Ақшалай қаражаттын ішкі қозғалысын бақылау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТЫН ІШКІ ҚОЗҒАЛЫСЫН БАҚЫЛАУ.
1.1 Ақшалай қаражат анықтамасы ... ... ... ... ... 6
1.2 Ақша қаражат қозғалысы туралы есеп ... ... ... 7
1.3 Валюта бағамының өзгеру әдістері ... ... ... .8
1.4 Бағамдық айырма есебі ... ... ... ... 11

II. АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТЫ ТҮГЕНДЕУ.
2.2..1 АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТЫ ТҮГЕНДЕУ.3
2.2 Тауарлардың экспорты бойынша операциялардың есебі ... ... ... ... ... .20
2.3 Тауарлардың импорты бойынша операциялардың есебі ... ... ... ... ... ..23
2.4 Реэкспорттық операциялар есебінің негізгі қағидалары ... ... ... ... ... ..25
2.5 Валютаны сатып алу және сату ... ... ...26
2.6 Қазақстан республикасындағы валюталық операциялардың
Заңды анықтамасы ... ... ... ... ... ... ... 27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... 30
Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарығында өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етіледі. Сондықтан ақшалай қаражат пен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
2.3.Ақшалардың қозғалысын ішкі бақылау.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың қозғалысын ішкі бақылаудың
а) активтердің түгелдігін бақылау үшін;
ә) кәсіпорынның қаржылық саясатпен сәйкестігін қамтамасыз ету үшін;
б) бұхгалтерлік есепте көрсетілген деректердің сенімділігін қамтамасыз ету
Ақшалар және басқа да өтімділігі жоғары активтерге ішкі
ақшалардың жеке есебін жүргізу мен бөлек сақталуын бақылау;
қолма-қол есеп айырысу негізінде жүргізілген операциялардың есебін бақылау;
кассада тек қана күнделікті қажетті мөлшерде ақша сақтау;
касса қалдығын белгіленген мерзімде уақтылы тексеру;
табыс әкелмейтін ақшалардың қайтарылуын қамтамасыз ету;
ақшалардың сақталуына жеке тұлғаның жауап беруі;
Ақшалардың келіп түсуін бақылау кез келген кәсіпорындар мен
-кешіктірмей уақытында есептеу;
- кешіктірмей уақытында жазу;
- алынған ақшаларды дер кезінде депоненттеу.
1. Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: оқулық. II. — Қарағанды: Қарағанды полиграфиясы, — 98-б.
2. Андыбаева Г.Т., Канабекова А.К., Абитова А.К. Экономикалық талдау: оқу құралы. — Алматы: LEM, — 296 б.
3. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары. — Алматы: Раритет, 2013. — 672 б.
4. Попова Л.А., Мырзалиев Б.С., Əбдішүкіров Р.С., Əбдішүкіров Д.Р. Қаржылық есеп: оқу құралы. — Шымкент: Нұрлы бейне, 2010. — 232 б.
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
6. Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: Алматы.
7. Альмереков, Н.А. Шетелдік валюталық қаржылық ағыстар қозғалысы
8. Өтебаев Б.С. Мемлекеттік бюджет және бюджеттік жүйе. Алматы
9. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С., [Қаржы]. Алматы, 2005ж. Оқу
10. Найманбаев С.М. Салықтық құқық. [Жеті жарғы] Алматы, 2005ж.
11. Сартаев С.С., Найманбаев С.М., [Бюджеттік құқық] Алматы 2006ж.
12. Қаржылық есеп: оқу құралы / Қ.К. Кеулімжаев, З.Н.
13. 9. Ілиясов, Қ.Қ., Құлпыбаев,С. Қаржы: жоғары оқу орындарына
14. арналған оқулық.-Алматы: LEM, 2005.-552б.
15. 10. Экономикалық саясат : лекциялар / Д. Қ.Қабдиев,
16. Ә. Е. Ескендіров [ж. б.].- Алматы: Экономика, 2002.-

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі

Тақырыбы : Ақшалай қаражаттын ішкі қозғалысын бақылау. Ақшалай қаражатты түгендеу.
Тобы: 12.14.31.
Тексерген: Қойшиева Айна Орынбасарқызы
Орындаған: Сисенова Айша

Атырау 2017
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I. АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТЫН ІШКІ ҚОЗҒАЛЫСЫН БАҚЫЛАУ. 1.1 Ақшалай қаражат анықтамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Ақша қаражат қозғалысы туралы есеп ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Валюта бағамының өзгеру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8 1.4 Бағамдық айырма есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1

II. АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТЫ ТҮГЕНДЕУ.
2.2..1 АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТЫ ТҮГЕНДЕУ.3
2.2 Тауарлардың экспорты бойынша операциялардың есебі ... ... ... ... ... .20
2.3 Тауарлардың импорты бойынша операциялардың есебі ... ... ... ... ... ..23
2.4 Реэкспорттық операциялар есебінің негізгі қағидалары ... ... ... ... ... ..25
2.5 Валютаны сатып алу және сату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.6 Қазақстан республикасындағы валюталық операциялардың
Заңды анықтамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

КІРІСПЕ

Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарығында өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етіледі. Сондықтан ақшалай қаражат пен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
2.3.Ақшалардың қозғалысын ішкі бақылау.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың қозғалысын ішкі бақылаудың
а) активтердің түгелдігін бақылау үшін;
ә) кәсіпорынның қаржылық саясатпен сәйкестігін қамтамасыз ету үшін;
б) бұхгалтерлік есепте көрсетілген деректердің сенімділігін қамтамасыз ету
Ақшалар және басқа да өтімділігі жоғары активтерге ішкі
ақшалардың жеке есебін жүргізу мен бөлек сақталуын бақылау;
қолма-қол есеп айырысу негізінде жүргізілген операциялардың есебін бақылау;
кассада тек қана күнделікті қажетті мөлшерде ақша сақтау;
касса қалдығын белгіленген мерзімде уақтылы тексеру;
табыс әкелмейтін ақшалардың қайтарылуын қамтамасыз ету;
ақшалардың сақталуына жеке тұлғаның жауап беруі;
Ақшалардың келіп түсуін бақылау кез келген кәсіпорындар мен
-кешіктірмей уақытында есептеу;
- кешіктірмей уақытында жазу;
- алынған ақшаларды дер кезінде депоненттеу.
Ақшаларды басқару функциялары мен оны тиісті құжаттарға
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларының жұмсалуын бақылау мақсатымен
-Ақшаларының түгелдігіне, сақталуына банк мекемесі толығымен жауап береді.
-Банк мекемесінің тарапынан ақшалардың жеке есебі жүргізіледі.

Шаруашылық субъектінің кассасы қол ақша қаражаттарын (ұлттық және шетел валютасында), сондай-ақ ақша құжаттарын (бағалы қағаздар, қатаң есеп берілетін бланкілер) сақтау, қабылдау және беруге арналған.

Кассада қол ақшаны сақтау, қабылдау және беру, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекітетін кассалық операцияларды жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Әрбір шаруашылық субъектісі қол ақшамен есеп айырысуды жүргізу үшін кассасы болуы керек. Касса - бұл қол ақша қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған және оқшауланған бөлме. Субъекті жетекшілері кассаны жабдықтауға және касса бөлмесінде ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды банк мекемесінен әкелу және банк мекемесіне тапсыру кезінде оның сақтығын қамтамасыз етуге және олардың кінәсінен сақтау және тасымалдау кезінде ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз ететін қажетті жағдайлар жасалмаған жағдайларда белгіленген заң тәртібінде жауапкершілік көтереді.

Кәсіпорын кассасы қажет болған жағдайда оны сақтандыру ұйымдары сақтандыруы мүмкін.

Ақша қаражаты - кәсіпорын кассасындағы қолма-қол және ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаттары.

Ақша қаражаттарының баламалары (эквиваленті) - бұл ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасына айналатын және құндылықтар өзгеруінің аздаған тәуекеліне салынатын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.

Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алынған мағлұматтың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржылық жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.

Ақша қаражат қозғалысының есебі №7 ХҚЕС және №2 ҰҚЕС 7 бөліміне сәйкес ақшалай қаражатқа қолма-қол ақша мен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді. Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.

Ақшалай қаражат қозғалысының ішкі бақылау жүйесі - активтерді қорғау, субъектілердің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз ету, бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбәсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар. Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ақшалар - шаруашылық қызметі өлшемі мен есебінің ағымдағы қаржылық ақпараттың негізгі бірлігі.

Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бугалтерлік есебін жүргізу мен ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;
Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.
Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.

Тақырыптың өзектілігі есеп жүргізу жүйесінде, ақша қаражатының есебін жүргізу ерекше орын алуымен бйланысты, өйткені субьектілердің ағымдағы, қаржылық және инвестициялық қызметтері ақшалай есептесу негізінде құрылады.

АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТЫН ІШКІ ҚОЗҒАЛЫСЫН БАҚЫЛАУ.

Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау жүйесі - активтерді қорғау субъектінің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз ету; бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбәсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар.
Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларды тиістілік белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ұрлық тәуекелі кейбір адамдардың есеп жүйесіне қолы жетіп, ақшалай қаражатты күзетуге рұқсат алу мүмкіндігіне тікелей байланысты. Ақшалай қаражаттың қозғалысын ішкі бақылау мынадай функцияларды орындауы тиіс:

ақшалай қаражатты жеке сақтау мен жеке есептеу;
қолма-қол есеп айырысу жасалған операциялардың барлығын есептеу;
кассада тек қажетті қалдықты сақтау;
кассадағы қалдықты мезгіл-мезгіл тексеріп есептеу;
ақшалай қаражатты физикалық бақылау.
-Түсімді бақылау.

-Ақшалай шығындарды бақылау.

-Есеп шоттардағы ақшалай қаражатты бақылау.

-Кассалық қалдықты салыстыру.

-Есептік (валюталық) шоттарды салыстыру.

-Кассадағы ақшалай қаражатты кассада деп, саналатын ақшалай қаражаттың бар-жоғын айқындау және қатаң есептегі бланктерді парақтап санап шығу жолымен түгендейді. Түгендеу қорытындыларын ақшалай қаражаттың бар-жоғын түгендеу актісімен жеке рәсімдейді.

Кассаны түгендеу кассалық операцияларды жүргізудің шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен және жете дайындаған Ережелерге сәйкес өткізіледі. Қатаң есептегі құжаттар мен бланкілер (авиа және теміржол билеттері, бензинге талон және басқалары) кассаларын түгендеу, әдетте кенеттен, кассир мен бас бухгалтердің қатысуымен, кассада сақталатын басқа құндылықтарды тексеріп және қолма-қол ақшаны түгел парақтап санау арқылы жүргізіледі. Түгендеу басталғанға дейін (бірнеше касса болған жағдайда) олар мөрленіп жабылады. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп жасап, ақшалай қаражаттың қалдығын кассалық кітап бойынша шығарады. Кассирден барлық кірістік және кассада кіріске алынбаған және есептен шықпаған сома жоқ деген қолхат алынады. Ақша саналғаннан соң кассадағы ақшалай қаражатты түгендеу актісі жасалады. Алынған түгендеу

қорытындысы бухгалтерлік есептің мәліметтерімен кассалық кітап бойынша салыстырылады. Актіде кассирдің табылған бұрмалаулар туралы түсініктемесі мен түгендеу қорытындысы бойынша бұдан былайғы шешімі туралы субъект басшысының қарары (резолюция) жазылады.

Кассадағы шетел валютасындағы ақша қаражаттары есебі.

Шетел валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 1020 - Кассадағы шетел валютасындағы ақша қаражаттары шотын ашады. Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлерінде, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырған түрінде көрсетіледі.

Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.

Валюта түскен кезде 1020 шоты дебеттеледі де және мына төмендегі шоттар кредиттеледі:

1050 -- валюта шотынан валюта түскен кезде;

2110 -- шоты кассаға алынған валюта түсімінің сомасына;

6250 -- шоты тиісті шетел валюталарына қатысты теңге бағамының құлдырауы жағдайындағы бағам айырмашылықтарының сомасына;

1250 -- шоты есеп беретін адамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.

Валюта кассасынан валюта берген кезде 1020 шот кредиттеледі және мына төмендегі шоттар дебеттеледі:

1250 -- шоты есебіне берген шетел валютасының сомасына;

1050 -- шоты валюта шотына өткізілген валюта сомасына;

7430 -- шоты тиісті валюталарға қатысты теңге бағамының көтерілуі нәтижесінде болған бағам айырмашылықтары сомасына.

Ануар ЖШС-нің наурыз айындағы шаруашылық қозғалысы.

АҚША ҚАРАЖАТ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП
Ақша қаражат қозғалысы туралы есеп -- ақша қаражат пен оның баламаларының кетуі мен келуінен құралатын ақша қаражаттың қозғалысын талдауға арналған ақпараттың негізгі көзі. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп 7 -- Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартының талаптарына сəйкес жасалады да, есепті кезеңнің қаржы есептілігінің құрамдас бөлігі ретінде ұсынылады. Аталған стандартқа сəйкес ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер өзіне ақша қаражаттарындағы өзгерістер мен осындай өзгерістерді операциялық, инвестициялық жəне қаржылық қызметтен болған өзгерістерге бөліп, мекеменің есепті кезеңіндегі ақша қаражаттың баламалары туралы ақпаратты қамтиды. Ақша қаражатының баламалары инвестициялаудан немесе басқа мақсаттардан гөрі, қысқа мерзімді ақша міндеттемелерін өтеу үшін қолданылады.

Аталмыш ақша қаражаты туралы есеп келесі баланстық теңдеуге негізделеді:

Аб + Ат - Ак = Аа, (1)

мұндағы Аб -- ақша қаражаттың есепті кезеңнің басындағы қалдығы; Ат -- есепті кезең ішінде ақша қаражаттың түсуі; Ак -- есепті кезең ішінде ақша қаражаттың кетуі; Аа -- есепті кезең соңындағы ақша қаражаттың қалдығы.

Кез келген кəсіпорын табысты жұмыс істеу үшін ақша қаражаттың қозғалысын талдауға тиіс. Талдау ақша қаражат ағынының өзгеруіне ықпал ететін ақша қаражаттың түсуі мен жұмсалу бағыттарының объективтік, дəл жəне уақытылы сипаттамасын беретін ақша қаражат параметрінің қажетті көлемін, объективтік жəне субъективтік, сыртқы жəне ішкі факторларының көлемін, құрамын, құрылымын алу мақсатында жасалады.

Ақша қаражаттың қозғалысын талдау міндеттеріне:

ақша қаражат ағыны көлемінің оңтайлылығын бағалау;
ақша қаражат қозғалысының құрамын, құрылымы мен бағытын бағалау;
ақша қаражат ағындарын қалыптастыруға əр түрлі факторлардың жасайтын ықпалын анықтау жəне өлшеу;
ақша қаражатты пайдалануды жақсартатын резервтерді анықтау жəне бағалау;
ақша қаражатты пайдаланудың тиімділігін арттыратын резервтерді іске асыру жөнінде ұсыныс əзірлеу жатады.
Жоғарыда аталғандай, ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерін жіктеу операциялық, инвестициялық жəне қаржылық қызметтен түскен болып жүргізіледі. Ал ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруде жанама жəне тура деп аталатын екі негізгі əдістің көмегімен көрсетуге болады [2].

Тура əдіс кезінде жалпы ақша түсімдерінің негізгі түрлері мен төлемдері туралы ақпарат ашылады. Мұнда ақша қаражаттарының түсуі жəне шығуымен тікелей байланысты ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша операциялар ашылады. Тура əдісті ақпараты мол ретінде Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есепті Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты 7 (IAS) қолдайды [3].

Жанама əдіс бұл əдіс кезінде таза пайда мен залал ақшалай емес сипаттағы операциялардың, негізгі қызметтен кез келген кейінгі қалдырылған немесе есептелген өткендегі немесе болашақтағы ақша түсімдерінің немесе төлемдерінің жəне инвестициялық немесе қаржылық қызметінен ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты табыстардың немесе шығыстардың нəтижелері ескеріле отырып, түзетіледі.

Кəсіпорынның операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректер мына екі əдістің кез келгенімен ашылуы мүмкін.

Операциялық қызмет -- кəсіпорынның табыс келтіретін негізгі қызметі жəне инвестициялық жəне қаржылық қызметінен айырмашылығы бар басқа қызмет. Операциялық қызмет негізгі қызмет түрі болып табылады. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы мекеменің табыс келтіретін негізгі қызметіне тікелей байланысты. Сөйтіп, əдеттегідей, олар таза пайданы жəне залалды айқындауға кіретін операциялар мен басқа да оқиғалардың нəтижесі болып табылады. Өзгеше алғанда операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының таза ағыны жанама əдісті қолдану кезінде пайда мен залал туралы есепте ашылатын түсімдер мен шығыстарды жəне кезең ішіндегі босалқылар мен операциялық дебиторлық жəне кредиторлық берешектердегі өзгерістерді көрсету арқылы жанама əдісті пайдаланумен ұсынылуы мүмкін.

Кəсіпорын қызметінің келесі түріне инвестициялық қызмет жатады. Ол ұзақ мерзімде активтерді жəне ақшалай қаражаттың баламасына жатпайтын басқа инвестицияларды сатып алумен жəне олардың кетуімен байланысты. Яғни, ақша қаражаттарының түсуі мен шығуының келесі ағымы кəсіпорынның инвестициялық қызметі болып табылады. Инвестициялық қызметтен түсетін ақшалай қаражаттың қозғалысы жөніндегі ақпаратты жеке ашып көрсетудің маңызы зор, өйткені ол келешектегі кіріс пен ақша ағынын жасауға арналған ресурс сатып алу мақсатында қандай шығын жұмсалғанын көрсетеді.

Ақша қаражаттарының түсімі мен төлемдерінің келесі маңызды ағымы бұл кəсіпорынның қаржылық қызмет, оның нəтижесі капитал мен міндеттемелердің көлемі мен құрамындағы өзгерістер болып табылады [4].

Кəсіпорынның қаржылық қызметінен алынатын ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені бұл ақпарат кəсіпорынға капитал беретін инвесторлардың ақша қаражаттарының болашақ түсімдеріне қатысты талаптарын болжау үшін қажет.

Ақша қаражаттың қозғалысын талдамай, ақша қаражатты басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыру мүмкін емес, ал жүйе болмаған жағдайда кез келген кəсіпорын банкрот болуы ықтимал.

Кəсіпорынның есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының кетуі мен келуін өткен кезеңмен салыстырып талдаймыз (1-кесте).

1-кесте Қазақмыс Корпорациясы ЖШС филиалы -- Балқаштүстімет ӨБ 2013 - 2014 жж. арасындағы ақша қаражаттарының қозғалысы

Деңгейлес жəне сатылас талдау əдістерін пайдаланып, ақша қаражаттың көлемінде де, сондай-ақ кəсіпорынның үш түрлі қызметінің құрылымында орын алған өзгерістерді анықтайық.

Алдымен кəсіпорын қызметінің түрлері бойынша ақша қаражат қозғалысына деңгейлес талдау жасайық.

Қазақмыс Корпорациясы ЖШС филиалы -- Балқаштүстімет ӨБ 2013 ж. операциялық қызметтен 5962582 мың теңге сомасында ақша қаражаты түссе, ал 2014 ж. 9625681 мың теңге сомасында ақша қаражаты түсті. Есепті жылды өткен жылмен салыстырғанда 3663099 мың теңгеге, немесе 61,4 пайызға, көп. Есепті жылы ақша қаражаттың шығысы 9859359 мың теңге, өткен жылы 5782682 мың теңге болып отыр. Көріп отырғандай, өткен жылға қарағанда 4076677 мың теңгеге өскен.

Жалпы кəсіпорын операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттың таза сомасы 2013 ж. 179900 мың теңге пайда тапса, ал 2014 ж. 233678 мың теңге жеткіліксіз болды.

Инвестициялық қызметке қатысты айтатын болсақ, 2013 ж. ақша қаражаттың түсімі 4875 мың теңгені құраса, 2014 ж. 256892 мың теңгені құрап отыр, яғни 2014 ж. 2013 жылмен салыстырғанда 252017 мың теңге сомасына артты. Инвестициялық қызметке жұмсалған шығыс өткен жылы 106259 мың теңге, есепті жылы 70269 мың теңгені құрады, яғни ақша қаражаттың шығысы 2013 жылды 2014 жылмен салыстырғанда 35990 мың теңгеге азайды. 2014 ж. инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттың таза сомасы 186623 мың теңгені құраса, ал 2013 ж. кəсіпорын осы қызмет түрінен 101384 мың теңге сомасында теріс нəтиже алған болатын, нəтижесінде кəсіпорын 288007 мың теңгеге пайда тапты.

Қаржылық қызмет бойынша дəл осындай жағдай қалыптасқан болатын. Нақтырақ айтатын болсақ, 2013 ж. ақша қаражаттың түсімі 5789458 мың теңге, 2014 ж. 8957249 мың теңгені құрады. Көріп отырғандай, бір жылы ішінде түсім 3167791 мың теңгеге көбейді. Өткен жылы ақша қаражаттың шығысы 5869110 мың теңге жұмсалса, есепті жылы 3033452 мың теңгеге көп ақша қаражаты жұмсалды. Қаржылық қызметтен түсетін ақша қаражаттың таза сомасы 2013 ж. 79652 мың теңге жетпей қалса, ал 2014 ж. 54687 мың теңге сомасында қаражат алды.

Сонымен, қызметтің үш түрі бойынша Қазақмыс Корпорациясы ЖШС филиалы -- Балқаштүстімет ӨБ 2014 жылды оң нəтижемен аяқтады. Кəсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметтен алған ақша қаражатының таза сомасы өткен жылы 1136 мың теңгеге тең теріс мөлшерді, ал есепті жылы оның мөлшері оң болып, 7632 мың теңгені құрады.

Кəсіпорынның 2013 - 2014 жылдардағы ақша қаражаттың түсу себептерін егжей-тегжей қарастырайық. Ол үшін 2-кесте құрылды.

2-кесте.Қазақмыс Корпорациясы ЖШС филиалы -- Балқаштүстімет ӨБ 2013 - 2014 жж. ақша қаражат түсімінің құрамы мен құрылымы

Жағарыдағы 2-кесте есептеулерінен келесідей қорытынды жасауға негіз бар. Операциялық қызмет бойынша ақша қаражаттардың көп бөлігі тауарларды сатудан түскен, яғни 2013 ж. 5962582 мың теңгені құраса, 2014 ж. 2002538 мың теңгеге өскен. Есепті жылы алынған аванс 1596 мың теңгені, өзге түсімдер 1658965 мың теңгені құрап отыр. Көріп тұрғандай, операциялық қызмет түрі бойынша үлес салмағы 0,37 пунктке артқан.

Инвестициялық қызмет түрі бойынша түсім тек қана өзге де түсімдерден келіп түскен. Өткен жылы 4875 мың теңге, есепті жылы 256892 мың теңгеге артқан. Ал үлес салмағы есепті жылды өткен жылмен салыстырғанда 1,32 пунктке дейін артқан.

Ал, қаржылық қызметте акциялар мен басқа да бағалы қағаздар эмиссиясынан, қарыз алудан жəне өзге де түсімдерден ақша қаражаттары келіп түскен. Қарыз алу 2013 ж. 5289441 мың теңгені құраса, 2014 ж. 7996521 мың теңгеге тең. Үлес салмағы бойынша 44,99 пайыздан 42,45 пайызға дейін төмендеген. Акциялар мен басқа да бағалы қағаздар эмиссиясы есепті жылы 960728 мың теңгені құраса, ал өзге түсімдер өткен жылы 500017 мың теңгені құрайды. Қаржылық қызмет түрі бойынша үлес салмағы -1,7 пунктке төмендеген.

Сөйтіп, егжей-тегжей талдаудан ақша қаражат түсімінің құрылымында операциялық немесе негізгі қызметтен түсетін түсімнің үлес салмағы ең көп екені анықталды, ал бұл кəсіпорынның қалыпты жұмыс істеуінің кепілі болып табылады. Ақша қаражаттар келіп түсуінің қызмет түрлері бойынша үлесі төмендегі суретте көрсетілген (1-сур.).

1-сурет. Ақша қаражаттар келіп түсуінің қызмет түрлері бойынша үлесі

Қорытынды жасау үшін Қазақмыс Корпорациясы ЖШС филиалы -- Балқаштүстімет ӨБ 2013 - 2014 жылдар арасындағы ақша қаражаттың шығу себептерін төмендегі 3-кестеде қарастырамыз.

3- ксете.Қазақмыс Корпорациясы ЖШС филиалы -- Балқаштүстімет ӨБ 2013 - 2014 жж. ақша қаражат шығысының құрамы мен құрылымы

3-кестенің жалғасы. Қазақмыс Корпорациясы ЖШС филиалы -- Балқаштүстімет ӨБ 2013 - 2014 жж. ақша қаражат шығысының құрамы мен құрылымы

3-кесте бойынша келесідей қорытынды жасауға болады. Тауарлар мен қызмет үшін жабдықтаушыларға төленген төлем 2013 ж. 1722281 мың теңге, ал 2014 ж. 3289146 мың теңгені құрап отыр. Сонымен қатар үлес салмағы 2,82 пунктке көбейген. Берілген аванстар өткен жылы 356985 мың теңге болса, 2014 ж. 1001253 мың теңгені құраған. Ал, еңбек ақы төлеу бойынша 2013 ж. 3036000 мың теңге жұмсалса, 2014 ж. 3433000 мың теңгеге көп жұмсалған. Жалпы үлес салмағы 7,59 пунктке дейін төмендеген. Корпоративті табыс салығы бойынша 2013 ж. 33265 мың теңгені құраса, ал 2014 ж. 516971 мың теңге сомасында артып отыр. Ал, бюджетке төленетін басқа төлемдер 2013 ж. 396585 мың теңге, 2014 ж. 602562 мың теңгені құраған. Үлес салмағы -0,18 пунктке дейін азайған. Өзге де төлемдер бойынша үлес салмағы өткен жылды есепті жылмен салыстырғанда 745596 мың теңге сомасында артып отыр. Көріп тұрғандай, операциялық қызмет түрі бойынша үлес салмағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Касса операцияларының есебін ұйымдастыру және бақылауды жетілдіру жолдары
Ақша қаражаттарының аудиті
Ақша қаражаттарының мақсаттық қалдығын анықтау
Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы
Компанияның ақшалай қаражаттарын басқарудың мәні мен оңтайландыру әдістері
Ақша қаражаттарының жалпы ұғымы
Кассалық операциялар есебі
Кассадағы шетел валютасындағы ақша қаражаттары есебі
Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі
Кәсіпорын кассасындағы ақша қаражатының шығысқа шығарылуы
Пәндер