Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Мұсылмандық философияның әлеуметтік.саяси қалыптасу шарттары
2.2 Араб . мұсылман философиясының қалыптасуы
2.3 Мұсылман әлемі философиясының философтары:
• Әбу Насыр әл.Фараби
• Ибн Сина Әбу Әли
• Әбу.Жүсіп Якуб ибн Исхақ әл.Кинди
• Әл . Ғазали Ибн Мухаммед
• Махмұт Қашқари
• Ибн Рушд Мухаммед
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Мұсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи-философиялық және мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемінің данышпандары ерте грек ғылымы,философиясымен қатар Алдыңғы Азия,Орталық Азия және Шығыс мәдениеті мен философиясын қабылдай отырып,философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырған.Егер ортағасырлық Батыс Еруопада христиандық дінді идеологияландыру,философиялық интоксикациялау және енегіздеі үдерісі жүріс өтсе,ал мұсылман аймағында,әсіресе VII-X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлдеенген кезеңін бастан кешірді.Бұл кезеңде ғылымның мынадай салалары қарқынды дамыды:тригонометрия,алгебра,оптика,психология,астрономия,химия,география,зоология,ботаника,медицина.Арнайы білім салаларының дамуына әл-Хорезми,әл-Бируни,ибн Сина,Омар Хайям және тағы басқа ойшылдар өздерінің үлкен үлестерін қосты.Мысалы,әл-Бируни Жердің өз осінен айналып қозғалуы туралы болжамды алғаш айтқан данышпанның бірі болды,сондай-ақ,көптеген өзге әлемдердің өмір сүруі туралы идеялар мен бірнеше қызықты математикалық идеяларды ойлап тапты.Омар Хайям алгебрадағы үшінші дәрежеге дейінгі теңдеулердің шешімін жүйелеп,оны тұңғыш рет геометриямен байланыстырды. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясы қалыптасуына дүниеетанымдық және теориялық зор ықпалын тигізді.Батыс мұсылмандық Шығыс арқылы алғаш рет антик мәдени мұрасымен,сонымен бірге Шығым мәдениетінің озық жетістіктерімен танысты.Бұл ғылыми,теориялық жетістіктер мен философиялық жаңашылдықтарды,прогресшіл рационалистік философия мен ғылымишығармаларды мұсылман әлемінің ойшылдары араб тілінде жазғанымен,олардың біразы этникалық шығу тегі жағынан араб емес,түркі және парсылар болды. Осылай Батыс әлемі Шығыспен рухани диалогы нәтижесінде ерте грек дүниесімн қатар,шығармашылдық және жаңашылдық идеялар мен концепцияларға толы шығыстық мәдениетінің есігін ашты.
1. Алтай Ж. Философия тарихы: оқулық/ Ж. Алтай, А. Қасабек, К. Мұхамбетәли. - Алматы: Раритет, 2006. -312 6.
2. Ғылым тарихы мен философиясы: оқулық/ Ж. А. Алтай, Т. X. Ғабитов [и др.]. - Алматы: Раритет, 2008. -368 б.
3. Әбішев Қ. Философия: оқулық/ Қ. Әбішев. - Алматы: Эверо, 2014. -284 б.
4. Кішібеков Д. Философия оқулық Кішібеков Д. Сыдыков У. 10-шы бас. Алматы: Қарасай 2010. -360 б.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мамандығы: Жалпы медицина

Дисциплина: Философия

Кафедра: Әлеуметтік-саяси пәндер

Курс: II

Тақырыбы: Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы.
Орындау түрі: Мәнжазба

Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Мұсылмандық философияның әлеуметтік-саяси қалыптасу шарттары
Араб - мұсылман философиясының қалыптасуы
Мұсылман әлемі философиясының философтары:
* Әбу Насыр әл-Фараби
* Ибн Сина Әбу Әли
* Әбу-Жүсіп Якуб ибн Исхақ әл-Кинди
* Әл - Ғазали Ибн Мухаммед
* Махмұт Қашқари
* Ибн Рушд Мухаммед
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Мұсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи-философиялық және мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемінің данышпандары ерте грек ғылымы,философиясымен қатар Алдыңғы Азия,Орталық Азия және Шығыс мәдениеті мен философиясын қабылдай отырып,философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырған.Егер ортағасырлық Батыс Еруопада христиандық дінді идеологияландыру,философиялық интоксикациялау және енегіздеі үдерісі жүріс өтсе,ал мұсылман аймағында,әсіресе VII-X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлдеенген кезеңін бастан кешірді.Бұл кезеңде ғылымның мынадай салалары қарқынды дамыды: тригонометрия,алгебра, оптика,психология,астрономия,химия, география,зоология,ботаника,медицин а.Арнайы білім салаларының дамуына әл-Хорезми,әл-Бируни,ибн Сина,Омар Хайям және тағы басқа ойшылдар өздерінің үлкен үлестерін қосты.Мысалы,әл-Бируни Жердің өз осінен айналып қозғалуы туралы болжамды алғаш айтқан данышпанның бірі болды,сондай-ақ,көптеген өзге әлемдердің өмір сүруі туралы идеялар мен бірнеше қызықты математикалық идеяларды ойлап тапты.Омар Хайям алгебрадағы үшінші дәрежеге дейінгі теңдеулердің шешімін жүйелеп,оны тұңғыш рет геометриямен байланыстырды. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясы қалыптасуына дүниеетанымдық және теориялық зор ықпалын тигізді.Батыс мұсылмандық Шығыс арқылы алғаш рет антик мәдени мұрасымен,сонымен бірге Шығым мәдениетінің озық жетістіктерімен танысты.Бұл ғылыми,теориялық жетістіктер мен философиялық жаңашылдықтарды,прогресшіл рационалистік философия мен ғылымишығармаларды мұсылман әлемінің ойшылдары араб тілінде жазғанымен,олардың біразы этникалық шығу тегі жағынан араб емес,түркі және парсылар болды. Осылай Батыс әлемі Шығыспен рухани диалогы нәтижесінде ерте грек дүниесімн қатар,шығармашылдық және жаңашылдық идеялар мен концепцияларға толы шығыстық мәдениетінің есігін ашты.Шығі тегі түрік философтар мен ғалымдар әл-Фараби,Баласағұни,Қашқари,тағы басқалармен қатар әл-хорезми,әл-Бируни,ибн Сина,әл-Кинди,Габари,әл-Газена,әл-Г азали сияқты ойшылдар мне философтардың есімдерімен танысты.

Негізгі бөлім
Мұсылмандық философияның әлеуметтік-саяси қалыптасу шарттары
Философияның, жалпы мәдениеттің даму тарихы ұзақ жылдар бойы біржақты, европоцентристік тұрғыдан қарастырылып келгені белгілі. Осы көзқарастың салқыны сал-дарынан Орта ғасыр философиясы тек христиандық философия шеңберінде ғана қарастырылды. Шындығында, сонау антика заманы мен оның бер жағын байланыстырып тұрған, жай байланыстырып қана қоймай, дүниежүзілік мәдениеттің, өркениеттің дамуына мықты әсер еткен Шы-ғыстағы мұсылман философиясы еді. Оны толығырақ, объективті зерттеу мүмкіндігі енді ғана туып отыр. Бұл салада атқарар жұмыс өте көп, бірақ аз ғана уақыттың ішінде жүргізілген ізденістердін өзі мұсылман мәдениеті мен философиясының Батыс философиясынан мүлдем өзгеше екендігін керсетеді.
Мұсылмандық ІІІығыс философиясы араб және түркі тілді болып бөлінеді. Араб тілді философияның қалыптасуына әсер еткен ислам діні, Аравияда VІІ-ғасырда дүниеге келген Араб халифаты ХVІ-ғасырға дейін мәдениеттің ірі ошағы болды, ал ғалымдар халифат Рим империясынан да мықты болған деген пікір айтады. Бұл пайымдаулармен келісуге де болады, себебі осыншама ұзақ өмір сүруге кез-келген империяның әлі келмес еді. Араб халифатының экономикалық дамуының күшті болуы оның фи-лософиясының да айқындаушы факторы болды.
Ислам діні негізгі діні, араб тілі Құран тілі болған Араб халифатында мұсылман философиясы өзінен VI ғасыр бұрын дүниеге келген христиан дінімен күрес нәтижесінде қалыптасты. Өзінің таралу барысында, әсіресе кіші Азияда ислам антика философиясының ошақтарымен бетпе-бет келіп отырды. Қазіргі заманғы белгілі қазақ философы Ғ. Есімнің пікірінше, әлемді күшпен ғана емес, философия мен ғылымды тарату арқылы да билеуге болатынын ұғынған халифтер грек және үнді философиясын тереңдеп зерттеуге ерекше көңіл белді. Адам, оның тағдыры мәселесін түсіндіруде, оған рухани басшылық жасауға моральдық жауап-кершілік ісінде олар антика, философиясының категориалдық аппаратына жүгінді. Сондықтан да философияның практикалық қажеттілігінен грек философтарының еңбектері әуелі сирия, кейін араб тіліне аударылды. Тіпті Византиямен соғыста олар тұтқындарды қолжазбаларға айырбастап алып отырды. Осы араб тіліне аударылған еңбектер кейін Европаға жетті. Яғни, Европа өркениеті үшін анти ка философиясың сақтап қалған араб ойшыл-дары деуге болады.
Орта ғасырдағы мұсылман философиясының басты өкілдері: әл Кинди, әл Фараби, ибн Сина, әл Ғазали, Таза ағайындар (шығыстық перипатетизм); ибн Бадж, ибн Араби, ибн Туфейль, ибн Рушд (батыстық перипатетизм) және тағы басқалар.
Орта ғасырлық мұсылман философиясының ерекшеліктері:
* ислам дінімен тығыз байланыстылығы. Ғылым мен діннің бірін-бірі үйлесімді толықтыруының жақсы мысалы.
* көпұлттылық -- араб, парсы, түркі және т.б. ұлт философтары.
* негізгі философиялық тіл -- арабтілі. Араб тілінде философия фалсафа деп аталды.
* Басты мәселелер -- адам және оның тағдыры, адам және Құдай, адам және қоғам, онтология мәселелері.
Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары
Қалам (сөз, тіл) -- спекулятивтік теология. Спекуляция -тәжірибеден тыс жатқан заттар туралы білімге ойлау жолымен қол жеткізу дегенді білдіреді. Қалам -- мұсылман қоғамының даму эволюциясының заңды құбылысы болды. Әр түрлі секталар мен топтар Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткеннен кейін ислам діни ілімінің уағыздарын қызу талқылау нәтижесінде пікірталас объектілерін анықтап, дұрыс шешім іздеп отырды. Белгілі Иран ойшылы Мортаза Мотаххари қаламға исламдық көзқарастар туралы, яғни ислам тұрғысынан алғанда не нәрсеге сенімді болу және не нәрсеге сену қажеттігі туралы ғылым деген анықтама береді.
Қаламды жалғастырушылар мутакаллимдер -- құр догматтарға сүйеніп қана қоймай, ақыл-ойға да жүгініп, діни және ғылыми білімдердің басын ашып отырды, Құдай, ерік еркіндігі, құдайы әділеттілік, Құранның пайда болуы және тағы басқа мәселелерді кеңінен талқылады.
Қаламның беделді мектептерінің бірі -- мутазилизмде -- (оқшаулану-шылар, бөлектенушілер) -- рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. Діни мәселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия, фи-лософия мәселелерін де зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фалсафаны негізін қалады.
Суфизм -- алладан басқа құдай жоқ қағидасын алладан басқа өмір сүретін ештеңе жоқ қағидасымен алмастырды. Суфизм -- ислам дініні рухы, мәні, сананың өсуінің, жан тазарып, ар-ұят оянуының, рухани жетілудің белгісі, арлы, адал болу, алланы сүю, адамды сүю.

Араб - мұсылман философиясының қалыптасуы
Араб философиясы -- орта ғ-ларда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философиялық ілімдерінің жүйесі. А. ф-ның шығу тарихы мутазилиттер ("ерекшеленушілер") қызметімен байланысты. 9 ғ-да арабтар антикалық дәуірдегі жаратылыстану және филос. ілімдеріне қатысты мұралармен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель филос-сы болды. А. ф. кейде мұсылман филос-сы немесе араб тіліндегі филос. деп те аталады. Себебі, бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі т.б. халықтар өкілдерінің филос. көзқарастары да енеді. Мыс., түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық ибн Сина -- оқулықтарда "араб философтары" болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда "араб философиясы" деуден гөрі "араб тіліндегі философия" деген шындыққа сыйымды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, 10-13 ғ-ларда араб тіліндегі филос-ның мынадай бағыттары болған: 1). Шығыс перипатетизмі; 2). "Таза ағайындар" ілімі; 3). Сопылық ілім; 4). Мұсылман философиясы. Шығыс перипатетизмі Аристотель еңбектерін насихаттап, талқылау жасаған филос. мектеп. Мұның басында әл-Кинди (9 ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. "Таза ағайындар" ілімі -- оқу жүйесіне арнап жазылған 51 томдық энциклопед. еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу әрі оны оқыту мәселесіне арналған. Сопылық ілім -- Шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл бағыттың аса көрнекті өкілдері: Иасауи, Ибн Араби т.б. Мұсылман философиясының аса көрнекті өкілі -- әл- Ғазали. Ол әл-Фараби, ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы бел шешіп айтысқа түскен. Сопылық ілім мен мұсылман философиясының ұқсастықтары көп.Араб тіліндегі философияны ғылымда "фәлсафа" деп те атайды. Бұл, әсіресе, Шығыс перипатиктеріне тән. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден басталып, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның филос-дан өзгешелігі -- ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, жоғарыда аталған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған. Бұл грек филос-сын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, филос-ның ерекше тарихи типі. Араб тіліндегі филос-ның тарихи маңызы -- Ф.Бэконнон (1561 -- 1626) Спинозаға (1632 -- 1677) дейінгі мерзімді қамтитын Жаңа заман филос-сы көтерген басты-басты мәселелерді шығыс перипатетиктері мен мұсылман дін танушылары өз кездерінде-ақ күн тәртібіне қойған. Фәлсафа мен Батыс философиясы арасындағы сабақтастық схоластар (қ. Схолостика) мен Сигер Брабантский, Роджер Бэкон еңбектерінен айқын аңғарылады.А. ф-ның тарихи кезеңдері немесе оның орталықтары өзгеріп тұрған. 9-10 ғ-да А. ф. орталығы Халифатта болса, саяси себептерге байланысты 10-11 ғ-да ол Орта Азия мен Иранға ауысқан. Бұхара, Самарқанд, Мерв, Нишапур, Исфаһан, Рей, Хамадон, Отырар сияқты қ-ларда ғылым, білім өріс алды. А.ф-ның 3-орталығы мұсылмандық Батысқа (Испанияға) ауысты. Осыдан әрі қарай А.ф-сы тұтастығынан айрылып, ұлттық сипаттарға ие бола бастады. Бұл тұста тек Мағриб ойшылы ибн Халдун (1332 -- 1406) есімін ғана атаймыз. Араб тіліндегі философия түркі жұртында кеңінен өріс алды. Түркістан сопылық ілім орталығына айналды. Иасауи ілімі бүкіл түркӘдеб.: Избр. произв. мыслителей стран Ближнего и Среднего Востока 9-14 вв. М., 1961; Григорян С.Н., Средневековая философия народов Ближнего и Среднего Востока, М., 1966; Соколов В.В., Средневековая философия, М., 1979; Койре А., Очерки истории философской мысли, М., 1985.і халықтары мәдениетінің дамуына елеулі әсер етті.
Ислам Философиясы - ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен оның философиясы дәстүрлерінің қалыптасып, дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі халықтар мәдениетінің елеулі үлесі мен атқарған рөліне байланысты бұл құбылысқа анықтама беру кезінде түрлі әдебиеттерде "араб тілді философия", "араб-мұсылман философиясы", "араб философиясы", "исламдық шығыс философиясы" деген тәрізді атаулар жиі қолданылады. Ислам өркениетінің өзіндік сипаты және айрықша ерекшелігі - ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам философиясы мұсылмандардың қасиетті кітабы - Құранда тұжырымдалатын "дүниені қабылдау" ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын бейнелейді. Ислам философиясының даму кезеңі үшке бөлінеді:
* Ислам философиясының классикалық кезеңі (8 - 15 ғасырлар);
* кейінгі (15 - 19 ғасырлар)
* қазіргі заман (19 ғасыр - 20 ғасырлардың 2-жартысы).

Мұсылман әлемі философиясының философтары
Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясы қалыптасуына дүниеетанымдық және теориялық зор ықпалын тигізді.Батыс мұсылмандық Шығыс арқылы алғаш рет антик мәдени мұрасымен,сонымен бірге Шығым мәдениетінің озық жетістіктерімен танысты.Бұл ғылыми,теориялық жетістіктер мен философиялық жаңашылдықтарды,прогресшіл рационалистік философия мен ғылымишығармаларды мұсылман әлемінің ойшылдары араб тілінде жазғанымен,олардың біразы этникалық шығу тегі жағынан араб емес,түркі және парсылар болды. Осылай Батыс әлемі Шығыспен рухани диалогы нәтижесінде ерте грек дүниесімн қатар,шығармашылдық және жаңашылдық идеялар мен концепцияларға толы шығыстық мәдениетінің есігін ашты.Шығі тегі түрік философтар мен ғалымдар әл-Фараби,Баласағұни,Қашқари,тағы басқалармен қатар әл-хорезми,әл-Бируни,ибн Сина,әл-Кинди,Габари,әл-Газена,әл-Г азали сияқты ойшылдар мне философтардың есімдерімен танысты.
Әбу Насыр Әл-Фараби
Әл-Фараби Әбу Нәсір Мухаммед ибн Тархан (870 ж Сырдариядағы Фараб қаласында дүниеге келіп, 950 ж. Дамаскіде дүниеден озады) - Шығыс философы, ғалым-энциклопедист, шығыс аристотелизмінің аса ірі өкілі. Аристотель мен Платонды зерттеуші және толықтырып жалғастырушы (Әлемнің екінші ұстазы деген атағы осыдан шыққан). Негізгі шығармалары: Философиялық трактаттар, Математикалық трактаттар, Әлеуметтік-эстетикалық трактаттар, Қайырымды қала тұрғындары, т.б. Әл-Фарабидің қатардағы адамдарға философия ақиқаты, оның асқақ әулие бейнесіндегі кемеңгер философтар Қайырымды қала туралы ілімі мәшһүр болды. Бақытқа жетудің негізі - қайырым жасауда дейді. Тек қана қайырым жасауға бейімделген адамдар арасында жамандық атаулы болмайды, соған орай олар бақытты ғұмыр кешеді деген тұжырым жасайды. Әл-Фараби Ибн Синаға, Ибн Туфейлге, Ибн-Рушдке, сондай-ақ Батыс Еуропаның Философиясы мен ғылымына ықпал етті
.Әбу Насыр Әл-Фараби -- түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, "Әлемнің 2-ұстазы" атанған ғұлама. Оның заманы "Жібек жолы" бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің "Метафизика", "Категория", "Бірінші және екінші аналитика" сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің "Китаб Масалик уә мамалик" атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің "Уфиат әл-аиан фи әл-Заман" атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 -- 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдатқа кетеді. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Насыр Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады.
Әбу Наср Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан іздеді. Аристотель қағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын қабылдады және оны осы тұрғыдан түсіндірді. Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, "Аспан астындағы дүние" ілімінен неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл -- тек "аспан астындағы дүниенің" қозғалыс себебі ғана емес, өз алдына логос. Осы дүниенің заңдылығы -- жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы, яғни әлемдік сана -- мәңгі. Адам болса дүние салады, өткінші. Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге шығару туады, мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске тиек болған тезис еді. Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді. Мұндағы мақсат -- тұтастықты, ақиқатты, ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол жеткізу. Философ адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады. Рухани жоғарғы мақсат нышандарын адамдарды өзара байланыстыратын бастаулардан -- жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздестіреді. "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы"[7], "Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері" және т.б. саяси-әлеуметтік трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Қайырымдылық дегенде ақыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті.
Әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ.
Әбу Наср Әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Ол өзінің "Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат" атты еңбегінде Аристотелдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салып, бұл туралы былай дейді:
* Бірінші шарт -- философиялық ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті нәрседен тұрады:
1. философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні;
2. оның шыққан қаласы;
3. философияға мекен (медресе) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Діни экстремизммен күрес
Дін,қоғам,мемлекет,саясат
ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІНИ СЕНІМ
Әлемдегі діни экстремизм мен радикализм
Қазіргі қазақ қоғамындағы ислам діні
РЕСЕЙДІҢ 18-19 ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ЖҮРГІЗГЕН ДІНИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Фараби философиясында таным мен болмыс немесе таным арқылы бар болу тең ұғым
Қазақ руханиятындағы ислам құндылықтарын дінтану тұрғысынан талдау
Діни сананы қалыптастыру мәселелері
Пәндер