ тігіс ұштарын бекіту үшін қолданылады; яғни бөлшектерді уақытша біріктіру тігісінде бір-екі тепшіммен, ал тұрықты тігісте - екі-үш ілмек тәріздес тепшімімен бекітеді.

Қайырылу тігісі жабық кескінді қайырылған шеттерін тігу үшін қолданылады, мысалға, белдемше етегін, шалбар балағын, бұйым етегі бойынша астарды және қолтық ойындысының жең ұшын (сурет 9, ә), үстінен салынатын қалталарды және т.б. 10мм тігіске келетін жиілік 3-4 тепшім керу (сәндік) тігісі бұйымның оң бетінен нүкте түріндегі аз көрінетін қысқа тепшімдер болып табылады, бұйымның екінші жағынан - тепшім ұзындығы 1,5-2 мм; қалың маталарда бұл қысқа тепшімдер мүлдем көрінбейді десе де болады (сурет 9, б). Керу тігісі жүн маталарынан жасалған, ерлер пиджактарының бөлшектерінің жиектерін біріктіру және сәндеу үшін (өңірлердің, жағаның, етектің, қалта қақпақтарының) қолданылады. 10 мм тігіске келетін жиілік 2-3 тепшім.

Уақытша тігіс (сурет 9, а қараңыз) сәндік тігістен тепшім өлшемімен ерекшеленеді - олардың ұзындығы 15-20 мм. Оң бетінен уақытша түзу тепшімдермен орындалған тігістерден еш ерекшеденбейді, бірақ құрылымы ілмек тәрізді болғандықтан түзу тепшімді тігіспен біріктірілгенге қарағанда, маталардың біріктірілуі берік және серпімді болып шығады. Уақытша тігісті бұйымның қолтық ойындысына астарды бекіту үшін қолданылады.

Біріктіруші тігіс орындалу жағынан машиналық тігіске ұқсас болып келеді (сурет 9, а қараңыз). Біріктіруші тігіс маталарды біріктірудің беріктілігін және серпімділігін қамтамассыз етеді. Бұл біріктіру бұйымдардың машиналық тігіспен орындалуы қиын орындарда жүзеге асырылады. (10 мм тігіске келетін жиілік 2-3 тепшім).

Сурет 9 - Ілмек тәріздес тепшім тігістері
Арнайы тігістер. Бұл тігістер ілмектерді бекітпелерді дайындау үшін, түймелерді, ілмектерді және шытырлақтарды тігу үшін қолданылады.

Түймеліктерді ілмектік тепшімдермен торлайды (сурет 10, а). Олардың үш түрі болады: көзді, түзу және кең (сурет 10, ә). Көзді түймеліктер пиджактарда және пальтоларда (ұзындығы 25-40 мм), түзу - іш киімдерде, көйлектерде, шалбарларда (ұзындығы 15-25 мм), кең - пиджак пен пальто лацкандарын сәндеу үшін (ұзындығы 25-30) қолданылады. Кең түймеліктерді көбінесе кесілмеген етеді, ал қалған түймеліктер торлаудан бұрын арнайы жабдықпен немесе қайшымен кеседі. Сыртқы киімдегі түймелікті торлау кезінде кескін жиегі бойынша түймеліктің беріктілігі және сәндік өрнекті болуы үшін жіп салынады.

Кең түймелікті орындау кезінде түймелікке әдемі сыртқы көріністі беретін арнайы каркасты жіп қолданылады. Кең түймелік 10 мм тігіске келетін жиілігі 12-15 тепшімді және тепшім ені 3 мм кезінде №13-18 жібек жіптермен торлайды.

Көзді түймелікті торлау үшін қалыңырақ жібек жіптер, гарус №4-7 қолданылады. Жиілігі 10 мм тігіске 6-10 тепшім. Мақта маталы материалда түймелікті дайындау кезінде №1-10 мақта маталы жіптер қолданылады. Жиілігі 10 мм тігіске 8-12 тепшім.

Түзу түймеліктерді торлау кезінде көбінесе мақта маталы жіптер қолданылады: сыртқы киімдер үшін №10-20 жіптер, іш киімдер мен көйлектер үшін №40-60 жіптер, жиілігі 10 мм тігіске 12-15 тепшім. Көзді түймелікке және түзу түймелікте тепшім ені 2-3 мм.

Кез-келген түймеліктің бір ұшы екі көлденең тепшімдерімен бекітіледі. Олар жіпті 2-3 орайды. Бекітпе ұзындығы түймелік өрнегінің еніне тең болуы тиіс.

Сурет 10 - Арнайы қол тігістер
Бекітпелер қалтаның кескіндерінің, бүкпелерінің және ілмектерінің ұштарын бекіту үшін қолданылады. 2-3 түзу біріктіру тепшімдерімен орындалады. Олар орайды, сосын жіптерді бір-біріне тығыз орналастыра отырып, қиғаш тепшімдермен орайды, (сурет 10, б). Жіптің ұшы бұйымның теріс бетінен бекітеді. Бекітпе ұзындығы 3-15 мм, жиілігі 10 мм тігіске 7-10 тепшім орау. Жіптерден №9-13 жібек жіптер қолданылады.

Түймелерді мата тығыз етіп және аяғымен тігіп шығады (сурет 10, в). Аяқты түймені тепшімді қатты тартпай мата мен түйме арасында аяқты түзетін аралық қалдырып тігеді. Түйме мен мата арасындағы жіпті 4-6 ораммен орап жіп ұшын үш ілмек тәрізді тепшімдермен бекітеді.
№ 4 дәріс. Машиналы тігістер мен тепшімдер.
Құрылымы және қолданысы бойынша әр түрлі тігін машиналарында орындалатын машиналық тепшімдер шөрнекті және шынжырлы болып бөлінеді.

Сурет 11 - Шөрнекті тігіс
Шөрнекті тепшімдер екі жіптен тұрады: жоғарғы жіптен В, немесе шөрнек жіптері. Жоғарғы жіне төменгі жіптер тігілетін материалдардың ішкі жағынан айқасады және материал бетінде үздіксіз жіп қатары түзіледі. Олар түзу сызықты, зигзаг тәрізді немесе басқа да түрде орналасуы мүмкін. Шөрнекті тепшімді тігін орындауға болады; біріктіруші, зигзаг тәрізді және жасырын (бірсызықты, біріктіруші және екі сызықты).

Біріктіруші тігістер (сурет 12, а) ең кең тараған машиналық тігісі болып табылады.

Киімді көлемдік өндіріс кезінде біріктіруші тігістер әр түрлі тігін машиналарында орындалды. Олар бір-бірінен тепшімнің түзілу (сурет 12) Шөрнекті тігістер а) біріктіруші; ә) зигзаг тәрізді; б) бір сызықты жасырын тігіс; в) зигзаг тәрізді жасырын тігіс; г) екі сызықты жасырын тігіс.

а - біріктіруші; ә - зигзаг тәрізді; б - бір сызықты жасырынды; в - зигзаг тәрізді жасырын тігіс; г - екі сызықты жасырын тігіс.

Сурет 12 - Шөрнекті тігістер
Зигзаг тәрізді тігіс біріктіруші тігістен беттік жіптердің зигзаг тәрізді орналасуымен ерекшеленеді. (сурет 12, г). Бұл тігіс машиналарда орындалады. Яғни, ине жоғары және төмен қозғалған мен қатар, олар көлденең ауытқу тігістерін жасайды. Кейбір машиналарда тепшімдердің зигзаг тәрізді орналасуы материалдың тігіске көлденең қозғалуына байланысты жүзеге асырылады (бекітпелерді дайындау және түймелерді дайындауға раналған машиналарда). Зигзаг тәрізді тігіс жиі, жіңішке немесе кең зигзагты болуы мүмкін. Оның барлығы да тепшім ұзындығы мен еніне байланысты. Машинадағы тепшім ұзындығын 0 ден 5 мм дейін, ал енін - 9 мм дейін өзгертуге болады. Зигзаг тәрізді тігіс біріктіруші тігіске қарағанда маталардың эласты біріктірілуін қамтамассыз етеді және материал кескінінің сетінеуден сақтауға мүмкіндік береді. Зигзаг тәрізді тігістерді өңірлік астарларда қабу үшін, маталарды тірестіріп біріктіру немесе үстінен тігу үшін, түймеліктерді торлау, бекітпелерді дайындау үшін және желбіршектерді тігу үшін және т.с.с. қолданылады.

Жасырын тігістер материалды инемен толық тесіп өтпей, материал бетінде ғана жіптердің айқасуымен түзіледі. Жасырын тепшімдерде ине және шөрнек жіптері тігілетін материалдардың үстіңгі бетінде ғана көрінеді.

Жасырын тігістің түрі тігіс сызығымен салыстырғанда материалдарды инемен тесу бағытымен анықталады: инемен тігіс сызығы бойымен тесу кезінде бір сызықты тігіс пайда болады (сурет 12, б); дәл сол бағытта тесу және тесу аралығында инемен тесілуі кезінде - екі сызықты тігіы пайда болады (сурет 12, г). Бір сызықты тігі сжинақтау үшін, ал басқалары - киім бөлшектерін тігу үшін қолданылады.

Шынжырлы тігістер бір жіпті және екі жіпті болады. Сыртқы көрінісі жағынан шынжырлы тігіс шөрнекті тігістен ені айырмашылығы болмайды, ал астынан ол шынжырлы түзуші екі қатар ілмектен тұрады.

Бір жіпті шынжыр жоғарғы жіптен, ілмектен түзіледі: Олар бірінен бірі шығып отырады (сурет 13, а), ал екі жіпті тепшімдерде төменгі жіп В (сурет 13,ә) жоғарғы жіптің ілмектерімен А айқасады және тігіс бойынан үш қатар болып өтеді. Шынжырлы тепшімдердегі жіптердің айқасуы мата бетінде жүзеге асырылады. Бір жіптік тепшімнің түзілуі кезінде материалдан ине арқылы өткен әрбір алғашқы ілмекке а1 (сурет 13, б) дәл осы әдіспен сол жіптен алынған келесі ілмек а2 кіргізіледі. Екі жіпті тепшімнің түзілуі кезінде жоғарғы жіптің А әрбір ілмегіне а1 (сурет 13, в) төменгі жіптің В әрбір ілмегі в1 кіргізіледі. Сосын оған жоғарғы жіптің А екінші ілмегі а2 кіргізіледі.

Киімді дайындау кезінде қолданылатын тігін машиналарындағы шынжырлы тепшімдерде келесі негізгі тігістер орындалады: біріктіруші, бір ғана төменгі жібі бар екі сызықты, зигзаг тәрізді, торлаушы және жасырын.

Біріктіруші тігістер бір жіпті шынжырлы тепшімді (сурет 13, а қараңыз) оңай сөгіледі. Сондықтан, оны көбіне бөлшектерді уақытша біріктіру үшін қолданады. Біріктіруші екі жіпті шынжырлы тепшімді тігіс (сурет 13 ә, қараңыз), іш көйлектермен тоқыма бұйымдарын дайындау кезінде қолданылады.

а - бір жіпті; ә - екі жіпті; б - бір жіпті тігістің пайда болуы; в - екі жіпті тігістің пайда болуы.

Сурет 13 - Шынжырлы тепшімдер
Торлаушы тігістер - бір мезгілде материал кескіндерін біріктіріп тігу және сол сәтте торлау үшін қолданылады. Бұл тігістер бір-екі және үш жіпті болады. Олар шынжырлы біріктіруші тігістерден тепшімдегі жіптердің орналасуымен ерекшеленеді. Бір және екі жіпті торлаушы тігістеріндегі жіптердің айқаспасы шамамен біріктіруші тігістегі шынжырлы тепшімдер сияқты. Бір жіпті торлаушы тігісте (сурет 14, в) материалдан инемен өткен және материал кескінін орағаннан кейінгі ілмекке а1 материалды тесу кезінде келесі ілмек а2 кіргізіледі. Осы тігіспен орындалған тігісті сөккен кезінде төменгі материал тепшім жіптері бойынша жылжиды және үстіңгі материалдың кескіні төменгі материалдың кескінімен тіресіп келеді. Тігіс жұқа және серпімді болып шығады. Бір жіпті торлаушы тігіс тепшімі үлбірлі терілерді біріктіру кезінде қолданылады.

Екі жіпті торлаушы тігістердің жіптерінің айқаспасы кезінде (сурет 14, г) материал арқылы өткен және кескәнәне қарай шығарылған жіптің А әрбір ілмегіне а1 төменгі жіптің В ілмегі в1 шығарылады да, жіптің А келесі ілмегімен а2 бекітіледі. Бұл тігістер оңай сөгілетін материалдардың кескінін торлау үшін, сондай-ақ тоқыма материалдарының қайырылған шеттерін тігу үшін қолданылады.

Екі сызықты тігістер (сурет 14, а) тоқыма бұйымдарының қайырылған шеттерін бекіту үшін және шливкаларды дайындау кезінде қолданылады.

Зигзаг тәріздес тепшім бір жіпті тепшім (сурет 14, б) өзінің құрылымы бойынша бір жіпті біріктіруші тігістен тек тепшімдерінің орналасуымен ерекшеленеді.

Екі жіпті тепшімді зигзаг тәріздес тігіс (ілмекті) екі жіпті біріктіруші тігістен жоғарғы жіптің А бір ілмегіне а1 (сурет 14, в) сол жіптің екінші ілмегінің кіргізілетінімен ерекшеленеді. Төменгі жіп В шамамен біріктіруші тігістегідей орналасады. Алдымен жоғарғы жіптің ілмегіне А төменгі жіптің ілмегі в1 енгшізіледі. Оған жоғарғы жіптің ілмегі а1, сосын а1 ілмегіне сол жіптің келесі ілмегі а2 енгізіледі. Бұл тігісті сыртқы киімдегі түймелікті торлау үшін қолданады.

а - астынғы бір жіпті екі сызықты тігіс; ә - бір жіпті зигзаг тәріздес тігіс;

б - екі жіпті зигзаг тәріздес тігіс; в - бір жіпті торлаушы тігіс; г - екі жіпті торлаушы тігіс; д - үш жіпті торлаушы тігіс; е - төрт жіпті торлаушы тігіс;

ж - бір жіпті жасырынды тігіс.

Сурет 14 - Шынжырлы тепшімдер тігістері
Машиналық жіптік тігістер. Киім бөлшектерін бір-бірімен біріктірудің негізгі тәсілі машиналық жіптік тігістер болып табылады. Бөлшектерді біріктіретін тігістерге, жалпы киімге қойылатын талаптар сияқты талаптар қойылады. Яғни, тұтынушылық және өндірістік.

Тұтынушылық талаптарға тігістің сыртқы көрінісін, тігіс сызығының түзулігін және енін, тігіс жиілігінің бір қалыптығын, олардың тартылу тығыздығын, біртұтастығын, тігіс сызығы бойынша материалдың созылмаулылығын, беріктілігін және т.б жатқызуға болады.

Тігіске қойылатын өндірістік талаптар материал мен шығынын (қайрылуы мен тігіске кететін қосымшалар), орындаудағы еңбек шығынын анықтайды.

Тігістердің орындалу сапасы олардың параметрлерінің сақталуына байланысты болады. Олар: тігіс, ені, тепшім саны және олардың араларындағы арақашықтық, тепшім жиілігі және олардың тігістегі тартылу тығыздығы, жіп және ине нөмері.

Тігіс ені (15 суретте бағытттармен көрсетілген) құрылысына байланысты болады. Кейбір тігістерде олар бөлшектердің кескін шетінен біріктірілу тігстеріне дейінгі арақашықтықпен анықталады және тігіс қосымшасына тең болады. (15, а суретін қараңыз), ал тағы біреулерінде - қайырылу қашықтығынан тігіске дейінгі және тігістен бөлшек кескініне дейінгі қашықтықпен анықталады. (сурет 15, ә қараңыз); кескіні жабық тігістерде ол екі тігіс арасындағы арақашықтықпен және тігістен бөлшек қайырмасына дейінгі арақашықтықпен анықталады. (сурет 15, б) немесе қайырылған бөлшек шетінен ішкі қайырылу шетіне дейінгі қашықтықпен, тігістен ішкі қайырылуына дейінгі және ішкі қайырылу енінің арақашықтығымен анықталады. (сурет 15, в). Жартылай автоматты машинаны пайдалану кезінде тігіс ені машинаның автоматты режимімен бекітілген шамасымен қабылданады.

Тігіс параметрлері, сондай-ақ олардың қолданылу аумағы ССТ 17835-80 берілген.

Тігіс параметрлерін сақтаудан басқа, міндетті түрде ине астына салынатын бөлшектердің реттілігін және тігістің орындалу бірізділігін анықтайтын машинадағы тігістердің орындалу ережелерін сақтау қажет. Яғни қандай бөлшек бойынша қосып тігу қажет және біріктіруді қай жағынан бастау қажет және т.б. білуі тиіс.

Тігістердің орындалуына қойылатын техникалық талаптар үлгінің техникалық сипаттамасында немесе басқа оны алмастыратын техникалық құжаттамада беріледі. Міндетті түрде оларды бақылау және орындау үшін тігістер жұмыс орнындағы операцияның орындалуы технологиялық нұсқауларда келтірілген.

Тігіске қатысты бөлшектердің қызметі мен орналасуына байланысты тігістерді біріктіруші, шеттік және сәндік тігістер болып бөлінеді.

Біріктіруші тігістерде бөлшектер оң беттері бір-бірімен түйістірілген болып жатады (мысалға бүйір, иық және басқа да кескіндерді біріктіру тігісі).

Шеттік тігістерді бөлшек шеттерін өңдеу үшін қолданыады немесе кескін, бөлшектер тігістен бір жағы бойынша жатады (мысалға, өңір әдібінің тігісі, бұйым етегін және жеңін өңдеу, қалтаға кіру бетін өңдеу және т.б.).

Сурет 15 - Тігіс параметрлерін өлшеу
Тігіс параметрлерін өлшеу. Сәндік тігістері бұйымды өңдеуге және оның силуэтін құруға арналған (мысалға, бедер тігістері, бүкпелер және т.б.).

Құрылысына байланысты, яғни, бөлшектердің орналасуына және тігістегі тепшімдерге, тепшім санына және біріктірілетін материал қабатына, тігіске берілетін қосымшалардың шамасына және орналасуына байланысты соңғыларды түрлері және бір түрінің бірнеше түрлерге бөлінуі бойынша топтастырады.

Біріктіруші тігістер. Біріктіруші тігістерді (түрін) бірнеше түрге бөледі: сырып тігу, үстінен тігу, құлыптап тігу, екі тігісті және астына тігу.

Сырып тігу ең кең таралған тігіс түрі. Бұйымның оң бетінде тігіс көрінбейді. Сырып тігу тігісімен біріктірер алдында бөлшектерді оң бетімен бір-біріне қаратып, кескіндерін және шеттерін теңестіріп, тігіс енін шектеуші құралы бар сырып тігуші машиналарда тігіп шығады (тігіс енін шектеушіе- сызғыш, шеті бар табанмен және т.б

Материалдың қалыңдығына және киімнің белгілену қызметіне байланысты сырып тігу тігісінің қосымшасына әр алуан шамалар беріліп отырады және оларды ылғал-жылулық өңдеумен бекітеді. Қосымшасы тігістің жандары бойынша орналасқан. Тігісті ажыратып үтіктелген тігіс деп айтады.

Біріктірілген және қосымшасы жағына жатқыза үтіктелген тігісті жатқыза үтіктелген тігіс деп айтады.

Тігіп-торлаушы машинасында орындалған біріктіруші тігісті (біріктірілген бөлшектің кескіндерін бір мезгілде біріктіріп тігеді және торлайды).Кескіндерді торлаушы біріктіруші тігіс деп атайды. Ол бірізділікті-паралельді әдіспен орындалады жәнеи бұйымның төменгі бөлігі тігілмеген астарлы немесе астарсыз киім бөлшектерін біріктіру кезінде кеңінен қолданылады. Тігіс ені және торлау ені материал түріне байланысты, сонымен қатар машинаның шектеулі мүмкіндігіне байланысты.

Біріктіруші тігістер негізінде үстінен сырып тігу тігісі орындалады. Мұндай тігістің қосымшалары бөлшектің оң беті бойынша (бөлшекпен біріктіріледі) тігіс сызығынан 1-2 мм қалыңдықта паралель тігістермен тігіп шығады. Бұл тігіс сәндік тігіс болуы да мүмкін. Бұл жағдайда тігістерден біріктіруші тігістерге дейінгі арақашықтық үлгіге сәйкес анықталады. Беріктілігін арттыру үшін бұйымның ішкі жағынан тігіс қосымшасының астына материал жолақшасы салынады.

Үстінен жүргізілген тігісті екі тігіспен орындайды: біріктіруші (бөлшектің ішкі жағынан) және үстінен тігілген тігіс (бөлшектің оң бетінен). Тігісті біріктіруші тігістегі кескіндері бойынша бөлшектерді біріктіру үшін, яғни біріктірудің беріктілігін арттыру мақсатында, сәндік әсерді немесе бұйым материалы ылғал-жылулық өңдеуге келмейтін жағайда қолданады (мақталы мата, зығыр, резеңкелі мата, былғары және т.б.).

Үстінен жүргізілетін тігіс ашық кескінімен және бір жабық кескінімен болады.

Ашық кескінді тігісте кескіні мен кескіндеме белгілерін біріктіру тігісіндегідей бөлшектердің оң беті ішке қаратылып теңестіріледі. Бір жабық кескінді тігісте кескіндер бір-бірімен паралельді түрде орналасады және төменгі бөлшектің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шлихталау
Мақта маталарын өңдеу
Маталарды алу технологиясы
Аэрографиямен матаны бояу
Текстиль материалдарын өңдеудің технологиялық процестерінің теориялық негіздері
Текстиль өнеркәсібі салалары туралы түсінік. Текстиль өнеркәсібі шығаратын бұйымдар
Жылу сақтайтын киімдерге пакет қалыңдығының әсері
Аяқ киім гигиенасы жайында
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Текстильді маталарды бояу және бояуды басып шығару
Пәндер