Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
1.1 Өкілетті органдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Атқарушы органдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Сот органдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
Пайдаланылған адебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Кіріспе

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.
Мемлекеттік аппарат мемлекеттік органдардың жүйесін өзімен байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі – бұл аппарат болып табылады.
- мемлекеттік аппараттың жалпы сипаты, нақтырақ айтқанда түсінігі, белгілері және нысандары;
- мемлекеттік аппараттың құрамын құрайтын мемлекеттік органдардың түрлеріне нақтырақ толық мәлімет беру,
- мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі принциптерін талдап беру.
Жалпы мемлекеттік аппарат өзінің мақсаты бар және оны орындау үшін –өз құзіреті бар мемлекеттік аппараттың бір буынына жатады.
1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» деген 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Аталған мәселелер Республика Призидентінің 1995 жылғы 2 мамырдағы заң күші бар Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен және толықтырулармен қоса алғанда «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңымен, сондай-ақ Республика Призидентінің «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйекте конституциялық заң күші бар Жарлығымен неғырлым толық баянды етіліп, реттеледі.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жайы үшін жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жүзеге асыратыны Конституцияда баянды етілген. Жергілікті өкілді органдар- маслихаттар тиісті әкімшілік –аумақтық бөліністер халықтың еркін білдіретін және жалпы мемлекеттік мүдделерді есепке ала отырып, оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейді, оладың жүзеге асырылуын бақылайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Жоламан Қ. Д., Мұхтарова А. Қ., Тәукелев А.Н.
Мемлекет және құқық теориясы. –Алматы, ҚазМу баспа орталығы. 1999. 320б.
2. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы. 27б.
3. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы». Оқу құралы. Алматы. «Заң әдебиеті» 2004ж. 106б.
4. Ағдарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқулық. – Алматы: «Наз» баспа компаниясы, 2003. 328б.
5. Қазақстан Республикасының «Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңы. //Егемен Қазақстан. 1995ж. 21 қазан. 3-5б.
6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы, «Жеті жарғы».
2000ж. 48б.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
1.1 Өкілетті
органдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Атқарушы
органдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...7
1.3 Сот
органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Пайдаланылған адебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

Кіріспе

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата
Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді
мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен
мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат
табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең
өкілеттік берілген.
Мемлекеттік аппарат мемлекеттік органдардың жүйесін өзімен
байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге
асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең
негізгі құрамды элементі – бұл аппарат болып табылады.
- мемлекеттік аппараттың жалпы сипаты, нақтырақ айтқанда түсінігі,
белгілері және нысандары;
- мемлекеттік аппараттың құрамын құрайтын мемлекеттік органдардың
түрлеріне нақтырақ толық мәлімет беру,
- мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі
принциптерін талдап беру.
Жалпы мемлекеттік аппарат өзінің мақсаты бар және оны орындау үшін
–өз құзіреті бар мемлекеттік аппараттың бір буынына жатады.
1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының Жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару деген 8-бөлімінде жергілікті
өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы
ережелер белгіленген. Аталған мәселелер Республика Призидентінің 1995 жылғы
2 мамырдағы заң күші бар Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен және
толықтырулармен қоса алғанда Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді
және атқарушы органдары туралы 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңымен, сондай-
ақ Республика Призидентінің Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы
1995 жылғы 28 қыркүйекте конституциялық заң күші бар Жарлығымен неғырлым
толық баянды етіліп, реттеледі.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жайы үшін
жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жүзеге асыратыны
Конституцияда баянды етілген. Жергілікті өкілді органдар- маслихаттар
тиісті әкімшілік –аумақтық бөліністер халықтың еркін білдіретін және жалпы
мемлекеттік мүдделерді есепке ала отырып, оны іске асыру үшін қажетті
шараларды белгілейді, оладың жүзеге асырылуын бақылайды.

1.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымы
Өкілетті органдар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымына мыналар
жатады:
1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру
барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы
мемлекеттік органдар;
2) биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім
беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда
жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік
мекемелер мен кәсіпорындар;
3) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті
ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары [1, 22б.]
Мемлекеттік аппараттың өздерінің қызметтерін жүзеге асыруға
бағытталған мемлекеттік органдардан тұрады.
Мемлекеттік орган дегеніміз – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы
және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттікерді иеленген ұйым немесе
мекеме.
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын
қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік
органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:
- мемлекеттік билік органдары;
- мемлекеттік атқару органдары;
- сот билігі.
Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады. Бірақ
ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық
тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық
алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді [2, 51б.]
Жоғарғы өкілеттік органдарды халық сайлайды. Парламент – заң шығару
функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және
Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және
астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының
бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. Жеті депутатты
Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі
ескеріле отырып, құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты
аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттардан
тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа
жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдау
құқығын Президентке береді, оны делегаттық заңдылық деп атайды. Қазақстан
тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған.
Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының сапасын көтеруге, парламентті
біршама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара.
Қазақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға депутаттар
жиырма бес жасқа толуы керек. Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы
палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір
жартысы екі жылға, ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа отыз
жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент негізгі заң
шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының бірлескен және
бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары –
бюро, жұмыс органдары – тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып
табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда
парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім
мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді,
конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі
сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктеген өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады [3, 3б.]
Қазақстан Республикасының Конституциясының 54-бабына сәйкес,
Парламент палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал
содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:
1) заңдар қабылдайды;
2) республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді,
бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды,
мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып
тастайды;
3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының
мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті,
әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық
дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін
белгілейді;
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де
көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
6) азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады;
7) Республиканың халықаралық шарттарын бекітеді және олардың күшін
жояды [4, 24б.]
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Парламенті және
оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық Заңының 9-бабына
сәйкес, Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының
арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын
дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат
Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті
ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның
депутаттары ұсынады [5, 4б.]
Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер
құрады. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін
Сенат пен мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы.
Комитеттер мен комиссиялар өз құзырындағы мәселелер бойынша қаулылар
шығарады.
Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкілеттігі және қызметін
ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді.
Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан
Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің
қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.
Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін
күшіне енеді.

1.2 Атқарушы органдар

Атқару билігі өкіметтің қолында болады. Президенттік республикаларда
өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік
тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады,
оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық
сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты
егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей
тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі – атқарушы билікті жүзеге
асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне
басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан –
Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген [6, 53б.]
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық Заңның 1-
бабына сәйкес, Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге
асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне
басшылық жасайды.
Үкіметті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, орынбасарлары,
Республика Үкіметінің аппаратының басшысы, Республика министрлері,
мемлекеттік комитеттердің төрағалары құрамында Республика Президенті
құрады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық Заңның 4-
бабына сәйкес, Республика Үкіметінің өкілеттік мерзімі төмендегідей:
Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше іс-қимыл жасайды
және жаңадан сайланған Республика Президенті алдында өзінің өкілеттіктерін
доғарады. Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Республика
үкіметі өз міндеттерін атқара береді [7, 1-2б.]
Қазақстан Республикасының Конституциясының 60-бабында Үкіметтің
келесідей құзыреті берілген. Оларға қысқаша сипаттама беріп өтелік:
1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның
қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті
қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың
жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы
туралы есепті әзірлеп ұсынады, бюджеттің атқарылуын
қамтамасыз етеді;
3) Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын
қамтамасыз етеді;
4) Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының кеден органдар қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі
Әділет органдарының актілері
Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының мақсаты заңдары
«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (жаңа редакция)
Қазақстан Республикасының кеден саласын мемлекеттік реттеу
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Қазақстан Республикасының кеден саясаты
Кедендiк транспорт түрлерiн бақылау ерекшелiктерi
Мелекеттік билік органдарға жататындар
Қазақстан Республикасы әдiлет органдары
Пәндер