Валюта бағамының өзгеруінің бухгалтерлік есебі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ...3
I. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ 1.1 Валюта анықтамасы ... ... ... ...6
1.2 Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Валюта бағамының өзгеру әдістері ... ... ... .8
1.4 Бағамдық айырма есебі ... ... ... ... ... ..11
II. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Валюталық операциялардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ... ... ...13
2.2 Тауарлардың экспорты бойынша операциялардың есебі ... ... ... ... ... .20
2.3 Тауарлардың импорты бойынша операциялардың есебі ... ... ... ... ... ..23
2.4 Реэкспорттық операциялар есебінің негізгі қағидалары ... ... ... ... ... ..25
2.5 Валютаны сатып алу және сату ... ... ...26
2.6 Қазақстан республикасындағы валюталық операциялардың
Заңды анықтамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ..29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ...30

Ұйым шетелдік валютамен байланысты қызметті екі əдіспен жүргізе алады. Ол не операцияларды шетелдік валютамен жүргізе, не шетелдік қызметті жүзеге асыра алады. Сонымен бірге өзінің қаржы есептілігінде ұйым деректерді шетелдік валютамен көрсете алады. Осы Стандарттың мақсаты - шетелдік валютамен операцияларды жəне шетелдік қызметті ұйымның қаржы есептілігінде көрсету, сондай-ақ қаржы есептілігінің көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта есептеу тəртібін орнату.. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасындағы валюта операцияларын жүргізудің Ережелері» валюта операцияларын жүргізу үшін негіз болып табылады. Шетелдік валюта дегеніміз - кәсіпорындар мен ұйымдардағы тауарларды, дайын өнімдерді сату (сатып алу), қызмет көрсету (пайдалану), жұмыстарды орындау барысында қолданылатын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасынан басқа ақша бірліктері болып табылады. Ұйымдардың шетелдік валюта түрінде алынатын табысы сол операция жасалған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі белгілеген ақша айырбастау бағамы бойынша есептеліп, Қазақстан Республикасының ұлттық валюасы түрінде көрсетілуі тиіс. Бағам (курс) дегеніміз екі елдің ақша бірліктерінің өзара қатынасы. Бағамдық айырма дегеніміз екі елдің ақша бірліктерінің арасындағы бағамның өзгеруі салдарынан болатын айырма сомасы. Бұл бағамдық айырма қай уақытта пайда болса ұйымдардың сол кезеңдегі бухгалтерлік есебінде және қаржылық есеп беруінде көрсетіледі.
1. Н. А. Құдайбергенов Бухгалтерлік есеп принциптері / Алматы, 2011
2. Р. С. Әбдішүкіров б. С. Мырзалиевбухгалтерлік есеп оқу құралы / Алматы 2009
3. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы / Ә.Әбдіманапов. бас. Алматы. Евразия, 2005. 230 б.
4. Бакирова І. Ізденіс / Алматы, 2000 ж189 б.
5. Ғабдуллин Т.Ғ. Бухгалтерлік есептің салалық ерекшелігі / Т.Ғ.Ғабдуллин бас. Алматы:Ғылым 2004 ж 556 б.
6. Ғабдулин Т.Ғ. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп / Өңделіп және толықтырылып -ші басылым. Алматы: Қазақстан – аудит орталығы, 2002 656б.
7. Заң газеті, 10 наурыз, Алматы, 1999 ж 4 б.
8. Хамитов Н. Н. «Банк ісі» «Экономика», Алматы – 2006 ж. – 49-55 б.
9. Шамрай И. Н. Ақша, несие, банктер : Оқу құралы / И. Н. Шамрай.

Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі
Тақырыбы : Валюта бағамының өзгеруінің бухгалтерлік есебі
Тобы: 12.14.31.
Тексерген: Қойшиева Айна Орынбасарқызы
Орындаған: Тілепқалиева Гүлбақыт Батырғалиқызы
Атырау 2017
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ 1.1 Валюта анықтамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .7
1.3 Валюта бағамының өзгеру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8 1.4 Бағамдық айырма есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1
II. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Валюталық операциялардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ... ... ...13
2.2 Тауарлардың экспорты бойынша операциялардың есебі ... ... ... ... ... .20
2.3 Тауарлардың импорты бойынша операциялардың есебі ... ... ... ... ... ..23
2.4 Реэкспорттық операциялар есебінің негізгі қағидалары ... ... ... ... ... ..25
2.5 Валютаны сатып алу және сату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.6 Қазақстан республикасындағы валюталық операциялардың
Заңды анықтамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
КІРІСПЕ
Ұйым шетелдік валютамен байланысты қызметті екі əдіспен жүргізе алады. Ол не операцияларды шетелдік валютамен жүргізе, не шетелдік қызметті жүзеге асыра алады. Сонымен бірге өзінің қаржы есептілігінде ұйым деректерді шетелдік валютамен көрсете алады. Осы Стандарттың мақсаты - шетелдік валютамен операцияларды жəне шетелдік қызметті ұйымның қаржы есептілігінде көрсету, сондай-ақ қаржы есептілігінің көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта есептеу тəртібін орнату.. Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу туралы Заңы және Қазақстан Республикасындағы валюта операцияларын жүргізудің Ережелері валюта операцияларын жүргізу үшін негіз болып табылады. Шетелдік валюта дегеніміз - кәсіпорындар мен ұйымдардағы тауарларды, дайын өнімдерді сату (сатып алу), қызмет көрсету (пайдалану), жұмыстарды орындау барысында қолданылатын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасынан басқа ақша бірліктері болып табылады. Ұйымдардың шетелдік валюта түрінде алынатын табысы сол операция жасалған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі белгілеген ақша айырбастау бағамы бойынша есептеліп, Қазақстан Республикасының ұлттық валюасы түрінде көрсетілуі тиіс. Бағам (курс) дегеніміз екі елдің ақша бірліктерінің өзара қатынасы. Бағамдық айырма дегеніміз екі елдің ақша бірліктерінің арасындағы бағамның өзгеруі салдарынан болатын айырма сомасы. Бұл бағамдық айырма қай уақытта пайда болса ұйымдардың сол кезеңдегі бухгалтерлік есебінде және қаржылық есеп беруінде көрсетіледі. Қазақстан Республикасындағы резидентгер мен резидент еместер жүргізген барлық валюта операциялары тек өкілетті банктер мен айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асырылады. Өкілетті банктер мен айырбастау пункттеріне соқпай жүргізген кез келген операцияларға тыйым салынады. Айырбастау операцияларынан басқа валюта операцияларын жүргізу үшін, өкілетті банктердің бірінен, яғни есеп айырысу шоттары орналасқан жерде валюта шоттарын ашады. Соңғылары өздерінің қызметтерінен валюта операцияларын жүргізген кезде өткізілетін операцияларға қатысты кез кел-ген хабарлама мен құжаттарды талап етуге құқылы. Валюта операцияларын жүргізген кезде клиентгер банктерге валюта операциялары туралы хабарлама мазмұндалатын тиісінше рәсімделген құжаттарды береді. Рұқсат немесе ұлттық банктің лицензиясы талап етілетін валюта операцияларын өткізген жағдайда клиенттер оған құжаттардың көшірмесін тапсырады. Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып Ұлттық банкі саналады. Кез-келген валюталық операцияны өкілетті банкісіз жасауға рұқсат етілмейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілеттік банктер заңды тұлғалар үшін валюталық шоттар ашады. Валюта шоты бойынша жасалатын операциялар мына төмендегі құжаттармен рәсімделеді. Банк мөрімен кассир мен бақылаушылардың қойған қолдарымен куәландырылған банктік валюталық кіріс және валюталық шығыс ордерін толтыру үшін негіз болып табылады. Қолма-қол валютаны беру тапсырмамен (валюталық шығыс ордерімен) рәсімделеді. Банк куәландырған тапсырманың (валюталық шығыс ордерінің) көшірмесі валюталық кіріс касса ордерін жазу үшін негіз болып табылады. Шетелдердегі бенефициярға (алушыға) валюта қаражаттарын аудару Аударуға берілетін өтінішті жазу арқылы рәсімделеді. Валюталық шот оның иесінің өтініші бойынша жабылады, содан соң осы өтінішін өзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне жібереді. Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субъектінің атауы өзгерсе немесе шоттың номері өзгерген жағдайда шот иесі валюталық шоттағы қаржының қалдығын растайтын құжаты өтінішке қоса тіркеуге міндетті.
2008 жылы мынадай жұмыстар жүзеге асырылды:
- Қазақстандағы ХВҚ миссиясының жұмысы шеңберінде (21-30 сәуір) миссия мүшелерімен ақша-кредит статистикасы мәселелері жөнінде талқылау өткізілді, миссияның жұмысы үшін материалдарды тексеру және дайындау жүзеге асырылды;
- ROSC есебінің ақырғы нұсқасы тексерілді және оны жариялауға келісім берілді;
- монетарлық статистика мен осы мәселеде техникалық көмек көрсету деректеріндегі айырмаға қатысты ХВҚ миссиясының басшысымен және мүшелерімен хат жазысу жүргізілді;
- ХВҚ мен Әлемдік Банктің Қаржы секторын бағалау бағдарламасы деген бірлескен баяндамасындағы ақпаратты тексеру жүргізілді;
- ХВҚ мен Даму Банкінің экономика секторын нақтылау жөнінде хат алмасу жүзеге асырылды;
- ұлттық шоттардың жаңартылған жүйесі жөнінде, ұлттық шоттар бойынша деректер ұсыну жөнінде ХВҚ-ның сұратуы бойынша есептер ұсынылды, ҚРҰБ деректемелері жөнінде ақпарат ұсынылды;
- ХВҚ-ның мүше мемлекеттермен өзара іс-қимылын бағалау: елдердін ресми органдарымен байланыс жасау сауалнамасын толтыру бойынша ХВҚ-ның сұратуына жауаптар ұсынылды.
Сонымен қатар, ХВҚ ҚРҰБ қызметкерлерін БВИ-да, ХВҚ-да, РФ оқу орталығының базасында ақша-кредит статистикасының негіздерін жасаудын әдіснамалық негіздеріне оқытуды жүргізеді.
ХВҚ миссиясы ХВҚ Келісімі Баптарының IV Баптарына сәйкес жыл сайынғы консультацияларды жүргізу үшін жыл сайын Қазақстанға келеді.
2008 жылғы 7 қарашада Банктік қадағалау жөніндегі жобаны қаржыландыру туралы Ұлттық Банк пен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Халықаралық Валюта Қорының жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасының квотасын ұлғайту мәселесі жөнінде.
I. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ
0.1 ВАЛЮТА АНЫҚТАМАСЫ
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзәләк нарықтың маңызды элементі болып табылады. Валюта жүйесін ұлттық және халықаралық валюта жүйелері деп ажыратады.
Yenлттық валюта жүйесі - белгілі бір елдегі,сол елдің заңдарымен анықталатын валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы.
Әлемдік валюта жүйесі - мемлекет аралық келісімдермен бекітілген, тарихи қалыптасқан халықаралық ақшалай қатынастарды ұйымдастыру формасы болып табылады.
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік ақшалардың функциясын орындайды, атап айтқанда, әлемдік ақшалар айналдыру құралы, төлем құралы , байлық қорлану құралы ретінде қолданылады.
Жабу бағамы - валюталардың қаржылық жағдай туралы есеп күнгі ағымдағы айырбас бағамы.
Бағам айырмашылығы - шетелдік валюталар бірлігінің бірдей санын қайта есептеу нəтижесінде пайда болатын айырмашылық.
Валюта айырбастау бағамы - бір валютаны басқасына айырбастау коэффициенті.
Əділ құн - жақсы хабардар, осындай операция жасағысы келетін, бір-біріне тəуелді емес тараптар арасында мəміле жасау кезінде активті айырбастауға немесе міндеттемені реттеуге болатын сома.
Шетелдік валюта - ұйымның қолданыстағы валютасынан өзгеше валюта.
Шетелдік қызмет - өз қызметі есеп беруші ұйым елінен немесе валютасынан өзгеше елде немесе валютада орналасқан немесе жүзеге асатын есеп беруші филиалы болып табылатын ұйым.
Қолданыстағы валюта - ұйым өз қызметін жүзеге асыратын негізгі экономикалық ортада пайдаланылатын валюта.
Топ - еншілес ұйымдары бар бас ұйым.
Ақша баптары - қолда бар валюта бірліктері, активтер жəне валюта бірлігін нақты немесе белгіленетін сомаларда алу немесе төлеу жөніндегі міндеттемелер.
Шетелдік қызметке таза инвестициялар - осы қызметтің таза активтеріндегі есеп беруші ұйым үлесінің шамасы.
Ұсыну валютасы - қаржы есептілігі берілетін валюта.
Ағымдағы валюталық бағам - дереу есеп айырысуға арналған айырбас бағамы.
1.2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
Халықаралық валюта жүйесіне бірқатар құрылымдық элементтер тән, олардың ішінде аса маңыздылары :
- халықаралық ақшалай тауар ;
- халықаралық өтемпаздық;
- валюта бағамы ;
- валюталық нарықтар ;
- халықаралық қаржы-валюталық ұйымдар ;
- халықаралық келісім шарттар.
Халықаралық ақшалай тауар - әрбір елмен, оның аумағынан әкетілген байлықтың эквиваленті ретінде қабылданады. Алғашқы халықаралық ақшалай тауар ретінде алтын болды. Кейіннен экономикасы жоғарғы дамыған елдердің валюталары әлемдік ақша болып қабылданды .
Валюта - бұл халықаралық экономикалық қатынастарда қолданылатын ақша. Оның негізгі екі түрі бар:
- халықаралық сауда валютасы ;
- халықаралық резервтік валюта .
Халықаралық сауда валютасы - халықаралық сауда операциялардың бағалауы үшін қызмет етеді (тауарлар мен қызметтердің экспортты және импорты), ол өзі сату - сатып алу объектісі бола алады.
Халықаралық резервтік валюта елдер арасындағы қатынастардағы халықаралық ақша айналымымен байланысты. Ол елдің валюта жүйесіне қажетті жағдайда көмек көрсетуге қолданылатын мемлекеттің валюта резерві. . Ұлттық валюта дегеніміз мемлекеттің заңымен тағайындалған сол мемлекеттің ақша бірлігі.
Валюталарға АҚШ доллары , неміс маркасы , жапон иенасы , фунт стерлингі жэне швейцария франкісі жатады .
Сонымен қатар валютаның маңызды үш түрі бар:
1.Еркін - айырбасталатын валюта - елдердің әлемде өз валютасының айналысына шектеулер қойылмайтын сол елдердің валютасы
2.Жартылай айырбасталатын валюта - елдердің белгілі бір шеңбер ауқымында халықаралық операциялар
З.Айырбасталмайтын - бұл елдердегі ерекше немесе әр түрлі шектеуліктерді іс-жүзінде қолданылатын сол елдердің валютасы.Мысалы: қандай да бір мемлекет валютаның әкеліп-әкетуге қарсы болуы.
1.3 ВАЛЮТА БАҒАМЫННЫҢ ӨЗГЕРУ ӘДІСТЕРІ
Қазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі эдіс бар :
- валютаның еркін айналымдағы бағамы ;
- тағайындалатын валюта бағамы.
Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде бағам үсыныс пен сүраныстың эсерінен қалыптасады.Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар эсер етеді. Олар :
- түтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарларына леген тұтынушының талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы, Қазақстанға Ресейден демалушылар көп келсе, онда рубль үсынысы көбейіп, арзандайды.
- табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің үлттық табысы басқа елдердің үлттық табысына қараганда өсімі салыстырмалы жоғарғы болған жағдайда, ол елдің валюта бағамы төмендейді. Себебі елдің импорты табыс деңгейіне қатысты болады.
- бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде қалыпты болса, онда қазақстандықтар ресейліктердің салыстырмалы арзан тауарларын түлынуға тырысып, рубльге қосымша сұраныс тудырады. Ал ресейліктердің керісінше, біздің тауарларды түтынуға деген ынтасы азайып, рубль ұсынысын кемітеді. Бүл екі жағдай бірігіп, теңгені қүнсыздандырады.
- салыстырмалы нақты пайыздық қойылымының өзгеруі. Мүндай жағдайды ойластырайық. Қазақстанда инфляцияны тежеу мақсатында қымбат ақша саясаты жүргізілді. Соның арқасында Қазақстан инвестициялауға өте тиімлі елге айналды, ал ол инвесторларды теңгені алуға итермелейді.
Қазақстан экономикасында :
1 Ресей экономикасына қарағанда жылдам өсу қарқыны болады деген жорамал бар;
2 Басқа елдерге қарағанда инфляция жоғары болады деген қаупі бар ;
3 Төмен қойылымның пайыздық мөлшері күтілуде.
Ондай жағдайда теңгесі бар тұлғалар қолындағы теңгені басқа, қалыпты валютаға айырбастауға ұмтылады. Ал ол осы валютаға сүранысты жоғрлатып, оны теңгеге қарағанда қымбаттады.
Еркін айналымдағы валюта бағамының кемшіліктері:
- белгісіздік және сауданың нашарлауы. Белгісіздік жэне қауіп сауда жүргізгуде қиыншылықтарды туғызады. Мысалы, қазақстандық кэсіпкер АҚШ-тан 90 мың долларга машина алуға шартқа отырды. Ол есептегенде долларды 79 теңгемен санады, ал елдегі жағдайға байланысты төлем уақыты келген кезде доллар 150 теңге болды. Сонда кэсіпкер екі есе көп ақша төлейтін болады.
- сауда жағдайы. Елдің экономикасы халықаралық нарық валютасының бағамы төмендеген жағдайда нашарлайды. Валюта бағамына тэуелді болады.
- түрақсыздық. Ішкі экономикаға жағымсыз эсер етеді. Тағайындалатын валюта бағамы эдісі жоғарғыда қарастырылған әдіске
қарама-қарсы эдіспен жасалынады. Оның қолданылуы мемлекеттің валюта бағамын түрақтандырып отыру қажеттілігінің туындауымен қиындатылады. Мысалы, жоғарыдағы жағдайда валюта жетіспеушілгі автоматты түрде жойылады, ал тағайындау жағдайында тапшылықты мемлекет жою керек. Оны жою жалпы келесі әдістермен жасалады:
- резервті қолдану. Бүл валюта бағамын түрақтандырудың ең бір жеңіл тэсілі. Ол нарыққа мемлекеттің өзінің валюта қорымен эсер ету механизмі.
- сауда саясаты. Ол мемлекеттің бағамды бір қалыпта үстау мақсатындағы импортты, яғни шетел валютасына деген сүранысты, шектеу, керісінше экспортты ынталандыру саясаты. Импортты квота, қосымша салық салу арқылы шектеуге болады. Ол жеңіл де, бірақ бүл қолдан жасалған щектеулер экономиканың дамуына кедергілер жасайды.
- валюлық бақылау, оңтайландыру. Тағы бір балама валюталық бақылау. Оның мэні келесіде, мемлекет өзінің шетке тауар шығарушылығына шетел валютасын тапсыруға міндеттейді.
- ішкі макроэкономикалық реттеулер. Салық және ақша саясаттарын жүргізу көмегімен шетел валютасына деген сұранысты азайтады.
Сонымен қатар, мемлекет валюта бағамын реттеу мақсатында қолдаулық немесе протекционистік шаралар қолданады.Бұл шараларға валюталық шектулер, валюта девальвациясы жэне ревальвациясы.
Валюталық шектеулер - бүл мемлекеттің валютамен немесе басқа валюталық қүндылықтармен операцияларды жүзеге асыруын заңды түрде шектеу немесе тыйым салуы.
Девальвация - ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатынасындағы айырбастау бағамын төмендету.
Ревальвация - ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатынасындағы айырбастау бағамын өсуі.
Экономикада сыртқы және ішкі баланстылықты қамтамасыз ету ақша-несие және валюта саясатының стратегиялық мақсаттары болып саналады.
Оған жетудің жолдары :
Мақсаттар
Таралу шекаралары бойынша
Сыртқы факторлар
Валюта нарығының тұрақтылығы
Төлем балансының тепе-теңдігі
Ішкі факторлар
Әрекет уақыты бойынша
Аралық
Ақырғы
Экономикадағы ақшаның бағыты
Даму қарқыны
Пайыздық ставканың деңгейі
Жалпы баға деңгейінің тұрақтануы
Жалпы қамтылуы
Ұлттық валюта бағамының тым ауытқымауы
Валюта нарығындағы сатылым көлемдерінің тұрақтылығы
Шет ел инвестицияларының артуы
Ел экономикасының экспорттық бағытталуын күшейту
Ақша массасының көлемі
Ақша-несие және валюта саясатының стратегиялық мақсаттары
Осы мақсаттарды іске асыру үшін сұраныс пен ұсыныс тәуелділігінде бағамның ауытқуына себепші болатын теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамының тәртіптемесін сақтау қажет.
Бұл - сыртқы нарықта Қазақстан тауарларының баға бәсекесіне қабілеттілігін дамытуға мүмкіндік береді. Ұлттық валюта бағамын қалыптастыруға монетарлық биліктің араласуы аз шамада болу керек.
Ішкі валюта нарығында айырбас бағамына алыпсатарлықтың алдын алу қажеттілігі туғанда оған монетарлық билік қатысады.Ақша-несие және валюта саясатының негізгі мақсаты 2006-2007 жылдары орташа жылдық инфляцияны 5-7% шекте ұстау және 2008- жылдың аяғына дейін оны 4- 6%-ға дейін төмендетуге тиіс болатын.
1.4 БАҒАМДЫҚ АЙЫРМА ЕСЕБІ
Валюталық бағамдардың тербелісі бағамдық айырмашылық сомасының пайда болуына алып келеді. Бағамдық айырмашылық есеп айырысу күніндегі немесе өткен мерзім үшін қаржылықесеп беруді жасау күніндегі бағам бойынша валюталық активтерді немесе міндеттемелерді теңгемен бағалау жəне оларды есепті мерзімде бухгалтерлік есепке қабылдау күніндегі немесе өткен мерзім үшін қаржылық есеп беруді жасау күніндегі бағам бойынша бағалаудыңарасындағы айырмашылық саналады. Бағамдық айырмашылықтар шаруашылық операциялары жасалған күні мен есеп айырысу күнінің, яғни осы операциядан келіп туындайтын дебиторлық немесе кредиторлық қарызды толық немесе жартылай өтеу күні арасындағы мерзімде бағам өзгерісі нəтижесінде пайда болады.
Ақшалай баптарды өтеу кезінде немесе ұйымның қаржылық есептілігінде ақшалай баптарды бастапқы танылу кезіндегі валютадан өзге валютада көрсету кезінде пайда болатын бағамдық айырмашалықтар пайда болу мерзіміндегі табыс немесе шығыс ретінде танылуы керек.
Есепті кезең ішінде бағамдық айырмашылықтар 6250 Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс жəне 7430 Бағамдық айырмашылық бойынша шығыс шоттарында көрсетіледі, ал жыл соңында осы шоттарда есепке алынған бағамдық айырмашылықтар 5610 Қорытынды пайда (залал) шотына апарылады.
Мысал, келісім бойынша шетелдік жабдықтаушыдан бағамы 1 АҚШ долларына 146,0 теңге бағамымен 100 мың АҚШ доллары көлемінде 14600,00 мың теңгеге тауар алынды.
Бухгалтерлік есепте келесі жазбалар жазылады:
1) Тауар кірістелді:
Дебет 1330 Тауарлар
Кредит 3310 Жеткізуші мердігерлерге қысқа мерзімді берешек -
14600000,00;
104
2) Тауар 146,2 теңге бағамы бойынша 115 мың АҚШ долларына өткізілді немесе 16813 000 сомасына (146,2*115000);
Дебет 1030 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты
Кредит - 6010 Өнімді өткізуден жəне қызмет көрсетуден алынатын кіріс - 16813000 теңге;
3) Өткізілген өнімнің құны сатып алу бағасы бойынша есептен шығарылды:
Дебет 7010 Сатылған өнімнің жəне көрсетілген қызметтің өзіндік құны
Кредит 1330 Тауарлар - 14600000 теңге;
4) Жабдықтаушыға сатып алынған тауар бойынша қарыз 1 АҚШ долл. 146,3 тенге бағамымен - 14630000 (100000 x 146,3) аударылды:
Дебет 3310 Жеткізуші мердігерлерге қысқа мерзімді берешек
Кредит 1030 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты
5) Жабдықтаушымен есеп айырысулар бойынша теріс бағамдық айырмашылық сомасы көрсетілген:
Дебет 7430 Бағамдық айырмашылық бойынша шығыс
Кредит 3310 Жеткізуші мердігерлерге қысқа мерзімді берешек
30000 (14630000-14600000);
6) Өткізілген тауарлардың құны есептен шығарылды:
Дебет 5610 Қорытынды пайда (залал)
Кредит 7010 Сатылған өнімнің жəне көрсетілген қызметтің өзіндік
құны 14600000;
7) Алынған табыстың қорытынды сомасы көрсетілді:
Дебет 6010 Өнімді өткізуден жəне қызмет көрсетуден алынатын
кіріс
Кредит 5610 Қорытынды пайда (залал) 16813000 теңге
8) Бағамдық айырмашылықтан алынған залалдың қорытынды сомасы:
Дебет 5610 Қорытынды пайда (залал)
Кредит 7430 Бағамдық айырмашылық бойынша шығыс 30000
теңге.
II. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ
2.1 ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Валюталық операциялар кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметімен тікелей байланысты. Валюталық операциялардың бухгалтерлік есебі кейінгі қосымшалар мен өзгерістермен қоса, субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары негізінде жүргізіледі.
Сыртқы экономикалық операциялар есебінің ерекшелігі есеп теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі тұрады.
Кәсіпорындарда сыртқы экономикалық қызметтің жүргізілуіне байланысты барлық операциялардың есебі шоттарда салыстырмалы түрде (теңгеде және шетелдік валютада) жүргізіледі.
Ұйымдардың шетелдік валютамен жасаған операцияларын жүргізу тәсілі:
- ҚЕҰС 2 Шетелдік валютамен операция жасау 30 бөлімінде және
- ХҚЕС (IAS) 21 Валюталық курс өзгерісінің әсері
деп аталатын бөлімдерде қаралады.
Валюталық операцияларды атқару кезінде, аталған стандарттарды,және төменде көрсетілген түсініктерді пайдаланады.
Қолданыстағы валюта - қаржылық есеп берілетін валюта;
Шетелдік валюта - кәсіпорын есеп беретін функционалдық валютадан басқа валюта
Валюталық курс - қаржы рыногында сұраныс пен ұсыныстың нәтижесіндеанықталған,бір валютаны екіншісіне аудару үшін қолданылатын олардың ара қатынасы;
Бағалары шетелдік валютамен есептелген активтер мен міндеттемелердің курстық айырмашылықтары, нарықтық курспен теңге түріндеесептеледі. Шетелдік валюталарды сатып алу мен сату операциялары курстық айырмашылықты тудырмайды. Ондай жағдайда айырмашылық негізгі қызметтен тыс туындаған пайда мен зиян болып саналады, себебі ол бір күнде екі түрлі бағам пайдаланудың нәтижесі болып табылады.
Курс айырмасы - бузгалтерлік есеп пен қаржылық есеп барысында,шетелдік валютаның курсы өзгерген кезде пайда болатын айырмашылық;
Курстық айырмашылықты есептеудің негізгі шартын атап өтейік.
Курстық айырмашылық қаржылық операциялар мен міндеттемелерін шетелдік валютаны пайдалану арқылы орындайтын кәсіпорындар, оларды тікелей алып, жұмсаған кезде ғана пайда болады.
Соңғы курс немесе жабылу кезіндегі курс - белгілі есепті кезеңдегі қолданыстағы валютаның,шетелдік валютаға шаққандағы курсы.
Шетелдік бөлімшелердегі инвестицияларды қайта бағалау кезіндегі курстық айырмашылық, инвестицияларды еншілес, бағынышты немесе біріккен түрде бақыланатын мекемелерге салудың нәтижесінде пайда болады.
Валюталық операцияларды жүргізу кезімен есептесу кезінде пайда болып, тиісінше табысқа немесе шығынға қосылатын курстық айырмадан, шетелдік бөлімшелерге салынатын инвестициялардың өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, мекеме өзінің шет елдегі бөлімшесіне шетелдік валютамен ұзақ мерзімдік несие бере алады, сол уақытта пайда болған курстық айырмашылық, мекеменің қаржылық инвестициясы болып табылады және оның капиталын ұлғайту үшін қолданады.
Шетелдік қызметтің мысалы.
Альфа мекемесі шет елде еншілес Омега кәсіпорнын құрды. 1 қаңтардағы еншілес мекеменің таза активтерінің бағасы 600 000 АҚШ долларын құрады. Еншілес кәсіпорынның акционерлік капиталы 400 000 АҚШ доллары, бөлінген ішкі топтық несие 200 000 АҚШ доллары.
Несие еншілес мекемеге бөлінген таза инвестицияның бір бөлігі болып саналады. Оған қатысты курстық айырмашылық, капиталдың өзгерісі ретінде қарастырылады. Еншілес кәсіпорынрынды құрған кездегі валюта бағамы 135 теңге, есеп берукезеңінде - 137 теңге. Займ сомасы төмендегідей өзгеріске ұшырады:
(137 теңге - 135теңге) х 200 000 = 400 000 теңге. Бағам өзгерісінен пайда болған курс айырмашылығы 400 000 теңге, Альфа мекеменің капиталына қосылады.
Займ (несие) түрінде алған валюталық қаржылық бойынша қарыздар туындаған кезде, бағамның өзгеруінен кредиторлық қарызды қайта есептеу кезінде, курстық айырма пайда болады.
Курстық айырма қарыз пайда болған күннен бастап, оны толық қайтарғанға дейін есептеліп отырады.
Мысалы, мекеме резидент емес шетелдік банктен 100 000 АҚШ доллары көлемінде ссуды алды. Несие келісім шарт бойынша 60 күн мерзімге берілген. Жылдық үстем ақысы 18 пайыз. Келісім шарт бойынша үстем ақы ай сайын төленіп тұрады. Доллардың нарықтық бағамы несие алған күні 155,5 теңге, 1- айдағы үстем ақылық пайызын төлегенде - 156 теңге, несиені қайтарған күнде - 156,2 теңге.
№
Операцияның
мазмұны
Сома
Счеттар тобы
Дебет
Кредит
1
Валюталық счетқа 100 000 АҚШ долларына тең несие алу х 155,5
15 550 000
1030
3010
2
Бірінші айда есептеліп банкіге төленген пайыздық үстемесі: 100 000х18% х30:360 = 1494х156 -15% салық
233 064 34959,6(15%) 198 104,4
7210 3380
3380
3380
3190
1030
3
Міндеттерді қайта есептеуге орай, ссуданы қайтару кезіңіне сай есептелген курстық айырма 100 000 x(156,2 - 155,5)
70 000
7430
3010
4
Қайтарылған несие 100 000 x
156,2
15 620 000
3010
1030
5
Екінші айда есептеліп банкіге төленген пайыздық үстемесі:
100 000 x 18% x 30:360 = 1494x
156,2
-15% салық
233 362,8
35004,4
(15%)
198 358,4
7210
3380
3380
3380
3190
1030
Шетелдік валютаман жасалған кез келген операцияның бухгалтерлік есебі, шетелдік валютамен және нарықтық курс бойынша теңгемен жүргізіледі. Мысалы, кәсіпорын сыртқы сауда контрактысыбойынша, шетелдік компанияга сомасы 100 000 АҚШ доллары көлемінде алдын ала төлем жасаған. Төлем жасалған кездегі бір доллардың нарықтық курсы 153 теңге. Бухгалтерлік есебі былай жүргізіледі:
Дт 161- немесе 2910 - Кт 1050 - 15 300 000 теңге (153х100 000).
Бухгалтерлік есеп бойынша аталған курстықайырма, валютаның теңгеге шыққандағы нарықтық курсына сәйкес анықталып, кәсіпорынның табысына, немесе шығынына жатқызылады. 31желтоқсанға дейін атқарылған операциялар бойынша есептелген курстығ айырма, бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, аяқталмай есептегі мерзім бойынша, табыстың құрамына қосылады. Мысалы, мекеменің есебіне сай, 1 желтоқсан 200X жылы шетелдік валюта бойынша 10 000 АҚШ доллары көлемінде алашақ қарыздары болды делік. Осы операция бойынша есептесу келесі 200X жылы ақпан айы болып белгіленген. Алашақ қарыз пайда болған кезде, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 153теңге болған. Есеп беру кезеңіндегі доллардың бағамы 155 теңге болды.
1 желтоқсандағы сальдо: Кт 3390,3540,4170 не 4430 - 1 530 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz