Тұлғаның жеке және мәртебелік жиынтықтары


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Кафедра: Әлеуметтік-саяси пәндер

Дисциплина: Әлеуметтану

Мамандығы: Жалпы медицина

Курс: 2

Тақырыбы: Тұлғаның жеке және мәртебелік жиынтығы

Орындау түрі: эсселік баяндама

Тұлға, индивид, адам әлеуметтану ғылымының негізгі зерттеу объектілері болып табылады. Көбінесе бұл ұғымдар синонимдер ретінде қолданылыды, бірақ бұл түсініктерге анықтама берер болсақ, оларда айтарлықтай мағыналық айыармашылық бар екенін көруге болады.
Адам Жер бетіндегі өмір эволюциясының ең жоғарғы сатысын білдіретін түр болып саналады. Адам туралы айтқанда, біз көптеген басқа организмдер арасынан бір нақты организм түрін бөліп алғандай боламыз деуге болады. Негізгі белгілеріне ағзаның ерекше құрылысы, сана, байланысқа қабілеттілік жатады және әлеуметтік қасиеті жоқ адам тұлға бола алмайды.
Әр адам - индивид, ол адамның қайталанбас өкілі. Егер тұлға ұғымы көптеген адамдарға тиесілі әлеуметтік қасиеттерін зерттеуге пайдаланылса, индивид ұғымы білгілі бір нақты адамның әлеуметтік қасиеттерін зерттеуге қолданылады.
Ал, тұлға дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың әлеуметтік мәні. Тұлға туралы сөз қозғағанда, біз әлеуметтік құрылымның бірнеше элементтерінен белгілі бір элементті бөліп аламыз. Бұл элемент (тұлға) барлық әлеуметтік құрылымға тән әлеуметтік қасиеттер иесі болып табылады. Барлық түгел қоғамның ең негізгі белгілерін білдіреді деп айтуға болады. Адам социализация процесінде әлеуметтік қасиеттерге иеленіп, тұлғаға айналады. Егер адам бұл қасиеттерді игере алмаса (мысалы, психикалық ауруы бар адам) немесе ондай мүмкіндігі болмаса (мысалы, қоғамнан бөлек өскен бала), олар тұлға ретінде саналмайды.
Тұлға болу үшін адам белгілі даму жолынан өтуі керек. Мұның міндетті шарттары болып биологиялық, генетикалық берілген алғышарттар және индивид өзара әрекеттесетін әлеуметтік ортаның, адамдық мәдениет әлемінің болуы.
Тұлға құрамында биогендік, психогендік және социогендік компоненттерді көрсетуге болады. Биогендік компонент құрамына табиғи, тегі жағынан жалпы қаситтер кіреді (ағза құрылысы, темперамент, т. б. ) .

Әрбір адам өзінің қоғамдық-саяси өмірінде басқа да көптеген индивидтермен өзара қарым-қатынасқа түседі. Әлеуметтік саяси байланыстар мен өзара іс-әрекеттер кеңістігінде адамдардың іс-әрекеттері, олардың бір-бірімен қатынастары шешуші дәрежеде қоғамдық-саяси өмірде, қоғамда олардың қандай орын алатындығы жағдайымен анықталады. Бізге Парламент мәжілісіңде сез сөйлеп тұрған еліміздің премьер-министрін елестету оңай, бірақ Алматының Спорт сарайының алдында қайыр сұрап тұрған ірі қаржыгерді немесе кәсіпкерді елестету қиын. Белгілі бір құқықтар мен міндеттермен байланысқан қоғамдық-саяси өмірдегі, қоғамдағы қалыптасқан адамның жағдайын әлеуметтік мәртебе деп атайды. «Мәртебе» (статус) термині Ежелгі Римде заңды тұлғаның құқықтық ережесін білдірген. Екі мың жыл еткеннен кейін, ХІХ ғасырдың аяғында, ағылшын тарихшысы Г. Д. С. Мейн оны қоғамның әлеуметтік құрылымында тұлғаның орнының әлеуметтік позициясын білдіретін саяси-философиялық және әлеуметтанулық ұғым ретінде қолдана бастады.

Әлеуметтік мәртебе теориясының дамуына белгілі әлеуметтік-саяси ғылымның өкілдері Р. Линтон, Р. Мертон, Р. Тернер, Т. Парсонс және басқалар үлесін қосты. Қазіргі пікірлерге сәйкес әлеуметтік мәртебе - бұл кәсібіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, саяси мүмкіндіктеріне, жынысына, шығу тегіне, отбасы жағдайына сәйкес, қоғамдағы, қоғамдық-саяси өмірдегі топтың немесе тұлғаның арақатынас жағдайы (позициясы) . Әлеуметтік мәртебе ұғымы коғамдық-саяси өмірдегі, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы, қоғамдық іс-әрекеттер жүйесіндегі тұлғаның орнын, әртүрлі қоғам өміріндегі олардың қызметтерін және қоғам тарапынан тұлға қызметінің бағасын сипаттайды. Содан кейін, әртүрлі сапалық және сандық көрсеткіштерге - лауазым, бедел, мәртебе (абырой), артықшылық, кіріс деңгейі, жалақы, ақшалай сыйлық, марапаттау, атақ, даңқ және басқа да жағдайларда көрінуі мұмкін.

Американ антропологы Ральф Линтон «әлеуметтік мәртебе» ұғымының «екі жақты мәні бар» деп түсіндіруге тырысты. Оның айтуы бойынша, әрбір адам әлеуметтік-саяси иерархияда алатын орнына сәйкес, белгілі әлеуметтік мәртебеге ие, мысалы, штат губернаторы, шериф, полиция қызметкері және т. б. Сонымен қатар, бір мезгілде әрбір жеке тұлға бір өзі бірнеше мәртебені бірге алып жүреді, бір уақытта губернатор, қандай да партия мүшесі, отбасы, әке, бейсбол ойыншысы және т. б. Бұл мәртебелер кейде бір-біріне қарама-қарсы келеді. Мұндай жағдайда, жеке тұлға әлеуметтік мәртебелердің біреуінің қажеттілігін орындай отырып, екіншісінің талаптарын жоққа шығаруына тура келеді. Жеке тұлға әдетте езінің нақты жүріс-тұрысында өзінің әлеуметтік мәртебесін сақтап қалуға және оны кетеруге тырысады. Адам өзінің әлеуметтік мәртебесінің талаптарына сәйкес болу үшін, коп нәрседен өзін аулақ ұстау керек. Оған әртүрлі жағдайларда өзінің тілектерінен қалыс қалуға, басқалардың алдында беделді болу үшін, этика ережелерін, мораль және құқық талаптарын т. б. сақтауы қажет.

Адам өмірінің іс-әрекетіндегі басты мәртебе жеке тұлғаның бағыты мен мақсаттарын, оның қызметтерінің сипаты мен мазмұнын, өмір сүру кейпі мен стилін, жүріс-тұрыс мәнерін, таныстарының ортасын және т. с. с. анықтайтын статус болып табылады. Қоғамтануда мәртебені екіге бөліп қарастырады - жеке және әлеуметтік. Әдетте әлеуметтік мәртебе екі мағынада қолданылады - тар және кең мағынасында. Бұл термин кең мағынасында қолданылғанда, бұған дейін айтылғандай, адамның қоғамдық-саяси әмірде, қоғамның әлеуметтік кұрылымында алатын нақты орнының жағдайы сөз болады. Бірақ, жеке тұлғаның накты әлеуметтік мәртебесіне сәйкес келмейтін коғамдык пікірлерде, сенімдерде кабылданған өзіне тән ерекше адамның әлеуметтік мәртебелері бар. Мұндай жағдайда, қалыптасқан түсінік, жалған пікірлер, өсек-аяң және т. с. с. жеке тұлғаның қандай да бір жеке сапасы болып саналмайды, кандай да бір әлеуметтік топтың өкілдері оны «барлық кәсіпкерлер - «бұзақылар», «барлық кұрылысшылар - алкаштар» деп қалыптасқан шаблон бойынша бағалайды.

Дәрігер мамандығының жеке және мәртебелік жиынтығы

Әрбір адамның, оның ішінде сырқат жанның ұғымында дәрігер жалпы адамға тән барлық жақсы қасиеттерді алып жүруші болып табылатындығы ақиқат нәрсе, сондықтан да одан сол құбылыстардың көрініс табуын күтуі де заңдылық. Дәрігер парызы, оның міндеті зардап шегуші адамның, сырқаттың мүддесін өзінікінен де жоғары қоюға жетелейді. Сырқат адам дәрігерге келгеннен кейін оған сенеді, ешкімге, ең жақынына да ашпайтын сырын ақтарылып, бөліседі. Бұны ылғи да есте ұстап, түсініп, бағалау қажет. Өзге адамның күйзелістеріне дендеп еніп, оған жанашырлық таныту үшін дәрігер үлкен рухани күшке ие болуы тиіс. Дәрігерге сырқатпен салқынқанды, ресми сауалнама жүргізумен бірге, шыдамдылықпен және қиындығына ортақтаса, достық рәуіште әңгімелескені жөн. Белгілі орыс дәрігер-ғалымы С. М. Боткин дәрігер адал дос ретінде сырқатты мұқият тыңдап, оның барлық қасіретін біліп, оларды жоюға көмектесуі, рухын көтеріп, оның тәнін сауықтыруы керек деп санады. Дәрігер бұнымен ауруды «еркелетпейді», тек қана өзінің қасиетті парызын орындайтындығын білуі керек. Дәрігерге пациенттер көбінесе сырқаттанудың негізгі себебі болып табылатын отбасылық, қызметтік және кәсіби тіршіліктегі өз қиындықтарын шешуге көмек сұрап келеді. Әрине, дәрігерге моральдық жауапкершілікті мойынға алу қиын, дегенмен ол кейде жағдайды біліктілікпен талдауға, өте сақтықпен кеңес беруге міндетті де.

Дәрігер сырқат адам үшін бедел иесі және әлеуметтік өмір мәселелерінде ғана емес, саясатта да ақпарат көзі болуы тиіс. Қазіргі заманғы жағдайда қоғамдық өмірдегі дәрігердің жеке тұлғалық рөлі сөзсіз өсе түсуде. Осыған байланысты адамның дәрігерлік қызметке жарамдылығы көрсеткіштері, кәсіби іріктеу үлкен мәнге ие. Медициналық білім басқаларына қарағанда мейлінше кең ауқымды, сондай-ақ дәрігер де орта медицина қызметкері секілді қай уақытта да неғұрлым ауқымды немесе бір саланы ғана таңдай алады. Дәрігердің жұмысында ұсақ-түйек деген болмайды. Дәрігердің сырт бейнесін емделушілер тиісті түрде қабылдайды. Үстіндегі халаттың кірлеуі мен тұла-бойдағы кез-келген күтімсіздік, сөз жоқ дәрігерге бедел әкелмейді. Бұл ең алдымен этикалық нормаларға қайшы келеді, сырқаттың дәрігерге деген сеніміне кіреуке түсіреді. Өмір дәрігерге бүкіл ғұмырында және практикалық қызметінде елеулі талаптар қояды, сондай-ақ оның еңбегін ерліке пара-пар етеді. Шынында да, дәрігер мамандығы - ерлікке тең. Ол жанқиярлықты, жан тазалығы мен діл ұлылығын талап етеді. Бұған кез келген адам қабілетті бола бермейді. Кез келген дәрігердің моральдық тұрғыдан таза бола бермейтінін де байқап қаламыз. Дәрігердің сырқаттың көз алдында бедел иесі болуы керектігіне дау жоқ. Дәрігер беделі терең кәсіби білім, сырқат адамның жеке басы ерекшеліктерін ұғына білу, оның жан азабы мен күйзелістеріне ене білу, емделушімен сыпайы тіл қатысу, неғұрлым тезірек және мүмкіндігінше толық сауығып шығуына қол жеткізу секілді жағдайлардан қалыптасады. Дәрігердің міндеттерінің бірі - өз қадір-қасиеті мен ар-ожданын биік ұстау, бұл оған деген сенім мен құрмет ахуалын орнатады. Рас, ол сырқатқа көмек көрсете отырып, кейде жекелеген емделушілер мен олардың туыстары тарапынан негізсіз талаптарды, ренішті сөздер мен бопсалауды да тыңдауына тура келеді. Кез келген дерлік басқа мамандық иелері мұндайда ондай сөз иесіне дөрекі жауап қайтарып, оған айқайлауына, тіпті бөлмеден қуып шығуына болады, ал дәрігердің қандай жағдайда да өзінің көңіл-күйі мен сезіміне ерік беріп, қызбалыққа салынуының жөні жоқ. Қадір-қасиетті биік ұстау, қажет жерінде қаталдық, сонымен бірге зейінділік пен мейірбандылық - бұл дәрігер беделін көтеруге жол ашатын қасиеттер.

Дәрігер үшін сырқат ең жақын, туыс адамы болуы тиіс, ал емделуші үшін дәрігер - өз өмірін қолына ұстатып, оған сенетін, сүйенетін адамы. Егер адам өз тағдырын дәрігерге тапсырса, оған сенетін болса, адам ретінде құрметтеуі, оның өз ісіне берілгендігін, осы шаруаның білгірі ретіндегі түйсінуін ерекше ілтипатпен білдіреді, мұндай жағдай сырқаттың өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жанашыр туыстарына да қатысты болмақшы. Дәрігердің емделушінің туыстарымен өзара байланысы әдетте пациенттің емге орналасуының алғашқы сәтінен және емханаға алғашқы келуінен қалыптасады. Бұл ретте тума-туыстарды аурудың диагнозы да, дерттің алдағы өрістеу деңгейі де мазасыздандырады. Олардың дәрігердің аузынан өздерін толғандырған барлық мәселеге қатысты жауапты шыдамсыздықпен және күйзеліспен күтетіні де табиғи жағдай. Сондықтан да мұндай әңгімелесу дәрігерден әдептілікті, сыпайылықты, қысқасы үлкен өнерді талап етеді. Дәрігер ешқандай алдауға бармай, болжамды диагноз, тексеру мен емдеудің жоспары туралы ақиқатты айтуы тиіс. Емделушінің жақындарына қажеттінің бәрі жүзеге асырылатындығын, сырқаттың көмексіз және қараусыз қалмайтындығын ұғындыруы қажет. Егер дәрігер сырқат болжамын үмітсіз деп есептейтін болса, бұл туралы туысқандарына сақтықпен айтуы, жанға ауыр тиетін хабарламаға оларды бірте-бірте даярлағаны жөн. Өте қауіпті жағдайдың өзінде кейде әрбір дерттің өз өрістеуі болатындығын және емдеу әсерімен алғашқы болжамдардың өзгеретіндігін айтқан дұрыс болмақ. Мұндай жағдайда сауалдарға иә немесе жоқ деген жауаппен шектелуге болмайтын да кездер кездеседі, ондайда үшінші түрді іздестіресіз. Тікелей ашықтық ылғи да орайласа бермейді, кейде туыстарға күрт мінез танытуға да тура келеді. Енді бірде диагноздың орнына оларға сырқаттың ерекшеліктері, оны емдеудің мүмкін жолдары туралы онсыз да жанұшырып жүрген адамдардың көңіліне кіреуке түсірмеу үшін әрбір сөзді салмақтап хабарлаған дұрыс болмақ. Сырқаттың туыстары олардың көзқарасы тұрғысынан қажетті қосымша тексерулер жүргізуге мәжбүрлейді, жаңа дәрі-дәрмектерді қолдануды талап етеді. Мұндай жағдайда қалыптасқан ширыққан ахуалды басу, көңілдегі түйіткілдер тетігін табу үшін түсінік бере білу, шыдамдылық, икемділік қажет болады. Туысқандардың кеңесшілер шақыру туралы табанды талабы ескерусіз қалмауы тиіс. Кеңес алуға қажеттілік болмағанның өзінде де табиғи адами әрекетке тыйым салуға болмайды. Басқа маманға көрсету пациентті де, оның туысқандарын да тыныштандырады, неғұрлым қолайлы психологиялық ахуалды құруға жағдай жасайды, ретсіз дау-дамай мен шағымды болдырмайды. Сырқат адам мен оның туыстарына жанама болса да басқа дәрігерлердің дұрыс емес әрекеттері туралы, мысалы, бұл пациентті бұрын емдеуші жөніндегі ыңғайсыз пікірлер айырықша теріс әсер етеді. Бұл сөз жоқ, дәрігердің өзінің ғана емес, сондай-ақ медицинаның да беделін түсіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды тәрбиелеудегі мұғалімнің жеке тұлғасының ықпалы
Мұғалімнің жеке және кәсіби сапалары
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалын анықтау
Тұлғаның жеке және мәртебелік жиынтығы
Адамның әлеуметтік мәртебесі: сөйлеу әдебінің ерекшеліктері
Саяси шиеленістер мен дағдырыстар
Маркетинг салаларының философиямен байланысы
Криминалдық психологияның пәні мен міндеттері
Банк саласындағы жарнама
Қылмыскердің жеке тұлғасы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz