Балабақша мен мектеп жұмысының сабақтастығы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ..3.5
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. БАЛАБАҚША МЕН МЕКТЕП ЖҰМЫСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ
1.1. Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық ... ... ... ... ... ...6.20
1.2.Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .21.24
1.3 Мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектептегі білім беру үрдісі сабақтастығының дидактикалық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25.33
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі.Ә. Бидосов былай деген “Сабақтастық дегеніміз – мектеп жасына дейінгілер мен бастауыш мектептегі пәндерді оқытудың әр түрлі сатысында балалардың білімдерінің арасында қажетті байланыстар мен қатынастар орнату”.Балалар білім икемдігі мен машықтарын пайдалану және одан әрі дамыту кезінде олардың оқу ісінде әр алуан байланыстар орнату, жаңа білім мен бұрынғы білімді өзара байланыстыру. Сонымен бірге, білімді кеңейту мен тереңдету, оқығандарды жаңа, жоғары деңгейде байыптау”.
Балабақша мен мектеп арасындағы байланыс формаларының сабақтастығын екі өзара байланысты аспектіге бөлуге болады: ақпараттық – ағартушылық және практикалық.
Бірінші аспект, мұғалімдер мен тәрбиешілердің оқу - тәрбие жұмысының міндеттерімен өзара танысуын, балабақшаның жоғарғы топтары мен мектептің бірінші сыныбы бағдарламалар мазмұнын зерттеуді болжайды. Осы мақсатқа байланысты мынадай формалары мұғалімдер мен тәрбиешілердің біріккен педагогикалық кеңестерінде балалардың мектепке дайындығы мәселесі бойынша қатысуы, дәрістермен өзара алмасуы және т. б. жұмыстарды жүзеге асыру керек.

1.Начальная школа, № 1, 2008
2.Дошкольное воспитание, № 3, 2007
3.М. Жұмабаев, «Педагогика» —1992 ж.
4.Тұрғынбаева Б.Ә. «Дамыта оқыту» —Алматы 1999 ж.
5.Школа на пути к свободе —М. 2002.
6. Қазақстан Республикасы «12 жылдық жалпы білім беру» концепциясы
7. Алимбаева А. Педагогикалық шарттар ұғымы жөнінде. //Қазақстанның ғылыми әлемі. -2011. - №3.
8. Зотова Т.Н. Дидактические условия преемственности образовательного процесса в ДОУ и начальной школе. Дисс.канд.пед.наук:13.00.01. - М., 2003
9. Подласый И.П. Педагогика. В 2кн. -М.,1999. -Кн.1:Общие основы. Процесс обучения.
10. Совершенствование обучения младших школьников /Под ред. А.М.Пышкало. -М., 1984
11. Махмутов М.И. Организация проблемного обучения в школе. –М., 1977 -374С.
12. Зверева М.В. О понятии «дидактические условия». //Новые исследования в педагогических науках. -М.:Педагогика, 1987, №1
13. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. -М., 1989

балабақша мен мектеп жұмысының сабақтастығы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-5
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. БАЛАБАҚША МЕН МЕКТЕП ЖҰМЫСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ
1.1. Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6-20
1.2.Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21-24
1.3 Мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектептегі білім беру үрдісі сабақтастығының дидактикалық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25-33
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Зертеудің көкейкестілігі. Сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі.Ә. Бидосов былай деген "Сабақтастық дегеніміз - мектеп жасына дейінгілер мен бастауыш мектептегі пәндерді оқытудың әр түрлі сатысында балалардың білімдерінің арасында қажетті байланыстар мен қатынастар орнату".Балалар білім икемдігі мен машықтарын пайдалану және одан әрі дамыту кезінде олардың оқу ісінде әр алуан байланыстар орнату, жаңа білім мен бұрынғы білімді өзара байланыстыру. Сонымен бірге, білімді кеңейту мен тереңдету, оқығандарды жаңа, жоғары деңгейде байыптау".
Балабақша мен мектеп арасындағы байланыс формаларының сабақтастығын екі өзара байланысты аспектіге бөлуге болады: ақпараттық - ағартушылық және практикалық.
Бірінші аспект, мұғалімдер мен тәрбиешілердің оқу - тәрбие жұмысының міндеттерімен өзара танысуын, балабақшаның жоғарғы топтары мен мектептің бірінші сыныбы бағдарламалар мазмұнын зерттеуді болжайды. Осы мақсатқа байланысты мынадай формалары мұғалімдер мен тәрбиешілердің біріккен педагогикалық кеңестерінде балалардың мектепке дайындығы мәселесі бойынша қатысуы, дәрістермен өзара алмасуы және т. б. жұмыстарды жүзеге асыру керек.Екінші, тәжірибелік аспект - бір жағынан мұғалімдердің балабақшада өздерінің болашақ оқушыларымен алдын ала танысу, екінші жағынан, тәрбиешілердің бұрынғы тәрбиеленушілерді бақылап отыруымен бейнеленеді. Берілген мазмұнды жүзеге асыру формалары: мұғалімдердің болашақ оқушылармен танысу үшін балабақшадағы дайындық топтарға жүйелі қатысуы, олардың іс - әрекетін бақылау, балалардың диагностикаларының нәтижелерімен және мінездемелерімен танысу.
Қазіргі оқу тәжірибесінде мектепке дейінгі және бастауыш мектеп оқуындағы сабақтастықты жүзеге асыруда негізгі екі бағыттарын белгілеуге болады. Олардың біріншісі, балалар дамуының темптерін көбейту және мектепке дейінгі мекемелердің мектептегі оқудың талаптары мен ерекшеліктеріне жету міндеттерінен тұратын тәжірибеге сүйенеді. Екінші, бастауыш мектепке дейінгі білімдер, іскерлік және дағдыларды дамыту тактикасына негізделеді. Мұнда В. В. Давыдовтың белгілеуі бойынша, бастауыш мектеп оларды жүйелейді және жалпылайды, оқуға, жазуға, санауға және т. б. үйретеді. Біздің көзқарасымызша, бұл бағыт жан - жақты емес, бірақ біріншісіне қарағанда көп қаланады.Сабақтастықтың жағымсыз жақтарын тереңдететін негізгі фактор болып біздің пікірімізше, бірінші сыныптың бағдарламаларының күрделену тенденциясы жалпы білім беретін мектептерде практикаға, оқытудың альтернативті формалары мен жаңа педагогикалық технологияларды енгізу, бірінші сынып оқушысына өте жоғары талаптар қою. Бұл тенденциялардың бірі - көптеген арнайы мектептерде балаларды қатал таңдау. Бірінші сыныпқа баратын балалардың оқи білу, санау операцияларын игеру, санның құрамын ұғыну және т. б. талап етеді. Бұл өзінің баласының "жақсы" мектепке түсуін қалайтын ата - аналар жағының балабақшаға сәйкес талап қоюын тудырады.
Зерттеудің нысаны: мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үдерісі.
Зерттеудің пәні: балабақша мен мектеп жұмысының сабақтастығын қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты: балабақша мен мектеп жұмысының сабақтастығының педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыда негіздеу.
Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің ерекшеліктері айқындалады және қарастырылып отырған процестің жүйелілігі мен тұтастығы қамтамасыз етіледі.
Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге байланысты филосорфиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік еңбектерге талдау жасау; мектептегі оқу-тәрбие үрдісін бақылау
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.1.Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық
Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр.Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Өйткені сабақтастық туралы мәселе өткір қойылып отыр. Бұл мәселені ғалымдар, білім беру мекемелерінің жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар да көтеріп отыр. Олардың дабыл қағуына толық негіз бар.Мақсат, мазмұн бірлігі неғұрлым тиімді деген әдістерді, оқыту құралдарын, балалар мен оқушылардың жетістіктеріне қорытынды жасау және бағалауды таңдап алуға негізделген білім берудің мектепке дейінгі, бастауыш буын сатыларындағы көп түрлі, көп нұсқалы бағдарламалардың болмауы, осы сатылардың арасындағы байланыстың жоқтығын көрсетеді. Берілген бағдарламаларда білімді игеру көлемі, жеке тұлғалық, әлеуметтік даму деңгейлері ескерілмеген. Бастауыш буын мен мектепке дейінгі білім беру бір-бірінен алшақ жатыр деуге болады.
Сондықтан балабақша мен бастауыш буын сабақтастығын айқындауда біріншіден:
* аталған сатыдағы білім берудің өзіндік мақсаттарының айқындалуы, білім мазмұнының бірыңғай, жүйелі құрылуы, баланың белсенді дамуы арқылы білім берудің келесі сатысына көшудің тиімділігінің қамтамасыз етілуіне;
* екіншіден: білім беру жүйесінің әрбір әдістемелік компоненттерінің байланысы мен үйлесімділігінің болуына назар аудару керек (мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістемесі, ұйымдастыру түрлері).
Сонымен қатар аталған сабақтастық сақталу үшін мектепке дейінгі кезеңде -- жас ерекшелігіне сәйкес баланың өзін-өзі бағалауының сақталуы, танымдық және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен байланыс жасауға дайындығы қарастырылады. Бастауыш сатыда -- мектепке дейінгі шақтағы жетістіктерінің барлық деңгейіне тірек болуды, қарқынды даму жағдайында жеке жұмыстарды, мектепке дейінгі қалыптасып болмаған қасиеттерін жетілдіруге арнайы өзара қарым-қатынас жасау формаларын дамытуды қамтамасыз етеді.
Сабақтастық даму кезеңдері мен сатылардың арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұнды байланыс, бұл байланыс олардың толық және жеке жақтарының кейбір элементтерін сақтайтын тұтас жүйе. Жеке тұлғаның даму кезеңінің үздіксіз білім беру деңгейлері мен сатылары нақты мақсаттарды іске асыру жағдайлары мен талаптарының іске асырылуымен анықталады. Осының барлығы бір ғана түпкі мақсатқа -- баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағытталуы тиіс.
Сабақтастық білім беруде:
* балалардың жеке тұлғалық дамуын қалыптастырып, олардың одан арғы өмірлік қызметтерін қамтамасыз етеді;
* білім беру кезеңдерінде үздіксіз білім беру (балабақша-мектеп, мектеп жоғарғы оқу орны);
* біртұтас білім беру жүйесінде осы кезеңдердің және оқыту түрлерінің біртұтастығын ұйымдастыруға өз әсерін тигізеді.
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың негіздемесі:
* балалардың білуге деген құмарлығын дамыту;
* балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту;
* балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған шығармашылық қиялын дамыту;
* тілдік қарым-қатынасын дамыту (құрбы-құрдастарымен, ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу)
Сабақтастық үрдісін 2 жақтан қарауға болады.
1. Мектепке дейінгі буын сатысында мектепке дейінгі балалық шақтың өзіндік құндылығы қысқартылады және балалардың жеке тұлғалық сапасының негізі қалыптасады.
2. Мектеп өз жұмысын жоқтан құрмайды. Мектепке дейінгі балалардың жетістігін қапсырып алып, балалардың жинақтаған әлеуетін педагогикалық практиканы ұйымдастыра отыра дамытады. Сабақтастықтың осындай түсінігі балалардың дамуы мен оқып үйренуін үздіксіз іске асырып отырады.
Бұл:
* Мектепке дейінгі мекеме мен мектептегі білім үрдісінің мақсатын, міндетін, мазмұнын, бағыттап отырады;
* әр баланың дамуына жағдай жасайды (денсаулығын сақтау, эмоционалдық саулығы).
Балабақша мен бастауыш білім сатысының сабақтастығын тек баланы мектепке дайындау деп түсінбеу керек, мұнда педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің формалары, әдіс-тәсілдерімен жете танысып, 6 жас пен 7 жас аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып мектепке біртіндеп жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт.
Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері:
* салауатты өмір сүру салтының құндылығына балаларды қатыстыру;
* эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әр түрлі көркемдік іс-әрекет түріне жағдай жасау;
* талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;
* айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру;
Бастауыш мектептің міндеттері:
* салауатты өмір сүру салтының құндылығын қалыптастыру және өзінің тәртібін осыған сай реттеу;
* қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас дайындығын дамыту. (эмоционалды, интеллектуалды, коммуникативті және іскери)
* мектепте оқуға үйрену деген тілегін қалыптастыру;
* әр түрлі әрекетте бірлесе жұмыс істей білуі мен өздігінен жұмыс істеуін дамыту;
* мектепке дейінгі мекемедегі жетістігін жетілдіру, мектепке дейінгі мекемеде дамуында қалыптаспаған сапасына арнайы көмек көрсету;
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сыныптың сабақтастық бойынша жұмысын ұйымдастыру:
* мектепте оқып үйренуіне жағдай жасау;
* мектепте оқуға психологиялық дайындығын қалыптастыру;
* бала дамуының үдіксіз білім беру жүйесін құру.
Мектепке дейінгі мекеменің мақсаты:
* денсаулығын сақтау, нығайту;
* психологиялық дамуына жағдай жасау (есте сақтау, ойлау, қабылдау)
* мектепте оқуға дайындау (мектеп, мектеп ережесі, қоңырау, үзіліс)
Бастауыш мектептің мақсаты:
* денсаулығын сақтау нығайту;
* қабілеттерін, ойлауын дамыту;
* ерік, жігер сезімін дамыту.
Екі ұйым арасындағы әрекет:
Мектепке дейінгі мекеме -- танымдық әрекет -- мағлұмат алады, талдайды, ойнайды, білім алып, тәжірибе жасайды. Бастауыш сынып -- оқу әрекеті -- оқи алуға үйренеді, оқығысы келеді, жаңа мазмұнды меңгереді, жаңа түсініктер қалыптасады.
Мектеп пен мектепке дейінгі мекемедегі сабақтарды салыстыра отыра келесі ұқсастықтарды атап айтуға болады:
1. Бір маңыздылық: балалардың танымдық әрекетін басқару, білім және білікпен қаруландыру бірмезетте жан-жақты тәрбиелеу. Оқыту мектепте де, мектепке дейінгі мекемеде де бағдарлама бойынша өткізіледі.
2. Айқын және қатаң ұйымдастыру: әрқашан, әр уақытта нақты сабақ кестесі, әр баланы оқыту міндеті, педагогтың барлық балалармен ұжымдық жұмыс жүргізуі.
Балалар білім икемдігі мен машықтарын пайдалану және одан әрі дамыту кезінде олардың оқу ісінде әр алуан байланыстар орнату, жаңа білім мен бұрынғы білімді өзара байланыстыру. Сонымен бірге, білімді кеңейту мен тереңдету, оқығандарды жаңа, жоғары деңгейде байыптау".
Балабақша мен мектеп арасындағы байланыс формаларының сабақтастығын екі өзара байланысты аспектіге бөлуге болады: ақпараттық - ағартушылық және практикалық.
Бірінші аспект, мұғалімдер мен тәрбиешілердің оқу - тәрбие жұмысының міндеттерімен өзара танысуын, балабақшаның жоғарғы топтары мен мектептің бірінші сыныбы бағдарламалар мазмұнын зерттеуді болжайды. Осы мақсатқа байланысты мынадай формалары мұғалімдер мен тәрбиешілердің біріккен педагогикалық кеңестерінде балалардың мектепке дайындығы мәселесі бойынша қатысуы, дәрістермен өзара алмасуы және т. б. жұмыстарды жүзеге асыру керек.
Екінші, тәжірибелік аспект - бір жағынан мұғалімдердің балабақшада өздерінің болашақ оқушыларымен алдын ала танысу, екінші жағынан, тәрбиешілердің бұрынғы тәрбиеленушілерді бақылап отыруымен бейнеленеді. Берілген мазмұнды жүзеге асыру формалары: мұғалімдердің болашақ оқушылармен танысу үшін балабақшадағы дайындық топтарға жүйелі қатысуы, олардың іс - әрекетін бақылау, балалардың диагностикаларының нәтижелерімен және мінездемелерімен танысу.
Қазіргі оқу тәжірибесінде мектепке дейінгі және бастауыш мектеп оқуындағы сабақтастықты жүзеге асыруда негізгі екі бағыттарын белгілеуге болады. Олардың біріншісі, балалар дамуының темптерін көбейту және мектепке дейінгі мекемелердің мектептегі оқудың талаптары мен ерекшеліктеріне жету міндеттерінен тұратын тәжірибеге сүйенеді. Екінші, бастауыш мектепке дейінгі білімдер, іскерлік және дағдыларды дамыту тактикасына негізделеді. Мұнда В. В. Давыдовтың белгілеуі бойынша, бастауыш мектеп оларды жүйелейді және жалпылайды, оқуға, жазуға, санауға және т. б. үйретеді. Біздің көзқарасымызша, бұл бағыт жан - жақты емес, бірақ біріншісіне қарағанда көп қаланады.
Сабақтастықтың жағымсыз жақтарын тереңдететін негізгі фактор болып біздің пікірімізше, бірінші сыныптың бағдарламаларының күрделену тенденциясы жалпы білім беретін мектептерде практикаға, оқытудың альтернативті формалары мен жаңа педагогикалық технологияларды енгізу, бірінші сынып оқушысына өте жоғары талаптар қою. Бұл тенденциялардың бірі - көптеген арнайы мектептерде балаларды қатал таңдау. Бірінші сыныпқа баратын балалардың оқи білу, санау операцияларын игеру, санның құрамын ұғыну және т. б. талап етеді. Бұл өзінің баласының "жақсы" мектепке түсуін қалайтын ата - аналар жағының балабақшаға сәйкес талап қоюын тудырады.
Сөйтіп, сабақтастық байланысының негізгі философия тұрғысынан дамудың объективті заңдылығы ретінде қарастырылады. Сабақтастық дамудың заңдылығы ретінде ескіні толықтай жоққа шығару жолымен емес, сақтау және одан әрі дамыту мақсатымен өткен кезеңнің жаңа кезеңге ауысуы жолымен үздіксіздікті қамтамасыз етеді. Диалектикалық жоққа шығару әрқашан қарама - қарсы сәттер, яғни ескіні жою (үзіліс) және оң ықпалдың негізінде жаңаның пайда болуының (үздіксіз) бірлігі болып табылады. Бұл заңдылық тәрбиешілер мен мұғалімдерді баланың шығармашылық мүмкіндіктерді дамыту жұмысында сабақтастық байланысына ұмтылдырады.
Жалпы алғанда оқытудағы сабақтастық ұғымы педагогикалық әдебиеттерде жүйелілік принципінің тармағы ретінде қарастырылады. Әдіснамалық тұрғыдан алғанда сабақтастық оқу - тәрбие процесіндегі өзіндік көрінісін сипаттайды, яғни ескінің жаңамен алмасуын, жаңаның құрамында ескінің қолданыс табуын және оның жақсы жақтарын сақтай отырып үйлесімді дамуынан, ілесе жалғасуын білдіреді. Сондықтан да оқытудағы сабақтастық оқыту процесінің құмаларының бәріне тән атап айтқанда, оқытудың мақсаттары мен міндеттерінің, мазмұны мен әдістерінің, құралдары мен ұйымдастыру формаларының арасындағы қажетті байланыстарды білдіреді.
Сонымен бірге сабақтастық байланыстардың түрлері де ажыратылады. Олардың қатарында: мектепке дейінгі тәрбие мекемелері мен бірінші сынып арасындағы байланыстар, бастауыш және орта буындардағы пәндерді оқытудағы сабақтастық байланыстар.
Оқытудағы сабақтастық жүзеге асырудың бастауы нормативті - құқықтық және ресми құжаттарда (білім стандарты және оқу бағдарламалары), оқыту құралдарында (оқулықтар, дидактикалық материалдар, оқу - әдістемелік құралдар) жоспарланған байланыстар жобасынан алады. Сонда тәжірибеде іске асырылатын қажетті және тиісті сабақтастық байланыстардың объективті алғы шарттары тізіледі. Осы тұрғыдан алғанда бастауыш мектепте жалпы және нақты мақсаттары мен міндеттері анықталып, білімдік, тәрбиелік және дамытушылық пен практикалық (қолданбалы) бағыттар бойынша тиянақты тұжырымдалған. Мектепалды даярлық топ (5 - 6 жас)
Мақсаттары: Баланың сезімдік тәжірибесін байыту, ретке келтіру. Барлық психикалық қасиеттерді дамыту. Ойлау операцияларын қалыптастыруға даярлау.
Негізгі әрекеті: ойын әрекеті
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар
жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындар - балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді.
Сабақта дидактикалық ойынды қолдану бастауыш сынып оқушыларының сол пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді.
Мынадай ойын түрлері қолданылады:
" Суретті аяқта", " Көліктер", " Құс бейнесін құрастыр", " Кім жылдам", "Қиялдағы сурет", " Ұлттық киімдерді ата", "Жылы - суық", "Ғажайып алаң",
"Өрнектерді құрастыр", "Біздің қаланың көліктері ", "Қуыршақты киіндір"
" Сиқырлы гүл", "Аңдар мектебі", "Суреттей біл", "Өз жұбыңды тап", "Лото" т. б.
1. " Сиқырлы гүл " - ойыны
Мақсаты: Өз ойын жеткізе білуге және топтағы өзге балаларға өзін таныстыруға баулу.
Мазмұны: Балаларға өзін кішкентай гүл өсінділері тәрізді сезіну ұсынылады. Өз қалаулары бойынша гүлдерді таңдап алады. Бұдан әрі саз ырғағымен гүлдің ашылуын көрсетеді.
Әр бала өзі жайлы, кіммен бірге қай жерде өскенін, өзін қалай сезінетінін, нені армандайтынын әңгімелеп береді.
2. " Аңдар мектебі"
Мақсаты: Баланы қайырымдылыққа үйрету.
Мазмұны: Сиқырлы орманға саяхат жасау ұсынылады. Балалар жайланып отырып көздерін жұмады. Мұғалім:
- "Аңдар мектебін" көз алдына елестетіңдер. Айналаға қарап, қандай аңдар оқып жатыр, өздеріңді қандай аңға ұқсатасыңдар, немен шұғылданғандарыңды әңгімелеп беруге дайындалыңдар. Енді көздеріңді ашыңдар. өздеріңе ұнаған аңды ермексаз алып мүсіндеңдер немесе бейнелеп беріңдер - деген тапсырмалар беріледі.
3. " Суреттей біл"
Мақсаты: Балалардың тіл байлығын жетілдіру, елестету қабілеттерін
дамыту.
Мазмұны: Бір баланың көзін байлап, алдыға шығарылады. Ал, отырған балаларға көкөністі көрсетеді (сарымсақ ). отырған балалар оған сөзбен сипаттама береді ( пішіні дөңгелек, дәмі ащы, сабағы жасыл ). Көзі жабық бала затты атайды. Егер шешімі дұрыс болса, басқа бала ойынды жалғастырады.
Психикалық ерекшелік: Өзінің іс - әрекетін басқара білуді, өзбетінше, ересек адамдар тәрізді жұмыс істей білуді сезіну. Жеке тұлғадағы өзгеріс: Эмоционалды - жігердік аймақтың қалыптасуы. "Мен" феномені. Тәрбиеші авторитеті.
Сабақтастықты жүзеге асырудағы мұғалімнің міндеттері:
- кезеңнің маңыздылығын сақтау;
- қоршаған ортамен баланы қарым - қатынасқа даярлау;
- жеке тұлғалық, танымдық қасиеттерін дамыту;
- оқу еңбегін ұйымдастыруға дағдыландыру;
- оқуға қызығушылықтарын қалыптастыру;
- осы бағытта ата - аналармен әңгіме жүргізу;
- психологиялық зерттеулер қорытындысын оқу - тәрбие үрдісінде басшылыққа алу.
Сабақтастықты жүзеге асырудағы мұғалімнің әрекеттері:
- әрбір балаға педагогикалық - психологиялық карта бастау;
- оқыту мен тәрбиелеу үрдісін сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының философиясының негізінде ұйымдастыру;
- бастауыш сынып мұғалімдерін сынып сағаттарына шақыртып, таныстыру;
- бастауыш сыныптардың апталық жиынына қатысу (2 - ші жартыжылдықтан);
- бастауыш буында өтетін шараларға балаларды белсене қатыстыру;
- әрбір балаға, сыныпқа педагогикалық мінездеме жазу;
- әрбір оқушының шығармашылық жұмыстарын жеке папкаларға жинақтау;
- балаларды мектептің бірыңғай тәртіп талабымен таныстырып, талапты орындауға баулу.
Базалық бастауыш білім беру (6 - 10 жас)
Мақсаттары: Білім алуға, оқу мазмұнына тұрақты қызығұшылық тудыру. Болашақта ғылыми білім жүйесін саналы игеруді қамтамасыз ететін ойлау түрлерін дамыту.
Негізгі әрекеті: оқу әрекеті
Психикалық ерекшелік: Рефлексия, іс - әрекетін ішкі жоспарлау, еркін сезіну
Жеке тұлғадағы өзгеріс: Өзін оқу әрекетінің субъектісі ретінде сезіну, ұстаз авторитеті.

- даярлық сыныптағы даму деңгейіне, қабілеттеріне сүйену;
- даярлық сыныпта жетік қалыптаспаған қасиеттерді жетілдіру бағытындағы арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру;
- ойын арқылы оқу әрекетін қалыптастыру;
- психологиялық зерттеулер қорытындысын оқу - тәрбие үрдісінде басшылыққа алу;
- осы бағытта ата - аналармен әңгіме жүргізу.

- даярлық сынып сабақтарына қатысып, балаларды сырттай бақылау;
- 1 - сыныпта ойын әрекетін басымырақ қолданып, біртіндеп оқу әрекетіне көшу;
- сабақты 1 - ші ауысымның 2 - ші сағатынан бастап, 35 минуттан өткізу;
- қоңырау үзілістерін 10 - 20 минуттан жылжымалы ойындар түрінде ұйымдастыру;
- әрбір баланың педагогикалық - психологиялық картасын жалғастыру;
- бейімделу жағдайларын үнемі бақылауда ұстап, мектеп психологына хабарлап отыру;
- оқыту мен тәрбиелеу үрдісін сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының философиясы мен әдіс - тәсілдері негізінде ұйымдастыру;

- балаларды мектептің бірыңғай тәртіп талабына, бірыңғай орфографиялық, каллиграфиялық талаптарға үйрету;
- әрбір оқушының шығармашылық жұмыстарын жеке папкаларға жинақтауды жалғастыру;
- әрбір балаға, сыныпқа жазылған педагогикалық мінездемені зерттеу, толықтыру.
Сөйтіп, балабақша мен мектептің байланысын орнату үшін, балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларын біреге дамыту жолымен жүргізілуі керек. Мұнда мектеп белгілі бір мектепке дейінгі мекемені өз қарамағына алу, тәрбиелік шараларды бірге өткізу; мектепте 1 - сыныпқа оқушыларды қабылдауда балабақша тәрбиешілерін қатыстыру, мектеп туралы кинофильмдер көрсету, кездесулер ұйымдастыру, еңбек әрекетін бірігіп өткізу қажеттілігі туады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz