Агроөнеркәсіптік өндірісінде нарық қатынастарының қалыптасуы


I тарау Агробизнесті мемлекеттік реттеу
1. 1Мемлекеттік реттеу жүйесінде аграрлық өндірісті дамытудың және тұрақтандырудың экономикалық механизмі . . . 5-7
1. 2Агроөнеркәсіп кешенді қалыптастыруды жоспарлаудың ерекшеліктері . . . 8-13 1. 3 Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары . . . 14-19
II тарау Қазақстанның АӨК мемлекеттік қолдау мәселелері мен келешекте даму бағыттары
2. 1 Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда бәсекелестіктігін
қалыптастыру стратегиясын болжамдау . . . 20-31 III тарау Батыс Қазақстан обылысының агробизнес кешені
Агроөнеркәсіп саласының даму бағыты . . . 32-37
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі
Қосымша
Кіріспе Тақырыпты зерттеудің өзектілігі. Агроөнеркәсіптің негізгі мәселелерінің бірі саланы терең экономикалық дағдарыстан шығару, қайта жаңарту және мемлекеттің халқын отандық азық-түлік өнімдерін қамту қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Агроөнеркәсіптік тиімділігін арттыру.
Агроөнеркәсіптік жүргізуде экономикалық тетіктерінің тиімділігін жетілдіру қажеттілігі бүгінгі кезеңдегі даусыз, өте керекті қозғаушы күштердің бірі болып отыр. Өндірістің негізгі саласының бірі азық-түлік мәселесін шешетін, Агроөнеркәсіптік өнімдерін өндіретін өндірістің өсімі әліде болса төмен жағдайда. Қалыптасқан жағдайды талдай отырып экономиканың ауылшаруашылығындағы шешілмей жатқан мәселелерді қарастырып, Агроөнеркәсіптік өндірісін ынталандыратын іс-шараларды жүзеге асыру қазіргі кезеңдегі маңызды мәселердің бірі. Әлемдік экономикаға ықпалдасу біздің еліміз үшін маңызы зор өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру біз үшін - әлемдік бәсекелеске қатысу, бұл жерде ең бірішші тұтынушылардың мүддесі сақталынады - сатылатын зат неғұрлым сапалы, бағасы тиімді болса, соғұрлым өтімді болады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының төртінші тармағында жазылғандай: „Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген занды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар".
Кез-келген шаруашылық жүргізу нысаны немесе меншік нысаны өздігінен өндірістің дамуына, өрістеуіне, өнім сапасын, тиімділігін арттыруына, жұмыскерлердің әл-ауқаты жақсарту мәселелерін шешіп бере алмауда. Бір мезгілде өндірістік қатынастар, экономикалық ынталандыру мен тұтқалар жетіліп отырмаса, қомақты күрделі қаржылар да агроөнеркәсіптікнда нәтиже бермеуі мүмкін. Осыған орай, ғылыми негізделген жалпы шаруашылық жүргізу тетіктерін, және атап айтқанда, ұжымдық кәсіпорындарының шаруашылық тетіктерін де, жетілдіру аса маңызды мәселе болып табылады. Өндірістің әрбір тәсіліне, кәсіпорынның әрбір ұйымдық-құқықтық нысанына өзіндік ерекшелігі бар шаруашылық жүргізу тетіктері сай келуі тиіс. Осыны ескере отырып, шаруашылық жүргізу тетіктерінің нақгы мазмұны мен оның негізгі элементтері күрделі түрде өндірістің сол кезеңдегі өсу дәуіріне лайықгы өзгеріске ұшырауы керек. Қалыптасып қалған шаруашылық жүргізудің моделі, ең алдымен, негізгі өндірістік буын болып саналатын Агроөнеркәсіптік кәсіпорындарын жетілдіруді қажет етеді. Бұлай болудың себебі, қазіргі кезде Агроөнеркәсіптік өнімнің өндірісі (өткізу, өңдеу) саласында шаруашылық жүргізу тетіктерін жетілдіру өте ерекше өзекті және маңызды мәселеге айналуда.
Зерттеудің негізгі мақсаты және мәні. Агроөнеркәсіптік өндірісінде нарық қатынастарының қалыптасуы жағдайында меншік пен жұмыскерлердің мүдделерімен байланысты біраз өзекті мәселелерін қамтитын, агроөнеркәсіптік өндірісінің тиімді экономикалық тетіктерін ұсынып, нарық экономикасы жағдайында оның жетілу жолдары мен формаларының жоғарғы варианттарын таңдап, жетілдіру жолдарын ғылыми түрде негіздеу болып табылады.
Қойылған мақсатка сәйкес талдау барысында келесі міндеттер шешіледі:
• шаруашылық жүргізу тетіктері мен шаруашылық жүргізудің экономикалық тетіктерінің мәні мен құрылымына шолу жасап, олардың басты буындары мен өзара байланысын анықтау;
• кәсіпорын кызметінің сыртқы экономикалық орта элементтері мен шаруашылық ішіндегі экономикалық тетіктерді талдау; ;
• ауылшаруашьшық кәсіпорындары қызметінің тиімді ұйымдық нысандарын белгілеу;
• шаруашылық ішіндегі экономикалық қатынастарды жетілдіру мәселелерін зерттеу;
I Тарау Агробизнесті мемлекеттік реттеу
1. 1 Мемлекеттік реттеу жүйесінде аграрлық өндірісті дамытудың және тұрақтандырудың экономикалық механизмі
«Нарық шартында ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру мен реттеудің теориялық аспектісі» - экономикалық механизмнің мазмұны мен маңызының теориялық ережелері зерттелген және қорытындыланған.
Жекелеген экономистер «шаруашылық механизм» мен «экономикалық механизм» ұғымдарына шектеу қояды, соңғысы шаруашылық механизмінің құраушысы деп есептеледі.
Біздің ойымызша «шаруашылық механизм» ұғымы «экономикалық механизм» ұғымынан ауқымдырақ және кең. Бұл категориялар өзара байланысты, бірақ тәуелді емес. Экономикалық механизм обьективті экономикалық заңдардың нақтылығын сипаттайды. Сонымен қатар, ол мемлекеттің жүргізіп отырған экономикалық саясаты әсерінен қалыптасады.
Шаруашылық механизм бойынша жекелеген жұмыстарда оның негізгі экономикалық бөлігі анық көрсетілген.
Экономикалық механизм - шаруашылық механизмі мен ұйымдастырушылық - экономикалық қатынас түрлерінің бөлігі, оның мағынасы өнім өндіруге әрекет жасаушы әртүрлі әдістердің қатынасының дұрыстығын анықтауға бекінеді (оның ішіне баға және қаржылау-несиелеу механизмі, салық пен сақтандыру жүйесі, АӨК инвестициялау мен бюджеттік қолдау да кіреді) .
Экономикалық механизмнің қайта құрылу мәселесі экономикалық дамудың объективті және субъективті факторларымен, халық санасының дамуын анықтаумен, қоғамның экономикалық жүйесінің даму концепциясын қалыптастыру мен жасақтауға байланысты болу керек.
Тиімділікке баға және қаржылау-несиелеу механизмі қатынасының, салық және сақтандыру жүйесінің, АӨК инвестициялау мен бюждеттік қолдау көрсетудің бірқалыптылығы кезінде ғана қол жеткізіледі.
Қазіргі жағдайда экономикалық механизм тұрақтандыруы мен дамуының жетекші буыны ретінде қаржы-несиелік механизм қарастырылуы керек.
Басқарушы-әкімшілік жүйесіндегі қаржы-несиелік механизм негізін орталықтандырған жоспарлау жүйесі құрайды, ол қоғамдық өндірісті қаржыландыру мен несиелеуге сәйкес келетін әдістің жиынтығы.
Қаржы қоры шаруашылық есеп қызметі мекемесі қорытындысымен тығыз байланыста болған емес. Инвестициялық сұраныс олардың шаруашылық жағдайына байланысты болмады, оларды шығынды мекемелерде сұрай алатын болды. Мекемелерге мемлекеттік бюджеттен үлкен қаржы түсіру жүйесі болды. Мұндай жағдайда қаржы қоры жұмсалып, оған деген сұраныс арта түсті. Арзан ақша қаражатын бөлу есебінен инвестициялық емес, басқа мәселелерді шешу талпынысы пайда бола бастады.
Сонымен, жабдықтар мен машиналарды жүктемелеу ауысымының санын көтерудің орнына, мекемелер жаңа жабдықтар мен техникаларды талап ете бастады, мұндағы еңбек өндірісі экстенсивті жолмен өсті. Мекемелер қондырылмаған жабдықтармен, пайдаланылмаған машиналар арқылы өздеріне негізгі қордың артықтығын жасауға тырысты, бұл капитал қаржы қоры бөлігін ұстап тұруға әкеліп соқты. Жалпы экономикалық реформа жүргізу кезінде АӨК-нің қаржы жүйесінде терең өзгерістер жасалды. Бұл өзгерістер ең алдымен мемлекет және ауыл шаруашылығы арасындағы қаржылық қарым-қатынас механизмін қозғады. Бұрынғы қаржылық қатынас жүйесі толығымен бұзылып, аграрлық секторға қолдау көрсететін жаңа мемлекеттік жүйені қажет етті, орталықтандырылған несиелеу механизмі жүйесі өзгерді. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің қаржылық жағдайы экономикадағы баға құрылымының өзгеруіне және басқа да бірнеше факторларға байланысты құлдырады. Көп ұзамай, АӨК қаржы қорына өтуіне жаңа мүмкіндіктер беретін нарықтық инфрақұрылым жүйесі құрыла бастады. АӨК қазіргі заманға байланысты қаржыландырудың негізі «Агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу туралы» заңға сәйкес анықталады. Заңда көрсетілген мемлекеттік қаржылық қолдаудың негізгі бағыттарын сызба түрінде көрсетуге болады
Агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуға бюджеттен қаражат бөлуді негізгі үш бағыт бойынша қарастырады: мемлекеттік мақсатты бағдарламаны жүзеге асыру, ауылшаруашылық өндірісті тікелей бюджеттік қолдау және сақтандыру.
Заңға сай агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуға бөлінетін бюджеттік қаржы:
- инвестициялық қызметті қолдау, оның ішінде жаңа техника мен құрал- жабдықтарды алу, асыл тұқымды жануарлар мен сортты дақылдарды дәндерді мақсатты бағдарламаға сәйкес алу;
- топырақтың құнарлылығын арттыру және жақсарту шараларын жүргізу, ауылшаруашылық дақылдар зиянкестерімен күресу жұмыстарын жүзеге асыру, жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алу, жою, онымен қатар қоршаған ортаны қорғау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- кадрлар біліктілігін арттыру және дайындауды ұйымдастыру;
- өтем ақы, жәрдем ақының түрлері (әлеуметтік, несиелік жәрдемақы) .
Қазақстандағы АӨК реформалауда шетел тәжірибесін есепке алу оны сол қалпы көшірмелеуді білдірмейді. Отандық АӨК бар жетістіктерге әлемдік аграрлық өндірістегі барлық тиімді және жақсыны синтездеу қажет.
Дамыған елдерде мемлекеттік реттеу экономикалық әдістерді пайдалануға сүйенеді: баға, салық, несие саясаты, бюджеттік дотация мен субсидиялар. Айырмашылығы әр елдің мәдени, тарихи, географиялық ерекшеліктермен, оның әлеуметтік қалауларымен анықталады.
Мысалы АҚШ-та кепілдік баға жүйесі, тұрақты кіріс деңгейін сақтандыратын мақсатты бағалар қолданылады. Мүлікке салық салу кезінде оның ең төменгі құнының мөлшері жүйесімен әрекеттесетін сақтандыру бойынша фермерлік несие корпорациясы құрылған.
1. 2 Агроөнеркәсіп кешенді қалыптастыруды жоспарлаудың
ерекшеліктері
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары мен мемлекеттік даму бағдарламаларымызда отандык өндірушілер мен барлық әлеуметтік қызметтегі тұлғалардың аясында бәсекеге қабілетті болу мақсаты атап көрсетіледі. Қазіргі кездегі дүниежүзіндегі экономикалық дағдарыстар, халықаралық сауданың әрқилы жағдайларға ұшырауы елімізге де теріс әсерлерін тигізді. Осындай халыкаралык экономикалық қатынастарда Қазақстанның дамуы отандық өндірушілер мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігіне байланысты болып табылады. Осы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы мемлекеттік іс-шаралардың бірі - өңірлерде кластерлік жүйелерді іске асыру көзделіп, бұл өз кезегінде аймақ экономикасын тұтастай көтеретіндігі анықталып, жүзеге асырылу үстінде.
Агроөнеркәсіптік өндірістің соңғы нәтижелері тек тікелей ауыл шаруашылығының даму деңгейіне ғана емес, сонымен қатар соған қызмет көрсететін салаларға да байланысты. Ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі ұлғайған сайын материалдық-техникалық ресурстарды, қажетті шикізаттарды, қосалқы материалдарды т. б. жұмсау мөлшері де ұлғаяды.
Қазақстанның бүгінгі агроөнеркәсіп кешенінің потенциалын халқын асырауға ғана емес, сонымен бірге аграрлық өнімдердің көптеген түрлерініп экспортына өндіру есебінен дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы ауылшаруашылық мемлекет болуына мүмкіндіктері бар. Жақын арада республика экспортының негізгі бағыттары: бидай, мақта талшығы, ет, жүн, қаракөл терісі, былғары және тон-тері шикізаты болып қалмақ. Ұзақ болашақта дайын өнімнің экспортына бағдарлану, ол үшін бәсекеге қабілетті өнім өндіретін технология мен техниканы пайдалану негізінде қайта өндеуші өнеркәсіпті дамыту қажет.
Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісіндегі нарықтық экономиканың дамуы және әлемдік дағдарыс кезінде экономиканың аграрлық секторының жағдайын шиеленістіре түсетін мемлекеттік қаржылық қолдаудың күрт қысқаруы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өнімдеріне баға диспаритетінің күшейе түсуі тәрізді бірқатар факторлардың жағымсыз әсерімен өте қолайсыз, дағдарысты қалыпта жүргізілуде. Соның салдарынан бүгінде ауылдық тауар өндірушілердің материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілу деңгейі өте төмен және өндірген өнімдерін өткізу жүйесі мардымсыз дамыған жағдайда.
Ауыл шаруашылығының материалдық - техникалық ресурстар ең жаңа ғылыми техникалық жетістіктерді кең қолдануға негізделген қоғамдастырылған ірі машиналы өндіріс, бұған қоса электрлендіру, механикаландыру, автоматтандыру, химияландыру. Кең мағынада алғанда өндірістік заттық суъбективтік факторлары қамтылады.
Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алғанда, ауыл шаруашылығының материалдық - техникалық дамуының ең басты міндеті халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті шикізатпен, сондай-ақ ауылдың жедел әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету. Ал, даму жердің экономикалык құнарлығын арттырудан, өнімділігі - жоғары жаңа техниканы барған сайын кеңінен енгізуден, электрлендіруді, химияландыруды, мелиорациялауды, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының жем-шөп өндірісінің өнім өндіру, индустрияландыруды, өндірістік процестерді тікелей пайдаланудан, ауыл шаруашылығы ғылымын өндіріспен ұштастырудан көрініс табады.
Аграрлық саясат - мемлекеттің жалпы және экономикалық саясатының құраушы бөлігі. Аграрлық саясат - саясаттың өзге құраушыларымен тығыз байланыста құрылады - сыртқы сауда, өнеркәсіптік, экологиялық, әлеуметтік және т. б. Аграрлық саясат аграрлық кешеннің (ауылшаруашылық өндірісі, агробизнес құрылымдары, ауылшаруашылық нарықтары, ауылдық қоғамдастықтар және т. б. ) қызметімен байланысты мәселереді кешенді шешуде мемлекет қолданатын принциптер мен шаралардың жиынтығы ретінде анықталады.
Мемлекеттік аграрлық саясат келесі принциптерге негізделуі тиіс:
- тұрақтылық: тағайындалған мерзім ішінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің алдында мемлекеттің міндеттемелерін орындауы;
- нақтылық: мемлекеттік қолдау тікелей ауылдық тауар өндірушілерге көрсетіледі. Ауыл шаруашылығы дамуын қолдауда бюджеттік қаражаттарды делдалдық ұйымдардың алуына жол берілмейді;
- кепілденген: оның жекелеген бағыттары мен бағдарламаларына енгізілген, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау бойынша мемлекет міндеттері;
- құзіреттілікті шектеу және бәсекелестіктің теңдей шарттарын сақтау: республикалық бюджеттен алынатын қаржылық қолдау жергілікті бюджеттің қаржылық қолдауымен толықтырыла алады, бірақ тек өздерінің бағдарламалары бойынша;
- халықаралық міндеттемелерді есепке алу: ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруда Қазақстанның халықаралық келісімдер бойынша, оның ішінде, оның Әлемдік сауда ұйымына қатысуынан туындайтын, міндеттемелері ескеріледі;
- теңдей қол жеткізімді: шаруашылық жүргізудің барлық үлгілері, шаруа қожалықтары мен тұрғындар шаруашылығын қоса ескергенде, олардың барлығының бюджеттік қолдауда теңдей құқы бар;
- АӨК нарықтық орнының бұзылуына жол бермеу;
- жанама тұтқаларды максималды қолдану мүмкіндігі және тікелей әсер ету құралдарын минималды қолдану;
- АӨК қолдау үшін бөлінген қаражаттардың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ету;
- реттеу шаралары жүйесінің қазіргі макроэкономикалық жағдайларға, нарық конъюнктурасына, әлемдік тенденцияларға баламалығы.
Экономиканың агро азық-түлік саласының негізгі қызметін келесідей тұжырымдауға болады: тұрғындардың жоғары сапалы тамақ өнімдеріне деген қажеттіліктерін жеткілікті сан мөлшерінде және қол жеткізерлік бағамен қанағаттандыру. Үлкен мағынада, бұл өнеркәсіптің ауыл шаруашылық шикізаттарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтиды. Осыған байланысты, аграрлық саясат ауыл шаруашылық өнімдерін, шикізат және азық-түлік өндіру мен нарығына мемлекеттік ықпал ету жүйесі ретінде, экономикалық саясаттың өзге бағыттарының ресурстық базасына «орнатылған» болуы қажет. [5]
Мемлекеттік аграрлық саясатты жасауда келесі мәселелерді ескеру маңызды: жерді иелену, пайданалу және қолдану және де ауылшаруашылық өндірісінің өзге де факторларымен туындайтын, қатынастар; материалды-техникалық ресурстарға, ауылшаруашылық өнімдеріне, шикізаттарға және азық-түліктерге сұраныс пен ұсыныс; нарықтың инфрақұрылым жағдайы; ауылшараушылық өнімдерінің өнеркәсіп өнімдерінің бағасына қатынасы; ауылшараушылық тауар өндірушілердің табысының өзге тұрғындар топтары табысына қатынасы; тұрғындардың негізгі әлеуметтік-демографиялық және территориялық топтар үшін азық-түліктердің заттық және экономикалық жеткілікті болуын қамтамасыз ету қажеттілігі.
Агроөнеркәсіптік кешен - ауылшаруашылық шикізатынан соңғы өнім өндірісін тікелей қамтамасыз ететін, өзара байланысты салалар жиынтығы. Оның тұрақты қарқынды дамуын қамтамасыз ету, тұтас АӨК, сондай-ақ оның әрбір құрылымдық бөлімшесінде, әсіресе негізгі саласы - ауыл шараушылығында тұрақты ұдайы өндірісіне жетумен жүргізіледі.
АӨК - салалардың тұтас кешенінің күрделі интеграцияланған әлеуметтік-экономикалық жүйесі. Оған сан алуан, күрделі қажеттіліктері мен мүдделері бар, әртүрлі меншік иелері мен шараушылық формасына жататын кәсіпорындар, агроқұрылымдар, мекемелер жатады. Шаруашылық механизімі бұл жан-жақтылықтың тұтастығын қамтамасыз етеді; келісілген мүдделер, шаруашылық жүргізудің барлық формаларының субъектілерінің тең құқылығы негізінде, тұтас бірлік ретінде АӨК өзін-өзі басқаратын бөлімдерінің мақсатты бағытталған тиімді қызмет етуі.
Ұдайы өндіріс процесінде табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестер өзара қиылысады. Шаруашылық механизімі әртүрлі табиғи-климаттық жағдайлардағы өндіріс бірліктерінің шараушылық еріктерін қамтамасыз етіп, шешім қабылдауда ресурстармен, технологиялармен, ұйымдастырулармен, икемді экономикалық тұтқалармен қолайлы шаралар жүргізу қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс. АӨК - өндіріске қатысушылардың табиғатпен және тәуекелмен байланысты, биожүйелердің қызмет етуімен байланысты өзара қатынастарының үйлестілігін қамтамасыз ететін механизім.
Қызмет ету-салалық құрылымы АӨК үш салаға бөледі:
- біріншісі, ауыл шараушылығы өндіріс кезеңдерінің үзіліссіздігін қамтамасыз ететін салаларды және өнеркісіп салаларын біріктіреді: ауылшараушылық машина жасау және өсімдік шараушылығының өнімдерін қорғау құралдары мен химиялық тыңайтқыштар өндірісі;
- екінші сала, ауыл шаруашылық және орман шараушылықтарын (біз өзіміздің зерттеу негіздеріміз ретінде тек осы салаларды аламыз) қамтиды;
- үшіншісі, ауылшараушылық өндіріс өнімдерінің соңғы тұтынушыға дейінгі қозғалысын қамтамасыз ететін салалар тобы құрайды: қайта өңдеуші және дайындаушы салалар, сауда және қоғамдық тамақтану салалары.
Ендеше, АӨК экономикалық жүйесі өзара кезекті байланысты салалардан тұрады. Әрбір сала және сфера, агроөнеркәсіптік тұтас ұдайы өндіріс процесінің белгілі бір фазасының қызметін орындайды. Осыған байланысты, АӨК әрбір буыны алдыңғы буын өнімінің тұтынушысы ретінде болып, олардың көлемдері мен құрылымы бірін-біріне сәйкес келуі тиіс.
1. 3 Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің негізгі
бағыттары
Агроөнеркәсіп кешені дамуының басты бағыттары негізінен алғанда ұйымдық және технологиялық мазмұнда болды. Алайда, оларды жүзеге асыру үшін экономикалық және әлеуметтік-құқықтық жағдайлар қажет. Сондықтан да қазіргі уақытта шын мәніндегі экономикалық тәуелсіздікке және шынайы азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу, агробизнесті дамыту үшін экономикалық реформаларды дамыту және кеңейту қажеттілігі туып отыр.
Әрине, нарықтық экономика заңмен тыйым салынбайды қызметтің кез келген түрімен айналысатын іскерлердің бостандықтағы қарым-қатынастарына негізделеді. Агроөнеркәсіптік кешен үшін мемлекеттік реттеу жағдайында ғана шешілетін мәселелері ерекше бөлігі болып табылады. Олардың қатарында шаруашылық жүргізу нәтижелерінің адам бақылауына көнбейтін табиғи және әсіресе ауа райы жағдайларына тәуелді болуымен өндіріс қоры мен қызмет көрсетудің бағалық конъюнктурасымен анықталатын ауыл шаруашылық өндірісінің төмен рентабельділігін, ірі, бірақ өзін-өзі баяу ақтайтын күрделі қаржыны игеру қажеттілігін және басқа факторларды айтуға болады.
Сонымен бірге мемлекеттік ұйымдардың агробизнеске шамадан тыс араласуы жағымсыз жағдайларға алып келуі мүмкін. Сондықтан да, мемлекеттік реттеу ең қажетті шаралармен шектелуі тиіс. Олардың қатарына мыналар жатады:
- Нарықтық қатынастарды дамытуға ынталандыратын заң мен нормативтік актілер жасау және қабылдау жолымен құқықтық базаны қалыптастыру және олардың жүзеге асырылуы мен орындалуына бақылау жасау;
- Баға белгілеу, салық салу, қаржылық-несиелік қарым-қатынас, қамсыздандыру және басқа мәселелерді дұрыс шешуді қарастыратын аграрлық саясатты жасау және жүзеге асыру:
- Агроөнеркәсіп өндірісін тұрақтандыру, тауар өндірушілердің табысын қолдау және ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен пайдалану есебінен өндірістің сапалық қайта құрылуын жеделдету үшін жекелеген салалар мен аймақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік құрылымдық саясатты жүзеге асыру;
- Халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы қызметті үйлестіру;
- Ауыл шаруашылық және жер ресурстарны бөлу, жер реформасын жүзеге асыру;
- Шаруалардың әлеуметтік қорғалу жүйесін агроөнеркәсіп кешенінде әлеуметтік саясатты реттеу;
- Шаруалардың зейнетақысының қамтамасыз етілуіне, тұрғын үй,
әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық құрылысқа қатысу, ауылдық жерлерде фермерлік үлгідегі шағын елді мекендерді дамыту, республиканың аз табысын тұрғындарын мемлекеттік бюджет есебінен азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық өндірісінен босап қалған еңбекке жарамды тұрғындарды еңбекпен қамту және басқа проблемаларды шешуге қатысу;
- Ғылыми зерттеу, селекциялық және асылдандыру ісін қаржыландыру және ұйымдастыру, ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізу;
- Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді ауыл
шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізу жөніндегі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету;
- Азық-түлік пен ауыл шаруашылығы шикізатының мемлекеттік
ресурсын қалыптастыру;
- Табиғи ресурстарды пайдалануға, қоршаған ортаның жай-күйі мен қауіпсіздік техникасын сақтауға, азық-түлік сапасына бақылау жасау, санитарлық бақылау, жерге орналастыруға, өсімдіктерді қорғауға және ветеринарлық жағдайға бақылауды жүзеге асыру;
- Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік ауыл шаруашылығы
кәсіпорындарын басқару;
- Агробизнеске заңдық қызмет көрсету және оларды құкықтық
тұрғыдан қорғау.
Ауыл шаруашылығы өнімі рыногын мемлекеттік реттеу басым жағдайда бағалық, қаржылық, несие және құқықтық құралдарды пайдалану арқылы экономикалық әдіспен жүзеге асырылады.
Селолық өндірушілер табысын қолдау мақсатында өнімді өткізу мен жеңілдік несиелерге жол ашуды қамтамасыз етуге кепілдік беретін ауыл шаруашылығы өнімдерінін негізгі түрлеріне сауда және сатып алу операциялары қарастырылған. Сондай-ақ, биржалар болашақ өнімді сатып алуға ауыл шаруашылық (өндірушілермен келісім-шартқа отырған жағдайда фьючерстік сауда-саттық тегеріші пайдаланылады. Мұндай фьючерстік операциялардың артықшылығы тауар өндірушілер өнім алғанға дейін процентсіз несиелерді пайдалана алатындығында жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz