Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу


Мазмұны:
І. Кіріспе бөлім.
1. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары. . . 6-16
1. 2Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік дидактикалық ойындарды ұйымдастырып өткізудің маңызы . . . 17-21
ІІ. Негізгі бөлім.
2. 1. Мектеп жасына дейінгі балаларға ұсақ мотроиканы дамыту арқылы сөйлеу тілін жетілдіру. Саусақ ойын - жаттығулары . . . 22-23
2. 2. Балалардың сөздік қорын дамытуда, үстел үстінде мнемо кестелердің тиімділігі . . . 24-29
ІІІ. Қорытынды бөлім.
3. 1. . «Тәрбие сағаттарында дидактикалық ойындарды пайдалана отырып, балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту» . . . 30-31
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе бөлімі
.
Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
-балалардың сөздік қорларын дамыту;
-жаңа сөздерді меңгерту;
-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен
кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.
Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.
Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.
Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады.
Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді., таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т. б көптеген бейнелерді бейнелей алады.
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Зерттеудің нысаны: мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үдерісі.
Зерттеудің пәні: мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың сөздік қорын қалыптастырудың педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу объектісі : мектепке дейінгі ұйымдарда
Зерттеудің ғылыми болжамы: мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың сөздік қорын қарастырылып отырған процестің жүйелілігі мен тұтастығы қамтамасыз етіледі.
Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге байланысты филосорфиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік еңбектерге талдау жасау; мектептегі оқу-тәрбие үрдісін бақылау
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары.
Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгері жүру - ұлы мұрат. Қазіргі заманда білім беру әлемдік құрылымның маңызды элементінің біріне айналады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
19 ғасырда еңбек еткен педагогтар алғаш рет балалар анатомиясы мен физиологиясының педагогика және тәрбие жұмыстарын дамытудағы маңызын дәріптей бастады. Атақты педагог К. Д. Ушинский (1824-1871) балалардың дене құрылысы мен мүшелер қызметін білмей тәлім-тәрбие жұмыстарын, балаларға білім беруді белгілі бір бағытта дұрыс жолға қою мүмкін еместігін айтқан.
Алғаш рет 1939 жылы А. Н. Северцов тұжырымдаған, кейіннен П. К. Анохин дамытқан (1949) системогонез туралы ілімнің, мүшелер жүйелерінің гетехронды түрде даму принципінің жасқа байланысты физиологиялық дамуына ықпалы күшті болды. П. К. Анохиннің бұл пікірі бойынша, бала организмнің түрлі кезеңдерде дамуы, оның құрылымдарының бір-біріне уақытқа байланысты өзгеруі арқылы жетілетіндігін байқатады.
И. П. Павлов тәрбие беру теориясы мен практикасы үшін физиологияның үлкен маңызы бар екенін атап айтқан. Ол барлық тәрбие беру және даму заңдылықтары физиологияға негізделген деп көрсетті. Сонда тәрбиеші осы айтылған заңдарды оқушылардың жастарына сай пайдаланып, оқу-тәрбие жұмыстарының бағытын дұрыс анықтауы тиіс. Балалардың жас ерекшеліктерін білу мұғалім үшін баланың жеке басының ерекшелік қасиетін дұрыс қалыптастыруға, оның күш қуатын және ақыл-ойын дұрыс бағалай білуге үлкен мүмкіндік туғызады. Педагогика ғылымының көрнекті қайраткері және халық ағарту ісін ұйымдастырушы Н. К. Крупская былай деген: «Педагог, біріншіден, не білуі тиіс, - ол адам денесінің құрлысы мен қызметін яғни, адам денесінің анатомиясы мен физиологиясын және оның дамуын. Онсыз жақсы педагог болуға, баланы дұрыс өсіріп, тәрбиелеуге мүмкін емес».
Балалар мен жас өспірім организмінде, органдарының құрлысы және қызметінде, ересек адамдармен салыстырғанда, ерекшеліктер бар, себебі, балалар өз өмірінің әр түрлі кезеңдерінде көп өзгереді. Балалардың жас кезеңдеріне тәуелді морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерді білу, оны тәрбие жұмыстарына тиімді пайдалану - әрбір мектеп маманының міндетті ісі.
Әсіресе, жас мамандардың педагогтік шеберлігінің дұрыс қалыптасуында баланың жас ерекшеліктеріне тән қабылдау және ойлау процестері, оның жеке басының даму заңдылықтары жөнінде білудің елеулі маңызы бар.
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы балабақшада өтілетін барлық сабақтарда (шығарма оқу, сауат ашу, сурет, математика, музыка, дене шынықтыру, т. б. ) баланың жасына қарай жүргізіледі. Мысалы, жазда балабақша ауласында, «Жайлауға саяхат», «Шопан ата қонақта», «Ыдыс дүкені», «Мектеп», «Мұғалім», «Дәрігер», т. б. творчествалық ойындар өткізіледі. Бұл ойындарға қажетті материалдарды тәрбиешілер дайындап, балаларды қатыстыра отырып, өздері жасайды. Олар әзірленген түрлі түсті «кәмпит», «нан», «тоқаш», «құрт», «ыдыс-аяқ», «Жайлау» ойыны үшін жасалған киіз үй, үй мүліктері, төсек-орын, көрпе жастық, кілем, алаша - балалардың бұрын үйренген сөздердің дұрыс айтуға, бір-бірімен сөйлесіп, пікір алысуға, бір-біріне әңгімелеп беруге мүмкіндік беретіні сөзсіз [3, 7] .
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты біреу, ол - жас ұрпақты жан жақты тәрбиелеу, ой өрісін, сана-сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім-дағдыларға үйрету. Сол себепті қазақ педагогикасы және «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында» сәбидің тілін дамыту, ауызекі дұрыс, мәдинетті сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге бағыттап отыру ісіне назар аударады. Өйткені баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі - тіл. Ал тілдің дамуы оның сана сезімінің, ой өрісінің жетіле түсуіне негіз болады.
Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын, бала айналадағы адамдармен, өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды. Өмірде кездесетін түрлі іс-әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады. Дәл осы жас шамасында баланың сөз қолдану ерекшелігін терең зерттеп, талдаған балалардың көрнекті жазушысы К. Чуковский оларды «данышпан лингвистер» деп атаған болатын.
Баланың айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабақшада арнайы өтетін сабақ, ойын, еңбек процестерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады. Балаға бағдарламалық материал негізінде білім беруге баса назар аудару керек.
Оқу жылына жоспар жасағанда баланың жақсы сөйлей білуін бағдарлау, сөздік қорын дамыту, ой өрісін кеңейту жұмысына өте мұқият қарау қажет. Ол үшін әр тәрбиеші, әрбір балабақша меңгерушісі бағдарламада берілген материалды өздері ыждағаттықпен оқып-үйренуі керек. Осыдан соң тәрбиеші қандай тақырыпты қай кезде, қалай, қандай мақсатта, қай сабақпен байланыстыра өткізу керектігін анықтай отырып, әр сабаққа қажетті материалды, балаларға қойылатын нақты сұрақтарды (көркем әдебиет тақырыбы, ойын, балаларға қойылатын сұрақтар) көрсетіп, жоспарлайды.
Ал ана тілінен берілетін мағлұматтар бағдарламада жалпылама берілген. Олай болса, сол көрсетілген мағлұматтарды дәлме-дәл бөліп жоспарлау тәрбиешіден творчестволық шеберлікті талап етеді.
«Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының» соңында тіл дамытудан өтілетін апталық сабақ саны анық көрсетілген. Тәрбиеші осыны басшылыққа ала отырып, өзі жұмыс істейтін топта өтілетін сабақты жоспарлайды. Ең алдымен «Айналадағы өмірмен таныстыру және баланың тілін дамыту» деген бөлімге талдау жасайды. Осыдан соң бағдарламалық материалды оқу жылы бойынша бөледі. Ана тілінің сабақ кестесі мен күнтізбелік жоспарын жасайды.
Әр топта өтілетін тіл дамыту, шығарма оқу, қоршаған орта туралы бақылату сияқты жұмыстар апталық сағат саны бойына жоспарланады. Жаңа бағдарлама бойынша сәбилердің бірінші (2-ден 3 жасқа дейін) тобында тіл дамыту, қоршаған ортаны бақылату аптасына екі рет, дидактикалық ойын, дене қимылы тәрбиесі бір рет жүргізіледі. Сонда оқу жылы бойына 64 сабақ тіл дамытудан, 32 сабақ ойын, сенсорлық тәрбие (бұл да тіл дамытуға сәйкес) барлығы 96 сабақ өтіледі. Тәрбиеші бағдарламалық материалға талдау жасай отырып, тіл дамыту жұмыстарын, сабақ түрлерін (ойын-сабақ, сурет, ойыншық көрсетіп әңгімелесу, шығарма оқу, сөздің дыбысталуын дұрыс айтуға үйрету сияқты), жұмыс түрлерін белгілейді. Оған қажетті материалдар әзірлейді.
3-тен 4 жасқа дейінгі сәбилер тобында да тіл дамыту сабақтары осылайша жұпталады. Бұл топтағы ерекшелік - қоршаған ортамен таныстыруға аптасына 1 сағат, тіл дамытуға - 1 сағат және шығарма оқуға -1 сағат бөлінеді. Сонда бұл топта да жыл бойына 96 сабақ өтіледі. Тәрбиеші қоршаған ортаны бақылату процесінде баланың сөз қорын молайтуға баса назар аударады. Себебі мектепке дейінгі балалардың сөздік қоры өмірден, өзін қоршаған ортадан алынады. Бақылау сабақтарының басты міндеттерінің бірі - затты таныта отырып, сол заттың атына, іс-әрекетке қатысуына, түр-түсіне байланысты сөздерді түсіндіру. Сонымен қатар бұл топта көрген-білгені жайында өз бетімен әңгімелеп айтуға үйрету жұмысы да жүргізіледі.
Тәрбиеші тіл дамыту жұмысында жоспар жасағанда (96 сағатты - әдебиет оқу, тіл дамыту) сабақ түрлеріне сай дәл жұптауы керек. Бір ай ішінде тіл дамыту жұмысы қай аптада қандай тақырып бойынша жүргізілетінін, әдеби шығарма оқу, бақылау жұмысын аптаның қай күні өткізген жөн екенін мұқият анықтауы керек. Қандай тақырыпты қай кезде, не мақсатта, қандай сабақпен байланыстырып өткізетінін белгілей отырып, сол сабақтың тақырыбын, оқылатын шығарманы, ойын, сурет атын жоспарда атап көрсетеді.
Мысалы, сәбилер тобында күзгі табиғатты бақылату керек делік. Тәрбиеші бұл тақырыпты жалпылама алмайды. Күзгі бақша, көкөніс жинау туралы тақырып белгіленсе, онда бақылаудан соң «Күзде» деген суретті көрсетіп әңгімелесу. «Қияр мен капуста» деген ертегіні оқу, «Қызғаншақ» деген тақпақты жаттау, «Бұл не?» деген ойын (көкөністермен) сабақтары өткізіледі. Сабақ түрлері белгілі күндерге бөлінеді.
Ересек балалар тобында аптасына 15 сабақ (2 сабақ орыс тілі) өтіледі. Оның ішінде тіл дамыту - аптасына 1 сағаттан 32 сағат, табиғат таныту, шығарма оқу - 0, 5 сағаттан (1) 32, айналадағы дүниемен таныстыру 1- сағаттан 32 сағат, сауат ашу 32 сағат. Сонда бұл топта 5 түрлі сааққа 128 сағат беріліп отыр. Осы сағатты әр сабақтың өз көрсеткішіне қарай жұптау керек. Жоспар жасауда ескеретін мәселелер:
1 «Сауат ашу» деген бөлімде сөз дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету,
сөйлем, сөз, буын (бөлігі), дыбыс (дауысты, дауыссыз) ұғымдарды практикалық тәсілмен меңгертіледі.
2 Бақылау жұмыстарына байланысты сабақтар тіл дамыту жұмысынан
тыс өтіледі. Бағдарламада айналадағы дүниемен, табиғатпен таныстыру жұмыстарына жеке бөлімдер берілген. Алайда балабақшада өтілетін тіл дамыту жұмыстары аталған бөлімдерге практикалық жолмен сабақтаса жүргізіледі. Өйткені мектепке дейінгі баланың тілі өзін қоршаған орта арқылы толығады. Қоғамдық, маусымдық мағлұматтар, жан-жануарлар дүниесі туралы білім беру, баланың логикалық ойын, сөйлеу қабілетін, сөздік қорын дамыту біртұтас қарастырылады. Сондықтан тәрбиеші бағдарламаның осы бөлімдерінен берілетін материалдарды тіл дамыту жұмыстарымен сабақтастыра, үйлестіре жоспарлауы керек.
Аталған сабақтарды жоспарлау барысында үнемі балалардың сөйлеу дәрежесі ескеріледі. Оқу жылының алғашқы аптасында тәрбиеші балалармен жекелей сөйлесе жүріп, сөйлеу дәрежесін анықтайды, аты-жөнін, әке-шешелерінің атын, әжесі, атасы, аға-інісі, ойыншықтары жайлы сұрап әңгімелеседі. Осыдан соң бағдарлама мазмұны негізінде күнтізбелік жоспар жасалады. Жаңа бағдарлама бойынша үш жасқа қараған балаларды сөз ішіндегі барлық дауысты-дауыссыз дыбыстарды дұрыс тыңдап, дұрыс айтуға үйрету, сөйлеу мүшелерін жетілдіру, сөзді, «сөз», «дыбыс» деген ұғымды меңгерту, сөздік қорын молайту көзделеді.
Бала тілінде грамматикалық формаларды қалыптастыру көзделеді: сөздерді жекеше, көпше түрде (бала - балалар, доп - доптар, қуыршақ - қуыршақтар, т. б. ) айтуға үйрету, өзіне қойылған сұрақты тыңдап, сөйлем түрінде жауап беруге жаттықтыру, яғни байланыстырып сөйлеуге үйрету жөнінде әр түрлі практикалық жаттығулар орындалады.
Тіл дамыту сабақтары баланың өткен сабақта алған білімімен байланыстыра жүргізіледі. Мысалы, сәбилердің өз бөлмесімен таныстырған соң, «Бөлмеде не бар?» деген тақырыпта әңгімелеседі. Әңгімелесудегі мақсат - баланың көргенін, естігенін естеріне түсіру, күнделікті пайдаланатын бұйымдардың атына байланысты сөздерді меңгерту. Сабақта затты көрсетіп, атын сұрау, өздеріне айтқызу әдістері қолданылады [3, 17-20] .
Бағдарламада 2-3 жастағы балаларға әңгімелеуге, оқып беруге халық ауыз әдебиетінен, балалар жазушыларының шығармаларынан, туысқан халықтар әдебиетіне жеңіл тақырыптар алынады.
2-3 жастағы балаларға ертегілерді ауызша әңгімелеп береді. Сондықтан ертегі мазмұнын еске түсіру үшін сұрақтар беріледі де, соған тиісінше жауап алады. Ал ертегіні оқып беруден бұрын дайындық жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, «Лақтар мен қасқыр», «Бауырсақ» ертегілері оқылса, лақтар сияқты секіру, маңырау, бауырсақтай домалау, Қайтті? Қандай? Не істеді? деген сұрақтарға жауап бергізе отырып, қимыл-қозғалысын жасату. Ертегі сюжетіне арналған суреттерді фланеграфта орнын ауыстырып көрсетеді.
Сабақта шығарма сюжетіне орай көріністер жасату, рөлге бөліп орындау (кейіптендіру), көлеңке театрын көрсету. Балаларға таныс ертегіні көрнекі құралсыз айтып беріп, есте сақтауға үйрету.
Жаңа бағдарлама мазмұнына сәйкес екі жастағылармен өтілетін тіл дамыту сабақтары мына түрде жүйеленеді: оқу жылының алғашқы жартысында затты көрсете отырып, оның қалай аталатынын айтып түсіндіру; сол затпен ойната отырып, сөзбен дұрыс атап айтуға үйрету. Өйткені балабақшаға жаңадан қабылданған балаға айналасындағы заттар, ойыншықтарды тану қиын, жуыну, киіну сәттерінде өздігінен еркін сөйлесіп, белсенді қимыл-әрекет жасайтын баланың жаңа ортаға, ондағы күн режиміне, балалар коллективіне, тәрбиешіге үйреніп, үйлесіп кетуі бірден ойдағыдай бола бермейді. Өйткені ол жаңа ортаға келді. Ұжымдық жұмыс түріне (ойын, сабақ, серуен, тағы басқа) үйренуге тиісті, олай болса, бұл топта өтілетін оқу-тәрбие жұмысында тәрбиеші күн режимін дұрыс ұйымдастыра отырып, балаларды ұжымдық жұмыс түріне қызықтыра білуге тиісті. Балаға жылы шырай білдіре жүріп, олармен жүргізілетін 10-15 минуттық сабақта ойын әдісін түрлендіре қолданып, балаға өмірге қажетті әр затты таныстыруда ойната отырып сөйлесуі керек. Сол себепті бағдарламада көрсетілген сабақ ойын түрінде берілген. Мысалы, заттық ұғымдарды меңгертуде ойыншықтармен ойын-көріністер жасату. Ондай көріністер мына түрде: «Ғажайып қалта», «Әткеншек», «Үйшіктегі кім?», (кімдер?) . Затпен әр түрлі қимыл-қозғалыс жасата ойнатып, күнделікті өзіне қажетті әрекетті түсініп, дұрыс орындауға (тамақтандыру, киіну, шешіну) үйрету мақсаты көзделеді. Сондықтан «Қуыршақты ұйықтату», «Қуыршаққа тамақ беру», «Қуыршақ өлең айтып, би билейді», тағы басқа сан түрлі ойын өткізіледі. Бұл ойындар - жай ғана ермек үшін емес, баланың күн режимі, күнделікті іс-әрекетімен сабақтасып жатқан жұмыс түрлері. Осындай ойын балаларды сөйлеуге, қарапайым еңбек түріне, ұжымдық бірлесе жұмыс істеуге, адамгершілікке үйрете отырып, болашақ өміріне қажетті білім-дағдылардың ең басты түрлерін меңгеруге негіз болады.
Тәрбиеші қуыршақтарды, үй жануарларының, құстардың ойыншық мүсіндерін көрсете отырып: «Қуыршақ қонаққа келді, ол сендермен бірге өлең айтып, би билейді, серуенде ойнағысы келеді», - деп түсіндіреді. Балалардың өздерінен ойыншықтары туралы сұрай отырып, оларды сөйлетеді. «Менің қуыршағым үлкен, сенің қуыршағың қандай? Мына қуыршақ жуынып жатыр. Сен үйде не істейсің?», тағы басқа сұрақтардың көмегіне сүйеніп, екі-үш сөзден құралған сөйлемдер айтуға жаттықтырады [3, 34-35] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz