Кәсіпорындарда экологияны қорғауды ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері



Кіріспе
I бөлім Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары
1.1 Табиғатты қорғау
1.2 Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері
1.3 Табиғатты ұтымды пайдалану бағдарламасы.
II бөлім Кәсіпорынның табиғатты қорғау қызметі
2.1 Кәсіпорындарда экологияны қорғауды ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері.
2.2 Кәсіпорындардың табиғат пайдалану құқығының субъектілері, мазмұны мен объектілері
2.3 Кәсіпорынның табиғатты ұтымды пайдалану жолдары
2.4 Кәсіпорындарда өндіріс қалдықтарымен экологияны бүлдіруден қорғауды ұйымдастыру.
Қорытынды:
Табиғатты қорғау халықаралық және қоғамдық жоспарлы жүйесі ол табиғат ресурстарын жіктеу, қоршаған ортаны ластанудан бұзылудан қорғау, табиғи ресурстардан тиімді пайдалануға бағытталған, сонымен бірге қазіргі жасап жатқан адамдарға және келешек ұрпақтардың материалды және моральды талаптарын қанағаттандыруға бағытталған. Табиғатты тегін пайдалану принциптерін қолданудың көпжылдық тәжірибесі тек қана әкімшілік-әміршілдік әдіспен оны реттеудің жеткіліксіздігіне, көз жеткізді және оларды экономикалық әдіспен алмастыру қажеттілігі, яғни табиғатты төлемді түрде пайдалану әдісімен алмастыру мәселесін талап етті. Мысалы, біздің еліміз, табиғатты пайдалануда әкімшілік-әміршілдік жүйесіндегі елдер сияқты табиғи ресурстарды тек жалпы экономикалық жағынан тиімді пайдалануы бойынша ғана емес, сонымен бірге өндірістің материалмен қамтамасыз етілуі жағынан да дүние жүзінде артта қалғандардың бірі болып шықты.
Көп мөлшерде табиғат ресурстарын пайдалану ылғи да қоршаған табиғи отраны интенсивті түрде ластау мен табиғаттағы экологиялық тепе-теңділікті бұзумен байланысты болды. Бұл жағынан бұрынғы КСРО және оның ішінде, әсіресе Қазақстан Республикасы планетарлық масштабтан алғанда өте бір келеңсіз көріністе болған және қазірде солай болып қалуда.
1. Стамқұлұлы.Ә "ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.
2. ҚР Конституциясы. 1995ж. 30 тамыз.
3. Чусев Р.К - "Экологические право” Москва. 2000ж.
4. ҚР мемлекетімен құқығының негіздері. Баянов.Е Алматы 2003ж.
5. «Международные эколого-правовое сотрудничество» Алматы. Дәнекер 2001ж.
6. Сапарғалиев.Ғ. "Мемлекет және құқық негіздері” Алматы 2000ж.
7. ҚР Заңы. "Қоршаған ортаны қорғау” Алматы. 1998ж.

8.Сатыбалдин С., Төлемісов О., Мұқаев С. Табиғат байлығына егеменділік және оның құны. Алматы. Ғылым, 1999
9.Мұқаев С. Байлығымызды дұрыс пайдалана білейік. Ақиқат., 1995. №2.
10.Мұқаев С. Табиғат пайдаланудағы ренталық қатынастар. Ғылыми конференция материалдары. ҚазМБА, Алматы. 2008.
11. http://zhkb-bko.gov.kz/templa әлеуметтік желі
12 http://economics.kazgazeta.kz/ әлеуметтік желі
13.Жер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, заң күші бар. Алматы, 1996.
14.Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және минералды шикізатты өңдеу туралы кодексі. Алматы, 1992.
15.Сағымбаев Ғ. Экология негіздері. Алматы, 1995.
16.Сатыбалдин С., Төлемісов О., Мұқаев С. Табиғат байлығына егеменділік және оның құны. Алматы. Ғылым, 1992.
17.Мұқаев С. Байлығымызды дұрыс пайдалана білейік. Ақиқат., 1995. №2.
18.Мұқаев С. Табиғат пайдаланудағы ренталық қатынастар. Ғылыми конференция материалдары. ҚазМБА, Алматы. 1996.

Кіріспе
Табиғатты қорғау халықаралық және қоғамдық жоспарлы жүйесі ол табиғат ресурстарын жіктеу, қоршаған ортаны ластанудан бұзылудан қорғау, табиғи ресурстардан тиімді пайдалануға бағытталған, сонымен бірге қазіргі жасап жатқан адамдарға және келешек ұрпақтардың материалды және моральды талаптарын қанағаттандыруға бағытталған. Табиғатты тегін пайдалану принциптерін қолданудың көпжылдық тәжірибесі тек қана әкімшілік-әміршілдік әдіспен оны реттеудің жеткіліксіздігіне, көз жеткізді және оларды экономикалық әдіспен алмастыру қажеттілігі, яғни табиғатты төлемді түрде пайдалану әдісімен алмастыру мәселесін талап етті. Мысалы, біздің еліміз, табиғатты пайдалануда әкімшілік-әміршілдік жүйесіндегі елдер сияқты табиғи ресурстарды тек жалпы экономикалық жағынан тиімді пайдалануы бойынша ғана емес, сонымен бірге өндірістің материалмен қамтамасыз етілуі жағынан да дүние жүзінде артта қалғандардың бірі болып шықты.
Көп мөлшерде табиғат ресурстарын пайдалану ылғи да қоршаған табиғи отраны интенсивті түрде ластау мен табиғаттағы экологиялық тепе-теңділікті бұзумен байланысты болды. Бұл жағынан бұрынғы КСРО және оның ішінде, әсіресе Қазақстан Республикасы планетарлық масштабтан алғанда өте бір келеңсіз көріністе болған және қазірде солай болып қалуда.
Табиғатты пайдалануды әкімшілік-әміршілік жолмен басқару нәтижесінде Қазақстан Республик-асының көптеген аймақтары мен өндірістерінде тығырыққа тірелу жағдайы қалыптасты. Бұл жайында жанға батып жар салған Арал, Балқаш, Каспий, Қаратау-Жамбыл кешенінің, Шымкент, Өскемен, Екібастұз, Жезқазған қалалары мен басқа да өндірістік объектілердің бүгінгі әлеуметтік-экологиялық-экономикалық жағдайлары куә.
Қазақстан Республикасының табиғат пайдалану мәселесі төңірегінде қалыптасқан қазіргі кездегі тығырыққа тірелудің жағдайы, ғалымдар, экономистер, халық шаруашылығындағы жұмысшыларының бірауыздан білдірген пікірлері бойынша негізінен табиғат ресурстарын тегін пайдалану салдарынан болған. Дәл осы қалыптасқан жайды ескере отырып, түбегейлі экономикалық реформа бойынша құжаттарды басшылыққа ала, оған қоса Қазақстан Республикасы-ның Конституциясын, табиғи ресурстардың негізгі түрлерін пайдалану бойынша кодекстерді, қоршаған табиғи ортаны қорғау Заңына сәйкес табиғатты төлемді пайдалану принциптерін енгізу қарастырылады. Табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлем төлеудің ғылыми негізделген жүйесін құрып алмай және оны қолданбай тұрып табиғатты төлемді пайдалану принципін тәжірибе жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Қазіргі заман табиғатты қорғаудың міндеті болған табиғат ресурстарын тиімді пайдалану сырт ортаны түрлі ластанудан сақтау, табиғи байлықтарды сақтау мемлекетімізде қоршаған ортаны қорғау комитетіне жүктелген.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті :
Кәсіпорындарда экологияны қорғауды ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері.
Кәсіпорынның табиғатты ұтымды пайдалану жолдары
Кәсіпорындарда өндіріс қалдықтарымен экологияны бүлдіруден қорғауды ұйымдастыру

I бөлім Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары
1.1 Табиғатты қорғау

Табиғатты қорғау - адамзат қоғамы мен бүгінгі және келешек ұрпақтың материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында табиғат пен оның байлықтарын тиімді пайдалануға және қайтадан қалпына келтіруге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Адамның өндірістік әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін келеңсіз әсерін белгілі бір дәрежеде шектеп, табиғи қорларды ұтымды пайдалану ежелден бері адамзат қоғамының көкейтесті мәселелерінің бірі болып келді және қазіргі тех. үдеріс заманында ғаламдық мәселеге айналып отыр. Осыған орай Т. қ-ды мемл. реттеу жүйесі қазіргі заманда экономикасы дамыған елдерде тұрақты мемл. реттеу тетіктерінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жүйенің қалыптасуы 1960 жылдардан, кәсіпорындардың өндірістік қызметінің экол. зардаптарын реттеу мен бақылаудың құқықтық нормативтік негізі жасалып, әкімш. тарапынан осы салада ғыл.-зерт. және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстарды үйлестіру органдары құрылған кезден басталды. 1970 - 80 жылдардың тоғысында әкімш. бақылау құралдары (экол. жағынан қолайсыз өндірістерді лицензиялаудан бас тарту, жобалардың экол. жағынан негізделуін, өнімге экол. таңбалар қойылуын, оның экол. жағынан сертификатталуын талап ету, т.б.) тікелей және жанама түрде экон. реттеу нысандарымен толықтырыла түсті. Экон. ынталандыру шараларында экол. жағынан таза өнім өндірушілерге жәрдем қаражат беру және оларды қаржы жағынан қолдаудың басқа да нысандары қамтылады. Оларға басқа да тең жағдайлармен қатар мемл. сатып алу бағдарламасын іске асыру, келісімшарттарды орналастыру және сауда-саттық жүргізу кезінде артықшылық беріледі. Өнімнің "тазалық" деңгейіне қарай сараланған салық мөлшерлемесі қолданылады. Ерекше күрделі экол. мәселелерді шешу үшін мемлекет экономиканың жекелеген секторларының өкілдерімен ерікті салалық келісімдер жасасады. Осындай жолдармен Т. қ-ды мемл. реттеу "таза" өнім мен технологияларға деген сұраныс қалыптасатын нарыққа ықпал жасап, өндірушілерді қоршаған ортаның ластануына қарсы күресудің неғұрлым тиімді құралдарын таңдауға мәжбүр етеді.
Ғыл.-тех. төңкерістің жаңа кезеңінде экология мен ресурстарды үнемдеу мәселелері көбінесе ұлттық сипаттан жоғары тұрғандықтан дамыған елдерде осы салаларда құрылатын басқару жүйесі үш деңгейден тұрады, олар: ұлттық мемлекет нарығы, қоғамдық ин-ттар, мемлекетаралық ұйымдар. Көптеген халықар. экон. байланыс агенттерінің қатысуымен көп жақты экол. келісімдер жасасу табиғатты пайдалануды басқарудың сапасын арттырудың және тұрақты дамуды қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Олар қоршаған ортаны бұзатын заттарды пайдаланудан, қауіпті қалдықтарды тасымалдаудан туындайтын зиянды зардаптарға жол бермеу, биол. алуан түрлілікті сақтау, т.б. күрделі ғаламдық мәселелерді шешу үшін неғұрлым тиімді.
Қазақстанда табиғат және оның байлығы халқымыздың өмірі мен қызметінің және еліміздің әлеум.-экон. дамуының, әл-ауқаты артуының табиғи негізі, қайнар көзі болып табылады. Кеңестік кезеңде әміршілдік басқару жүйесінің өктемшіл саясатының салдарынан Қазақстан жерінде экол. қасірет аймақтары: Семей ядролық полигоны, басқа да жасырын әскери сынақ орындары, Арал т-нің суалуы сияқты экол. апат аймақтары қазақ халқының өмірі мен денсаулығына, тіршілігіне қатерлі қауіп төндірді. Осыған орай Қазақстан азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндеттеліп, экол. саясаттың негізгі жалпы ұстанымдары конституцияда тұжырымдалды (38-бап). "Қоршаған ортаны қорғау туралы" ҚР Заңы (15.7. 1997) қабылданып, онда қазіргі және келешектегі ұрпақтарымыздың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құ-қықтық, экон. және әлеум. негіздері мен экол. қауіпсіздікті қамтамасыз етудің экон. тетіктері айқындалды. Сондай-ақ мемлекетімізде табиғатты пайдаланудың түрлі бағыттары бойынша экол. бағдарламалар әзірленді. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орт. атқарушы орган құрылып, қоршаған орта сапасының өлшемдері, шаруашылық қызмет пен өзге де қызметке қойылатын экол. талаптар айқындалды;
Құқықтың қағидалары -- Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген негізгі бастамалар, басшы идеялар мен құқық ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудыңнегізгі қағидаттарын қарастырайық:
* қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте, салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар;
* мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік кағидаты. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды;
* әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;
* қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол жер бетінің барлық бөліктеріне: құрлыққа не теңізге қатысты қолданылады. Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс. Қазақстанда алғашқы табиғи күйінде сақталған және ерекше бақылауға алынған түрлі қорықтар мен қорықшалар бар.
* табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидаты. Табиғат байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты пайдалану керек. Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар жазылатын Қызыл Кітап бар. Мысалы, сексеуіл -- шөлде өсетін өсімдік, ол жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны кесуге және пайдалануға тыйым салынған;
* кедейлік пен қайыршылықты жою кағидаты. Демократиялық мемлекеттер өзінің алдына кедейшіліктің деңгейін төмендете отырып, ақыр аяғында кедейшілікті жоюды мақсат етіп қояды. Ол үшін мемлекет әр түрлі шаралар қолданады -- жұмыссыздықпен күресу, әлеуметтік зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, арзан тұрғын үйлер салу, әр түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы халықтың әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалған топтарына қолдау жасау және т.б;
* қоршаған ортаны ластаудың және табиғатқа өзге де зиянды әсер етудің алдын алу қағидаты;
* коршаған ортаны қорғау саласындағы тығыз халықаралық ынтымақтастық кағидаты;
* қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша халықтың хабардар болу кағидаты. Әрбір адам экологиялық сауатсыздық тек оның жеке басына ғана емес, сондай-ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін білуі керек. Мысалы, орманда от жағуға, тұрғын жайларға жақын жерлерде полиэтилен материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу керек және т.б.

1.2 Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері
Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылығы дамыту үшін қажеттің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар. Қазақстанның табиғатты қорғау жөніндегі заңдары. Еліміздің табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды. Соның нәтежесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар белгіленіп қабылданды. 1962 жылғы 16 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қазақстан табиғатын қорғау туралы жарлығы шықты. Жарлықта пайдалы қазбаларды, суды (жер беті мен жер асты сулары), ормандар мен құстар, атмосфералық ауа, топырақ, сирек ландшафтылар және тағы басқаларды қорғау қарастырылды. Жарлықта қосымша арнайы нұсқау жазылып, онда әр түрлі табиғат байлықтарын пайдалану, орман, топырақтың құнарын сақтау, ауа мен су қоймаларын қорғау, балық аулау мен аңшылық туралы ережелер бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы Жарлығы - 2003 жылы 3 желтоқсан күні Астанада қабылданды. Осы жарлықта бүгінгі ғаламдық және Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен бірге елдің экологиялық дамуы жөніндегі мемлекеттік шаралардың кешені айқындалды.
Табиғатты қорғау мәселесіне қазірде де зор көңіл бөлінуде. Халықаралық табиғатты қорғау одағының шешімі бойынша әр елде табиғат қорлары мен табиғатты қорғау үшін сирек кездесетін, құрып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктердің түрлері есепке алынған. Біздің елде Қызыл кітап 1978 жылы ұйымдастырылған. Мұндааңның 21 түрі және осы тектес түрдегі кездесетін аңдар мен торғайлардың 8 түрі көрсетілген, оларды сақтап қана қоймай, бұлардың санын көбейтудің барлық шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері Қызыл кітаптан алынған.
Табиғатты қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдаланудың екі бағыты бар: мемлекеттік және жалпыхалықтық. Мемлекеттік бағыт тиісті заңдармен, әрі үкіметтің қарарларымен анықталса, ал жалпыхалықтық бағыт өзінің тікелей қатынасуымен және қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады. Табиғатты қорғау ісіне тікелей қатынасудың қажет-\тілігі. Республика табиғатын қорғау ісіне барлық азаматтар ат салысуы тиіс. Табиғатты қорғау саласында арнайы кұрылған ұйымдардың ішінде Қазақстанның Табиғат ко-митеті көрнекті орын алады. Бұл комитет табиғатты қорғау саласындағы ғылыми мекемелер мен ұйымдардың жұмысын үйлестіріп, бір мақсатқа бағыттал, республикалары экологиялық дағдарысты шешуге жұртшылықты жұмылдырады. Елімізде Табиғат қорғау қоғамы жұмыс істейді.
Табиғат қорғау саласында әсіресе қоғамның жас мүшелерінін белсенділігі ерекше. Олардың көмегімен республикада жыл сайын көптеген бақтар мен саябақтар ірге көтереді, ондаған тонна мәдени өсімдіктердің түқымдары мен дәрі-дәрмектік өсімдіктер жиналады. Құстар күнін, Орман мен бақ айлығын, Сабан той өткізу мектеп өмірінде дәстүрге айналған. Көптеген мектептерде Жас орманшы, Су сакшыларының штабтары құрылды, республикада мектептік орман шаруашылықтары жұмыс істейді. Республика табиғатын корғауға тікелей қатынасып, әр азамат материалдық жөне эстетикалық маңызы бар табиғи ортаны сақтауға, көркейтуге өз үлесін қосады.[[1]]

0.3 Табиғатты ұтымды пайдалану бағдарламасы.

Қолданбалы экология табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаның экологиялық жағдайларын жақсартуды соңғы мақсат етіп қояды. Табиғатты пайдалану - экология, экономика және географияның түйісуіндегі ғылыми пән. Ең бірінші рет бұл терминді Ю.Н. Куражовский ұсынған. Табиғатты пайдалану процесінде ол тарихи, әлеуметтік және географиялық жағдайлар сипатына сәйкес салынатын және адамның қызмет әрекетінің нәтижесінде пайда болатын табиғат пен адамның өзара қарым-қатынасының жалпы жүйесін түсіндіреді. Ф. Н. Реймерс табиғатты пайдалану ретінде табиғи ресурсты потенциалдық барлық формаларының жиыны және оны сақтау шараларын ұйғарады.
Табиғатты пайдаланудың мақсаттары:
* Табиғи ресурстарды өңдеу және шығарып тастау, олардың қайтадан жаңаруы мен ұдайы өндірісі;
* Адам өмір сүру ортасының табиғи жағдайларын қорғау және пайдалану;
* Табиғи жүйелердің экологиялық тепе-теңдігінің ұтымды өзгеруі, сақталуы (қолдауы), ұдайы өндірісі (қайта қалпына келтіру).
Қолданбалы экология мақсаттары үшін ең көп таралған және жарамды болып Н. Ф. Реймерстің табиғатты пайдалану туралы ұсынылған келесі анықтамасы табылады: Табиғатты пайдалану - адам қоғамының табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануының жалпы принциптерін зерттейтін кешенді ғылыми пән.
Н. Ф. Реймерстің өзінің анықтамасын келесі маңызды қорытындымен толықтырады. Табиғатты пайдалану дегеніміз - адам денсаулығына нұқсан келтіріп немесе оның өміріне қауіп төндіретін табиғи-ресурстық потенциалдық күрт өзгерістеріне және қоршаған ортаның терең өзгерістеріне әкелмейтін жоғары нәтижелі шаруашылық. Табиғатты ұтымды және ұтымсыз пайдалануын бөліп білу керек.
Табиғатты ұтымды пайдалану - табиғи жағдайлар мен ресурстардың үнемді пайдалануын қамтамасыз етуге шақырылған әрекет жүйесі, халық денсаулығын сақтау мен экономиканың алғышартты ықыластар есебімен олардың ұдайы өндірісінің тәртібі.
Табиғатты ұтымсыз пайдалану, жоғарыда айтылған, ұтымды пайдаланудан айырмашылығы - табиғи ресурстық потенциалдық сақталуын және қоршаған ортаның жоғарғы экологиялық сапасын қамтамасыз етпейді.
Ғылыми негізде Жердің географиялық қабығының табиғи ресурстарын пайдалану табиғатты ұтымды пайдалану атына ие болды. бұл жағдай ұқыпты пайдалануға бағытталған жағдайлардың бүтін кешенінің сақталуын, салауатты (таза) және тартымды (сәулетті) қоршаған ортаның бір уақытта сақталуымен табиғи ресурстардың барлық түрлерін қорғау мен олардың ұдайы өндірісін болжайды.
Д. А. Армандқа сәйкес табиғатты ұтымды пайдалану келесілерді ұйғарады:
* Жергілікті табиғи жағдайларға табиғи ресурстарды пайдалану әдістері мен мінезінің сәйкестігі;
* Табиғатқа антропогенді әсерінің салдарын алдын ала болжау;
* Табиғи ресурстарды шаруашылық пайдалануының орынды кезектілігі;
* Қайта жаңаратын ресурстардың кеңейтілген ұдайы өндірісі;
* Қайта жаңармайтын табиғи ресурстарды үнемді пайдалану;
* Сарқылмайтын табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;
* Рекреациялық-сауықтыру мақсаттар есебімен табиғи ресурстарды пайдалану;
* Ландшафттардың өзгеруі;
* Табиғатта пайда болған ғылыми және эстетикалық құндылықтардың сақталуы;
* Табиғи ресурстарды пайдалану процесіндегі табиғи және архитектуралық жарасымдылықтың үйлесімі.
Бұл жағдайлардың әмбебап маңызы бар және олар қолданбалы экологияның тәжірибелік тапсырмаралын шешу үшін толық қолданылады. Бұл принциптердің негізгі жағдайларын қарастыралық

II бөлім Кәсіпорынның табиғатты қорғау қызметі
2.1Кәсіпорындарда экологияны қорғауды ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері.
Кәсіпорынның табиғатты қорғау қызметінің негізгі міндеттері экологиялық заңнаманы сақтау, атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын төмендету, өндіріс қалдықтарын азайту, топырақ пен жер асты суларын ластанудан қорғау болып табылады.
Осы міндеттерді орындау үшін табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарлары, экологиялық бақылау бағдарламасы және өндірістік мониторинг бағдарламасы әзірленуде.
Өндірістік мониторинг бағдарламасына сәйкес келесі мониторинг түрлері жүргізілуде:
атмосфера ауасы жағдайының мониторингісі;
ағынды сулар сапасының мониторингісі;
жер асты сулары жағдайының мониторингісі;
топырақ мониторингісі;
радиациялық қауіпсіздік мониторингісі.
Кәсіпорында қоршаған орта объектілерінің жағдайына жоспарлы және жедел бақылау жүргізіледі, ол басқа аккредиттелген зертхананы тарта отырып, шарт талаптары негізінде жүзеге асырылады. Өндірістік мониторинг қоршаған ортаның барлық бағыттары бойынша орындалады:

Атмосфера ауасы жағдайының мониторингісі
2015 жылдың I жартыжылдығында СҚА маңынан атмосфералық ауадағы көмірсутегі, күкіртсутегі, фенол құрамы мөлшерін тексеру үшін 57 сынамалар, өнеркәсіптік алаңда атмосфералық ауадағы көмірсутегі, күкіртсутегі, бензол, толуол, ксилиол, көміртегі тотығы құрамы мөлшерін тексеру үшін 702 алынды.

Ағынды сулар сапасының мониторингісі
Сарымсақ жинауышына тазартылған ағындарды тартып шығару құбырларынан айына 2 рет келесі ингредиенттер: мұнай өнімдері, жүзгін заттар, фенол, сульфид, N бойынша тұзды аммоний, нитриттер, нитраттар, ерітілген фосфаттар, тұз құрамы, ОБҚ 20, СББЗ анықталады.
Сарымсақ жинауышында 4 жерден жылына 2 рет мұнай өнімдерінің, жүзгін заттардың фондық концентрациясы, фенолдар, сульфидтер, N бойынша тұзды аммоний, нитриттер, нитраттар, ерітілген фосфаттар, тұз құрамы, ОБҚ 20, СББЗ, сульфаттар, хлоридтер, Са кермектігі, Mg, рH кермектігі, жалпы кермектік, жалпы сілтілер анықталады.

Жер асты сулары жағдайының мониторингісі
Жер асты сулары жағдайын бақылау Сарымсақ жинауышы орналасқан аймақта, қатты қалдықтар жинауышының аймағында және кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағында жүзеге асырылады.
Жер асты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық білім және тәрбие бағыттары
Студенттерді табиғат қорғауға даярлау туралы
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ұйымдық сұлбасы
Экология сабағында жергілікті материалдарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы
Қазіргі күндегі экологиялық білім берудің географиялық негізі
Қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
Экологиялық сараптама түрлері
Шикізатты кешенді пайдалану
Пәндер