Қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік мәні
1 Қазақтың ұлттық ойындары
2 Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні
3 Қазақтың ұлттық спорт ойындары
2 Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні
3 Қазақтың ұлттық спорт ойындары
Көкпар, сайыс, теңге алу, күрес, қыз куу, алтын қабақ ату, жамбы ату тағы басқалар спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды. Бұл ойындар ерте заманғы төтемдік түсініктерден бері қуалап келген болатын. Жұрт неғүрлым көп қатынасатын ойындар: әскери мәнді спорттық ойын — ат жарыс, қаумалап аң ұстау болды. Қазақ халқының XVI ғасырдағы өмірін суреттеуге арналған өзінің тарихи романында Ілияс Есенберлин: «Сарайшың бір түнде түлеп шыға келді. Қыз-бозбалалар жаңбыр жауған қызғалдақтай құлпыра қалған. Керуен сарайлар, қала аулалары ән-күйлі, ойын-күлкілі думанға толып, екі жақтың әскерлері бейбіт бәсекеге шығып, әр жерде сайыс, күрес, көкпар, жамбы ату ойындарына кіріскен«- дейді. Қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Казақ халқының өмірінде ойын араласпаған бір де бір тұрмыс, шаруашылық салалары жоқ десе де болады. Қазақ халқының фольклорын, ұлт ойындарын жинаушы этнограф Ә.Диваев өзінің «Қырғыз балаларының ойыны» еңбегінде оның бала тәрбиелеудегі маңызын айта келіп, сол кездегі қалыптасқан әдет-ғүрып бойынша жас ерекшелігіне қарай жасөспірімдерді негізінен үш топқа бөледі: 1 жастан 7-ге дейін - нәресте, 7 жастан 15 жасқа дейін — бозбала, ал 15-тен 30-ға дейін — жігіт. Осының негізінде қазақ ойындарын да сәбилер ойыны, бозбалалар ойыны және жігіттер ойыны деп негізінен үш топқа бөледі. Жігіттер ойынының ішінде көптеген қазақтың ұлттық ойындарының спорттық мәні жоғары. Олардың ішінде палуандар күресі, жаяу жарыс, көкпар тарту, тоғызқұмалақ, бәйге, жамбы ату.
Палуандар күресі - қазақтың ертеден келе жатқан спорттық дене шынықтыру ойындарының бірі, қазіргі бізге жеткені - қазақша күрес. Қазақша күрес қазақтың ұлттық спортының негізгілерінің бірі болғандықтан көшпелі рулардың арасында өте кеңінен тараған. Ол кезде бұл ойынды өткізудің белгілі бір жүйеге келтірілген ережесі болмаған. Күреске түскен палуан не істеп, қандай айла-тәсіл қолданады, ол өз еркі болатын. Әйтеуір қарсыласының жауырынын жерге тигізуі керек еді.

Қазақтың ұлттық ойындары
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан" -2030 стратегиялақ даму
бағдарламасында ұзақ басым мақсаттардың бірі ретінде Қазақстан
азаматтарының денсаулығын жақсарту ,салауатты өмір салтын ынталандыру
шарасын атап көрсетеді. Осы тұрғыда денсаулығы мықты ,адамгершілігі
жоғары,жан -жақты дамыған қоғам құру үшін көрсетілген негізгі бағыттардың
қатарына халақтың дене тәрбиесімен айналысу шаралары орын алған. Бұл
жүктелген міндетті орындау үшін ұстаздар оқу-тәрбие процесіне
шығармашылықпен қарап ,күні бүгінге дейін іске қосылмай келе жатқан тәрбие
құралдарын пайдалануы, оқытудың жаңа әдіс-тәсілін қолдануы қажет . Сондай
оку-тәрбие негіздерінің бірі -ұлттық ойындар. Ұлттық ойындар -халық
педагогикасының бір саласы болып табылады. Ол ұрпақтан-ұрпаққа, атадан-
балаға мирас болып , сандаған ұрпақтың керегіне жарап , өмірге әзірлеу
қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Бұл жөнінде көрнекті
педагог В.А.Сухамлинский "Ойынсыз ақыл-ойдың калыпты дамуы жоқ және олай
болуы мүмкін емес .Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес ол
арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып , айналасындағы
дүние туралы түсінік алады. " деп ойын баланы жан-жақты дамуына әсер етіп
шығармашылақ қаблетін дамытатынын көрсеткен.
Ұлттық тәрбие - дәуірдің небір қатал сынынан өтіп, жаңарып казіргі
кезде толыққанды болып жеткен баға жетпес бай мұра. Ол-халқымыздың ұлттық
қадір- қасиеті, ой арманы, тұрмыс-тіршілігі және салт - дәстүрмен бірте
қайнасып келе жатқан кұнды қазына.
Осындай кұнды еңбектер туралы зерттеуші А.Құралбекұлы латын тіліндегі
түпнұсқаны , қазақша аудурып ұсынған. Атап айтқанда , Ғ. Құдайқұлұлының
1936 жылы шыққан (Мектеп балаларының өлеңдері), 1932 жылы жарық көрген
А.Нұралының Ауыл пионерінің ойыны мен өлеңдері , Е.Апиркиннің (Елдегі
оқушылар мен жастардың дене тәрбиелеу жолы ) (1929ж) еңбегі. Ж.Нұрбекұлының
(Дене тәрбиесінің программасы) еңбегінде ,зерттеуші дене тәрбиесіне пайдалы
ұлттық қозғалмалы ойындардың жастарды дене шынықтыру ісі мен әскер өнеріне
үйретудегі әдіс- тәсілдері жайында баяндайды .
Ұлт ойындары - халық педагогикасының негізін қалаушы сала ретінде
оқушыларға жан-жақты білім беруде, олардың өмір тәжирбелерін кеңейтуге аса
қажетті тәрбие құралдарының бірі. Соңғы жылдары республика мектептерінде
бұл салада біраз игі істер атқарылуда. Ұлт ойындары әсіресе жеке пәндерді
оқыту барысында жиі қолданылуда . Сондай пәндердің бірі дене тәрбиесі
сабағы. Бұған дейінгі осы мәселедегі іс-тәжірибелерге сүйенетін болсақ,
дене тәрбиесі сабағына ұлттық ойындарды енгізе отырып , өткізудің өзіндік
орны , қасиеті және ерекшеліктері бар. Дене шынықтыру сабақтарында халақ
ойындарын пайдалану оқытушының күнделікті сабаққа әзірлену барысында
белгіленіп сабақ жоспарында көрсетіледі. Халық ойындарын сабақтың басында
,ортасында ,аяғында да өткізе беруге болады. Бірақ бірінші сыныпқа келген
балалар үшін дене шынықтыру сабағын бастап кету қиындық туғызады. (Мысалы
бағдарламада 1-сынып оқушылырына гимнастика сабағы сапқа тұру және қайта
өзгеріп тұру сабағынан басталады.Осы сабақтағы ұғымдарды сапқа тұру,
қатарда жүруді бірден түсіндіру қиынға соғады. Балалар бірден меңгере
алмайды .) Осыны ескере отырып бастапқы 5-10 минут уақытты оқытушы ұлттық
ойындармен бастап, оқушылардың сабаққа бірлігі қалаптасқан кезде ойыннан
сабаққа көшіп, қайтадан негізгі сабаққа арналған материалды өтеді де,
сабақтың аяғын ойынмен бітіреді. Зерттеулер мен тәжірибелерге қарағанда
ұлттық ойындарды сабақтың ортасында пайдалану оқушылардың дене шынықтыру
сабағындағы арнайы материалдарды түсініп ,ұғынуына негізделеді. Сабақ
үстінде ойнап үйренген ,жаттыққан жаттығуларды оқушылар сабақтан тыс
уақыттарында қайталап отыруына болады.Ол үшін оқытушы үйге тапсырма берген
кезде ескерту керек, келесі сабақта жаттығуларды кім қайталады, нәтижесін
тексеріп , бақылауына болады.
Бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақты болмайды, дене жаттығуларын
мұғалімнің көрсетуі бойынша орындай береді. Оқытушы балалардан өз
беттерінше жаттығуларды жасауды талап еткенде көпшілігі дұрыс орындамайды,
қимыл бірлігі бұзылады. Балалардың назарын сабаққа аудару үшін сабақтың
ортасында қимыл- қозғалас ойындарын ойнатып, көңілдерін басқа жаққа
аударып, соның негізінде пайда болған ерік-жігерлерін негізгі оқу
материалдарына аударады. Сабақ бітуге 5-10 минут уақыт қалғанда біртіндеп
ұлттық ойынға көшіп, сабақтың соңында ойын элементтерін пайдаланғаны жөн
,себебі оқушылардың үзіліс кезінде байсалды дем алуларына , келесі сабаққа
дұрыс қатысуларына нұқсқан келмеуі дұрыс.Сонымен бірге балалардың
денелерінің бастапқы қалыпқа келуі де сабақтың қортынды бөліміне байланысты
болмақ.
Ойындар мазмұны бойынша қимыл-қозғалыс (сюжетті, сюжетсіз) ойындар және
спорттық ойындарға бөлінеді.
І.Сюжетті қимыл-қозғалыс ойындары шартты формада өмірдегі оқиғаны немесе
ертегі оқиғасын бейнелейді. Мысалы (мысық пен тышқан,) ойындары.
2.Сюжетсіз қимыл-қозғалыс ойындары.Бұл ойындар балаларды алағы түсінікті
мақсатқа жетелейтін қызықты қимылдайтын іс-әрекеттерден тұрады.Олар топтап
жүгіру, жүру, ұстап алу және жарыс нышандары бар ойындар.Мысалы(Кімнің тобы
тез сапқа тұрады,белбеу тастау)ойындары.
З.Спорттық нышандары бар ойындар.Бұл ойындардың ерекшеліктері балалар
ойынды өз беттерінше ұйымдастыра алған кезде жүргізіледі.Спорттық нышандары
бар ойындар балалардың жинақылығын ұйымшылдығын, байқағыштығын, қолайлы
қимыл техникасын, ұшқыр қимыл сезімін талап етеді. Мысалы( Ақ серек, көк
серек, ¥шты,ұшты). ойындары.
Е.Сағындықовтың "Қазақтың ұлттық ойындары" деген кітабында ұлт
ойындарының шығу тарихы ,мазмұны және ұйымдастырып жүргізу тәсілдері
,баяндалған. Кітапта ұлт ойындары мазмұнына байланысты үш топқа бөлінген.
Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай, және алуан түрлі болып
келеді. Ұлттық ойындар тақырыбына, мазмұнына, көздеген мақсатына байланысты
негізінен үш салаға бөлінеді.
1. Ойын сауық ,тұрмыс- салт ойындары.
2. Дене шынықтыру , спорт ойындары.
3. Оймен келетін ойындар.
1.Ойын сауық ,тұрмыс- салт ойындарының түрлері өте көп.Ұлт ойындарының бұл
тобына халқымыздың өміріндегі , тұрмысында қалыптасқан өнер мен
білім,жастар арасындағы ойын сауықтар, халықтың мақал мәтелдері, ата-
бабадан келе жатқан дәстүрді түсінуге көмектеседі. Мысалы:(Белбеу тастау,
алтыбақан,айтыс, сақина тастау)
2. Дене шынықтыру , спорт ойындары қазақ халқының өмірінде үлкен
орын алады, дене шынықтыру сабағында дәрбие саласында маңызы өте
зор. Дене шынықтыру , спорт ойындары нышаны бар ұлт ойындары
жастарды батылдыққа, ептілікке, қайраттылыққа,
тапқырлыққа,ұжымдық тәрбиеге, шығармашылық ынтымақтастыққа , бағдарлай
білуге тәрбиелей отырып танымдық қаблетін жетілдіреді. Мысалы :(Қазан доп,
кім жылдам, ақ сүйек.)
3.Оймен келетін ойындар балалардың логикалық ойын жетілдіреді,
математикалық шеберлігінің дамуына көмектеседі.Бұл ойындар ойдың жетекшісі,
сонымен бірге қисындылық ,бірізділік принципіне сүйене отырып шешуге
болады.Мысалы:(Тоғыз құмалақ, қай қолымда,)Ойын барысында балалардың
қозғалғыш ширақтығы бүкіл ағзада жігерлі жағдай туғызады. Зат алмасу
процесін күшейтеді.
Сонымен дене тәрбиесі сабағында ұлттық спорт ойындары қалай
өткізіледі?
1. (тымақ кағу) . Бұл ойын сабақ кезіндегі қызықты да, тартымды
ойына айналуы тиіс.
(Тымақ)-шиебөрі , түлкі терісінен жасалған , ескі бас киім . Болмаса
кез-келген бас киімді пайдалануға болады . (жыртылған допта болады).
„Алаң,, спорт залда немесе спорт алаңында , өткізуге болады. Алаңның
екі жағы түзу сызықпен сызылған. Ортада шеңбер , ортасына басына тымақ
ілінген бақан орнатылады . „Бақан ,,- түбіріне сүйелдеме тақтай қазылған
ұзындау ағаш. Ұзындығы 1,5м. Ойын ережесі -оқушыларды екі топқа бөліп ,
Қарама-қарсы тұрғызамаз. Әр топтан ойыншылар кезекпен шығып (көздері
байлаулы) қамшымен ағаш басындағы бөрікті ұрып түсіруі керек. Қай топ
мүшелері тымақты көп ұрып түсірсе, сол топ жеңіске жетеді. Егер ойын
төменгі сынып оқушылары арасында болатын болса, көзді байламай өткізуге
болады.
Ескерту: ойынды күрделендіру үшін ойыншыларға тымақты ұрып
түсірмейінше кейін қайтуға болмайтынын айтып ойнатуға болады. Ойыншылар
бір-бірін ұрып жібермеуі үшін төреші ортада бақылап , бағыт-бағдар беріп
тұрады.
Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні.
Халық қиялынан туып , баланы тәрбиелеудің құралына айналған ежелгі ойындар
арнайы кұрал жабдықты, өткізетін орынды талғамайды. Ұлттық ойындарды
мектепте оқу-тәрбие жұмысында пайдалануға қолайлы, ойын араласқан
сабақтарда балалар өзін еркін ұстап ,сабаққа ынтасы артады.Сабақты біріңғай
әдістермен өте беру баланы жалықтырады, сабақтың арасында ойын араластырып
отырса , оқушылыр сабақтың мазмұнына көп көңіл аударады, тез қабылдап ұғып
алады. Ұлттық ойындарды әр сабақта күрделендіріп отырып,өткен сабақты
қайталау кезінде де қолдануға болады. Қай жағдайда болмасын ойын
элементтері сабақтың мазмұнын байыта түседі, оқушылырдың білуге деген
кұмарлығын оятады,балалык құмарлығын қозғап, зейінін кеңейте түседі,өмір
тәжірибелерін молайтады.¥лттық ойындардың бала тәрбиесіндегі оң ықпал
атқаратынын дана халқымыз ерте танып, өмірлік мәні зоройындардың сан түрін
ойлап шығарған және бала тәрбиесіне пайдалана білген.
Баланы тәрбиелеуде әдістемелік мәні зор ойынтүрлерінің атқаратын ролі
ерекше. Ойындар арқылы баланың бойында адамгершілік ,эстетикалық,
сезімдерді қалыптастыруға толық мүмкіндік бар. Оқушылардың өзара қарым-
қатынасындағы татулығын тәрбие жұмысында дұрыс пайдалану үшін балалардың
бір-біріне деген көз -қарасын білу керек.Мысалы (Көрші) ойыны .Бұл ойынның
тәрбиелік мәні өте зор. Егер ойынға ер-қыз бала араластырып ойнатса,ойын
үстінде олардың бірін-бірі сыйлау ұяңдық, нәзіктік,сезімдері арта түседі.
Оқу-тәрбие процесінде тәрбиенің тамаша құралы болып есептелетін халық
ойындары оқушылардың ақыл-ойын жетілдіріп, дүниетанымын кеңейтеді,қыймыл-
қозғалысын дамытады,алған білімдерін күндегі өмірмен ұштастырады, басқа да
адамға тән қасиеттерді жетілдіреді.
Мектепте үзіліс кезінде ,сабақтан тыс уақытта да, баланың сабақ үстінде
алған білімдерін бір-бірімен ұштастырып отыру мен қатар ерекше көңіл
бөліп,сыныпта берілген білім мен тәрбие жұмыстарын тығыз байланыстырып, бір-
бірімен толықтырып отыруы тиіс.
Үзіліс кезінде қимыл-қозғалыс ойындарын мүмкіндігінше қолданбау керек.
Себебі жедел қимыл ойындарын ойнап келген бала келесі сабаққа дайын болуып,
зейіні тұрақтануы және нерв жүйесі қалыпқа келу үшін біраз үақыт керек
болады, сонымен бірге оқушының сабақ үстіндегі жұмыс қабілетін кемітеді.
Әсіресе жазу, есеп, оқу сабақтарының сапалы өтуіне кедергі келтіреді. Осыны
ескере отырып ойындарды дұрыс іріктеуге көп көңіл бөлу керек. Дегенмен
бастауыш сыныптарда қимыл ойындарын өткізуге болады. Мысалы (үш орындық
)ойыны .Бұл ойынды балалардың сабақ үстіндегі іс-әрекетіне өздерін баяу
ұстайтын балаларды іріктеп алу кажеттілігі туындайды. Осы арқылы балалардың
өнерге кұштарлығы оянса,сонымен қатар баяу қимылдайтын оқушыларды
шапшаңдыққа үйретеді.
Бастауыш сыныпта сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта да жұмбақ шешу
ойындарын ойнатуға болады. Алдымен сыныпта үйренген жұмбақтарын
жасырып,соңында ата-анасынан үйренген,естіген жұмбақтарын жасыруға болады.
Орта сыныптарда жұмбақты бастаушы жасырып, қалған оқушылыр, топқа бөлініп
шешеді ,жинаған ұпайларына қарай көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
Мектеп табалдырығын жаңа ашқан балаға ұжымдық тәрбиені қалыптастыру және
сабаққа ынталандыру үшін дене шынықтыру сабақтарында халық ойындарды
қажетті құрал болып табылады. Бірінші сыныптарда ойынды өткізу шарттарының
бірі -шағын топтарға бөліп ұйымдастыру. Мысалы (Қасқыр қақпан) ойыны. Бұл
ойында балаларды екі топқа бөліп ойнатады. Үлкен топ -қақпан , кіші топ
қасқырлар. Бұл ойын балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
Орта буын сыныптарында тәрбие жұмыстарында Мысалы:( Орамал тастау) ойынын
ойнауға болады . Балалар екі топқа бөлініп ,ара қашықтығы он қадамдай екі
сызықтың бойында қарама -қарсы түрады.Шеткі ойыншы қолындағы орамалды қарсы
қатардағы ойыншыға тастайды да , мысалы ( ба ) дейді ,қағып алған қарсы
команданың баласы (ла) деп жауап қайтарады. Яғни "бала" деген сөз
шықты,немесе "бақан' екінші буынды таба алмаған бала ортаға шығып өнер
көрсетеді. Ойын осылай жалғаса береді.Бұл ойынды балаға ойната отырып
ұжымдық тәрбие қалыптастырамыз ,сонымен бірге ойлау қаблетін жетілдіреміз.
Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру сабақтарында қолдың,
аяқтың, кеуденің, бастың негізгі қалыптары мен қозғалыстары
тақырыптарына байланысты, жаттығуларды өткен кезде маңызы зор және
ойындарға сыныптағы оқушылар бәрі қатысады,және қозғалысқа қажетті
барлық қимылдар бар. Мысалы ( Айгөйлек, соқыр теке, ұшты-ұшты
ойындары.) Ойындарды сабақтың тақырыбына сай қолдануға болады.
Оқушылардың дене тәрбиесі сабағындағы қолданылатын ұлттық
ойындар баланың денесін дамытуға , бұлшық еттерінің жетілуіне әсері
мол. Оқушылардың мінез-құлқын қалыптастыруға игі әсері бар. Мұғалім
оқушыларға тек ойынды тақырыпқа ыңғайлап ала салмай ,әрбір ойынның
тәрбиелік мәніне, оқушыларға берер білімділік, тәрбиелік, маңызына
көңіл бөлу керек.
"Секіру" тақырыбын өткенде оқушылырға ежелгі ойындардың бірі "Қарғымақ"
ойынын ойнатуға болады. Бұл ойын көбінесе сабақтың екінші жартысында
өтеді. Тақырыптың алғашқы секіру жаттығуларын меңгертіп, тәжірибе
жинақтағаннан кейін ,сабақтың екінші жартысында ойынды ойнатып, оның мәнін
түсіндіре отырып ,биіктікке секіру, алысқа секіру, сырыққа таяна секіру
сияқты спорт ойындарына ұқсастығын ұғындыру керек. Ойынды өткізу үшін
алаңға құм төселуі керек.Ойынның маңызы оқушыларға қиындықты жеңе
білуге,батылдыққа, ептілікке, жүректілікке тәрбиелейді. Ойынды бір неше
тәсілмен өткізуге болады.
Қазақтың ұлттық спорт ойындары
Көкпар, сайыс, теңге алу, күрес, қыз куу, алтын қабақ ату, жамбы ату
тағы басқалар спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.
Бұл ойындар ерте заманғы төтемдік түсініктерден бері қуалап келген болатын.
Жұрт неғүрлым көп қатынасатын ойындар: әскери мәнді спорттық ойын — ат
жарыс, қаумалап аң ұстау болды. Қазақ халқының XVI ғасырдағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz