Аграрлық нарық мәселелері



Кіріспе.
I. Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы.

1.1 Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері.
1.2 Ауылшаруашылық өнімдерінің нарығы.
II Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы.
2.1. Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы динамикасы
2.2. Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат
2.3. Ауылшаруашылығын несиелеу жүйесі
2.4. Агроөнеркәсіп кешенін техникалық жарақтандыру
III ҚР.дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары
Мұнай қырық-елу жылда сарқылатын байлық. Ал жер бетінен алынатын өнім әлімсақтан бері халықты асырап келеді. Жейтін тамақ пен киетін киім жер астында емес, жер бетінде. Синтетикалық киімге қазір сұғына қоятын ешкім жоқ. Сондықтан, табиғи өнімдерге деген сұраным өсе түседі. Демек, Қазақстанның бір жағынан аграрлық ел болғанының болашақта пайдасы тиеді.
Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы – бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын бір әдіс-тәсілдер керек сияқты.
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы жаңа туған нәресте тәрізді нәзік те, әлсіз. Сол нәрестені құшағына қысып, аялап, мәпелеп, аяққа тұрғызатын ананың рөлін атқаратын бұл – мемлекет болып табылады. Мемлекет барынша ауыл шаруашылығына көмегін аямау керек.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандағы ауыл шаруашылығының дамуы (1991-2001) туралы қазақша реферат
Қазақстан экономикасында, әсіресе, ауыл шаруашылығының үлес салмағы үлкен екені белгілі. Бірақ, осыған қарамастан 1992-1993 жылдардағы елеулі дағдарыс ауыл шаруашылығында басталды. Оның басты себебі - ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салалары өнімдерінің арасындағы үлкен алшақтық еді. Бұл ауыл шаруашылығын қатты күйзеліске әкеп соқтырды. Мәселен, 1993 жылы 1990 жылмен салыстырғанда К - 700 маркалы трактордың бағасы 1287 есе, МТЗ-82 маркалы трактордың бағасы 1667 есе, астық жинайтын Нива комбайнының бағасы 2050 есе, Дон - 1500 комбайнының бағасы - 1236 есе қымбаттады. Ал бұған керісінше осы жылдар ішінде астықтың сатылып алу бағасы бар болғаны 148 есе, мүйізді қараның бағасы - 65 есе, қой - 62, сүт - 87, жүн - 66, құс - 127, жұмыртқа - 219, ауыл шаруашылығы барлық өнімдерінің бағасы - 116 есе өсті. [29,210-б.] Бұл деректерден өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы арасындағы алшақтықты айқын көруге боларды. Ауыл шаруашылығына қажетті өнімдерге бағаның бейберекеттігінен техниканы, тыңайтқыш, өсімдікті қорғайтын химиялық құралдар қолдану қауырт төмендеді.
Ауыл шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауына республикадағы колхоздар мен кеңшарларды жаппай және тез арада жекешелендіру науқанының үлкен зардабы тиді. Бұрын 600-ден астам астық өндіретін, 700-дей қой шаруашылығымен шұғылданатын кеңшарлар мен колхоздар, 80-дей құс фабрикасы бар еді. Шошқа өсіретін, бордақылайтын өндірістік негізде дамыған бірнеше ірі - ірі кешендер жұмыс істеді. Халық жұмыртқамен, құс етімен толық қамтамасыз етілген еді. Шошқа етімен қамтамасыз етуге жететін мезгіл де алыс емес-ті. [9,316-б.] Тек қолбайлау болып отырған нәрсе - ол құрама жем өндіру болатын. Республика халқы жекешелендіру барысында өздерінің осы қолда барына айрылып қалу жағдайын басынан кешірді. Бағадағы былық, бейберекеттік, жекешелендірудегі асығыстық пен науқаншылдық, қаржыландырудағы берекесіздік, басқарудың жоғарыдан төменге дейінгі жүйесін күйрету, материалдық - техникалық қамтамасыз етуді алыпсатарлыққа айналдыру және тағы басқа жағдайлар, тұтас алғанда, ауыл шаруашылығын күйретуге соқтырды. 1993 жылы кеңшарлардың басым көпшілігі жұмыскерлерге 6 айға дейін жалақы бере алмады. Көптеген кеңшарлардың адамдры 1994 жылдың қаңтарына дейін теңгенің жүзін де көрмеді. [18,115-б.]
Құрама жемнің сапасының төмендігі мен бағасының қымбаттығы құс пен шошқа шаруашылығына үлкен нұқсан келтірді. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін, ұқсататын салаларда жаңа қауаттарды қосу, жаңа технологияны өндіріске енгізу, негізгі қорларды алмастыру сияқтиы жұмыстардың көлемі азайып кетті. Агроөнеркәсіп кешеніндегі жоғарыдағы айтылған және басқа да кемшіліктерді жоймай, салаға деген көзқарасты түбегейлі өзгертпей бүкіл реформаның жүзеге асуына күмән келтірді.
Ауыл шаруашылығының басты саласы - егіншілік. Алайда, нарықтық қатынастарға көшумен байланысты алғашқы үш жыл ішінде көп - көрім қалыптасқан саланың берекесі қалмады. 1992-94 жж. қатарыгнан егістік дала жаңбыры болғанына қарамастан егіншіліктің байырғы мәдени дәрежесі төмендеп кетті. Гербицид пен минерал тыңайтқыштарды сатып алуға ақша болмай, уақытында жер жыртуға жанар - жағар май жетіспей қалған кездер жиі - жиі орын алды, дәннің сапасы (протоиннің, клейковинаның деңгейі төмендеп) нашарлады. Ал дән сапасы төмендесе, бағасы да төмендейтіні белгілі. Осының нәтижесінде жиналған астық жәгне одан алынған өнім азайды. Жалпы ауыл шаруашылық өнімі 1992-1998 жылдары аралығында 55пайызға қысқарған, астық өндіру 30 миллион тоннадан 12 миллион тоннаға азайған. Оны төмендегі деректерден байқауға болады:
7-кесте
1992 - 2000 жылдарда ауыл шаруашылығында жиналған өнім көлемі
Жылдар
Жиналған астық (млн.тн)
Әр гект. Алынған өнім (цент)
Шитті мақта (мың.т)
Қант қызылшасы (мың т.)
Картоп
(мың т.)
Баубақша өнімдері
(мың т.)
1992
29,7
13,2
252
1160
2570
985
1993
21,6
9,7
200
843
2300
808
1994
16,4
7,9
208
433
2040
781
1995
9,5
5,0
223
371
1720
780
1996
11,2
6,5
183
341
1657
778
1997
12,3
8,7
198
128
1472
880
1998
6,3
5,6
161,6
225
1263
1079
1999
14,2
13,0
249,4
294
1695
1287
2000
13,0
9,4
287,1
272
1692
1543

Жоғарыдағы кестеде келтірілген деректерден елімізде тек астық өндіру ғана емес, сонымен қатар мақта, қант қызылшасы, картоп және көкөніс өндіру де 1998 жылға дейін едәуір азайып отырғаны көрініс тапқан. Тек 1999 жылдан бастап республиканың егін шапуашылығы саласында оң нәтижелер бере бастады. Жоғарыдағы кесте көрсеткеніндей бұл жылы мол астық жиналды. Бидайдың әр гектарынан 14,5 центнерден өнім алынып, республика бойынша 16 миллион тонна астық өндіруге қол жетті. Астық өндіру кейінгі жылдары да өсіп отырды. Мысалы, 2000 жылы 18,2 миллион тонна астық өндірілді. Сонымен қатар Қазақстанда қазіргі кезеңде дәнді дақылдардың егістік алқаптарының деңгейі 12,5-13,0 миллион гектарға тұрақталды. [сонда]
Нарық жағдайында аграрлық сектордың басты бір саласы - мал шаруашылығының халі мәз болмай, едәуір төмендеді. Малдың саны жылдан - жылға азайып отырды. Мал мен құстың кемуі негізінен осы салаға деген көзқарастың нашарлауына болды. Малға қажетті жем - шөп аз дайындалды. Оны мынадан да көруге болады: егер 1993 жылы әрбір малға шартты есеппен 16,9 центнерден жем - шөп дайындалса, 1994 жылы 13,1 центнерден, ал 1995 жылы - 11,5 центнерден келген. Бұдан басқа шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру нәтижесінде мал шаруашылығын жүргізу нысандары да көп өзгеріске ұшырады. Жеке шаруаларға бөлініп берілген малдар өнім берудің орнына сатылып кетті, немесе ауыл тұрғындарына керекті тауарларға ауыстырылды. Мал санының азаюының тағы бір себебі - бұрын Қазақстан бүкіл Кеңес Одағына арнап ет дайындаса, енді 15 миллион халыққа ғана есептеп өндіретін болды. [29,215-б.]
Сонымен республикада мемлекеттік санақ мәліметі бойынша мал саны 1990 жылмен салыстырғанда төмендегі кестеде келтірілген нәтижелерде көрсетеді.
8-кесте
1991 -2002 жылдар да Қазақстандағы мал басы саны (млн.бас)
Жылдар
Ірі қара
Қой мен ешкі
Жылқы
Шошқа
Құс
1
2
3
4
5
6
1991
9,8
35,7
1,6
3,2
59,9
1992
9,6
34,6
1,7
3,0
59,9
1993
9,6
34,4
1,7
2,6
52,7
1994
9,3
34,2
1,6
2,4
49,8
1995
8,1
25,1
1,5
2,0
32,7
1996
6,9
19,6
1,4
1,6
20,8
1997
5,4
13,7
1,3
1,0
15,4
1998
4,3
10,4
0,9
0,9
16,0
1999
4,0
9,5
1,0
0,9
17,0
2000
4,0
9,6
1,0
0,9
18,0
2001
4,3
9,6
1,0
1,0
19,7
2002
4,4
10,4
1,0
1,1
21,2
Жоғарыдағы кесте деректері көрсеткендей, Қазақстанда 1991 жылмен салыстырғанда 1999 жылы ірі қара 518 мың. басқа, қой мен ешкі 26,2 млн., жылқы - 600 мың, шошқа - 2,3 млн., құс - 42,9 млн. басқа қысқарған. [50,416-б.]
2000 жылдан басталған ауыл шаруашылығындағы тың серпіліс мал шаруашылығы саласының дамуынан да көрініс тапты. Мәселен, соңғы үш жылда мүйізді қара 8 пайызға, қой 9 пайызға, шошқа 40 пайызға артты, жылқы 1 пайызға құс өсіру 25 пайызға артты. Қазір республикадағы мал басының 90 пайызынан астамы жек шаруа қожалықтарының қолында жинақталған.
Мал шаруашылығын одан әрі дамыту және мал басын қайта көбейту үшін негізгі үш бағытта жұмыс істеу көзделді. Біріншіден, селекциялық - асыл тұқымдандандыру жұмыстарының деңгейін көтеру арқылы қолда бар мал басының генетикалық әулетін арттыру, жоғары сапалы тұқыммен барлық аналық малды қолдан ұрықтандыруды жаппай қолға алу. Екіншіден, перспективалық мал тұқымдарын дамыту үшін жағдайтуғызу. Ауыл шаруашылығы саласының ғалымдарымен бірлесе отырып, жоғары сапалы өнім беретін мал тұқымдары анықталып, оларға мемлекеттік қаржы көздерін қарастыру. Үшіншіден, жоғары сапалы өнім беретін мал тұқымдарын табиғи өсіммен арнайыландырылған орта және ірі тауарлы өндіріске қайта бейімдеуге қол жеткізу.
Қазақстан үкіметі соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайтуға, егіс көлемін көбейтуге, өнім мөлшерін өсіруге бағытталған шараларды іске асыруды. Ауыл шаруашылығы саласындағы меншік түрлеріне қарамастан үкіметоларға әрдайым қолдау көрсетіп отырды. Оған дәлел ретінде 1996 жылғы бюджеттен 4,3 миллиард теңге, 1997 жылы 5,3 миллиард бөлінгенін айтуға болады. Бұл қаржы қой өсіруге, миниралдық тыңайтқыштарға, мал тұқымын асылдандыруға жұмсалған. 1996 жылы Азия даму банкісі тарапынан Қазақстанға 100 миллион АҚШ доллары мөлшерінде несие бөлінді. Оның 50 миллион доллары 1997 жылы ауыл шаруашылығы салаларына жұмсалды. Тек 1996 жылдың өзінде 630 егін және 100 мақта жинайтын шетелдік комбайндар сатып алынды. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына жылдан жылға жұмсалатын қаржының артып отырғандығын ерекше атап көрсеткен жөн. 1999 жылы оған 9 миллиард тенге бөлінсе, 2000 жылы агроөнеркәсіп сласына 11 миллиардқа жуық теңге жұмсалды. [сонда,442-б.]
Ауылда шаруашылық жүргізудің жаңа формалары қалыптасты. 2000 жылы республика көлемінде 96198 ауыл шаруашылығы құрылымы, оның ішінде 91471 шаруа қожалығы, 1781 өндірістік кооператив, 2886 шаруашылық серіктестігі және 60 жеке меншік кәсіпорын жұмыс істеді. Сөйтіп, 1999 - 2001 жылдар аралығында ауылда тиімді шаруашылық жүргізуге қабілетті меншік иелері қалыптаса бастды. Ауыл шаруашылығында жүргізілген реформалық шаралардың нәтижесінде өндірілген өнімдердің 99 пайызыжеке меншік құрылымдарының үлесіне тиеді.2003 жылдың басында мемлекеттік секторда бар болғаны 3 миллион гектар ауыл шаруашылығы жері қалды. Республикадағы шаруашылыққа жарамды деген жердің 30 миллион гектарға жуығы шару қожалықтарының, 16 миллионы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің, 37 миллион гектары шаруашылық серіктестері мен акционерлік қоғамдардың қолына көшті. Мемлекет ауыл шаруашылығына салықты азайтты. Салықты тек бір патент түрімен ғана төлеу енгізілді. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының бұрынғы қарыздарының барлығы жойылды. Басқа қарыздары 5-6 жылға ары қарай создырылды. [сонда]
Ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларондағы жалпы өнімнің өсуіне мүмкіндік берді. Мәселен, мұндағы жалпы өнімнің өсу қарқыны 1999 жылы 1998 жылмен салыстырғанда 28,9 пайызға артты, 2000 жылы өсім 8,2 пайыз, 2001 жылы - 16,9 пайыз, 2002 жылы 6,6 пйыз болды.
Ауыл шаруашылығы саласының қаржылық жағдайы да едәуір жақсарды. Егерде сала бойынша 1999 жылдың қорытындысында 2,6 миллиард теңге табыс түссе, 2000 жылы бұл көрсеткіш 4,8 миллиард теңгеге жетті. Ал 2002 жылдың қорытындысы бойынша табыс 10 миллиард теңгеге өсті. [57,300-б.]
Ауыл шаруашылығы одан әрі дамытудың жаңа кезеңі Қазақстанда өткен 2002 жылдан бастау алды. Бұл кезең 2005 жылға дейінгі уақытты қамтуы тиіс болатын аграрлық өндірістегі реформаны аяқтау, ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншікті енгізу және ауылдың әлеуметтік бейнесін жаңғырту мәселелерімен сабақтастырыла отырып қарастырылған болатын.
Үкімет 2002 жылдан бастап ауыл шаруашылығына қатысты үлкен жүйелі жұмыстарды жүргізе бастады. Бетбұрысты мәселелерді айқындайтын Жер, Орман және Су кодекстерінің жобалары жасалды. 2002 жылы 5 маусымда мемлекеттік аграрлықбағдарлама қабылданды. Ол алдағы үш - 2003-2005 жылдарды қамтуы тиіс болды, яғни ауылды қолдау, өрендету жылдары деп аталды. Бұл жылдары көктемгі дала және күзгі жиын терін жұмыстарын қаржыландыру нақты және тұрақты сипат алды. Мәселен, 2002 жылы ауыл шаруашылығысалаларын қолдау мақсатында мемлекеттік бюджеттен 30 миллирд теңге қаржы бөлінді. [29,146-б.]
2003 жылдан бастап ауыл шаруашылығын және оған байланысты салаларды бюджеттік қаржыландыру елеулі түрде арта түсті. Осыған орай салаға қатысты 77 бюджеттік бағдарламаны қаржыландыруға 2002 жылы 40 миллиард теңге қаржы бөлінді. Оның 30 миллиарды аграрлық секторды дамытуға, 10 миллиарды ауылдың әлуметтік мәселесіне, оның ішіде, ден саулық сақтау, білім беру салаларына, ауылды ауызсумен қамтамасыз етуге жұмсалу белгіленді. Ал 2004 жылы ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекеттік бюджеттен - 50миллиард, 2005 жылы - 55 миллиард теңге бөлу жоспарланды. [50,447-б.]
Қорытып айтқанда, республиканың ауыл шаруашылығына жан-жақты көмек көрсету арқылы оның деңгейін көтеру, соның ішіде қазіргі кездегі егістік көлемін сақтау, одан алынатын өнімдіөсіру, қолда бар малдың санын одан әрі кемітпей, тұрақтандыру ісін жүзеге асыру көзделді. Ол үшін ел басының Қазақстан - 2030 деп аталатын жолдауында атап көрсетілгендей, кеңшарларды жекешелендіру, мал басын тұтастай жекеменшік қолына өткізу шаралары кейінгі уақыттарда ауыл шаруашылығының дамуына жаңа серпін береді деп күтілді. [7, 15-б.]
.
І Тарау. Аграрлық нарық мәселелері.
1.1 Ауыл шаруашылығы нарықтық қатынастар жүйесінде.
1.2 Ауыл шаруашылық өнімдері мен азық-түлік нарығындағы сұраныс және ұсыныс.

ІІ Тарау Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу нарығындағы ерекшеліктер.
2.1 Ауыл шаруашылығы өнімдері және азық-түлік рыногіндегі баға белгілеу ерекшеліктері.
2.2 Тауар биржаларындағы ауыл шаруашылық сауда операциялары.

Қазақстанда қаңтар-қырқүйекте ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы 7,6%-ға қымбаттады
222
Қазақстанда үстіміздегі жылдың қаңтар-қырқүйегінде ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы 7,6%-ға қымбаттады, деп хабарлайды ҚР статистика агенттігі.
Поделиться...
2011 жылдың қырқүйегінде 2010 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда ауыл шаруашылық құрылымдары сататын өсімдік шаруашылығының өнімдері 6,2%-ға, мал шаруашылығы өнімдері 9,5%-ға қымбаттаған, делінген дүйсенбі күні таратылған баспасөз мәлімдемесінде.
Статмәліметтерге сәйкес, 2011 жылдың қаңтар-қырқүйегінде сұлы бағасы 17,2%-ға қымбаттаса, арпа - 13%-ға, жүгері - 12,7%-ға, қарақұмық - 6,1%-ға, күріш - 5,5%-ға, бидай -5,2%-ға, тары 3%-ға қымбаттаған. Соңғы 3 айда бидай 9,7%-ға, қара бидай - 5,7%-ға, арпа - 0,6%-ға арзандаған.
9 айда пияз 14,3%-ға, қызылша - 10,1%-ға, картоп - 9,3%-ға, қырыққабат - 8,3%-ға, сәбіз - 5,6%-ға, күнбағыс майы - 18%-ға, жеміс-жидек 5,9% қымбаттаған. Қауын-қарбыз 5,7%-ға, қияр 3,6%-ға арзандаған.
Қой еті 24,2%-ға,сиыр еті - 18,5%-ға, жылқы еті 13,5%-ға, құс еті - 3,1%-ға, шошқа еті 1,7%-ға қымбаттаған. Жүн 17,7%-ға,бал 9%-ға, сүт 7,2%-ға қымбаттаса,жұмыртқа 10,2%-ға арзандаған.
АСТАНА, 9 қаң - Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанда 2011 жылы ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы 1,7%-ға төмендеді, деп хабарлады статистика жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі.

Жоспар:
Кіріспе.
I. Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы.

1.1 Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері.
1.2 Ауылшаруашылық өнімдерінің нарығы.
II Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы.
2.1. Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы динамикасы
2.2. Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат
2.3. Ауылшаруашылығын несиелеу жүйесі
2.4. Агроөнеркәсіп кешенін техникалық жарақтандыру
III ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Мұнай қырық-елу жылда сарқылатын байлық. Ал жер бетінен алынатын өнім әлімсақтан бері халықты асырап келеді. Жейтін тамақ пен киетін киім жер астында емес, жер бетінде. Синтетикалық киімге қазір сұғына қоятын ешкім жоқ. Сондықтан, табиғи өнімдерге деген сұраным өсе түседі. Демек, Қазақстанның бір жағынан аграрлық ел болғанының болашақта пайдасы тиеді.
Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы - бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын бір әдіс-тәсілдер керек сияқты.
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы жаңа туған нәресте тәрізді нәзік те, әлсіз. Сол нәрестені құшағына қысып, аялап, мәпелеп, аяққа тұрғызатын ананың рөлін атқаратын бұл - мемлекет болып табылады. Мемлекет барынша ауыл шаруашылығына көмегін аямау керек.
Менің осы тақырыпты таңдауымның себебі мені ауыл шаруашылығының жағдайы мен тағдыры алаңдатады және қазіргі таңда нарықтық экономикада бұл өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы талдауда ауыл шаруашылығының проблемалары түгелдей дерлік шешіледі деп ойлау қате болар, бірақ қайтсе де шешу жолдарын іздестіру артық болмас.
Аталған тақырыпта мен барынша ауыл шаруашылығының жағдайын, оған мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек жайлы, әрине субсидия мен несиелендіру жүйесі жайлы ой қозғаймын. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының алдында тұрған үлкен бір белестер жайлы, яғни Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болуды да тыс қалдырмаймын. Осы аталған мәселелердің бетін ашып, талдап, бірқатар проблемалардың басын қайырамын. Дегенмен, ауыл шаруашылығы күрделі сала және онда түсініксіз жайттар өте көп.
Келесі бөлімдерде осы мәселелерге тереңдей үңіліп қарастыратын боламын.
I Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы
1.1 Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері
Адамзаттың техникада және өндірісте қолы жеткен прогресі қандай айбынды болғанымен , оның барлық өмірі табиғатқа байланысты екенін ұмытпауымыз керек. Ол адамдарға өте үлкен және алуан түрлі ресурстарды пайдалануға береді.
Алдымен керегі бұл адамдардың тамағы. Ол болса табиғаттың негізгі ресурсы- жер арқылы өндіріледі, алынады. Шындығында жерсіз адам сүре де алмайды. Экономика ерекшілігінің бірі барлық ауыл шаруашылығы өндірісі осы жерде орналасқан.
Біріншіден , ол табиғаттың , ауа-райының жағдайына толық байланысты , бір жыл екінші жылға ұқсамауы мүмкін.
Екіншіден, шаруашылықты жүргізу маусымды және бір келкі емес, ал тұтыну болса жыл бойы жүреді.
Үшіншіден, оның басқалардың өніміне қарағанда бір жермен бір орында емес, шашыранды , оларды бір жерге жинау мүмкін емес , тиімді болмайды.
Төртіншіден, ауыл шаруашылық өндірісі, онда жұмыс істейтін жұмыскерлердің өмір сүріп, жұмыс істеуіне өз белгісін қалдырып отырады. Жұмыскердің жұмыс уақытымен санаспай істеуін талап етеді.
Бесіншіден , бұл сала экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда сұраным оралымдылығы мен икемділігі төмен, ол экономикаға екі жақты зардап алып келуі мүмкін: бірінші ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның өсуі , оның оның тұтынуын азайтпай, керісінше көбейтіп, сонымен бірге шығындардағы инерцияның күшеюіне , ал , өнеркәсіп өнімдері, алдымен ауыл шаруашылығы өзі пайдаланып отырған өрімдердің қымбаттауына (трактор , машина, комбайн, жанар-жағар май, қосалқыбөлшектер т.б. ) әкеліп соқтырады: екіншіден , бағаны төмендету, өнімдерді өткізу көлемін және фермерлердің табысын молайту да өз әсерін тигізе алмайды, себебі, табыстан артылып қалған қаржыны фермер өнеркәсіп орындарының өнімдерін сатып алуға жұмсайды.
Міне, осының барлығы агроөнеркәсіп шаруашылығының жалпы экономикалық прогресте арнайы орын алатынын, әлеуметтік шиеленушіліктің пайда болатынын көрсетеді.
Дүние жүзілік тәжірибе көрсеткендей техниканың қандай болғанымен агроөнеркәсіп шаруашылығында өнімді көбейту- бұл жанұялық шаруа қожалығы болып отыр.
Шаруа қожалығы дегеніміз бір жағынан , ауыл шаруашылық өндірісінің жаңа түрі, екінші жағынан , бұл кеңшар мен ұжымшарлардан ескі формалардың бірі болып саналады. Агроөнеркәсіп шаруашылық экономикасында шаруа қожалықтары, кооперативтер т.б.формалары арға ғасырдан екле жатыр. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен "Ұлы сталиндік өзгеріске " дейін жұмыс атқарып халыққа өз өнімін беріп келген. Орыстың ұлы ғалымы , ауыл шаруашылық экономисі Александр Васильевич Чаянов атағандай кеңшар мердігерлік әдістер, соның ішінде жеке және отбасылық мердігерлік, кооперативті, шаруа қожалығы т.б. түрлері өмір сүріп , халыққа қызмет көрсете алады. Ғалымның бұл пікірінің дұрыстығын, қазіргі кезде әлемдік ауыл шаруашылық тәжірибесі дәлелдеп отыр.
Мысалы, ҚХР-дағы тұрғындардың 80 пайызына дейін ауылдарда тұрады. Бір ерекшілігі - ауыл шаруашылық мекемелерінде емес, ауыл шаруашылығына жатпайтын ұйымдарында (ұжымшарлар мен кеңшарлар емес) барлық айдалатын жердің 90 пайызы отбасылық , жалгерлік, кооперативтік әдіспен жұмыс істейді екен. Жерді 50 жылға дейін жалға келісім шартпен алып жұмыс істеп, әр алуан өнімдер өндіреді. Осы өндірген өнімнен жалгерлер мемлекетке жылдық ақы есебіне 3 пайыз, кооператив ұйымдарына 7 пайыз беріп , қалған 40 пайызын мемлекетке жоғары бағамен сатып отырады. Енді қалған өнімнің 50 пайызы жалгерлік ұйым мүшелері өздері бөледі ,не мемлекетке , немесе басқаларға нарықты еркін бағамен сатады.
Ал, АҚШ ауыл шаруашылығында істейтін фермерлік шаруашылықтар барлық штаттар бойынша өндірілген өнімнің 60 % береді. Әрі жеке меншікті жанұялы фермерлер 1 мың доллардан 20 мың долларға дейін өнім өндіріп, сатады. Бұған қосымша ауыл шаруашылық өнімдерін тағы да 16 % бірігіп жұмыс атқаратын туысқан адамдардан құралған серіктестік фермалар береді екен.
Дүние жүзі мемлекеттерінің тәжірибелері көрсеткендей экономикалық мүддесінен қол үзгені, жерінен айырылған шаруа елді тойдыра алмайды және ауыл шаруашылығына жұмсалған қаржы қандай көлемде болса да, құмға сінген су сияқты еш жердем тигізе алмайды және саланы ілгері дамыта алмайды.
Нарықты қатынастарға көшкен мемлекеттерде агроөнеркәсіпті шаруашылығы саласында фермерлер , шаруа қожалықтары, кооперативтер , жалгерлер, акционерлік қоғамдар т.б. жұмыс істейді. Осылардың әрқайсына қысқаша түсінік берелік .
Шаруа қожалықтары- бұл фермерлерге ұқсас сияқты. Фермер ауыл шаруашылығының еркін тауар өндірушісі есебінде көрінсе, шаруа қожалығы бұрыннан-ақ бізде болған , өнім өндіріп келген кішігірім құрылымдар. Сонымен, шаруа қожалығы- өз еңбегімен жұмыс атқарып ,өнім өндіріп,
өзін-өзі қаржыландыратын ,заңды, дербес шаруашылық.
Шаруа қожалықтардың ерекшеліктері:
Өз қызметін жанұя, оның мүшелері арқылы жүргізеді;
Жер мемлекеттік актімен бекітіліп берілгеннен кейін ,оның заңды иесі бола алады және жұмыс істейді;
Барлық жағынан заңды түрде мәртебе алып, өзінің атынан жергілікті органдарда өз шешімдерімен бекітіп, шарт жасасып отырады, өзінің мөрі , банкде шоты, кіріс, шығыс баланстары болады. Шаруа қожалығы басқа да ұйымдармен қарым-қатынас жасайтын өндіріс орны да болып табылады;
Өндірген өніміне және құрал жабдықтарына, тапқан табысына заңды түрде ие болып қожалық жасайды, сөйтіп алған дүние мүлкі аткімен бекітіледі;
Өз жағдайларына , мамандандырылынғанына қарай не өндіретіндерін, қалай өндіретіндерін, қандай технологияны пайдаланатынын, алған өнімдерін қайда, кімге сататынын өздері дербес шешеді. Ол өз кірісін ,табысын өзі біліп , өзі билейді, өзі бөледі. Әкімшілік түрде ол еш кімге бағынышты емес. Сондықтан оның ішкі жұмысына ешкім араласа алмайды. Олар мемлекеттік , кооперативтік , өздері сияқты шаруа қожалығымен қолма-қол ақшалай, ақша немесе аудару арқылы қарым-қатынас жасайды;
Өз өндіріс орнында дербес жұмыс істегендіктен кеңшар, ұжымшылардың істеріне араласпайды;
Өндірілгген өнімнің 70-80 пайыз тауарлығы, яғни сатылатындығы болғандықтан, аның тауарлығының жоғары екендігін көрсетеді;
Шаруа қожалығының негізгі мақсаты - шаруалардың жанұя мүшелерін азық -түлкпен қамтамасыз ету , сонымен бірге , өндірген өнімдерді сату арқылы пайда табу.
1998 жылғы наурыздың 31-де " Шаруа қожалығы туралы " Қазақстан Республикасының заңы өмірге келді. Бұл заң Қазақстан Республикасында шаруа қожалықтарын құрудың және олардың жұмыс істеуінің құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін белгілейді.
Енді ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығын айтпай кетуге болмайды және оны келесідей қарастыратын боламыз.
1.2 Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығы.
Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру және нарыққа көшу бағдарламасы бойынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығын құру үшін мемлекеттік тапсырыстың міндеттілігін жою , оның орнына экономикалық жағынан дербес тауар өндірушілер құрамын жасақтау , нарықтық инфроқұрылымын қалыптастыру, тауар өндірушілерлің дайындаушы ,ұқсатушы және басқа ұйымдармен еріктілік пен өзара тиімді негіздегі шарттық қатынастарына көшу.
Әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің қуатты тұтқасы болып келген директивалық мемлекеттік тапсырыс индикативті жоспарлауға орын беруі тиіс. Бұл орайда тапсырыс - ұсынысқа және шартқа айналдырылуы тиіс.
Мемлекет нарыққа шыққанда басқа да сатып алушылармен құқықтық болуы керек. Ол тауар өндірушілерге сатып алатын өнім көлемі мен түр-түрі, сапасы, бағасы, жеңілдіктері, көтермелеу шаралары мен басқа да шарттары жайында алдын - ала хабарлайды.
Нарыққа көшкенде Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің аса маңызды өзіндік ерекшеліктері болды. Олар мыналар:
-Еліміз бойынша әсіресе пайдаланылатын жер көлемі жөнінен орташа кәсіпорындар басым болып отырғанда негізінен ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының болуы. Бұл, өз кезегінде , жер реформасын жүзеге асыру және өндіріс құрал - жабдықтарына меншікті иелікке беру формаларына әсер етеді;
- Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің шикізтқа бағытталуы негізінен алғанда өндіру , ұқсату, сақтау, өткізу кезеңдерін қамтитын , оның салалары арасындағы сақталып келе жатқан тепе-теңсіздікке байланысты. Ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі бөлегі ұқсатылмаған күйінде басқа аймақтарға жіберіліп , республикада құралған таза табыстың дені соларда қалып қояды;
- ауыл шарушылығының дәстүрлі түрлері бар, әлеуметтік экономикалық дамуы жағынан артта қалған көптеген аудандардың болуы.
Ауыл шаруашылығы экономикасындағы күрделі проблемалардың тағы бір түрі- сататын және сатып алатын тауарларға бағанын тепе-теңдігін жасау.
Бағаның тепе-теңдігі- бұл қаламен ауыл аралықтарындағы екі жақты айырбас кезіндегі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің өнімдері құндарының ара қатынасы.
Тең бағаны жасау қиындықтары барлық елдерде жиі кезесіп отырады. Ол ең алдымен өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктер. Біріншіден, ауыл шаруашылық өндірісінде өндіретін өнімдер маусымдық сипатта болады, сондықтан өнім бағалары өзгеру уақыты бойынша жалпы баға өзгерістерінен қалып отырады. Екіншіден, фермерлер өздеріне керекті өнімдерді ірі жеке өнеркәсіп монополистерінен сатып алып отырады, ал олар болса жоғары бағаларды ұсынады. Мысалы, астық жинайтын комбаиндар Ресейде екі жерде ғана жасалады. Комбайндардың бағалары болса өте қымбат. Ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі (Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының мысалында)
Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж.)
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар: қағидалар және тарихи тағылым (1991-2007 ж.ж.)
Маркетингтің негізгі принциптері өндіру, сату мен тұтынушы қажеттілігін анықтау
ҚР-ның экономикасындағы аграрлық сектордың орны мен мазмұны
Қазақстан ауыл шаруашылығында меншік түрлерінің дамуы
Қазіргі заман жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы аграрлық саясат. Қазақстан Республикасының ғаламдық аграрлық нарығында алатын орны мен перспективалары
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар (1991 – 2008 жж.)
Экономикадағы интеграциялық процестер
Ауыл шаруашылығының мәселесі қазіргі кездегі өзекті мәселе
Пәндер