Жер ресурстарын қорғау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ..3.5
I.тарау Жер ресурстары жайлы түсінік
1.1Жер ресурстарын пайдаланудың теориялық негізі...
1.2Жер ресурстарын мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылау ... ... ..12.14
ІІ Тарау Жер ресурстарын Қорғау жөніндегі аймақтық бағдарлама
2.1Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің
2010 . 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары ... ... ... ... ... ... .15.18
2.2 БҚО Жер ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ..19.20
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер
Елдің негізгі табиғи байлығы – оның жер ресурстары, әрі ол елдің экономикалық және әлеуметтік игілігінің негізі.
Осыған орай Қазақстан Республикасында саяси және экономикалық құрылысты реформалау процестері – жер қатынастарын түбегейлі өзгертуді және жер реформасын жүргізу жағдайын бақылауды қажет етеді. Жерге орналастырудың тарихи тәжірибесі мен даму заңдылықтарын зерттеу методологиясының екінші ерекшелігі жердің өндіріс құралы ретіндегі ролімен байланысты. Жер, шүбәсіз, ауылшаруашылық өндірісінің негізгі құралы. Бірақ, көшпелі шаруашылық жүйесінде оның өндіріс құралы болуының маңызды бір өзгешелігі бар. Бұнда жер малмен қосылғанда ғана ауылшаруашылық өндірісінің басты құралы бола алады. Жалпы схема түрінде бұл байланысты жер+мал деп бейнелеуге болады. Әрине бұл жүйеде бірінші элементтің (жердің) орны ерекше басым. Көшпелі шаруашылық жүйесі жағдайларында жерді өндіріс құралы және меншік объектісі ретінде қарастырғанда, бірінші кезекте, жайылыдар алынады, өйткені бұнда ғасырлар бойы жер үшін жүргізілген күрес, жайылымдарды иелену үшін талас деуге болады. Малмен бірге олар көшпенділердің негізгі байлығы болып табылады. Жалпы мағынада жайылымдар көшпелі қауымның тіршілік ету кеңістігін құрады. Суармалы егіншілік аймақтарында да жер аса маңызды өндіріс құралдары қатарына жатады. Дегенмен, ондай рольге ол сумен қосылғанда ғана ие болады. Осылармен бірге республика территориясында мал және өсімдік шаруашылықтарының салалары аралас өтпелі формалар да болған. Бұл формалар орын алған аймақтарда көшпелі шаруашылық жүйесіне, сонымен қатар егіншілікке тән жер қатынастарының күрделі формалары қалыптасып отырды.
1. Вальков В.Ф., Казеев К.Ш., Колесников С.И. Почвоведение. – М., ИКЦ МарТ, Ростов н/Д., изд. МарТ, 2004
2. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. – А., ҚҰУ, 2000
3. Ковда В.А. Основы учения о почвах, в 2-х т – М., Наука, 1973
4. Карпачевский Л.О. Экологическое почвоведение. – М., Изд. МГУ, 1993
5. Мирманян Х.П. Почвоведение. М. Колос, 1965
6. Никольский Н.Н. Почвоведение. М. Учпедгиз, 1963
7. Почвоведение. // Под ред. Кауричева. – М., Колос, 1982
8. Почвоведение. // под ред. Ковды В.А. – М., Высшая школа, 1988
9. Почвы областей Казахстана. Алма-Ата, 1958-1967
10. Розанов Б.Г. Морфология почв. – М., Изд. МГУ, 1983
11. Розанов Б.Г. Почвенный покров Земного шара. – М., Изд. МГУ, 1975
12. Соколов В.В. Общие особенности почвообразования и почв Восточного Казахстана, Сб. Повышение плодородия почв Казахстана. Алма-Ата, Наука, 1974
13. Тазабеков Т. Топырақтану түсіндірме сөздігі. – А., Ана тілі, 1993
14. Тазабеков Т., Тазабекова Е. Орысша-қазақша топырақтану түсіндірме сөздігі. – А., Ана тілі, 1994
15. Тазабеков Т.Т. және авторлар ұжымы. Топырақтар географиясы. – Алматы, «Агроуниверситет», 2000

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-5
I-тарау Жер ресурстары жайлы түсінік
1.1Жер ресурстарын пайдаланудың теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...6-11
1.2Жер ресурстарын мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылау ... ... ..12-14
ІІ Тарау Жер ресурстарын Қорғау жөніндегі аймақтық бағдарлама
2.1Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің
2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары ... ... ... ... ... ... .15- 18
2.2 БҚО Жер ресурстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19-20
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Елдің негізгі табиғи байлығы - оның жер ресурстары, әрі ол елдің экономикалық және әлеуметтік игілігінің негізі.
Осыған орай Қазақстан Республикасында саяси және экономикалық құрылысты реформалау процестері - жер қатынастарын түбегейлі өзгертуді және жер реформасын жүргізу жағдайын бақылауды қажет етеді. Жерге орналастырудың тарихи тәжірибесі мен даму заңдылықтарын зерттеу методологиясының екінші ерекшелігі жердің өндіріс құралы ретіндегі ролімен байланысты. Жер, шүбәсіз, ауылшаруашылық өндірісінің негізгі құралы. Бірақ, көшпелі шаруашылық жүйесінде оның өндіріс құралы болуының маңызды бір өзгешелігі бар. Бұнда жер малмен қосылғанда ғана ауылшаруашылық өндірісінің басты құралы бола алады. Жалпы схема түрінде бұл байланысты жер+мал деп бейнелеуге болады. Әрине бұл жүйеде бірінші элементтің (жердің) орны ерекше басым. Көшпелі шаруашылық жүйесі жағдайларында жерді өндіріс құралы және меншік объектісі ретінде қарастырғанда, бірінші кезекте, жайылыдар алынады, өйткені бұнда ғасырлар бойы жер үшін жүргізілген күрес, жайылымдарды иелену үшін талас деуге болады. Малмен бірге олар көшпенділердің негізгі байлығы болып табылады. Жалпы мағынада жайылымдар көшпелі қауымның тіршілік ету кеңістігін құрады. Суармалы егіншілік аймақтарында да жер аса маңызды өндіріс құралдары қатарына жатады. Дегенмен, ондай рольге ол сумен қосылғанда ғана ие болады. Осылармен бірге республика территориясында мал және өсімдік шаруашылықтарының салалары аралас өтпелі формалар да болған. Бұл формалар орын алған аймақтарда көшпелі шаруашылық жүйесіне, сонымен қатар егіншілікке тән жер қатынастарының күрделі формалары қалыптасып отырды. Әр түрлі тарихи кезеңдерде республика территориясында қалыптасқан шаруашылық жүйелерінің осы табиғи-тарихи және әлеуметтік - экономикалық ерекшеліктерін міндетті түрде ескеріп отырғанда ғана, жер қатынастары мен жерге орналастырудың даму заңдылықтарын, мақсат-міндеттері мен мазмұнын толығырақ және дұрыс түсініп зерттеуге қол жете алады. Осындай методологиялық тәсіл бұрынғы болған жер қатынастары мен жерді реттестіру формаларын сенімді түрде ұдайы бейнелеуге, жерге орналастырудың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан дәлірек анықтауға мүмүкіндік береді. Нарықтық экономикаға көшу жерге әр түрлі меншік нысандарын енгізу, жер пайдаланудың ақылы болуын, жердің, оның өндіріс құралы, кеңістіктік базис және шектелген маңызды табиғи ресурс сияқты басты функцияларын сақтай отырып, жылжымайтын мүлік және құқықтық реттеу нысаны ретінде оны заң тұрғысынан танудың обьективті қажеттілігін туғызды.
Облыс аумағындағы жер нарығын қалыптастырып, тәжірибеге ендіру үшін Басқарма мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізуде. Жерді жеке меншікке беру және жерді ұтымды пайдалану үшін аукциондар мен конкурстар арқылы жер учаскелерін сату жұмыстары атқарылуда. Кепiлдiк жарна аукцион өткiзу туралы хабарламада белгiленген нысанда әрi тәртiппен және заңнамаға сәйкес енгiзiледi. Кепiлдiк жарнаның мөлшерi хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiлуi мүмкiн емес. Кепiлдiк жарнаны қатысушының атынан кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгiзуi мүмкiн.Аукционды жеңiп шыққан және сатып алу-сату шартын жасасқан тұлғаның кепiлдiк жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесiлi төлемдердiң есебiне жатады. Жалпы елдің жер ресурстары әлеуетін тиімді пайдалану мен қорғаудың негізгі стратегиялық бағыттарын белгілеу бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып отыр. Облысымызда да жер қорын тиімді пайдалана отырып, топырақтың құнарлығын сақтау, жер ресурстарын қорғау, нарықтық экономика жағдайында қоршаған ортаны басқа да шаралармен бірге қорғау, жер ресурстарын экономикалық, техникалық ұйымдастыру-шаруашылық және құқықтық шаралармен біріктіре отырып аумақтық бағдарлама жасақтау қажеттігі көтеріліп отыр. Осы көтеріліп отырған мәселелер Батыс Қазақстан облысы жер қатынастар Басқармасының негізгі мақсаттар қатарынан орын тауып келеді.
Басқа да табиғат қорғау іс - шаралары кешенінде Батыс Қазақстан облысының жерлерін ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығынын арттыру және жер ресурстарын қорғау жөніндегі аймақтық 2011-2013 жылдарға арналған осы Бағдарлама Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2011-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы 2011жылдың 10 шілдесіндегі №1149 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану жөніндегі 2011-2013 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Жолдауын аймақтық шеңберде жүзеге асыру бағытында әзірленді. Бағдарлама жер ресурстарын басқару саласында жерді тиімді пайдалануды бір-біріне тығыз байланысты экономикалық, техникалық, ұйымдық-шаруашылық және құқықтық шараларға негізделіп жасалған. Бағдарламада атқарушы органдар мен шаруашылық құрылымдарының жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлығын арттыру, жер ресурстарын қорғауда іс-әрекеттерін үйлестіру белгіленген. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану жөніндегі мәселелер 2011жылдың 10 желтоқсанында өткен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының № 24-4 сессиясында Батыс Қазақстан облысының 2012-2015 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамытудың аймақтық бағдарламасында ерекше орын алды.

1.1Жер ресурстарын пайдаланудың теориялық негізі
Еліміз егемендік алып, күллі әлем өркендеп келе жатқан жолға түсу барысында экономика салаларының барлығында жаппай реформа басталды. Сол реформалардың ішіндегі ең бір маңыздысы әрі күрделісі жер қатынастары саласындағы реформа еді.
Жер дегеніміз бар байлықтың басы, бүкіл тіршіліктің көзі ғой. Бұл мәселеге келгенде жүрек сезімі оянбайтын адам жоқ. Сондықтан, бұл мәселедегі өзгерістерді азаматтардың бәрі бірден дұрыс қабылдай алмайтындығы, оны жақтаушылардың да, даттаушылардың да болатындығы анық еді және солай болып шықты да. Шешімдер үлкен қиындықтармен қабылданды. Соның ең үлкені жаңа Жер кодексінің қабылдануы болды.
Қазақстанда ауылшаруашылық жер телімдеріне неліктен жеке меншік институты енгізілді? Жер телімдерінің өзін жеке меншікке бермей-ақ, сол жер телімдерін пайдалануға берілетін құқықты сатуға шығарумен ғана шектеп қалуға болмас па еді? Қазіргі күні осы сұрақтарға берілетін басты жауаптарды жүйелейтін болсақ, бұл жерде ең басты мәселе ауыл шаруашылығы жерлеріне қаржы және технологиялық инвестициялардың келуіне жол ашу болғандығы анық. Оның үстіне жермен жұмыс істейтін ауылшаруашылық құрылымдарының жерге деген құқықтық қатынасы мен оларды ұйымдастыру жүйесін нақты белгілей отырып жер күтімі, топырақ құнарлылығын сақтау мен жерді ақылы пайдаланудың негізін қалыптастыру, ауылшаруашылық жерлерінің құндылығын арттыру мәселелері шешімін табуы да қажет болды.
Өкінішке қарай, ауыл шаруашылығында жаппай жекешелендіру басталғанда мал, техника, өндіріс құралдарының барлығы халыққа бөлініп берілгенде, жер мәселесі шешілмей қалған болатын. Осы мүлік бөлу мен жер реформасы қатар жүрген жағдайда бұрынғы ұжымдар негізінде кооперативтер тез қалыптасып кетуі де әбден мүмкін еді. Қоғамды толғандыратын осындай мәселелер жүйелі түрде сатылап шешімін тауып отырмаса, жер ресурстарына бай Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы дамудың заманауи деңгейіне дейін көтеріле алмайтындығын ең алдымен Елбасымыздың өзі көре білді.
Мәселенің ауыр салмағын көптеген адамдар еліміздің ауыл шаруашылығындағы жағдай әбден жақсарып, өзгерген тұста ғана барып нақты мысалдар арқылы пайымдай алатын болды. Ал қазір өмірдің кез келген саласында жүргізіліп жатқан реформалардың барысы жалпы халықтың дайындығы мен сана өзгерісіне қарағанда, әлдеқайда алға кетіп отырғандықтан және қазіргі уақыт ағымы ел басшылығынан қоғамдық санаға қатысты өзгерістерді күтпей-ақ жеделірек қимылдауды талап етіп отырғандықтан кейбір мәселелерде түсінбестіктердің болып қалып жатқандығы да анық. Солардың алдыңғы қатарындағы еліміздегі жер реформасы Елбасының барынша төзімділікпен, екіншіден, қатаң бақылауда ұстай отырып, батыл жүзеге асырып келе жатқан шаруаларының бірі. Сондықтан бұл мәселенің әрі реформалық, әрі эволюциялық сипаттары тең түсіп келе жатқандығын байқаймыз.
Елімізде жер реформасын жүргізудің күрделі болатын сыры неде және оның қандай тарихи маңызы бар?
Елбасы жер ресурстарының қоғам дамуындағы айрықша рөліне тоқтала келе Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған киттердің бірі болып табылады деп тұжырымдаған болатын. Бүкіл адамзат қауымының арғы-бергі тарихына көз салсақ, жер мәселесінің ерекше мәнге ие болатындығын байқаймыз. Жер - адамзаттың басты тіршілік көзі, бүкіл материалдық өндірістің базистік негізі, мемлекетті құрып, дамытудың аса маңызды геосаяси факторы. Оның осындай маңызын түсіне және пайдалана білген, ресурстық мүмкіндіктерін дұрыс бағалаған және қоғамда жердің маңызы туралы нақты көзқарас қалыптастыра білген елдер ғана жақсы жағдайларға жеткен. Еуропадағы өркениетті үдерістердің тарихи қалыптасуын осының мысалы ретінде қарастыруға болады. Мұнда жер ресурстарының географиялық орналасу жайы, оның табиғи әлеуеті, ауа райының тұрмыс-тіршілікке қолайлылығы дамыған қоғам құруға орасан зор ықпал етті.
Сонымен жер ресурстары дегеніміз, адамзат тіршілігінің дамуына тірек болар негізгі факторлардың бірі. Ол өткен ғасырға дейін таусылмайтын ұшан-теңіз байлық көзі ретінде қарастырылып келген еді. Алайда соңғы елу жылдың ішінде адамзат қауымында жүріп жатқан жаңалықтар жерге деген бұрынғы көзқарастарға өзгерістер енгізді. Жер ресурстарының шектеулі екендігі мәлім болды. Осының ықпалында жердің өндірістік фактор ретіндегі маңызы барынша арта түсті. Жер бетін жайлаған адам санының жедел өсуіне байланысты қалалар мен қала шаруашылықтары күрт дамып, егістіктер мен мал жайылымдықтары тарылды. Құнарлы деген жерлердің біразы ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылып, басқа салалардың игілігіне берілді. Оның үстіне өндірістік және экологиялық проблемалар (табиғи, климат өзгерістері) жылдан-жылға асқына түсті. Бүкіл әлем бойынша алғанда адамдардың жермен қамтылу көрсеткіші уақыт өткен сайын төмендеу үстінде. Бұдан 10-15 жыл бұрын әлем бойынша егістік жер 1 адамға 0,45-0,5 гектардан айналса, қазіргі уақытта осы көрсеткіш бар болғаны 0,25 гектарды ғана құрайды. Осыдан барып жердің материалдық игілік көзі ретіндегі бағасы да артқан үстіне артуда.

Сонымен адамзат қауымы дамыған сайын оның тіршілігінің негізгі көзі - жердің маңыздылығы да арта беретіндігінің куәсіміз. Сондықтан әлемнің дамыған көптеген елдері жер ресурстарын пайдалану мен игеруді реттеу және бақылау мәселелерінде мемлекеттің рөлін күшейте түсіп отыр. Көптеген елдерде жер жеке және мемлекеттік меншіктің қолында. Жердің жеке меншігінде адамдардың оны қалай пайдаланам десе де еркі бар. Бірақ мемлекет жер телімдерінің қандай меншік түріне жататындығына қарамастан, олардың жалпыхалықтық маңызын, ұлттың негізгі стратегиялық ресурсы екендігін ескере отырып, жер телімінің тиімділікпен пайдаланылуын және жер туралы заңдылықтардың дұрыс сақталуын қадағалау жөніндегі өз рөлін бір сәт те босаңсытпай, қайта күшейте түсуде.

Біздегі көптеген адамдардың бойында қазір жеке меншік нарықтың жаны деген ұғым пайда болды. Бұл да дұрыс шығар. Бірақ, мұның өзі медальдің бір ғана жағы. Өйткені, егер біз осы бір қағидамен ғана шектеліп, қалыптасқан мемлекеттік қызмет құрылымдарының барлығын тоз-тозын шығарып, барлық билікті жеке меншікке үлестіріп беріп, енді қалған мәселенің бәрін нарықтың өзі реттейді десек, нағыз анархияға тап болар едік. Қазіргі дамыған капиталистік мемлекеттерде болып жатқан терең дағдарыстар соның дәлелі. Біз бұл жерде нарық либерализмінің ақыры қаржы алаяқтығына дейін ұласқандығын көріп отырмыз. Ал жедел даму жолындағы шығыстық мемлекеттер басшыларының қай-қайсысы болмасын экономиканы дамытудағы мемлекеттік саясаттың маңызын жеке меншіктің рөлінен кем санамаған. Мемлекеттік рөл қазіргі жағдайда даусыз жоғары деңгейде. Бұл екеуі медальдің екі жағы секілді. Екеуі қосылып, заңмен белгіленген шеңберде өзара үйлесімді әрекет жасаған жерде ғана дамудың тұрақтылығы мен жүйелілігі пайда болады. Оның үстіне жер мәселесіне қатысты қазіргі өзгерістер бұл мәселенің жекелеген мемлекеттердің ауқымынан шығып, жаһандық проблемаға айналғандығын көрсетіп отыр. Біз өзіміздің стратегиялық мақсаттарымызды жүзеге асырғанда дүние дидарында жүріп жатқан осындай өзгерістерді мықтап сараптап отыруға тиістіміз. Жер ресурстарының молдығы басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстанның ең үлкен басымдығы. Демек, бұл артықшылығымызды қадірлеуіміз керек.
Жердің сан түрлі қасиеті бар. Ол қасиеттер осы уақытқа дейін қоғамның даму жағдайына байланысты ашылып келеді. Мәселен, біздің қазақ халқы ертерек уақыттары өзінің тарихи қалыптасқан көшпенді тұрмыс салтына сәйкес жерді мал жайылымы ретінде көбірек пайдаланып келсе, соңғы кездері егіншілік саласында да жақсы табыстарға жетіп отыр. Соның бір мысалы ретінде Қазақстанның әлемдегі ірі көлемде астық экспорттайтын елдердің қатарына қосылғандығын айтуға болады. Былтыр 29 миллион тоннадан астам астық бастырып, рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік. Мақта шаруашылығында да соңғы бес жылда болмаған мол өнім алынды. Әрине, осылардың барлығы бізде жүргізілген реформалардың, соның ішінде жер реформасының дұрыс бағытта екендігін білдірсе керек.
Еліміздің егістік жерінің келешек мүмкіндігі жоғары екендігін мына мысалдан көруге болады. Әлемнің әртүрлі елдерінде халықтың егістік алқаптармен қамтамасыз етілу көрсеткіші мынандай: Канадада 1 тұрғынға - 1,48 гектар, АҚШ-та - 0,63 гектар, Қытайда - 0,08 гектар, Жапонияда - 0,03 гектар жерден келсе, біздің Қазақстанда 1 тұрғынға 1,51 гектар жерден айналады. Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану көрсеткіші табиғи-климаттық жағдайлармен және шаруашылықтардың қолданатын технологияларының даму деңгейімен, әлемдегі жер ресурстарын пайдалану жетістіктерімен анықталады. Қазақстан жерінің тағы бір басты қасиеті минералды шикізат көзі ретіндегі қазба байлық түрінде ашылып отыр. Қазба байлық - ел тәуелсіздігінің 20 жылдығында қол жеткізген экономикалық жетістіктеріміздің негізгі көзі (мұнай, газ, металл, көмір, т.б). Сондай-ақ, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері республиканың табиғи көрікті өңірлеріне де назар аударылып, туристік инфрақұрылымдарды дамыту арқылы да табысқа жету жайы ойластырылуда. Қазіргідей әлем халықтарының аралас-құраластығы артып отырған тұста жердің транзиттік мүмкіндіктерінің болуының өзі үлкен байлық көзі деп есептеледі. Қазақстан Еуразия кеңістігінің кіндік тұсында қоныс тепкендіктен Еуропа мен қайнап өсіп келе жатқан Қытайды, Оңтүстік-Шығыс Азияны құрлық арқылы байланыстыратын көлік дәлізі ретінде де қызмет ете алады. Сонда бұл істен де үлкен экономикалық пайдаға кенелуге болады.
Осы айтылған жайттар кең-байтақ жеріміздің қасиеті уақыт өткен сайын әр қырынан ашыла түскендігін көрсетеді.

1.2Жер ресурстарын мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылау
Жер ресурстарын тиімді пайдалану - соңғы уақытта қоғамда жиі талқылана бастаған өзекті мәселенің бірі. Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік пен ел Пар - ламентінің Жер кодексін жетілдіру бойынша үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Дей тұрған - мен жерді бөлу, оны қайтарып алу мәселелерінде белгілі бір дәрежеде қиындықтар ту - ғызатын тұстар да баршылық. . Елбасының жерді тиімді пайдалануе - еңбек өнімділігін арттырудың басты шарты екенін айтып өтті. Елбасы ағымдағы жылғы "Жа - ңа онжылдық - жаңа эконо - ми - калық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты Қа - зақ - стан халқына Жолдауында, алдағы онжылдықта ел дамуына бағыт - талған жаңа міндеттерді айқындап берді. Онда ел экономикасының дамуы мен оның бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудағы негізгі табыс кілті - ұлттық экономи - каны әртараптандыруға баса назар ау - дарылды. Жолдауда әртараптан - ды - рудың басты бір сегменті ре - тін - де агроөнеркәсіптік кешенді да - мы - тудың негізгі үш бағыты атап көр - сетілді, яғни оның біріншісі - 2014 жылға аталған салада өнім - ді - лікті кем дегенде екі есе арт - ты - ру, екіншісі - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Су қоры жерлерін берудің тәртібі
Жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың түсінігі және жалпы мәселелері
Қазақстан Республикасында су ресурстарын құқықтық қорғау
Су ресурстарын бірігіп басқару (СРББ) жайлы түсінік
Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу органдарының жүйесі
Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдері
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
Жерге орналастыру органдарының жер ресурстарын басқару саласында
Қазақстанның табиғат ресурстары
Пәндер