Ақпаратты-іздестіру жүйесі және оның дамуы


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 6

1 АҚПАРАТТЫ-ІЗДЕСТІРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ . . . 8

  1. АІЖ-нің қалпы және дамуы . . . 8
  1. АІЖ-не қойылатын талаптар . . . 17АІЖ қолдану аясы . . . 18

2 БАҒДАРЛАМАНЫ ҚҰРУҒА АРНАЛҒАН АСПАПТЫҚ ҚҰРАЛ…. 32

  1. Delphi-де қолданылатын мәліметтер қорының түрлері 32
  2. Delphi-де МҚ байланысты ұйымдастыру . . 33
  3. TQuery компонентімен жұмыс . . . … . . . …40
  4. TDBGrid компонентін қолдану . . . 47

3 «Оқу орны АІЖ» БАҒДАРЛАМАСЫН СИПАТТАУ . . . . . . . …56

3. 1. Бағдарламаның негізгі сипаты . . . . . . 56

3. 2. Оқу орындарын іздеу . . . 57

3. 3. Мәліметтерді қосу, өзгерту және өшіру . . . …60

3. 4. Сұрау бойынша есеп . . . 63

3. 5. Сұрыптау түрлері . . . 65

3. 6. Мамандықтар . . . 66

ҚОРЫТЫНДЫ 69

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 71

ҚОСЫМША . …. . 72

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта қоғамдық өмірде ақпараттың таралу қарқыны өте жылдам дамып келеді. Ақпараттық процесстер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда, қоғамдық өмірде ақпарат тасымалдау, жинақтау мен түрлендіру процесстері.

Ақпаратты басқару компюьтерлерді қолданудың негізгі саласы болып табылады және де, болашақта үлкен роль атқарады.

Мәліметтер қоры - қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның бөлігіндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы. Мәліметтер қорын басқару жүйесі компьютерлік техниканың даму жолдарына байланысты жетілдіріліп тұрды, пайдаланушының қойған барлық күрделі деңгейдегі талаптарын орындауға бейімделді.

Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа техналогиялардың даму барысында ақпаратты-іздестіру жүйесі негізгі мәселелердің бірі. Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке шаруашылық мекемелерде, оқу орындарында және басқа да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және ақпаратты-іздестіру жүйесі мәселелері алға қойылып отыр. Автоматтандыру үшін көптеген автоматтандырылған бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар қолданылады, олардың ішінде бухгалтерлік есептеулер жүйесі, электронды деканат, оқу жүктемесін есептеу, қызметкерлер, студенттер туралы электронды мәліметтер қоры және тағы да басқалар бар.

Дипломдық жұмыс Delphi обьектілі бағытталған тілінде жазылған және мәліметтер қорын басқару жүйесі ретінде Paradox қосымшасы қолданылады. Қазіргі уақытта Delphi корпоративтік пайдалану үшін қолданылатын мәліметтер қоры қосымшасын құруда бірден-бір кеңінен таралған құрылғы болып есептелінеді. Delphi-де МҚ қосымшаларын өңдеуші бизнес-логика және программа интерфейсі реализациясы әдістерін таңдай алу мүмкіндігі ғана емес, МҚ-мен өзара іс-әрекет архитектурасы және мәліметтерге ену мүмкіндігі да бар. Бұл тіл визуалды бағдарламалау ортасы, бағдарламалауға тиімді және қолайлы болып табылады.

Дипломдық жұмыс тақырыбының қойылымы:

Оқу орындары туралы ақпаратты-іздестіру жүйесін құру.

Мақсаты мен міндеті:

Бұл программада Қазақстан мен Ресейдің белді оқу орындарының тізімі берілген. Сол тізімнен өзімізге ыңғайлы тәсілмен қажетті оқу орынын іздеп табуға мүмкіндік береді

Дипломдық жұмыстың құрылымы

Жұмыс негізінен үш тараудан тұрады:

1-тарауда Дербес ЭЕМ негізінде ақпаратты-іздестіру жүйесінің дамуы және қойылымы туралы жазылды.

2-тарауда Бағдарлама және онымен қалай жұмыс істеу жөнінде қолданушыға нұсқау жазылды.

3-тарауда бағдарламалық өнімді құруға қолданылған инструментальды құрылғылар: мәліметтер қорын басқару жүйесіндегі Paradox 7 механизмі мен Delphi бағдарламалау ортасы және ондағы басты компоненттер туралы жазылды.

1 АҚПАРАТТЫ-ІЗДЕСТІРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚОЙЫЛЫМЫ

1. 1. АІЖ-ның ќалпы және дамуы

Электрониканың дамуы есептеуіш машиналардың жаңа класының Дербес ЭЕМ-нің пайда болуына әкелді. Дербес ЭЕМ-ң негізгі ерекшелігі оның төмен бағасы жєне сонымен ќатар жоғары сапалылығы. Мысалы, 60-шы жылдардың басындағы үлкен ЭЕМ-дің шығарылуының, 70-ші жылдардың басындағы кіші ЭЕМ-дің жєне 80-ші жылдардағы Дербес ЭЕМ-дің шығарылу сұранысының жоғарылығы бір-бірімен шамалас. Ќазіргі кезде Дербес ЭЕМ-ң төмен бағасы, сенімділігі адам тұрмыс тіршілігінің ќалып күйіне арналған.

Мұндай облыстарға Дербес ЭЕМ ќолданылатын ұжымдыќ тұрмыста жатады

1-сурет. Дербес ЭЕМ-нің жалпы схемасы:

1-микропроцессор, 2-негізгі жады, 3-сыртқы жады, 4-дисплей, 5-клавиатура, 6-басып шығару ќұрылғысы, 7-жүйелік магистраль.

ЭЕМ-нің ќолданылуы:

  • мамандардың информацияны өңдеумен байланысты еңбек сапасын өсіруге шынымен мүмкіндік берді. Бұл аспект ерекше көзге түсерліктей, өйткені осы уаќытќа дейін басќару еңбегі сапасының жоғарылығы өте жай ќадаммен өсіп келді. Осылайша ол соңғы 30 жыл ішінде 2-3 есе өсті, ал сонымен ќатар өнеркєсіпте 14-15 есе өсті. Ќазіргі уаќытта єртүлі салалар мамандарының басќару жєне ой еңбегінің интенсификациясы үшін Дербес ЭЕМ-нің негізінде функционалданатын АІЖ өте кең көлемде өңделіп дамып келеді.
  • экономикалыќ ќызметтердің жұмысшыларының АІЖ-ның негізгі ќұраушы элементтерін, басќару тұрмысын жєне т. б. олардың ќолданылуының жєне дамуының перспективалары. 1-суретте АІЖ-ң техникалыќ негізін ќұрайтын Дербес ЭЕМ-нің жалпы схемасы көрсетілген.
  • Дербес ЭЕМ-нің негізгі құрылғысы программа құрамындағы әртүрлі операциялардың орындалуын қамтамасыз ететін микропроцессор болып табылады. Қазіргі уақытта ең кең көлемде таралған 32-разрядты процессорлар, бірақ көп кешікпей олардың орнына 64-разрядты процессорлар келеді. Разрядтылық елілік кодтағы жұмысшы сөзінің ұзындығын білдіреді. Микропроцессорлар разрядтылығынан басқа тактілік жиілігімен де ерекшеленеді. Тактілік жиілік пен разрядтылық неғұрлым үлкен болса, соғұрлым процессордың сапасыжоғары болады. Бір секундта ондаған миллиондаған операцияларды орындау Дербес ЭЕМ үшін қалапты нәрсе.

Дербес ЭЕМ-нің жұмыс істеу шапшаңдығы сонымен қатар жұмыс істейтін жадының көлеміне де байланысты. Жады негізгі және сыртқы болып бөлінеді. Негізгі жады 2 компоненттен тұрады: тұрақты есте сақтау құрылғысы(ROM немесе ПЗУ) және жедел есте сақтау құрылғысы (RAM немесе ОЗУ) ЖЕҚ- да программаның динамикалық информациясы және өңделетін мәліметтер сақталады.

Компьютерді сөндіргенде ЖЕҚ құрамындағы барлық информация өшіріліп қалады. ТЕҚ-сы ЖЕҚ-ға қарағанда кішірек, онда информация ұзаққа сақталады және оны өзгерту мүмкін емес, немесе оны арнайы құрылғылардың көмегімен өзгертуге болады (ТЕҚ-прогматтары) . Сыртқы есте сақтау құрылғылары (СЕҚ) сонымен қатар әр түрлі типті болады. Сызықтық жинағыштар информацияны магниттік таспаға жазу үшін қолданылады.

Қазіргі кезде бірнеше гигабайтқа дейін информацияны сақтай алады (1гб=1024мгб) . Бұл құрылғылар ертеректе шыққанына қарамастан, олар әлі де кең көлемде қолданылады, оның ең басты себебі көлемінің үлкендігі, олар информацияны резервті түрде көшіруге және ұзақ уақыт сақтауға арналған. Дисктік жинағыштар да қазіргі кезде кең таралған. Оларды бірнеше топтарға бөліп тастауға болады:

а) иілгіш дисктегі жинағыштар (флоппи дисктегі) дискеталар салыстырмалы түрде сыйымдылығының өте төмен болуына қарамастан, бағасының арзандығына байланысты кең таралған.

б) Қатты дискідегі жинағыштар (винчестер) олар иілгіш дискілер секілді көп қолданылады, бірақ қатты дискілердің мәліметтерді жіберу жылдамдығы күшті және сыйымдылығы жоғары винчестер бағасы түсіп келеді, ал жылдамдығы сенімділігі және сыйымдылығы өсуде. Бұл айтылғандардың барлығы қазіргі кез-келген ДЭЕМ-нің ең басты атрибуты болып табылады.

в) Лазерлік дисктегі жинағыштар да осы уақытта жақсы таралып келеді.

(CD-ROM) өзінің кемшіліктеріне байланысты CD-ROM информацияны сақтау орнының үлкендігіне байланысты информацияны сақтау құрылғысы ретінде оның алатын орны ерекше (700 мгб) .

г) Қазіргі кезде көп қолданыс таппаған басқа да көптеген СЕҚ да бар. (Магнитті - оптикалық дисктер Бернулли дисктері, WORM-дисктері, Mobile дисктері және т. б. ) . Кейбір жинағыштар (перфоленталар, перфокарталар, магниттік барабандар және т. б. ) . Қазіргі уақытта ескіріп қалған және соңғы ДЭЕМ-де олар мүлдем қолданылмайды.

  • Дисплей информацияны қарауға арналған негізгі құрылғы. Ол экранның өлшемімен сипатталады.
  • Клавиатура (пернетақта) информацияны енгізуге арналған негізгі құрылғы. Сонымен бірге оператордың жұмысын жеңілдететін қосымша құрылғылар да бар. Олар тышқан және т. б. Информацияны енгізу үшін сонымен қатар сканер де қолданылады. Информацияны қабылдау және талдау құрылғылары мен бейнені (сақтау) қабылдау құрылғыларының болашағы өте үлкен.
  • Дербес ЭЕМ-нің барлық құрылғылары жүйелік магистраль арқылы қатынас жасай алады. Бірақ информация әуелі СЕҚ-ның ЖЕҚ-ның жазылып, содан кейін процессор оған ену мүмкіндігін ала алады. Дербес ЭЕМ-ді қолданудың ең тиімді формасы ол Дербес ЭЕМ-ның негізінде нақты АІЖ-ң мамандарын ұйымдастыру, бұл әдіс адам мен машинаның арасындағы қатынастардың психологиялық қабынуларын жоғалтады.

АІЖ келесі сұрақтарға жауап беру керек:

  • Маманның информациялық есептік сұраныстарын қанағаттандырады.
  • Жауаптың минимальды уақытты ал сұраныстар қолданушынікі.
  • Қолданушы дайындау деңгейіне және оның профессионалды сұрауларына бейімделу.
  • АІЖ-да жұмысты тез қабылдау, көмек берудің қарапайымдылығы және сенімділігі.
  • Қолданушыға шыдамдылықпен қарау.
  • Қолданушыны тез оқытып-үйрету мүмкіндігі.
  • Есептеуіш желінің құрамындағы жұмыстың мүмкіндігі. АІЖ-ның жалпыланған схемасы 2-суретте көрсетілген.

Жалпы программалық қамсыздандыру (ПҚ) есептеуіш техниканың функционерленуін және жаңа программалардың қосылуын және өңделуін қамтамасыздандырады. АІЖ-ның профессионалды бағытталуы ПҚ-ның функциональдық бөлігімен анықталады. (ФПҚ) дәл осы жерде нақты маманға бағыт анықталады, айқындалған пәндік облыстардың есептері шешіледі. ФПҚ-ды өңдеу барысында үлкен көңіл "адам-машина" қатынасын ұйымдастыру сұрақтарына аударылады. Қолданушы ЭЕМ-мен жұмыс жасағанда өз ісінің қажетті, шынайы екендігін сезіну керек. Әйтпесе, адамдар жұмысына деген жағымсыз сезімдер пайда болуы мүмкін.

Диалогты жүйелерді талдау осы диалогты ұйымдастырушыларының көзқарасы бойынша оларды мынадай түрлерге бөлуге болады:

  • Командалық тілі бар жүйелер.
  • "Адам объектілер әлемінде".
  • "Меню" формасындағы диалог.

Қолданбалы желілерді командалық тілді қолдану мини және микро ЭЕМ үшін интерпретатор командаларын құру идеяларын көшіру. Оның негізгі ерекшелігі құрылуының қарапайымдылығы мен жүзеге асырылуына, ал кемшілігі: командаларының олардың параметрлерін еске сақтау, қате енгізулерді қайталау, командаларға әр түрлі деңгейде ену мүмкіндігін шектеу және т. б. Осылайша қолданушы жүйелерде қарым-қатынас тілін меңгеруге тиіс.

"Меню" негізгі менюіндегі форманы диалогы қолданушыға көптеген альтернативті әрекеттерді ұсынады. Ол ішінен өзіне ең керегі таңдап ала алады. Қазіргі кезде ең көп таралған қолданушылар интерфейсі онда барлық жұмыс орны үш бөлікке бөлінеді (объектке) . Біріншісі (жоғарыда орналасқан жол) немесе мәзір жолағы деп аталады. Оның көмегімен қолданушы "қаңқа" программаларын құрайтын әр түрлі мәзірлерді жүргізе алады, олардың жәрдемімен басқа объектілерге ену мүмкіндігін алуға болады. Екінші бөлігі (төменгі жақта немесе кейбір кішігірім программалардың болмауы да мүмкін) қалып-күй қатары деп аталады. Оның көмегімен өте жиі шақырылатын объекттер немесе ағымдағы информация көріну мүмкін. Үшінші бөлігі жұмыс беті (стол беті) деп аталады, ол ең үлкен бөлігі. Мұнда мәзірде немесе қалып-күй қатарынан шақырылатын командалардың көбісі шақырыла алады. Адам мен машинаның арасында мұндай диалог орнату өте қолайлы болып табылады және ол өте жиі қолданылады. Кез-келген жағдайда ол СИА стандартына сәйкес болуы керек.

Енді АІЖ-ні өңдеу үшін қолданылатын 2 подходты қарастырайық.

1) функционалдық қарапайым функциялардың автоматтандырылуы:

Функционалдық ПҚ-ны нақты қолдану шарттарына қалай бейімделетіндігін қарастырайық, сол сияқты АІЖ-ның әр түрлі мамандықтарының негізінде базалық болып табылатын программаық жабдықтарды атап өткен жөн.

Ең бірінші болып техникалық жеке тұлға еңбегін автоматтандыру үшін қолданатын программалық жабдықтар пайда болады. Бұған ең қарапайым мысал текссік редакторлар (процессорлар) . Олар информацияны тез арада енгізуге, оны редакциялауға, қателерін іздеуге жіне мәтінді басып шығаруға дайындауға мүмкіндік береді. Тексттік редактрлерде қолдану басып шығарушылардың еңбегінің сапасын неғұрлым жоғарылатады.

Мамандарға әр түрлі құжаттарды дайындауға мәліметтерді табу үшін үлкен көлемді информациялармен жұмыс істеуге тура келеді. Осы тектес жұмыстарды атқару үшін, яғни бұл жұмысты жеңілдету үшін арнайы МҚБЖ пайда болады(СУБД: DBASE, RBASE, ORACLE және т. б. ) . МҚБЖ өте үлкен көлемді информацияларды сақтауға және ең қолайлы қажет мәліметтерді дер кезінде табуға мүмкіндік береді. Мысалы, картотекамен жұмыс жасағанда қажетті информацияны табу үшін өте үлкен мәліметтер архивін үзу керек, өйткені кейбір карточкалар дұрысемес ретпен сұрыпталған. Ал МҚБЖ бұл әрекетті санаулы секундтар ішінде орындай алады.

Мамандардың көпшілігі сонымен бірге әртүрлі таблицалармен жұмыс жасайды, өйткені қазір көп жағдайда экономикалық информациялар кестелік құжат түрінде көрсетіледі. КЭТ (ҮЭК) (үлкен форматты электрондық кестелер) осндай құжаттарды дайындауға көмектеседі. Қорытындылық немесе аралық мәліметтерді тез арада енгізіп, кейбір өзгертулерді пайда болған жағдайда автоматты түрде енгізіп отырады.

Көптеген мекемелерде ұйымдардың тұрмысын координациялау және бақылау үшін арналған программалық жабдықтардың АІЖ-ның рөлі ерекше. Мұнда барлыќ басќару тұрмысы бір процесс жиынтығы болып есептеледі, олардың єрќайсысының басталу жєне біту мерзімі бар. Єр жұмысшының тұрмыстыќ іс-єрекеті басќалармен тығыз байланыста, осылайша жұмыстың аяќталу уаќытын еске салып тұрады.

Мекемелік тұрмыста үлкен орынды мєліметтердің оперативті алмасуы алады, ол яғни, басќарушының 95%-ға дейінгі, ал маманның 53%-ға дейінгі уаќытын алады. Осыған байланысты «электрондыќ почта» типті программалыќ жабдыќтары кең тараған. Оларды ќолдану бізге үлкен мүмкіндіктер туғызады: мекеменің ішінде ќұжатарды тарату, жіберу, әртүрлі жұмыс орындарынан хабарламаларды алу жєне оларды өңдеу, мамандардың жиналыстарын өткізу жєне т. б. Мєліметтердің алмасу проблемасы есептеу желісінің ќұрмындағы АІЖ ұйымдастыру жұмысымен тығыз байланысты.

Ќазіргі уаќытта тексттік редакторлар, кестелер, графиктік редакторларды өзіне сыйдыратын бөліктенген пакеттерге үлкен сұраныс бар.

МЌБЖ көбінесе информацияны саќтау үшін ќолданылады жєне олар осы типті мєліметтерді бір бүтіндей етіп саќтайды. Ќазір информацияның екі басќа түрінің шапшаң дамуы жүріп жатыр (дыбыстыќ жєне видео информация) . Олар үшін өздеріне ғана тєн редакторлары ќұрылған, мүмкін алдағы уаќытта информацияның бұл түрлері көптеген МЌ-ң ажырамас бөлігі болып кетер.

Ќазіргі ФПЌ ќажеттіліктердің барлығын ќанағаттандырса, кейбір кемшіліктерін көруге болады. Сондыќтан да ПЌ-ға жаңа өңдеулер мен өзгертулер енігзу өте ќолайлы болар еді. АІЖ-де жаңа программалыќ ќұралдарды өңдеу екі бағыттажүреді: ПЌ-ң мамандандырылуы мен жаңа мамандыќтар үшін жаңа программалыќ ќамсыз дандыруын ќұру. Ќазіргі уаќыта АІЖ-ні ќұруға бағыт байќалады. Ол келесі түрде сипатталады:

  • шешілетін мєселелер есебі.
  • басќа жұмысшылармен өзара іс-єрекет.
  • профессионалды єдеттер мен бағыттарды есептеу.
  • тек ФПЌ емес, арнайы техникалыќ ќұрылғыларда да өңдеу (тышќан, желі, телефон номерлерін автоматы түрде алу жєне т. б. ) .

АІЖ-мен мамандарды жабдыќтау мекеме жұмысшыларының еңбек сапасын көтеруге, экономикалыќ информацияны өңдеу жылдамдығын көтеруге мүмкіндік береді.

1. 2. Ақпаратты-іздестіру жүйесіне қойылатын талаптар

Ақпаратты-іздестіру жүйесінің қызмет көрсетуі деп, компьютерде, ақпаратты өңдеуде адам мен машина құрылғысы арасындағы функция мен жүктелімнің дұрыс бөліну шартына байланысты нақты қорытындыны шығарып беруін айтуға болады. Сонда ғана ақпаратты-іздестіру жүйесі басқарудың тиімділігін және еңбектің өнімділігін артыратын құрал ғана емес, сондай-ақ мамандардың қолайлы жұмыс жасауына мүмкіндік жасайды.

Әр түрлі басқару объектісінде, олардың атқаратын қызметіне сәйкестендірілген, ақпаратты-іздестіру жүйесі болуы керек. Бірақ та ақпаратты-іздестіру жүйесін құру принципі ортақ болуы қажет. Ақпаратты-іздестіру жүйесі жалпы мынадай принциптерге сүйенуі қажет:

  • жүйелілік;
  • икемділік ;
  • орнықтылық;
  • тиімділік.

Жүйелілік принципі - құрылымы белгіленген міндетіне сәйкес анықталатын жүйе ретінде қарастырылуы тиіс.

Икемділік принципі - қандайда бір модуль арқылы құрылатын жүйе ішінде барлық жүйелерді қайта құру және олардың элементтерін бір үлгіге салу мүмкіншілігі.

Орнықтылық принципі - ақпаратты-іздестіру жүйесі мүмкін болатын ішкі және сыртқы әсер ететін себептерге байланыссыз негізгі қызметтерді орындау керек.

Тиімділік принципі - жүйені жасауға және оны пайдалануға кеткен шығынға қатысты ақпаратты-іздестіру жүйесі жоғарыда келтірілген принциптерін іске асуын интегралды түрде қарастыру.

Ақпаратты-іздестіру жүйесіне қойылатын талаптар төмендегідей:

  • мамандардың ақпараттық және есептеу талабын уақытында қанағаттандыру;
  • автоматтандыру уақытты ұту қажеттілігінен туындайтындықтан қолданушының сұранысына аз уақыт ішінде жауап беру;
  • пайдаланушының дайындалу деңгейіне және оның профессионалдық сұранысына байланысты келтіру(адаптация) ;
  • ақпаратты-іздестіру жүйесінің функцияларын үйренудің қарапайымдылығы, сенімділігі;
  • пайдаланушыға байланыс бойынша шыдамдылықты қамтамасыз ету;
  • пайдаланушының тез үйренуінің маңыздылығы;
  • есептеуіш желі құрамында жұмыс істеуінің маңыздылығы.

1. 3. АІЖ қолдану аясы

АІЖ - жаңа ақпараттық технология құралдарының енуі - қазіргі қоғамды ақпараттандыру процесінің бағыттарының бірі болып табылады.

Қазіргі АІЖ ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы - білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.

АІЖ-н ақпараттандыру дегеніміз - берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары.

АІЖ-н ақпараттандыруды ұйымдастыру деп ғылыми- зерттеу, ғылыми- техникалық және материалды- техникалық жобалардан тұратын ғылыми- техникалық бағдарламалар жүйесін айтады.

АІЖ-н ақпараттандыру ісінің негіздерінің бірі болып білім алу саласына ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстары саналады, бірақ бұл негіз ақпараттандыруды басқаша түсіну қаупін туғызып, оны көптеген жағдайларда тек техникалық құралдармен жабдықтауға ғана әкеліп соқтыратыны белгілі. Міне осы тұрғыдан білім беру мәселесін алға тарта отырып ақпараттандыру ісінің мақсатын информатика терминдері арқылы емес, білім саласының мақсаттары мен терминдері арқылы өрнектеуіміз қажет.

Ақпараттандыру ісінде білім жүйесінің адамзат тіршілігінің барлық әлеуметтік аймақтармен әрекеттесуі және олардың бір-біріне әсер етуі толық бейнеленеді. АІЖн ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Білім беруді ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесі мынадай зерттеу бағыттарынантұрады:

  • қазіргі ақпараттық қоғам мен ғаламдық коммуникация жағдайында оқушы тұлғасын дамыту міндеттеріне сәйкес оқытудың ұйымдық түрлері мен әдістерін, білім беру мазмұнын таңдаудың әдіснамасы мен стратегиясын жетілдіру;
  • оқушының ақыл-ой әлеуетін дамытуды, оқу ақпаратын жинау, өндеу, сақтау, беру, өндіру ісіндегі әртүрлі дербес әрекет түрлерін жүзеге асыра білуді қалыптастыру бойынша оқу әрекетін қамтамасыз ететін педагогикалық технологияны, оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
  • бірлескен ақпараттық желілер мен ғаламдық коммуникациялар базасында жұмыс істейтін «виртуалдық» білім беру мекемелерін дүниеге әкелу, коммуникацияға қол жететін ашық білім беру жүйелерінің таратылған ақпараттық ресурстарының әлеуетін пайдалану;
  • оқу- тәрбие ісін ақпараттық - әдістемелік қамтамасыз ету үрдісін және оқу орнын (оқу орындары жүйесін) ұйымдық басқаруды автоматтандыру негізінде АІЖн басқару механизмдерін жетілдіру, ғылыми - педагогикалық ақпараттық мәліметтер базалары мен банктерін, ақпараттық- әдістемелік материалдарды, коммуникациялық желілерді пайдалану;
  • есептеу техникасы, ақпараттандыру және коммуникация құралдарын білім беру саласында тиімді әрі қауіпсіз қолданудың педагогикалық- эргоноикалық шарттарын анықтау;
  • оқушының ақыл-ой қуатының деңгейін белгілеудің, оның білімі мен жетістігін бақылау және бағалаудың компьютерлік тестілеуші, диагностикалаушы әдістемелерін жасап пайдалану.

Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық жоғарғы оқу орындарында (ЖОО-да) қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технологияның ұғымы
Қонақ үй бизнесі жайлы
Автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталығы
Ақпараттық қамтама
АБҚ Ақпараттық библиографиялық қызмет
Электронды ақпараттар қорын қалыптастыру
Интернет желісінің ақпараттық қорларын білім беруде қолдану ерекшеліктері
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құқықтық мәртебесі
Интернеттен ақпарат iздеу
Анықтамалық библиографиялық аппаратың қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz