XIXғасырдың басындағы Америка әдебиетінің реалист жазушысы Эдгар Аллан По



Кіріспе
I Тарау.XIXғасырдың басындағы Америка әдебиетінің реалист жазушысы Эдгар Аллан Поның өмірі
1.1 Зейiндi шәкiрт
1.2 Кедейлiк пен қызғаныштың құрбаны

II Тарау.XIXғасырдың басындағы Америка әдебиетінің реалист жазушысы Эдгар Аллан Поның шығармашылығы
2.1 Шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
2.2 Эдгар Аллан По туралы қызықты деректер
ҚОРТЫНДЫ
Пайдаланыған әдебиеттер
Эдгар Аллан По XIX ғ/ғы американ әдебиетінің көрнекті әлемге танымал белді өкілдерінің бірі.
XIXғ/ң алғашқы жартысында –ақ қысқа әңгіме жанр американ әдебиетінде толық қанды танымал бола бастаған. Эдгар Аллан По осы жанрдың зергер шебері оның қаламынан туған шығармалар әлі күнге дейін өз құндылығын жойған емес. Оның шығармашылығы еуропа әдебиетіне, соның ішінде Француз поэзиясынада үлкен әсер етті. Ол сим волизмнің бас ты өкілі болып табылады. Эдгар Аллан По ұлы жазушының шебер қаламы тудырған дүниенің табиғатына терең бойлау әрі қызық, әрі күрделі. Кезінде Б.Шоу Америка туғызған екі алыптың бір деп бағалаған .Эдгар Аллан По 1809 жылғы 19 қаңтарда Бостон қаласында актерлер отбасында дүниеге келді.
Шыққан тегі Ирландық оның әкесі Давит По ертеректе айрылып кетеді де болашақ жазушының шешесі, тегі ағылшын, Елизабет Арнольд По үймемелі– сүйемелі үш жасбаламен жесір қалады. Бірақ оның да өмірі қысқа болды. 1811 жылдың аяғында Ричмондта гасторлде жүрген кезіндеауырып 24 жасында дүние салды.
1. Энциклопедия литературы и художества Беларуси: В 5-ти т. т.4. // Редкол.: И.П. Шамякин (гл. ред. ) и др. - Мн.: Бел СЭ, 1986. - 742с., илл., 40 л. илл.). бет. 296.
2 . Американская романтическая повесть / На английском языке. Составитель сборника и автор предисловия Ю. В. Ковалев. 273 стр. Издательство Москва «Прогресс», 1978) бет, 5.
3 . Большая Советская Энциклопедия (В 30 томах). Гл. ред. А. М. Прохоров. Изд3 - е. М., «Советская Энциклопедия». 1975. Т. 22 Ремень-Сафи. 1975. 628 с. С илл., 33 илл., 4 л. карт.) бет. 196-197
4. Все произведения школьной программы в кратком изложении. Зарубежная литература /Авт. - сост. Б.А. Гиленсон, Н.Т. Пасхарьян. - М.: Олимп; ООО «Издательство АСТ - ЛТД», 1997. - 624 с.) бет. 436-437)
5. Carlson E. (Ed.). The recognition of E. А. Рое. Ann Arbor, Mich., 1966, p.90
6. Райнов Б. Указ. соч., с. 32
7 . Финн Э. Возвышение и падение Видока. -- «Неделя», 1974, 43, с.21
8. Quinn A.H. Edgar Allan Рое. A critical biography. N.Y., 1969, page 310
9. Райнов Б. Указ. соч., с. 31 .
10. Daniel R. Poe's detective god. In: Poe's tales. N-J., 1971, p. 103--110
11. Carlson E. (Ed.). The recognition of E.А. Рое. Ann Arbor, Mich., 1966 p. 86
12. По Э. Рассказы: Для ст. шк. Возраста / Худож. А.М. Демарин. - Мн.: Полымя, 1997. - 366 с., (Школьная библиотека). бет. 9
13. По Э. Рассказы: Для ст. шк. Возраста / Худож. А.М. Демарин. - Мн.: Полымя, 1997. - 366 с., (Школьная библиотека). бет. 11
14. Предисловие. Н. Анастасьев. Эдгар По и его зассказы, стр.4 / Эдгар По. Рассказы. - М.: Правда, 1982
15. Детская энциклопедия. Для среднего и старшего возраста. В 12 томах. Изд. 3 Том 11 Язык и литература 480 с. С ил. и карт. стр. 383 Под редакцией Артоболевский И.И., Ванников А. Г., Благой Д.Д., Брусничкина Р.Д., Буцкус П.Ф. и др. Издательство «Педагогика» Москва 1976 г.
16. Э.А. По. Рассказы / Пер. с англ. - ООО «Издательство “Кристалл”», 2000. - 1088 с., с илл. бет. 382.
17. Э.А. По. Рассказы / Пер. с англ. - СПб.: ООО «Издательство “Кристалл”», 2000. - 1088 с., с илл. ст

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
XIXғасырдың басындағы Америка әдебиетінің реалист жазушысы Эдгар Аллан По
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
I Тарау.XIXғасырдың басындағы Америка әдебиетінің реалист жазушысы Эдгар Аллан Поның өмірі
1.1 Зейiндi шәкiрт
1.2Кедейлiк пен қызғаныштың құрбаны

II Тарау.XIXғасырдың басындағы Америка әдебиетінің реалист жазушысы Эдгар Аллан Поның шығармашылығы
2.1Шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
2.2Эдгар Аллан По туралы қызықты деректер
ҚОРТЫНДЫ
Пайдаланыған әдебиеттер

Кіріспе:
Эдгар Аллан По XIX ғғы американ әдебиетінің көрнекті әлемге танымал белді өкілдерінің бірі.
XIXғң алғашқы жартысында - ақ қысқа әңгіме жанр американ әдебиетінде толық қанды танымал бола бастаған. Эдгар Аллан По осы жанрдың зергер шебері оның қаламынан туған шығармалар әлі күнге дейін өз құндылығын жойған емес. Оның шығармашылығы еуропа әдебиетіне, соның ішінде Француз поэзиясынада үлкен әсер етті. Ол сим волизмнің бас ты өкілі болып табылады. Эдгар Аллан По ұлы жазушының шебер қаламы тудырған дүниенің табиғатына терең бойлау әрі қызық, әрі күрделі. Кезінде Б.Шоу Америка туғызған екі алыптың бір деп бағалаған .Эдгар Аллан По 1809 жылғы 19 қаңтарда Бостон қаласында актерлер отбасында дүниеге келді.
Шыққан тегі Ирландық оның әкесі Давит По ертеректе айрылып кетеді де болашақ жазушының шешесі, тегі ағылшын, Елизабет Арнольд По үймемелі - сүйемелі үш жасбаламен жесір қалады. Бірақ оның да өмірі қысқа болды. 1811 жылдың аяғында Ричмондта гасторлде жүрген кезіндеауырып 24 жасында дүние салды.
Бұл үйде Эдгардың бiлiм алуына да кең мүмкiндiк жасалды. 1815 жылы Алландар отбасы Англияға көшкенде, бiздiң кейiпкерiмiз Лондонның беделдi пансионаттарының бiрiнен дәрiс алды. 1820 жылы Отандарына оралып, Ричмондқа қоныстанғанда, Джозеф Кларк жетекшiлiк ететiн Ағылшын классикалық мектебiнен дәрiс алды.
XIXғасырдың басындағы Америка әдебиетінің реалист жазушысы Эдгар Аллан По
Курстық жұмыстың мақсаты: XIXғасырдың басындағы Америка әдебиетінің реалист жазушысы Эдгар Аллан Поның өмірі мен шығармаларының көркемдік ерекшеліктері туралы мәлімет беру.
Курстық жұмыстың жаңалығы:Шығармаларының көркемдік ерекшеліктері ,Эдгар Аллан По туралы қызықты деректер

I Тарау.XXғасырдың басындағы Америка әдебиетінің реалист жазушысы Эдгар Аллан Поның өмірі
1.1Зейiндi шәкiрт
Эдгар Аллан По (1809-1849) ғажайып талант пен ащы тағдырдың иесi болды. Бiр жасында әке, үш жасында анадан айырылса, болашақ классиктiң сана-сезiмi күнәдан пәк сәби кезiнде-ақ өмiрдiң аяусыз, қатал сiлiкпесiне түскендiгi емей немене?!
Жетiм баланы дәулеттi саудагер Джон Аллан асырап алды. Эдгардың балалық шағы баршылықта өттi деуге болады. Болашақ қаламгер өгей шешесi мен оның сiңлiсiнiң мейiрiмiне бөленiп өстi. Өзiнiң жеке серуенге мiнетiн аты, атқосшысы, итi болды. Дегенмен, әйелi мен балдызына қара - - ғанда Джон Аллан сараңдау, тоңқ етпесi көп кiсi едi. Тәкәппар, кiрпияз Эдгарға өзiнiң есебiнен күн көрiп жатқанын сәтi түссе ескертiп отыратын әдетi де бар-ды. Осыдан бо - - лар, Эдгардың өкiл әкесiне өмiр бойы жүрегi жылымай өттi.
Бұл үйде Эдгардың бiлiм алуына да кең мүмкiндiк жасалды. 1815 жылы Алландар отбасы Англияға көшкенде, бiздiң кейiпкерiмiз Лондонның беделдi пансионаттарының бiрiнен дәрiс алды. 1820 жылы Отандарына оралып, Ричмондқа қоныстанғанда, Джозеф Кларк жетекшiлiк ететiн Ағылшын классикалық мектебiнен дәрiс алды.
Мектеп пәндерiн игеру бала Эдгарға қиындыққа түскен жоқ. Әдебиеттi, әсiресе, ағылшын әдебиетiн құныға оқыды. Математика, тарих пен биология, табиғаттану, физика мен астрономия да Эдгар қабiлетiнiң жүйрiктiгiн көрсететiн сабақтар болатын. Оның ғылымның әрқилы салаларына деген қызығушылығы ғұмыр бойы саябырсыған жоқ. Нәтижесi әңгiме, новеллаларында жиi көрiнiс тауып отырды. Табиғат шәкiрт балаға зеректiк ғана емес, денсаулықтан да сараңдық танытпапты. Бала Эдгар сыныптас достарының тәлiмдiлiктен гөрi тентектiктiгi басым iс-әрекеттерiне жиi қатысатын.
Мектепте ағылшын әдебиетiн оқытудың жақсы жолға қойылғандығы Эдгардың шығармашылық дарынының ерте ашылуына септiгiн тигiздi (10-11 жасында өлең жаза бастаған). 13-14 жасында-ақ оның ақындық iзденiстерi бiршама кемелденiп қалған-ды. Бұл кездердегi оның өлең кейiпкерлерi, негiзiнен, Ричмондтың белгiлi сұлулары болды. Поэзиямен қатты әуестенуi Эдгардың өз қатарластарынан бiршама бөлектенуiне әкелiп соққан. Құрбыларының бұның мiнезi мен iс-әрекетiнен қызық, тосын жайттарды аңғара бастағаны да осы тұстар. Бала ақынның басы қиял-ғажайып жоспарлардан да кенде емес-тi. Ол өзiне және өзгелерге психологиялық эксперименттер жүргiзуге құмар едi және бұл бағыттағы iзденiстерi де сәтсiз болмағандығы анық. Қысқасы, қас жазушыға тән қасиеттер Эдгардың бойында бала кезден-ақ қалыптаса бастады десек жаңылыспаймыз.
По Джозеф Кларктың мектебiнен басқа мектепке ауысып, онда екi жыл оқыған соң, Шарлотсвилльдегi Виргиния университетiне түстi. Бiрақ, онда көп тұрақтай алмай, Ричмондқа қайта оралуға мәжбүр болды. Оның жедел оралуының себептерi белгiсiз, дегенмен 1827 жылғы ақпан айының түндерiнiң бiрiнде өкiл әкесi екеуiнiң арасында жайсыз әңгiме болғандығы анық. Шамасы, университетте Эдгар карта ойнаумен қатты әуестенiп, қайтара алмайтындай болып қарызға белшесiнен батса керек. Өкiл әкесi әңгiме үстiнде жеңiлтек бозбаланың бар борышын өтейтiндiгiн, бiрақ бұл үшiн ендiгi жерде Эдгар бұның талаптарына сөзсiз бағынуы тиiстiгiн айтады. Бұндай шартқа көне алмайтындығын аңғартқан тәкәппар ақын өзi тәрбиеленген бай үйдi тастап кетуге мәжбүр болады.
Кезбенiң күрең күндерi
Ендi оның тағдырының кезбелiк тұсы басталады. Бостонға келген ол мұнда өз қаржысына Темiрлан және өзге де өлеңдер жыр жинағын шығарған. Талапкердiң сорына, жинақ ешқандай сұранысқа ие болмады. Қалтасы бос қалған жiгiт ендi әке-шешесiнiң жолын қуып, (марқұм әке-шешесi актерлар болатын) театрға қызметке тұруға құлшынады. Бұл қадамы да сәтсiз аяқталған соң, жас шамасын, аты-жөнiн өзгертiп, армияға ерiктi болып сұранған. Мұнда, ол бейнебiр әскери өмiрге жаратылғандай, аз уақыт iшiнде сатылап өсiп, кiшi командир дәрежесiне дейiн көтерiледi. Әйтсе де үш жылдық әскери қызмет босқа уақыт өткiзу екендiгi есiне түскенде жүрегi жылап қоя беретiн жiгiт өкiл әкесiне ақталу, бiр жағы кешiрiм сұрау хатын жазады. Өмiрiмнiң ең әдемi жылдары текке өтуде деп шағынады. Ол бұл жерде әскери қызметтiң әдебиетпен тiкелей шұғылдануға кедергi келтiретiнiн меңзеген болатын. Джон Алланнан хатына жауап келмегесiн мүсәпiрлiк мазмұндағы екiншi хатты және жазуға мәжбүр болды. Бiрақ бұл хат та өкiл әкесiнiң тас жүрегiне әсер ете қоймайды. Кенет оған қайғылы оқиға көмекке келген-дi. Аллан ханым қайтыс болады да, Эдгар оның жерлеуiне Ричмондқа асығады. Қамқоршысы көз жасы көл-көсiр бiрбеткей жiгiттiң армиядан босануына қол ұшын берiп, орнына басқа ерiктiнi жалдауға кететiн шығынның бәрiн көтерiп алады. Бостандық алған, поэзияға қайта оралған Эдгар 1828 жылдың желтоқсанында Әл Аараф. Темiрлан және ұсақ өлеңдер атты екiншi жыр жинағын шығарады.
Бұл кездерi Эдгар өзiнiң ақын екендiгiн, бұл бағыттағы iзденiс-мұраттың иығына қаншалықты ауыр жүк артатындығын жақсы сезiнген. Ол өлең жазу машығын жетiлдiру мақсатында үздiксiз жұмыс iстейдi және жан-жақты жүйелi бiлiм алуда кеткен олқылықтардың орнын толтыру үшiн тарих, пәлсафа, эстетика және табиғаттану салалары бойынша арнаулы кiтаптарды оқуға кiрiседi. Оның Виргинияның белгiлi әдебиетшiлерi һәм журналистерiмен танысатыны да осы кез.
Бiрақ өкiл әке ақын жiгiттiң қалайда жоғары бiлiм алуын талап еттi. Амалсыз Вест-Лойнт әскери академиясына оқуға түскен ақын жiгiт, мәжбүрлеуге көне алмай, бұл оқу орнын да әскери тәртiптi бұзу арқылы тастап кетедi. Өйткенi әдебиет пен қатаң уставқа телiнiп қойған әскери өмiр еш сиыспайтын.
Ендi ақын жiгiт Нью-Йоркте төбе көрсетедi. Мұнда Өлеңдер жыр жинағы дүниеге келедi. Бiрақ күнкөрiске қаражаты жоқ жiгiт Балтиморға қайтуға мәжбүр болған. Бұл қалада анасы жағынан тәтесi болып келетiн Марии Клемм тұратын. Ақыры соның үйiне келiп баспаналаған. Кедейшiлiктiң құрсауына түскен По семьясының өзге өкiлдерi де осында жиналған болып шықты. Эдгардың ағасы Вильям көкiрек ауруынан осы үйде қайтыс болды. Дегенмен, Балтиморда өткен төрт жылды По шығармашылығындағы сәттi белес деп айтуға әбден болады. Жазған дүнелерi қомақты болмаса да, шығармашылық iзденiстегi қол жеткiзген табыстары ауыз толтырарлық. Сол кездiң белгiлi жазушысы Джон Кеннеди Эдгардың талантын тап басып танып, оған қамқорлық қол ұшын созса, 1832 жылы жергiлiктi журнал өткiзген бәйгеде Поның Шиша iшiндегi қолжазба әңгiмесi бас жүлденi жеңiп алуы оның өзiне деген сенiмiн арттырып, әдебиетшi боламын деген талабын нықтай түстi.

1.2Кедейлiк пен қызғаныштың құрбаны
1835 жылдың жазында Балтимордан Ричмондқа қоныс аударған По редакторы Томас Уайт болып табылатын Оңтүстiк әдебиет жаршысы журналына редактордың көмекшiсi болып жұмысқа тұрады. Поның қабiлет-қарымын байқаған Уайт көп ұзамай редакцияның бүкiл жұмысын оның иығына артқан. Хат өңдеу, қолжазбалармен жұмыс iстеу, рецензиялар жазу... журналдың көлемдi бөлiгiн алатын осы мiндеттердiң бәрi Поның беделiн көтергенiмен, бiрақ мардымсыз қаламақыға iстелiнетiн шаруалар едi. Ұзамай журнал таралымы да көбейдi. Ал Поның пiкiрiне белгiлi қаламгерлердiң өзi құлақ асатын болған. Дегенмен, мазасыз журнал жұмысы әдебиетпен алаңсыз шұғылдануға уақыт қалдыра бермейтiн. Әйте де 30-жылдардың орта тұсында Поның материалдық жағдайы бiршама бiрқалыпты ырғаққа түседi де, ал әдеби шығармашылығы жоспарлы, мақсатты кейiп ала бастайды. Асылы, Поға алдымен бедел алып келген әдебиетшiлiгi емес, журналистiгi едi деп айтқан дұрысырақ болар.
По кейiнiректе журналистикаға бiрнеше рет оралды. Ол барған басылымдардың бәрi гүлденiп қоя беретiн. Жентельмен журналы, Грим журналы (соңғысының таралымы ол редакторлық еткен жылдары 40 мыңға жеттi), Ақшам айнасы газетi... әйгiлi Алтын қоңыз кiтабының авторы жұмыс iстеген басылымдардың бiрқатары осылар. Рас, журналистiк қызметтiң де өз игi жақтары болды. Төл шығармаларын бастыруға, аз-маз болса да қаламақы табуға мүмкiндiк туатын. Дегенмен, екi майданда бiрдей күресу Поны рухани жүнжiтiп, денсаулығын бiршама ойсыратып кетiптi. Сондықтан болар, оның қомақты қаржы ұсынып отырса да кезектi газет-журнал шақыртуларынан бас тартатын кездерi жиi ұшырасатын. Эдгар 1836 жылы өзiнiң алыс туысы болып келетiн Вирджиния Клеммге үйленiп, отбасын құрды. Бұл ару Поның ғажайып новеллаларының кейiпкерлерiн еске түсiретiн. Ақын өзiнiң жарын есi кете сүйсе де, олардың ортақ тағдыры алғашқы күнiнен-ақ қайғы-қасiретке толы болды. Мұқтаждық жас отбасының соңдарынан қалмай қойған. По бiршама белгiлi болып қалғанына қарамай, тiршiлiк ету үшiн күресуге мәжбүр едi. Замандасы, сыншы Н.Уиллис былай деп жазады: По кiрпияз едi және өте қиналып жазатын. Стилi көпшiлiктiң талғам деңгейiнен тым жоғары болғандықтан алатын қаламақысы да мардымсыз едi. Ол әрдайым ақшадан мұқтаждық көрiп отырды. Ауру әйелi екеуi қарапайым өмiр сүруге қажет заттардан да құралақан болатын.
Қастары болса Поның кейбiр iс-әрекеттерiн мазақ етуге тырысты. Шарапқұмарлығын өсек қылды. Ал оның оңашада өз шығармаларының мәтiнiмен тынымсыз, барынша ыждағаттылықпен, бүкiл жан-дүниесi сымдай тартылып жұмыс iстейтiндiгiн аңғара бермейтiн. Аңғаруға тырыспайтын да. Алкоголь мен апиын ақынға осындай шығармашылық жұмыс үстiнде ой-санасын баурайтын құлазу сезiмiнен арылуға қажет болатын.
Кейде Поның қыстың күнi үй жылытуға отын сатып алуға да ақшасы болмаушы едi. Мұндайда, денсаулығы онсыз да әлсiзi әйел салқындап қалмас үшiн, оның омырауына мысық салып жылытатын. Бiрақ жоқшылық қоя ма, күйеуiнiң жанұшыра аласұрғанына қарамай, 1874 жылдың қаңтарында Вирджиния дүниеден қайтты.
Әйелiнiң өлiмi Поны қатты күйзелттi. Әдебиеттегi, тұрмыстағы жағдайым ендi оңала ма дегенде, бұл оқиға ақынды тұралатып кеткенi анық. Осы қырқыншы жылдары оның төрт жинағы жарық көрген-дi. 1845 жылдың қаңтарында Ақшам айнасы журналында бұл күндерi әлемдiк поэзияның үздiк жауһарларының бiрiнен саналатын Құзғын өлеңi басылған. Ол кезде ол... 10 долларға бағаланған-ды (кейiнiрек, өлгеннен кейiн, Поға кешеуiлдетiп болса да атақ-даңқ келгенде, аукционда осы өлеңнiң қолжазбасы 225 долларға, ал тағы бiр Қоңырау өлеңiнiң қолжазбасы 2100 долларға сатылған).
40 жылдардың орта тұсында Эдгар По Американың белдi ақындарының қатарынан санала бастады. Оған үлкен үйлердiң де есiгi ашылған. Дегенмен, По көп ретте көре алмаушылық пен күндестiктiң, кейде түсiнбестiктiң құрбаны болып кетiп жататын. Бұған өзiнiң тiк мiнезi де бiршама кiнәлi едi. Әдебиет мәселесiне келгенде ол ешқандай бiтiмгершiлiкке бармайтын. Ойын тура, батыл айтатын. Әрине, бұнысы кiмге жаға қойсын.
Поның ажалы әлi күнге құпия. 1849 жылдың қыркүйегiнде Ричмондта Поэтикалық принцип деген тақырыпта тыңдармандардың тарапынан жақсы бағаланған лекция оқыған ол әлгi жерден, қалтасында 1500 доллары бар, аттанып кетедi. Одан кейiн не болғаны белгiсiз. Әлде көп мөлшерде пайдаланған есiрткiнiң елтуiне түсiп қалды ма, әлде бұның ақшасына қызыққан қарақшылар уландырды ма, бiр iшiмдiкханадан ессiз жатқан халде табылған. Ол Балтимордың емханасына жеткiзiлiп, сонда қайтыс болады.
Қалай дегенмен де, Поның өмiрден ерте кетуiне апиын мен алкоголь емес, үмiтсiз жоқшылық пен тынымсыз творчестволық жұмыс себепшi болды деген жөн сияқты.
По шығармашылығының өзiнен кейiнгi әдебиеттiң дамуына әсерi орасан зор. Осылай екендiгiне орыс ақыны В.Я.Брюсовтың американ ақыны бiздiң Достоевскийдiң жол көрсетушiсi және көп мәселеде ұстазы едi деген бiр ғана пiкiрi жан-жақты дәлел бола алады.
Бүгiнгi психология, психоаналитика, криминалистика ғылымдары да По шығармашылығына молынан қарыздар.
Өмiрi өксiкпен өткен ақынның мұрасы әлi талай ұрпақтың қажетiне жарап, шығармашылықтағы iзденiстерiне бағдаршам болып қала бермек.

II Тарау.XXғасырдың басындағы Америка әдебиетінің реалист жазушысы Эдгар Аллан Поның шығармашылығы
2.1Шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Поэтикалық шығармалары. Эдгар По - талантты лирик, поэтикалық тілді қолдану мүмкіндіктерін кеңейткен күшті экспериментар. Өлеңнің аяқталған теориясын құрастырушы американ әдебиетінің алғашқыларының бірі болды. Поның ерте поэзиясы жетістіктерге ие болмаса да, онда ақынды өмір бойы алаңдатқан басты сұрақтар орын алды. Ол кейінгі лирикасының (1845-1849) мазмұнында жоғары әдеби баға алды. Оның Ворон, Улалюм, Эннабел Ли, Эльдорадо, Қоңырау атты шығармалары үлкен атақ әкелді. По өлеңге қысқалың, жаңалылық және шындық тән болу керек деп санады. Ақынға үлкен атақ әкелген өлеңі Ворон (1845) деп аталады. В.Брюсов Воронды қорқыныш шынайлықтан табылған Эдгар Поның ерекше шеберлігі деп таныды. Поэманың қысқаша мазмұны мынандай: Жоғалған Леонара туралы қайғырып отырған жалғыз қиялшыл адамның бөлмесіне құйын кіріп кетеді. Леонора дегеніміз, біреу ешқашан деген сөзді үйретіп қойған қарға Ақынның өзі Қарға деген тақырыпты әдемі жас келіншектің өлімі ретінде анықтайды. По әдемі әйелдің өлімін әлемдегі поэтикалық сюжет ретінде қараған По поэзиядағы музыканың ролін әдейілеп оқып үйренді. Мәселен, Қоңырау өлеңінде әрбір бөлім әуенділікті иеленеді. Оқырманның алдында туу, үйлену, қайғы, өлім сияқты адамзат тағдырының кезеңдері ашылады. По лирикасының әуенділігіне ырза болған Морис Равель мен Клод Дебюсси ақын сюжетіне музыка ойлап шығарды. Фольклор балладасының жанрын пайдалана отырып, По махаббаттың шексіздігі туралы Эннабел Ли өлеңін жазды. Поның әйелінің анасы Марии Клеммге арнаған Менің анама атты сонеті адам баласын шынайлығы және қарапайымдылығымен қозғайды. По прозаикалық өмірге эмоцияналдықты, руханилықты, идеялдылықты кіргізбекші болған романтиктерге жатады.
Эдгар По - новеллашы. Ирвинг және Готорнмен бірге Эдгар По новелла ұлттық жанран құрушылардың бірі болды. Американ және әлемдік әңгімеге ықпалын тигізген 70 әңгіменің иесі болды. Райнов Эдгар Поны толық негізбен үш жанрдың: детективтік, ғылыми-фантастикалық және қорқыныш әдебиетінің бастаушысы деп санауға болады деп атап көрсетті. По шығармашылығы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңге фантастикалық сипатқа ие болған 30 жылдары жазылған әңгімелері жатады. Оның Қорқынышты және құпия әңгімелерінің астарында өмірге деген терең қанағатсыздық, оның философиялық және эстетикалық қайыршылығы көрініс табады. По өмірінің соңына шейін әлеуметтік зұлымдықтың себебін білмейді. Ашерлер үйінің құлауы (1839) - жалғыздық тақырыбына құрылған әңгімесі. Шығармашылығының бірінші кезең бұл әңгімемен аяқталады. Родерик Ашер - нәзік сезімді суретші, қайғылы музыкалық әуендердің дарыны, жалғыздық қасіретін тартып, аса жақсы көретін апайын Мэдиллейннің ауруына түңілген жан ретінде суреттеледі. Ол өзінің жақын арадағы қазасын сезініп, мәңгілік қорқынышпен өмір сүреді. Қатты талып қалған ауру апайын Родерик жерлейді. Өзіне келегн апайы зираттан шығады. Ол өзімен бірге бүкіл қорқынышты алып келді. Мэдиллин мен Родерик нәзік сөзімді жандар өзін қоршаған ортаға сай бейімделмеген еді. Бауыры мен апайы - бір бүтін, біреуінің өлімі екіншісінің өліміне алып келеді. 40 жылдары Эдгар По американ және европалық детективтік әдебиетке зор ықпал еткен детективтік әңгімелерін өмірге әкеледі. Олар: Морг көшесіндегі өлім (1841), Мари Роже құпиясы (1842), ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эдгар Аллан Поның фантастикалық әңгімелерінің стилистикалық ерекшеліктері
ДЕТЕКТИВТІҢ ЖАНР РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНА БАТЫС КЛАССИКТЕРІНІҢ РӨЛІ
Готикалық әдебиет фаталистік
Шығыс-Қазақстан: танымал есімдер - Ақын жазушылар
Ғабит Мүсіреповтің өмірі және шығармашылығы, қазақ әдебиетіндегі орны
“Қош бол, майдан!” романдағы соғыс тақырыбының бейнеленуі
Ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аудару тәжірибесі (көркем аударма туындысы негізінде)
Империя дәуірінің алтын ғасырының өкілі
Р.Л. Стивенсонның «Қазына аралы» романының қазақша аудармалары
Сәбит Дөнентаевтың шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Пәндер