Бәсекелестікке қабілетті экономиканың маңызды бір бөлігі – ауыл шаруашлығы саласының бәсекелестікке қабілеттілігі



Кіріспе ... ... ... ... ..3.4

I . тарау. Қазақстанның ауылшаруашылығы кешенінің даму бағыттары.
1.1 Қазақстандағы ауыл шаруашылық құрылымдарының даму бағыттары ... ... ... ... .6.8
1. 2 Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың негіздері ... ... ... ... ... .8.11

II.тарау Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы
2.1 Ауылшаруашылық өнімдерінің нарығы

2.2 Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің динамикасы
2.3 Батыс Қазақстан обылысындағы ауыл шаруашылығы өнімінің динамикасы ... ... .20.29
Қорытынды ... ... ... .30.31
Пайдаланылған әдебиеттер
Ел экономикасының қуаттылығы оның қазба байлықтары мен минералдық ресурстар базасының көлеміне емес, алысты аңғаратын экономикалық реформалар стратегиясының бәсекелестікке қабілетті жоғарғы технологиялық тауар мен сапалы қызмет жасауға жағдай туғызуға негізделген жөн. Елбасы Н.Ә. Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе былай деген еді"... жүргізіліп отырған саясат пен мемлекеттің нарықтық экономикаға көшу тәжірибесіндегі нақтылы қызметте тиімділігінің төмен болуы обьективті түрдегі кедергі факторлардан басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған шаралар мен шешімдердің әсер етуінен, тактикалық қателерден болды". Сондықтан аграрлық өнеркәсіптік саладағы экономикалық ахуал үнемі жан-жақты талдауды қажет етеді. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына дейін және одан кейін қабылданған бәсекелестікке қабілетті тауар шығарып, қызмет көрсетуге бағытталған теориялық алғышарттарды экономикалық нақты көрсеткіштерге ұластыру қажет және ол бүгінгі күннің көкейтесті талаптарының бірі. Ол үшін, экономистердің пайымдауынша, әр ел әлемдік шаруашылықта өз тауарымен және қызметімен өз орнын табуы тиіс. Десе де, белгілі бір ел ішкі азық-түлік және киім-кешек сұранысын мейлінше өзі қамтамассыз еткен жағдайда ғана ұлттық экономика бәсекелестікке қабілетті болмақ және ол тұрақты экономикалық даму кепілі.
1. Н. Назарбаевтың жолдауы. // Заң газеті 23 ақпан 2005ж[.2 б.]
2. Белгібаев.Қ. Ауыл шаруашылық экономикасы. А,[215-220 б.]
3. Черняков Б. Развитие и регулирование аграрной экономики США на рубеже веков //Международный журнал проблемы теории и практики- 2000 №4
4Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.- Алматы: «Арыс» баспасы, 2002
5Жантасова Қ.Х. «Батыс Қазақстан облысының мал шаруашылық саласының қазіргі жағдайы» //«Ғылым-бәсекелестікке қабілетті экономиканың негізі» атты ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Орал, 2008ж.
6Әбділдин С. «Агробизнесті ұйымдастыру» Алматы, 2001ж.
7«2006 – 2010 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту» аймақтық бағдарламасы
8 Облыс әкімдігінің 2004 жылғы «31» желтоқсандағы №360 қаулысымен бекітілген «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
9ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайты. // www.minagri.kz
10«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі Комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
11Кеникстул В., Константинович В. Совершенствовать экономическую вертикаль управления агропромышленным комплексом. //АПК: экономика, упраление-2008, №7
12. Мусенбаев. Т.М. Ауыл шаруашылық кәсіпкерлікті қолдау-нарық
экономикасының төл талабы. // Жаршы N9 2002ж,[6-10б.]
13. Музарабұлы.Н. Біртұлғаландыру - ауыл шаруашылығын дамыту
жолы.//Жаршы N8 2000ж,[ 3-86.]
14. Қазамбаева А.М. Агроөнеркәсіптік кешенді басқару мәселесі және оны
шешу жолдары. //Жаршы N1, 2001, [5-10 6.]
15. Спанов. М. Қазақстан өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ете алама?
//Саясат июнь 2001ж.
16. Амангелді Ермегиев. Отан партиясы ұсынады.// Егемен Қазақстан
28 наурыз 2003ж, [2-3 бет]
17. Уатхан Мизамбек. Нарық жағдайында шағын агробизнесті
дамытудың тиімділігі. Алматы 2002ж (автореферат) [18-20 бет]
18. Сыдықбаева Г.Ү. Аймақтағы ауыл шаруашылғының әлеуметтік-
экономикалық даму негіздері. А.2001 ж. [автореферат]
19. Қаптаева С.Ә. Нарыққа өткелі кезеңдегі аграрлық қатынастар
мәселелері. Алматы.2001ж. (автореферат) [11-13 бет]
20. Тұрғанбаев М.Ә. Нарықтық қатынастырға өту жағдайында өндірісін
ұйымдастыру. Алматы 1994ж. (автореферат) [12-13 бет]

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4

I - тарау. Қазақстанның ауылшаруашылығы кешенінің даму бағыттары.
1.1 Қазақстандағы ауыл шаруашылық құрылымдарының даму бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6-8
1. 2 Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-11

II-тарау Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы
2.1 Ауылшаруашылық өнімдерінің нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-16

2.2 Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің динамикасы
2.3 Батыс Қазақстан обылысындағы ауыл шаруашылығы өнімінің динамикасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20-29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30-31
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ел экономикасының қуаттылығы оның қазба байлықтары мен минералдық ресурстар базасының көлеміне емес, алысты аңғаратын экономикалық реформалар стратегиясының бәсекелестікке қабілетті жоғарғы технологиялық тауар мен сапалы қызмет жасауға жағдай туғызуға негізделген жөн. Елбасы Н.Ә. Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе былай деген еді"... жүргізіліп отырған саясат пен мемлекеттің нарықтық экономикаға көшу тәжірибесіндегі нақтылы қызметте тиімділігінің төмен болуы обьективті түрдегі кедергі факторлардан басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған шаралар мен шешімдердің әсер етуінен, тактикалық қателерден болды". Сондықтан аграрлық өнеркәсіптік саладағы экономикалық ахуал үнемі жан-жақты талдауды қажет етеді. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына дейін және одан кейін қабылданған бәсекелестікке қабілетті тауар шығарып, қызмет көрсетуге бағытталған теориялық алғышарттарды экономикалық нақты көрсеткіштерге ұластыру қажет және ол бүгінгі күннің көкейтесті талаптарының бірі. Ол үшін, экономистердің пайымдауынша, әр ел әлемдік шаруашылықта өз тауарымен және қызметімен өз орнын табуы тиіс. Десе де, белгілі бір ел ішкі азық-түлік және киім-кешек сұранысын мейлінше өзі қамтамассыз еткен жағдайда ғана ұлттық экономика бәсекелестікке қабілетті болмақ және ол тұрақты экономикалық даму кепілі. Осы дипломдық жұмысымда бәсекелестікке қабілетті экономиканың маңызды бір бөлігі - ауыл шаруашлығы саласының бәсекелестікке қабілеттілігін теориялық негіздемеге сүйене отырып, кәсіпорын мысалында көрсетуге тырыстым. Дипломдық жұмыстағы талдау материалдар аграрлық саланы зерттеуші Қалиев Г.Ә., Мәдиев Г., Сейтбеков Л.С., Баймұхамедова Г., Айтуганова Б., Тілеубергенова М.А. және тағы басқа ғалымдардың ғылыми еңбектеріне негізделінді. Даярланған талдау материалдарының ерекшелігі бәсекелестікке қабілетті тауар шығару үшін болашақтағы ең бір маңызды мәселелердің бірі - құрылымдық өзгерістер жасау болып табылады, яғни мал шаруашылығын қалпына келтіріп және оны одан әрі дамыту, ол азық-түлікпен қамтамасыз ету талаптарымен анықталады және ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесіндегі мал шаруашылығының өз ролін қамтамасыз ету, сонымен қатар, етті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығын дамытуды қарастырады.

I - тарау. Қазақстанның ауылшаруашылығы кешенінің даму бағыттары.
0.1 Қазақстандағы ауыл шаруашылық құрылымдарының даму бағыттары
Аграрлық секторда ғылымға жеткілікті дәрежеде негізделмей жүргізілген реформалар ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің құлдырауына алып келді, әсіресе мал шаруашылығы көбірек жапа шекті. Ауыл шаруашылығы саласының құрылымы, әсіресе ондағы өсімдік пен мал шаруашылығы қатынастары мүлдем өзгерді Шаруа қожалықтары бойынша жыртылған жер аумағы негізгі массада орташа 10 га келеді, сонымен қатар мал шаруашылығы да өте ұсақ көлемде көрініс тапқан: МІҚ 20 басқа дейін және 110-ға дейін қой мен ешкі. Бұл жағдайда мал шаруашылығымен 10% ғана шаруашылық айналысады. Қалыптасқан ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ұсақ көлемді болып келуі жер көлемі бойынша да және мал басы бойынша да үздіксіз технологиялық процесті қалыпты жағдайда қамтамасыз ете алмайды, ол ақырында өңдіріс тиімділігінің төмендеуіне келіп жеткізеді. Бәсекеге қабілетті және экономикалық жағынан пайдалы шаруашылықты құру ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының көлеміне айрықша талаптар қояды., оның өзі сол жергілікті аграрлық сектордың дамуына сәйкес болып келуі жөн. Ауыл шаруашылық кәсіпорындары көлемдерінде, жер аумағы бойынша үлкен айырмашылықтар байқалады, бір облыс ішіндегі өлкелерде ұтымды өндіріс ұйымдастыру барлық уақытта да дәлелденген болып саналмайды. Көп кездесе бермейтін ірі кәсіпорындармен қатар, онша көп болмаса да, өте шағын көлемдегілер де жиі кездеседі. Шағын кәсіпорындарға қарағанда ірі шаруашылықтардың басымдығы байқалады онда барлық өндіріс факторлары тиімді сәйкестік тапқан және көп пайдаланылады, және соның негізінде жақсы қорытындыларға жетуге мүмкіндік мол. Орташа және ірі тауарлы өндірістік қуаттары мен инфрақұрылымдары дамыған кәсіпорында қызмет етіп жатыр, ауыл шаруашылық өндірістік технологиясы жер көлемдері орташа және ірі және материалдық техникалық базалары ұтымды пайдалануға мүмкіндігі бар мал шаруашылығы объектілеріне ыңғайланған. Атап өтетін нәрсе, жақын болашақта орташа және ірі тауарлы өндірісі бар табиғи-экономикалық жағдайларға сәйкестілер тұрақты дами алады деуге болады. Орташа және ірі шаруашылықтардың басымдылықтары, жоғары деңгейлі мамандандыру, өндірісті шоғырландыру, рынок бойынша интеграциялау мүмкіндіктері сияқты факторлармен анықталды. Ірі және орташа кәсіпорын, әсіресе өсімдік шаруашылығы салаларында, шағынмен салыстырғанда басымдықты иеленеді. Оларда күрделі қаржыны тиімді пайдалануға мүмкіндік бар, олар ғылыми- техникалық прогресске барынша икемді. Астық өндіруші кәсіпорын, егер жыртылған жері 15-18 мың га шамасында иеленген жағдайда өте жоғары пайдалылық деңгейін көрсетеді. Шаруашылық қызметінен алынатын таза табыстың негізгі массасын шағын кәсіпорындар тобы алады, мәселен ірінің үлесіне барлық кәсіпорынның 15,4% құрайды, барлық ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан алынған таза кірістің 72%-не келеді. Интенсификациялау деңгейінің көтерілу жағдайында ауыл шаруашылық кәсіпорындарының көлемі, өндіріс күштерінің өсуі өзгермейтіндей болып қалмайды. Олар өздерінің өндіріс күштерінің әрбір нақты деңгейі шаруашылықтың интенсифтілік деңгейі және оны мамандандыру жағдайы үшін өздерінің оңтайлы шекараларын иеленеді. Әртүрлі ауыл шаруашылық салалары үшін, өндірістің түрлі экономикалық жағдайларының қызмет етуі жағдайында оңтайлы көлемдер шамалары бірдей емес. Сондықтан ауыл шаруашылық кәсіпорындарының көлемдері жалпылама емес, белгілі бір мамандандырылған өндіріске ыңғайластырылады. Мамандандыру өндірісті интенсификациялаумен тығыз байланысты, оның өзі бір тектес өнімдер өндірісінің оңтайлы шоғырлануын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның оңтайлы көлемдері белгілі бір шаруашылықтың мамандандырылуы және интенсифтілік жағдайында еңбек ресурстары саны бар болса, барлық негізгі өндіріс факторларын пайдалану жэне ең бір тиімді сәйкестікті қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының оңтайлы көлемдерінің критериі-бұл барлығынан бұрын жоғарғы өндірістің нәтижелері, жоғарғы еңбек өнімділігі және өндірістің рентабельдігін қамтамасыз етеді. Болашақтағы ең бір маңызды мәселелердің бірі құрылымдық өзгерістер жасау болып табылады, яғни мал шаруашылығын қалпына келтіріп және оны одан әрі дамыту, ол азық-түлікпен қамтамасыздық талаптарымен анықталады, жэне ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесіндегі мал шаруашылығының өз ролін қамтамасыз ету, сонымен қатар етті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы жылқы шаруашылығын қайта дамытуды қарастырады.

1. 2 Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың негіздері.
Өндіріс тиімділігі - экономикалық категория. Ол - өндіргіш күштер мен өндірістік қарым - қатынастың кең көлемді кешенді шарттарының қалыптасуы. Соның нәтижесінде кеңейтілген ұдайы өндірістік үдеріс қамтамасыз етіледі. Тиімділіктің басты мәселесі - нарықтық экономика жағдайында тауар өндірушілердің мүддесі үшін тұтыну кұнын өндіру кезінде ресурстарды мейлінше үнемдеу. Осы жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзінің тәуекелділігіне мүліктік жауапкершілігі шегінде ұйымдастырушылық, құқыктық нормативті актілермен анықталып, өндіріс табыстылығының есебінде жүргізіледі. Тиімділік - ұлғаймалы ұдайы өндірісті ұтымды жүргізудің алғы шарты. Ресурстарды таңдау кезінде баламалы нұсқаларды анықтау үшін пайдаланылатын сапалы бағалау көрсеткіші болумен бірге, ол өндіріс резервтерін анықтау, өндіріс құрылымының қалыптасуын жалпы да тікелей бағалау кезінде қолданылады. Тауар - ақша қатынасы жағдайында өндіріс тиімділігі ұтымды экономикалық тиімділікті сипаттайды. Мұндай жағдай жалпы өндірістік шығындардан қол жеткен нәтиже шамасы абсолюттік мөлшерде артық болып тұрғанда ғана орын алады. Осындай ұтымды тиімділік кез келген ұйымдық - құқықтық шаруашылықтың оңтайлы жұмыс істеуінің, кеңейтілген өндірісті жүргізудің ең бір қажетті шарты болып есептеледі. Сондай - ақ ол материалдық өндірістің барлық буынында ғылыми - техникалық прогрестің дамуы үшін зор экономикалық қозғаушы күшке айналып, тұтыну құнының сапасын жақсартады. Бәсекенің салыстырмалы еркін іс - әрекет жасаған кезінде өндірісті тиімді жүргізудін басты міндеттерін бір уақытта шешуге жол ашатын нарықтық тетік механизм , біріншіден, тауар өндірудің дәл сол мезгілде қоғамдық сұранымға сәйкестігін бағаласа сандық және сапалық жағынан, екіншіден, қойылған міндеттерді тиімді жолмен шешу үшін өндіріске жаңа тәсілдерді енгізуді ынталандырумен бірге, бағаның өзгеруі мен ауытқуы, пайда, тағы басқадай құнды категориялар арқылы халық шаруашылығында өндірістік ресурстар мен тауарларды ағымды нарықтың сұранымына сәйкес бөлуге, экономиканың оңтайлы дамуына оң ықпал ете отырып, экономиканың тиімділігін арттырады. Баға нарықтық экономика жағдайында әртүрлі тауарлар нарығының дамуына, солар арқылы жалпы қоғам көлемінде өндірістік ресурстар мен тауарларды бөлу арқылы қоғамдық өндірісті реттеуші рөлін атқарады. Мұндай жағдайда әрбір өндірістік ресурстың өзіне тән бағасы болады және ол тауарлық баға сияқты белгіленген ресурстың сұранымы мен ұсынымының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Осы бағаның құрылымы белгілі болғандықтан, мейлінше аз шығын жұмсай отырып, көп өнім өндіру үшін, соған лайықты өндірістік үдерісті таңдау мүмкіндігі туады. Жұмыс күшіне жоғары ақы төленген жағдайда өндіріс үдерісін техникалық жарақтандыру шаруашылықты оңтайлы жүргізуге ынталандырып, төмен болған жағдайда өндіріс үдерісінің еңбек сыйымдылығын уақытша тоқтатып қоюға ықпал ететіндіктен, өндірістік ресурстар бағасы тауар өндірушілерді арзан ресурстарды өндірістік үдеріске кеңінен қолдануға, ал қымбат ресурстарды үнемдеуге итермелейді. Бұл жағдайда тауардың бағасы қоғамда өндірістік ресурстарды бөлуге қалай әсер еткенін еске алады. Яғни бағаның калыптасуының нарықтық тетігі келешекте өндіріс тиімділігін арттырудың негізі болып табылмақ. Нарықтық бағаның қалыптасуы тетік көмегі арқылы өте тиімді шаруашылық шешімдерін жүзеге асыруға кең жол ашпақ . Кейбір кәсіпорындар шегінде мұндай ыңғайлы тандауға иек арту ірі шаруашылық кешендерінде өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттырудың шешуші факторы болмақ. Екінші сөзбен айтар болсақ, ,барлық табиғи ресурстарды толығымен пайдаланып, оған толық көлемде қол жеткізген жағдайда ғана экономика қалыптаспақ.. Осындай жағдайда экономика мәселелерінің маңызы анықталынады. Өйткені ресурстардың жеткіліксіз мөлшерде болуы өндірістің толық көлемде тауар өндіру мүмкіндігін шектейді. Мұндағы ең басты мәселе - ең алдымен қандай тауарлар өндіру қажет, ал қандай түрлерінің қажет еместігін шешіп алған жөн. Осыған байланысты өндірістің экономикалық өсуі, барлық табиғи ресурстардың толық игерілуі, экономикалык тиімділік, бағаның тұрақты деңгейі, өндірушінің экономикалық еркіндігі, тауарды әділеттілікпен бөлісу сиякты негізгі экономикалық мақсаттар қалыптасады. Агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін анықтау үшін, оның мақсатын, қоғамның материалдық жағдайының оңтайлануының және әлеуметтік факторларды камтамасыз етуді ескеру керек. Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігінің мәселелері - бұл ең қажетті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мәселесі. Бұл орайда өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру мәселесін нарықтық экономика жағдайында маңызды әлеуметтік-экономикалық факторларды ескермей, қарастыру мүмкін емес. Бұған өндіріс құралдарына меншік түрлерінің өзгеруі де жатады. Аграрлық саясаттың қазығы болып есептелінген ірі кәсіпорындарға иек арту негізінде дұрыс болатын. Мұндай өндіріс әсіресе өнеркәсіп технологияларды қолданып жұмыс істейтін мамандаңдырылған кәсіпорын еңбек өнімділігін арттыру мен табиғи, материалдық - техникалық еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың үлкен мүмкіндіктеріне ие болады. Бірақта ірі өндірісті абсолюттеу, шағын және орта өндірісті, оның ішінде шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды елемеу республиканың ауыл шаруашылығына нұқсан келтірері хақ . Қазіргі кезде экономикалық қатынастар мен өндіріс жағдайының өзгеруіне байланысты нарықтық қатынастарға көшу кезіндегі ауыл шаруашылығы өңдірісінің экономикалық тиімділігін анықтау қажетті деңгейде дей алмаймыз. Бұл жағдай ең алдымен бағалаудың теориялық және әдістемелік аспектілерін нақтылауды кажет етеді. Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе былай дегенді. ... жүргізіліп отырған саясат пен мемлекеттің нарықтық экономикаға көшу тәжірибесіндегі нақтылы қызметті тиімділігінің төмен болуы объективті түрдегі кедергі факторлардан басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған шаралар мен шешімдердің әсер етуінен, тактикалық қателерден болды. Сондықтан ауыл шруашылығындағы экономикалық ахуалды жан-жақты талдау қажет. Қазір реформалау үдерісіндегі ауыл шаруашылығы жағдайы мәнде деңгейде өзгерді.

II Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы
2.1 Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығы.
Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру және нарыққа көшу бағдарламасы бойынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығын құру үшін мемлекеттік тапсырыстың міндеттілігін жою , оның орнына экономикалық жағынан дербес тауар өндірушілер құрамын жасақтау , нарықтық инфроқұрылымын қалыптастыру, тауар өндірушілерлің дайындаушы ,ұқсатушы және басқа ұйымдармен еріктілік пен өзара тиімді негіздегі шарттық қатынастарына көшу.
Әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің қуатты тұтқасы болып келген директивалық мемлекеттік тапсырыс индикативті жоспарлауға орын беруі тиіс. Бұл орайда тапсырыс - ұсынысқа және шартқа айналдырылуы тиіс.
Мемлекет нарыққа шыққанда басқа да сатып алушылармен құқықтық болуы керек. Ол тауар өндірушілерге сатып алатын өнім көлемі мен түр-түрі, сапасы, бағасы, жеңілдіктері, көтермелеу шаралары мен басқа да шарттары жайында алдын - ала хабарлайды.
Нарыққа көшкенде Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің аса маңызды өзіндік ерекшеліктері болды. Олар мыналар:
-Еліміз бойынша әсіресе пайдаланылатын жер көлемі жөнінен орташа кәсіпорындар басым болып отырғанда негізінен ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының болуы. Бұл, өз кезегінде , жер реформасын жүзеге асыру және өндіріс құрал - жабдықтарына меншікті иелікке беру формаларына әсер етеді;
- Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің шикізтқа бағытталуы негізінен алғанда өндіру , ұқсату, сақтау, өткізу кезеңдерін қамтитын , оның салалары арасындағы сақталып келе жатқан тепе-теңсіздікке байланысты. Ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі бөлегі ұқсатылмаған күйінде басқа аймақтарға жіберіліп , республикада құралған таза табыстың дені соларда қалып қояды;
- ауыл шарушылығының дәстүрлі түрлері бар, әлеуметтік экономикалық дамуы жағынан артта қалған көптеген аудандардың болуы.
Ауыл шаруашылығы экономикасындағы күрделі проблемалардың тағы бір түрі- сататын және сатып алатын тауарларға бағанын тепе-теңдігін жасау.
Бағаның тепе-теңдігі- бұл қаламен ауыл аралықтарындағы екі жақты айырбас кезіндегі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің өнімдері құндарының ара қатынасы.
Тең бағаны жасау қиындықтары барлық елдерде жиі кезесіп отырады. Ол ең алдымен өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктер. Біріншіден, ауыл шаруашылық өндірісінде өндіретін өнімдер маусымдық сипатта болады, сондықтан өнім бағалары өзгеру уақыты бойынша жалпы баға өзгерістерінен қалып отырады. Екіншіден, фермерлер өздеріне керекті өнімдерді ірі жеке өнеркәсіп монополистерінен сатып алып отырады, ал олар болса жоғары бағаларды ұсынады. Мысалы, астық жинайтын комбаиндар Ресейде екі жерде ғана жасалады. Комбайндардың бағалары болса өте қымбат. Ал фермер, шаруа өз өнімдерін көпшілікке сатады, сондықтан жоғары баға сұрау қиынға түседі. Үшіншіден, ауыл шаруашылық өнімдерінің дүние жүзілік нарығындағы бәсекелік фермерлерге тең бағалы өнімдерді ұстауға үлкен кедергі жасайды.
Осының салдарынан өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдеріне әр уақытта "бағаның қайшысы " пайда болады.
Баға қайшысы- бағаның тепе-теңдігі бұзылу дәрежесі, яғни ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп өнімдерінің бағаларының өсу қарқынының айырмашылығы.
Бағалар тепе-теңдік проблемаларын нарықты механизмдер арқылы шешу өте қиын, сондықтан көп елдердің үкіметтері бұл тепе-теңдіктерді шешу үшін фермерлердің өндірген өнімдеріне кеткен шығындардың біразын өз мойындарына алады.
Мысалы, Еуропалық экономикалық бірлестік дүние жүзілік нарықта өз фермерлерінің астығын нақтылы бағасынан 15 пайыз төмен бағаға сатады. Ал, Америка үкіметі ферлердің өндірген астығын 50 пайыз бағамен сатады, қалған 50 пайызын үкімет өз қалтасынан төлейді, ол төлем фермерлерге жәрдем ақша есебінде болып, ауыртпалығы салық төлеушілерге түседі.
Жәрдем ақша- тауар өндірушілерге, олардың тауарларына бағаны тұрақтандыру, немесе оларды жұтатын кететін жағдайдан аман сақтау үшін берілетін мемлекеттік қайтарылмайтын жәрдем.
Адамзаттың тарихи тәжірибесі ауыл шаруашылығын өз дәрежесінде ұстау үшін ерекше әдіс ойлап шығаруға мәжбүр болды- бұл таза нарықты тетіктер. Оларға алдымен биржалық сауда жатады.
Бірақ биржалық тетіктердің саудасы көпестер мен тауарлар келісімдеріне де бейімделген. Тауарлар биржасында тек үлкен көлемде және кқп уақыт сақталатын талапқа сай сапасы бар тауар сатылады. Бұл талаптарға шикізат жатады, ал ол шикізаттар ауыл шаруашылығында өндіріледі. Мысалы: астық, ет, мақта, табиғи кауччук.
Қазіргі дамыған елдерде 50-ден артық ірі тауар биржалары бар. Оларда тауарлардың 160 түрі сатылады. Бұл көтерме сауда арқылы жылына 100 трлн. доллардың саудасы жүреді, яғни бұл елдердің өндірген өнімдерінің төрттен бірі.
Көтерме сауда- тауарларды үлкен партияларымен сатудағы келісім , мұнда сатып алушы көтерме сауда фирмасы болып табылады, ол бөлшек сауда бағасымен дүкендерді немесе өндірістік фирмаларды тауарлармен қамтамасыз етеді.
Тауарлы биржалардың өркендеуі ауыл шаруашылығы мен экономиканың басқа да салаларымен саудалық қарым-қатынастарды нығайтудың ең қолайлы формасы болып табылады. Ауыл шаруашылық өндірісінің маусымды түрі күзде , әсіресе, өнімдерді мол жинағанда , ұсыным сұранымнан көп жоғары болғанды, мұның өзі бағаның , оны- мен бірге табыстың төмендеуіне алып келеді. Бірақ өмір қажетімен тұтыну жыл бойы. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне күз айларынан кейін ұсыным күрт төмен түседі, ал сұрамын болса айма-ай ұсынымнан жоғарылай береді. Жаз айларының аяғында екеуінің алшақтығы сонша өткен жылдың өнімдеріне деген баға тез жоғарылайды.
Міне, сұраным ұсыным тетіктерін жөнге салмаған жағдайда бағалардың тұрақсыздануы шыға келеді. Бұл жағдай фермерлерге де, тұтынушыларға да пайдасыз, күзде бұлардың алғашқылары өз тауарлары өте төмен баға алатын болса, кейінгілері ауыл шаруашылық өнімдері үшін көктемде және жазда өз қалтасынан өте көп төлейді.
Бұл жерде орынды сұрақ туады: не себепті фермерлер өз өнімін күзде сатады? Келесі көктемде сату пайдалы емес пе?
Бұл кеңес орындалу үшін қожалықтары ең алдымен көп айлар бойы жинаған өнімін сақтайтын қойма салуы керек, сонымен бірге сақтауға шығындар жұмсау керек. Мұнымен бірге көктемде мол табыс ала қоймайды , ал күзде де болса атқаратын жұмыстар көп, оларға кететін шығындар да мол. Бұл шығындарды жабу үшін қаржыны қайдан алады?
Ол үшін банктен несие алуға болады. Бұл жолдың өз кемшіліктері бар. Біріншіден, болашақ өнімге банк онша көп қарыз бере қоймайды. Себебі, бұл тауар тұрақсыз бағасымен банктен алатын несие мен оның пайыздарын өтей ала ма? Екіншіден, банктік несие үшін үлкен өнім пайыздарын төлеу керек, ол табысты тағы азайтады. Үшіншіден, егер де банкке алған қарызын уақыттылы қайтармаса, онда шаруашылығы тұралатып, уысынан шығарып алуы мүмкін.
Міне, осындай жағжайжа биржевик пайда болып келе кояды. Оның бар мақсаты : бағаның күзде болатынын пайдаланып, көбірек табыс табу. Күзде ауыл шаруашылығы өнімдері арзан болғандықтан көбірек сатып алып, көктем мен жаз айларында бағаның өсуін күтіп қолындағыны сату арқылы баға айырмасынан пайда табу.
Биржевиктің нарықта пайда болуының өзі болып жатқан жағдайға ерекше әсерін тигізеді. Біріншіден, өндірген қнімді күзде сатып алу, сұраным мен ұсынымның жалпы көлемін көбейтіп, олардың араларындағы үйлеспеушілікті жояды . Теңгермелік баға жоғарлайды. Екіншіден, биржевик сатып алған тауарын көктем мен жазда базарға шығарып ұсынымды көбейтеді, ал ол биржевиктің еркінен тысқары, бағаны төмендетеді.
Маусымдық бағаның тұрақсыздануы қоғамда жоғары бағаланады: фермер күзде өз еңбегі үшін көбірек ақша алады, тұтынушы да көктем мен жазда былтырғы өнімнен сатып алып аз төлейді.
Басқа сөзбен айтқанда, биржалық сауда қоғамға пайдалы. Ол әкімшілік-әміршілік үстемдік ел экономикасындағы саудагерліктен мүлде бөлек. Мұндай елдерде ресурстарды тапшы тауарларға қолдары жететіндер саудагерлік жасап байитын. Олар жазасыз, қорқпай саудагерлік жасайды.
Биржалардағы бағаның тұрақты түрде құбылып тұруы дәлелді, заңды себептерден болады. Сондықтан тауар биржалары дүниежүзінде болып жатқан өзгерістерді сезімтал экономикалық тетігі. Міне , бұл сезімталдығы қор биржасын тауарлы биржалармен жақындастырады.
Әлем сатушылары мен алушыларын байланыстырып тауарлы биржалар нарықты өмірге әкеледі, бұл нарықта тауарларды әр уақытта белгіленген көлемде керекті түрін сатуға және сатып алуға болады. Свауда келісімі есебіне әлі өсірілмеген, жиналмаған өнімдер де болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оларды келешекте уақыттылы жеткізіп тұруға келісім - шарт жасасады, бұл келісімді- фьючерлік келісім дейді.
Фьючер - тауарды уақытысында және келісім-шарт жасаған уақыттағы бағамен жеткізуге және төлеуге жасалған келісім.
Фьючерлік сауда өткен ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ-та пайда болды, қазір биржалық келісімнің ол негізгі түріне айналды, қол бар тауарлар саудасын ығыстырып, орнын басып алды.
Бұл келіісім бойынша фермер өзінің келешекте алар өнімін көктемде сатуы мүмкін, Бұл келісім фермер үшін пайдалы.

2.2Ауыл шаруашылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың негіздері
Қазақстан Республикасы машина жасау өнеркәсібінің қазіргі даму жағдайы мен болашағы
ҚР ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық мәні
Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық іскерлігін жетілдіру жолдары
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мәні
Кластер және бәсекелестік
Қазақстандағы аграрлық құқық
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары
Мақта кешенінің бәсекелестікке қабілеттігін арттыру проблемалары
Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі бір саласы
Пәндер