Биологияны оқыту әдістемесін жүзеге асырудың әдіс - тәсілдерін көрсету



Кіріспе.
1.1 Биологияны оқыту әдістемесінің даму тарихы.
1.2 Биологияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
II Қазақстандағы биология ғылымы
2.1Биологияны оқыту әдістемесінің дамуына үлес қосқан әдіскерлер
2.2 Қазақстандық әдіскерлердің еңбектері
Қорытынды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім стандарты бойынша. Білім беру жүйесін реформалау, білім мазмұнын жаңарту ісі егеменді еліміздің саяси, әлеуметтік, қоғамдық даму талаптарынан туындап отыр.
Жас ұрпақты рухани өнерлі етіп тәрбиелеу - бүгінгі күннің басты мәселесі. Биологиядан білім беруді жетілдіру, дамыту үшін ең басты нысандары – оның міндетін, мақсатын анықтай отырып, ғылыми тұрғыдан білім беру жүйесінің біртұтастығын қалыптастыру барысында теориясын, методологиясын, формасы мен әдістерінің арасындағы байланыстарын ашып көрсете білу. Сондықтан методологиялық негізсіз биологияны жеке пән ретінде басқа білім салаларымен байланыссыз қалыптастыруға болмайды.
Педагогикалық әдебиетте пәнаралық байланыстың тұтас алғандағы психологиялық-педагогикалық және дүниетанымдық маңызыннегіздейтін материалдарды көптеп табуға болады.Пәнаралық байланысты іс жүзінде орнату әдетте пән мұғалімдеріне жүктеледі. Бірақ бұл бағыттағы мүмкіндіктер әлі толық ашылған жоқ. Пәнаралық байланыстардың екі тобын бөліп көрсетуге болады. Біріншісіне педагогикалық жоғары оқу орындарында бардарлама бойынша оқытылатын мазмұндас пәндер (математика мен физика, биология мен география және басқа) арасыңдағы байланыстар жатады. Мұндай байланыстар тиісті пәндердің мұғалімдері үшін түсінікті болғандықтан ондай байланыстар орнату алып бара жатқан қиыншылық туғызбайды.
Ғылымның әр саласындағы білімнің мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық процесс кезінде бір міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың танымдық қызығуының артуына тікелей байланысты. Орта білім беру мәселесі қоғамды дамытуда ұдайы өндірісте, ақыл-ой, шығармашылық қабілетті жетілдіруде аса маңызды роль атқарады. Жеке адамның дамытуының қозғаушы күші экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде құбылыстар мен дәйектерді талдай білуде, шығармашылық түрде тез арада ойлайнып шешім қабылдауға үйрену өзекті мәселелердің бірі.
1 Мырзабаев А.Б., Биологияны оқыту әдістемесі, Қарағанды, 2006.
2. С.Г.Мамонтов, В.Б. Захаров, Н.И.Сонин, Ә.Қ.Қисымова «Биология. Жалпы заңдылықтар». Оқулық, А.2006.
3.Валиева М. Білім беру технологиялары және оларды оқу тәрбие үрдісіне енгізу жолдары. Алматы, 2002.
4. Н.И.Сонин, Ә. Қ. Қисымова «Биология. Тірі организм». Оқулық, А. 2006.
5. В.Б. Захаров, С.Г.Мамонтов, Н.И.Сонин, Ә.Қ.Қисымова « Жалпы биология.
6.Өстемиров К. Оқыту құралдарын пайдалану негіздері. Алматы, 2002.
7. Н.И.Сонин, М.Р.Сапин, Ә.Қ.Қисымова «Биология.Адам». Оқулық, А.2004
8.Юсупов Б.Ю. Мұғалімге тән педагогикалық қасиеттер. Алматы. 1999ж
9.Чепиков М.Г. Интеграция науки (философский аспект). – М.: Наука, 1981
10.Зверев И.Д. Межпредметные связи как педагогическая проблема Советская педагогика. – 1974. − №12(3).
11.Максимова В.Н. Межпредметные связи в процессе обучения. – М.: Просвещение, 1988. - 192 с.
12.Бейсенбаева А.А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру: жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. − Алматы: РБК, 1995. - 117 б.
12.Шолпанқұлова Г.К. Қазақстанның педагогика ғылымында пәнаралық байланыстың дамуының тарихи-ғылыми негіздері: пед. ғыл. док. ... дис: .00.01. – Алматы, 1997. - 289 б.
13.Баянбаев Ж. Б. «Педагогика» Астана 1998 ж.
14.Аймауытов Ж.Шығармалары, Алматы «Жазушы» 1989 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.

Зерттеудің көкейкестілігі.Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім стандарты бойынша. Білім беру жүйесін реформалау, білім мазмұнын жаңарту ісі егеменді еліміздің саяси, әлеуметтік, қоғамдық даму талаптарынан туындап отыр.
Жас ұрпақты рухани өнерлі етіп тәрбиелеу - бүгінгі күннің басты мәселесі. Биологиядан білім беруді жетілдіру, дамыту үшін ең басты нысандары - оның міндетін, мақсатын анықтай отырып, ғылыми тұрғыдан білім беру жүйесінің біртұтастығын қалыптастыру барысында теориясын, методологиясын, формасы мен әдістерінің арасындағы байланыстарын ашып көрсете білу. Сондықтан методологиялық негізсіз биологияны жеке пән ретінде басқа білім салаларымен байланыссыз қалыптастыруға болмайды.
Педагогикалық әдебиетте пәнаралық байланыстың тұтас алғандағы психологиялық-педагогикалық және дүниетанымдық маңызыннегіздейтін материалдарды көптеп табуға болады.Пәнаралық байланысты іс жүзінде орнату әдетте пән мұғалімдеріне жүктеледі. Бірақ бұл бағыттағы мүмкіндіктер әлі толық ашылған жоқ. Пәнаралық байланыстардың екі тобын бөліп көрсетуге болады. Біріншісіне педагогикалық жоғары оқу орындарында бардарлама бойынша оқытылатын мазмұндас пәндер (математика мен физика, биология мен география және басқа) арасыңдағы байланыстар жатады. Мұндай байланыстар тиісті пәндердің мұғалімдері үшін түсінікті болғандықтан ондай байланыстар орнату алып бара жатқан қиыншылық туғызбайды.
Ғылымның әр саласындағы білімнің мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық процесс кезінде бір міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың танымдық қызығуының артуына тікелей байланысты. Орта білім беру мәселесі қоғамды дамытуда ұдайы өндірісте, ақыл-ой, шығармашылық қабілетті жетілдіруде аса маңызды роль атқарады. Жеке адамның дамытуының қозғаушы күші экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде құбылыстар мен дәйектерді талдай білуде, шығармашылық түрде тез арада ойлайнып шешім қабылдауға үйрену өзекті мәселелердің бірі.
Жалпы оқу - тәрбие жұмысын тиімді ету оқушылардың оқу-таным әректтерін белсендіру, оқуды ғылыми негізде ұйымдастырудың және оқушылар мен оқытушының ғылыми қызметінің ықпалды бірігуі, сондай-ақ жеке адамның белсенді қалыптасуы жоғарғы мектептің ғылыми әдістемелік негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Соған орай оқу үрдісінде пәнаралық байланыстар орнату - маңызды да күрделі міндет. Оның мәні оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге кешенді келу тұрғысында ерекше артады.

Зерттеудің мақсаты: Биологияны оқыту әдістемесін жүзеге асырудың әдіс - тәсілдерін көрсету және пәнаралық байланыстың тиімділігін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
-Биологияның педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орнын анықтау;
-Биология курсының пәнаралық байланыстарын айқындай отырып, ғылыми тұрғыдан сипаттама беру;
-Биологияның басқа пәндермен байланысын көрсету;
-Биологияны оқытуда пәнаралық байланысты қолданудың тиімділігін көрсету.
Зерттеу обьектісі: биология әдістемесін қалыптастыру.
Зерттеу пәні:биологияны оқытуда пәнаралық байланыстарды пайдалану әдістемесін қолдану үрдісі.
Курстық жұмыстың практикалық құндылығы.
-пәнаралық байланыстарды пайдалану негізінде оқушы белсенділігін дамыту мүмкіндігінің теориялық негізделуі;
- жасалған тұжырымдармен, алынған нәтижелерді жаңа әдістемелік көмекші құралдармен нұсқаулар жазған кезде пайдалануға болатындығы.
Жұмыстың құрылымы өзектілігі, зерттеу объектісі мен пәнімен, мақсаты мен міндеттерімен қамтылған.
Курстық жұмыс: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1Биологияны оқыту әдістемесінің даму тарихы.
Биологияны оқыту әдістемесі - мектепте өтілетін пәндерді оқыту және тәрбиелеу процесі туралы ғылым.
Методика - оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің формасын, әдісін қарастырады. Методика - оқу жұмысына керекті құрал-жабдықтарды анықтайды.
Биология пәндерін дұрыс оқыту үшін жақсы жабдықталған бөлме, тірі табиғат бұрышы, мектеп жанындағы оқу - тәжірибе алаңы керек.
Биология оқыту методикасы - жалпы методика және жеке пәндердің методикасы деп екіге бөлінеді.
Жалпы методика лекция түрінде беріледі, бұл жаратылыстану пәнінің шығу тарихын, алғашқы шыққан оқулықтар, методиканың даму тарихын, түрлі тәрбиелер, оқыту әдістерін, сабақ-оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы екендігін, биологияға арналған сыныптан тыс жұмыстарды (үйірме жұмыстары және көпшілік-қоғам жұмыстары т.б.), биология кабинетін жабдықтау, тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру, жабдықтау, мектеп жанындағы оқу-тәжірибе алаңын жоспарлауды қарастырады.
Жеке пәндердің методикасы - зертханалық сабақтар түрінде жүргізіледі және олар: оқытудың әдісін анықтау, оқу материалының мазмұнын толық меңгеріп, оған қажетті көрнекі құралдарды іріктеп алу және қосымша материалдарды пайдалану, тәжірибесін қою, жасау, тақтаны пайдалану т.б.
Революциядағы дейінгі кезең. Жаратылыстануды оқу пәні ретінде мектепке еңгізудің себептері. В.Ф.Зуев 1-ші жаратылыстану оқулығының авторы. 1804 жылғы мектеп реформасы. Мектеп жаратылыстанудағы суретті-жүйелілік бағыты, оның мазмұнында К.Линней системасының көрініс табуы. 19-ғасырдың 2-ші жартысындағы жаратылыстанудың жағдайы. Жаратылыстануда оқыту әдістемесіндегі Любендік және эволюция-биологиялық бағыт. Рулье К.Ф. жұмыстарының, Ч.Дарвин жаңалықтарының мектеп жаратылыстануындағы табиғатка деген метафизикалық көзқарастарға қарсы күрестегі ролі. Д.Н.Кайгородов, оның табиғатты зерттеудегі көзқарастары. В.В.Половцев, оның отандық жаратылыстану әдістемесін дамытудағы ролі.
Б.Е.Райков, оның революцияға дейінгі және советтік кезеңдердегі отандық жаратылыстану әдістемесін дамутыдағы ролі.Советтік жаратылыстану әдістемесінің тууы. Мектеп жаратылыстануына қойылған жаңа талаптар. Оқушыларда коммунистік тәрбие мен материалістік көзқарасты қалыптастыру, атеистік тәрбие. Мектептегі биология курсының негізі. Оқытудағы өлкетану принципі. Биологияны оқутыдағы оқушыларды политехникалық принципте оқыту және еңбекке тәрбиелеу. [26]
Биологияны оқыту әдістемесінің одан әрі дамуындағы М.М.Беляев, П.П.Боровицкий, В.В. Всесвятский; М:М. Мельников, В.Ф.Нотали, И.П.Полянский, Б.Е.Райков,М.Я.Цузмердің және т.б. еңбектері, маңызы.
50-ші жылдардағы биологияны оқыту әдістемесінің дамуы, Н.М.Верзилиннің, Н.А.Райковтың, В.М.Корсунская және т.б. еңбектері. Биология ғылымының жаңа бағыттарындағы: (цитология, биохимия, генетика, экология және табиғат қорғау) жетістіктері пайдалана отырып, биологияны оқыту мазмұнын жетілдіру. Биологиялық білім бері құрылымындағы өзгерістер, Мектепте жаңа Жалпы биология пәнінің, оқушыларға арналған оқулықтардың және студенттермен мұғалімдер үшін әдістемелік көмекше құралдардың пайда болуы. Орта білім беру жүйесіндегі биологиялық білім берудің қазіргі заманға сай, қоғам сұрасына қарай өзгерістері. Қазақстандық биолог ғалымдар мен әдіскерлердің және озат пән мұғалімдерінің іс тәжірибесі.
Қазіргі кезде пәнаралық байланысты педагогика ғылымының басты мәселесі болып отырған жағдайда оны жан-жақты қарастыру барысында біздер көрнекі философ, психолог, педагог еңбектерінде талқылау жасадық. Мұнда философ Б.М. Кедров адамның дүниетанымын қалыптастыруға әр түрлі пәндердің өзара әсерінің мәнін көз жеткізе баяндаған. М.Б.Кедров өзінің еңбектерінде ғылымда пәнаралық байланыс мәселесіне жаңа әдістемелік тұрғыдан қарауды талап етеді. пәнаралық байланыс проблемасы бүгінгі күнге дейін бір ғылымға бір пән, керісінше бір пәнге бір ғылым ғана бір-бірімен өзара байланысты болып шектеліп тәрбиеде қолданып келгенін көрсетіп, ол қазіргі кезде бір пәнді бірнеше ғылым өзара әрекеттесіп жан-жақты қарастыра бастағанын дәлелдейді. Сонымен ғылымның зерттеуінде бір ғылым тек өзінең тиісті пәнмен ғана емес, қайта көптеген басқа пәндермен бірлікте болуы қажеттігі айқындалған. [29]
Соңғы кезде пәнаралық байланыс ұғымы ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде жаңа мәнімен енгізіле бастады және оны білімдердің, танымдардың, сенімдердің адамның психологиялық ойлауының жиынтығы деп түсінуіміз керек. пәнаралық байланыс ұғымы табиғат-қоғам - адам ойың жүйесінде білім негізін пәнішілік қатынастарды және ғылымдардың интеграциялануын реттеуші қызметін жүзеге асырады.
Біз анықтағандай пәнаралық байланыс білім және тәрбие міндеттерін шешуде ерекше рөл атқарады. Мектептегі білімдер жүйесі өздерінің мазмұны жағынан комплексті. Олардың мәні және меңгерілуі пәнаралық деңгейде жүзеге асуы тиіс. Мәселеге тек осылай келгенде ғана шәкірттерге ақиқат дүние біртұтас жүйе екен деген түсінік қалыптасады. Бұл жүйеде барлық элементтерді біріне-бірі ықпал жасайтындығын, процестер өздерінен өздері туындап жататындығын мұғалім білуі керек.
Биологияны оқыту әдістемесінде ұғымдарды қалыптастыру мен дамытуға бұрыннан бері зор көңіл аударылады. Н.М. Верзилиннің жетекшілігімен Биологиялық ұғымдарды дамыту теориясы жасалды (1956). Бұл еңбек биологияны оқыту әдістемесіне маңызды оқиға болды. Теория мектеп курстарында және жалпы алғанда биология пәнінде оқу материалын таңдауды анықтауда және орналастыруда ғылыми қор (база) жасады, оқыту әдістері мен тәрбиені қайта қарауға әсер етті. Ұғымдарды дамыеу теориясы арнайы зерттеулер аясында, оның ішінде биологиялық ұғымдардың арнайы топтарын (табиғаттанушылық, , экологиялық, эволюциялық физиологиялық, систематикалық, генетикалық т.б.) дамудың тиімді әдістемесін жасауда, оқушылардың өз беттерімен ойлай алуын дамытуда, орта мектепте биологияны оқыту әдістерін дамытуда біраз бағыттарды белгіледі.
Мұғалім ұғымды жетілдірудің барлық жолдарын, оның бір-біріне араласуы, қосылуы жағдайларын білуі керек. Жалпыбиологиялық басты ұғымдарды ажыратып, олардың тақырыптан тақырыпқа , курстан курсқа қарай жылжуын бақылап отырған дұрыс.
Жасуша жөніндегі тақырыптарда оқушылар жапырақтың қарапайым құрылысымен танысып, жекелеген ұлалар жөнінде мағлұматтар алады. Жемістер және Тұқым тақырыптарында олардың түрлерімен, құрылыстармен танысып қарапайым түсініктер алады. Тамыр тақырыбында құрылысы мен суды сору қызметі жөнінде мағлұмат алады, Жапырақ тақырыбында оның ішкі және сыртқы құрылысы жөнінде түсініктер бар. Осы сыныпта берілетін зат алмасу Фотосинтез, Жапырақтың суды буландыруды және Өсімдіктердің тыныс алуы деген тақырыптар күрделі де маңызды зат алмасу ұғымы жөнінде мағлұмат береді, бұл тіршілік әрекеттерімен және тіршілік жағдайларымен байланысты болғандықтан ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Осы жердегі ұстаздың міндеті ұғымдардарды дамытуда жалпы өсімдіктерде қандай үрдістер жүретіндігі және олардың байланысының қандай жағдайларын түсіндіру.
Ұғымның дамуына себін тигізетін: оқу материалын баяндау логикасы: қорытындылауды талап ететін мәселелерді қою: анықтау, салыстыру, жіктеу сияқты қабілеттерді жаттықтыру: ескі білімді жаңамен байланыстыратын қайталау жүйесі, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар, сұрақтар беру.
Биологиялық ұғым тек сол уақытта дұрыс қабылданады, егер оқылатын құбылыс не зат жөнінде анық түсінік болса, яғни тікелей қабылдау, бақылау, көру болса. Биологияны оқытуда оған тән ерекшелік- оқылатын затты қарау және зерттеу.
Ұғымдардың алғашқы пайда болуына аса маңызды болатын- тірі нысандарды көру. Ұғымдарды одан әрі дамытуда тірі нысандардан басқа, әртүрлі жасанды көрнекіліктер: кестелер, сызбанұсқалар, суреттер, кинолар жақсы көмек болады.

Биологияны оқыту барысында тәрбие беру элементтерінің жүйесі казіргі коғамның жалпы талаптарына сай келеді. Бұл жүйе тәрбиелеудің мынадай элементтерінен тұрады:
1. Ғылыми дүниетанымды калыптастыру;
2. Патриотттық тәрбие;
3. Еңбек және экологиялық тәрбие;
4. Гигиеналық, жыныстық және дене тәрбие;
5. Эстетикалық және әдептілік тәрбие.
Оқу материалының мазмұны және оны оқыту әдістері мен формаларына, танымдылық процессіне сәйкес тәрбие беру жүйелі түрде іске асырылады. Бұндай тәрбие тек кана бүкіл педагогикалық процесстің бір бағыттылығымен жүзеге асады.
Биологияны оқытуда мұғалім жан-жакты тәрбиелеудің барлық мүмкіндіктерін қолдана алады. Сонымен бірге мұғалім өз пәнінің спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын жүргізеді. Оған көптеген мүмкіншіліктер бар. Мысалы, биологияны оқытудағы көптеген түрлі формалар: сабақ, сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар, мектепіші және мектепаралык жұмыстар, топсеруендер, оку-тәжірибе учаскесіндегі жұмыстар, оқушылардың жазғы экологиялык лагерде демалуымен қатар табиғаттағы құбылыстарды, тірі организмдерді зерттеу жұмыстары т.б.
Оқыту мен тәрбиелеу бір-бірімен байланысты күрделі процесс. Сондыктан да, оны жүзеге асыру мұғалімнен көп біліктілік пен шеберлікті талап етеді. Тәрбие беру дегеніміз - оқушының пәннен алған білімінің сенімге айналуы, ал сенім одан әрі жүйеге, көз қарасқа қалыптасады.
Сенім әр бір жеке тұлғаның адамдарға, қоршаған әлемге қарым-қатынасында, әдетінде жүріс-тұрысында және іс-әрекетінде айкындалады.
Биологияны оқыту арқылы тәрбиелеудің барлык мүмкіндіктерін бір-бірімен байланысқан белгілі элементтерге жатқызуға болады.
Патриоттық тәрбие. Окушыларға патриоттық тәрбие беруде сабақта және сыныптан тыс жұмыстарға ғылыми жаңалықтардың тарихымен, өз елінің және басқа елдердің көрнекті ғалымдарының ғылыми қызметімен, ғалымдардың отандық және әлемдік ғылымның дамуына қосқан үлестерімен танысу және оқушылардың туған жерінің табиғатын корғауда қосатын үлесі т.б. үлкен мәні бар.
Патриоттық сезім, сондай-ақ туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімі сыныптан тыс жұмыстарды қызықты ұйымдастырғанда арта түседі. Мысалы, ҮІ-ҮІІ сыныптың жас натуралистер станциясында атқаратын жұмыстың мақсатын былай белгілеуге болады: мектеп оқушылары мен жергілікті халық арасында туған табиғатты байыту және қорғау идеясын насихаттау; мектеп оқушыларын табиғаттың сұлулығын сақтап, оны өзгерту, қайта жасау, түсіну және көре білуге үйрету; оқу-тәжірибе учаскесінде және тірі табиғат мүйісінде жұмыстар жүргізу, туған өлкеге жорықтар, экскурсия жасау кезінде өсімдіктер мен жануарлар әлемін терең оқып үйрену жолдары арқылы табиғатты сүюге тәрбиелеу. Осы негізде мына тақырыптарды жоспарлауға болды:
· Туған өлкенің табиғатын қорғау: корғауға жататын зерзаттарды айкындау ұзақ жасайтын емен, сирек кездесетін өсімдіктер немесе жануарлар, бақ архитектурасының ескерткіштерімен танысу;
· Құстарды, балықтарды, аңдарды және пайдалы жануарларды қорғауды ұйымдастыру, жемшашарлар даярлау және кысқы уакытта құстарды қосымша жемдеу, браконьерлерді айқындап, үлкендерге көмек беру, құстардың пайдасы және оларды корғау және т.б. туралы бастауыш сынып оқушыларымен әңгіме өткізу, "Жасыл ел" бағдарламасымен жұмыс істеу.
· Туған - өлкенің табиғатын байыту пайдалы жануарларды бағалы терілі аңдарды, балықтарды жазда мекенге жерсіндіруге көмектесу; мектеп орналасқан аймақта әлі таралмаған халық шаруашылығына ерекше маңызы бар сүректі, бұта және шөптесін өсімдіктерді өсіру; туған өлкені көгалдандыру мектеп орналаскан елді мекенге және мектептің айналасына бақтар мен парктер, скверлер, гүлзарлар жасап кою.
· Туған өлкенің табиғатын зерттеу мақсатында туған өлкеге топсеруен ұйымдастыру өткізу жылдың әр маусымында - күзде, қыста, көктемде, және жазда жүргізіледі; туған өлке табиғаты туралы әдеби мағлұматтар жинау және оны оқып үйрену; мектептің өлкетану музейін кұру.
Еңбек және экологиялык. тәрбие. Биологиялык білім берудің маңызды мәселелерінің бірі - оқушыларды өмірге, мамандық тандауға және еңбек етуге баулиды.
Өндірісті тек материалдық жағынан, ал еңбекті физикалық заттармен операция жасау жиынтығы ретінде түсінік беру соңғы кезде осы мәселенің шешімінің методологиялык негізі болып есептелген. Осыған орай рухани өндіріс ескерілмей, ал кәсіптік бағдарлануы жалпы мамандықтармен танысумен шектелген. Бұл жағдай оқушылардың интеллектуалды потенциалының төмендеуіне, де себепкер болды.
Биологияны оқыту барысында оқушы барлық өндіріс ортасының (материалды, рухани) технологияларымен танысып, өзінің күшін эмпирикалық, теориялык және конструктивті мәселелерді шешуде байкау қажет. Сонда ғана оқушы өзінің таңдаған болашак мамандығына психологиялық жағынан дайын болады. Бұл өте маңызды шарт болып есептеледі.
Еңбек тәрбиесін беру - адамның бүкіл өмірін қамтитын біртұтас жүйе болуы тиіс.
Экологиялык тәрбие берудің басты мақсаты - адамның табиғатпен бірлестігінде және оның мәдениеті мен барлық практикалық іс-әрекетінің табиғатты пайдалануға емес, тіпті оның алғашқы түрін сақтау да емес, табиғаттың қоғамдық дамуына ыкпал етуіне негізделген адамның жаңа ой, көзқарасының қалыптасуы, әр бір адамның өнегелік қасиетін нығайту болып табылады. Мұндағы принцип адамзаттың әрі қарай дамуы тек табиғаттың дамуымен, оның көптүрлілігі мен байлығына байланысты болашағына негізделген.
Экологиялық тәрбие беру ерте жастан басталу керек. Отбасында және мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемелерде бала қоршаған әлем, табиғат туралы алғашқы түсініктер алып, өсімдіктер мен жануарларды қорғаудың, сулардың, ауаның, жердің тазалығын сақтаудың қажеттілігі және пайдалығын түсінетін болады.
Экологиялық тәрбие беруде орта мектептің мүмкіншіліктері ерекше. Өйткені, мектеп табалдырығынан аттап бастағаннан окушы жүйелі білім алуымен қатар тәрбиеленіп, оның әлемге деген көзқарасы дамиды. Мектепті бітіріп, кәмелетке жеткен кезде оқушының әлемге деген көзқарасы біршама қалыптасады.
Оқушының экологиялык мәдениетін калыптастыруда сабақтан тыс және сыныптан тыс тәрбие беру жұмыстарының аса зор ықпалы бар. Бұл жұмыстың табысты болуы мынадай жайларға тәуелді:
оқушыларды тәрбиелеудегі қойылған максатты айкын жете түсіну;
· экологиялық тәрбие беру процессінің құрылымының компоненттерін анықтау тұрғысында: мақсатын, міндетін, принциптерін, мазмұнын, әдістерін пайдалану жағдайлары, нәтижелерді анықтау әдістері;
· дәстүрлі және активті формалар мен әдістерді, теориялық және практикалық жұмыстарды тиімді үйлестіріп қолдану;
·экологиялык тәрбие беру процессіне ата-аналарды белсендіре қатыстыру;
· оқушылардын, практикалық жұмыстарын нығайту;
· оқушылардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру және жергілікті және халықаралық экологиялық ұйымдар жұмысына тарту.
Мектептегі экологиялық тәрбие берудің соңғы мақсаты -білім негізінде оқушылардың өнегелік касиетін нығайту. Ол қасиеттерге: адамның табиғат жайында, ондағы өзара күрделі байланыстарды, адамзатпен табиғат арасындағы қарым-қатынастары жайында білімі, табиғатка және оны корғау мәселелеріне ықыласы; өнегелі сезімдер (сүйіспеншілік, аяныш, т.б.) және эстетикалық (масаттану, тандану, сүйсіну, т.б.) коршаған ортада адамның өзін әдепті ұстауы жатады.
Мұндай жұмыстың табысты болуы мүғалімнің біліміне, шеберлігіне байланысты. Биология мұғалімнің экологиялык тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде барлық мүмкіндіктері бар. Тәрбие жұмысын жүргізу мектептің барлық мұғалімдерінің міндеті. Басқа пән мұғалімдерінің бұл істі жүзеге асыруға базалық білімі жетісе бермейді. Сондыктан, кез келген мектепте экологиялық тәрбие беру жұмысы биолог-мүғалімге арттырылады: мектепшілік, мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру (танымдылық, практикалык, танымдылық-көңіл көтеретін, қайырымдылық, т.б.) және басқа пән мұғалімдеріне кеңес беріп, жәрдем көрсету. Биологиялык білім берудің мәселелерінің бірі - гигиеналық және жыныстық тәрбие беру.
Оқушылардың биология сабағында алған білімдері өздерінің өмірін бағалап, гигиеналык талаптардың маңызын терең түсінуге мүмкіндік туғызады. Гигиеналық тәрбиенің денсаулык сактауға пайдалығын түсіну адамның өзінің денсаулығына қатынасы өзгеріп, өмірін гигиеналык тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруға әкеледі.
Гигиеналык дағдының қалыптасуы адамның өзін-өзі тәрбиелеумен тікелей байланысты.
"Тәнтану" және басқа да биологиялык курстарды оқыту барысында оқушыларға гигиеналық тәрбие берудің негізгі мәселелері: тамақтану, ұйқы, еңбек, демалыс, дене, киім, аяқ киім, т.б. гигиенасымен ғылыми тұрғыдан таныстыру және дағдыландыру болып есептеледі.
Гигиеналық және әдептілік тәрбие берудің киын бір саласы - жыныстық тәрбие.
Жыныстык тәрбие - бұл жыныстык дамудың физиологиялык және психологиялық ерекшеліктерімен байланысты гигиеналык және әдептілік дағдының қалыптасуы.
Биологияны окыту барысында окушылардың жыныстық мәселелерге дұрыс қарым-қатынасының қалыптасуына биологиялық білімдер және ұл мен қыз арасындағы карым-қатынастың әдепті-этикалық нормада болуы жәрдемдеседі. "Тәнтану" курсын оқығанда оқушылар адамның ұрықтарының мәнімен, баланың жас организмінің жетілу ерекшеліктерімен және дене шынықтыру мен спорттың маңызымен танысады.
Өсімдіктану және зоология курстарын окығанда окушылар биологиялық түрді сақтауды қамтамасыз ететін, организмдерінің көбеюінің жалпы биологиялық маңызымен танысады.Оқушылардың биология сабақтарында алған білімдері әдептілік-гигиеналык тәрбие алуына жеткіліксіз. Сондыктан, биолог-мұғалім басқа пән мұғалімдері және медицина кызметкерлерімен бірігіп сыныптан тыс жыныстық тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыруы тиіс.
Жыныстық тәрбие беру процессінде оқушыларға дұрыс өмір сүру принциптері, жыныс гигиенасы, жыныстык қатынастан жұғатын соз ауруларының себептері мен зардабы, СПИД жайлы білім беріп, жыныстық катынастардың моральды-әдептілік негіздерін талқылау қажет.Жыныстык тәрбие беру әдептілік тәрбиенің қиын саласы болып есептеледі, сондықтан да бұл мәселені жан-жакты қарастыру керек.
Дене тәрбиесі әр бір мектепте, оқыту жүйесіне байланысты, дене шынықтыру сабақтарында, күнделікті жаттығу кезінде, спорттық үйірмелер мен секциялардың сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарында, спорт мектептерінде жүргізіледі.Дегенмен, дене тәрбиесінің міндеті тек оқушыларды жаттықтыруда емес. Оған коғамдық, еңбектік және тұрмыстык жеке гигиенасы және күнделікті еңбек тәртібімен байланысты қарастырылады. Осы айтылған мәселелердің барлығы адам организмімен танысқанда ғылыми негізделуі керек.
Эстетика - көркемдік, әсемдік зандылыктарын, жағдайларын және элементтерін зерттейтін ғылым.
Эстетикалық тәрбиелеу эмоцияның, көркемдікті ұнату, әсемдік сезімнің дамуына бағытталған.
Мейірімділік (этика) сезімді және әсемдік (эстетика) сезімді тәрбиелеу тығыз байланысқан процесс.
Табиғат әдептілік нормаларға тәуелсіз болғанымен, оның объектілерін зерттеу және қорытындылау оқушының әдептілік тәжірибесін арттырып, дамытады.
Алғашында әдептілік адамның адамға катынасындағы адамгершілік сезімімен аныкталады. Бірақ адам табиғаттың тек бір бөлігі ретінде - бірінші орынға өзінің табиғатка қатынасын қою керек.

1.2 Биологияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Биологияны оқыту әдістемесі психология пәнімен тығыз байланысты. Әр сыныптың оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты мінез-құлқын біліп, әр жасқа әртүрлі түсіндіре білу. Психиканың заңдылықтарын білу оқыту мен тәрбиелеудің тиімді құралдары мен әдістерін табуына көмектеседі. Соңғы кездері әдістемелік зерттеулер кеңінен психология мәліметтеріне негізделеді.
Әдістемелік ғылым, психология мәліметтері дидактиканың заңдылықтары мен принциптері тікелей және жанама әдістері арқылы қолданады. Әдістемелік ғылым ішіндегі негізгі психологтың бірі А.С. Выготский өз еңбегінде ... .білім беру оқушының кешегі күніне емес, ертеңгі күніне көзделуі керек. Демек, дұрыс ұйымдастырған оқыту үрдісі алда жүріп, даму процессін жетілдіру керек деген.
Биологияны оқыту әдістемесінің тіл әдебиетпен байланысы.
Сабақтың мазмұнын түсіндіргенде әдеби тілмен жатық, түсінікті сөйлеуге тырысу. Кейде тақырыптың мазмұнына байланысты тіл әдебиет пәндерінен үзінді келтіруге болады.
Оқыту әдістемесінің география пәнімен байланыстылығы.
Сабақтың мазмұнына байланысты объектілердің кездесетін материктерін көрсету, мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын көрсетуге болады.
Биологияны оқыту әдістемесі пән ретінде мектеп, гимназия колледждердің биолог оқытушылары мен ұстаздарын дайындауда аса маңызды болып есептеледі.
Әдістеменің міндеттері. Әдістеме көмегімен жасалған теориялық жағдайларды практикалық әрекеттер түріне айналдыру.
Биологияны оқыту әдфістемесі биологияны оқытудың заңдылықтарын белгілейді.
Орта мектептегі білім мен тәрбие берудің маңызын анықтайды.
Оқу пәнінің мазмұнын қайта қарайды, толықтырады, жақсартады.
Оқытудың әдістерін жасап береді.
Сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстардың мазмұнын, әдістерін жақсартады.
Алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін негізге ала отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жақсартуға жөн сілтеген жаңа әдістер жасайды.
Биология кабинетінің, тірі табиғат мүйісінің, оқу-тәрбие алаңының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің міндеті зерттеу іскерліктерін зерттеу бойынша қызметті ұйымдастыру
БОӘ дамуына үлес қосқан Қазақстандық әдіскерлер және олардың еңбектері
Педагогикалық жүйедегі сараланған оқыту деңгейлері
Биологияны оқыту үрдісін жетілдіруде ақпараттық технологияның маңызы
Биология сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту
Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы
Биология сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін іске асыру
Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстардың қызметтері
Биологияны оқытудағы пәнаралық байланыстар
Биология сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Пәндер