Информацияның объектіге бағдарланған ұғымын анықтау



Кіріспе 1
1. Информацияның классикалық ұғымын анықтау 4
1.1.Информацияның тарихы, анықтамалары 4
1.2.Информация туралы түсініктер. 6
1.3.Информация түрлері. 9
2.Объектіге бағдарланған информация ұғымын анықтау. 19
2.1.Аты. 19
2.2.Өрісі 21
2.3.Қасиеті 25
2.4.Әдісі 28
Қорытынды 31
Пайдаланған әдебиеттер 31
Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір-бірімен сөйлесуі де информация түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал бола алады.
Адамдардың араласуы мен бірге жүруі - жұмыс істеу, оқу және ойнау - информация алмасуынсыз жүзеге аса алмайды. Берілген информациялар өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.
Информацияны жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, информация алмасу тек ауызба-ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу-жазу арқылы да беріле бастады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу - адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ойды жазып қалдыру тек мағлұмат пен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазыныларын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді.
XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап шығару ісін жолға қойып, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке жеткізуге мүмкіндік жасады. Кітаптарды, оқулықтарды көптеп басып шығару, көпшілік кітапханаларының ашылуы адамзатты жалпы сауаттылыққа жетелеп, мәдениеттің жаңа даму кезеңін бастады деуге болады.
ХІХ-ХХ ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың шығуы информацияны кез келган қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге мүмкіндік берді. Ал теледидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүниеде не болып жатқанын біліп, кино, спектакльдерді көріп, оқып үйрену бағдарламаларын толық жүзеге асыра алатын күйге жеткізді.
1) Е.Қ. Балапанов, Б.Б. Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов «Жаңа информациялық технологиялар», Алматы, ЖТИ. – 2003ж.
2) О.Л. Соколова. Универсальные поурочные разработки по информитике.- М.:ВАКО, 2006.
3) С.Симинович, Г.Евсеев, А.Алексеев. Общая информатика. – М.:АСТ-ПРЕСС, 2001.
4) Уикипедия- ашық энциклопедиясы wikipedia.org
5) http://bigox.kz
6) О.В. Попова ,Учебное пособие по информатике
7) Петрович Н. Т. Люди и биты. Информационный взрыв: что он несет. М.: Знание, 1986.
8) Абдеев Р.Ф. Философия информационной цивилизации, 1994.

Мазмұны
Кіріспе 1
1. Информацияның классикалық ұғымын анықтау 4
1.1.Информацияның тарихы, анықтамалары 4
1.2.Информация туралы түсініктер. 6
1.3.Информация түрлері. 9
2.Объектіге бағдарланған информация ұғымын анықтау. 19
2.1.Аты. 19
2.2.Өрісі 21
2.3.Қасиеті 25
2.4.Әдісі 28
Қорытынды 31
Пайдаланған әдебиеттер 31

Кімде информция болса, сол әлемнің иесі.
У.Черчилль
Кіріспе
Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір-бірімен сөйлесуі де информация түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал бола алады.
Адамдардың араласуы мен бірге жүруі - жұмыс істеу, оқу және ойнау - информация алмасуынсыз жүзеге аса алмайды. Берілген информациялар өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.
Информацияны жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, информация алмасу тек ауызба-ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу-жазу арқылы да беріле бастады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу - адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ойды жазып қалдыру тек мағлұмат пен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазыныларын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді.
XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап шығару ісін жолға қойып, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке жеткізуге мүмкіндік жасады. Кітаптарды, оқулықтарды көптеп басып шығару, көпшілік кітапханаларының ашылуы адамзатты жалпы сауаттылыққа жетелеп, мәдениеттің жаңа даму кезеңін бастады деуге болады.
ХІХ-ХХ ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың шығуы информацияны кез келган қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге мүмкіндік берді. Ал теледидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүниеде не болып жатқанын біліп, кино, спектакльдерді көріп, оқып үйрену бағдарламаларын толық жүзеге асыра алатын күйге жеткізді.
Мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін XX ғасырдың ортасында шыққан электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ) берді. ЭЕМ-дер әуелде есеп-қисап жұмыстарын автоматтандыру үшін шығарылған еді. Кейіннен олардағы мәліметтерді магниттік таспаларға жазып, қағазга басып, ЭЕМ экранына шығару қасиеттері бар екені анықталды. Оларды дамыта отырып, архив жасау ісінде, мәтіндерді теріп түзетуде, сызу мен графикалық жұмыстарда, өндірісті автоматтандыруда және де басқа адамның көптеген қызмет салаларында қолдана бастадық
Қоғамның қазіргі кездегі дамуының ең басты - белгісі бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекеттерінің барлық салаларында информация жинаудың артуы болып табылады. Адамның бар өмірі - қалай да болсын - информация алу, жинау және өңдеумен байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты: информацияның объектіге бағдарланған ұғымын анықтау. Информация ұғымын жан-жақты ашып, қарастыру және оның қасиеттері мен қолданылу аясын көрсету болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті: информацияның классикалық сипаттамаларын жинақтау. Информация ұғымының, классикалық сипаттамаларының, объектіге бағдарланған бөлімдерінде (аты, өрісі, қасиеттері, әдістері) ашылуы.
Курстық жұмыс - кіріспе, 2 тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады.
Кіріспеде информация ұғымы туралы жалпылама сипаттама.
I бөлімде - информация ұғымының классикалық сипаттамалары қарастырылған.
II бөлімде - информация ұғымының объектіге бағдарланған сипаттамалары, түрлері,қасиеттері.
Қорытынды бөлімде - информация ұғымы бойынша курстық жұмыс жасау барысында түйген қорытынды ой.

1. Информацияның классикалық ұғымын анықтау
1.1.Информацияның тарихы, анықтамалары
Информация (лат. informatio -- түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырған Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал "Информация" сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда.
Информация - адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбылыс. Табиғат әлдеқашан өсімдіктер мен тірі организмдерде жұмбақталған (кодталған) ақпаратты өзінің даму барысында беріп отырған. Ал, жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа бай. Адамдар өздерінің алғашқы қадамдарынан бастап-ақ ақпарат беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздеуде және табуда. Бұған жартастағы суреттер де, "Жазбалар ғибадатханасындағы" Майя өркениетінің иероглифті тақталары да, ежелгі египеттіктердің абак тастары мен жасырын хабарларды жіберуге арналған дискілері де дәлел бола алады.
" Информация " термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "informatio" сөзінен шыққан. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.
Информацияның анықтамаларының көп болуы - бұл түсініктің мағынасын түсіндірудің күрделілігімен, ерекшелігімен және көп түрлілігімен байланысты. Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең таралған үш теориялық жолы бар. Олардың әрқайсысы оның мағынасын өзінше түсіндіреді.
Бірінші теория (К. Шенон) сандық-ақпараттық тұрғыдан тұрғыдан қарастырады да, ақпаратты оқиғаның анықталмағандығының (энтропияның) өлшемі ретінде айқындайды. Информация көлемі, қандай жағдайда болмасын, оны алу ықтималдылығына тәуелді: хабар неғұрлым ықтимал болып табылса, оның ақпараты соғұрлым аз болады. Бұл теория ақпараттың мағыналық жағын ескермесе де, хабарды оңтайлы кодтау мен ақпаратты өлшеуге негіз болды да, байланыс техникасы мен есептеуіш техникасында өте пайдалы болып шықты. Бұдан басқа, ол ақпараттың жаңалығы, хабардың жеделдігі сияқты маңызды қасиеттерін көрсету үші өте қолайлы Ақпаратты осы тұрғыдан түсінгенде - бұл анықталмағандықтың алынуы немесе мүмкін баламалар жинағынан таңдап алу нәтижесі.

Информация хат ретінде
Информация - қарастырылатын жүйе қалпы. Хабар - заттанған ақпарат. Информация жіберушіден қабылдаушыға бағытталған хабардың сапасы болып табылады. Ақпарат әрқашан бірнәрсе (параметр өлшемі, оқиғаның болғаны, т.б.) туралы. Осылай қарастырылған ақпарат мағынасы ұқыпты болуы шарт емес. Ол ақиқат немесе жалған, тіпті сүюдің дауысы болуы мүмкін. Тіпті үзілісті шудың байланыс арнасын толтыруы, түсініспеушілік әкелу мүмкіндігі осы мағынасы бойынша ақпарат болып есептеледі. Дегенмен, жалпы айтсақ, ақпарат мөлшері көбейген сайын хабар дәлірек болады. Бұл модель белгілі жіберуші және кем дегенде бір қабылдаушы бар деп есептейді. Осы модельдың көптеген толықтырмаларында жіберуші мен кем дегенде бір қабылдаушының ортақ тілі барын жорамалдайды. Ақпараттың өзгеше маңызды анықтамасы оны қабылдаушы түсінетіндей жіберушіден шыққан хабар деп анықтайды. Бірақ, белгілi жіберуші болуын талап ететін "ақпарат - хат" моделі ақпараттың қоршаған ортадан, байқау, өлшеу, т.б. арқылы, алынатын нәрсе болуы мүмкіндігіне мән бермейді. Ақпарат ұғым ретінде контекстіне байланысты көптеген мағына білдіреді, дегенмен ол әдетте мағына, білім, тапсырма, байланыс, бейнелеу, сезіну дегендермен тығыз байланысты. Қысқа қайырғанда, қабылданған және түснікті хабар. Дерек хақында айтылса, ақпарат деп әлдебір түйін жасауға болатындай ақиқаттар жиынтығын қарастыруға болады. Оқу, тәжірибе немесе тапсырмалар арқылы ақпарат алынатындықтан, оның т.б. түсініктемелері болуы мүмкін. Қалай болғанда да ақпарат деректерді өңдеу, реттеу және оларды қабылдаушыға жаңа білім болатындай ұйымдастыру нәтижесі болып табылады. Байланыс теориясы нәтиженің (шығыстың) анықсыздығының сандық өлшемі болып табылады. Мысалға, "мыңдаған биттерден тұратын ақпарат" деп айта аламыз. Байланыс теориясында жиі Клод Шеннонның есімімен байланысты ақпарат энтропиясы деген ұғым пайдаланылады (төменде қара). Ақпараттың келесі бір түрі Фишер (R.A. Fisher) енгізген ұғым - Фишер ақпараты. Бұл статистиканы бағалау теориясында және жалпы ғылымдарда пайдаланылады. Байқалмайтын параметр (unobserved) жайлы хабардың алып жүретін ақпарат мөлшері Фишер ақпараты болып табылады. Оны жүйені сипаттайтын ықтималдық функциясы ілімінен есептеп шығуға болады. Мысалы, қалыпты (normal) ықтималдық функциясы бойынша Фишер ақпараты заң variance керісі болып табылады. Ықтималдық заңы туралы ілімсіз Фишер ақпараты қалыпты (normal) ықтималдықпен тарайтын деректің екінші моментіне керісінен есептеуге болады. Тіпті ақпарат пен деректер бір-бірімен алмастырылып жиі қолданылатынына қарамастан, олар екі түрлі ұғым. Деректер байланысы жоқ ақпараттар жинағы болып табылады және сәйкесінше өңделмейінше, пайдасыз болып табылады. Өңделу барысында өзара жетерліктей байланыс табылса, және олардың маңызы бар болса ғана ол ақпарат санатына ауысады. Сондықтан жәй деректер түрлі мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін. Яғни деректер әлдебір ақпарат қамтылмайынша, жарамсыз болады.

1.2.Информация туралы түсініктер.
Информацияның сапасы мен көлемі. Информациялық үрдістер мен жүйелер. Информациялық ресурстар мен технологиялар. Жаңа информациялық технологиялардың негізгі сипаттамалары мен ерекшеліктері. Информатиканың құрылымы мен негізгі кешендері (Hardware және Software). Информатика пәнінің мәселелері мен оқыту мақсаты. Информацияның қоғамдағы, ғылым мен білім салаларындағы ролі. Қоғамды информатизацияландырудың маңызы. Информатика пәнінің оқу үрдісіндегі орны және басқа пәндермен байланысы.
Информация туралы түсінік екі объектінің - информация беруші мен информация қабылдаушы арасындағы қарым-қатынастан туады. Информация сигнал (signum - белгі) түрінде берушіден қабылдаушыға жеткізіледі. Мысалы, электр, жарық, дыбыс және т.б. сигналдар. Сигналдардың пайда болуы энергия алмасудың әсерінен болады. Сигналдарға байланысты, информация үзіліссіз және үзілісті (дискретті) түрде болуы мүмкін.
Информациялық технологиялар (IT) саласында информация туралы әртүрлі түсініктер берілген; мысалы, әдебиетте информация - дүниенің бейнесі деген жалпы философиялық анықтамалардан бастап, информация дегеніміз белгілі бір оқиға туралы ақпарат дейтін жай қолданбалы түсініктемелерге дейін кездеседі. Бірақ қалыптасқан информацияның анықтамасы әзірше жоқ. Информатика пәніне арналған әдебиетте оның әртүрлі анықтамалары келтірілген. Солардың бірін келтіруге болады.
Информация дегеніміз қоршаған ортаны объективті түрде сипаттайтын сигналдардың жиыны күйінде, тек оларды қабылдаушымен қарым-қатынас орнатылғанда ғана пайда болатын табиғаттың ерекше атрибуты (қасиеті).
Бұл анықтамадан мынадай тұжырымдар жасауға болады:
-- информация объективті болуы тиіс;
-- информация сигналдар түрінде объектілердің қарым-қатынасынан ғана туады;
-- информацияны әртүрлі қабылдаушы өзінше қабылдайды.
Жоғарыда аталынған информацияның сипатын оның кейбір мынадай қасиеттерімен толықтыруға болады; информация дәл, толық, сенімді, актуальді, қол жетерлік болуы тиіс.
Информация ұғымын оның берілу үрдісін сызбалық сипаттаудан анықтайық. Яғни, ақпарат ұғымы таратқыш, қабылдағыш және байланыс арнасы арқылы берілетін хабар
Хабарды таратқыш және қабылдағыш адамдар немесе техникалық құрылғылар болуы мүмкін. Яғни, ақпаратты бейнелеуге және түсінуге болады. Сондықтан әрбір ақпараттың бейнелену пішімі және мазмұны болады.
Хабар - белгілі пішімде көрсетілген және беруге арналған ақпарат, яғни ақпараттың бейнелену пішімі. Хабар материалды-энергетикалық пішімде - сызбалар, мәтін, дыбыс, жарық, қимыл және т.б. түрінде беріледі. Яғни, хабар қандай да бір қатынас тілінің өрнегі болады, олар - табиғи тілдер, математика тіл, әуез тілі, мимика белгілері және т.б.
Информатикада информация ұғымымен бір қатарда мәліметтер және білім ұғымдары орналасады.
Мәліметтер - мүмкін өңдеу үрдістеріне адекватты белгілі бір пішімде берілген ақпарат (немесе формальданған, ықғайлы түрге келтірілген және техникалық құралдардың (ЭЕМ-де) көмегімен өңдеуге берілген ақпараттар.). Мәліметтер - тіркелген сигналдар. Мәліметтердің реттелуі оларға белгілі бір құрылымдарды орнатумен жүзеге асырылады, яғни мәліметтер құрылымдары анықталады.
Білім - берілген типті объектідегі барлық қарастырылып отырған жағдайлардың жиыны және бір объектіден екінші объектіге өту сипаттамасын беретін ақпарат.
Білім ақпараттың ерекше логикалық реттелген, ұйымдастырылған құрылымын анықтайды. Білім - логикалық талқылаудың негізінде белгілі бір шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін ақпараттар.
Ақпарат көлемі (мөлшері). Жоғарыда айтылғандай ақпараттың ішкі қасиеттерінің бірі - оның көлемі (мөлшері). Ақпарат көлемі (мөлшері) ұғымын анықтауда екі негізгі көзқарас бар:
- энтропиялық (ықтималдық) тұрғыдан;
- көлемдік тұрғыдан;
К.Шеннон дамытқан ақпарат мөлшерін өлшеудің энтропиялық тәсілі ақпараттар теориясында кеңінен қолданылады, ал ЭЕМ-ң шығуы көлемдік тәсілді кеңінен қолдануға әкелді. Сондықтан біз көлемдік тұрғыдан ақпарат мөлшерін өлшеуді қарастырамыз.
Көлемдік тұрғыдан анықталған ақпараттың сандық өлшемі ақпарат көлемі деп аталады. Хабардағы ақпарат көлемі - ондағы таңбалардың санымен анықталады. Хабар бір мазмұнды әртүрлі тәсілдермен (әртүрлі алфавиттерді қолдана отырып) беруі мүмкін, мысалы:
он үш , 13, XIII.

1.3.Информация түрлері.
Хабар таратқыштан қабылдағышқа жеткізілуі үшін ақпарат тасушы қажет. Тасушы көмегімен берілетін хабар сигнал деп аталады. Сигнал - уақыт ішінде өзгеретін физикалық үрдіс (мысалы, тізбекте жүретін электр тогы, жарықтың таралу үрдісі). Ақпарат физикалық үрдістің, яғни сигналдың бір немесе бірнеше параметрлерінің мәнімен беріледі.
Егер сигнал параметрі берілген аралықта кез келген аралық мән қабылдай алатын болса (уақытқа байланысты үздіксіз функциямен анықталса), онда сигнал үздіксіз ал мұндай сигналмен анықталған хабар да үздіксіз деп аталады. Бұл жағдайда таратқышпен берілген ақпарат үздіксіз түріне ие болады.
Егер сигнал параметрі берілген аралықта жеке бекітілген мәндерді қабылдаса, онда сигнал дискретті, ал мұндай сигналмен анықталған хабар да дискретті деп аталады. Бұл жағдайда таратқышпен берілген ақпарат дискретті түріне ие болады. Сонымен біз ақпарат берілуінің екі негізгі түрін (пішімін) -- үздіксіз және дискретті ақпараттыанықтадық.
Кез келген үздіксіз хабарды үздіксіз функция түрінде бейнелеуге болады. Үздіксіз хабарды дискреттеу үрдісінің көмегімен дискретті түріне көшіруге болады. Дискреттеудегеніміз - функцияның (сигнал параметрінің) шексіз көп мәндері жиынынан барлық қалғандарын жуық мінездей алатын белгілі бір мәндерін таңдап алу.
Мысалы: функцияның анықталу облысы нүктелерімен тең ұзындықты кесінділерге бөлінеді, ал әрбір кесіндідегі функция мәні тұрақты және оның осы кесіндідегі орта мәніне тең деп алынады. Баспалдақтарды ордината өсіне проекцияланғаннан шыққан мәндері үздіксіз функцияның дискретті түрін анықтайды. Үздіксіз хабарды дискреттеу мүмкіндегі информатика үшін өте маңызды, себебі есептеу техникасымен өңделетін ақпарат дискретті болуы қажет.
Үздіксіз ақпаратпен жұмыс жасайтын арнайы ЭЕМ-дер бар, олар аналогтық машиналар деп аталады. Бірақ олар арнайы есептер кластарымен жұмыс атқаратындықтан көпшілік қолданушыларға кең таныс емес. Ақпарат берілуінің басқа пішімдері:
- таңбалы - мәтіндік (әріп, цифр, таңбалар т.б.);
- графикалық (суреттер, бейнелер көмігімен, т.б. көмегімен);
- дыбыстық.
Сонымен қатар бізді қоршаған алуан ақпаратты әртүрлі белгілерге байланысты топтастыруға, яғни түрлерге жіктеуге болады.
Пайда болу және қолдану аумақтарына байланысты түрлері:
- биологиялық;
- әлеуметтік;
- ғылыми;
- экономикалық т.с.с.
Берілу және қабылдау тәсілдеріне байланысты түрлері:
- визуальды (таңбалар мен бейнелер арқылы);
- аудиальды (дыбыс арқылы);
- тактильдік (сезім арқылы);
- органалептикалық (дәм мен иіс арқылы);
- машиналық (есептеу техникасының құралдары арқылы) т.с.с.
Информацияның қасиеттері.
Кез келген ақиқат өмірдегі объектілерге тән ішкі және сыртқы қасиеттерін анықтауға болады. Сыртқы қасиеттер объектінің басқа объектілермен әсерлесу барысында анықталатын қасиеттер болғандықтан, ақпарат үшін маңызды сыртқы қасиеттер оны тұтынушы (қабылдағыш) көзқарасынан анықтайтын қасиеттер.
Информацияның аталған қасиеттері:
Анықтығы - толықтығы азайған сайын ол да кемиді.
Жаңалығы - уақыт өте бере информация ескіреді, мысалы газеттегі информация тез ескіреді ғой.
Бағалылығы- ең бағалы информация - пайдалы, толық, анық және жаңа информация.
Объектілік және субъектілік қасиеті - информаицяның жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиет
Толықтық қасиеті- информаицяның объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті. Бұл қасиет ақпараттың сапасын және оның қажетті шешім қабылдауға жеткіліктігін анықтайды.
Өзектілік(дәлуақыттылық) қасиеті- информаицяның ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақпараттың толықтығымен біріге отырып оның құндылығын анықтайды.
Ақиқаттық қасиеті- информаицяның жасырын қателіктердің болмауы қасиеті. Информаиця қабылдағыш алған уақытта белгілі мөлшерде ақпараттық шуыл болуы мүмкін, ол неғұрлым аз болса, информаицяның ақиқаттығы жоғарылайды.
Қатынау мүмкіндігі қасиеті- пайдаланушының информаицяны алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиет. информаицяға қатынау мүмкіндігінің жоқтығы оны қатынауға мүмкін емес етеді.
Адекваттық қасиеті - информаицяның өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақиқаттық және қолданушы мұқтаждығына сәйкес келу қасиеттерімен анықталады.
Эргономдық қасиеті - белгілі қолданушы үшін информаицяның пішімі мен көлемінің ықғайлылық дәрежесін көрсететін қасиет.

Ішкі құрылымына байланысты:
- мәліметтер немесе қарапайым логикалық реттелмеген мағлұматтар жиынтығы;
- логикалық реттелген, ұйымдастырылған мәліметтер жиынтығы.
Мысалдан бұл тәсілдің хабарды беру пішіміне тәуелді екендігін көруге болады. Есептеу техникасында өңделетін және сақталатын ақпарат (оның шығу тегіне байланыссыз) екілік жүйеде көрсетілетіндіктен (0 және 1-ден (бит) тұратын алфавиттің көмегімен) сәйкес өлшем бірліктері енгізілген, олар бит және байт. Бит - ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі болса,байт - негізгі өлшем бірлігі. Байт - 8 биттен тұратын топ.

Информацияны пайдалану
Информацияны пайдалану және онымен жұмыс істеу белгілі бір амалдарды орындауды қажет етеді. Информацияға қолданылатын негізгі амалдар мыналар:
-- информацияны жинақтау және құрастыру;
-- информацияны сақтау;
-- информацияны компьютер жадына енгізу;
-- информацияны компьютерде бейнелеу;
-- информацияны компьютер жадынан шығару;
-- информацияны берушіден пайдаланушыға жеткізу;
-- информацияны өңдеу;
-- информацияны қорғау.
Информацияға қолданылатын амалдардың тізбегін информациялық үрдіс (процесс), ал оны жүзеге асыратын жүйелерді информациялық жүйелер (системалар) деп атайды.
Қазіргі замандағы қоғам дамуының бір ерекшелігі - индустриалды қоғамнан информациялық қоғамға өту кезеңі. Бұл кезеңді қоғамды информацияландыру кезеңі деп атайды. Мұның негізгі себебі -- информацияның қоғамдағы, өндіріс пен шаруашылықтағы маңызы мен ролінің артуына байланысты. Кез-келген ұйымның немесе кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін материалдық ресурстардың (табиғи шикізат пен энергетика көздері, еңбек пен қаржы ресурстары және т.б.) болуы жеткіліксіз екендігі дәлелденді. Әрбір әлеуметтік, экономикалық немесе инженерлік жобаның жасалынуы мен жүзеге асырылуы оның информациямен қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Сондықтан материалдық ресурстармен қатар информациялық ресурстардың жеткілікті болуы қоғам дамуының кепілі.
Информациялық ресурстар дегеніміз информациялық жүйелердегі (кітапханалардағы, архивтердегі, қорлардағы, деректер базалары мен банктеріндегі және т.б) жеке құжаттар мен олардың жиындары. Қысқаша айтқанда, информациялық ресурстар деп информациялық жүйедегі жалпы көпшілік пайдалана алатын информация жиынын атайды.
Информациялық ресурстың материалдық ресурстан ерекшелігі - қоғамның дамуының нәтижесінде, егер материалдық ресурстардың көпшілігі азайып немесе таусылатын болса, ал информациялық ресурстар пайдаланғаннан азаймайды, керісінше, дамып көлемі арта береді.
Информация энтропиясын өлшеу
Информацияға хабар ретінде қарау 1948 жылғы Клод Шеннонның әйгілі "Байланыстың Математикалық Теориясы" атты мақаласынан кейін қалыптасты. Мақала Байланыс теориясының негізін қалады және ақпарат ұғымына техникалық мағына беріп қана қоймай оған мөлшерін анықтады. Егер құрылғы бірдей ықтималдықпен N хабардың бірін жіберсе, онда "жиыннан хабар таңдалған кездегі ақпарат мөлшері" екі негіздегі логарифм N-ге тең (Бұл мөлшер өздік-ақпарат деп аталады). Сол мақалада Шеннон былай жалғастырады: Логарифм негізін таңдау ақпаратты өлшеу өлшем бірлігіне сәйкес келеді. Егер негізі 2 болса нәтижесінде ақпарат бірлiктері бинарлық сандар, немесе қысқаша Тюки (J. W. Tukey) енгізген биттер болар еді. Екі бірқалыпты дәрежесі бар құрылым, мысалы - реле, бір бит ақпарат сақтай алады. Осындай N құрылым N бит сақтай алады...
Алгоритмдік байланыс теориясы ақпаратты өлшеудің қосымша жолын береді. Қысқаша қайырғанда, бұл тәсіл ақпарат мазмұнын белгілер тізімінің болжамдығына негіздеп өлшейді, немесе басқаша айтқанда бағдарлама арқылы тізімді есептеу қаншалықты оңай: тізімнің ақпарат мазмұны ең қысқа осы тізімді есептейтін бағдарламаның биттер саны болып табылады. Төмендегі тізімнің алгоритмдік өлшемі өте аз болар еді, өйткені ол - оңай болжауға болатын құрылым, және құрылым ретінде жалғасқанымен өлшемі өзгермейді. Шеннон ақпараты тізімнің әр белгісі үшін, олар статистикалық кездейсоқ болғандықтан, дәл осындай ақпарат өлшемін берер еді, ал әр жаңа белгі өлшемін үлкейтер еді. 123456789101112131415161718192021 Адамдық көзқараспен қарағанда дәстүрлі ақпарат теориясы мен алгоритмдік ақпарат теорияларының шектеулері бар. Мысалға, хабар мазмұны дегенде Шеннон "Жиі хабарлардың мәні бар... бұл байланыстың семантикалық жағы инженерлік мәселелерге маңызды емес. Маңызды жағы - нақтылы хабардың ықтимал хабарлар жиынының таңдалып алынған бірі болғандығында" (екпін түпнұсқадан сақталған). Ақпарат теориясында сигналдар процесстердің бөлігі болып табылады, субстанция емес; олар бірнәрсе істейді, олардың арнайы мәні жоқ. Алгоритмдік ақпарат теориясы мен ақпарат теориясын бірге пайдалана отырып ең кездейсоқ сигнал қалай тәржімеленсе де ең ауқымды ақпаратты қамтиды, әрі сығыла да алмайды деген тұжырымға келуге болады. Майкл Редди (Micheal Reddy) "математикалық теория 'сигналдары' 'алмаса алатын құрылымдар' деп байқаған. Сигналда еш хабар жоқ, онда тек мүмкін болатын хабарлар жиынынан бір хабарды таңдау қабілеті бар." Ақпарат теориясында "жүйе әр ықтимал болатын таңдаумен жұмыс істей алатындай жобалану керек, тек таңдалғанмен емес, себебі жобалану кезеңінде ол хабар беймәлім болған.

Информация мен информатика арасындағы байланыс.
Қоғамды информацияландыру үрдісінің ғылыми негізі информатика деп есептелінеді. Информатика деген термин француз тіліндегі informatique деген сөздің аудармасы, ал informatique келесі екі сөздің information (информация) және automatique (автоматика) құрамасынан алынған; сонда информатика - информацияны автоматты түрде өңдеу туралы ғылым саласы болып есептеледі. Кейбір елдерде бұл ғылым саласын есептеу техникасы туралы ғылым (computer science) деп те атайды.
Информатика - информацияның құрылымы мен жалпы қасиеттерін, информациялық үрдістерді зерттейтін, осылардың негізінде информациялық технологиялар мен техниканы құрастыратын, ғылыми және инженерлік мәелелерді шешу, қоғамдағы барлық салаларда компьютерлік техника мен технологияны енгізу және тиімді пайдаланумен айналысатын кешендік ғылыми-техникалық пән.
Қазіргі кезде информатика пәні негізінен үш құрама бөліктен тұрады:
-- теориялық информатика - информация мен информациялық үрдістердің құрылымы мен жалпы қасиеттерін зерттейтін, информациялық техника мен технологияны құрастырудың жалпы қағидаларын көрсететін информатика бөлігі; онда математикалық әдістер, алгоритмдер мен автоматтар теориясы, кодтар теориясы, операцияларды зерттеу, формальді тілдер мен грамматикалар теориясы және т.б. қарастырылады;
-- информатизация құралдары (hardware -- техникалық және software -- программалық) - есептеуші құралдардың көмегімен деректерді өңдеу және жеткізу жүйелері жөнінде, оларды программамен жабдықтауға байланысты мәселелермен айналысатын бөлім;
-- информациялық жүйелер мен технологиялар -- информация ағымын талдау, оны әртүрлі күрделі жүйелерде құрылымдау, ол жүйелерде информациялық үрдістерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информациялық жүйенің ұғымы
Информация және информатика
Программалау тілдерімен танысу
Visual Basic тілінің графикалық мүмкіндіктері
Мәліметтер қорын жобалау
Қасиеттер тізімі
ИНформатикадан лекциялар
Кейбір астрофизикалық құбылыстарды динамикалық хаос теориясы әдісімен сипаттау
Дискретті математика негіздері
Алгоритмдерді құрылымын негізге ала отырып құрастыру
Пәндер