Ағылшын тілінен қазақ тіліне эпитеттерді аудару ерекшеліктері


АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ЭПИТЕТТЕРДІ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі таңда ағылшын тілінен қазақ тіліне стилистикалық құрал, яғни эпитеттерді аудару барысында аудармашылар көптеген қиындықтарға тап болады, себебі көркем әдеби шығарамаларда ағылшын тілінен қазақ тіліне эпитеттердің тікелей аудару жолдары терең зерттеуді талап етеді. Өйткені ағылшын тілінен қазақ тіліне деректі түрде тікелей көркем шығармалардың аударылғаны өте аз, көбінесе бұл әдеби шығармалар орыс тілі арқылы аударылады. Аударма теориясының ең өзекті мәселелерінің бірі - тілдің стилистикалық құралдарын жеткізу мәселесі болып табылады.
Бұл мақаланың мақсаты болып түпнұсқа мәтінді аударудың теориялық сұрақтарын, стилистикалық құралдарды ағылшын тілінен қазақ тіліне көркем аударудың тәсілдерін анықтау, зерттеу болып табылады.
Стилистика- тілдің әр түрлі көріктеу құралдарын, қайткен күнде тілдегі әрлі де сезімге қаныққан /эмоционалды- экспрессивті/ бейнелі сөздерді, сөз тіркестерін табу, сөйлемдерді белгілі бір мақсатқа сай етіп, сөз бен сөз тіркестер орындарын дұрыс қиюластырып, жатық құрылуын амал-тәсілдерін үйрететін тіл туралы ғылым. Функционалды стильдер мен стилистикалық құралдарды зерттеудің маңызы аударма үшін өте зор [1; 120] .
Эпитет - бұл адамның жеке көз қарасы ретінде құралатын сапа, суреттелетін құбылысты ерекшелеуге негізделген стилистикалық құрал. Эпитет әрдайым жеке, оны эмоционалды бояуы, эмоционалды мәнi болады. Эпитет арқылы айтқан сөзге оқырмандар керекті әсер алады. [2; 185]
Шындығында, destructive charms, glorious sight, encouraging smile сияқты тіркестердің барлығында жеке сезiну, сипатталатын құбылыстарға жеке баға элементi көрiнiп тұр. destructive charms мысалында destructivе сын есiмi өзінің пәндiк - логикалық мағынасынан басқа, ол автордың charms қимылына деген көзқарасын айқынайтындықтан, эмоционалды бояуға ие болады. Басқа жағынан, glorious sight тіркесінде эпитет өз пәндiк - логикалық мағынасын жоғалтып, тек эмоционалды мағынасы қалып, масаттануды білдіреді. Encouraging smile тiркесінде ол сын есiмдерді пәндiк- логикалық мағынада қолданылуын көрестеді, алайда, оның нақтылы эмоционалды бояуы да болады.
Ағылшын тiлiнде, сонымен қатар басқа тiлдерде теңеулерді нақты белгілі бір анықтаулармен қолдануы тұрақты тiркестердi құрады. Бұндай тіркестер бiртiндеп фразеологиялық бiрлiктерде айналдырылады теңеулер нақтылы сөздерге бектіліетіндей болады. Солайша, ағылышын тілінде excuses, valuable connections, amiable lady, sweet smile, deep feelings және т. б. сияқты тіркестер жиi қолданылатын сөз тiркес болып қалыптасады. Оларда эпитет функциясы біршама өзгередi: теңеу бұрынғыша негiзгi стилистикалық функциясын - затқа автордың жеке-жеке бағалау қатынасының анықталуын орындайды. Бiрақ, автор бұл көзқарасты білдіру үшін өзіндік, шығармашылық эпитеттерді құрастырмайды, ол тек жиі қолданыста болғандықтан тілдік қазынадағы бейнелеу құралдарының реквизит ретіндегі тіркестерді қолданады. Эпитет - заттың, не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз. Зерттеу барысында стилистикалық құрал, яғни эпитеттерді аударудың сәйкестілігі мен баламалылығына жіктеу жүргізілді; бейнелік құралдар аудармасының ерекшеліктері айқындалды; стилистикалық әдістің яғни эпитеттің ағылшынша-қазақша аударылуында бейнелілік трансформациясы көрсетілді; баламалылықтың сақталу мүмкіндіктері анықталды; ағылшын нұсқаларының қазақ тіліне аудару баламалылығының мәселелері мен қағидалары талданды; зерттеудегі материалдар ағылышын тілінен аударылған Теодор Драйзердің «Аяулы Керри» шығармасы негізінде сараланды.
When Caroline boarded the afternoon train for Chicago, her total outfit consisted of a small trunk, a cheap imitation alligator -skin satchel, a small lunch in paper box, and a yellow leather snap purse , containing her ticket, a scrap of paper with her sister’s address in Van Buren Street, and four dollar in money.
Чикагоға баратын күндізгі пойызға келіп отырған Каролина Мибердің қолындағы бар дүниесі арзанқол жасанды тері шабадан, таңғы ауқат оралған қорапша мен ішіне Ван Бьюрен стритте тұратын әпкесінің мекен жайы жазылған бір тілім қағаз төрт доллар ақша салған сары түсті былғары әмияны болатын. [3; 7]
Бұл мысалда ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару барысында сөз орын тәртібі өзгерді. Себебі ағылшын тілінен қазақ тіліне аударған жағдайда сөйлем әрдайым баяндауыштан яғни сөйлемнің соңынан басталып аударылады. Сондықтан бұл сөйлемде грамматикалық транформация орын тәртібін өзгерту арқылы жүзеге асқан. Осы мысалдағы аударма a small trunk, a cheap imitation alligator -skin satchel, a small lunch in paper box, and a yellow leather snap purse эпитеттері сақталды. Ағылшын тілінде берілген a small trunk, a cheap imitation alligator -skin satchel, a small lunch in paper box, and a yellow leather snap purse толығымен беріліп аударылды. Бұл эпитеттер бас кейіпкердің өмірлік жағдайын тәрбиесін көрсету үшін қолданған .
She was eighteen years of age, bright, timid, and full of the illusions of ignorance and youth . - Каролина енді ғана он сегіз жасқа толған. Өзі әжептәуір ақылды, аздап ұяңдау, жас адамның барлығы сияқты албырт, арманшыл қыз еді. Бұл мысалда ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару барысында грамматикалық трансформация яғни сөйлем екіге бөлінді және эпитеттерді аудару барысында барлық сын есімдер толығымен беріліп аударылды. Осы мысалдағы bright, timid, and full of the illusions of ignorance and youth эпитеттері қазақ тілінде толығымен сақталды.
Every day he was driven to the club; sitting forward on the spring cushions of a single brougham, his hands on his knees, swaying a little, strangely solemn. (reversed epithet) - Оны күн сайын клубқа апарады. Жолда өз экипажының серіппелі орындығында қолдарын тізесіне қойып, алдына сәл еңкейе түсіп, маңғаздана отырады. (сын есім)
Бұл мысалда ағылышын пассив конструкциясының қазақ тілдерінде актив конструкциясына алмастырылды, ағылшын тіліндегі бастауыш “He” қазақ тіліне толықтауыш «оны» дегенге сәйкес. Ырықсыз етіс формасы ағылышын етістігінің қазақ тілдерінде өздік етісте берілген. Яғни алмастыру трансформациясы орындалды. Мысалдағы аудармада spring cushions of a single brougham эпитеті сақталмады. Ағылшын тілінде берілген cushions of a single brougham эпитеті бас кейіпкердің экипажда жалғыз екендігін қазақ тілінде, өкінішке орай, жалғыздық мағынасы аударылмады.
He was charmed by the pale face, the lissome figure, drapped in pearl gray, with a coiled string of pearls at the throat. - Бозарыңқы жүзі, ақ сұрғылт түсті қонымды көйлек, ашаң мойнын одан әрі әрледіріп тұрған меруерт моншақтары не деген әсем еді!
Бұл мысалда ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару барысында орын тәртібі өзгерді. Себебі ағылшын тілінен қазақ тіліне аударған жағдайда сөйлем әрдайым баяндауыштан яғни сөйлемнің аяғынан бастап аударылады. Сондықтан бұл сөйлемде грамматикалық транформация орын тәртібін өзгерту орындалды. Осы мысалдағы ағылшын тіліндегі эпитеттер the pale face, the lissome figure, drapped in pearl gray, with a coiled string of pearls деген эпитеттер қазақ тіліне Бозарыңқы жүзі, ақ сұрғылт түсті қонымды көйлек, ашаң мойнын одан әрі әрледіріп тұрған меруерт моншақтары деп аударылды. Аудармашы ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару барысында эпитеттерді толығымен сақтап қалды.
She imagined that across these richly carved entrance ways, where the globed and crystalled lamps shone upon paneled doors set with stained and designed panes of glass, was neither care nor unsatisfied desire.
Ол осы бір салтанатты кіреберіс басталып кете баратын әйнектелген ағаш есіктерге жылы жарық шағылысқан үйлердің тұрғындары қайғы мұңсыз не ойласа соның барлығы өз өзінен орындалып жататын адамдар екендігіне зәредейде шүбә келтірген жоқ.
Аудармашы аудару үрдісінде қарама қарсы аударма трансформациясын қолданған. Оны біз мына сөздерден көре аламыз was neither care nor unsatisfied desire, ағылшын тілінде болымсыз болып тұрса да қазақ тіліне аударған кезде болымды болып тұр. Бұл сөйлемде автор сипаттау барысында көптеген эпитеттердің көмегіне жүгінген яғни олар richly carved entrance ways, the globed and crystalled lamps, paneled doors, stained and designed panes of glass, unsatisfied desirе эпитеттері қазақ тіліне былайша салтанатты кіреберіс, әйнектелген ағаш есіктерге жылы жарық шағылысқан үйлер деп аударылған. Мұндағы richly carved entrance ways, қазақ тіліне салтанатты кіреберіс деп аударылған. Ағылшын тіліндегі richly деген эпитетті қазақ тіліне аударылмаған мүмкін аудармашы бұл сөзді аударудың қажеті жоқ деп есептеген ғой, сірә. Ағылшын тіліндегі paneled doors, сөз тіркесі қазақ тіліне аударғанда әйнектелген ағаш есіктерге деп аударылған . Оған әйнектелген деген сын есімді қосқан.
He was mild, placid, assured, giving the impression that he wished to be of service only- to do something which would make the lady more pleased.
Өзі тым сыпайы да сырбаз, оның үстіне бұл адам қалаған әйеліне жан тәнімен қызмет қылуға соншалықты құлықты болып көрінетіндей еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz