Білім беруде оқушылардың мектеп оқушыларына ағаш өңдеу технологиясын теориялық тұрғыда түсіндіру



I Кіріспе бөлім
1.1 Қазақтың ұлттық қолөнері ... ... ... ... ... ... ..4.5
1.2Ағаш өңдеу және оның түрлері ... ... ... ..6.16
II Негізгі бөлім
2.1 Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы ... ... ...17
2.2 Үй жиһазын құрастырудың, жобалаудың негізгі ерекшеліктері ... ... ... ...18.19
2.3Сандықшаның жасалу технологиясы.Ағашты қолмен өңдеу негізіндегі қауіпсіздік ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.31
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ағаш өңдеу – алғаш қарағанда оңай болып көрінгенмен, айтарлықтай жеңіл процесс емес. Ағаш – шебердің қолында икемді болып кететін, ұзаққа жарайтын табиғи материал. Бірақ, кей жағдайларда ол қыңырлық көрсетуі мүмкін. Мысалы, ылғалдық өзгерген кезде немесе оған температура әсер еткенде.Сондықтан да, сақтау кезінде параметрлерден ауытқымау және ағаш өңдеу кезінде технология бойынша жасау – сәттіліктің міндетті талабы.
Процестің алғашқы қадамы – ағаштық жонылмаған діңгектерін өңдеу. Ол кезге дейін ағаш, былай айтқанда қалай болса солай көрінеді. Бірақ, циркулярлы—ішу арасы ағашты керекті жағдайға тез дайындайды – өткір аралар діңгектің қабығын, ойықтарын тазартып, қажетті бөліктерге бөліп тастайды. Ағаш шеберханасында дәлдігі, тазалығы және кесудің тереңдігі бойынша тең келетін басқасы жоқ мұндай аппаратың болмаса, ештеңе де істей алмайсың.
1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қол өнерi: Ғылыми-зерттеу еңбек, Алматы, 1987, 128 б.
2. Толыбаев Қ.Бабадан қалған бар байлық. Алматы, 2000
3. Аргынбаев X.Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987
4. Ақбаева Ш.Ә. Қазақтың дәстүрлі өнерінің негізінде оқушылырдың көркемдік талғамын қалыптастыру.Алматы,2007.; 32 б.
5. Н.А. Оразбаева “Қазақ халқының сәндік ою-өрнек өнері”
6. С.Төленбаев, М. Өмірбекова “Қазақтың ою-өрнектері” Алматы 1993.
7. Әмірғазин Қ.Ж. “Қазақ қол өнері” Алматы 1994
8. Қасимов С. “Қазақ қол өнері” Алматы 1969
9. Марғұлан Ә.Х. “Қазақ халық қол өнері” 1-2 том Алматы 1981
10. Арғынбаев Халел Қазақ халқының қолөнері : Ғылыми-зерттеу еңбек Алматы “Өнер” баспасы, 1987.
11. Байжiгiтов Б.К. Бейнелеу өнерiнiң философиялық мәселелерi: Кеңiстiк пен уақыт ырғағындағы тұрақты сурет үлгiлерi, Алматы, 1998, 192 б.
12. Шаханова Н. Мир традиционной культуры казахов: Этнографические очерки, Алматы, 1998, 184 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
I Кіріспе бөлім
1.1 Қазақтың ұлттық қолөнері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-5
1.2Ағаш өңдеу және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-16

II Негізгі бөлім
2.1 Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Үй жиһазын құрастырудың, жобалаудың негізгі ерекшеліктері ... ... ... ...18-19
2.3Сандықшаның жасалу технологиясы.Ағашты қолмен өңдеу негізіндегі қауіпсіздік ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20-31
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.
Зертеудің көкейкестілігі.
Ағаш өңдеу - алғаш қарағанда оңай болып көрінгенмен, айтарлықтай жеңіл процесс емес. Ағаш - шебердің қолында икемді болып кететін, ұзаққа жарайтын табиғи материал. Бірақ, кей жағдайларда ол қыңырлық көрсетуі мүмкін. Мысалы, ылғалдық өзгерген кезде немесе оған температура әсер еткенде.Сондықтан да, сақтау кезінде параметрлерден ауытқымау және ағаш өңдеу кезінде технология бойынша жасау - сәттіліктің міндетті талабы.
Процестің алғашқы қадамы - ағаштық жонылмаған діңгектерін өңдеу. Ол кезге дейін ағаш, былай айтқанда қалай болса солай көрінеді. Бірақ, циркулярлы -- ішу арасы ағашты керекті жағдайға тез дайындайды - өткір аралар діңгектің қабығын, ойықтарын тазартып, қажетті бөліктерге бөліп тастайды. Ағаш шеберханасында дәлдігі, тазалығы және кесудің тереңдігі бойынша тең келетін басқасы жоқ мұндай аппаратың болмаса, ештеңе де істей алмайсың.
Зерттеу пәні: Мектеп оқушыларына ағаш өңдеу технологиясын түсіндіру..
Зерттеудің обьектісі: Ағаш өңдеу.Сандықша.
Зерттеу мақсаты: білім беруде оқушылардың мектеп оқушыларына ағаш өңдеу технологиясын теориялық тұрғыда түсіндіру және сандық жасау технологиясының әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
-Ағаш өңдеу және оның түрлері
-Үй жиһазын құрастырудың, жобалаудың негізгі ерекшеліктері
-Сандықшаның жасалу технологиясын түсіндіру.
Зерттеудің практикалық мәні:
Зерттеу нәтежелерін жалпы орта мектепте бейнелеу өнерінің пән мұғалімдері мен педогогикалық практика кезінде студенттер пайдалана алады
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Қазақтың ұлттық қолөнері
Қай халықтың болмасын ұлттық мұрасы, халықтың қазынасы - қолөнері болып табылған. Халық шеберлері ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау арқылы сол халықтың этикалық және мәдени ұлттық дәстүрін көрсете білген. Зерттеліп отырған жұмыста халқымыздың қолөнерінің бір ғана қырын ала отырып, қазақ қолөнерінің ұлттық ерекшелігімен сол қолөнердің заман ағымымен дамып келе жатқандығы негізгі арқау болған.Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап, егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді, салт - дәстүрімізді, рухани сән - салтанатымызды, ырым - наным, әдет - ғұрып, тұрмыс - тіршілік болмысымызды қайта жандандырып, қазақ қолөнері қайтадан ел арасына, білім ордасына бірте - бірте тамаша үлгілерімен еніп, оқушыларға жан - жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр. Әрине бұл халықтық педагогика негізі болып табылады. Қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтық педагогика - бұл кезде педагогтар қауымына ғана емес, бүкіл қауымға ортақ әлеуметтік қозғалыс. Халықтық педагогика кешегі ойшылдар мен сал - серілерден, шешен - билерден, ақын - жыраулардан мирас болып қалған құнды тәрбие құралы. Ұлттық педагогика жаңалық емес, ол ежелден халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан тәлім - тәрбие мектебі.Табиғат адам өміріндегі ең керекті қазына көзі. Табиғи материалдармен жұмыс шәкірттердің ой - өрісін дамытуға, әсемдікке дене бітімінің сымбатты болып өсуіне психологиялық дамуына және отаншылдық рухқа баулуда үлкен әсерін тигізеді.Табиғи материалдардың түрлері өте көп, оны пайдаланып өңдеу, оқушылардың жұмыс барысында өз білімдерін кеңейтеді.Болашақ ұрпақтың сана - сезімін, ұлттық психологиясын, оны ерте замандағы ата - бабалар салт - дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Ұлттық педагогиканы насихаттауға қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіншіліктері мол. Сонымен технология сабақтарында қолөнерге үйрету арқылы тәлім - тәрбиені оқу -- тәрбие процесіне арқау ету қажеттігін күн тәртібі туындатты.

1.2Ағаш өңдеу және оның түрлері
Ағаш өңдеу - ағаштан жасалған бұйымның арнаулы өңдеуден өткізіп кәдеге жарату жолдары. Дайындалатын заттың бетін тегістеу, оймыштап бедер салу, бояу ағаш бетін қыздырылған металлмен қару, біздің ұшымен қарып өрнек, жазу түсіру, т.б. тәсілдер жатады. Аталған тәсілдерді көбінесе үй жиһазы (көбіне ыдыс-аяқ түрлерін), саз аспаптарының, үй, ғимараттың ағаш бөлшектерін (ұстын, тіреу, есік, қақпа және т.б.) өңдеуге қолданған. Ол үшін әшекейленетін ағаш бетіне өрнектің нобайын біз тәрізді өткір аспаппен немесе қызған иненің ұшымен батыра сызып алып, әртүрлі мәнерде иілген теміртек (металл) қалыптарды отқа қыздырып, өрнектің бойын қуалай, қарып (күйдіріп) шығады. Қарағай, самырсын, шырша тәрізді шайырлы ағаштардан жасалған бұйымдардағы ағаштың табиғи өрнегін (текстурасын) айқындай түсу үшін, өңделген бұйымды оттың жалынына шарпытып алса, ағаш талшықтарының шайырлы жерлері сақталып, шайыры жоқ тұстары күйіп, қарақоңыр түске еніп, жолақты табиғи өрнек пайда болады. Ертеректе шеберлер ағаш бұйымдарға ру таңбаларын, адам аттарын, ою-өрнек түрлерінқарыптүсірген. Ағашбөліктерінқатарластырақари отырып, сарғыш қоңырдан шымқай қара түстің арасындағы реңдерді шығарған.
Ағаш оймыштау ою - кәделік ағаштың бетін ұңғитын, оятын аспаптардың көмегімен ағашты кертіп, қырнап, ұңғып, өрнекті бедер салу тәсілі. Ағаш шеберлері сүргілеу, өңдеу, майдалау, тесу, қашау, ұңғуырлау және т.б. жолдармен ойып, оймыштап бедерлеген. Оймыштауда ағаштың сүрегі мен жылдық сақиналарының бағыты ескеріледі: егер оймыштау бағыты ағаш талшықтарымен бір бағытта болса ұзын сүрек түседі.
Ағаш оймыштаудың бірнеше түрі бар: бірі үш қырлы ою. Ағаш бетінде бірдей көлбеулікте, тігінен ойылады. Өрнектің нобайы белгіленгеннен кейін алдымен қырларының тұсынан тігінен кертіп тіледі де, өрнектің сыртқы контурының аралығы көлбеулей қырналады. Бұл тәсілмен кесеқап, сандық беттерін безендіруде көп қолданылады.

Ағаш оймыш сапты аяқ. Ағаш кесеқап
Ағаш оймыштаудың кең тараған түрі - жазық бедерлі ою құрылымы күрделі болып келеді. Ағаш бетіне өрнек нобайы салынып, имекбас қашаумен ойылады да, өрнектердің аралығы фонға дейін қашаумен алынып тегістелінеді. Қиып салынған оймыштау тәсілінде ағаштың әр жерінен бәрбімен тесіп, пышқымен аралап алады. Ондайды саптыаяқтың сабы, төсағаш, сандық, жүкаяқтың жақтауларынан көруге болады.

Ағаш [оймыштауда] [салынатын] бедер, өрнек түрлері.

Ағаштың [бетіне] [оймышталып] [салынатын] өрнектер.
Көбінесе кебеже, сандық пен абдыра беттерін екі көлбеу жақты оймыштау тәсілімен безендіреді. Ондайда өрнектің контурынан фонға, сонан кейін керісінше көлбеулеп ояды да қырын тегістейді. Бедер анық тереңірек шығады. Ағашты көркем өңдеу оймыштау тәсілдерінің бірнеше түрі қатар қолданылады. Әртүрлі әдістердің астасуы көркем форманы жандандыра отырып, композицияны байытады.
Ағашты бояу - ағаштан жасалған затты ертеде қазақ шеберлері көбіне табиғи бояулармен сырлаған. Бояудың құрамында май болса ағашқа сіңіп, саз аспап дыбысына нұқсан келтіреді. Көбіне үй ағаштарын бояуға сарғыш түсті топырақтан алынған жосаны кең қолданған. Томар бояу, қына, рауғаш, сары ағаш, шырғанақ т.б. сол сияқты өсімдіктердің тамырын бояуға араластырған.

Ағаш өңдеу ағаш бұйымына сызба бойынша берілген пішінді, өлшемдерді және беттеріне қажетті сапаны қамтамасыздандыру үшін ) қаңқаны кесіп алатын өңдеу үрдісі. Ағашты белгіленген кесіп өңдеу үрдісінің сапасын көрсететін қасиеттерінің жинағы келесі көрсеткіштерден тұрады:
1) ағаштың тұқымы;
2) өңделетін материалдың түрі (дөңгелек бөрене, қырлы жуан бөрене, тақтай, дайындама);
3) кесіп өңдеу технологиялық тәсілі (жақтаумен, таспамен, дөңгелек аралармен аралау; цилиндрлік, конустық, шетжақты, ойықты жоңғылармен жоңғылау; бұрғылау; жону; аршу, т.б.);
4) кесу түрі;
5) бас қозғалысқа қарағанда салыстырмалы беріс қозғалысының бағыты (қарама-қарсы, жолай);
6) кескіш құралдың материалы мен құрылымының ерекшелігі (жүзінің қоспаланған болаттан жасалуы, тез кескіш болаттан жасалуы, қатты қорытпаның тілімімен жабдықталуы, араның тістерінің ажырасуына, жұқартылуына немесе тілімдерінің жан-жаққа ілінуіне, пышақтың жаңқаны сындырғышы, тіреуіші, қысқыш сызғышы бар-жоғы т.б.);
7) ағаш кескіш білдектің құрылымдық ерекшелігі (иілткішпен немесе конвейерлі, үздіксіз немесе периодты
берісті, кесетін бір немесе бірнеше құралдар қойылулы т.б.)
Ағаш өңдеу жабдықтары механизмдердің бас қозғалысының (кесу) айналмалы түрі- бұл механизмдердің үш түрі болады. 1) Кескіш құрал жұмыс біліктердің тіректерінің орталарында орналастырылған механизмдер. Бұған бойлай жоңғылайтын білдектер: сүргілейтін (өңдеу ендері 100...630 мм); сызбақұралды (өңдеу ендері 400...1200 мм); дөңгелете аралайтын білдектер сырықтарды тілетін білдектер (тілгілеу биіктігі 80...180 мм); сырықтардың ұштарын тегістеп кесетін білдектер (тілгілеу биіктігі 13...100 мм); 2) Кескіш құрал консольді түрде орналастырылған механизмдер Бұған жоңғылайтын: төртжақты (өңдеу ендері 5 ... 100 мм); тиектерді кесетін(тиектердің ұзындықтары 200x200 мм), жоңғылап -- сырықтайтын(бөренелердің диаметрлері 500 мм-ге дейін), білдектер дөңгелете аралайтын бойлай тілетін (тілгілеу биіктігі 13 ... 100мм) көлденең тілетін тілгілеу (биіктігі 120 мм -- ге дейін), пішімдеп тілетін (тілгілеу биіктігі 60 мм-ге дейін), бөренелерді тілетін (тілгілеу биіктігі 500 мм-ге дейін) білдектер жатады; тескіш: бір айналдырықты вертикальды(тесіктердің диаметрлері 40 мм-ге дейін, тереңдіктері 100 мм-ге дейін), бір айналдырықтыгоризонтальды (тесіктердің диаметрлері 16...25мм,тереңдіктері 50...80 мм), көп айналдырықты (тесіктердің диаметрлері 10...35 мм, тереңдіктері 65 мм-ге дейін) білдектер жатады центрлі механизмдер: бұған қабықтарды аршитын (кесінділердің ұзындықтары 1700 мм дейін жону (дайындамалардың ұзындықтары 1600...4000мм) білдектері жатады.
Өңдеу жабдықтары механизмдерінің бас қозғалысы(кесу) қайтымды-ілгерілемелі -- бұл механизмдердің екі түрі болады аралайтын жақтаушалар және құралкүймешекті; аралайтын жақтаудың ішіне кескіш құрал (көбінесе жолақты ара) керілген құрылым. Араның тістерінің қозғалу траекториясы әдейле түзу сызықты. Ағаш тілетін жақтаушалардың келесі түрлері болады: екі қабатты (тілгіш жақтаушаның аралықтары 500, 630, 750, 800, 1100 мм), арнайыландырылған (тілгіш жақтаушаның аралықтары 360, 630, 650 мм), бір қабатты (тілгіш жақтаушаның аралықтары 630, 800 мм); қайтылуы - ілгерілемелі қозғалысты механизмді құрал күймешекті жұқа табақтарды сүргілеп жасайтын білдектер: көлденең (сүргілеу ені 3000 ...4000 мм), көлбеулі (сүргілеу ені 3500 мм), вертикальды (сүргілеу ені 4000 мм).
Ағаш өңдеу жабдықтары механизмдерінің бас қозғалысы (кесу) тұйық иілген қисықпен -- бұл механизмдердің екі түрі болады: таспамен аралау және таспамен ажарлау. Таспамен аралау: бөренелерді тілу (тілгілеу биіктігі 1100 мм-ге дейін), бөлгіш (тілгілеу биіктігі 630 мм-ге дейін), ағаш шеберлік жұмыстарды жасайтын (тілгілеу биіктігі 5...400 мм) білдектер; таспамен ажарлау: аз енді таспалар мен (таспалардың ендері 60...250 мм) және кең енді таспалармен (таспалардың ендері 600...2000 мм) ажарлау білдектері.
Ағаш өңдеу жабдықтарының бас қозғалыс механизмдері өңделетін дайындаманы қажетті технологиялық нәтижеге жеткізу үшін бас қозғалысты жүзеге асыратын ағаш өңдейтін машинаның жұмысы мәрімі. Көбінесе механизмнің бас қозғалысын жетегі бар кескіш құралдары бар ұстағыштар іске асырады. Сирегірек бұл механизмдер өңделетін дайындамаларға қозғалыс береді. Мысалы, жоңғыш, аршығыш және сүргілегіш білдектер.
Қазіргі кезде ағаш өңдеу жұмысы механикаландырылған . Механика құрал-саймандарға электр,ара,электр сүргі,электр бұрғы,электр пнегвматикалық ажарлау аспаптары жатады. Жалпы технология сабағында ағашпен жұмыс істей білу үшін, оын кесуді, тегістеуді, өңдеуді, қашауды, ойып өрнек салуды үйренгенсіңдер. әрине бұлардың барлығын құрал-саймансыз жүзеге асыра алмайсыңдар.. ағашты өңдеу жұмыстарына қажетті құрал-саймандар: қол, ара, балта, кернеу қолданады.
Балтамен ағаш бұтақтарын шапса, қабығын әртүрлі қырғыштармен қырады. Ағаш кесуге қажетті құрал - қол ара. Араның қалыңдығы әртүрлі болат жолақтардан жасалады. Оларды ТӨСЕМ деп атайды.
Төсем-өте қатты тегіс және иілгіш болуы шарт. Оның иілгіштігі аз әрі тым қатты болса , төсемнің тістері тез сынады.Ара тістері екі түрлі қызмет атқарады.ағаш талшығын кеседі.кесілген пайда болған ұнтақтарын сыртқа ысырып , шығарып отырады.Ағаш кесу үшін араның әр түрін пайдаланады. Ағаш талшықтарын кесу бағытына байланысты оны көлденеңнен , ұзын бойлы және аралас әдіспен кесуге болады.Ара тістері өткір болу үшін , тістерін қиғаштап орналастырады. Жақ ара ағашты үшбұрыш болса, ол бір бағытта ғана кеседі. Ағашты кескенде араны жұлқыламай, қатты салмақ салмай кеседі. Ағашты кесетін жерін белгілеп алып , оны қыспаққа қысып, сол қолмен ұстап , оң қолмен кесу қажет. Қол арамен жұмыс істегенде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтаған жөн!
Ағаш аралайтын жақтаулар. Ағаш өңдеу жабдықтары
Айналдырық (ор. шпиндель, нем. spindel) -- көптеген технологиялық машиналардың және білдектердің айналып тұратын тетігі. Мысалы, метал және ағаш өңдейтін білдектердің құралға немесе өңделетін дайындамаға айналу қозғалысын беретін тетік (ор. лесопильная рама) -- бөренені бойлап аралайтын машина.
Ағаш бұйымдары мен құрылыс жұмыстарын жасауға арналғн жабдықтар
-- араланған материалдарды дайындамаларға пішіндейтін тізбектер, өлшеп-кесетін және шетжақтайтын білдектер, кесектерді ұзындығы бойынша тұтастыратын тізбектер.
Ағаш жаңқаларынан жасалған тақтайлар -- мочевинді және фенол формальдегидті шайырлармен байланыстырып ыссы күйде қысымдау арқылы ағаштың ағаштың жаңқаларынан жасалған материалдар.Ағаш кесетін құралдар ағашты механикалық кесіп өңдеуге арналған құралдар. Олардың түрлері: аралар (қол ара, механизацияланған, машиналық арнайыланндырылған); беттерді өңдеуге арналған құралдар (балталар, қашаулар, сүргілер, электрсүргілер, электржоңғыштар, ағаш өңдейтін білдектердің құрама бөлшектері пышақтар мен жоңғылар); ағаш бұйымдарда тесіктер жасайтын құралдар (қашаулар, бұрғылар, электрбұрғылағыштар); ойықтарды қашайтын шынжырлы құрылғылар т.б.).
Ағаш кесу өндірісінің жабдықтары -- бөренелерді сұрыптап қажетті қималы араланған материалдар мен дайындамалар жасау үшін әртүрлі механикалық кесіп өңдеу жұмыстарын жасайтын құрылғылар.
Ағаш көмірі -- ағашты 623 ... 873° К температурасында ауасыз пештерде көміртегін күйдіру арқылы жасалатын кеуекті зат.
Ағаш қоспасы -- сумен араластырылған жаңқаларын диірменде ұнтақтау арқылы жасалған талшықты масса. Бұл зат қағаздарды, картондарды және ағаш талшықты тақталарды өңдіргенде жартылай өнім ретінде қолданылады.
Ағаш құрылымдары - толығымен немесе көбіне ағаш материалдарынан жасалған құрылыс құрылымдары (арқалықтар, фермалар, арқалар, жақтаулар, күмбездер т.б.). Ағаш құрылымдары өндіріс, тұрмыс, ауылшаруашылық т.б. ғимараттарды жабуға қолданылады. Сонымен қатар олар көпірлерде, эстакадаларда, электр энергиясын беретін желілерді тіреуде т.б. құрылыстарда қолданылады. Ашық ауада қолданылатын ағаш құрылымдар шіруден сақтайтын заттармен қанықтырылады. Ағаш құрылымдардан жасалған тетіктер, өзара қашалған кертіктер, кілтектер, шегелер, бұрандалар, металдан жасалған бекіткіштерді енгізу арқылы және желімдеу арқылы байланыстырылады.
Ағаш материалдарды тілетін екіқабатты жақтау -- механизацияланған ағаш аралайтын ағындарда ұзындықтары 3 ... 7 м келетін бөренелер мен сырықтарды бойлай тілуге арналған құрылғы. Тілінетін бөренелердің диаметрлері мен сырықтардың қалыңдықтарының ең үлкен өлшемдері 240 ... 700 мм.
Ағаш материалдары -- табиғи сүректі байланыстырғыш заттармен (мысалы, синтетикалық шайырлармен) қанықтырылып, желімдеп жапсырып, жоғары температурада қысымдап жасалған құрылымдық және әртүрлі жөндеу жұмыстарын жасайтын материалдар.Ағаш материалдары, ағаш түржиындары -- табиғи құрылымы мен химиялық құрамын сақтаған ағаштан істелген материал.
Ағаш материалдарын кесіп өңдеу -- ағаш бұйымына сызба бойынша берілген пішінді, өлшемдерді және беттеріне қажетті сапаны қамтамасыздандыру үшін ) қаңқаны кесіп алатын өңдеу үрдісі. Ағашты белгіленген кесіп өңдеу үрдісінің сапасын көрсететін қасиеттерінің жинағы келесі көрсеткіштерден тұрады:
1) ағаштың тұқымы;
2) өңделетін материалдың түрі (дөңгелек бөрене, қырлы жуан бөрене, тақтай, дайындама);
3) кесіп өңдеу технологиялық тәсілі (жақтаумен, таспамен, дөңгелек аралармен аралау; цилиндрлік, конустық, шетжақты, ойықты жоңғылармен жоңғылау; бұрғылау; жону; аршу, т.б.);
4) кесу түрі;
5) бас қозғалысқа қарағанда салыстырмалы беріс қозғалысының бағыты (қарама-қарсы, жолай);
6) кескіш құралдың материалы мен құрылымының ерекшелігі (жүзінің қоспаланған болаттан жасалуы, тез кескіш болаттан жасалуы, қатты қорытпаның тілімімен жабдықталуы, араның тістерінің ажырасуына, жұқартылуына немесе тілімдерінің жан-жаққа ілінуіне, пышақтың жаңқаны сындырғышы, тіреуіші, қысқыш сызғышы бар-жоғы т.б.);
7) ағаш кескіш білдектің құрылымдық ерекшелігі (иілткішпен немесе конвейерлі, үздіксіз немесе периодты берісті, кесетін бір немесе бірнеше құралдар қойылулы т.б.).
Ағаш өңдейтін білдектер -- табиғи ағаш материалдарынан қажетті пішінді және өлшемді бұйымдарды кесіп өңдеу арқылы жасайтын машина. Атқаратын жұмыстарына қарай ағаш өңдейтін білдектер келесі түрлерге бөлінеді: ағаш кесетіп, ию арқылы өңдейтін, құрастырушы, желімді жағу және таза өндеу т.б,
Ағаш өңдейтін білдектердің беріс механизмдері (ор.механизмы подачи деревообрабатывающих станков) -- кескіш құралға және дайындамаларға беріс қозғалысын беретін механизмдер.Бұл механизмдер қозғалмайтын және қозғалмалы байланысты болып екі топқа болінеді.
Ағаш өңдейтін білдектердің орнықтандыру элементтері -үстелдер, бағыттайтын сызғыштар, таяныштар, аунақшалы конвейерлер құралкүймешектер, арнашық, шынжырлы және таспалы конвейерлер қысқықұрылғылар, айналмалы үстелдер, қысқылар, күймешелер.Ағаш өңдеу жабдықтары механизмдердің бас қозғалысының (кесу) айналмалы түрі- бұл механизмдердің үш түрі болады. 1) Кескіш құрал жұмыс біліктердің тіректерінің орталарында орналастырылған механизмдер. Бұған бойлай жоңғылайтын білдектер: сүргілейтін (өңдеу ендері 100...630 мм); сызбақұралды (өңдеу ендері 400...1200 мм); дөңгелете аралайтын білдектер сырықтарды тілетін білдектер (тілгілеу биіктігі 80...180 мм); сырықтардың ұштарын тегістеп кесетін білдектер (тілгілеу биіктігі 13...100 мм); 2) Кескіш құрал консольді түрде орналастырылған механизмдер Бұған жоңғылайтын: төртжақты (өңдеу ендері 5 ... 100 мм); тиектерді кесетін(тиектердің ұзындықтары 200x200 мм), жоңғылап -- сырықтайтын(бөренелердің диаметрлері 500 мм-ге дейін), білдектер дөңгелете аралайтын бойлай тілетін (тілгілеу биіктігі 13 ... 100мм) көлденең тілетін тілгілеу (биіктігі 120 мм -- ге дейін), пішімдеп тілетін (тілгілеу биіктігі 60 мм-ге дейін), бөренелерді тілетін (тілгілеу биіктігі 500 мм-ге дейін) білдектер жатады; тескіш: бір айналдырықты вертикальды(тесіктердің диаметрлері 40 мм-ге дейін, тереңдіктері 100 мм-ге дейін), бір айналдырықты горизонтальды (тесіктердің диаметрлері 16...25мм,тереңдіктері 50...80 мм), көп айналдырықты (тесіктердің диаметрлері 10...35 мм, тереңдіктері 65 мм-ге дейін) білдектер жатады центрлі механизмдер: бұған қабықтарды аршитын (кесінділердің ұзындықтары 1700 мм дейін жону (дайындамалардың ұзындықтары 1600...4000мм) білдектері жатады.
Өңдеу жабдықтары механизмдерінің бас қозғалысы(кесу) қайтымды-ілгерілемелі -- бұл механизмдердің екі түрі болады аралайтын жақтаушалар және құралкүймешекті; аралайтын жақтаудың ішіне кескіш құрал (көбінесе жолақты ара) керілген құрылым. Араның тістерінің қозғалу траекториясы әдейле түзу сызықты. Ағаш тілетін жақтаушалардың келесі түрлері болады: екі қабатты (тілгіш жақтаушаның аралықтары 500, 630, 750, 800, 1100 мм), арнайыландырылған (тілгіш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары сынып оқушыларына ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы технологиямен өңдеуге үйрету әдістемесі
Еңбекке баулу пәнін оқыту барысындағы пәнаралық байланысты жүзеге асыру
Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Білім туралы заңы
Ағашты көркем өңдеуде мектеп оқушыларының қызығушылықтарын дамыту
Қазіргі киім үлгілеріне ұлттық ою-өрнектер арқылы сәндеу әдістері
Жалпы техикалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәніне кіріспе
Оқушыларға сәндік - қолданбалы өнерін оқытудың әдістемесі
Технология сабағында жоғары сынып оқушыларына қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуге үйрету
Оқыту әдістер тобы әдістер
Жоғары сынып оқушыларына белсенді әдістер арқылы киімді көркемдеп сәндеуге үйрету әдістері
Пәндер