Қазіргі заманғы Qazaq Premier League (Футбол) кроссплатформалы бағдарламасын құру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Футбол - миллиондардың ойыны екендігі ешкімге де құпия емес! Мыңдаған адамдар бұл ойынды қызығушылықпен қарайды, сүйікті клубтары үшін жанкүйер болады, чемпионаттар, кубоктар мен турнирлерді өткізбейді. Ақпараттық технологиялар мен Интернет ғасырында көптеген адамдар үшін спорттық телебағдарламаларды теледидардан қарағаннан гөрі, сүйікті клубтың дамуын Интернеттен қараған ыңғайлырақ. Сәйкес тақырыптардағы сайттар, спорттық форумдар, әлеуметтік желілердегі түрлі топтар - қажетті ақпаратты алудың негізгі көзі.
Осындай көздердің біріне - сайтқа көбірек назар аударған жөн. Қазіргі кезде табысты бар, түрлі футбол клубтары немесе турнирларына арналған, көптеген ресми және бейресми сайттар жобаланған. Интернет-қолданушыларды тарту үшін, мұндай ақпарат көздері құрамында не болуы керек? Ойындар, топ құрамы мен жаттықтырушылар штабындағы өзгерістер, ойыншылардың, жаттықтырушылардың футбол әлеміндегі соңғы жаңалықтары жөніндегі комментарийлері, клубтың барлық футболшылары туралы толық ақпарат, ойындар кестесі, мәтіндік немесе видеотрансляциялар (идеалды түрде) немесе оған сілтемелер, клубтың тарихы, фотогалерея және т. б. Сонымен қатар, маңызды факторлардың бірі болып қолдану мүмкіндігі мен сайттың дизайны табылады.
Берілген жұмыстың мақсаты - қазіргі заманғы Qazaq Premier League (Футбол) кроссплатформалы бағдарламасын құру және жанкүйерлердің негізгі сұраныстарына: ойындар кестесінің, жаңалықтар парағының, тіркелу және комментарийлер қалдыру мүмкіндігіне жауап беретін, сайтты жобалау. Сайты жобалау үшін ASP. NET MVC 5. Технологиясы қолданылатын болады.
- Негізгі бөлім
1. 1Футбол ойыны. Тарихы
Футбол ойыны барлық дүниежүзі елдерінде танымал. Футбол спорт түрі сияқты ұдайы дамиды, ойын тәсілі де ұшталып, футболистің қозғаду қызметі қиындатылады.
Футболистің спорттық мастерствосы озықтыққа жету үшін қозғалмалы қызметтің жаңа одан да тиімді тәсілдер көмектеседі. Ойынның өзгешелігінденгі нақты білімге сүйенсек, футболистің қозғалу қызметін ұйымдастыра отырса негізгі ойынның даму үрдісіне негі болады.
Футбол жас адамдардың дамуына көмектеседі. Олардың физикалық даму сапасына, мінездің маңызды сипаттарын тәрбиелеу, мысалға: творчестволық белсеңділік, берілген жұмасқа жауапкершілік, талаптылықты жүзеге тартады. Ал бұл өз алдында өте түбегейлі. Бұндай сапаларға иемденген адам өзінің қоғамына үлкен пайда әкелетіне сөзсіз.
Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді.
1313 жылы белгілі феодал Эдуард II қала ішінде футбол ойнауға шектеу қойған. Тіпті, 1314 жылдың 13 ақпанында король Лондон қаласында футболға қарсы шаралар қолданған деседі.
1389 жылы Ричард II патша сарайы маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен. Патшаға бірнеше мәрте рұқсат сұрап барған футбол жанкүйерлері әрқашан жағымсыз жауап алып отырған.
Футболға тыйым салған патшалар тізімі төмендегідей: Генрих IV 1399-1401, Генрих, V 1413 - 1433 ж, Генрих VI 1449-1451 ж, Эдуард IV 1471 ж, Генрих VII 1491 ж, ал Генрих VIII ойыншыларға шектеу қойып қана қоймай, алаң иелеріне тыйым салып, салық салған. Бұндай қатаң қағидаларға мойымаған халық футбол ойнаудан бас тартқан жоқ.
Тек 1908 жылы футбол олимпиадалық ойындар тізімінен орын алды.
Ал, 1863 жылы Лондонда футболдың жаңа шарттары белгіленді. Жобаға енгізілген ережелерді арнайы комиссия жіті қараған.
1872 жылдан бастап футболдан халықаралық кездесулер өткізілді. Доданы Англия мен Шотландия футболшылар ашты.
Ойынды бар ынтасымен тамашалаған жанкүйерлер үшін ойын сәтсіз аяқталды. Өйткені, алғашқы кездесуде есеп ашылған жоқ.
1884 жылы Ұлыбританияда алғашқы ресми кездесу өтті. Жарысқа Англия, Шотландия, Уэльс және Ирландия командалары қатысып, бақ сынасты. Ойын жеңімпазы - шотландықтар болды.
1920 жылы еуропалық футбол бәсекесінде Бельгия мен Чехословакия кездесті. Онда чех футболшыларын ойсырата жеңген бельгиялықтар олимпиада чемпионы болып танылды.
Ал 1924 жылы Оңтүстік Америкада ашылған олимпиадада алтынды Уругвай құрамасы ұтты. Олар Югославия, американ, француз, голланд пен Швейцария ойыншыларын қапы қалдырды. Ағылшындардан футболды үйренген Уругвай футболшылары әлдеқайда ширақ еді.
Италия мен Испания, Мажарстан, Аустрия, Чехословакия да футболдың қыр-сырларын тең меңгере білді. Бұны 1934-38 жылдары Италия құрамасының екі рет әлем чемпионаты атанғаны дәлелдейді.
Ежелгі Шығыс елдерінде (антикалық дәуірде Мысыр, Қытай, ) (Грекия, Рим), тіпті Франция, Италия, Англияда футболға ұқсас ойын болған.
Ежелгі Мысырдағы футбол тектес ойын біздің эрамызға дейін 1900 жылы танылған.
19 ғасырдың аяғында футбол Еуропа мен Латын Америкада қарқынды дамыды.
1904 жылы Белгия, Дания, Нидерланд мен Швейцария елдері футбол қауымдастығынан халықаралық федерацияның (FIFA) құрылуына мұрындық болды.
1923 жылы Ресей құрамасы Скандинавия турнирінде Швеция мен Норвегия командаларын қапы қалдырды. Одан кейін бірнеше мәрте Түркия ойыншыларын сан соқтырды.
1946-48 жылдары Оңтүстік Америка үш рет қатарынан аргентиналықтардан басым түсті.
1950-60 жылдары футболдан үздік мектептер саналғандар мыналар еді: Лев Яшин мен Игорь Нетто, Альфредо ди Стефано мен Франсиско Хенто, Раймон Копа мен Жюст Фонтэн, Полеи Диди, Гарринча және Жильмар, Драгослав Шекуларац пен Драган Джаич, Иозеф Масопуст пен Ян Поплухар, Бобби Мур мен Бобби Чарльтон, Герд Мюллер, Уве Зеелер мен Франц Беккенбауэр, Ференц Вене мен Флориан Альберт, Джачинто Факкеттии, Джанни Ривера, Жаирзиньо және Карлос Альберте.
1956 жылы Кеңес Одағының футболшылары алғаш рет олимпиада чемпионы атанды. Төрт жылдан кейін олар Еуропа кубогының жеңімпазы танылды[8]
Негізгі факторлары
Өмір көрсеткендей ешқандай ойын, егерде жақсы ойыншылары болмаса нәтиже бермейді.
Футболшы көптеген қажетті қасиеттерге ие болуы керек. Футболдағы әр ойыншы доп алып жүру, дәл пас, қақпаға допты тура бағыттай білуі керек. Осылармен бірге ол бүкіл ойын бойы түсетін ауыртпалыққа шыдай білуі керек. Футболда басты, маңызды ол ойыншылардың өз денесі мен допты игеруі.
Міне осыларға байланысты ойыншы, егерде жарыстарда жақсы жетістіктерге жеткісі келсе, өзінің дайындығына басты назар аударуы керек. Ал осындай дайындық өзіне жоғары физикалық дайындықты, әр түрлі техникалық ойды қажет етеді. Осындай дайындықтың әр бір бөлігі бір бүтіндей болуы керек.
Физикалық дайындық ол физикалық жұмыс жасау қабілеті немесе футболшының физикалық жағдайы немесе күш, ептілік, икемділік, жылдамдық және шыдамдылық секілді физикалық қасиеттердің жиынтығы.
Техника - дегеніміз ол ойын кезінде футболшының допқа және өз денесіне ие болуы.
Тактика - дегеніміз ол ойланылған, әр бір ойыншының және бүкіл команданың қозғалысы.
Ойын кезінде алаңда футбол шеберлерінің дәл пастарды әдемі комбинацияларын көруге болады. Осылардың барлығы бұл шеберлерге көптеген жаттығулар арқасында келеді. Жаттығулар кезінде футболшылар физикалық, техникалық және тактикалық дайындықтарға көп уақыттарын бөледі.
Футбол миллиондар ойыны екені құпия емес. Мыңдаған адам сүйікті клубтарына жанкүйерлік етіп, түрлі чемпионаттар мен кубоктық ойындарды жібермей қарайтынын білеміз. Ақпараттық технологиялар заманында көп жанкүйер өзінің сүйікті командасының ойынын интернет арқылы қарайтын болды. Бұрынғыдай футбол трансляцияларын теледидардан көру осы күні азайды. Қазіргі таңда жанкүйерлер керекті ақпаратты сайттар мен әлеуметтік желілердегі түрлі бірлестіктертен алатын болды.
Осы ретте көпшіліктің назарын миллиондар ойыны туралы жазып отырған бір сайтқа аударғым келеді. Осы күні футбол туралы жазатын ресми және бейресми сайттар жасалды. Олар түрлі клубтар мен турнирлер жайында барынша ақпарат берәп келеді. Интернет пайдаланушыларын тарту үшін ол сайттар не жазуы керек? ең алдымен ол сайттарда басты ақпараттар болуы керек. сонымен қатар футболшылардың ойын ия басқа тақырыпқа ьерілген түсініктемеері мен командалар сапындағы өзгерістер, бапкерлік штабтағы өзгерістер мен клубтардың толық құрамы, ойындар кестесі мен болып жатырған матчтардың толық видео немесе текстық трансляциясы. Сондай-ақ сайттың дизайны да оқырман тартуда үлкен рөл атқарады.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубының қатардағы жанкүйерге ұнайтын бейресми сайтын құрастыру болып отыр. Сайт ішінде жанкүйерге қажетті ойындар кестесі, клуб тарихы мен тіркеліп, пікір қалдыруға болатындай мүмкіндік жасалады. Ол үшін ASP. NET MVC 5 технологиясы пайдаланылады.
1. 2 Футбол ойынының тактикасы
Егерде жас футболшы допқа ие болуды, тез жүгіруді және жоғары секіруді үйреніп алса, ол ойынды өзінің бес саусағындай біліп алады деп айтуға болмайды.
Егерде футболшы алаңға есеппен қозғалса, өзінің қозғалысын, күшін және техникалық әдісін ойынның жағдайымен салыстыратын болса, онда оны жақсы ойыншы деп санауға болады. Сондықтан әр бір жас футболшы өзінің техникалық әдістерін үйрене бермей және физикалық қасиеттерін жақсарта бермеу керек, сонымен қатар ол ойынның тактикалық сырларын түсіну керек. Яғни дұрыс орын таңдап алу, мезгілінде әріптестеріне допты беру, қақпаға жақсылап доп соғу керек. Ең бастысы әр бір ойыншы ойынды жақсы «оқу» білу керек. Яғни ойын барысында әріптестерін және қарсыластарының ойларын байқап жүру керек.
Футбол - ол ұжымдық ойын. Сондықтан әр бір ойыншы өзінің индивидуалдық қадамын ұжымдық және командалық тактикаға келістіре білуі керек.
Тактика команданың доп жүргізу мәнін және әр бір ойыншының нақты міндетін белгілейді. Сол үшін әр бір ойыншы әр түрлі футбол жүйесі туралы білуі қажет және ол ойынның басты принциптарын қорғауда және шабуылда білуі керек. Бутболшы алдағы және арттағы қатардағы ойыншылардың міндеттерін білуі керек. Қарсыласқа жүргізілетін күрестің әр бір әдісін тактика деп атауға болады. Мақсатпен құрылған тактика ойлаған нәтижеге жеткізеді, ал мақсатсыз тактика оған жеткізбейді. Сонымен тактика дегеніміз қарсыласпен күресе білу. Футбол ойынының тактикасы ол өте үлкен жетістікпен ойнау. Футбол тактикасының негізінде жатқан білім жиынтығы үлкен емес, әр ойыншыға қол жетерліктей. Басты мәселе осы білімді ойында жүзеге асыру.
Футбол ойынының тактикасы ол команданың ойын мүмкіндігін толығымен пайдалану және ойынды қарсыластың жағдайына қарап келтіру.
Бұл ойында нақты шабуылдау жүйесінде допты беру, ойыншылардың доппен, допсыз қозғалысында, қақпаға доп бағыттауында және қорғаныста да көрінеді, қозғалыстардың гол соғуынан айыру.
Осыған байланысты команда қандай да тактикалық жүйеде ойнаса да олардың ойын жүйесі көп гол соғу және қарсыластарына гол соққызбау.
Осыған орай команда ұйымдасқан түрде өзінің шабуылдаушыларына қарсыластар қақпасына гол соғуына мүмкіндік туғызуы керек. Ал қорғаныс тактикасы қарсыластарға гол соққызбау.
Қақпаға гол соғу үшін шабуылдаушы әр түрлі ұрымтал тұстан табыла білуі керек. Бұндай кезде ойыншының ұрымтал тұсты таңдай білуі тұрақты емес, ол ондай кезеңде пас алғанда таба біледі. Ал қорғаушылар ондай оңаша, ашық тұрған ойыншыларды жабуға, олардың доп алып жүруіне мүмкіндік бермейді.
Қарсыластар қақпасына доп жақындату техникасы ол соққы және доп алып жүру. Бір ойыншыдан екінші ойыншыға доп беру ол - пас, ал допты ашық алаңда алып жүру ол - доп қуу, ал допты қарсылас жанынан алып өту - алдау деп аталады.
Футболдың қарапайым тактикасы «соққы және жүгір» деген бұрығы допты өз бетімен теуіп, ешкімге арналмаған пас беру келмеске кеткен футбол басынан өткерген дәуір.
Қазіргі жаңа тактика негізінен пас беруде, ойыншылардың алаңда дұрыс қозғалысы, доп ала жүру және алдауына құрылған. Комбинацияда қолданылған шаблон нәтижеге жеткізбейді. Бір команданы жеңіске жеткізген тактика екінші бір командаға кері нәтиже береді. Бір командамен ойындағы тактика жеңіс әкелсе осы тактика келесі командамен ойында жеңіс әкелуі керек.
Футбол - ойын, ал ойында өнер. Тактикалық комбинация ол жеке ойыншыдан да ұжымдық қасиеттерден және футболшылардың күш жұмсауынан құрылады. Комбинациялар ойынның өзінде оның қарсыластар командасына қарамастан құрылады. Осы ойын барысын бағдарламай комбинацияларды алдын ала ойлап алу мүмкін емес. Алайда осы жағдайларға қарап алдын ала ойланған тактикалық комбинациялар жүзеге аспайды деуге болмайды.
Футбол жарысында ойыншы әр түрлі тактикалық әдістер мен шешуші комбинацияларды қолдана білу керек. Ойын өз бетінше творчестволық үрдіс болғандықтан ондағы комбинацияларда шек жок. Футболдағы ойын басымдылығы қай команда доппен қалай өнер көрсетуіне байланысты. Қандай да болмасын шабуыл комбинациясының тактикалық қимылы ол доп алып жүру, пас, алдау, ұрымтал орын таңдай білу, қарсыласпен доп үшін күрес, қақпаға доп бағыттауға байланысты. Әр ойыншы қарапайым тактикалық әдістерді игеруі керек және олармен ойын барысында пайдалана білуі керек. Бұл оның басқа да әріптестерімен тіл табысуына керек қасиет.
Тәжірибеде футболшылардың мынандай қасиеттері қаралады:
а) допқа талас кезінде қарсыластарына қарағанда ұрымтал орынды таңдай білуі;
ә) әр түрлі доп беру кезінде дұрыс қабылдау;
б) доппен алдаса және алып жүре білу;
в) өзбетінше тактикалық мақсатты орындау үшін дұрыс кезеңді таңдай білу;
Осылардың барлығын командастарымен тығыз қарым-қатынаспен жүріп орындау керек. Ойын барысында ойыншы дұрыс шешім қабылдау үшін ол өзінің командастарын қай жерде орналасқанын, қарсыластарын доптың қай бағытқа пас берілетінін, жалпы бүкіл ойынды бақылауы керек. Осыған орай ол өзінің байқай алмайтын алаң бөлшектерін жобалап ұға білу керек.
Ойын барысын ұға білу өте қажетті комбинацияларды орындауға қажет. Ойын алаңын байқай алу туғанна болатын қасиет емес, ол біртіндеп оқу-жаттығу кезінде қалыптасады.
«Футбол» ол әдістер күресі, ойыншылар творчествосы, ол қарсыластар және әріптестерінің комбинацияларынан құралған.
Футбол ойыны өте динамикалық және эмоционалды. Ойыншыларға әр түрлі техникалық әдістерді, белгілі тактикалық бағыт беріп қолдану, әріптестерімен түсінісе білу қажет. Әйтпесе бір қателік бүкіл ойын жоспарын бұзады. Алайда осы айтылған қимылдардың барлығын ойыншылар тыныш ойын барысында емес, қиын спорттық күресте орындайды. Ойын барысында ойыншылар психикасына әр түрлі сыртқы және ішкі күштер түседі. Ол күштер техникалық әдістерді қолдауға, тактикалық жоспарды шешуде зор әсер береді. Ондай күштерге ойынның басқаша өтуі, төрешілердің ір әрекеті, жанкүйертер, қолайсыз ауа райы жатады. Осылар ойыншының ойын кезіндегі көңілдің қобалжуын туғызады, ол біртіндеп басқа ойыншыларға қарап бүкіл командаға кері әсерін тигізеді.
Сондықтан жаттықтырушы әр футболшыны осындай ауыртпашылықтарға төзімді, шыдамды болуға үйрету керек. Ойыншылар жаттығу жарысында өзінің шамасына қарай жасау емес, оған да жоғары жасауға тырысуға үйренген болуы керек.
Әр ойыншы доп алғанда тез ғана ойланып ол допты ары қарай беруді және келесе допты қабылдауға дайын болуы керек. Бұндай жаттығулар жылдам ойын жасау үшін қажет.
Ойын барысында творчестволық, жылдам және тез кездескен қиындықты шешу керек. Футболшылар әр түрлі тактикалық қимылдар жасағанда, өзінің көз қарсыластары күтпеген және осы уақытта ойын жағдайын өзгертетін болуы қажет.
Тактикалық дамыған ойыншы өзін алаңда, қарсыластарға қарсы жақсы көрсетеді. Оны ойын жылдамдығы, ауыртпашылығы өзгерте алмайды. Ондай ойыншының творчествосында ұжымдасып ойнау және жеке комбинация жасау жоғары дамыған.
Футболдағы комбинациялар өте әр түрлі. Олардың көбісі тәжірибеде дайындалып жалпы тактикалық жаттығуға кірген. Алайда ойындағы қайталанбас жағдайлар ойыншылардың жеке творчествалық инициативасы жаңа-жаңа тактикалық әдістер тудыруда.
1. 3 Футбол ойынындағы техниканың ролі
Футболшының алаңда негізгі қаруы ол техника екені белгілі. Техникасы жақсы ойыншы өзі бірнеше қарсыластарды алдап өтеді. Соның арқасында қақпаның алдында қауіпті жағдай жасайды.
Қазіргі футболда ойыншылардың техникасы бір-сыпыра көтерілді. Жеңіске ұшырай беретін командалар жиі кездеседі. ол техниканың және тактикалық ой сананың жетіспеуінен болады. Мысалы, егер ешкім бөгет жасамаған және асықтырылмаған ойыншы допты өз әріптестерінің басынан асырып қарсы жаққа беріп қойса, ол тактикалық ойдың кемістігі.
Техникасы жақсы дамыған комадалардың жеңілуі де жиі кездеседі. өйткені тактикасы өте төмен.
Егер ойыншылардың техникасы төмен болса, онда олардың ойыншы ешқашан да дәл, тез ойланбайды. Тактика болу үшін кез-келген жерде, тез арада шапшаң қозғау керек, ол үшін ойыншыдан байланысты. Егер баяу қалыпта ойнап жүрсе ол қарсыластардың пайдасымен шешілуі мүмкін.
Тек қана шапшандық ұстап тұрған қарсыластан босата алады. Тек қана шапшандық қарсыластардың шабуылын тойтарата алады. Тек қана шапшандық қарсыластардың қорғаныс шебін бұза алады.
Шапшандық - ол футбол ойынын шешуші факторы. Бірақ жалғыз шапшандық көздеген жағымды жаңалық әкелуі мүмкін емес. Егер пасты дәл бермесе, ол ойлап қойған комбинацияны бұзады. Қақпаға дәлдеп бағытталмаған доп жақсы шабуылды жоққа шығарады.
Шапшаң дәлдікті сақтау - ол үлкен техникалық жетістік, ал шапшаңдық пен дәлдік кез-келген тактикалық ойында қажет. Техникасы жоғары шапшаң ойыншы - шеберлі ойыншы.
Үздік қақпашы болу оңайға түспейді. Қақпашы ол ең соңғы ойыншы. Оның қимылынан команданың жетістігі байқалады.
Ойынға кірген кезде қақпашы басталар кезде екі жақтан да ойыншыларын бақылауы керек, содан кейін өз орнына тұруы керек. Өйткені қақпашылардың ойыншылары бақылауға мүмкіндіктері мол.
Үздік қақпашылар қорғаушыларға жиі ақыл-кеңес береді. Өйткені қақпашылар ойыншылардың артында және бүкіл алаңды жақсы көріп тұрғаны айдан анық.
1. 4 Қазақстан футболының таралу тарихы
Қазақстанға футбол 1909-1910 жылдары келді.
Әуелі Орал, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Семей, Петропавл қалалары жастарының ермегіне айналған өнер, бара-бара бұқаралық сипат алды. Қолда бар деректер бойынша алғаш команда құру 1911 жылдан басталған. Семейде М. Сайдашев, А. Кәрімов, Ю. Нығматулин, т. б. жергілікті қазақ және татар жастарынан тұратын “Жарыс” командасын құрып, көптеген өнерпаздар мен спортшылардың елге танылуына себепкер болды. Сол команданың құрамында ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов жартылай қорғаушы болып ойнаған. 1914 жылы семейліктер алғаш рет Томск қаласының политехникалық институты студенттерімен жолдастық кездесу өткізді. Бұл Қазақстан футболының кіндігі кесілген жыл болып есептеледі. 20 ғасырдың 30-жылдарына дейін әр қала өздерінше күш сынасып жүрді, алайда республикалық деңгейде жарыстар болмағандықтан, шеберлік баяу дамыды. 1937 жылы Алматының динамошылары “Шығыс қалалары” тобында 3-орынды иеленді. Сол жылдың қазан айында жолдастық кездесулер өткізу үшін Одессадан “Консервщик” командасы келді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz