Қимақтар


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Қимақтардың мекендеген территориясы және тайпалық құрамы

  1. Қыпшақ қауымдастығының қалыптасу кезеңі
  2. Қыпшақтардың сыртқы саясаты және ежелгі орыс князьдіктерімен қатынастары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

VII ғасырда қыпшақ пен қимақ /кимек/ тайпалары Ертіс бойын жайлаған. Бір ескертіп айтатын жайт, кимектер мен қыпшақтар бір халық деп осы кезге дейін айтылып келген пікір қате, өйткені тарихи жазба деректер бойынша бұлар екі халық, бірақ түркі тілді туыс тайпалар болған. VIII ғасырдың орта кезіндегі қимақтардың көршілері - Ертіс бойындағы қарлұқтар және Енесей бойындағы қырғыздар еді. IX ғасырдың бас кезінде қимақтардың кейбір топтары Жетісу жеріне өтіп, тоғыз оғыздарға көрші болды. Кейінірек қимақтардын біразы оғыздармен бірге Орал аймағына, Арал және Каспий манындағы далаларға орналасты. 766 және 840 жылдары кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойпатының жерлерін жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін тоғыз оғыздардын теріскей шебіне дейін жетеді. Осы кездері жеті тайпадан: еймур, имек, қыпшақ, татар, баяндүр, ланиказ, ажлардан тұратын кимек федерациясы құрылды. Ал X ғ. басында кимек мемлекетінің құрамында 12 тайпа болған. Орталығы - Хақан қаласы. Қимақтардың ең үлкен басқарушысы хакан деп аталған. Қимақтар өздерінің хаканымен бірге Орта Ертіс өңірінде тұрған. Олардың 16 каласы болыпты. Олардың бастылары Хақан, Қарантия, Дамурия, Шнария, Сараус, Дахлан, Банджар, Астур. Қимақтың ақсүйек байлары киімді қызыл жөне сары жібектен киетін болған, кедейлері жұпыны киінген. Қимак қоғамындағы мал-мүліктің теңсіздігінің нәтижесінде көшпелі ақсүйектер пайда болады. Малы аз қимақтар кедейге айналады. Сөйтіп, қимақтардың қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің орын алғанын байқаймыз. Қимактар қол өнермен, аң аулау, балық аулаумен шұғылданып, қыстауларды қоныс етіп, шағын мекендерде тұрған, бұл мекендер бірте-бірте қалаға айналған. Сөйтіп, қимактардың жерінде феодалдық қатынастар орныға бастайды.

1. Қимақтардың мекендеген территориясы және тайпалық құрамы

Ұйғыр қағанатының 840ж. ыдырауымен қағанат құрамындағы тайпалардың бір бөлігі қимақ одағына енді. Осының арқасында күшті мемлекет пайда болды. Ел басы Х ғасыр басында “қаған” дәрежесіне көтерілді. ІХ ғасырда қимақ мемлекетіне имақ, ланиказ, ажлад, баяндур, татар, қыпшақ тайпалары кірді. Қағанаттың ең ірі және ықпалды тайпасы қыпшақтар болды. Қимақтардың жазу-сызуды пайдаланғанын жазба деректер атап өтеді. Мәдени тұрғыда қимақтар ежелгі түрік наным-сенімдерімен салт-дәстүрлерін ұстаған. Басты дін тәңіршілдікпен бірге шаманистік бағыттағы рухқа, отқа, аспан денелеріне табынушылықтың болғанын айтады. Археоологиялық ескерткіштер мүрдені мұсылманша жерлеумен Әл-Қимақи секілді мұсылман ғұламаларының болуы қимақтар ішінде исламның тарала бастағанын көрсетеді.

ХІ ғасырдың басында қағанат ыдырап, қимақтар билігі қыпшақ тайпаларының қолына өтті. X ғасырда ондаған тайпалардың бірінен соң бірінің шабуыл жасауы Қимақ мемлекетін әлсіретті. Сондықтан қыпшактар өзінің қоныстанған жерлерін тастап, Сырдария өзенінің бойындағы, Аралдың батысы мен Каспийдің солтүстік өңіріндегі оғыздарды орындарынан қозғап, оларды оңтүстікке және Қара теңіз далаларына көшіп баруға мәжбүр етті. Оғыз жерін басын алғаннан кейін, қыпшактар қимақ мемлекетінің орнын басты. Қыпшақтар мекендеген жерлерді "Дешті кыпшақ", яғни қыпшақ даласы деп те атады.

  1. Қыпшақ қауымдастығының қалыптасу кезеңі

Қыпшақ этнонині Селенга жазбасында (759ж. ) аталып, мұсылман авторлары шығармаларында қифчак атаулары Ибн Хардадбеха және Гардизи ІХғ. М. Қашғари ІХғ. Ибн Асир ХІІІ, Рашид-ад-дин, Ибн Халдун еңбектерінде көрсетілген. Орыс жылнамалырында оларды Половцы, венгерлерде Полоцое, хундар, византиялықтар мен батыс европа саяхатшылары (Рубрук ХІІІғ. ) командар (құмандар) деп атаған.

Қыпшақтар этнос ретінде VIIIғ. орталық және Шығыс Қазақстанда құрылды. Мұнда көшпенді тайпалар қаңғарлар, қарлұқтар, қимақтар, қырғыздар, VII ғасырда Алтайдан келген сыр-қыпшақтарының билігіне өтіп, бірікті.

ХІ ғ. басында Қазақстан даласында саяси жағдай өзгеріп, саяси билік қыпшақтарға өте бастады. Арал, Каспий өңірлеріндегі оғыздарды ығыстырып, ХІғ. ортасында Қазақстанның Жетісудан басқа барлық жері қыпшақтар иелігіне өтті. Шекарасы Шығыста Ертісте, Батысы, Еділге, Оңтүстікте Талас өзені, Солтүстігінде Батыс Сібір ормандарына дейін жетті. Бұл кезеңде бүтін қазақ даласы Қыпшақ даласы, ХІғ. ортасында қыпшақтар Қара теңіз өңірі мен Византия шекараларына дейін жетті. ХІІ ғасыр басында қыпшақтар алған жерлер екі үлкен бөлікке, Шығыс Еділге дейінгі Қазақстан аумағы және Батыс қыпшақтар болып бөлінді. Қазақстан территориясындағы қыпшақтар орталықтандырылған мемлекет құрды. Ел билеу елбөрі тайпаларының хандарының елшісінде болды.

XI ғасырда кыпшақтар Сырдария, Қаратау бойындағы қалаларды өздеріне бағындырды. Маңғыстау мен оған таяу жатқан аудандарды алғаннан кейін қыпшақтар Хорезмнің теріскей шебіне жетті.

XI ғ. орта кезінен бастап қыпшақтар қазіргі Волгадан /Еділден/ батысқа қарай жылжыды, сөйтіп Шығыс Еуропа елдерімен, орыстармен, Византиямен, Венгриямен шектесті. Қазакстан жерінде қыпшақ этникалық қоғамдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең, кыпшақтардың қимақ тайпалық одағында болуы - VII ғ. екінші жартысы -VIII ғ. соңына дейін. Екінші кезең: VIII ғ. аяғы - XI ғ. басы. Бұл кезде кыпшактар Алтай және Ертістің Орал таулары жоне Еділге дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық одағына Мұғалжар жеріндегі құмандар және қимақ тайпалары кірді. XI гасырдан XIII ғ. басына дейін қыпшақтардың дамуының үшінші кезеңі жүрді. Бұл кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты өсті. Олардың этникалық құрамы взгсріп, қимақ, құман, ертедегі башқұрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, ұрандар, Шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер әсерін тигізді.

Бұл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына жеткізіп, қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара - Балқаш көлі жөне Алакөл ойпаты XII ғ. қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, керейттермен шектесті, солтүстікте қырғыздар жөне хакастармен көрші болды. Қыпшақ тайпаларының басында қаған, одан төмен қарай хан, тархан, басқақ, бек, байлар тұрды. Негізгі байлығы жылқы, бай ақсүйектері 10 мыңға дейін жылқы ұстаған. Кедейлері мал бағумен айналысқан. Сөйтіп, қыпшак хандығы ерте феодалдық мемлекет болып саналады.

1065 жылы салжұктардың билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға шабуыл жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға жорыққа шығады. Содан кейін қыпшақ тайпаларының бір бөлігі Хорасан салжұқтарына тәуелді болды. Алайда, XI ғасырдың соңғы ширегінде кыпшақтар Маңғыстау мен Каспий теңізінің шығыс жағалауында бүрынғыша өз билігін жүргізіп тұрды. 1096 жылы "Құдіретті" хан бастаған қыпшақ бірлестігінің тайпалары Хорезмге қарсы жорық ашады, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды.

  1. Қыпшақтардың сыртқы саясаты және ежелгі орыс князьдіктерімен қатынастары

XI ғ. аяғы мен XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, төмендегі Сырдарияның тағы басқа қалалары да қыпшақ көсемдерінің қолына қараған. Дегенмен XII ғ. алғашқы жартысында осынау қалалар қыпшақ хандары мен соларды қайтсе де басып алғысы келген Орта Азиянын мұсылмандық әулеттері арасындағы қиянкескі ұрыс алаңына айналады. Хорезм шахы Атсыз Жентті жаулап алады, сонан соң солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады. 1133 жылы Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңеді. Тап осы кезден бастап қыпшақ хандығының ыдырауы басталады. Оған себеп болған негізгі жәйттер: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында Хорезмге бейімдеушілердің көбеюі, қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өкімет билігі үшін өзара әулетті қырқыстың күшеюі еді.

XII ғ. екінші жартысынан, әсіресе, Текеш (1172-1200 жж. ) билеген кезден бастап, Хорезм қыпшақ ақсүйектерімен жақындаса түсуді мақсат еткен арнаулы саясат жүргізеді. Қаңлы, қыпшак, имек, ұран тайпалары топтарының жетекшілерін Хорезм шахтары әртүрлі қызметке тартады. Бұдан баска туысқандық үшін қалыптасқан дәстүрге сай, Хорезм билеушілері әйелдерін қаңлы мен қыпшақтардың хан әулеттерінен алып отырған. Мысалы: XIII ғ. бас кезінде Хорезм шахы Ала ад-дин Мұхаммед қаңлылардың басшысы Әмин Мөліктің қызына үйленген. Осының арқасында Әмин Мәлік Хорезм шахтар сарайында маңызды рөл атқарған.

Хорезм шахы Мұхаммед /1200-1220 жж. / өз мемлекетінің кұрамына XIII ғ. бас кезінде Сығанақ жерін косып алады. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан қыпшақ хандары Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра берді. Бұл кезде хорезмшахы Мұхаммед Дешті Қыпшак, еліне бірнеше рет жорық жасайды. 1216 жылы қыпшақ билеушісі Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетеді. Осы кезде ол Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғысхан қолымен соқтығысып қалады. Бұл монғалдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, сөйтіп, монғол басқыншылығының дәуірі басталады.

Халық ұлықтары болып тархандар: бектер, басқақтар есептелінген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қимақ мемлекетінің шығу тарихы
Қимақтардың шығу тегі
Қимақ тайпаларының конфедерациясы
Қимақтар Қазақстан аумағында
Қарахан мемлекеті, жер аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы, саяси құрылысы, мәдениеті
Қимақ мемлекеті
Қимақ және қыпшық хандықтары
ЕРТЕДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР (VІ – Х ғғ. )
Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер (ҮІІ – ХІІ ғғ.)
Түргеш қағанаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz