Емтихан сессиясының кезеңіндегі дене белсенділігі


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Дене тәрбиесі кафедрасы

Мәнжазба

Тақырыбы: Емтихан сессиясының кезеңіндегі дене белсенділігі

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

  • Дене шынықтырудың қоғамдағы рөлі
  • Емтихан кезіндегі дене белсенділігі

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Дене шынықтыру тәрбиесі дегеніміз адам денсаулығын сақтау мен нығайту және дененің дұрыс дамып қалыптасуына жеткізу.
Дене шынықтыру тәрбиесінін максаты - салауатты өмір сүру негіздерін білу және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру.

C:\Users\Alser\Desktop\Sport-bbt.jpg

Дене шынықтыру тәрбиесінің мазмұны жас ұрпақты дене шынықтыру мәдениетінің әр түріне, әскери-өнер әрекеттеріне қатысуын, адам денесінің оның ақыл-ой, сезім, еріктерімен үйлесімді дамуын қамтиды.

Негізгі бөлім

Адамның ерікті қимыл - қозғалыстарының қалыптасуы санасының белсенді түрде қатысуымен қабаттаса жүреді. Қимыл - қозғалыстарға үйретудің нәтижесі жатталатын дене жаттығуларының маңызын түсінуіне, оқушылардың қызығушылығына, оқыту әдістерінің балалардың жастық ерекшеліктеріне сәйкес келуіне тәуелді.

C:\Users\Alser\Desktop\sportwmf.jpg

Адамның қимыл - қозғалыс әрекеттері екінші сигналдық жүйенің қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан қимыл амалдарына үйрету процесінде оларды іс жүзінде орындап көрсетумен қатар, сөзбен бейнелер жасалғаны жөн.

Дене белсенділігі - бұл дене жəне психикалық денсаулықты жақсартудың тиімді жолы. Алайда, адамдардың көпшілігі күнделікті өмірде дене белсенділігінен алшақ, бұл олардың денсаулығы мен əл-ауқаты үшін ауыр салдарларға алып келеді. Бағалау мəліметтері бойынша, ДДСҰ Еуропалық аймағында (оған Қазақстан да кіреді) жыл сайын 600 000 өлім-жітім жағдайы халықтың дене белсенділігі деңгейінің төмендеуінен болады. Бұл жетекші қауіп факторын жою жүрек-қантамыр аурулары, инсулинге тəуелсіз қан диабеті, артериялық қысымның жоғарылауы, қатерлі ісіктердің кейбір жаңа түрлері, сүйек-бұлшық ет жүйесінің аурулары, сондай-ақ, психологиялық бұзылыстар сияқты денсаулық бұзылыстары қаупінің төмендеуіне алып келер еді.

C:\Users\Alser\Desktop\wriQzF_VAsM.jpg

Белсенді өмір салты - бұл қоғам денсаулығын сақтаудағы жаңа ғаламдық мəселеге айналған қазіргі заманғы артық дене салмағы мен семіздік эпидемиясымен күресудегі шешуші факторлардың бірі. Семіздік мəселесінің өзектілігі бұл аурудың таралуының күрт артуымен жəне артық салмақтың түрлі аурулардың даму қаупіне себеп болып табылатындығымен анықталады. Артық салмақ пен семіздік салмақ жеткіліксіздігіне қарағанда өлім-жітім жағдайларына көбірек алып келеді. Диабетпен науқастанудың 44% жағдайы, жүректің ишемиялық ауруының 23%-ы жəне қатерлі ісік ауруларының 7-41% жағдайы артық салмақ пен семіздіктен туындаған. Əлемдегі мерзімінен бұрын болған өлім жағдайының əр үшіншісі семіздіктен жəне адамның дене белсенділігінің бəсеңдігінен болатын аурулармен байланысты деп саналады. Қазіргі кезде ғаламшарымыздың əр төртінші тұрғынының (немесе 1, 7 миллиард адам) дене салмағы артық немесе семіздіктен зардап шегеді. Қазіргі кезеңде семіздіктің таралу қарқыны соншалық, ДДСҰ сарапшыларының болжамынша, 2025 жылы бұл сандар екі есеге дейін өспек. Əр 10 жыл сайын артық дене салмағы мен семіздіктің таралуы 10%-ға артуда. Семіздік - Қазақстан Республикасында да маңызды мəселелердің бірі. Қазақстандағы 1995-96 жылдардағы Ұлттық зерттеулер мəліметтері бойынша ересек тұрғындардың 42%-ында (немесе 4, 36 млн адамда) артық дене салмағы (27%) немесе семіздік (15%) болған. Дене инерттілігі - жекелеген адамдардың ғана емес, қоғамның да қиындығы. Сондықтан, оны шешу үшін, халықтың жекелеген топтарына бағытталған жəне біздің мəдениетіміздің ерекшеліктері ескерілетін сектор аралық, көп салалы тəсіл қажет.

C:\Users\Alser\Desktop\0001-001-Dvizhenie-eto-zhizn.jpg

Жергілікті атқару органдарына арналған ұсыныстар

Мəселенің ауқымы қазіргі заманғы қолданыстағы тəсілдерді бүкілхалықтық деңгейде жаңаша ұғыну мен тəжірибеге енгізу қажеттілігіне негіз болады. Ол ақпараттандыру, мүдделі құрылымдардың кең ауқымы жағынан саяси қолдау деңгейін арттыруды, қоршаған орта мен жергілікті қауымдастықтар жағдайын: көлік секторлары, қоршаған ортаны қорғау, қаланы жобалау, жұмыс берушілер мен азаматтық қоғаммен бірге қалыптастыруды талап етеді. Біз бұл ұсыныстар мəселе туралы ортақ түсіністікке жетуге жəне Қазақстанда дене белсенділігі салтының таралуына ықпал етуге көмектеседі деген үміттеміз. Бұл азаматтарымыздың денсаулығын сақтау үшін, артық дене салмағы мен семіздіктің жəне олармен байланысты аурулардың алдын алу үшін аса маңызды.

Ал адам іс-әрекеттерінің мақсатқа сәйкестілігі туа біткен рефлекстерді қайталауға жатпайды. Керісінше, ол жеке даму процесіндегі күрделі шартсыз рефлекстердің және қимыл-қозғалыстардың бойға сіңірілген жаңа формаларының бірлестігі болып келеді. Адамның қимыл - қозғалыс әрекетттері ең жоғары психикалық функцияларымен, жаңа сезімімен және ойлауымен байланысты.

C:\Users\Alser\Desktop\1398052570_slayd10.jpg

Адам мен жануар үшін бірдей шартты тітіркендіргіштердің биологиялық маңызы мен күштерінің арасындағы ерекшеліктері өте маңызды. Сыртқы ортаның қандай болсын агенті адам мен жануар үшін шартты рефлекстердің жасалуына сигнал бола алады. Бірақ адам үшін сөз - өте жоғары маңызды сигнал.

Денсаулық - бұл әр адамның ғана емес, бүкіл қоғамның құнсыз күйі. Жақын және қымбатты адамдармен кездескенде және қоштасқанда біз оларға мықты және зор денсаулық тілейміз, өйткені ол - бақытты және толымды өмірдің кепілі және негізгі шарты. Денсаулық біздің жоспарларымызды орындау, өмірдің негізгі мәселелерді табысты шешу, қиыншылықтардан өту, керек болса, едәуір ауыртпалықтарды көтеруге көмектеседі. Адамның ақылымен нығайтылып және сол қалпында сақталып отырған, зор денсаулығы оған ұзақ және белсенді өмірді қамтамасық етеді.

C:\Users\Alser\Desktop\1236459032_0lik.ru_sport-63.jpg

Денсаулық - табиғаттық ең қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі - дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың алдын алуға болады.

Ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дұрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар қатерлі ісіктің пайда болуына тікелей себептер. Ішімдікке салынып кетуге болмайды. Ішімдікті жақсы көретін адамнан бақытсыздықтан басқа ештене күтуге болмайды. Лев Толстой: «Спиртті ішімдік адамның денсаулығын құртады, ең қорқыныштысы - адамның рухы мен ұрпағын жояды», -деген болатын.

Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен анйалысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тағамдарын пайдаланған дұрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу денсаулықты жақсартады.

Картинки по запросу Жүгіру

Спорттың ең қарапайым түрі - жүгіру. Күн сайын таңертен үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіуге болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады. Бұдан өзге де елімізде халықтың денсаулығын, ұлт саулығын қамтамасыз етуге атсалысатын шаралар көптеп өтеді.

Ел басшысы Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан 2030" стратегиялық даму бағдарамасында "Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақауымызға және т. с. с бағытталған" делінген.

C:\Users\Alser\Desktop\wriQzF_VAsM.jpg

"Денсаулық- зор байлық, адам бақытының бастауы" дейді халқымыз. Ата- бааларымыздың бұл ой-пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп, бізге жетіп отырған шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғат тартуы. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс-әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік-жігер қажет, онсыз баянды, ұзақ әрі баянды денсаулықты сақтау қиын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттердің академиялық үлгеріміне сараптама
Рейтингтік бағалау жүйесі
Асық ойыны - қазақ халқының дәстүрлі ойыны
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі
Оқу процесіне студенттердің бейімделу мәселелері
ЖОО-да оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негіздері
Оқушылардың оқудағы стресстік жағдайлары
Студенттердің білімін бағалаудағы портфолио әдісі
Студенттің тұлғасының дамуының өзгешеліктері
Бүгінгі заман талабында ақпараттық технологиямен жұмыс істеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz