Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің бағыттарын анықтау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кәсіпкерлік - экономика мен қоғам дамуының қозғаушы күші облып табылатын қазіргі нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі. Кәсіпкерліктің дамуы экономиканың құрылымдық қайта құрылуын белсендендіреді, нарықтық таңдауға кең еркіндік береді және қосымша жұмыс орындарын ашады, шығынның жылдам өтелуін қамтамасыз етеді, тұтынушылық сұраныстың өзгерісіне жедел икемделеді. Шағын және орта кәсіпкерлік нарықты тауарлармен және қызметтермен толтыруға, бәскелестікті кеңейтуге, салалық және аумақтық монополияны жеңуге көмектеседі.

Кәсіпкерлік қызмет - еліміздің экономикасы үшін халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайының жақсаруына әрекет ететін қажетті буын. Бірақ мемлекет тарапынан бөлінген қаржылық қолдаудың жетіспеушілігі, өнеркәсіп пен шағын кәсіпорын өнімдеріне қойылған бағаның теңсіздігі және нарық инфрақұрылымының нашарлауы, өзара төлемдердің орындалмауы, бағаның өсуі, шетелден сапасыз өнімдердің ағылып келуі, жергілікті кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі және тағы басқа себептер өз кезегінде әрбір саладағы кәсіпкерлік қызметке теріс ықпалын тигізіп отыр. Ел экономикасының тұрақталуы кәсіпкерлік құрылымдарды қалыптастырып дамыту аз уақыт ішінде өзінің нәтижелерін беретіні, нарықтық жағдайға сай құрылған шағын құрылымдар өндірістік тиімділікті арттыру барысында құлдырап кеткен кәсіпорынның экономикасын жақсаруына, әрбір саладағы кәсіпкерлік жүйесіндегі шағын және орта бизнестік субъектілердің ұлғая бастағаны мысал бола алады. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің бағыттарын анықтау, оларды мемлекеттік қолдаудың тиімді механизмдерін анықтай отырып олардың тәжірибеде жүзеге асырылуын нарықтық экономика заңдарына негіздеу болып табылады.

Дипломдық жұмыстың міндеті - нарық жағдайында кәсіпкерліктің ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік қолдаудың ғылыми-әдістемелік негізін тереңдету, аймақтық шағын бизнесті мемлекеттік қолдау бағыттарын анықтау және қолдау механизмдерінің жетілдіру жолдарын қарастыру; Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуының қазіргі жағдайларын талдау, Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлік қызметінің нәтижелерін талдау

Зерттеу объектісі ретінде Қазақстанның шағын және орта бизнес нысандары қызметін мемлекеттік қолдау және реттеу тиімділігінің мәселелері алынып отыр.

Зерттеу пәні - кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың, реттеудің тиімділігі және жетілдіру шаралары болып табылады.

Зерттеудің әдістемелік негізі - кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизмінің теориясы мен тәжірибесі бойынша отандық және шетел ғалымдарының еңбектері, ҚР үкіметінің заңдық және бағдарламалық құжаттары, ғылыми-зерттеу, жобалау мекемелерінің зерттемелері, ҚР Статистика жөніндегі агенттігі мен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның мәліметтері құрады

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Бірінші бөлімде Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, қызметтері және түрлері, Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау инфрақұрылым институттары, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың және реттеудің шетелдік тәжірибесі сипатталған.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасы аймақтарындағы шағын кәсіпкерліктің дамуы және шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары мен механизмдеріне, Ақтөбе облысы бойынша шағын кәсіпкерліктің даму жағдайына талдау жасалған. Пайдаланылған мәліметтер қоры жаңа.

Үшінші бөлімде Аймақтық шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары, Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыру шаралары мен негізгі бағыттары нақты дәйектемелермен баяндалған.

  1. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың теориялық аспектілері

1. 1Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, қызметтері және түрлері

Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу - адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.

Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.

Кәсіпкерлік қабілеттілік - адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.

1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.

2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың (кәсіпорынынның) іс бағытынайқындайды.

3. Кәсіпкер - бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.

4. Кәсіпкер - бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей -тегжейін айқын талдап, қортындысында не болатынын білген жөн (капитализм совет өкіметі емес, ешкім әншейін көмек көрсетпейді) . Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.

“Кәсіпкерлік” терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон ендірді. Мысалы, А. Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда болу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипатталады. Ж. Б. Сэй кәсіпкерлікті А. Смитпен салыстырғанда кеңінен сипаттады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін камтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама берді. К. Маркс те меншік иесі мен кәсіпкерлік арасында тікелей ұқсастық айтқан жоқ, алайда соңғысын меншік иесінің қызметі ретінде қарастырды.

Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, кәсіпкерліктің жан - жақты дамуына оның құқылық базасы жеткіліксіз, оған сай әлеуметтік - экономикалық шарт қалануы қажет. Олай дейтініміз рынок пен кәсіпкерлік кенеттен пайда болып тез дамымайтыны кім -кімге де түсінікті. Олар бұйрықпен, үкімет шешімдерімен, міндеттеу жолымен іске қосылмайды. Өйткені ақшасыз, капиталсыз, ең басты реттеуші - құн заңынсыз, қозғаушы күші бәсекесіз олар дами алмайды[3] .

Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын француз экономисі Р. Контильион (18ғ. ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі деп қарастырады. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.

Жалпы, қазіргі кәсіпкерліктің мәнін Батыс Еуропа және басқа елдердің алдыңғы қатарлы көрнекті экономистерінің ілімдеріне сүйене отырып анықтау дұрыс.

Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш шарты айтылып жүр.

Біріншіден, кәсіпкерлікпен айналысу дегеніміз - аталған субъектінің (кәсіпкердің) шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау; өнімді өткізуде және т. б. таңдауда олардың жиынтық бостандығы мен құқығы болуы керек деген сөз.

Екіншіден, кәсіпкерлікпен айналасатын адамдардың өндіріс құрал-жабдықтарына, өнімге және табысқа иелік құқығы болуы маңызды шарт. Үшіншіден, өзін-өзін басқару мен шаруашылықты таңдауда бостандықты, инвестициялауды нақты қамтамасыз ететін белгілі бір экономикалық орта және қолайлы жағдай қажет. Толығырақ айтқанда, белгілі бір кәсіпкерлікпен айналысу үшін - нарықтық бәсекелестік тәртіп бойынша, шаруашылық жүргізуге қолайлы жағдай туғызу.

Кәсіпкерлік - бұл кіріс алу және меншікті көбейту мақсатында жүргізілетін, шаруашылық тәуелділікке байланысты және ресурстарды пайдаланудың ең жақсы әдістерін іздеуге бағытталған инициативті қызмет.

Кәсіпкерлік экономикалық аныктаушылық тұрғысынан қарағанда нені білдіреді? Ғылыми әдебиеттерде оны үш аспектіде қарастыруды ұсынады:

  • экономикалық категория ретінде,
  • шаруашылық жүргізу әдісі ретінде,
  • экономикалық ойлау типі ретінде.

Бүгінгі таңда кәсіпкер немесе өсімқор деп, иелігіндегі қажетті құралдары (өзінікі немесе қарызға алған) бір пайдалы жұмысты (істі) ұйымдастырушы адамды айтады. Бұлардың қатарына жататындар - шағын кәсіпорындардың иесі, акционерлік қоғамның басқарушысы, кооперативтің жетекшісі және шаруашылық бірлестіктерінің менеджерлері (жалдамалы басшысы) .

Кәсіпкерлікті экономикалық категория ретінде сипаттау үшін негізгі мәселе оның субъектілерімен объектілерін анықтау болып табылады. Кәсіпкерліктің субъектілері, ең бірінші жеке тұлғалар (жеке, отбасылық, сондай-ақ ірірек өндіріс ұйымдастырушылары) болуы мүмкін.

Ондай кәсіпкерлердің қызметі өзінің еңбегі негізінде де, жалдау негізінде де жүзеге асады. Кәсіпкерлік қызмет бір-бірімен келісім-шартты қатынастармен және экономикалық мүдделермен байланысқан топтармен де жүзеге асырыла береді. Ұжымды кәсіпкерлік субъектілері ретінде ационерлік қоғамдар, жалгерлік ұжымдар, кооперативтер және т. с. с танылады. Кейбір жағдайларда кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекетте (оның сәйкесінше органдары) жатады. Сонымен, нарықтық экономикада кәсіпкерлік қызметтің 3 формасы болады: мемлекеттік, ұжымдық, жеке олардың әрқайсысы өздерінің «нишаларын» шаруашылық жүйесінде табады.

Кәсіпкер үшін, шаруашылық жүргізу әдісі ретінде негізгі шарты шаруашылық жүргізетін субъектілердің жекелігі және тәуелсіздігі, оларда белгілі бір бостандық және құқық жиынтығының бар болуы (кәсіпкерлік қызметтің түрін таңдау бойынша, өндірістік бағдарлама қалыптастыру бойынша, қаржыландыру көздерін таңдау бойынша, өнімге баға белгілеу, пайданы жұмсауы) болып табылады[4] .

Кәсіпкердің жекелігін өндіретін, қанша жұмсайтынын, кімге және қандай бағамен сатылатынын көрсететінін оны басқаратын органның жоқ екендігімен түсіндіруге болады. Бірақ кәсіпкер барлық уақытта нарыққа, сұраныс пен ұсыныс динамикасына, баға деңгейіне, яғни тауарлық ақшалай қатынастар жүйесіне тәуелділікте болады.

Кәсіпкерліктің екінші шарты қабылданып жатқан шешімдерге онын салдары және осыған байланысты жауап беру болып табылады. Тәуекел барлық кезде белгісіздікке болжап айта алмауға байланысқан. Өте ұқыпты есептеу мен болжам да болжап айта алмайтын факторды жол алмайды, ол кәсіпкерлік қызметтің тұрақты серігі болып табылады.

Кәсіпкерліктің үшінші белгісі коммерциялық табысқа жетуге бағыт алу, пайданы арттыруға ұмтылу болып табылады. Көптеген кәсіпкерлік құрылымдардың қызметі таза экономикалық міндет шеңберінен шығып кетеді, олар қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге қатысады, өздерінің қаражаттарын мәдениетті, білім беруге, денсаулық сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға және т. с. с. құрбан етеді.

Кәсіпкерлік экономикалық ойлаудың ерекше типі ретінде практикалық қызметте жүзеге асатын шешімдерді қабылдауға оригинал көзқарастар мен ыңғайлар жиынтығымен сипатталады. Бұл жерде басты рөлді кәсіпкер тұлғасы атқарады. Кәсіпкерлік - іспен айналысу түрі емес, ол ақыл қоймасы және мінез қасиеті. Кәсіпкер болу дегеніміз басқалар істейтін қызметті істемеу - деп И. Шумпетер есептеген. «Ерекше елестеуге, болжау қабілеттілігіне ие болу керек, көп қысымға әрқашан дайын болу керек. » Тәуекелге бара алу керек, қорқынышты жеңе алу керек, болып жатқан процестерге бағынымсыз қимылдау керек, бұл процестерді өзі анықтау керек.

Кәсіпкерді оның жұмысында жеңіске ұмтылысы, күресу арманы, оның еңбегінің ерекше творчестволық сипаты алға алып жүреді.

Кәсіпкерлікпен айналысу үшін ең алдымен оған экономикалық жағдай керек. Олар: нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қазметтердің алуан түрлері; тұтынушылардағы ақша -қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық -кемдігі; еңбек ақы қорының артық-кемдігі; қарыз (несие) беретін мекемелердің ақша ресурстарды болуы керек т. б.

Әлеуметтік жағдай . Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы шарт. Оған қоғамның рухани даму дәрежесі және діни нормалар ықпалын тигізеді. Әлеуметтік жағдай әрбір адамның жұмыс орнындағы жағдайы, еңбек ақы мөлшерімен байланысты.

Құқықтық жағдай. Ең бастысы кәсіпкерлік істерді реттейтін заңдар болуы шарт. Оған мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді бюрократтардан қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке праволық заңдар т. б.

Кәсіпкерліктің түрлері:

1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, финанс және консультациялық.

2. Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.

3. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.

4. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық - құқықтық және 2) ұжымдық экономикалық.

Ұжымдық - құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктектер - адамдардың бірлетігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді.

Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық қорға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиісілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп табылады.

Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталады.

Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп аталады.

Жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік акционерлік қоғам деп аталады, және ашық және жабық түрде болады.

Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқылы[5] .

Акцияларды тек өз құрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген өзге адамдар арсында таратылатын акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады. Жабық акционерлік қоғамның өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ.

Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік үлестерін біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады.

Кәсіпкерліктің ұжымдық - экономикалық формалары:

1. Концерн - көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.

2. Ассоциация - экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми -техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.

3 . Консорциум - бұл ірі финанс операцияларын істеу үшін (мысалы, өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

4 . Синдикат - бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.

5. Картель - тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандардын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.

6 . Финанс - өнеркәсіп тобы - банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.

Нарықтық экономиканың негізгі экономикалық буыны болып кәсіпорын (фирма) табылады. Кәсіпорын (фирма) дегеніміз - бұл пайда табу мақсатымен өндіріс факторларын қолданып шаруашылықта еркіндік алған экономикалық субъект. Ұйымдастыру формасына байланысты кәсіпорындар әртүрлі формаларға бөлінеді, олардың ішінде ең бастылары: жеке бизнес, серіктестік, акционерлік қоғам[6] .

Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық - праволық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.

1. Шаруашылық серіктестік - толық серіктістік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.

2. Командиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.

3. Жауапкершілігі шектелген серіктестік. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.

4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.

5. Ашық және жабық акционерлік қоғам.

6. Өндірістік кооперативтер - ерікті түрде біріккен қоғамдар.

7. Унитарлы кәсіпорын - коммерциялық мекеме, меншіктік правосы (құқығы) жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.

Төменгі кестеге баса көңіл аударып көрсеңіз және кәсіпкерлікпен айналасуға ойыңыз болса, барлық жоспарды осыдан бастаған жөн болады.

Кәсіпкерлікті іс-әрекеттің мәніне байланысты төмендегі түрлерге жіктеуге болады:

- өндірістік - тауар, қызмет өндіру процесін жүзеге асырумен байланысты;

- коммерциялық - өндіріспен байланыста емес тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу операциялары арқылы жүзеге асады;

- каржылық - бұл коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі бірақ айналым объектісіне ақша, валюта, бағалы қағаздар жатады;

- делдалдық - сатушылар мен сатып алушыларды табыстыратын, кездестіретін, келістіретін байланыс түрінде жүзеге асады;

- сақтандыру - кәсіпкерліктің ерекше формасы оның мағынасы: әсіпкер сақтандыру жарнасын алып, оны кауіпсіздендірілген жағдайда ғана қайтарады.

Фирма көлеміне байланысты: шағын, орта және ірі бизнес болып бөлінеді.

Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары:

1. Кезкелген жағдайларда өзгерістерге жеңіл бейімделеді.

2. Тұтыну сұраныстың өзгеруіне тең жауап береді.

3. Капитал салымына деген қажеттілігі төмен болады.

4. Бәсеке дамуының негізін құрайды.

5. Техникамен қайта жабдықтану жылдам түрде жүзеге асады.

Қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму негізін қалау 1992 жылдан бастап бірқатар заңдар мен актілерге енгізілген: «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» (1992 ж. ), «Жеке кәсіпкерлік туралы» (1997 ж. ), «2001-2002 ж. ж. бағытталған мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы». Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлерліктің жандандыру мен мемлекеттік қолдауын күшейту бойынша шаралар туралы» 1997 жылдың 6 наурызындағы қаулысының үлкен ролі бар.

Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.

Ірі кәсіпорындар - нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар - эконамика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.

Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикізатты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ - түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, ірі кәсіпорындарға қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау жқмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.

Қызмет түрлері «Жеке кәсіпкерлер» заңымен реттелетін шағын және орта кәсіпкерлер субъектілеріне заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және шаруа (фермер) қожалықтары жатады.

Жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны екі жүз елу адамнан артық немесе жыл бойғы активтердің жалпы құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар ірі кəсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілерге жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлікті қолдау бойынша кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты күшейту бойынша ұсыныстар дайындау
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау
«Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің дамуы және тиімділігін арттыру» (ЖШС «АРЫС» мысалында )
Кәсіпкерлік түсінігі және кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру
Шағын және орта бизнесті дамытуда кездесетін проблемалар
Кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару
Шағын кәсіпкерлікке жалпы түсінік
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қолдау көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz