Ақын жазушылар шығармашылығындағы рухани адамгершілік
І.тарау.
1.1 Ақын жазушы шығармаларын пайдалана отырып өскелең ұрпақтың бойына рухани.адамгершілік тәрбиені және патриоттық сананы қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ...5.9 1.2 Ұрпақ бойына рухани құндылықтарды қалыптастырудағы тәлімгердің рөлі ... ... ... ... ... ... ... 10.15
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Ақын жазушылар шығармашылығындағы рухани адамгершілік туралы ұлағатты ойлары ... ... ... 16.24
2.2 Ақын жазушылар шығармалары арқылы баланың рухани.адамгершілік құндылықтарға көзқарасын қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25.27
Қорытынды :
Әдебиеттер тізімі

Жалпы адамгершілік мәселесі - терең, ірі әлеуметтік мәселелердің бірі. Сондықтан рухани- адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім беруді басты назарда ұстаған жөн. Нәтижесінде міндетін сезіне алатын, мінез-құлқы жетілген, халқының салтын жақсы білетін, елі үшін еңбек ететін патриот тәрбиелеп шығаратынымыз кәміл.
Мен өз жұмысымда рухани дамыған тұлға қалыптастыруды мынадай бағыттар арқылы жүргізуді ұсынбақпын:
Танымдық бағыт таным мәдениеті, интеллект, білім, ақыл-ой мәдениеті, шығармашылық, дүниетаным, ғылым, дін, сындарлы ойлау білу, сананы жетілдіру, өз-өзіне баға беру, шешен сөйлеу қабілеттерінен құралады.
Адамгершілік бағыт – ол жеке тұлғаның жеке қасиеттерінен тұрады: жауапкершілік, мейірімділік, әділдік, қайырымды да адал, үлкенге құрметтеп, кішіге қамқор бола білу, ар-ұятты, тән және жан сұлулығы, өзінің қадір-қасиеті, ата-ананы қадірлеу.
Ұлттық бағыт – ұлттық сана, патриотизм, ұлтжандылық, елін, туған жерін сүю, тілді, дінді, салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты құрметтеу, ұлттық спортты дәріптеу, табиғатты аялау, әдебиетті, мәдениетті қастерлеу, т.б. бөліктерден тұрады.
Әлемдік бағыт – азаматтық, толеранттылық, басқа адамның құқықтарын құрметтеу, өзге ұлттармен ынтымақтастық, полимәдениеттілік, тілдің үштұғырлығы, ұлттаралық қарым-қатынас, т.б. жатады.

1. Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж
2. «Өзіндік таным» № 2 2007 № 5-6 2006 ж
3. Бастауыш мектепте оқыту № 4 2007 ж
4. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші Орынбор, 1924.
5. Сатыбаев С Халық әдебиетінің тарихы негіздері — Алматы: 1992
6. Баймұратова. Б. Отбасындағы баланы мектепке дайындау , — Алматы: Шартарап, — 2000 ж
7. ҚР Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. 2010ж.
8. Н.Ә.Назарбаев. Әрқашан бірге, әрдайым алда болайық // Дидар. - 2006. - 28 ақпан.
9. О.Я.Сүлейменова. қазақ және неміс халықтарының дәстүрлі мәдениеттегі сабақтас этнопедагогикалық идеялардың дамуы. Автореферат. Алматы, 2004.
10. Қ.Б.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1976.
11. И.А.Қайров Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. Алматы, 1980.
12. М.М.Тілеужанов. Қазақ халықтық педагогикасының кейбір мәселелері. - Орал, 1992.
13. М.М.Тілеужанов. Халық тағылымы. – Алматы, 1999.
14.Шакаримова Ш.Ш. Рухани дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеудегі құндылық бағдарының маңызы.// Білім, 2007ж., [48-51б.]
15.Сыдықов М.Е. Жеткіншектердің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық диагностикасы.// Білім, 2007ж., [25-28б.]
16.Омарова Р.С. Шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру технологиясы. – Ақтөбе, 2007 ж.
17.Төлеубекова Р.К. Халықтық педагогика адамгершілік бастауы.// Ұлағат, -Алматы, 1992, №4, [60-61б.]
18.Каплиева А.Қ. Білім жүйесіндегі рухани-адамгершілік құндылықтар.// Қазақстан мектебі, - Алматы, №2,[ 52-54 б.]
19.Психология. Адамзат - ақыл-ой қазынасы. 10 том. – Алматы, Таймас баспа үйі, 2005ж.
20.Әбиев Ж., Бабаев С., Құдияров А. –Педагогика, «Дарын», 2004 ж.
21Каплиева А.Қ. Оқушыларға рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбие беру мәселелері.// Білім берудегі менеджмент, -Алматы, 2002ж., №4, [126-128б]

Кіріспе
І-тарау.
1.1 Ақын жазушы шығармаларын пайдалана отырып өскелең ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік тәрбиені және патриоттық сананы қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-9 1.2 Ұрпақ бойына рухани құндылықтарды қалыптастырудағы тәлімгердің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10-15
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Ақын жазушылар шығармашылығындағы рухани адамгершілік туралы ұлағатты ойлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16-24
2.2 Ақын жазушылар шығармалары арқылы баланың рухани-адамгершілік құндылықтарға көзқарасын қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25-27
Қорытынды :
Әдебиеттер тізімі:
Кіріспе:
Жалпы адамгершілік мәселесі - терең, ірі әлеуметтік мәселелердің бірі. Сондықтан рухани- адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім беруді басты назарда ұстаған жөн. Нәтижесінде міндетін сезіне алатын, мінез-құлқы жетілген, халқының салтын жақсы білетін, елі үшін еңбек ететін патриот тәрбиелеп шығаратынымыз кәміл.
Мен өз жұмысымда рухани дамыған тұлға қалыптастыруды мынадай бағыттар арқылы жүргізуді ұсынбақпын:
Танымдық бағыт таным мәдениеті, интеллект, білім, ақыл-ой мәдениеті, шығармашылық, дүниетаным, ғылым, дін, сындарлы ойлау білу, сананы жетілдіру, өз-өзіне баға беру, шешен сөйлеу қабілеттерінен құралады.
Адамгершілік бағыт - ол жеке тұлғаның жеке қасиеттерінен тұрады: жауапкершілік, мейірімділік, әділдік, қайырымды да адал, үлкенге құрметтеп, кішіге қамқор бола білу, ар-ұятты, тән және жан сұлулығы, өзінің қадір-қасиеті, ата-ананы қадірлеу.
Ұлттық бағыт - ұлттық сана, патриотизм, ұлтжандылық, елін, туған жерін сүю, тілді, дінді, салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты құрметтеу, ұлттық спортты дәріптеу, табиғатты аялау, әдебиетті, мәдениетті қастерлеу, т.б. бөліктерден тұрады.
Әлемдік бағыт - азаматтық, толеранттылық, басқа адамның құқықтарын құрметтеу, өзге ұлттармен ынтымақтастық, полимәдениеттілік, тілдің үштұғырлығы, ұлттаралық қарым-қатынас, т.б. жатады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: білім беруде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселелерін теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.Рухани адамгершілік құндылықтарын түсіндіру.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Ұрпақ бойына рухани құндылықтарды қалыптастыру;
Өскелең ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік тәрбиені және патриоттық сананы қалыптастыру
Зерттеудің практикалық мәні:
Зерттеу нәтежелерін жалпы орта мектепте өзін- өзі тану пән мұғалімдері мен педогогикалық практика кезінде студенттер пайдалана алады.
Зерттеу пәні: жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы:мектептің оқу-тәрбие үрдісі, тәрбиелік шаралар, мектептен тыс тәрбиелік жұмыс мазмұны рухани-адамгершілік негізінде құрылады және сол арқылы бүкіл мектептің тыныс-тіршілігіне оң ықпал жасай алады.
Жетекші идея: ақын жазушылар шығармаларындағы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде оқушыларға ұлттық және жалпы адамзаттық құндылыққа негізделген тәрбие кеңістігін құру арқылы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырып, өмірді құндылық ретінде бағалауға бағыттайды.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық, танымдық ілімі, жеке тұлғаның даму теориясы, құндылықтар теориясы, қазіргі жетекші философиялық қағидалар, ізгіліктілік, демократиялық, кешендік. Адамгершілік, рухани және мәдени құндылықтар жөніндегі ұлттық тәлім-тәрбие теориясы.
Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге байланысты филосорфиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік еңбектерге талдау жасау.
Зерттеудің негізгі кезеңдері. Бірінші кезең: зерттеу проблемасы бойынша материалдар жиналып, рухани-адамгершілік құндылықтар тәрбиесіне байланысты педагогикалық, психологиялық тәжірибелер жинақталып, сараланды.
Екінші кезең: оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқу пәндері және әдістемелік әдебиеттер талданып, рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға арналған оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді түрлері айқындалды, қажетті дидактикалық тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар жасалды.
Зерттеу базасы:Мектеп оқушылары
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық пәні:
1. Білім беру үрдісінде рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындадық.
2. Рухани-адамгершілік құндылықтар, ұғымдарының мәні мен мазмұны анықталды.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, және қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, объектісі, пәні, міндеті, болжамы, әдіснамалық негіздері, зерттеудің кезеңдері, зерттеудің ғылыми жаңалығы қарастырылады.
бірінші тарауда өскелең ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік тәрбиені және патриоттық сананы қалыптастыру негізінде тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне сипаттама беріледі
екінші тарауда ақын жазушылардығ шығармашылығындағы рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың мүмкіндіктері қарастырылды.
І-тарау.
1.1 Ақын жазушы шығармаларын пайдалана отырып өскелең ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік тәрбиені және патриоттық сананы қалыптастыру .
Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайдыМ.Шоқай.
Сөзімнің басын көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, танымал тұлға, белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Жоғары мектеп ғылымдар академиясының академигі, өзім ерекше құрмет тұтатын Мырзатай Жолдасбековтің Ғасыр ауысты, мыңжылдық алмасты, осылардың тоғысында тәуелсіздік, егемендік келді. Заман өзгеруде, қоғам өзгеруде, адам өзгеруде. Келешекке ой жіберіп, өткен күннің кеселін кесіп, шалдыққан дертінен айығып, құндылықтарымызды қайта қалыптастыратын, өскелең ұрпаққа ие болатын уақыт келді деген ойымен бастағым келеді. Енді сол ұрпақтан саналы да тәрбиелі, білімді, интеллектісі жоғары, креативті ойлай алатын нағыз көшбасшы шығару - біздің міндетіміз деп ойлаймын.
Ата жолынан тайып, ұлттың тілінен, дінінен безіп, өзге дінді дәріптеп жүрген жастар көбейіп барады. Еркіндіктің шексіздігі соншалық, жұрттың көбі осы күндері ұлына да, қызына да ие бола алмай қалды. Мұны бәріміз де білеміз. Көкейімізде мұның арты неге апарып соғар екен деген сұрақ тұрғаны белгілі. Бүгінгі жиналып отырғанымыздың өзі осындай өзекті мәселелердің алдын алу болып табылады. Бір-бірімізді көріп, тәжірибе алмасып, ой-пікірімізді тыңдап, тың ойларымызды қосып, соның ең қажеттісін мектептегі тәрбие процесіне енгізу.
Себебі өзектен кетпейтін, ойдан шықпайтын, абай болатын мәселе - бала тәрбиесі. Біз одан айырылсақ, бәрінен де айырылып қаламыз. Бүгін сен түзелсең, ертең ел түзеледі. Ұлы дала, байтақ жер өзінің иесін табады, бәрі де жүйесін табады, киесін де табады. Жұрттың бәрі кісіліктің жолына түссе, елдің де көсегесі көгереді. Сонда біз өнегелі ұлт боламыз.
Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізген қазақ еліне келешегінің тұтқасын ұстайтын қандай адам, қандай маман керек? Ең алдымен қандай адам қажет? Әрине, білімді және адамгершілігі мол жас ұрпақ керек екені анық. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында оқыту әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мұғалімдерге өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. В.Г.Белинский: Тәрбие - ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі десе, Д.И.Менделеев: Тәрбиесіз білім - есуастың қолындағы қылыштай деген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады.Осы бағытта- өз мектебімде жүргізіліп жатырған іс-тәжірибеммен бөліскім келеді. Мен - Теректі ауданы Шағатай ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің мұғалімімін. Бұл киелі топырақтан Кеңес Одағының және Ресей Батыры Николай Сайынұлы Майданов, Социалистік Еңбек Ері Абылғазиев Бақтығали Абылғазыұлы шыққан. Бүгінгі күні Қазақстан халқы ассамблеясының Төраға орынбасары Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы, Орал өңірі газетінің бас редакторы Ғұбайдуллин Бауыржан Файзоллаұлы, БҚО әкім аппаратының басшысы Тоғжанов Марат Лұқпанұлы, облыстық орман және аңшылық шаруашылығының басшысы Қадешов Қайрат Темірғалиұлы, Бөкей Орда ауданы әкімі Рахымжанов Нұрлан Сағынтайұлы сынды қоғам үшін еңбек етіп жүрген азаматтар да - осы мектептің түлектері. Сонымен қатар мектеп түлектерінен құралған қамқоршылық кеңесі жұмыс жасайды. Өз мектептеріне үнемі демеушілік көрсетіп, жас ұрпаққа өнегелі істерімен үлгі болуда.Осы ағаларымыздың қарапайым өмірін, еңбек жолдарын, елінің өркендеуі үшін қосып жатқан үлестерін айта отырып, шәкірттерімізді рухани-адамгершілікке тәрбиелеп, патриоттық саналарын қалыптастыруда Ы. Алтынсарин атындағы қара шаңырақтың ұстаздары елеулі еңбек етуде.
Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Жас ұрпаққа ғылыми білім берумен қатар оларды адамгершілік-рухани жағынан нағыз адам етіп қалыптастыру - қазіргі ұстаздар алдындағы келелі мәселелердің бірі.
Тәуелсіз қоғамдағы адамзаттық тәрбиенің алдында тұрған міндет - өзінің жеке пікірі мен ойының негізінде шешім қабылдай алатын, батыл келісе әрекет етуге бейім және басқалардың пікіріне тайсалмай, қиындықтарға қарсы тұра алатын, керек болса, фактілерді дұрыс бағалап, өз шешімін өзгерте алатын азаматтарды тәрбиелеу.
Біздің елімізде жастарды азаматтық, патриоттық бағытта тәрбиелеу қазіргі уақытта жастар саясаты бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі. Патриоттық рухта тәрбиелеу - болашақ ел тұтқасын ерлікке, Отансүйгіштікке, ар-намысшыл болуға, адамгершілікке уағыздайды. Осындай елжандылық сезім жастардың жүрегінен терең орын алып, оларды белсенді іс-әрекетке баулиды. 130-дан астам ұлт пен ұлыс мекендеген көпұлтты елімізде оқушыларды ұлтаралық татулық, толеранттыққа тәрбиелеу, әрбір қазақстандық ұланның ұлтына қарамай, Қазақстан - менің Отаным деп мақтанышпен айтатындай дәрежеге жеткізу - басты назарда.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бағдарламаның Тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімінде жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді басты мақсат екені көрсетілген.
Қабылданған бағдарлама аясында Ы.Алтынсарин мектебінде рухани - адамгершілік, патриоттық тәрбие жүйелі жолға қойылды. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік оқуларының да бірден-бір мақсаты нағыз көшбасшы дайындау. Қазақ халқы қай уақытта да, қандай заманда өмір сүрсе де, қарияларын құрметтеп, төрінен орын берген.
Оқушылардың ұлтжандылық сана-сезімін ояту мақсатында мектеп мұражайының да рөлі өте зор. Жалпы қандай да өткізілетін шараның мазмұнына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Бұл шаралардың оқушы бойына құйылып жатқан қажетті және болашақ өміріне пайдалы тәрбие екенін естен шығармауымыз керек. Өз отбасына, Отанына деген мақтаныш сезімін оятып, оны қорғауға әрқашан дайын болатындай рух қалыптастыру қажет. Отаншылдық сезімін өскелең жас ұрпақтың бойына ұялату, еліміздің бақытты болуының, көркеюінің кепілі.
Тұлғаны рухани - адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор екенін осыдан көруге болады. Жалпы адамгершілік мәселесі - терең, ірі әлеуметтік мәселелердің бірі. Сондықтан рухани- адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім беруді басты назарда ұстаған жөн. Нәтижесінде міндетін сезіне алатын, мінез-құлқы жетілген, халқының салтын жақсы білетін, елі үшін еңбек ететін патриот тәрбиелеп шығаратынымыз кәміл.
1.2 Ұрпақ бойына рухани құндылықтарды қалыптастырудағы тәлімгердің рөлі
Бағзы заманда елінің болашағы үшін қатты алаңдайтын бір патша елінің данагөй қартынан: Елімнің болашағын болжап берші, деп өтінген екен. Сонда қарт: Сен маған алдымен, еліңнің жастарын көрсет, содан соң жауап берем деген екен. Осы қазыналы қарияның сөзін бойтұмардай ұстанған Елбасы өз сөзінде: Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында деп атап көрсетті. Елбасы 2012 жылдың 5 қыркүйегінде өткен өзінің интерактивті дәрісін Балам дейтін ел болмаса, Елім дейтін бала қайдан болмақ деген аталы сөзбен бастады.
Еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.
Қазіргі таңда білім беру ұйымдарының мақсаты - жаңа кезеңде жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзекті мәселелерді тиімді шешілуін ұйымдастыру.
Жаһандану процесінде жастар арасында әлеуметтік тоқырау, яғни саяси және қоғамдық өмірден алшақтау, отбасылық өзімшілдік мінез көрсету, адамгершілік құндылықтар дағдарысы, шындықтан, адалдықтан бас тарту, зорлық-зомбылық сияқты құбылыстар, дәстүрлі емес діни ұйымдардың жастарымыздың санасына әсер етуі, жастардың маскүнемдік, нашақорлық секілді залал дүниелерге құмар болуы, ауыр қылмыстар жасау, адамгершілікке жатпайтын қылықтар кеңінен етек жаюда. Міне, сол себептен де жас ұрпақ тәрбиесі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Бұл мәселені ұлтының болашағы үшін жаны ауырған, аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының жандауысы дәлел бола алады. Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Біріншісі, балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын. Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, содан қорқамын, - деген.
Ұлт тұлғасының осы қорқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің құдіретіне тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне, ертегіні құмарта тыңдап, оның қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлайтын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек бола алатын ұрпақ тәрбиелеуші ұстаз ғана. Себебі ұстаз - студент үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі.
Қазіргі уақытта тұжырымдама бойынша тәрбие жұмысы 12 бағыт бойынша жүргізілуде. Олар мыналар: 1) Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие; 2) Рухани-адамгершілік тәрбие; 3) Отбасы тәрбие; 4) Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру; 5) Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру; 6) Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру; 7) Экологиялық тәрбие; 8)Эстетикалық тәрбие; 9) Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру; 10) Еңбек және экономикалық тәрбие; 11) Кәсіби шығармашылық тәрбие; 12) Интеллектуальді мәдениетті дамыту [1].
Міне, осы бағыттар негізінде тәрбие жұмыстары барлық білім мекемелерінде жүргізіліп жатыр.
Жоғарыда айтылған мәселелер төңірегінде жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу үшін осы он екі бағыт негізінде, оны жеке тұлғаның қабылдауы арқылы жүзеге асыру қажет. Тәрбие жұмысының 12 бағытын дәл қазір бір баяндаманың ішінде қамту мүмкін емес. Сондықтан мен өз баяндамамда, ең маңызды деп тапқан, рухани адамгершілік тәрбиесін қарастырдым. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтарының Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің аса маңызды шарты - бұл әлемдік бәсекелестік үрдісіне табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім деп көрсетеді [2]. Бұл жас ұрпақ бойына рухани құндылықтарды дарыту мақсатында тәрбие процесін жүргізуді қажет етеді. Сондықтан да рухани құндылықтарымызды ұрпақ санасына жеткізу, олардың бойына сіңіру - еліміздің келешегі үшін шынайы жүрегі ауыратын әр ұстаз үшін парыз.
Біз өз баяндамамызда рухани дамыған тұлға қалыптастыруды мынадай бағыттар арқылы жүргізуді ұсынбақпыз:

Аталған бағыттар бойынша рухани дамыған тұлға тәрбиелеу мақсатында университетімізде тәрбиелік тағылымдық, тәлімдік іс-шаралар жүргіземіз. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті рухани дамыған тұлға қалыптастыру үшін төмендегідей іс-шаралар кешенімен жұмыстануда:
Студенттік өзін-өзі басқару - жыл сайын қатарына 85 студент қабылдайды. Бұл студенттер университет өміріне белсене араласады. Сабақты үздік оқумен қатар, студенттерді басқару, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, қарияларға көмек көрсету, жатақхана мәселесін шешу, студенттік декан, студенттік ректор, студенттік кәсіпродақ төрайымы, Студенттер Альянсы жетекшісі, Жасыл ел, студенттер құрылыс жасағының командирлері қызметтерін атқарады.
Ақын А.Бақтыгереева атындағы Қыздар мектебі - бұл қыздардан ғана құрылған мектеп, халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Қазақстан жазушылар Одағының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, ақын, қоғам қайраткері Ақұштап Бақтыгерееваның жетекшілігімен жұмыстануда. Қазақ қызына тән тәрбиені насихаттау, қазақ қызының ерекшелігін дәріптеу, эстетикалық тәрбиені, болашақ отбасының ұйытқысы болатын ана рөлін насихаттау мақсатын көздейді.
Қажым Жұмалиев атындағы бірлестік - бұл бірлестік университетіміздегі ақын-жазушыларды еске алу кештерін, әртүрлі әдеби-сазды кештерді ұйымдастырады. Бұл бірлестік студенттер қауымы үшін рухани жағынан дамуына үлкен септігін тигізеді. Шоқан, Ыбырай, Абайлардан бастау алатын ағартушылық бағыттарды ұлықтау, ақын-жазушылардың шығармаларын, олардың тәлім-тәрбиелік мәнін насихаттау.
Мәтжан Тілеужанов атындағы этнографиялық музей - ғалым Мәтжан Тілеужанов Батыс өңірінде бастап кеткен фольклорды сараман кезінде студенттердің жинастырған халық ауыз әдебиеті үлгілерін, зергерлік бұйымдар мен тұрмыстық құралдары жинақталған. Бұл музейдің мақсаты халқымызыдың этнографиялық бұйымдарын дәріптеу, қазақ халық ауыз әдебиетін насихаттау.
Ақындар мектебі - жас талантты ақындар мен жас тілшілерді тәрбиелеу. Облыстық, республикалық мүшәйра, айтыс, сайыстарға жас таланттарды дайындау.
Ақиқат пікірталас клубы - студенттерге қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді тани білуге, солардан шығу шешімдерін таба білуге үйрету. Көп ортасында өз ойларын еркін жеткізуге, әдемі сөйлеуге үйрету, шешен де білгір қасиеттерін анықтау.
Қыздар әлемі порталы - бұл порталда ұлттық бағыт бойынша қыздармен ашық дәрістер, сырласу бағытында жүргізіледі. Қыздарға пайдалы кеңестер, тың мәліметтер, түрлі видеодәрістер берілген. Жасөспірім қыздар, бойжеткендерге қазақ тілі арқылы ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу.
Жас ғалым қоғамдық бірлестігі - студенттердің ғылыми жобалармен айналысуына септігін тигізеді. Бұл бірлестікте студенттер ғылыми тілді жетік меңгеріп, ғылыми сауаттылыққа үйренеді. Қазіргі ғылым-техника заманына сай өз идеялары мен мақсаттарын жүзеге асырады. Республикалық, халықаралық жобаларға қатысып, жүлделі орындар алып, өз идеяларын тәжірибеде іске асыруда.
Халықаралық көптілді білім беру орталығы - бұл орталық жаңадан ашылған. Бұл орталықта студенттер ана тілімен қатар өзге тілдерді үйренуге мүмкіндік алады. Полимәдениеттілікке үйретеді. Өзге ұлт, ұлыс өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау, тіліміздің қасиетін дәріптеу бағытында жұмыстанады. Бұл орталыққа студенттермен қатар магистранттар да мүше бола алады.
Сонымен, тұлғаның рухани моделін қалыптастыру рухани құндылықтардың негізгі қайнар көздері - салт-дәстүр, мәдениет, ғылым-білім, дүниетаным, адамгершілік арқылы жүзеге асады. Осы тәрбие жолында жоғарыда айтылып кеткен тәрбие мектептері үлкен рөл атқарады. Халықтың рухани дамуының түп қазығы, тірегі - мәдениет, әдебиет, дін, салт-сана, тіл деген ең негізгі құндылықтардың беріктігіне келіп тіреледі. Тәрбие саласындағы барлық өзгерістердің өзегіне осы тұрғыдан келуіміз заңды. Жастарға білім беру мен тәрбиелеу осы негізде жүйеленуі қажет деп есептейміз. Үлкен ғұлама-педагог Л.Фейербах: тәрбиенің мақсаты - бақыт, ал соған жету - қуаныш деп санаған [3]. Болашаққа Бақыт пен Қуаныш сыйлайық, ұстаздар қауымы!
2.1 Ақын жазушылар шығармашылығындағы рухани адамгершілік туралы ұлағатты ойлары
ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет. "Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральді, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек" - деді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.
Қазіргі мектептердің міндеттерінің бірі - кез келген жасөспірімге білімді меңгерту ғана емес, оның рухани - адамгершілік қасиеттерін танып, ішкі жан дүниесіне әсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін - өзі дамытуына жол көрсету.
Рухани-адамгершілік тәрбие - дұрыс дағдылар мен әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым - қатынас мәдениетінің тұрақтылығы. Рухани - адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз оқушы өміріндегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез-келген затқа, жан-жануарларға және экологияға жақсылық тілеп, қайырымдылық жасауға тәрбиелеу. Сондықтан рухани-адамгершілік білімі жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады.Жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы - руханилық. Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойында шыңдап, жетілдіруге ұмтылады.
Тұлғаның руханилық санасы - өмірдің мәнін, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын адамдарының алдындағы жауапкершілігін сезіну, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындау
Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады.Осы тұрғыдан келгенде еліміздің барлық мектептерінде тәжірибеден өтіп жатқан өзін-өзі тану пәнінің оқыту мен тәрбие үрдісіндегі орны өзгеше. Оның өзгеше болатын себебі, бұл пәннің мазмұнын мектептегі басқа пәндердегідей ғылыми тұрғыдағы білім негіздері емес, керісінше руханилық бағдардағы тәрбиелік мәнді ұғымдар, оқушылардың өзіндік Менін қалыптастыруға ықпал ететіндей дәрежедегі адамгершілік құндылықтар қамтиды.Өзін-өзі тану пәнін оқытуда оқыту үдерісіндегі ұтымдылық көрсететін оңтайлы әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасының қажетті деңгейіне жетуге негіз болады. Ол өзін-өзі тану пәні мен өзге оқу пәндерінің инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өзара сабақтасып, ықпалдасуын қажет етеді. Оқу пәндерінің өзара ықпалдасуы пәнаралық байланысты дамытуды ғана емес, ол сонымен қатар әр пәннің өзіндік мақсаты мен міндетінің айқындала, толыға түсуін де қамтамасыз етеді. Сол себепті мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан бастау алып, үздіксіз білім беру жүйесін тұтас қамтитын және болашақ 12 жылдық білім беру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz