ҚР – сы атқарушы органның бірі, министірлік қызметі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ...3
I. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АТҚАРУШЫ ОРГАНЫ 1.1 Қазақстан Республикасының Үкіметі ... ... ... ... ...6 1.2 Атқарушы билік ... ... ... ... ... 11
1.3 Атқарушы билік, биліктің бөліну ұстанымдары және белгілері ... ... ... ... ...13
1.4 Атқарушы билік субъектілері және функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15 1.5 Атқарушы билік органдарының жүйесі ... 18
II. МИНИСТРЛІК 2.1 Министрлік ұғымы ... ... ...20 2.2 Министрліктер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... .30

Қазақстан Республикасының 64 – баптың 1 – тармағында былай делінген: “Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды”. Яғни, атқарушы билік – заң, биліктік – жедел ұйымдастыру- өкімдік, Президент Жарлықтарының орындалуын шығармашылық көрініс табатын, Конституцияның, заңдардың қамтамасыз етуге, елді дамытудың саяси және әлеуметтік – экономикалық мәселелерін, жалпы және арнайы құзіреті бар мемлкеттік басқару органдарының бірыңғай жүйесінің қызметін шешуге, азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын толық іске асыру мақсатында елдің бүкіл аумағында немесе тиісті әкімшілік – аумақтық бірлігінде жалпыға міндетті мәні бар актілер шығару құқығы берілген, халықтың тіршілігінің лайықты деңгейі үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттік биліктің аса маңызды дербес тармағы.
Атқарушы биліктің құрлымы қазіргі уақытта жалпы және арнайы құзіретті мемлекеттік басқару органдарын қамтиды. “Мемлекеттік басқару органы” деген ұғым аталмыш жағдайда “атқарушы билік органы” немесе “атқарушы органдар” деген ұғымдармен тең. Бұл жерде мемлекеттік басқару тар ұғымда, ол кең мағынада мемлекеттің қоғамдық қатынастарға кез келген басқарушы ықпалын қамтиды және оған мемлекеттік тетіктің барлық буыны кіреді.
ТМД елдерінің Конституцияларында берілетін “үкімет” деген ұғымға атқарушы билік жүйесіндегі оның басқарушы рөліне басымдық мән беріледі, оның басқару және өкімдік сипаты атап көрсетіледі.

1. Қызылов М. — Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы: Оқулық. — Астана: Фолиант, 2009. — 504 б.
2. Н.Ә. Назарбаев. "Президенттің Қазақстан халқына жолдауы 2030" -Алматы: "Білім", 1997 ж.
3. ҚР Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы "Қозғалмайтын мүлік жөніндегі Заң күші бар жарлығы".
4. Жайлин Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім. II том. - Алматы: Заң әдебиеті, 2005ж.
5. Төлеуғалиев Ғ.И Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: Жоғары оқу орындарына арналған академиялық курс. Оқулық І-том.-Алматы: «Жеті-Жарғы»
6. Сүлейменов М.К. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Жоғарғы оқу орнына арналған 2005ж Обязательственное право О.С.Иоффе. М. “Қазақ Совет Энциклопедиясы”, VI том
7. Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары. Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9
8. Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Қазақ КСР мемлекеттік мекемелері. Анықтамалық. Қазақ АКСР Әлеуметгік-мәдени құрылыс басқармасы органдары, әкімшілік-саяси органдары және әділет соты органдары (1920— 1936 жж.) 2-т.

Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы : ҚР - сы атқарушы органның бірі, министірлік қызметі.
Тобы: 7.15.25.
Тексерген: Жүсіпова Шолпан Саламатқызы
Орындаған: Сатқан Елдос Умырзақұлы
Атырау 2017
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АТҚАРУШЫ ОРГАНЫ 1.1 Қазақстан Республикасының Үкіметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6 1.2 Атқарушы билік ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1
1.3 Атқарушы билік, биліктің бөліну ұстанымдары және белгілері ... ... ... ... ...13
1.4 Атқарушы билік субъектілері және функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15 1.5 Атқарушы билік органдарының жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
II. МИНИСТРЛІК 2.1 Министрлік ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20 2.2 Министрліктер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының 64 - баптың 1 - тармағында былай делінген: "Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды". Яғни, атқарушы билік - заң, биліктік - жедел ұйымдастыру- өкімдік, Президент Жарлықтарының орындалуын шығармашылық көрініс табатын, Конституцияның, заңдардың қамтамасыз етуге, елді дамытудың саяси және әлеуметтік - экономикалық мәселелерін, жалпы және арнайы құзіреті бар мемлкеттік басқару органдарының бірыңғай жүйесінің қызметін шешуге, азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын толық іске асыру мақсатында елдің бүкіл аумағында немесе тиісті әкімшілік - аумақтық бірлігінде жалпыға міндетті мәні бар актілер шығару құқығы берілген, халықтың тіршілігінің лайықты деңгейі үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттік биліктің аса маңызды дербес тармағы.
Атқарушы биліктің құрлымы қазіргі уақытта жалпы және арнайы құзіретті мемлекеттік басқару органдарын қамтиды. "Мемлекеттік басқару органы" деген ұғым аталмыш жағдайда "атқарушы билік органы" немесе "атқарушы органдар" деген ұғымдармен тең. Бұл жерде мемлекеттік басқару тар ұғымда, ол кең мағынада мемлекеттің қоғамдық қатынастарға кез келген басқарушы ықпалын қамтиды және оған мемлекеттік тетіктің барлық буыны кіреді.
ТМД елдерінің Конституцияларында берілетін "үкімет" деген ұғымға атқарушы билік жүйесіндегі оның басқарушы рөліне басымдық мән беріледі, оның басқару және өкімдік сипаты атап көрсетіледі.
Украина Конституциясының 113 - бабыны сәйкес Министрлер кабинеті атқарушы биліктің жоғары органы болып табылады. Түркімен Республикасы Конституциясының 76 - бабы Министрлер кабинетін атқарушы және өкімші орган ретінде сипаттайды. Молдава Конституциясының 96 - бабында, үкімет мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді және жария басқаруға жалпы басшылықты жүзеге асырады делінген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 64 - бабының 1 - тармағы осы тұжырымдарды негізге алады, ол іс жүзінде үкіметті атқарушы биліктің жоғары органы деп атайды. Атқарушы билік органдары - мемлекеттік биліктің осы тармағын жүзеге асыратын негізгі субьект. Онсыз мемлекеттік - басқарушылық қызметті іс жүзінде жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік-құқыктық мәртебесі көпшілігінде нақ осындай мемлекеттік органдардың қызмет аясында шындыққа айналады. Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір дәрежеде ұйымы деген ұғымнан туындайды, ол тар мағынада бірлескен қызметтің қандай да болмасын түрін жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін ең аз дәрежеде болса да адамдар ұжымының рәсімделген жекелеген бастауыш ұйымын білдіреді. Кең мағынада ол осындай бастауыш ұйымдардың жиынтығын білдіреді. Ұйымдарды мемлекеттік және мемлекеттік емес сипатына қарай ажырату алынған. Біріншілері ресми түрде мемлекетпен рәсімделеді. Екіншілері олардың мүшелерінің еркімен рәсімделеді мысалы, партия. Мемлекеттік ұйымдардың тобына мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және, соңында, мемлекеттік органдар енлзіледі. Бұл кәсіпорындар мен мекемелерді біріктіретін ортақ белгі мынаған салды. Кәсіпорындар мен мекемелердің ішінде басқару сипаты бар функцияларды тиісті ұжым емес, оның басшылары, яғный әкімшілігі жүзеге асырады. Атқарушы билік органдарының мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері тек мемлекеттік-басқарушылық қызмет мақсаттарына ғана пайдаланылады. Бұл органдар заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді олардың ішінде өздерінің актілерін де орындау үшін құрылады. Атқарушы билік органдары өзінің қызметін заңға тәуелді негізде атқарады. Бұл - мемлекеттік - басқарушылық кызметтің негізгі базасы заң екендігін білдіреді оның субъектілері осы мемлекеттік органдар болып табылады. Атқарушы билік органдары жоғары, орталық және жергілікті болып бөлінеді. Мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы-өкімдік етуші органы Үкімет болып табылады. Үкіметті Республика Президенті құрады және ол қаулылар шығарады. Республика Премьер-министрі өкімдер шығарады. Үкімет қызметі республиканың барлық аумағын қамтиды. Үкімет өзіне бағынышты өзге де барлық атқарушы билік органдарын біріктіреді және олардың жұмысына бағыт беріп отырады. Тиісті министрліктер, агенттіктер, ведомстволар атқарушы биліктің орталық органдары болып табылады. Министрліктер басты атқарушы орган болып табылады, ол мемлекеттік баскарудың тиісті саласына басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады. Министрліктер Үкіметтің тікелей басшылығымен атқарушы - өкімдік етуші қызметті жүзеге асырады, ал министр Үкімет мүшесі болып табылады. Барлық министрліктердің жалпы міндеттері мыналар: өз саласында мемлекеттік саясатты жасап, оны іске асыру; заң шығарушылық және нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; салааралық үйлесімділікті жүзеге асыру және мемлекеттік баскару саласына басшылық жасау; әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; кадрлар даярлау; олардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау, т.б. Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер. Агенттік -- Үкімет құрамына кірмейтін биліктің орталық атқарушы органы. Ол салааралық үйлестіруді, сондай-ақ арнаулы атқарушы және рұқсат етуші қызметтерді жүзеге асырады. Агенттікті Премьер-министрдің ұсынуы бойынша Президент құрады, қайта құрады және таратады. Ведомство -- өз құзыретінің шегінде арнаулы атқарушы және бақылаушы-қадағалаушы қызметтерді, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың бағынышты саласына басшылықты жүзеге асыратын республиканың орталық атқарушы органының комитеті болып табылады. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы органның басшысының ұсынуы бойынша республика Үкіметі құрады, қайта құрады және таратады. Министрлік, агенттік, ведомство шығаратын акті нысаны -- министр, агенттік төрағасы, ведомство басшысының бұйрығы болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар -- әкімдіктер. Жергілікті жерде атқарушы билікті республиканың әкімшілік- аумақтық құрылымына сәйкес облыстың, ауданның, қаланың, ауылдың, селоның, поселкенің әкімдіктері жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдар -- жоспарлар, аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жасауды жүзеге асырады және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікті баскарады. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерінен босатады, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты өзге де мәселелерді шешеді
I. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АТҚАРУШЫ ОРГАНЫ 1.1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
Қазақстан Республикасының Үкіметі -- Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Мәжіліс алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады. Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі. Қазақстан Республикасының Үкіметі -- мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституциялық Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.
Үкіметті құру
Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орталық атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.
Қазақстан Үкiметi -- алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi -- республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.
Өкiлеттiктері:
Үкiметке мынадай негiзгi конституциялық өкiлеттiктер берiлген:
* ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау;
* мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;
* әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, iске асыру;
* Республика Президентi белгiлеген тәртiппен респ. бюджеттi және оған енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу, парламентке республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету;
* ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру;
* мемлекеттік валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау;
* құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
* баға құралуының мемлекеттік саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру;
* мемлекет реттейтiн баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң номенклатурасын белгiлеу;
* мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз ету;
* еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесi мен шарттарын айқындау;
* мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске асыру;
* аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;
* ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi мемл. саясатты айқындап, iске асыру;
* табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру;
* құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
* азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртiптi сақтау, ҚР-ның қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын күзету шараларын әзiрлеп, iске асыру;
* келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдау;
* ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету;
* сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу;
* сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану;
* халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
* Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындау.
Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде конституцияда және үкiмет туралы конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентiнiң алдында жауапты.
ҚР-ның Премьер-Министрi үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық етедi, оның жұмысы үшiн жауап бередi, Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды, Олар өздерiне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшiн Премьер-Министрдiң алдында жауап бередi. Парламенттiң әрбiр палатасы үкiмет мүшелерiнiң қызметтерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға хақылы. Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнiнде Президентке мәлiмдей алады. Үкiмет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентiнiң нормативтiк жарлықтары негiзiнде және солардың орындалуы үшiн өз құзыретi шегiнде бүкiл мемлекеттік аумағында мiндеттi күшi бар Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығарады, олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi. Бұл қаулылар мен өкiмдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келмеуге тиiс. Жаңадан құрылған Үкiмет өз қызметiнiң бағдарламасын жасап, бұл туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкiметтiң бағдарламасын қабылдамаса, Үкiмет екi ай iшiнде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер Парламент депутаттарының жалпы санының 23-сiнiң дауыс беруiмен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкiметке сенiмсiздiк вотумын бiлдiредi. Үкiмет заңдық ұсыныстар енгiзуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мәжiлiсiне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшiн жауапты болатын министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, агенттiктер, бiрiншi басшылар қатысады. Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi шегiнде қызмет етедi және жаңадан сайланып, қызметке кiрiскен ҚР Президентiне үкiмет мүшелерi жазбаша қол қойған өтiнiш беру арқылы өз өкiлеттiгiн доғарады.
ҚР-ның Конституциясында (70-бап) және ҚР-ның Үкiметi туралы констиуция заңда республика Үкiметiнiң, оның мүшелерiнiң тиiстi өкiлеттi мерзiмiнен бұрын орындарынан түсу себептерi мен тәртiптерi қаралған. Егер Үкiмет, оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi орындау мүмкiн емес деп санайтын болса, онда олар республика Президентiне өз орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Конституцияда (53-бап, 7-тармақ, 61-бап, 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы ҚР Президентiне мәлiмдейдi. Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi ҚР Президентi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылды дегендi бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн Президенттiң қабылдауы немесе оны қызметiнен босатуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Сондай-ақ, президент өз бастамасымен де Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметтен босатуға хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн және оны жүргiзбей отырған үкiмет мүшелерi атқарып отырған қызметiнен босатылуға тиiс.
Құрылымы:
Министрлiктiң және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылатын үкiмет мүшелерi: тиiстi мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады; өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды; ҚР Премьер-Министрiнiң алдында өздерiне жүктелген бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшiн, сондай-ақ, тиiстi мемлекеттік органдардың қарауына жататын мемлекеттік басқару аясындағы iстiң жайы үшiн дербес жауап бередi; ҚР заңдарының, ҚР Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi. Министр ҚР Конституциясында көзделген ретте (37-бап, 6-тармақ) өз қызметiнiң мәселелерi жөнiнде парламент палаталарына есеп бередi.
Үкiмет құрамына кiретiн орталық (республикалық) атқарушы органдарды қызметiнiң сипатына қарай салалық құзыреттi органдарға, салааралық құзыреттi органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттiң арнайы немесе ерекше атқарымдарын iске асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге болады.
Үкімет реформасы:
6 тамыз 2014 жылы Үкіметтің экономика және әлеуметтік саланың өзекті мәселелеріне арналған кеңейтілген отырысы өтті.[1] Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің жаңа құрылымы таныстырылды. Нәтижесінде бірнеше министірліктер таратылып, жаңа министрліктер пайда болды. Үкіметтің жаңа құрылымы 14[2] министрліктен тұратын болды.
1.2 АТҚАРУШЫ БИЛІК
Атқарушы билік -- заңдардың орындалуын, олардың құқықтық нормаларын өмірге енгізумен, мемлекеттік органдардың тоқтаусыз қызметін қамтамасыз ету, адамның құқықтары мен бостандыңтарын қорғау, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін белгіленген мемлекеттік биліктің тіршілігін көрсететін абстрактілі саяси-құқықтық категория. Аталған атқарушы билік функцияларын жүзеге асыру, басқарушылық әрекет және басқарушылық шешімдерді қабылдауды істеудің нәтижесі болып саналады. Мемлекеттік басқару термині тәжірибелік ұйымдастырушылық-құқықтық мағынаға ие. Мемлекеттік басқару -- бұл атқарушы билікті жүзеге асыру нысаны, яғни атқарушы билікті (оны атқарушы-әкімдік қызмет деп атауға болады) жүзеге асыру қызметі. Мемлекеттік басқару -- бұл мемлекет механизмі жұмысының берік және үйлесімділігін қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік басқарудың қажетті белгісі болып, норма шығармашылық, биліктік құзыретті және мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын іске асыру және т.б. саналады. Атқарушы билік терминінің ұғымы мемлекеттік басқару ұғымының терминіне қарағанда тым тар, өйткені атқарушы билік мемлекеттік басқарудан туындайды; оның қызмет тиімділігі мемлекеттік басқару жүйесін ұйымдастыру деңгейіне тікелей байланысты. Сонымен бірге атқарушы билік мемлекеттік-басқарушылық қызмет процесінде іске асырылатын биліктік құзыреттердің көлемі мен сипатын анықтайды. Атқарушы билік органдары мемлекеттік басқару құрылымының ұйымдастырушылық базасын құрайды және әр түрлі қоғамдың процестерге, адамдардың мінез-құлқына және қызметіне нақты басқарушылық әсер етеді. Атқарушы билік басқару нысанында және басқарушылық рәсімдер көмегімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік басқару белгіленген шекте басқа да билік органдарымен жүзеге асырылады. Заң шығарушы және сот билігі органдары өздеріне тән функциялар мен құзыреттерді іске асыра отырып, мемлекеттік басқаруды пайдаланады. Атқарушы билік органдары - мемлекеттік биліктің осы тармағын жүзеге асыратын негізгі субьект. Онсыз мемлекеттік - басқарушылық қызметті іс жүзінде жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік-құқыктық мәртебесі көпшілігінде нақ осындай мемлекеттік органдардың қызмет аясында шындыққа айналады.
Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір дәрежеде ұйымы деген ұғымнан туындайды, ол тар мағынада бірлескен қызметтің қандай да болмасын түрін жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін ең аз дәрежеде болса да адамдар ұжымының рәсімделген жекелеген бастауыш ұйымын білдіреді. Кең мағынада ол осындай бастауыш ұйымдардың жиынтығын білдіреді. Ұйымдарды мемлекеттік және мемлекеттік емес сипатына қарай ажырату алынған. Біріншілері ресми түрде мемлекетпен рәсімделеді. Екіншілері олардың мүшелерінің еркімен рәсімделеді мысалы, партия. Мемлекеттік ұйымдардың тобына мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және, соңында, мемлекеттік органдар енлзіледі. Бұл кәсіпорындар мен мекемелерді біріктіретін ортақ белгі мынаған салды. Олар өзінің қызметін, оларды құратын мемлекеттің атынан, бірақ қандай да болмасын биліктік өкілеттіктерсіз және өзінен сыртқары қандай болса да басқару функцияларын атқармай, жүзеге асырады. Кәсіпорындар мен мекемелердің ішінде басқару сипаты бар функцияларды тиісті ұжым емес, оның басшылары, яғный әкімшілігі жүзеге асырады. Бұл келтірілген жағдайлар отқарушы билік органдарының ерекшелігін түсіну үшін қажет. Олар мемлекеттік ұйымдардын жүйесінде ерекше орын алады, ол өзінің тікелей көрінісін мыналардан табады. Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот биліктері органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың бөлек буыны болып табылады. Бұл, біріншіден, олардың мемлекет атынан тікелей өкілдік ететінін, шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси өмірдің әр түрлі салаларында оның саясатын жүзеге асыратынын білдіреді және, екіншіден, оларға мемлекет бұл үшін қажетті мемлекеттік-биліктік өкілеттіктердің белгілі бір көлемін береді, бұлардың кәсіпорындар мен мекемелерде болуы мүмкін емес.
1.3 АТҚАРУШЫ БИЛІК, БИЛІКТІҢ БӨЛІНУ ҰСТАНЫМДАРЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
Мемлекеттік билік теориясы мен биліктің бөліну теориясын оқу негізінде атқарушы биліктің мәнін ашуға болады. Атқарушы билік, мемлекеттік билік және биліктің бөліну теориясы тығыз байланысты бола тұра, тәжірибеде мемлекеттік басқарудың демократиялық процестерін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік билік -- бұл ерекше қоғамдық қатынастар жүйесі және мемлекеттік органдар қызметі заңмен белгіленген нысандар мен әдістер көмегімен жүзеге асырылатын және қоғамда демократиялық режимді жасауға, тұлға мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және мемлекеттік басқару мен бақылаудың тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл -- нақты мақсаттары мен функциялары және қоғамдық қатынастарға әсер етудің құқықтық құралдары бар мемлекет билігі. Мемлекеттің әр түрлі функциялары арнаулы мемлекеттік органдардың тағайындалуына, олардың арнаулы нысандар мен әдістер арқылы әсер етуіне, қоғамның, азаматтардың амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне, мемлекеттік қызметтің негізгі мақсатын құрауына себепші болады. Мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен демократиялығы, мемлекеттік биліктің үш тармаққа: заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлінуімен іске асырылады. 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-ның егемендігі туралы Декларациясы қабылданып, алғаш рет осы құжатта мемлекеттік билікті бөлу ұстанымы бекітілді. Декларацияның 7-тармағына сәйкес мемлекеттік биліктің заң шығару, атқару және сот биліктеріне бөлінетіні, заң шығару билігін Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі жүзеге асыратыны, Президент Республика басшысы болып табылып және жоғары әкімші-атқарушы билікке иелік ететіні, жоғарғы сот билігін Қазақ КСР Жоғарғы Соты жүзеге асыратыны белгіленді. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болғанын жариялаған 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Республиканың Конституциялық заңы билік бөлу ұстанымын әрі қарай дамытты. Конституциялық заңның 9-бабы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің заң шығару, атқару, сот биліктеріне бөліну ұстанымына сәйкес құрылатынын және жүзеге асырылатынын бекітті. Осы баппен Республика халқының атынан билік жүргізу құқығы -- Жоғарғы Кеңес пен Президентке берілетіні белгіленді. Конституциялық заңның 10-бабына сәйкес сот билігін жүзеге асырушы Жоғарғы Сот, Жоғары төрелік Соты болып табылды. Сонымен бірге жаңа сот органы -- Конституциялық Сот анықталды. Бұл орган Конституцияны соттық қорғауды жүзеге асыра-тын жоғарғы орган болып табылды. Билік бөлу ұстанымы өзінің әрі қарай дамуын Қазақстан Республикасының 1993 жылғы алғашқы Негізгі Заңынан тапты. Негізгі Заңның конституциялық құрылыс негіздерінің алтыншы тармағында Республикадағы мемлекеттік билік оны заң шығару, атқару, сот биліктеріне бөлу ұстанымына негізделетінін, осыған сәйкес мемлекеттік органдар өз өкілеттіктері шегінде дербес, өзара тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы әрекет ететінін бекітті. Осылай тәуелсіз мемлекеттің алғашқы Конституциясында билік бөлу ұстанымының тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі пайда болды.
1.4 АТҚАРУШЫ БИЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Атқарушы билік субъектілері әкімшілік құқықтың басты субъектілері болып саналады, өйткені олар мемлекеттік басқаруды, басқарушылық әрекеттерді жүзеге асырады, әкімшілік актілерді қабылдайды, заңдардың орындалуын, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасында атқарушы билік субъектілерінің мына түрлерін бөлуге болады, олар: жоғарғы, орталық және жергілікті атқарушы билік органдары. Олар бір-бірімен қарым-қатынаста тең құқықты. Қазақстан Республикасында атқарушы билік субъектілері мен мемлекеттік басқаруды жүзеге асырушылар: ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz