Жаңажол кен орнында суландыруды классикалық түрде пайдаланудың тиімділігін зерттеу



Кіріспе
I Геологиялық бөлім
1.1 Кен орнына жалпы шолу
1.2 Тектоника
1.3 Стратиграфия
1.4 Мұнай, газ және судың физикалық . химиялық қасиеттері
1.5 Өнімді қабаттардың коллекторлық қасиеттері
II Технологиялық бөлім
2.1 Кенкияқ кен орнын игерудің қазіргі жағдайына қысқаша талдау
2.2 Игеру нысаны және жүйесі
2.3 Игеру жүйесінің сипаттамасы және классификациясы
2.4 Газды телпекті режимі
2.5 Мұнай.газ кеніштерін газарынды режимінде игеру
3.1 «Октябрмұнай» мұнай газ өндіруші басқармасының мекемелік сипаттамасы
3.2 Негізгі және қосалқы өндірістік мекеме
3.3 « Кенкияқмұнай» мұнай.газ өндіруші басқармасының 2014 жылғы өндірістік.қаржылық қызметі
3.4 Кен орынды еріген газ және газарынды режимдерде игеруді жобалау
3.5 Шараны енгізуден пайда болған жылдық экономикалық әсерді анықтау
3.6 Шығынсыз өнім нүктесінің есебі мен сараптамасы
IV Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау бөлімі
4.1 Еңбек қауіпсідігінің жалпы ережелері
4.2 ААҚ « Кенкияқмұнайгаздың» қазіргі жағдайы
4.3 Қабатты сұйықпен жару және тұз қышқылымен өңдеу кегізіндегі техникалық қауіпсіздік талаптары
4.4 Ұңғыларды зерттеу және сынау негізіндегі қауіпсіздік
Мұнай мен газ өндірісінің дамуының маңызы зор. Өйткені Республиканың халық шаруашылығының дамуы үшін мұнай мен газдың үлкен ролі бар. Табиғи газ бен мұнайдан алынатын ауыр қалдықтар арзан және энергетикалық және жанар жағар май ретінде өте ыңғайлы.
Мұнайдан алынатын барлық жанар жағар майдың түрлері алынады: бензиндер, керосиндер, іштен жанатын қозғалтқыштар үшін майдың реактивті және дизельдік сорттары , жағалғыш материалдарының түрлері, битумдар, синтетикалық майлы қышқылдар және басқалары.
Мұнайға ілеспе газдар , мұнайды өңдеу процесстері кезінде алынатын газдар , ароматты көмірсутектер химиялық өнеркәсіп үшін негізгі шикізат болып есептелінеді.
Мұнайхимиясы өнімдері: полимерлік материалдар және пластикалық заттар, синтетикалық талшықтар, каучуктер, спирттер, жууға арналған заттар, спирттер, альдегиттер және басқада заттар халық шаруашылығының барлық салаларында қолданылады. Полимерлік материалдарды пайдалану автомобильдік, авияциялық, кеме жасауда, электрлі-техникалық және басқада өндіріс салаларында қолдану техникалық прогресті анықтайды. Автомобильдік өндіріс пластмасты, синтетикалық талшықтарды, жаснды каучук және резина, лак және сыр пайдаланатын ірі өндіріск айналды. Пластмассаны пайдалану бірнеше мың тонна темірді үнемдеуге мүмкіндік берді, технологиялық операциялар санын және олардың көлемін азайтты.
Мұнай өндірісі ролі қазіргі уақытта мұнайхимиясы шикізат базасы ретінде жоғарылады. Ілеспе газдарды және табиғи газдарды пайдалану мұнайды өңдеу процесі кезінде пайдаланған қалдықтардан алынатын газдарды пайдаланған тиімді.
Мұнай , газ және олардан алынған өнімдер Республика экономикасының өсуі үшін маңызы зор.
месторождений ОАО «СНПС Актобемунайгаз» «Проект рабочей схемы по снижению давления в системе сбора нефти участка «ЮГ» месторождения Жанажол». г. Актобе, 2001 год.
2) В.Ф. Шматов, Ю. М. Малышев «Экономика, организация и планирование производства на предприятиях нефтяной промышленности». М., изд-во «Недра», 1990 г.
3) В. С. Бойко «разработка и эксплуатация нефтяных месторождений», М., изд-во «Недра», 1990г.
4) М.М Иванова, И.П Чоловский, Ю.И. Брагин, «Нефтегазопромысловая геология», М., изд-во «Недра», 2000г.
5) М.Л. Сургуев. «Вторичныеи третичные методы увеличения нефтеотдачи пластов», М., изд-во «Недра», 1985г.
6) Г.Е.Панов., Л.Ф. Петряшин, Г.Н. Лысяный «Охрана окружающей среды на предприятиях нефтяной промышленности». М., изд-во «Недра», 1986.
7) Р. А. Валиуллин, Рамазанов и др. «Особенности термометрии при выделении нефтяных пластов, эксплуатирующихся при забойном давлении ниже давления насыщения» Башгосуниверситет» – 1991 г.
8) НИИ «Гипрвостокнефть» «Уточненной технологической схеме опытно-промышленной разработки нефтяных залежей первой карбонатной толщи и проекту пробной эксплуатации второй карбонатной толщи» г.Куйбышев, 1983г.
9) Научно – исследовательский институт «Гипровостоконефть» «технологическая схема разработки нефтегазоконденсатного месторождения жанажол актюбинской области», г. Куйбышев, 1986г.
10) НИИ «Гипрвостокнефть» «Схемой комплексного обустройства II очереди»
Часть III.
11) «Единым правилами разработки нефтяных и газовых месторождений республики Казахстана».
12) «Қ.Р. мұнай және газ өнеркәсібіндегі қауіпсіздік ережелері»-Алматы. 1995г.
13) НИИ «Гипрвостокнефть» «Комплексное обустройство II-ой очереди нефтяного месторождения Жанажол ПО «Актюбинскнефть». 1 том «Сбор и транспорт нефти и газа» 3 книга Куйбышев. 1983г.
14) НИИ «Гипрвостокнефть» «Комплексное обустройство IV очереди нефтяного месторождения Жанажол ПО «Актюбинскнефть» 1 том. «Сбор и транспорт нефти и газа. 1 книга Куйбышев. 1988г.
15) ГОСТ-5542-87
16) ОКБ «Нефтемаш» «Особого конструкторского бюро по проектированию газодобывающих машин и оборудования» Баку. 1983г.
17) Бойко В.С. «Разработка и эксплуатация нефтяных месторождений», М. недра, 1990г.
18) Иванов М.М., Чоловский И.П., Брагин Ю.И. «Нефтегазопромысловая геология» М.Недра, 2000г.
19) Александров К.К., Кузьмина «Электро – технические чертежи и схемы», М. Энергоатомиздат, 1990г.
20)
21) «Планирование на предприятии нефтяной и газовой промышленности, М. недра , 1989г.
22) Юрчук «Расчеты в добычи»
23) Годовой отчет НИИ ОАО «СНПС – Актюбемунайгаз» за 1999г.
24)Годовой отчет отдела по исследованию проблем добычи и бурения нефтегазконденсатного месторождения Жанажол за 2001 год.
25) Ғ.М. Нұрсұлтанов, Қ. Н. Абайұлданов «Мұнай және газды өндіріп өндеу», Алматы «Баспа» 1999ж.
25) Қ. Бекетов «Үлкен қазақша – орысша, орысша –қазақша сөздік» Алматы «Алтын қазына» 1999ж.
26) Ғ.М. Нұрсұлтанов «Мұнай және газ өнеркәсібінің орысша-қазақша түсіндірме терминдер сөздігі» , Алматы, 1997 ж.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Мұнай мен газ өндірісінің дамуының маңызы зор. Өйткені Республиканың халық шаруашылығының дамуы үшін мұнай мен газдың үлкен ролі бар. Табиғи газ бен мұнайдан алынатын ауыр қалдықтар арзан және энергетикалық және жанар жағар май ретінде өте ыңғайлы.
Мұнайдан алынатын барлық жанар жағар майдың түрлері алынады: бензиндер, керосиндер, іштен жанатын қозғалтқыштар үшін майдың реактивті және дизельдік сорттары , жағалғыш материалдарының түрлері, битумдар, синтетикалық майлы қышқылдар және басқалары.
Мұнайға ілеспе газдар , мұнайды өңдеу процесстері кезінде алынатын газдар , ароматты көмірсутектер химиялық өнеркәсіп үшін негізгі шикізат болып есептелінеді.
Мұнайхимиясы өнімдері: полимерлік материалдар және пластикалық заттар, синтетикалық талшықтар, каучуктер, спирттер, жууға арналған заттар, спирттер, альдегиттер және басқада заттар халық шаруашылығының барлық салаларында қолданылады. Полимерлік материалдарды пайдалану автомобильдік, авияциялық, кеме жасауда, электрлі-техникалық және басқада өндіріс салаларында қолдану техникалық прогресті анықтайды. Автомобильдік өндіріс пластмасты, синтетикалық талшықтарды, жаснды каучук және резина, лак және сыр пайдаланатын ірі өндіріск айналды. Пластмассаны пайдалану бірнеше мың тонна темірді үнемдеуге мүмкіндік берді, технологиялық операциялар санын және олардың көлемін азайтты.
Мұнай өндірісі ролі қазіргі уақытта мұнайхимиясы шикізат базасы ретінде жоғарылады. Ілеспе газдарды және табиғи газдарды пайдалану мұнайды өңдеу процесі кезінде пайдаланған қалдықтардан алынатын газдарды пайдаланған тиімді.
Мұнай , газ және олардан алынған өнімдер Республика экономикасының өсуі үшін маңызы зор.

I Геологиялық бөлім

1.1 Кен орнына жалпы шолу

Кенкияқ мұнай кен орны оңтұстігінде орналасқан Ақтөбе қаласынан 180 км, оңтүстік - батыстағы Емді станциясынан 80 км ара қашықтықта орналасқан. Ол Кенкияқ тұзды күмбезіне бағынады.
Мезазой қабаттарын терең бұрғылау 1959 жылы алымы 45,6 м3күнге Саркөл свитасындағы құмды қабаттан К - 34 құрылым - іздегіш ұңғымысынан және орта юралық қабаттан К-17 ұңғымасы бойынша алынған мұнайдан соң басталды. 1962 жылы оңтүстік ылдида бұрғыланған 47 және 48 ұңғымалардан перм қабатындағы мұнайы алынды. 1969 жылы тұз асты жынысының мұнайлылығын тексеру мақсатында 8-П параметрикалық ұңғымасы бұрғыланып басталды. Бұл бұрғалаудың нәтижесінде артиндік жыныстың мұнайгаздылығы орнатылды.
Кенкияқ кен орны көпқабатты. Онда жоғары пермде, төменгі триаста , төменгі және орта юрада және төменгі борда орналасқан мұнайдың өндірістік кеніштері саз құмайттардан, алевролиттерден, алевриттерден және құмайттардан тұрады.Жоғарғы перм қабатында 13 мұнай және екі газ горизонты бекітілді, төменгі триаста - үш мұнай , төменгі юрада - бір мұнай, иаленде - бір мұнай, байосбатта - екі мұнай және бір газ, готерде, барремда, аптта және альбта - бір - бірден мұнай горизонттары орнатылды. Жоғары пермде және төменгі триастағы мұнай кеніші тектоникалық - экрандалған, төменгі юрада - стратиграфиялық, орта юра мен төменгі бордагы - жалпы мұнайлылық этажы - 1200 м-ден көп қабатты күмбезден тұрады және кеніште серпімді су арынды режим қалыптасқан.
Кенкияқ қанатының оңтүстік бөлігінің казан қалыңдығында бір мұнай және бір газ, татар қалыңдығында бір газ және он екі мұнай горизноты орналасқан. Олар 649 - 2475 м тереңдікте орналасқан. Жіңішке жиекше тәрізді қалыңдығы 400 - 600 м-ге дейінгі мұнай кеніші тұзды сілімге қарай ығысқан және олар СМН - ның өзіндік мөлшерімен, 2,5 м - ден 41 м-ге дейінгі мұнайлылық қуаттымен ерекшелінеді.
Негізінде Саркөл тастопшаға жататын бірінші төменгі триастағы горизонт оңтүстікте 585 - 750 м тереңдікте, ал солтүстікте 430 - 585 м тереңдікте, сәйкесінше мұнайлылық қалыңдығы 9,5 - 16 м. 850 м3 ауданы бар кеніштің биікткгі 110-160 м. Кеніштің солтүстік қанатындағы СМН -388,7 м абсолюттік белгіде, ал оңтүстігінде - 575 м белгіде жүргізіледі.
Ақжар тастопшасы табанындағы екінші төменгі триас 387 - 469 м тереңдікте тек солтүстік қанатта орналасқан. 820 мың. м2 ауданды биіктігі 102 м мұнайлылық сатысы 287,8 м белгіде жүргізіледі.
Төменгі юра горизонтының мұнайлылық қалыңды - 2-8 м, теріңдігі - 320,5-990 м. 2438 мың м2 ауданның мұнайлылық сатысы 32 м - ге тең. СМН солтүстік - шығыстан оңтүстік - батысқа қарай бұрылған, ал оңтүстік қанатта - 161-174 м белгіде, оңтүстікте - 180-185 м белгіде жүргізіледі.
Аалянстық горизонт 280-377 тереңдікте орналасқан, оның мұнайлылық қалыңдығы - 2,7-22 м-ге тең. Солтүстік қанатта 145-151 м және оңтүстікте 180-185 м абсолюттік белгідегі СМН солтүстік - батыстан оңтүстік - батысқа қарай бұрылған.
Бірінші байос-батыс горизонтының мұнайлылық қуаты 3-27 м , тереңдігі 284 - 360 м - де орналасқан. Кеніштің биіктігі 110 м, ауданы 5479,5 мың. м2. СМН еңкіш, солтүстік қанатта 120,5 - 122 м абсолюттік белгіде жүргізіледі, оңтүстікте 148-165 м-ге төмендейді.
Екінші байос - баттық горизонт 234 - 335 м тереңдікте орналасқан, мұнайлылық қалыңдығы 1,5 - 48,5 м . Кеніштің көлемі - 10085,5 мың м2 , биіктігі 68 м. СМН еңкіш, , солтүстік қанатта 75 - 88 м абсолюттік белгіде жүргізіледі, оңтүстікте 88 - 98 м-ге төмендейді.
Үшінші байос - баттық горизонт 200 - 320 м тереңдікте орналасқан, мұнайлылық қалыңдылығы - 6 - 14 м. Кеніштің биіктігі 38 м, СМН 40-63 м белгіде жүргізіледі.
Готериевский горизонты 1 85 - 246 м тереңдікте орналасқан, мұнайлылық қалыңдылығы - 1 - 5,2 м. Кеніштің биіктігі 34 м, ауданы - 7731,5 мың м2. СМН 36 м белгіде жүргізіледі.
Барремский горизонты 159 - 195 м тереңдікте орналасқан, мұнайлылық қалыңдылығы - 1,0 - 16,5 м. Кеніштің биіктігі 31 м, ауданы - 7 426 мың м2. СМН 7 м белгіде жүргізіледі.
Аптский горизонты 77 - 125 м тереңдікте орналасқан, мұнайлылық қалыңдылығы - 0,21 - 2,9 м. Кеніштің биіктігі 10 м, ауданы - 150 мың м2. СМН 90,6 м белгіде жүргізіледі.
Алъбский горизонты 50 - 85 м тереңдікте орналасқан, мұнайлылық қалыңдылығы - 3,7 м. Кеніштің биіктігі 10 м, СМН 110 м белгіде жүргізіледі.

1.2 Тектоника
Кенкияқ тұзасты көтерілімі батыстық бұрылымда бөлінетін борт жаны аймағының батыс бөлігінде орналасқан. Бұл аймақ толықтай сейсмикалық тұрғыдан зерттелінген. ПI шағылысу горизонты, оған сәйкес келетін Vг =5300 мсек бұзылған горизонт бойынша дөңес жабық 3500 м изогипсте кең шайылымды алып жатыр. Оның өлшемі: ұзындығы - 10 км, ені - 8 км , амплитудасы - 300 м. Дөңес күмбезі тереңдігі 3400 м ПI горизонты 3200 м страгипспен шектеліп тұз күмбезінің астында жатыр. Дөңес аздап ассиммеметрикалық , периклиналь және оң қанаты батыс периклиналь және солтүстік қанатқа қарағанда ойпатта орналасқан. Қабаттардың оңтүстік қанатта төмендеуі - 100 - қа дейін, солтүстікте - 60 - қа дейін төмендейді.
П2 шағылғыш горизонты , оған сәйкес келетін Vг =6300 мсек бұзылған горизонт дөңес бөлігінің 4,6 км тереңдікте орналасқан.
Фс Vг =6300 мсек горизонты сәйкес келетін кристалдық фундамент беті 8,7 - 8,9 км тереңдікте орналасқан.
Кенкияқ кен орнындағы тұзды сілім тұз асты палеозой дөңесінде орналасқан, оның пішіні дөңгелек пішіндес келеді. Оның 550 м страгипс бойынша ұзындығы - 8,5 км , ені - 3,2 км - ді құрайды. Дөңестің солтүстік сілімі ойпатты, иілу бұрышы 56 -800 , оңтүстігінің иілу бұрышы 40 - 550 қа дейн өзгереді.
Тұзды сілім ұшы 360 м страгипспен шектелген және жоғары перм жынысын толықтай жырып жіберген. Көрші орналасқан төменгі триас қабаты әркелкі. Сілім бойындағы тұздың орналасу тереңдігі 460 - 837 м. Оңтүстікте ойпаттағы тұз 2572 - 3000 м тереңдікте ұңғымалармен ашылды, ал солотүстікте - 1450 - 2290 м - де ашылды.
Төменгі триас және юра - бор шөгінділеріндегі тұз сілімі дөңгелек пішіндес, құрылысы күрделі келеді. Төменгі триас шөгіндісі бойынша оңтүстік дөңес жаны бөлігінде 100 - 150 м амплитудадасы ба р ұзын грабен бар, ал солтүстікте бөлік тәрізді бұзылулар бар. Төменгі триас жынысының оңтүстік қанатында құлау бұрышы - 15 - 200 - ты, солтүстігінде - 25 - 320 - ты құрайды. Юра - бор шөгіндісі төменгі триасты 18 - 320 бұрышпен және стратиграфиялық келіспеушілікпен жыныстарды бөліп тастаған. Ол аз 10 - 15 м - ге дейін амплитудалы өзгерістермен және 110 - 120 м амплитудасы бар жатық симметриялық құрылысымен, 2 - 30 құлау бұрышымен сипатталады.

1.3 Стратиграфия

Кенкияқ кен орнында бұрғыланған ұңғымалармен кең стратиграфиялық диапазонда палеозойдан бастап кәдімгі қалдықтардан аяқталатын шөгінділер ашылды.

Пермдік жүйе
Кенкияқ кен орнында ашылған ежелгі жыныстарға перм жүйесінің палеазой тобы жатады. Перм жүйесінің ең ежелгі жыныстарына артинский ярусы жыныстары жатады. Бұл шөгінділер тұз дөңесіне бұрғыланған ұңғымалар арқылы ашылды. П - 88 ұңғымасында олар 3780 - 3918 м тереңдікте орналасқан, олар 40 - қа дейігі құлау бұрышы бар құмайттар мен аргиллиттерден тұрады.
Ариллиттер қою көкшіл , полимиктілі және ізбестілі, орташа және уақ түйіртпекті, қабатты, қатты, аздап жарықтау, ізбастілі цементті келеді.
Кунгур ярусындағы шөгіндіде үш қабат бөлінген: төменгі сульфатты - терригенді, галогенді және жоғарғы сульфатты - терригенді.
Төменгі сульфатты - терригенді қабат құмайтты және ангидритті аргиллиттерден және алевролиттерден ьтұрады, гравелиттердің жалаң қабаттарыда кездесіп қалады.
Аргиллиттер қою көкшіл және қара, алевролитті және ізбестілі, ангидриттелген учаскілері бар, қабатты, қатты, аздап жарықтау ( жарықтары ангидриттермен толтырылған ) келеді.
Алевролиттер пен құмайттар қою көкшіл , сазды және ізбесткалы, полимиктілі, ұсақ түйіртпекті, қабатты және плинчатты.
Ангидриттер көкшіл - көк, сазды учаскілі, ұсақ және орташа кристалды, қабатты, қатты, кейде жарықтау келеді.
Гравилиттер құрамы бойынша алевролиттер пен құмайттарға ұқсас келеді.
Төменгі сульфатты - терригенді жыныстың бұрылу бұрышы 4 -100 - ты құрайды, қалыңдығы бірнеше метрге жетеді.
Галогенді қабат ақ, орташа - ірі кристалды , массивті тұзды тастан құралған. Бұл қабатта әртүрлі қалыңдықтағы бірнеше қабатшалардан тұратын сульфатты - терригенді жыныстар қабаттары кездеседі. Кенкияқ кен орнында галогенді қабаттартар қалыңдығы үш мың метрден ( 3185 м ) асады.
Жоғары сульфатты - терригендік қабат алевролитті қабатшалардан тұратын аргалиттерден , құмайттардан және ізбестілі ангидриттерден тұрады. Оның қалыңдығы 600 м аралықта.
Жоғары пермдік қызыл түсті континентальды шөгінді Кенкияқ кен орны тілігінде уфимский, казанский және татарский ярустарынан тұрады. Бұл шөгінділер тұз ылдиына бұрғыланған ұңғымалар арқылы ашылды. Бұл шөгінділер күмбездер аралық ойпаттарда орналасқан, олардың қалыңдығы екі мың метрден жоғары. Олар құмайтты, алевролитті және Аз қалыңдықты ізбескілер қабатшаларынан құралған аргиллиттерден тұрады. Бұл жыныстар қызыл - қоңыр түсті келеді, құрамында гравилиттер, конгломераттар мен ангидриттер кездеседі.

Триастық жүйе
Триас жүйесі жыныстары төменгі бөлімнен тұрады. Төменгі триастың субаквальды өзенді - континентальды шөгінділері Кенкияқ төбесінің күмбезі бөлігіндегі кунгур ярусында, ал төбе қанатында татар ярусында жатыр.
Шөгінді жыныстары бірінен соң бірі төслген жұқа құмайтты және сазды жыныстардан тұрады.
Құмайттар мен құмдар қызғылт - қоңырлау, поликтивитті, сазды, ұсақ және әркелкі түйіртпекті болып келеді.
Саздар әртүрлі түсті, қоңыр ө кызыл және көкшіл - жасыл, алевролитті, тығыз келеді. Шөгінді қалыңдығы 400 м шамасында.

Юралық жүйе
Кенкияқ кен орнының тілігіндегі юра жүйесі төменгі және жоғарғы жүйеден тұрады.
Төменгі юра шөгіндісі литологиялық құрамы бойынша екі қабатқа бөлінеді: құмайттыгалчникті және сазды.
Құмдар негізінде кварцтыалаңдышпатты келген ашық - сұр түсті, ұсақ және орташа түйіртпекті, тез бұзылғыш кварцтан және құмайт линзаларынан тұрады.
Саздар сұрлау - ақшыл, аздап алевролитті, тығыз, шарт сынғыш және өсімдік қалдықтарынана тұрады. Қкабат қалыңдығы 90 м - ге дейін жетеді.
Орта юралық лагунді - континентальды шөгінділер құмайтты және сазды қабаттардан тұрады.
Құмайтты қабат құмдардан тұрады. Құмдар сұрғылттау , кварцтыалаңдышпатты келген ашық - сұр түсті, ұсақ және орташа түйіртпекті, әркелкі түйіртпекті, түйіртпек негізінен көмірлі және жартылай опырылғыш, тез бұзылғыш келеді .
Сазды қабат саздардан, шымқай - сұрлау және қою - сұрлау, алевролитті, құмайтты, қабатты, тығыз , тас көмір қабатшаларынан тұрады. Жыныс қалыңдығы 150 м - ге дейін жетеді.

Бор жүйесі
Бор жүйесі жыныстары төменгі және жоғары бөлімнен тұрады. Төменгі бор жүйесі валанжин яруынан басқа ярустардың бәрінен тұрады. Бұл жыныстар өзара кезектескен сазды , құмайтты - сазды және құмайтты қабатшалардан тұрады. Ашық боялған әртүрлі түстердегі құмайты - сазды шөгінділерден тұратын баррем ярусы қабаты назар аударарлық.
Саздар әртүрлі түсті, біресе қою қызғылт - кызыл, ашық қызыл және көкшіл - жасыл түсті, құмайтты, ізбескілі емес, тығыз, аргеллит тәрізді келеді.
Құмайттар әртүрлі түсті және жасыл - сұрлау, полимикті және сазды, ұсақ және орташа түйіртпекті, түйіртпектер көмірлі және шарт сынғыш, жұқа келеді. Қабат қалыңдығы шамамен 400 м - ді құрайды.
Жоғары бор шөгінділері барлық ярустардан тұрады. Алайда тіліктер ярусы толықтай емес, ол жоғары жатқан қабаттарға байланысты. Жоғары бор шөгінділері литологиялық жағынан құмайтты - сазды шөгінділерден және мергелдерден, сондай - ақ саздардан мен фосфор конкрецияларынан тұрады. Жоғары бор шөгінділері қалыңдығы 350 м - ге жетеді.

1.4 Мұнай, газ және судың физикалық - химиялық қасиеттері
Кенкияқ кен орнында алты мұнайгаздылық жыныс комплекстері бар:
oo тұзасты артиндік
oo жоғары пермдік:
oo төменгі триастық;
oo орта юралық
oo төменгі бор

Артиндік мұнай горизонты қоңырқай - жасыл түсті, оның тығыздығы 20 0С - да 0,84 гсм3, ұсақ түйіртпекті ( 0,22 %), шайырлы (10 %) , тұтқырлығы қалыпты жағдайда 9,07 с. б. Тең. Мұнай бастапқы температурасы 840 бензинді - керосинді, фракциялардың шығу температурасы 2000 - 25 %, 3000 - 48 %.
Артин жынысынан газ алынды, оның құрамына СН4-84; С2Н10 - 1,5; СО2-2,4; Rе +N2 - 4,7.
Жоғары перм шөгіндісі мұнайы татар және қазан ярустары шөгінділерінен тұрады. Қазан мұнай шөгінділері өзіндік салмағы 0,8449 - 0,8594 гсм3 , , ұсақ түйіртпекті ( 0,32 - 0,61 %), шайырлы ( 14 - 20 %) , парафинді ( 1,3 - 1,91 %) және асфальтенді ( 0,08 - 0,15 %) тұтқырлығы қалыпты жағдайда 9,07 с. б. , бензинкеросинді. Фракциялардың шығу температурасы 2000 - 19 - 25 %, 3000 - 43,5 - 46,5 %.
Татар мұнайы шөгіндісінің өзіндік салмағы 0,8186 - 0,8921 гсм3, , күкіртті ( 0,16 - 0,46 %), шайырлы ( 7,4 - 38 %) , парафинді ( 1,02 - 3,84 %) және асфальтенді ( 0,01 - 3,03 %) тұтқырлығы 20 0С-да 3 - 44,9 с. б. . Мұнай 80,5 % майы бар бензинкеросинді. Бензин фракциясының шығу температурасы 2000 - 12 - 36 %, 3000 - 25 - 57 %. Мұнайдағы газ факторы 22,5 - 126,4 атм - лық қанығу қысымында 3,5 - тен 16 м3см - ге дейін өзгереді. Шөгіндіде сондай - ақ құрамында келесідей газ құрамы (%) байқалды: СН4 - 81,06; С2Н6 - 2,32; С3Н8 - 1,22; С4Н10 -0,45; СО2 - 2 ЖӘНЕ Re + N2 - 11,95.
Каратюбе тік жар тұз күмбезіндегі татар шөгіндісінде 20 - ға дейін су горизонттары бар. Бұл шөгінділердің суы негізінен минералдануы 1,0357 - 1,1836 гсм3 тығыздықта 50,3 - тен 292 гл - ге дейін өзгеретін еріген метанды және азотты газдары бар хлоркальциилі болып келеді. Мұндай судың минералдануы татар шөгіндісі күмбезде тұз ағымымен бөлінген және су ағыстарымен үнемі байланысып тұрады. Судың газға қаныққандығы 267 см3 л. Татар ярусы сулары арынды, статикалық деңгейі 104 м абсолюттік белгіде орнатылған.
Төменгі триас қабатында төрт мұнай горизонттары орнатылған. Бұл горизонттар мұнайы тығыздығы 0,8150 , 0,9355 г 3, аз күкіртті ( 0,13 - 0,34 %), аз парафинді ( 0,28 - 0,67 %), шайырлығы жоғары ( 20 - 26,2 %) және кинематикалық тұтқырлығы 200 0С-да 68,3 - 296,8 с. б. . Мұнай құрамында 2000 0С дейін қайнайтын бензинкеросинді фракциялар тіптен жоқ деседе болады . Керосин фракциясы 30000 температурада 42 % - тен аспайды, майдың щығуы 2401 - 48,5 , сондықтан да мұнай керосинді - майлыға жатады.
Төменгі юра мұнайындағы газ факторы 0,59 м3т , газ негізінен метанды, оның құрамына (%) келесілер кіреді: СН4 - 90,3 - 92,3 ; С2Н6 - 1,4 - 4,2; С3Н8 - 0,3 - 2,2; С4Н10 -0, 3 - 1,6; СО2 - 0,3 - 0,6 ; Re + N2 - 1,6 - 5,9.
Төменгі юра шөгінділері қабатындағы су қабаттары минералдануы 1,4 - тен 55,6 гл - ге дейін өзгеретін хлоркальцийлі болып келеді. Сулар арынды келеді, олардың статикалық деңгейі жер бетінен 116 - 170 м тереңдікте есептеледі.
Орташа юра мұнайы 0,9 047 - ден 0,9 418 - ге дейінгі тығыздықта кездесді, аз күкіртті ( 0,11 - 0,58 %), аз парафинді ( 0,29 - 0,74 %), шайырлы . Мұнай құрамында бензинкеросинді фракциялар 17 % - тен көп болмайды, аз күкіртті ( 0,13 - 0,34 %), аз парафинді ( 0,28 - 0,67 %), шайырлығы жоғары ( 20 - 26,2 %) және кинематикалық тұтқырлығы 200 0С-да 68,3 - 296,8 с. б. . Мұнай құрамында 2000 0С дейін қайнайтын бензинкеросинді фракциялар тіптен жоқ деседе болады . Керосин фракциясы 30000 температурада 11 - 43,5 % , майдың шығуы 31 % - тен аспайды. Нафтендік көмірсутегінің құрамы 3000- қа дейін 90 % - ке дейін жетеді, ароматтық 5 - 7 %, парафиндік - 24 % - тен кем емес. Газ факторы 3 м3т - дан артық емес.
Төменгі бор шөгінділері төрт горизонтта орналасқан: готеривтік, барремдік, апттық және альбтық.
Готеривтік горизонт мұнайы тығыздығы 0,9050 - 0,9124 г 3, олар аз күкіртті ( 0,26 - 0,4 %), аз парафинді ( 0,43 - 0,76 %), кинематикалық тұтқырлығы 200 0С-да 31,3 - 64 с. б. . Мұнай майлы - керосинді, бензин фракциясының 3000 0С температурада пайда болуы 18 - ден 25 % - ке дейін. Мұнайдағы еріген газ 1,35 м3т - дан аспайды.
Барремдік горизонт мұнайы тығыздығы 0,9428 - 0,9497 гсм3, аз күкіртті 21,1 - 46 %. Мұнайда бензин фракциялары жоқ, ол майлы - керосинді, 3000 - ға дейін фракциялардың шығуы 4 - 15,75 %.
Апттік горизонт мұнайы тығыздығы 0,9567 гсм3. Күкірт 0,89 % - ті құрайды. Бензин фракциясы 1 %- тен аспайды, 3000 - ға дейін фракциялардың шығуы 7 - 23,5 %. Мұнайда еріген газ жоқ.
Альбтік шөгіндіде мұнай 0,9265 - 0,9458 гсм3, күкіртті ( 0,22 - 0,49 %), парафинді ( 0,254 - 0,44 %). Мұнайда бензин фракциялары және еріген газ жоқ. 3000 - ға дейін фракциялардың шығуы 7,75 - 8 %.
Төменгі бор шөгіндісі сулары негізінен сұйықкарбонатты - натрийлі және сульфатты - натрийлі, аздап хлоркальцийлі, минерализациясы 1,000 - 1,022 гсм3 - те 0,3 - тен 31,7 гл - ге дейін. Альбтік горизонт суының минералдануы готеривтікіне қарағанда жоғары. Сулар арынды, статикалық деңгей 5 - 55 м - де орнатылды. Кенкияқ кен орнының мұнайының сипаттамасы 1.1 кестеде көрсетілген.

1.5 Өнімді қабаттардың коллекторлық қасиеттері
Артиндік жыныстардың мұнайгаздылығы қабатта ұсақ және орташа түйіртпекті құмайттардан тұрады. Құмайттар 5,2 % толықтай кеуекті, ашықтай - 2,6 % . 30 - 35 % карбонаттылықта аз өткізгіш.
Жоғары пермдік жыныстар мұнайгаздылығы қуаты 25 - 37 м - ге дейін құмайттар мен алевролиттер қабатшаларынан тұрады. Олар қазан және негізінен татар ярусында орналасқан. Кенкияқ кен орнында жоғары пермдік өнімді горизонттары 649 - 2475 м тереңдікте орналасқан.и Онда қазан ярусында бір мұнай және бір газ гоизонттары бар, ал татар ярусы қабатында 12 мұнай және бір газ горизонттары бар. Ө қабатты құрайтын құмайттар мен алевролиттер кеуектілігі 15,7 - ден 31,1 % - ке дейін ашық кеуектілік және 1013,0 - 1326 млд. - қа дейін өткізгіштік өзгерген жағдайда 16 - 31,7 % - ті құрайды. Жыныстың мұнайға қаныққандығы 80 % . Игерудің бастапқы кезінде бұл горизонттардың алымы 5 мм штуцерда 186 м3күнге болды.
Төменгі триас шөгіндісі қабатында үш мұнайлылық горизонты бар, олар негізінен саркөл тастопшасы мен ақжар тастопшасында орналасқан. Горизонттар қатты құмайттардан және ұсақ галечкілі конгломераттардан құралған. Құмайттар 10 - 12 % гравиядан тұрады. Жыныстың коллекторлық қасиеті кең көлемде өзгереді: 133,5 - 22,9 млд. өткізгіштік пен 70 % мұнайгазға қаныққандықта толық кеуектілік 5,9 -22,9 % - ке дейін, ашық кеуектілік 5 - тен 20 % - ке дейін өзгереді. Бұл горизонттар мұнай алымы алғашында бірнеше куб метрден 140 м3күнге 5 мм штуцерда өзгерді.
Төменгі юра шөгіндісі мұнайлылығы 322 м тереңдікткгі құмайтты - галечкалы қабаттардан тұрады. Жыныс өте жақсы қасиеттерге ие: : 1913 млд. өткізгіштік пен 72 - 80 % мұнайгазға қаныққандықта ашық кеуектілік 22,3 - 39,5 % - ке дейін өзгереді. Бұл горизонттар мұнай алымы алғашында бірнеше куб метрден 100 м3күнге 5 мм штуцерда өзгерді.
Орташа юра өнімді горизонттары негізінен аалендік ярус пен байос - баттық шөгінділерінде орналасқан. Аалендік өнімді қабаты негізінен құм мен алевролиттерден тұрады. Коллекторлық келесі қасиеттерге ие: 105,4 - 5600 млд. өткізгіштік пен 72 - 80 % мұнайгазға қаныққандықта ашық кеуектілік 21,25 - 38,1 % - ке дейін, толық кеуектілік 32,25 - 44,1 % - ке дейін өзгереді Байостық және баттық шөгіндісінде төрт қалыңдығы 25 - 30 м өзара саздармен бөлінген құмды мұнай қабатшаларынан тұрады. Мұнай алымы бастапқыда 74 м3күнге жетті. Жыныстың коллекторлық қасиеті мынадай: 148 - 41382 млд. өткізгіштік пен 68 - 80 % мұнайгазға қаныққандықта толық кеуектілік 524,4 - 49,2 % - ке дейін, ашық кеуектілік 23,5 - тен 39,5 % - ке дейін өзгереді.
Төменгі бор шөгінділерінде мұнайгазға қаныққандық готеремдік , барремдік, апттық және альбтық ярустарымен байланысты .
Готеремдік яруста қалыңдығы 5 - 12 м өнімді қабат саз қабатының жамылтқы бетінде орналасқан . Бұл горизонт бойынша мұнай алымы аз, бастапқы 16 м3 күнге . Бұл горизонттың коллекторлық қасиеті нашар: қалыңдығы 5 - 12 м : 32,3 - 153 млд. өткізгіштік пен 60 % мұнайгазға қаныққандықта толық кеуектілік 14 - 20 % - ке дейін, ашық кеуектілік 35,4 % - ке дейін , толық кеуектілік 38 % - ге дейін өзгереді Құмның коллекторлық қасиеті құмайттарға қарағанла жоғары, саздылығына байланысты сұйықтар ағысы өте нашар.
Баррем ярусы табанында құлағыш құмдардан тұратын өнімді қабат орналасқан. Бұл горизонт мұнайы алымы 5 м3 күнге аспады. Бұл горизонттың коллекторлық сипаты мынадай: 5680 млд. өткізгіштік пен 74 % мұнайгазға қаныққандықта толық кеуектілік 23 - 47 % - ке дейін, ашық кеуектілік 20,7 - 38,8 % - ке дейін , толық кеуектілік 38 % - ге дейін өзгереді.
Альбтағы өнімді қабаты құм қабаты ауыр қышқылды мұнайдан тұрады. Горизонт әртүрлі сортты құмдардан тұрады, Өте жэақсы коллекторлық қасиеттерге ие : 667,5 -5373,3 млд. өткізгіштік пен 75 % мұнайгазға қаныққандықта толық кеуектілік 26,4 - 45,4 % - ке дейін, ашық кеуектілік 23,7 - 44,8 % - ке дейін , толық кеуектілік 38 % - ге дейін өзгереді.

II Технологиялық бөлім
2.1 Кенкияқ кен орнын игерудің қазіргі жағдайына қысқаша талдау

Кенкияқ кен орны 1966 жылы игерілуге берілді. Алғашқыда құрылымның оңтүстік қанатындағы тәжірибе учаскісіне бу айдау технологиялық сызба жасалынды. Тәжірибе учаскісін бұрғылау 1967 - 1969 жылдарда басталды.
Кенкияқмұнай МГӨБ Кенкияқ кен орнын игеруде Кенкияқ кен орнын жылу тасығыштарды пайдалана отырып игеру анықталған технологиялық жобаны пайдалануда. Бұл жобаны 1948 жылы ССКО мұнай кен орнын игеру орталық комиссиясы бекіткен.
Бірінші рет 26 жылдан соң 1.05.1998 жылы жылу тасығыштарды қабатқа қарқынды айдау бу айдау қондырғыларының жарамсыздығынан және басқа да себептердің салдарынан Кенкияқ кен орнының оңтүстік қанатындағы 1 - 7 қатарларында тоқтатылды.
Ақтөбемұнайгаз АО - ның 1998 жылдың 5 сәуіріндегі № 66 бұйрығына сәйкес моторының жасамауына байланысты бірінші бу генераторы қондырғысы істен шығарылды.
Жылутасығышты қабатқа айдау кен орнының оңтүстік - шығысындағы 9 - 11 қатарлар ауданында екі БАГ 5060 бу айдау генераторлары арқылы жалғастырылды.
Кенкияқ кен орны тұтқырлығы жоғары кен орындарыны (тұз бетіндегі кеніштер бойынша ) қатарына жатады.
Ю - II горизонты бойынша мұнай қоры бумалар бойынша бөлінеді: А+В+С1 категориясы бойынша 72,194 млн. тоннаны , Ю- II горизонты бойынша - 12,4 млн. тоннаны құрайды.
Кен орнының тұз үстілік кеніштеріндегі 81 % мұнайдың алынатын қоры юра жүйесінің орташа бөлімі шөгіндісінде орналасқан.
2014 жылы мұнайдың өсуі бұрғылау және ұңғымаларды меңгеру жұмыстарына, сондай - ақ буды циклдеп айдау бойынша тәжірибе - өндірістік жұмыстарына байланысты.

2.2 Игеру нысаны және жүйесі

Мұнай және мұнай-газ кен орындары дегеніміз - бұл бір немесе бірнеше оқшауланған, яғни бір географиялық пункттің жанында орналасқан геологиялық құрылымдарда ұштастырылған жер қыртысындағы көмір- сутектердің жиынтығы. Кен орнына жататын көмірсутектердің кені қабаттарда немесе тау жыныстарының массивтерінде орналасады, олар жер астында түрліше жайғасады, олардың геологиялық-физикалық қасиеттері әртүрлі келеді. Көп жағдайларда жекелеген мұнай-газды қабаттар, өткізбейтін жыныстармен оқшауланады немесе кен орындарының жеке бөліктерінде ғана орналасады. Осылайша сипаты бойынша ерекшеліктері бар қабаттар ұңғылардың түрлі топтары арқылы өндіріледі, кейде өндіруде түрлі технологиялар қолданылады. Кен орнын игеру нысаны жайлы түсінік енгізейік. Игерудің нысаны - бұл өндірілетін кен орнынан алынған геологиялық құрылым (қабат, массив, құрылым, қабаттардың жиынтығы), оның құрамында ұңғылардың белгілі бір тобымен немесе басқа да тау-кен техникасының көмегімен жер қыртысынан алынатын көмірсутектердің өндірістік қорлары болады. Өндірушілер мұнайшыларда кең таралған терминологияны қолдана отырып, әдетте әр нысан өз ұңғылар торымен игеріледі деп есептейді. Игеру нысанына кен орнының бір, бірнеше немесе барлық қабаттары біріктірілуі мүмкін. Игеру нысанының негізі ерекшеліктері - онда мұнайдың өндірістік қорларының және осы нысанға тән белгілі бір ұңғылар тобының болуы. Десек те, осыған кері болуы мүмкін емес, себебі бір ұңғы арқылы бірмезгілдік бөлу пайдалануы үшін техникалық құралдар арқылы түрлі нысандарды игеруге болады. Игеру нысаны түсінігін жақсы пайымдау үшін мысалдарды қарас- тырайық. Бізге 1.1-суретте көрсетілген кен орнының қимасы берілсін. Бұл кен орнында қалыңдығымен, физикалық қасиеттерімен және қаныққан көмірсутектің тарау аумақтарымен ерекшеленетін 3 қабат бар. Кестеде 1, 2, 3-қабаттардың негізгі қасиеттері көрсетілген. 1-қабат 2-қабаттан 15 метр арақашықтықта, ал 2-қабаттың табаны 3-қабаттың төбесімен 1000 м арақашықтықта орналасқан. Қарастырылып жатқан кен орнында екі игеру нысанын бөліп көрсету мақсатқа лайық екенін айтуға болады, 1 және 2- қабаттарды бір нысанға (нысан І деп) біріктірсе, 3 қабат жеке нысан ретінде (нысан ІІ деп) қарастырылады.
1,2-қабаттардың бір нысанға біріктірілуі өзара бір-бірінен тік жақын орналасқан және олардағы мұнайдың өткізгіштігі, тұтқырлығының көрсет- кіштері мәндес болуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар 2-қабаттан өндірілетін мұнай мөлшері көп емес. 3-қабаттан өндірілетін мұнай мөлшері 1-қабаттағыдан аз болса да, ондағы мұнайдың тұтқырлығы төмен және өткізгіштігі жоғары болады. Демек, жоғарыда қарастырып отырған мәліметтерге қарап, осы қабатты бұрғылайтын ұңғының өнімділігі жоғары болатынын көреміз. Одан басқа, егер 3-қабаттағы тұтқырлығы төмен мұнайды әдеттегі су айдау әдісімен өндіруге болатын болса, онда тұтқырлығының төмендігімен сипатталатын 1 және 2-қабаттарды игеру үшін өндіру алдында басқа техниканы қолдануға, мысалы, мұнайды бумен, полиакриламид ерітіндісімен немесе ішкі қабаттық жағу арқылы мұнайды ығыстыруға тура келеді. 11 Сонымен бірге, есепке алынатын нәрсе 1, 2, 3-қабаттардың арасындағы біршама ерекшеліктерге қарамастан игеру нысандарын бөлудегі соңғы шешім игеру нысандарына қабаттарды біріктіру нұсқаларының түрлі технологиялық және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау негізінде жасалады. Игеру нысандарын кейде келесі түрлерге бөледі: дербес, яғни дәл осы кезде өндіріліп жатқан және кері, яғни қазір басқа нысанды пайдаланып жатқан ұңғы арқылы өндіріледі. Мұнай кен орнын игеру жүйесі деп өндіру нысандарын анықтайтын өзара байланысқан инженерлік шешімдердің жиынтығын; оларды бұрғылау және орналастыру тізбегін және темпін; қабаттан мұнай мен газды өндіру үшін қабатқа әсер етуді; айдаушы және өндіруші ұңғылардың санын, қатынасын және орналасуын; кен орнын игеруді, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды басқаруды айтады. Кен орнын игеру жүйесін құру - жоғарыда көрсетілген инженерлік шешімдердің жиынтығын білдіреді. Осындай жүйені құрудың маңызды құрылымдық бөлігі - игеру нысандарын ерекшелеу. Сол үшін осы сұрақты төменде кеңінен қарас- тырамыз. Алдын ала айтуға болатын нәрсе бір нысанға біріктірілген қабаттардың көптігі - тиімді, себебі, осындай біріктіру кезінде жалпы кен орындарын игеру үшін қажет болатын ұңғылардың саны аз болады. Бірақ қабаттарды бір нысанға шектен тыс мөлшерде біріктіру өндірілетін мұнай мөлшерін төмендетіп, соңғы кезекте техникалық-экономикалық көрсеткіштерді нашарлатуы мүмкін. Игеру нысандарын бөлуге әсер ететін факторлар: - Мұнай мен газ коллектор жыныстарының геологиялық-физикалық қасиеттері. Су өткізгіштіктерімен, жалпы және тиімді қалыңдық- тарымен, сонымен қатар біртексіздігімен ерекшеленетін қабаттарды әдетте, бір нысан ретінде игеруге болмайды, себебі олар өнімділігімен, қабат қысымымен айрықшаланады. - Аудандарының біртексіздігі, әртүрлі қабаттар үшін ұңғымалардың әртүрлі торлары тиімді болуы мүмкін, сондықтан мұндай нысандарды біріктіру орынды болмайды. Жеке төмен су өткізгішті қабатшалары бар, жоғары су өткізгішті қабаттармен араласпайтын, тігінен біртексіз қабаттарда горизонттың жарамды қамтылуын қамтамасыз ету қиын болады. Себебі белсенді игерілуге тек жоғары өткізгішті қабатшалар қосылады, ал төмен өткізгішті қабатшалар қабатқа айдалып жатқан агент әсеріне ұшырамайды (судың, газдың). Мұндай қабаттардың қамтылуын игеруді жоғарылату мақсатымен оларды бірнеше нысандарға бөлуге тырысады. - Мұнай және газдың физикалық-химиялық қасиеттері. Нысандарды бөлу кезінде мұнайдың қасиеттері үлкен мағынаға ие болады. Тұтқырлығы жоғары әртүрлі мұнай қабаттарын бір игеру нысанына 12 біріктіру орынсыз, себебі оларды жер қойнауынан әртүрлі орналасқан сызба мен ұңғыма торларының тығыздығы арқылы мұнай өндірудің әртүрлі технологияларымен игеру мүмкін болады. Парафиннің, көмірсутектің, көмірсудың қымбат компоненттерінің, т.б. пайдалы қазбалардың өндірістік құрамдардың кездесуі де қабаттарды біріктіріп игерудің мүмкін еместігінің себебі бола алады. - Көмірсутектердің фазалық жағдайы және қабат режимдері. Бір-біріне вертикаль жақын орналасқан және ұқсас геологиялық-физикалық қасиеттері бар әртүрлі қабаттарды қабат көмірсутектерінің әртүрлі фазалық жағдайы мен қабат режимдерінде бір нысанға біріктіру орынсыз болатын жағдайлар кездеседі. Егер бір қабатта айтарлықтай газ шапкасы кездессе, ал басқасы табиғи серпімді суарынды режимінде игеріліп жатса, оларды бір нысанға біріктіруге болмайды, себебі оларды игеруге ұңғымалардың әртүрлі орналасу сұлбасы мен саны, сонымен қатар мұнай мен газды өндірудің әртүрлі технологиялары қажет болады. - Мұнай кен орындарын игеру үдерісін басқарудың шарттары. Бір нысанға қаншалықты көп қабаттар мен қабатшалар қосылса, соншалықты мұнай бөлімдерінің жеке қабаттар мен қабатшаларда орын ауыстыруы мен оны қысатын агенттерді бақылау техникалық және технологиялық қиынға соғады (сулы-мұнайлы және газды- мұнайлы бөлімдер). Қабатшаларға жеке әсерлер мен олардан мұнай мен газды алу, қабаттар мен қабатшаларды игеру жылдамдығын өзгерту қиынға соғады. Кен орынды басқарудың қасиеттерінің нашарлауы мұнай бергіштіктің төмендеуіне әкеледі. - Ұңғымаларды пайдалану техникасы мен технологиясы. Нысандарды ерекшелеудің жеке нұсқаларының қолданылуының орнықтылығына немесе орнықсыздығына әкелетін техникалық және технологиялық себептер көп болуы мүмкін. Мысалы, игеру нысанына бөлінген қабатты немесе қабаттар тобын пайдаланатын ұңғымалардан қазіргі пайдаланатын құралдарға шекті болатын сұйықтың айтарлықтай мөлшердегі шығымын алу шамалы болған жағдайда. Сондықтан нысандарды ірілендіру техникалық себептерге байланысты бол- майды. Соңында келтірілген факторлардың әрқайсысының игеру нысандарына әсері алдымен техникалық және техникалық- экономикалық талдауларды жасап, содан кейін оларды бөлу туралы шешім қабылдауға негіз болады.

2.3 Игеру жүйесінің сипаттамасы және классификациясы
Мұнай кен орнының игеру жүйесінің анықтамасы, жалпы барлық кешен инженерлiк шешiмдерді қамтитын және оны жер қойнауларынан пайдалы қазбаларды өндіруге арналған тиімді құрастыруды қамтамасыз ету алдыңғы 13 1.1-бөлімде айтылған. Осы жүйенің анықтамасы - кен орындарын игерудің түрлі жүйелерінің сипаттамасына байланысты параметрлерінің көп мөл- шерлерін қолдану. Дегенмен мұнай кен орындарын игеру жүйелерін тәжiрибеде екi тән белгiлерге: 1) жер қойнауларынан мұнайды өндіру мақсатында қабатқа әсердің бо- луына немесе жоқтығына; 2) кен орындарда ұңғымалардың орналастырылуына байланысты танып біледі. Жоғарыда аталып өткен белгiлер бойынша кен орындарын игеру жүйесін классификациялайды. Игеру жүйесін сипаттайтын төрт негiзгi параметрлерді көрсетуге болады.
1. Sc ұңғымалар торлары тығыздығының параметрi бiр ұңғымаға келетiн мұнайлылық ауданына тең, ол айдау ұңғымасына, не өндіру ұңғымасына байланысты емес. Егер кен орнының мұнайлылық ауданы Sұңғ-ға тең болса, ал кен орындарындағы ұңғыма саны n болса, онда: Sc = Sn. (1.1) [Sұңғ]=м2 ұңғ. өлшемі.
Бiрқатар жағдайларда бір өндіру ұңғымаға келетін мұнайлылық ауданына тең параметрін қолданады
2. А.П.Крыловтың параметрі кен орындарындағы ұңғымалардың жалпы санының мұнай қорларының сандарының қатынасына тең: (1.2) =тоннаұңғ. параметрдiң өлшемi
3. ω параметрі, айдау ұңғымаларының санына өндіру ұңғыма- ларының санының қатынасына тең: ω = nм (1.3) nөнд ω параметрі мөлшерсіз.
4. параметрі қосымша (резервтегі) бұрғыланған кен орнындағы ұңғыманың негізгі қорындағы ұңғыма сандары жалпы ұңғыма сандарының қатынасына тең. Қосымша резервтегі ұңғымаларды қабат бөлшектерін игеру мақсатында, әлі бұрғыланбаған, қабаттағы мұнайдың физикалық қасиеттері мен оны құрайтын жыныстары, сонымен қатар бұрыннан белгісіз геологиялық құрылысының ерекшеліктерін (литологиялық біртексіздігі, тектоникалық бұзылымдар, мұнайдың ньютондық емес қасиеттері және т.б.) бұрғылауда пайдалану үдерістер нәтижесінде пайда болған игеруді қамтиды. Егер кен орнындағы негізгі қор ұңғымасының саны n құраса, ал резервтегі ұңғыма саны ω онда

Мұнай кен орындарын игеру жүйесінің ұңғымада орналасуы - геометрия көзқарасындағы ұңғыма батареяларының және қатарлар аралығының арасындағы орналасуы сияқты параметр қатарлары болады. Бұл параметрлер төменде қарастырылған.

1.4-сурет. Сулы және газ-мұнайлы бөлімдерінің есебімен ұңғымалардың орналасуы. 1 - мұнайлықтың сыртқы нұсқасы; 2 - мұнайлықтың ішкі нұсқасы; 3 - өндіретін ұңғымалар; 4 - газдылықтың сыртқы нұсқасы; 5 - газдылықтың ішікі нұсқасы.
Мұнай кен орындарындағы игеру жүйесінің жоғарыда көрсетілген екі белгілер бойынша классификациясын қолданады. Игеру жүйесі кезінде қабатқа әсердің болмауы. Егер негізгі кезеңде мұнай кен орны еріген газ режимінде игерілсе, оған байланысты сулы мұнай бөлімнің ауыстырылуы, демек, сыртқы сулардың әлсіз белсенділігі кезінде төрт нүктелі (1.2-сурет) немесе үш нүктелі (1.3-сурет) тордағы бірқалыпты дұрыс геометриялы ұңғымалар орналасуы пайдаланылады. Тура сол жағдайларда су-мұнайлы және газ-мұнайлы бөлімдерінің ауысуы күтіп отырған жағдайда, ұңғымаларды сол бөлімдердің есебімен ауыстырады (1.4-сурет).
Sұңғ ұңғыма тор тығыздығының параметрі қабаттың әсерінсіз игеру жүйеге байланысты кең ауқымда өзгере алады. Тұтқырлығы жоғары кен орындарды игеру жүйесі кезінде (тұтқырлығы мыңдаған 10-3 Па*с) 1 - 2·104 м2 ұңғ. құрайды. Мұнай кен орындары өткізгіштігі төмен коллекторларымен бірге Sc = 10 - 20·104 м2 ұңғ. Тұтқырлығы жоғары мұнай кен орындарын игеруі, сонымен бірге өткізгіштігі төмен коллекторларда көрсетілген қабат қалыңдығы бойынша экономикалық орынды болуы мүмкін, демек, А.П. Крыловтың параметрлері бойынша немесе игерілген қабаттар ұңғыма құны үшін болады.
Қарапайым коллекторларды игеру үшін Sc = 25 - 64·104 м2 ұңғ. Жоғары өнімді жарықшақты кен орындарды игеруде Sс мынаған тең болу мүмкін 70 - 100 · 104 м ұңғ.
Nkp параметрі кеңінен өзгеріп тұрады. Кейбір жағдайларда ұңғымада ол бір немесе бірнеше мыңдаған тонна мұнайға, не миллиондаған тонна мұнайға тең болуы мүмкін. Бірқалыпты ұңғыма торы үшін l орташа аралығы келесі формуламен есептеледі: 2 16 l=aSc 12. (1.5) мұндағы, l ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұңғымалар қоры күйі
Жаңажол кен орны жайлы
Мұнай және газ өндірісіндегі экологиялық проблемалар
Қаратобе кен орнының мұнай ұңғымалары
Қызылорда экологиялық ахуал
Октябрьск мұнай кен орны
Жаңажол кеніші мұнайы (айдау және пайдалану скважиналары)
Периодты газлифтілі ұңғыманың жабдығының көрсеткіштері
Құмкөл кен орнының игеру тарихы
Мұнай және газдың технологиясы
Пәндер