Информатика пәні, объектілері және құрама бөліктері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. 4
БАҒДАРЛАМА. . 5
ӘДЕБИЕТТЕР . . . 6
ТАҚЫРЫПТАРҒА ШОЛУ. 7
1-ТАРАУ. ИНФОРМАТИКА ПӘНІ, ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАМА БӨЛІКТЕРІ. . ………7
- ИНФОРМАТИКА. 7
- АҚПАРАТ. . 8
2-ТАРАУ. ҚАЗІРГІ ЕСЕПТЕУІШ ҚҰРАЛЫНЫҢ АРХИТЕКТУРУСЫ . 11
- АҚПАРАТТЫҢ КОМПЬЮТЕРДЕ БЕЙНЕЛЕНУІ . . . 11
- САНАУ ЖҮЙЕЛЕРІ . . . 12
- БУЛДІК АЛГЕБРА ЖӘНЕ ЭЕМ-НІҢ ЛОГИКАЛЫҚ СХЕМАЛАРЫ . . . 15
- ЭЕМ-НІҢ НЕГІЗГІ БЛОКТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ . . . 16
- ДК-ДІҢ СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАР ЖҮЙЕСІ . . 17
3-ТАРАУ. ЭЕМ-ДІ ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ20
- ЭЕМ-ДІ ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ . . . 20
- ЭЕМ-ДІ ЖҮЙЕЛІК ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ . . 21
- ЭЕМ-ДІ ИНСТРУМЕНТАЛЬДІ ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ. 22
- ЭЕМ-ДІ ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ22
4-ТАРАУ. АЛГОРИТМДЕУ ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛАУ . . . 29
- АЛГОРИТМДЕР. НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ, КЕСКІНДЕЛУ ЖОЛДАРЫ . . . 29
- ҚАЗІРГІ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ . 29
- АЛГОРИТМДІК ТІЛДЕР. КЛАССИФИКАЦИЯСЫ. 30
- АЛГОРИТМДІК ТІЛДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ. 31
- ОБЪЕКТІ -БАҒЫТТАЛҒАН ПРОГРАММАЛАУ . . . 32
5-ТАРАУ. ЖЕЛІЛІК АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР . . . 36
- КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР. 36
- КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР. ЖЕЛІЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ . . . 36
- БҮКІЛ ӘЛЕМДІК КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІ INTERNET. 37
- HTML-ГЕ КІРІСПЕ. WEB- ДИЗАЙН НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ. 38
6-ТАРАУ. АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ. 42
- АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ42
- ҚОРҒАНЫСҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ. . 43
- КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР. … . . . 44
БАЌЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУ ЖӘНЕ КӨРКЕМДЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ. 47
БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ. 48
1-НҰСҚА . . . 48
2-НҰСҚА . . . 49
3-НҰСҚА . . . 50
4-НҰСҚА . . . 51
5-НҰСҚА . . . 53
6-НҰСҚА . . . 54
7-НҰСҚА . . . 55
8-НҰСҚА . . . 56
9-НҰСҚА . . . 58
10-НҰСҚA. . 59
КІРІСПЕ
Физика-математика факультетіндегі «Информатика» мамандығының оқу жоспарында «Информатика» курсының көлемі мен мазмұны ҚР-ның білім және ғылым Министрлігінің 050602 «Информатика» мамандығы үшін мемлекеттік жоғары білім беру стандартында анықталған, оқу түріне (күндізгі, сырттай) байланыссыз 2005 жылдың 11 мамырында, № 289 бұйрығымен бекітілген, 050602 «Информатика» мамандығы пәндерінің типтік бағдарламасына сәйкес келеді.
Оқу түріне байланысты «Информатика» курсын оқыту әдісінің өз ерекшеліктері бар, сондықтан, бұл әдістемелік құрал сырттай оқу бөлімінің студенттеріне ұсынылады. Әдістемелік құрал «Информатика» курсы бойынша бағдарламаның мазмұнын, әдістемелік нұсқау, лабораториялық және практикалық тапсырмаларды, өзбетінше жұмыстардың тақырыбын, тестілік және бақылау тапсырмаларын қамтиды. Әдістемлік нұсқау «Информатика» курсын оқытуда сырттай оқу бөлімінің студенттеріне көмек көрсету мақсатымен жазылды.
Сырттай бөлім студенттерінің «Информатика»- курсы бойынша алдына қойған мақсаттарына жету үшін назарын курстың негізгі тарауларына аударған. Әдістемелік құралдың негізгі мақсаты студенттерді «Информатика» курсы бойынша әдебиеттермен өзбетінше жұмыс жасауға дағдыландыру. Сырттай оқу бөлімінің студенттері оқу процесін ұйымдастырушы оқытушының тұрақты назарында болмайды, сондықтан осы әдістемелік құрал информатика пәнін өз бетімен игеруге мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Әдістемелік құралды жазу кезінде көмек көрсеткен информатика және есептеуіш техника кафедрасының оқытушысы Г. Т. Еламановаға ерекше ілтипатпен ықыласымды білдіремін.
БАҒДАРЛАМА
Информатика пәні, объектісі және құрамдас бөліктері. Ақпараттың физикалық және математикалық аспектілері. Информатиканың математикалық негізгі. Санау жүйелері. Дискретизация ұғымы. Тіл процесстерімен объектілерді сипаттау құралы. Компьютерде ақпараттың бейнеленуі. Бульдік алгебра және компьютердің логикалық схемалары. Компьютердің негізгі блоктарын ұйымдастыру элементтері. Процессорды архитектуралық ұйымдастыру. Компьютер жадын ұйымдастыру. Жадыны басқару мультипроцессорлық есептеу жүйелері: есептеу процессін параллель жүргізу, программаны параллель жүргізу, қатар-қатар параллель формалар, гипер жазықтық әдістері. Информатиканың геометриялық негіздері. Бейнені формализациялау. Компьютерлік графика туралы ұғым. Қазіргі кездегі есептеу технологиясының архитектурасы. Программалауға кіріспе. Есепті алгоритмизациялау негіздері. Алгоритмдер (типтері, қасиеттері, берілу тәсілдері) . Алгоритмнің базалық құрылымы. Программалауды үйрену тілдері. Жалпы мақсатты программалау тілдері. Алгоритмдерді талдау. Базалық алгоритмдер. Есептеудің күрделілігі. Есептеудің негізгі тиімді программалау схемалары. Массивті өңдеудің базалық алгоритмдері. Тізбекті өңдеудің базалық алгоритмдері. Сұрыптау және іздеу жұмыстарына арналған алгоритмдер. Рекурсивтік алгоритмдер. Мәліметтердің құрылымы. Программаны оптимизациялау. Мәліметтердің күрделі құрылымдары: тізім, стек, ширет, ағаш тәрізді құрылымы. Есептеуді оптимизациялау. Программаны жөндеу және тестілеу әдістері. Қазіргі кездегі программалық құралдар. Ақпаратты өңдеу, қолданбалы программмалық жабдық. Мәліметтер қорын басқару жүйесі. Компьютерлік желі, желілік және телекоммуникациялық технология. Желі туралы жалпы ұғым, компьютерлердің желілік өзара байланысының алғы шарттары және қажеттігі. Ақпаратты қорғау негіздері туралы. Ақпараттық қауіпсіздік және оның құраушылары.
Ақпараттық процестерде санкцияланбаған араласудан қорғау. Ақпаратты қорғаудың инженерлі-техникалық және басқада әдістерін ұйымдастыру деңгейі. Антивирустық қорғау, компьютерлік локальді желіде ақпаратты қорғау. Жасанды интелекті жүйесі.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А. Б. Информатикадан 30 сабақ. Алматы: Шартарап, 1998 ж
- Алексеев А. П. Информатика 2002. - М. : СОЛОН-Р, 2002.
- Биллиг В. А. VBA в Office 2000. Офисное программирование. М. : издательско-торговый дом «Русская Редакция», 1999Г
- Гук М. Аппаратные средства РС. - СПб: Питер, 1999.
- Денисов А. Microsoft Internet Explorer 5. - СПб: Питер, 1999.
- Информатика. Базовый курс. Под ред. Симоновича С. В. - СПб: Питер, 2001.
- Информатика: Учеб. пособие для студ. пед. вузов / А. В. Могилев, Н. И. Пак, Е. К. Хеннер; Под ред. Е. К. Хеннера. - 2-е изд., стер. - М. : Издательский центр «Академия», 2003.
- Информатика для юристов и экономистов. Учебник для вузов. Под ред. Симоновича С. В. - СПб: Питер, 2001.
- Информатика. Учебно-методический комплекс для студентов гуманитарных специальностей университета/Под редакцией доцента Ахметова Б. С. - Актобе: Редакционно-издательский отдел Актюбинского государственного университета имени К. Жубанова, 2003. - 199с.
- Йодан Э. Структурное программирование и конструирование программ. - М. : - Мир, 1979.
- Макарова Н. В. Информатика: Учебник - М. : Финансы и статистика, 1999
- Microsoft Office 2000: справочник. Под ред. Ю. Колесникова. - СПб: Питер, 2000.
- Microsoft Access 2000: справочник. Под ред. Ю. Колесникова. - СПб: Питер, 2000.
- Microsoft Excel 2000: справочник. Под ред. Ю. Колесникова. - СПб: Питер, 2000.
- Microsoft Word 2000: справочник. Под ред. Ю. Колесникова. - СПб: Питер, 2000.
- Новейший самоучитель работы на компьютере. Под ред. Симоновича С. В. - СПб: Питер, 2000.
- Основы современных компьютерных технологий. Под ред. Хомоненко А. Д. - СПб: Корона-принт, 1998.
- Острейковский В. А. Информатика. - Обнинск: ОТАЭ, 2001.
- Реселман Б. Использование Visual Basic 5: Пер. с англ. - К. ; М. ; СПб., Изд. дом "Вильямс", 1999
- Рудометов Е. Аппаратные средства и мультимедиа: справочник. Изд. 2-е. - СПб: Питер, 1999.
ТАҚЫРЫПТАРҒА ШОЛУ
1-ТАРАУ. ИНФОРМАТИКА ПӘНІ, ОБЪЕКТІЛЕРІ
ЖӘНЕ ҚҰРАМА БӨЛІКТЕРІ
Әдебиеттер [1], [5] - [8], [10], [ 17] .
Студент білуге тиіс : Информатиканының ғылым және оқу пәні ретінде негізгі ұғымдарын; информатика пәні объектілері және құрамдас бөліктерін; информатиканың матиматикалық, геометриялық және физикалық негіздерін; ақпаратты жинақтаудың, сақтаудың, өңдеудің компьютерлік әдістерін.
Студент мынадай дағдыларды меңгеруге тиіс: ақпарат және ақпараттық процестерге мысалдар келтіруге (ақпаратты тарату, өңдеу, сақтау) .
- Информатика
Информатиканы нақты шындықты бейнелейтін ақпаратты алу, өңдеу, сақтау және қолданумен тығыз байланысты адамзат өмірінің барлық салаларын қамтитын көп аспектті сферасы ретінде қарастыруға болады. Бұл байланысқа информатика қазіргі заманғы білімдер мен технологияларды енгізеді. Компьютерлік информатика есептеуіш техника құралдарының көмегімен ақпаратты жинау, сақтау және бейнелеумен айналысатын жаратылыс-ғылыми пәні болып табылады.
Информатиканың үш негізгі тармағын көрсетуге болады:
- теориялық, математикалық информатика (brainWare) формальді жүйлермен, модельдермен, алгоритмдермен және программалау, кодтау мен жүйелерді ұйымдастыру теорияларямен байланысты информатиканың теориялық проблемаларын зерттейді;
2. практикалық, қолданбалы информатика (soft Ware) программалаумен және модельдерді, программалық және компьютерлік технологиялар мен жүйлерді қолданумен байланысты информатикалық және нақты проблемаларын зерттейді;
3. техникалық инженерлі-физикалық информатика (hаrd Ware) ақпаратты өңдеудің техникалық құралдары, ЭЕМ және ЭЕМ жүйелері, желілерді құрастыру және зерттеумен байланысты информатиканың техникалық, инженерлі-физикалық проблемеларын зерттейді.
Информатиканың негізгі түсініктері:
- ақпарат және хабарлама;
- алгоритм және алгоритмдеу;
- жүйе және құрылым, қатынас және байланыс, тәртіп таңдау;
- модель және модельдеу;
- орындаушы және оның операциялық ортасы;
- тілдер және грамматика;
- жүйлерді проектілеу және технология; Aқпарат
Кең мағынада ақпарат - бұл белгілер немесе сигналдар көмегімен нақты өмірді бейнелеу. Жеке мағынада ақпарат деп қоршаған әлемнен адамның қабылдайтын құбылыстарын түсінуге болады.
Шығу облысына қарай ақпарат элементарлы, биологиялық, әлеуметтік болуы мүмкін.
Тарату және қабылдау әдісіне қарай визуальді, аудиальді, тактильді, органолептикалық, машиналық ақпарат деп бөледі.
Информатикада ақпаратты бейнелеу формасына қарай аналогты және цифрлық ақпарат деп қарастырады.
Информатика тұрғысынан маңызды болып есептелетін ақпарттың негізгі қасиеттері:
- белгілі бір жүйемен үздіксіз байланысы;
- алынатын сигналдардан ақпаратты ерекшелеуге мүмкіндік беретін құрылымдылығы;
- ақпараттың мақсаты мен қызметін анықтауға мүмкіндік беретін пайдалылығы;
- толықтығы, дәлдігі, актуальдылығы мен пайдалылығы арқылы бейнеленетін ақпараттың құндылығы.
Студенттердің өзбетінше жұмыстарының тақырыптары
- ЭЕМ дамуының тенденциялары мен перспективалары.
- Информатика-ғылым, қолданбалы пән, индустрия.
- Ақпараттық технологиялар.
№1 тест тапсырмалары
- Компьютердегі ақпараттың ішкі формасын көрсет:
A) аналогты және аудиальді;
B) аудиальді және визуальді;
C) дискретті және үзіліссіз;
D) визуальді және тактильді;
E) машиналы және цифрлы.
- Ақпаратты қабылдау және тарату әдістеріне қарай былай ажыратады:
A) визуальді ақпарат;
B) аудиальді ақпарат;
C) тактильді ақпарат;
D) машиналық ақпарат;
E) аудиальді, визуальді, тактильді, машиналық.
- Мәліметтерді өңдеудің және жүзеге асыру техникалық әдістерін былай ажыратады:
A) программалық және аппараттық;
B) программалық және жүйелік;
C) аппараттық және жүйелік;
D) жүйелік және қолданбалы;
E) қолданбалы және программалық.
- Ақпараттың қасиеттері:
A) пайдалылығы, толықтығы, анықтылығы, жаңашыл, құндылығы, түсініктілігі, заманға сай, адекватты, қолайлы, қорғалған;
B) іздеу, беру, қабылдау, түсіну, өңдеу, бүліну, көшіру, өзгеру, бөліктерге бөлу;
C) позициялық, позициялық емес;
D) элементар, биологиялық, әлеуметтік;
E) есепке алу жазбасын қолдау, HTML форматын қолдау, адрестік
форматын қолдау.
- Информатикада ақпарат саны былай анықталады:
A) анықталмағандықтың азаю өлшеміне;
B) ақпараттың дұрыстығына;
C) ақпаратты беру (тасу) жылдамдығына;
D) жедел жадының көлеміне;
E) ақпаратты жіберу көлемі.
- Ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігі болып
A) байт;
B) бит;
C) гигабайт;
D) сөз;
E) килобайт.
- 1 байт неге тең ?
A) 8 бит;
B) 10 бит;
C) 10 Кбайт;
D) 1 бод;
E) 1 бит.
- "Байт" сөзі қанша биттік ақпаратты көрсетеді?
A) 8; B) 32; C) 16; D) 64; E) 4.
- Ақпаратты алу, сақтау, өңдеу және тасымалдау аспектілерін зерттейтін ғылыми-практикалық пәндер комплексі ол:
A) кибернетика;
B) информатика;
C) есептеу техникасы;
D) программалау;
E) модельдеу.
- Бір алфавиттің символдарын екінші алфавиттің символдарына түрлендіруде алфавит әріптерін бір мәнді сәйкестендіру ережесін қалай атайды ?
A) белгі;
B) кодтау;
C) әріп;
D) әдіс;
E) декодирование.
2- ТАРАУ. ҚАЗІРГІ ЕСЕПТЕУІШ ҚҰРАЛЫНЫҢ АРХИТЕКТУРУСЫ
Әдебиеттер [1], [3], [5] -[8], [17], [ 19] .
Студент білуге тиіс : есептеуіш техникасының даму тарихының негізгі фактілерін, элементтік базаларының өзгерілу шарттары, ЭЕМ-нің буындарының ауысуы туралы мәліметтерді; ЭЕМ-де ақпараттың бейнелену, сақтау және таралу принциптері туралы нақты мағлұматтарды; компьютер, оргтехника және оның техникалық, материалдық және программалық жабдықталуының сипаттамасын.
Студент мынадай дағдыларды меңгеруге тиіс: Әр түрлі санау жүйелерінде амалдарды орындауды; санды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне көшіруді, логикалық функцияның ақиқат кестесін құруды және оны схема түрінде бейнелеуді; ДК-дің техникалық жабдықталуын және сыртқы құрылғыларын талдау жасау; принтер, сканер, ксерокс және диктафонмен жұмыс істей білуі.
2. 1. Aқпараттың компьютерде бейнеленуі
Ақпартты бейнелеу мен өңдеудің әр түрлі екі әдісі бар: үздіксіз (аналогты) және дискретті (цифрлық) .
Әр түрлі типтерге жататын мәліметтермен жұмысты автоматтандыру үшін оларды бір бейнелеу формасына түрлендіру керек. Ол үшін кодтау қолданылады. Есептеуіш жүйеде екілік кодтау қолданылады. Бұл жүйе мәліметтерді екі белгі: 0 және 1 тізбегі арқылы бейнелеуге негізделген. Бұл белгілер екілік цифрлар немесе биттер (ағылшынша- bit, binary digit сөзінен қысқартылған түрі) деп аталады. Бит-ақпараттың ең кіші бірлігі. 8 биттен тұратын комбинация байт деп аталады.
1КБайт= 2 10 Байт; 1МБайт = 2 10 КБайт; 1ГБайт = 2 10 Мбайт.
Тексттік мәліметтерді кодтау . Егер алфавиттің әрбір символына белгілі бір санды сәйкестендірсе, онда екілік код көмегімен тексттік ақпараттыда кодтауға болады. Қазіргі компьютерлерде ақпарат ASCII коды арқылы бейнеленеді (American Standart Code for Infоrmation Interchange) ақпаратпен алмасуға арналған американдық стандартты коды. ASCII -дің әрбір символына 8-биттік екілік код (байт) сәйкес келеді, бұл әртүрлі 256 символды кодтауға мүмкіндік береді.
Графикалық мәліметтерді кодтау. ЭЕМ -де кез келген ақпарат сияқты, графикалық бейнелер кодталған екілік түрде өңделеді және
беріледі. Графикалық бейнелермен жұмыс жасайтын көптеген әртүрлі программалар бар. Оларда әр түрлі графикалық форматтар - графикалық мәліметтерді кодтау әдістері қолданылады. Бейнелерден тұратын файл аттарының кеңеймелері, оны қандай прогамманың көмегімен қарауға, өзгертуге, баспадан шығаруға болатындығын көрсетеді. Бірақ бұған қарамастан бейнелерді кодтаудың екі әдісі қолданылады-ол растрлы және векторлы графика.
*. bmр, *. рсх, *. gif, *. msp, *. img және басқалары растрлы типті, ал *. dwg, *. dxf, *. pic және басқалары векторлы типті форматтарға сәйкес келеді. Кейде, растрлы бейнелер жеке графикалық приметив ретінде векторлы бейнелердің құрымына кіруі мүмкін.
2. 2. Санау жүйелер
Кез келген типті және кластағы ЭЕМ-де ақпаратты бейнелеу сұрақтарының екі негізгі аспектісі бар: қолданылатын базалық санау жүйесі және сандық және алфавитті-цифрлық ақпаратты бейнелеу.
Санау жүйесі деп қандайда бір символдар алфавитінің көмегімен кез келген санды бейнелеуді айтады.
Барлық санау жүйелері позициялық және позициялық емес болып бөлінеді. ЭЕМ-де негізі ондық емес санау жүйлерін қолданады: (екілік, сегіздік, оналтылық)
ЭЕМ-нің аппараттық негізінде екілік позициядағы элементтер жатыр. Олар тек екі жағдайда болуы мүмкін; біреу 0-мен екіншісі 1-мен белгіленеді. Сондықтан ЭЕМ-де қолданылатын негізгі санау жүйесі екілік жүйе болып табылады.
Сандарды ондық жүйеге ауыстыру ауыстырылатын жүйе негізінің дәрежелік қатарын құру арқылы жүзеге асырылады. Сосын қосынды мәні есептеледі.
Мысал.
10101101. 101
2
«10» с. ж. ауыстыру.
10101101. 101 2 = 1*2 7 +0*2 6 +1*2 5 +0*2 4 +1*2 3 +1*2 2 +0*2 1 +1*2 0 +1*2 -1 +0*2 -2 +1*2 -3 = 173. 625 10
Бүтін ондық сандарды ондық емес санау жүйелеріне ауыстыру берілген ондық санды біртіндеп ауыстырылатын жүйе негізіне бөлу арқылы жүзеге асырылады. Бұл процесс қалдық ауыстырылатын жүйе негізінен кіші болғанда тоқтайды. Жаңа жүйеде сан бөлінді қалдықтарының соңынан бастап жазылады.
Мысал.
181
10
«8» с. ж. ауыстыру.
Нәтиже: 181 10 =265 8
Дұрыс ондық бөлшекті басқа жүйеге ауыстыру үшін бұл бөлшекті ауыстырылатын жүйе негізіне біртіндеп көбейту қажат. Бұл жағдайда тек бөлшек бөліктері ғана көбейтіледі. Жаңа жүйеде бөлшек көбейтінділердің бірінші бүтін бөліктерінен бастап жазылады.
Мысал.
0. 3125
10
«8» с. ж. ауыстыру.
Нәтиже: 0. 3125 10 = 0. 24 8
Мысал.
0. 65
10
"2" с. ж ауыстыру. Дәлдігі 6 орынға дейін.
Нәтиже: 0. 65
10
0. 10(1001)
2
Дұрыс емес ондық бөлшекті негізгі ондық емес жүйеге ауыстыру үшін бүтін және бөлшек бөліктерін жеке ауыстырып алу қажет.
Мысал.
23. 125
10
«2» с. ж. ауыстыру.
1) бүтін бөлігін 2) Бөлшек бөлігін
ауыстырамыз: ауыстырамыз:
Сонымен: 23 10 =10111 2 ; 0. 125 10 =0. 001 2
Нәтиже: 23. 125 10 =10111. 001 2
Сегіздік және оналтылық санды екілік формаға ауыстыру үшін осы санның әрбір цифрын сәйкес үш разрядты екілік санмен (триадамен) немесе төрт разрядты екілік санмен (тетрадамен) (1-кесте) ауыстыру жеткілікті, мұнда жоғары және төменгі разрядтағы қажет емес нольдері алынып тасталады.
Мысал.
а) 305. 4
8
«2» с. ж. ауыстыру.
б) 7B2. E
16
"2" с. с.
Екіліктен сегіздік (оналтылық) жүйеге ауысу былай жүзеге асырылады: нүктеден солға және оңға қарай жылжи отырып екілік санды үштен (төрттен) топтарға бөледі, қажет болғанда сол жақ және оң жақ топтарды нольдермен толтырады. Сосын триаданың (тетраданы) сәйкес сегіздік (оналтылық) цифрмен алмастырады.
Мысал.
а) 110001. 1101
2
"8" с. ж ауыстыру
б) 011. 100111
2
"16" сж. аустыру
Сегіздік жүйеден оналтылыққа және керісінше көшу триада мен тетрадалар көмегімен екілік жүйе арқылы жүзеге асырылады.
Мысал.
175. 24
8
"16" с. ж. ауыстыру
Нәтиже: 175. 24 8 = 7D. 5 16
Екілік арифметика.
Екілік сандарға арифметикалық амалдар қолдану екілік қосынды, айырма және көбейтінді кестелері арқылы беріледі.
0+0=0
0+1=1
1+0=1
1+1=10
0-0=0
1-0=1
1-1=0
10-1=1
0*0=0
0*1=0
1*0=0
1*1=1
Екілік сандарды қосу кезінде әрбір разрядта қосылғыштардың цифрлары қосылады және бар болса, көрші төменгі разрядтан көшіру жүзеге асырылады. Бұл жағдайда мынаны ескеру қажет: 1+1 берілген разрядта 0-ге тең және бірлігі келесі разрядқа көшіріледі.
Мысал . Төмендегі екілік сандарды қосыңыз:
а) Х =1101, Y=101;
Х+ Y=10010
Нәтиже: 1101+101=10010.
б) Х =1101, Y=101, Z=111;
Нәтиже: 1101+101+111=11001.
Екілік сандардың айырмасын тапқанда берілген разрядта қажет болғанда
жоғарғы разрядтан 1 қарызға алынады (занимается)
Бұл қарызға алынатын 1қарастырылып отырған разрядтың екі 1-не тең.
Мысал . Х=10010 және Y=101 екілік сандарды берілген Х- Y айырымын есептеңіз.
Нәтиже: 10010-101=1101.
Екілік сандарды көбейту ондық сандар үшін қолданылатын ережелер бойынша, екілік көбейтінді және қосынды кестелерінің көмегімен жүзеге асырылады.
Мысал. 1001+101=?
Нәтиже: 1001*101=101101.
Екілік сандарды бөлу ондық сандар үшін қолданылатын ережелер бойынша жүзеге асырылады. Бұл кезде екілік көбейтінді және айырма кестелері қолданылады.
Мысал. 1100. 011:10. 01=?
Нәтиже: 1100. 011:10. 01=101. 1.
2. 3. Булдік алгебра және ЭЕМ-нің логикалық схемалары
Барлық цифрлы есептеуіш құрылғылар қандай да бір логикалық операциялар орындайтын элементтер негізінде құрылған.
Цифрлы құрылғылардағы процестердің логикалық жағын формальді сипаттау үшін логика алгебрасы (ЛА) қолданылады.
ЛА тек екі мән (АҚИҚАТ және ЖАЛҒАН, TRUE және FALSE, ИӘ және ЖОҚ, 1 және 0) қабылдай алатын логикалық айнымалылармен жұмыс жасайды. Логикалық айнымалылар реле, тумблерлер, батырмалар сияқты, яғни екі айқын ажыратылатын жағдайларды, яғни қосылған-ажыратылған деген жағдайдағы объектілерді жақсы сипаттайды.
ЛА функциялары өздерінің аргументтерінің мәндеріне байланысты 1 және 0 мәндерін қабылдайды.
Логикалық функцияның берілу формасының бірі - кестеле. Екілік аргументтер мәндерінің мүмкін болатын комбинацияларының логикалық функция мәндеріне сәйкестігін бейнелейтін кестелерді ақиқаттық кестелер деп аталады.
Логикалық функция мен оның аргументтері арасындағы логикалық байланыс қаншалықты күрделі болса да, бұл байланысты үш қарапайым логикалық операция арқылы бейнелеуге болады: ЕМЕС, ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ. Бұл жиынды ЛА-ның ережелерінің негізін зерттеуші ағылшын математигі Д. Буль (1815-1664) құрметіне байланысты бульдік базис деп аталады.
2. 4. ЭЕМ-нің негізгі блоктарын ұйымдастыру элементтері
Электронды есептеуіш машина (ЭЕМ) немесе компьютер-бұл ақпаратты өңдеуге, таратуға және жинауға арналған техникалық құрылғылар мен программалық өнімдердің жиынтығы. Кез келген жұмыс орнында орналастырыла алатын азгабаритті есептеуіш машиналар-дербескомпьютерлер (ДК) кең қолданысқа ие болып отыр. ДК-дің архитектурасы деп оның логикалық ұйымдастырылуы, құрылымы және ресурстары, яғни белгілі бір уақыт аралығында мәліметтерді өңдеу процесіне бөлініп беріле алатын есептеуіш жүйенің құралдарын . Көптеген компьютерлердің құрылымы Джон Фон Нейманның принциптеріне негізделген: программалық басқару принципі; жадының біртектілік принципі; адрестік принцип.
Компьютер архитектурасы компьютердің негізгі логикалық түйіндерінің өзара байланысын әрекет ету принципін, ақпараттық байланыстарын анықтайды. Логикалық түйіндеріне орталық процессор, негізгі жады, сыртқы жады, перифериялық құралдар жатады.
ДК-дің минимальді конфигурациясы 3 компоненттен тұруы қажет: жүйелік блок, дисплей және клавиатура. Жүйелік блок құрамына компьютердің барлық негізгі түйіндері кіреді: аналық тақша, қоректену блогы, қатты магниттік дискідегі жинақтауыш, иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыш, оптикалық дискідегі жинақтауыш, қосымша құрылғылар үшін орындар (разъемы ) .
Аналық тақшада микропроцессор, математикалық сопроцессор, тактілік импульстар генератары, жады микросхемалары, сыртқы құрылғылар контроллерлері, дыбыстық және бейне карталар, таймер орналасады.
Қазіргі ДК архитектурасы магистральді модульдік принципке негізделген. Модульді принцип қолданушыға қажетті компьютер конфигурациясын жинақтауға және оны өзгертуге мүмкіндік береді. Жүйенің модульдік ұйымдастырылуы ақпаратпен алмасудың магистральдық принципіне сүйенеді.
2. 5. ДК-дің сыртқы құрылғылар жүйесі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz