Айырбастау пунктіндегі ақпараттар қозғалысының бақылау жүйесін автоматтандыру



I А лгоритм және бағдарламалау негіздері
1.1Алгоритм түсінігі
1.2 Delphi бағдарламасының құрылымы
1.3 Delphi бағдарламалау тілінің құрылымы
1.4 Delphi бағдарламалау тілінің негізгі түсініктері
1.5 Delphi бағдарламасының дамуы
1.1Алгоритм түсінігі
II Айырбастау пунтінің қызметін модельдейтін бағдарлама құру
2.1Ақша айырбастау пунтінің ақпараттық жүйесі
2.2 Жұмыстың барысы. Кодтары
2.3 Ақша айырбастау пуктінің еңбек ету шарттарының талдауы
Бұл курстық жұмыста айырбастау пунктіндегі ақпараттар қозғалысының бақылау жүйесін автоматтандыру, дерекқор негізінде клиенттік программасын жоспарлау қарастырылады. Бұл программа ақша айырбастау пунктеріне көмек көрсету үшін арналған. Жалпы айырбастау пунктері үшін де, қолданушыларғада ыңғайлы уақытты үнемдеу мақсатымен, жұмыс барысында мүмкін болатын қателерді азайту үшін қолданылады. Айырбастау пунктеріндегі жұмыс негізінен администратор мен кассир, қолданушы туралы ақпаратты жүйелеумен байланысты болады. Сондықтан, бұл бағдарлама жұмысы ыңғайлы, әрі тез болу үшін, барлық деректерді жүйелі түрде сақтау, қажетті ақпаратқа тез қатынас алу, сонымен қатар жаңа деректерді ыңғайлы түрде енгізу мүмкіндіктері қарастырылған болу керек. Дерекқор құру үшін алдымен зерттелетін облысының талдауы жасалады. Келесі кезеңде айырбастау орны үшін администратор ,кассирлерге арналған қажетті деректерді сақтайтын логикалық байланысқан кестелер құрылып, олардың негізінде жүйенің инфологиялық моделі алынады. Инфологиялық модель MS SQL Server-жүйесінде жасалады. Айырбастау пунктінің дерекқоры MS SQL Server дерекқорларды басқару жүйесінде құрылғаннан кейін, пайдаланушылардың барлық сұраныстарын қанағаттандыратын клиенттік қосымша жобаланады. Клиенттік бағдарлама Microsoft Visual Studio 2012 ultimate программалық ортасында іске асырылады. Бұл бағдарлама ыңғайлы әрі уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік береді, сонымен қатар, аз уақыт ішінде бағдарламаны игеріп, оңай пайдалануға 15 мүмкіндік береді.
1 Соснов A. Основы проектирование информационных систем. – М.: ДМК Пресс, 2002. – 1020 с.
2 Марк Шпеник, Оррин Следж. Microsoft SQL Server 2000 DBA Survival Guide. – М.: Вильямс, 2001. – 236 с.
3 Мамаев Е. МS SQL Server. Проектирование и реализация баз данных. Сертификационный экзамен. – СПб.: ВНV, 2004. – 416с.
4 Плю Р., Стефенс Р., Райан К. Освой самостоятельно SQL за 24 часа. – М .: Вильямс, 2000.
5 Глушаков С.В., Ломотько Д.В. Базы данных: учеб. курс. – М.: ООО «Издательство АСТ», 2000. – 504с.
6 Ибраева Л.К., Сатимова Е.Г. Проектирование баз данных. МУ к выполнению лабораторных работ. – Алматы: АИЭС, 2004.
7 Айтхожаева Е.Ж. Стандартный язык баз данных SQL: учеб. пособие. – Алматы: АИЭС, 2005. - 48 с.
8 Дунаев В.В. Базы данных. Язык SQL. – СПб.: БХВ – Петербург,2006.
9 Алексей Вишневский. SQL Server . Эффективная работа. – Санкт- Петербург, 2009. – 541с.
10 Абдимуратов Ж.С., Мананбаева С.Е. Безопасность жизнедеятельности. Методические указания к выполнению раздела «Расчет производственного освещения» в выпускных работах для всех специальностей. Бакалавриат. - Алматы: АИЭС, 2009. – 20 с.
11 Хакимжанов Т.Е. Расчет аспирационных систем. Дипломное проектирование. Для студентов всех форм обучения всех специальностей. – Алматы: АИЭС, 2002. – 30 c.
12 Еркешева З.Д., Боканова Г.Ш. Методические указания к выполнению экономической части дипломной работы.5В070400-Вычеслительная техника и программное обеспечение . –Алматы:АУЭС,2013 –40с.

I А лгоритм және бағдарламалау негіздері
1.1Алгоритм түсінігі
1.2 Delphi бағдарламасының құрылымы
1.3 Delphi бағдарламалау тілінің құрылымы
1.4 Delphi бағдарламалау тілінің негізгі түсініктері
1.5 Delphi бағдарламасының дамуы
1.1Алгоритм түсінігі
II Айырбастау пунтінің қызметін модельдейтін бағдарлама құру
2.1Ақша айырбастау пунтінің ақпараттық жүйесі
2.2 Жұмыстың барысы. Кодтары
2.3 Ақша айырбастау пуктінің еңбек ету шарттарының талдауы

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Бұл курстық жұмыста айырбастау пунктіндегі ақпараттар қозғалысының бақылау жүйесін автоматтандыру, дерекқор негізінде клиенттік программасын жоспарлау қарастырылады. Бұл программа ақша айырбастау пунктеріне көмек көрсету үшін арналған. Жалпы айырбастау пунктері үшін де, қолданушыларғада ыңғайлы уақытты үнемдеу мақсатымен, жұмыс барысында мүмкін болатын қателерді азайту үшін қолданылады. Айырбастау пунктеріндегі жұмыс негізінен администратор мен кассир, қолданушы туралы ақпаратты жүйелеумен байланысты болады. Сондықтан, бұл бағдарлама жұмысы ыңғайлы, әрі тез болу үшін, барлық деректерді жүйелі түрде сақтау, қажетті ақпаратқа тез қатынас алу, сонымен қатар жаңа деректерді ыңғайлы түрде енгізу мүмкіндіктері қарастырылған болу керек. Дерекқор құру үшін алдымен зерттелетін облысының талдауы жасалады. Келесі кезеңде айырбастау орны үшін администратор ,кассирлерге арналған қажетті деректерді сақтайтын логикалық байланысқан кестелер құрылып, олардың негізінде жүйенің инфологиялық моделі алынады. Инфологиялық модель MS SQL Server-жүйесінде жасалады. Айырбастау пунктінің дерекқоры MS SQL Server дерекқорларды басқару жүйесінде құрылғаннан кейін, пайдаланушылардың барлық сұраныстарын қанағаттандыратын клиенттік қосымша жобаланады. Клиенттік бағдарлама Microsoft Visual Studio 2012 ultimate программалық ортасында іске асырылады. Бұл бағдарлама ыңғайлы әрі уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік береді, сонымен қатар, аз уақыт ішінде бағдарламаны игеріп, оңай пайдалануға 15 мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың мақсаты:
Delphi бағдарламасының құрылымыны тоқтала отырып айырбастау пунтінің қызметін модельдейтін бағдарлама құру .
Ақша айырбастау пунктінің сәйкес операцияларын модельдеу үшін Валюта айырбастау атты форма құру. Редактрлеу өрістері (Edit) мен қайта қосқыштарды (RadioButton, радиобатырма) және есептеу мен программадан шығуды орындайтын батырмалады қолдану .

1.1Алгоритм түсінігі
Алгоритм ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуынан шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.
Алгоритм - орындаушының белгілі бір мақсатқа жетуі үшін орындалатын әрекеттер тізбегін айтады. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
Алгоритм біздің өміріміздің әрбір тұсында кездеседі
Алгоритм күнделікті әрбір пәнде кездеседі
Алгоритм қасиеттері
Кез келген есептің шешу кезеңін қарапайым амалдар тізбегіне бөлектеуге болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
Программа деп машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі түрінде жазылған алгоритмді айтамыз. Программа командалар тізбегінен тұрады. Командалар тізбегі орындалған кезде есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған программа бойынша жұмыс жасайды. Яғни, программа деп белгілі бір нәтиже алу үшін түсінікті операциялар тізбегін айтамыз. Процессор программа құрамындағы командаларды реті бойынша орындайды. Команда бір қарапайым операцияны орындауға бұйыратын бұйрық түрінде болады. Командалар арифметикалық, логикалық, басқаруды беру, сандарды салыстыру, экранға шығару, принтерге шығару және т.б. болып бөлінеді.
Алгоритм ұғымның мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар:
1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті.
Алгоритмде келтірілген барлық іс-әрекеттердің мағынасы айқын, нақты анықталған болуы керек. Онда қандай қадамдар көрсетілсе тек солар орындалуы қажет. Атқарушы алгоритм командаларын орындау кезінде ешқандай ойланбауы тиіс.
2. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті.
Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни үлкен алгоритмді бірнеше кішкен алгоритмдерге жіктеу мүмкін болуы керек. Бұл қасиет бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар оданда кіші қадамдарға бөлінеді, яғни мәселені шешу процесінің тізбегі жеке-жеке әрекеттерге жіктеледі.
3. Алгоритмнің нәтижелік қасиеті.
Кез келген алгоритмнің нәтижесі болуы керек. Әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта қорытынды нәтиже алуымыз қажет. Кейде алгоритдердің бірнеше қадамы қайталанып, ешбір нәтиже бермейді. Ондай есеп алгоритмн циклдден шықпайтын, нәтижесіз деп қайта құрады.
Мысалы: сандарды қосу алгоритмі үшін бастапқы мәліметтерге қосылғыштар мәні жатады, ал нәтижесі қосынды болады.
4. Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті.
Алгоритм құрғанды белгілі бір жеке проблемаға ғана арнамай, осы сияқты проблемалардың шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құру керек. Бұл қасиет алгоритмнің пайдалану құндылығын арттырады. Егер берілген мәліметтер өзгерсе, нәтижеде өзгереді.
m және n бүтін сандарының ең үлкен ортақ бөлгішін табуда Евклид алгоритмін қолданайық.
5. Алгоритмнің формальды орындалу қасиеті.
Алгоритмді орындағанда орындаушы оның әр командасының мағынасын түсінуі де, түсінбеуі де мүмкін. Бірақ орындаушы өзі атқарып отырған әрекеттердің мағынасын түсінбесе де, алгоритм командаларын орындау арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді, бұл формалды орындалу деп аталады.
Атқарушы түсінігі
Алгоритм атқарушысының рөлін адам немесе автоматтандырылған құрылғы: компьютер, робот және т.б. орындайды. Мысалы,
Жалпы алғанда, өміріміздің барлығы алгоритм тізбектерінен тұрады десек те болады.
Алгоритм орындалу барысында атқарушы қандай инструкция келесі орындалу керектігін біледі. Атқарушы орындай алатын командалардың жиынын атқарушы командалар жүйесі деп атаймыз.
Сонымен, алгоритм атқарушысы алдын-ала қойылған әрекеттерді орындап, нәтижеге жететін адам, компьютер немесе техника болуы мүмкін. Егер есепті шешу үшін техникалық құралдар пайдаланылса, орындалатын әрекеттер тізбегі нақты және түсінікті болу керек. Қаншалықты әрекеттер түсінікті де, нақты болса, соншалықты нәтижеге жету тез жәнедұрыс болады.
Алгоритмдерді талдаудың негізгі әдістері:
Сөздік-формулалық (табиғи тілдерде);
Құрылымды немесе блок-схемалар;
Арнайы алгоритмдік тілдерді қолдану;
Граф-схемалар көмегімен (граф - әр сызық екі нүктені қосатын, нүктелер мен сызықтар жиынтығы). Нүктелер шыңдар деп аталады, сызықтар - қабырғалар;
Петри торының көмегімен.
Бағдарламаны жасау алдында көбінесе сөздік-формулалық және блок-схемалық әдістер қолданылады. Кейде ассемблер сияқты төменгі деңгейдегі тілдерде бағдарламаны жасау алдында, бағдарлама алгоритмін кейбір жоғарғы деңгейдегі бағдарламалау тілінің конструкцияларын қолдана отырып жазады. Күрделі бағдарламалық жүйелер алгоритмдерінің бағдарламалық сипаттамаларын қолдану ыңғайлы. Мысалы, ОЖ жұмыс істеу принциптерін сипаттау үшін Алголға ұқсас жоғарғы деңгейдегі бағдарламалау тілі қолданылды
Сөздік-формулалық әдісте алгоритм әрекеттер тізбегін анықтайтын, құрамында формулалары бар мәтіндік түрде жазылады. Мысалы, келесі өрнектің мәнін анықтау қажет болсын: у=2а-(х+6).Сөздік-формулалық әдістпен бұл есептің алгоритмі келесі түрде жазылуы мүмкін:
а және х мәндерін енгізіңіз.
х және 6-ны қосу.
а на 2-ге көбейту.
2а - дан (х+6) қосындысын азайту.
Өрнектің есептелген нәтижесі ретінде у-ті шығару.
Блок-схемада бағдарламадағы барлық тармақтар, циклдар және ішкі бағдарламалар болуы қажет.

1.2 Delphi бағдарламасының құрылымы
Delphi 6 ортасын жүктегеннен кейін экранда интегралданған программаланған ортасының терезесі пайда болады: негізгі терезе, проектілеу ортасы код редакторы және объектілер инспекторы.
Экранның жоғарғы бөлігінде негізгі терезе орналасады. Онда құрал-саймандар тақтасы (Standard. View. Debug және Custom) және компоненттер палитрасы орналасады. Негізгі терезе Delphi 6 ортасы жабылмайынша ашық тұрады. Негізгі терезені жабу арқылы Delphi 6 -ны жабамыз.
Тақырыбында қазіргі ашулы тұрған проектінің аты тұрады. Проекті орындалу немесе проектілеу режимінде ашық тұруы мүмкін. Проект орындалу режимінде ашық тұрса онда [Running] сөзі қосылып жазылады.
Мәзір жолағы программаны басқарудағы, тестілеуге және құруға керекті командалардан тұрады.
Құрал-саймандар тақтасындағы түймелер мәзірдегі белгілі бір командаға сәйкес келеді. Мысалы File менюіндегі Open командасын таңдасақ та немесе Standard құрал-саймандар тақтасынан Open кнопкасын бассақ та бір нәтижеге әкеледі.Құрал саймандар тақтасындағы пернелер көмекші түсіндірмелермен (подсказка) жабдықталған.Егер тышқан курсорын перне қасына жақындатсақ онда көмекші түсіндірме шығады. Қолданушы құрал саймандар тақтасының орналасуын, көрініп немесе көрінбей тұруын Customize диалогтық терезесі арқылы өз қалауынша өзгерте алады және оларды тышқан курсоры арқылы жылжытуына болады. Customize терезесіндегі құрал-саймандар тақтасының үлгісінен тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы шақырылады.
Компоненттер палитрасындағы компоненттер арқылы программа құрылады. Компоненттер Delphi программасының негізгі элементтері болып табылады. Олар арқылы қолданбалы программаның қолданушы интерфейсін құруға көмек береді. Ең бірінші Delphi-ді жүктегенде Standard палитрасы ашық тұрады. Қолданушы өз қалауынша , компонеттер палитрасының орналасуын реттеуге болады. Осы өзгерістердің барлығын Palette Properties терезесінде жүзеге асырылады. Бұл терезені 2 жолмен шақыруға болады.
Палитраның кез-келген жерінен тышқанның оң жақ пернесін басып Properties мәзірін таңдау.

1.3 Delphi бағдарламалау тілінің құрылымы
Delphi тіліндегі бағдарламаның құрамына .drp кеңейтілуі бар жобаның файлы және .pas кеңейтілуі бар бір немесе бірнеше модульдер файлдарды кіреді
Жобаның құрылымы.
Жобаның файлы Object Pascal тілінде жазылған және компилятормен өңделетін бағдарлама. Бұл бағдарламаны Delphi автоматты түрде құрастырады және ол бірнеше жолдардан тұрады.
Delphi ортасын іске қосыңыз, Project--View Source опцияларын орындау арқылы келесі терезені шығарыңыз:
Бағдарлама Program сөзімен басталып, End сөзінен кейін қойылған нүктемен (терминатормен) аяқталады. Object Pascal тілінде коптеген арнайы сөздер әртүрлі нұсқау ретінде қолданылады, компилятор оларды солдан оңға және жоғарыдан төмен қарай оқиды. Жүйелі жақшаға алынған таңбалар түсініктеме ретінде қолданылады. Сонымен қатар, түсініктемені көрсету үшін "(**)" немесе "" белгілерін қолдануға болады.
Бірақ {$R*. RES} жолы - (жақшадан кейін бірден "$" белгісі тұрған) түсініктеме емес, ол компиляторға берілген нұсқау болып табылады. Мсыалы, жоғарыда келтірілген {$R *.RES} жолы - бағдарламаны ресурстар файлын қоса есептегенде компиляциялау керек екендігі туралы баяндайды.
Program сөзі және кейін анықталған бағдарламаның атауы - бағдарламаның тақырыбы деп саналады.
Uses (пайдалану) сөзімен басталған сөйлем бағдарламаны осы сөзбен анықталған басқа файлдарда орналасқан модульдерді қоса есептегенде компиляциялау керектігін хабарлайды. Жоғарыдағы мысалда жобаның файлымен бірген стандартты Forms және бағдарламалаушы өзі құрастырған 'Umitl.pas' файлындағы Unitl модульдерін біріктіре отырып, компиляциялау керектігі туралы берілген нұсқау.
Нұсқаудан соң бағдарламаның денесі орналасады, ол Begin сөзімен басталып, End және одан кейін қойылған нүктемен (терминатормен) аяқталады. Қарастырылып отырған бағдарламаның денесі үш орындалатын операторлардан құралған.
begin
Application Initialize,
Application CreateForm (TFmExample, fmExample),
Application Run,
end.
Әр оператор Application (Қосымша) обьектінің белгілі бір әдісін шақыру жұмысын атқарады.
Object Pascal-да обьект деп арнайы даярланған берілгендер мен оларды өңдеуде қолданылатын ішкі бағдарламалардың жиынтығынан тұратын және біртұтас болып саналатын бағдарламаның үзіндісін атайды. Обьектінің берілгендерін өрістер деп атайды және олар кез келген түрде анықталуы мүмкін. Обьектінің ішкі бағдарламаларын әдістері деп атайды.
Обьектілік типтердің негізгі ерекшелігі болып, ол обьектінің өрістерімен бірге қолданылатын әртүрлі іс-әрекеттердің жиынын ішкі бағдарламалар (процедура және функциялар) арқылы анықтауға болатындығы табылады. Берілгендердің осындай қасиетін инкапсуляция дейді. Инкапсуляция - берілгендерді өңдеудің алгоритмдерін бір бүтін құрылымға біріктіру деген тұжырым.
Обьектілік типтердің негізгі қасиеттері - функционалды толықтығы және өрістер мен әдістерінің бір-бірінен ажыратылмауы оларды бағдарламаның бөлек бір тәуелсіз бөлігі ретінде қолдануға мүмкіндік туғызады. Мұндай обьктілерді бір бағдарламадан екіншіге оңай алмастыруға болады. Бұл принципті обьектіге бағытталған бағдарламалау тәсілдерді деп атайды.
Қарастырылған мысалдағы Application обьектінің құрамында Windows бағдарламасының жұмысын ұйымдастыратын көптеген берілгендер мен ішкі бағдарламалар кіреді. Жалпы Delphi ортасы кез келген жаңа жобаның Application - обьектілік бағдарламасын автоматты түрде құрастырады.
Intialize әдісі арқылы бағдарлама Windows-тің басқаруымен әртүрлі көмекші жұмыстарды орындайды. Application Initialize әдісі шақырылғанда компилятордың құрастырған коды процессорды Delphi ортасының даяр тұрған бір үзіндісін орындатуға мұқтаж етеді. Осы үзінді орындалғаннан кейін (немесе ішкі бағдарламадан шыққаннан кейін) келесі жолдағы CreatForm әдісі орындалады және т.с.с.
CreatForm әдісі негізгі терезені құрастырып, оны экранда көрсетеді. Ал Run әдісі негізгі терезені құрастырып, оны экранда көрсетеді. Ал Run әдісі берілгендер мен оларды өңдеу туралы Windows-тан келген хабарларды қабылдайды. Close батырмасы басылғанда, бағдарламаға Windows-тан жұмысты тоқтату және жүйелі ресурстарды (жадыны және процессорды) босату туралы нұсқау беріледі.
Жобаның коды, жоғарыда айтылғандай, Delphi ортасымен құрастырылады және көртеген жағдайларда бұл кодқа киілігуге тыйым салынған. Егер бағдарламалаушы осы кодқа әртүрлі өзгерістер енгізіп киліксе, онда Delphi ортасы осы өзгерістерді алып тастауға тырысады. Сондықтан жобаның файлында ерекше кеңейтілу қолданылады және әдетте бұл код көрінбей тұрады.

1.4 Delphi бағдарламалау тілінің негізгі түсініктері
Delphi бағдарламалау тілі -- Коринф бұғазының жағалауындағы ежелгі грек қаласы Дельфы атынан алынған. Дельфы қаласының аты өнер қамқоршысы және даналық құдайы Апалон атымен байланысты болған. Аңыз бойынша Апалонның үйі Дельфыда орналасқан екен. Оның абыздары, келгендерге күн ілгері не болатыны жайлы болжаулар айтумен айналысыпты. Қазіргі кезде қаланың орны ғана қалған. Осы ежелгі есркетркішке қарағанда Delphi- жүйесі бугінгі күнде бағдарламаларды жасауға арналған кең қолданылатын жүйелердің бірі болып табылады. Delphi жүйесін Borland фирмасының бағдарламалаушылары 19 жылы жасаған болатын. жүйесі бағдарламаларды жасаудың визуалды ортасы болып табылады. Оның құрамындағы саймандар мен компоненттердің көмегімен бағдарламалар жобалары құрастырылады. Сонымен қатар Delphi жүйесі Windows амалдық жүйесі үшін және арнайы серверлер үшін бағдарламаларды жасай алады.
Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi - де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi - де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуалды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB парақшалары және т.б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дерекқорынан деректі таңдау
Бухгалтерлік есептің және аудиттің ақпараттандырылған жүйелерінің қолданыстағы бағыттары
Диспетчерлік орталықтандыру басқару негізі
Көлік құралдарының иелері
АТФ банктiң автоматтандырылған жұмыс орнын жасау
«Су ресурстары қызметі» ЖШС-ң құжат айналымын автоматтандыру
Ұйымның есеп саясатын жəне қаржылық жағдайы
Валюталық операциялардың жіктелімі
Вексельдер мен операциялар есебі және банктік карточкалармен есеп айырысу есебі
Экономикалық ақпараттық жүйе түсінігі
Пәндер