Уильям Шекспирдің «Афиналық Тимон» трагедиясын тақырыптық, мәселелік, мазмұны мен образы


Кіріспе:
Әлемдік әдебиеттің ұлы шеберлерінің бірі, классик, ақын, драматург Уильям Шексирдің шығармашылығында антикалық тақырып ерекше орын иеленеді. Бұл тарихи әдеби және қоғамдық жағдаймен байланысты болды, өйткені Шекспир өркендеу дәуірінің ірі әдебиет өкілдерінің бірі болып табылады. Ал Өркендеу дәуіріне келетін болсақ, оның өзі негізінен әдебиетпен, тарихпен, антикалық мәдениетпен тығыз байланысты.
Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Уильям Шекспир 1564 жылы 23 сәуірде Эйвон өзенінің бойындағы Стратфорд деген кішкентай қалада дүниеге келген. Оның әкесі айтарлықтай ауқатты қала тұрғыны еді (саудагер болған, қала мэры болып да сайланған) . Уильям Джон Шекспирдің үшінші баласы еді, одан басқа тағы жеті баласы болған. 7 жасында Уильям ең жақсы деп есептелетін грамматикалық мектепке барды (1571-1578), онда латын және көне грек тілдерін үйренді. Әкесінің кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай, 16-ға толар-толмас жасында жұмыс істеуге мәжбүр болады (ет сатушының шәкірті, ауылдық мектепте репетитор т. б. ) . 18 жасында Уильям Анна Хесуэй деген өзінен 8 жас үлкен фермердің қызына үйленеді.
XVI ғ. аяғында театр ағылшын халқының сүйікті өнері болды. Ол кезде Лондонда онға жуық театр болған. 1585-1612 ж. Шекспир Лондонда тұрды. Ол өзі жақсы көрген театрды төңіректейді: әуелі театрға келушілердің атын бағушы, соңынан актер, режиссер, драматург болады. Лондонға келген алғашқы күндерінен-ақ Шекспир студенттермен тығыз байланысты болды. Оның пьсалары алғаш рет студент-жастардың күшімен қойылды. Сол кезден бастап Уильям Шекспирдің барлық өмірі театрмен байланысты болды.
1593 ж. Шекспир Джеймс Бербедж басқарған ең жақсы труппаға кірді. Труппаның мүшелері 1599 ж. «Глобус» театрын салды. Бұл театрда Шекспирдің пьесалары жиі қойылды.
1612 ж. Шекспир туған қаласына қайтып оралады. Оның айналасында туғандары болады, бірақ сүйікті театры болмайды, ал театрсыз Шекспир өмір сүре алмады. 4 жылдан соң өзінің туған күнінде 23 сәуірде 52 жасында Шекспир қөз жұмды. Ол Стратфорд шіркеуінде жерленді.
Шекспир өз шығармашылығының алғашқы кезеңінен бастап - ақ антикалық тақырыпты кеңінен пайдалана бастады. Оның 1593 жылы жариялаған алғашқы туындылары - «Венера және Адонис», «Лукреция» поэмалары көне әлемнің тарихы және мифологиясымен тығыз байланысты болды. Осы туындылардың арасында екі үрдіс айқын көрінеді: шынайы тарих бойымен жүру немесе - жалған, қиял, аңыз. Көріністер жалған немесе шынайы тарихи ретінде баяндалады. Түрлі жанрлар келесі туындыларған тән болып табылады: олар - «Лукреция» және «Венера мен «Адонис» секілді поэмалар, «Қателіктер комедиясы» секілді комедия және «Антоний мен Клеопатра», «Троил мен Крессида», «Кориолан» трагедиялары. Шекспир трагедияларының қатарынан осы диплом жұмысы арналған «Афиналық Тимон» трагедиясын таба аламыз. Бұл трагедия Шекспирдің 1607 - 1608 жылдар аралығында жазған соңғы туындыларының бірі болып табылады. [3, 166б. ]
«Афиналық Тимон» - Шекспир пьесаларының ішіндегі кең оқырман мен көрермендерге де, тіпті сыншыларға да мейлінше аз таныс туындыларының бірі. «Гамлет», «Отелло» немесе «Лир патшасы» бәріне де мәлім: бірақ оларды білетіндердің көпшілігі Шекпспирдің бұл пьесасының мазмұны түгіл, оның атын да есіне түсіре алмайды. Бұл пьеса сахнада жиі қойыла бермейді. Бұнда махаббат шытырманы, махаббат пен қызғаныш жоқ, оның мазмұны - адамға деген сенімділік турасындағы философиялық мәселе. Бұл пьесаның кейіпкерінің жексұрын адам, адам жеккөруші деп жиі айтып жатады және бұдан басқа ол кейіпкердің бойынан ешбір қасиетін байқамайды. Бірақта, бұл пьеса Шекспирдің басқа да туындылары секілді күрделі әрі көлемді және оған ерекше мазмұн мен стилдік қасиеттер тән.
«Афиналық Тимон» трагедиясын Шекспир туындыларының ішінен ерекше атап көрсеткен орыс сыншысы В. Г. Белинский. Белинский ол туынды туралы мақала жазып, оның мазмұныны байлылығына тәнті болып, осы пьесаның ерекше жазылу түрін атап өтті. Ол бұл пьеса мен А. С. Пушкиннің «Цыганы» атты туындысының арасын теңдестіріп салыстырған болатын. Бұл туындылардың басты кейіпкерлерінің образдары мен өмірлік философияларынан ұқсастық тапқан. Сөзсіз, бұл пьеса тереңірек зерттеп білуге лайықты.
Шекспир туралы әдебиеттерді шолу . . .
Жоғарыда айтылып өткендей, «Афиналық Тимон» трагедиясы шекспиртанушылардың жұмысында сирек талданатын туындылардың бірі. В. Г. Белинскийдің мазмұнды талдауынан басқа, А. Аникстің «Шекспирдің шығармашылығы» (1963) атты кітабында осы туындыға арналған бөлімді, И. Дубашинскийдің, М. Морозовтың және басқалардың жұмыстарын атап өтуге болады. Бірақ, толығымен траегдия жеткіліксіз зерттелген және талдау құралы бола алады.
Диплом жұмысының мақсаты - Уильям Шекспирдің «Афиналық Тимон» трагедиясын тақырыптық, мәселелік, мазмұны мен образы, сонымен қатар стильдік мәселе тұрғысынан зерттеу. Ол үшін келесі міндеттерді шешу керек:
Диплом жұмысының міндеттері:
- өркендеу дәуірі мен оның әдебиетінің антикалық тақырыппен ХVII ғасыр гуманизмі негізі ретіндегі қарым - қатынасу мәселелерін қарастыру;
- шекспир шығармашылығындағы антикалық тақырыптың дамуын және оның шынай тарихи түрғыдан, сонымен қатар жалған кейіпкерлер мен жағдаяттар арқылы түсіндірілу ерешеліктерін бақылау;
- шекспирдің антикалық тақырыппен байланысты туындыларына қысқаша сипаттама беру;
- пьесаның жазылу тарихын, мазмұны мен кейіпкерлерін, сонымен қатар стилдік ерекшеліктерін зерттеу.
Диплом жұмысының нысаны - Уильям Шекспирдің «Афиналық Тимон» пьесасы.
Диплом жұмысының құралы - тақырыптама, мәселенама, пьесаның стилі мен түр сипаты.
Диплом жұмысының өзектілігі - ұлттық және әлемдік әдебиеттің ұлы шеберілерінің бірі ретінде Уильям Шекспирдің шығармашылығын зерттеудің маңыздылығымен анықталады.
Диплом жұмысының жаңалығы Шекспирдің осы туындысының аз зерттелуімен айқындалады, оны одан әрі тереңірек зерттеу қажет.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлім мен қорытындыдан тұрады.
Кіріспеде мәселе тарихына, Шекспир туралы әдебиеттерге қысқаша шолу жасалынады, диплом жұмысында қарастыру жоспарланған сұрақтар асы анықталады, тақырып дәйектемесі беріледі.
Диплом жұмысының бірінші бөлімінде өркендеу дәуірінің антикалық тақырыппен байланысына, Шекспир шығармашылығының дамуына және драматург үшін антикалық тақырыптың маңыздылығы мен рөліне сипаттама берілді. Антикалық тақырыпқа арналған туындыларға, соның ішінде екі поэма - «Қателіктер комедиясы» атты комедия мен «Троил мен Крессида», «Кориолан», «Антоний мен Клеопатра», «Тит Адроник» трагедияларына қысқаша шолу жасалынды.
Диплом жұмысының екінші бөлімінде «Афиналық Тимон» пьесасының ерекшеліктері қарастырылған. Оның тақырыптамасы, мәселенамасы, стилі мен түр сипаты, сонымен қатар пьесаның философиялық үндестігі және ондағы бейнелеу - суреттеу құралдары қарастырылды.
Қорытындыда зерттеу нәтижелері қорытындыланады және трагедияның стилі мен мазмұндық ерекшеліктері анықталады.
Бірінші бөлім. Уильям шекспир туындыларындағы көне тақырып
І. І. Көне және қайта өрлеу дәуірі. Көне тақырыптың өркендеуі.
Қайта өрлеу дәуірінің асыл идеясы лайықты жеке тұлға туралы ой болатын. Уақыт осы идеяны қасіретті сынға салды, Шекспирдің шығармашылығы осының куәсі болды. Соңына қарай онда дауыл дәйек ойы ұлғая түседі, өйткені тап дауылдағыдай бәрі шыр айналып, матасып, жоқ болды. Ұлылық пен пенделік оп-оңай орын ауыстыратын болды. Адам өзін өзі құтқару жолында король Лир сияқты кері айналып жаратылысқа қашты, лыпасы жоқ тыр жалаңаш өз рухында бұрын белгісіз болған ішкі болмысының қатпарларын, өзінің бір мезгілде Тәңірлік әрі тағылық қатыгез табиғатын ашу үшін үстіндегі киімін сыпырып тастайды. «Уақыт өз жолынан тайып кетті», бұрынғы тұтастықтың күл-талқаны шықты, өзінің батырлығымен емес, алайда Шекспир драматургиясында алғаш рет және мәңгі-бақи сақталған бұған дейін ешқашан болып көрмеген сан алуандығымен таң қалдырған көптеген тұлғалар алмасып жатты. 1603 жылы жаңа король лорд-камергер актерлерінің труппасын өзінің аса мәртебелі қамқорлығына алған патентке қол қояды. Бұдан былай олар «аса жоғары мәртебелі корольдің қызметшілері» аталатын болды. 1606 жылдан кейін 1613 жылы оның туған Стратфордына көшіп кетуімен аяқталатын Шекспир шығармашылығының соңғы кезеңі басталады. Осы уақытта ежелгі антикалық сюжеттерге құрылған трагедиялары өмірге келеді («Антоний мен Клеопатра», «Кориолан», «Тимон Афинский», 1607-08) . Оның ізінше кейінгі «романтикалық» пьесалары жарық көрді, олардың қатарында «Қысқы ертегі» және «Дауыл» (1610-12) бар. [8. 12-25б]
Драматургтің соншалықты сәтті мансабының кенеттен үзілуінің және астанадан кетуінің себебі, тегінде, сырқатқа шалдығумен байланысты болған сияқты. 1616 жылы наурызда Шекспир, кейіннен оның жеке басы мен авторлығына байланысты көптеген күмандарға жол ашқан және «Шекспир мәселесі» деп аталуына себеп болған өсиет жазып оған қол қояды. Шекспир өзінің туған күні - 23 сәуірде қайтыс болды деп саналады. Екі күн өткен соң Стратфордтың шетіндегі Қасиетті Үштік шіркеуінің михрабында жерленген, тіркеу кітабында осы туралы жазба бар. [3. 28 б]
Шекспирдің биографтары үшін оның өсиеті күйзеліс пен күдіктің көзіне айналды. Онда үйлер мен мүліктер туралы, достарына ескерткішке арналған сақиналар туралы айтылған, кітаптар туралы, қолжазбалар туралы бір ауыз сөз жоқ. Өмірден озған ұлы жазушы емес кәдімгі көптің бірі сияқты. Өсиет «шекспир мәселесі» дегенді көтеруге бірінші себеп болды: Стратфордтан шыққан Уильям Шекспир оның атымен жазылғанын біз білетін шығармалардың авторы болған ба?
Міне, жүз жыл бойы теріс жауап беретіндер қатары да аз емес: болған жоқ, болуы мүмкін емес, өйткені білімі жоқ, саяхатқа шықпаған, университетте оқымаған. Стратфордтықтар (дәстүрлі нұсқаның жақтастары) жене стратфордтықтарға қарсылар көптеген ақылға қонымды дәлелдер келтірді. «Шекспирге» лайықты жиырмадан астам кандидаттар ұсынылды. Барынша танымал үміткерлердің арасында философ Фрэнсис Бэкон және драма өнерін түрлендіру ісіндегі Шекспирдің ізашары, «университет ақыл-ойының» ішіндегі аса ұлысы Кристофер Марло бар. Алайда негізінен атақты тұлғалардың арасынан іздестірілді: графтар Дерби, Оксфорд, Рэтленд аталды, соңғысының құқығына Ресей де қолдау білдірді. Оның өзіне ғана тән білім, қоғам мен сарай маңындағы жағдайы ғана емес, пьесаларда бар өмірді кеңінен шолуға жол ашатын саяхаттау мүмкіндігіне де сүйенді. Сол кездегі көзқарас бойынша драматург кәсібі ар-намысына дақ салуы мүмкін болғандықтан олардың өздерінің шын аттарын жасыруға себептері де болуы мүмкін еді.
Алайда, басты дәлел Шекспирдің пайдасына шешіліп тұр: көзінің тірі кезінде оның аты-жөні ондаған жеке пьесалық басылымдарда, поэмаларда, сонеттер жинағында жарияланды. Шекспир туралы осы шығармалардың авторы ретінде айтылды (аты аталған сайын әрдайым тағы да басқа туралы емес Стратфордтың тумасы туралы әңгіме болып отырғандығы туралы нақтылау қажетпе еді?) . Шекспир қайтыс болғаннан кейін іле-шала оның екі актер досы шығармаларын жариялады, ал олардың ішінде Шекспирдің ұлы замандастарының бірі, оның досы Бен Джонсон бар төрт ақын оның даңқын жырға қосты. Бірден ешқандай жоққа шығару және айыптаулар болған жоқ. Замандастары мен ұрпақтардың ешқайсысы 18 ғасырдың аяғына дейін Шекспирдің авторлығына күман келтірген емес. Ондаған адамдарға белгілі болуы тиіс құпияны соншалықты қатаң сақталды дегенге сенуге бола ма?[1. 20-36б]
Ал енді келесі буынның драматургі, театр жұмыстары мен өсек-аяңнан жақсы хабары бар Уильям Давенанттың, оның айтуы бойынша сонеттердегі «Қараторы әйел» оның анасы, ал оның өзі Стратфорда-он-Эйвоннан шыққан Шекспирдің туған ұлымын деген өзі ойлап тапқан аңызды қалай түсіндіруге болады? Осында мақтанарлықтай не бар?
Әрине, әлбетте Шекспирдің құпиясы бар, алайда бұл өмірбаяндық жұмбақ емес, ол романтик-ақын Джон Китс Шекспирдің «келеңсіз қабілеті» деп атағандармен ілесе жүретін оның ақындық түйсікпен бәрін көре білу және өзінің бар екендігін бүркей білген данышпанның құпиясы. Шекспирдің құпиясы жеке тұлғаның алғаш рет атаусыз болмысты жарып шыққан жеке адам мен уақыт еншісіндегі бірегей құпия, ал ғасырлардан оза жаңа дәуірдің портреттік галереясын жасаған ұлы драматург бір ғана бет-бейнені - өзінің тұлғасын ғана жасырып қалған.
Шекспир ұлттық мәдениет пен ағылшын тілінің қалыптасу үдерісін аяқтайды; оның шығармашылығы еуропалық Қайта өрлеу дәуірінің қасіретті қорытындысын шығарады. Кейінгі буынның жадында Жаңа уақыттың бастауында оның адами тұрпаттары мен өмірдегі оқиғалар галереясын жасаған бәрін қамтыған алып данышпан ретінде Шекспирдің бейнесі қалыптасты. Шекспирдің пьесалары күні бүгінге дейін әлемдік театр репертуарының негізін құрайды. Олардың көпшілігі әлденеше рет кино мен теледидар үшін экранға шығарылды. [4. 5-14 б]
Қайта өрлеу дәуіріндегі театрдың толық гүлденіп өсуі
Шекспир шығармашылығымен байланысты болды. Осы тұста Ұлыбританияда К. Марлоның, Б. Джонсонның және т. б. драматургтердің шығармашылығы шырқау биікке көтерілді. 1576 жылы Лондонда тұңғыш театр ғимараты "Театр", бертін келе "Глобус" (1599), "Фортуна" (1600) салынды. Олар Лондонның шетінде, Темзаның оңтүстік жағалауында орналасқан. Бұл төбесі ашық төртбұрышты, дөңгелек, тіпті сегіз қырлы да ("Глобус" сияқты) ғимараттар болып келді. Ғимараттың үстінде спектакль кезінде ту көтерген кішкентай мұнара болды. Спектакльдерге 1500-2000 көрермен жиналып, ойын-сауықты тік тұрып тамашалайтын болған. Сахна үшке бөлінетін: алдыңгы - просцениум; үсті қамыспен жабылып, екі жақтан бағаналармен бөлінген - артқы; балкон төрінде бейнеленген - үстіңгі; сахна кілем және төсеніштермен безендірілген, ал жоғарыда үлкен мата ілінетін: трагедияларда - қара түсті, комедияларда - көгілдір. Сахнада декорациялар өте аз болған. Көріністің қай жерде болып жатқаны кішкентай детальмен белгіленетін. Сахнада ағаш тұрса, көрініс тоғайда; тақ тұрса, сарайда өтіп жатыр деп есептелетін. Актерлердің костюмдері өте бай әрі әдемі болып келеді, бірақ олардан тарихи немесе ұлттық ерекшеліктерді табу өте қиын болды. Труппаныңқұрамында бар-жоғы 8-12 адам болған. Кейде әр актерге спектакль кезінде екі-үш рөлді бірден орындауға тура келген. Әдемі бойжеткендер рөлін нәзік жас жігіттер ойнаған. Ірі трагедия актерлері - К. Марло пьесаларында ойнаған Эдуард Аллейн және Гамлет, Макбет, Лир мен Отелло рөлдерін орындаған Ричард Бербедж болды. Комедиялық рөлдерді Ричард Тарлтон мен Уильям Кэмп ойнады. [17. 42-44б]
Глобус" театры "Глобус" - Лондонда 1599-1644 жылдары жұмыс істеген театр. Ғимараттың алдында рим жазушысы Петронийдің "Бүкіл әлем ойнайды" деген сөзі жазылған, Жерді иығына көтерген Геркулестің мүсіні тұрғандықтан театр "Глобус" атанды. Онда 1642 жылға дейін театрдың бас актері, трагик Ричард Бербедж (1567-1619) жетекшілік еткен "Лорд Камергердің қызметшілері" труппасы қызмет етті. Кейіннен труппаға Бербеджбен бірге Уильям Шекспир де басшылық жасады. "Глобуста" Шекспир және Қайта өрлеу дәуірінің басқа да драматургтері туындыларының қойылуы, бұл театрды елдің мәдени өмірінің ең басты орталықтарының біріне айналдырды.
Қайта өрлеу дәуіріндегі У. Шекспир, М. Сервантес, Лопе де Вега, П. Кальдерон секілді, т. б. ұлы драматургтер пьесаларында тарих мәселесі өткір әлеуметтік және саяси талас-тартыстар үстінде ашылды. Олар өздерінің өмірлік мақсат-мұратын орындауға ұмтылған, ойлау мен әрекет жасау қабілеті жойқын, кесек мінезді ерен жандардың бейнесін алдыңғы қатарға шығарды. Жоғары адамгершілік пен қаһармандық, өмірге деген философиялық көзқарас, поэтикалық сезім, қайырымдылық пен зұлымдықтыңымырасыз кереғарлығы, арлылықтан арсыздыққа, трагедиялықтан комедиялылыққа табиғи түрде ауысып отырушылық, т. б. Қайта өрлеу дәуірі драмасының ерекшелігін айқындады және оның барлығы сол дәуірдегі сахналық мәдениеттің де ерекшеліктерін қалыптастырды. Драматургияның халықтығы, театрдың да халықтық сипатын айқындады. Спектакльдерді қою өнері жөнінен театр, алаң ойын-сауығына тән қарапайымдылық пен шарттылық тәсілдерін ұстанды. Бірақ Қайта өрлеу дәуіріндегі реализмтенденциясының ықпалымен актер өнері ішкі куатқа, қызуқандылық пен эпикалық көшке толы болды. Сондай-ақ адамзат болмысының психологиялық мінез қайшылықтарын, жеке адамның рухани жан дүниесін тереңірек ашуға ден қойды. Негізінен, актерлерді тәрбиелеп, үйретуге бағытталған авторлық режиссура кең өріс алды. Драмалық әрекетте музыка, ән мен би табиғи үйлесім тапты. Еуропа елдерінде кезбе актерлер труппасынан басқа, театр антрепренерлері басқарған жекеменшік немесе актерлер жолдастығы типіндегі тұрақты кәсіпорындар (мысалы, Лондондағы "Глобус" театры) пайда бола бастады. Көптеген сарай театрлары ұйымдастырылды.
Шамамен төрт ғасыр бұрын жазылған Шекспирдің трагедиялары, тарихи шежірелері мен комедиялары әлі күнге дейін көрермендер мен оқушы қауымды тебірентпей қоймайды. Ең озық әлем театрлары мен танымал актерлер Шекспир спектаклін қоюды және онда ойнауды бақыт, құрмет деп есептейді. Ұлы драматургтің өмірі туралы деректер өте аз. Шекспир өзінің ойларын жазып, күнделік жүргізбеген. Оның замандастарымен жазысқан хаттары да, тіпті пьесаларының қолжазбасы да сақталмаған. Бізге дейін оның өмірі жайлы бір-екі дерек бар бірнеше құжат қана жеткен. [29. 8б]
1. 2. Уильям Шекспир шығармаларының дамуы: оның эстетикасы және көркемдік қағидаттары. Оның шығармаларындағы көне материал ролі.
Шекспир шығармашылығы үш кезеңге бөлінеді.
Шекспир шығармашылығының бірінші кезеңі 1590-1600 жж. қамтиды. Оның алғашқы шығармалары 90-шы жж. басында жазылған: драмалық хроникалар, комедиялар және екі поэма «Венера мен Адонис» (1593), «Лукреция» (1594) . Бұл екі поэманы Шекспир граф Саутгемптонға арнаған. Осы жылдары аралығындағы пьесалары оптимистік сарында болып келеді. Комедияларында адамдардың бақытқа ұмтылу жолындағы кездесетін қиындықтармен күресі суреттеледі, жаңа дендеп келе жатқан буржуазиялық қатынастар әшкереленеді («Қателіктер комедиясы» - қойылуы 1594 ж., басылуы 1623 ж. ; «Асауға тұсау» - қойылуы және басылуы 1594 ж. т. б. І кезеңдегі пьесаларында Шекспир адамның және оның тұрған жерінің сұлулығын, өмірдің қарапайым қуаныштарын мадақтайды. Драматург орта ғасырлық жазушыларда бұрын болмаған сұлулықтың жаңа, гуманистік идеалын жасады, сондықтан оның шығарған образдары айқын және көп-кырлы. [23. 20-26б]
Шекспир комедиялары мен драмаларының әрекеті әр түрлі елдерде болады, бірақ олар қай жерде өтсе де, барлығында Англияның рухы сезіледі. Драматург өткен ғасырды суреттесе де, оның жасаған кейіпкерлері Қайта өрлеу дәуірінің өкілдері болып көрінеді.
Шекспирдің саяси көзқарасы пьеса-хроникаларында айқын көрінеді. «Генрих VI» (3 бөлімнің басылуы 1594-1623), «Ричард III» қойылуы басылуы т. б. пьеса хроникаларының негізгі идеясы - мемлекеттік бірліктің қажеттігі, феодалдық анархияны жою. Шекспир пьесаларында дүние жүзінде алғаш рет драматургия саяси күресті мифтік емес, реалистік әдіспен бейнеледі. Ол шығармаларына феодалдық қоғамның барлық өкілдерін, сондай-ақ демократиялық пікірдегілерді де қатыстырды. Алайда Шекспир өз дәуіріндегі гуманистердің күмәншылдығынан асып кете алмай, халықтың өз тағдырын және мемлекет мәселесін өзі басқара алатындығына сеніңкіремей қарады.
Шекспир шығармашылығының екінші кезеңі (1601-1608) Англия өміріндегі қоғамдық-саяси өзгерістермен тұтас келді. Бұл кезде корольдық үкімет реакциялық күштердің тірегіне айналды да, капиталдың әуелгі шоғырлану процесі халықтың жағдайын әлсірете түсті. Осы жағдайлар Шекспир шығармаларында трагедиялық сарынның молаюына себепкер болды. Бұл жылдары ол бірқатар әлеуметтік- философиялық пьесалар жазды: «Гамлет» (1602), «Отелло» (1604), «Король Лир» (1606), «Макбет» (1606), «Антоний мен Клеопатра» (1607), «Афиналық Тимон» (1608), «Кориолан» (1608) т. б. Шекспир шығармашылығының желісі - қоғамның жаңаруын көрсету, қоғамдық зұлматтықтар мен адамды аздырар, өмірді сүреңсіз көрсетер діни сенімдерді әжуалау. Шекспир туындылары шындыққа қалтқысыз сенуді, өмірді сүюді уағыздайды.
Шекспир шығармашылығының үшінші кезеңі (1609-1612) бұрынғысынша зұлымдық пен адамгершіліктің күресін арқау ете отырып, тартысты көбіне ұнамды қасиеттің иесіне моральдық және реальдық жеңдіру арқылы шешеді. Бұл кезеңге «Перикл» (1609), «Цимбелин» «Қысқы ертегі» шығармалары жатады. Бұл трагикомедиялар - мазмұны драмалық болса да, соңынан жақсы аяқталатын пьесалар. [25. 54б]
Шекспир шығармашылығы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz